Адамгершілік тәрбиесі



Адамгершілік тәрбиесі — тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі - адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз — адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасың айқындайтын мінез-құлықының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.
Адамгершілік дегеніміз — жағымды мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез - деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.
Адамгершілік жиынтығы — борыш болып табылады (Парыз). Яғни:
-адамның - адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
-ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары алдындағы борышы;
-жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.с.с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі — тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі.
Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін
маңызды рөл атқарады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі - адамдарды жалпы адамзаттық мораль
рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз — адамдардың бір-біріне деген
міндеттері мен қарым-қатынасың айқындайтын мінез-құлықының нормалары мен
ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде адамгершілік
ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы
түрде анықтайды.
Адамгершілік дегеніміз — жағымды мінез-құлқының нормалары мен
ережелерінің жиынтығы. Мінез - деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның,
тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге
қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.
Адамгершілік жиынтығы — борыш болып табылады (Парыз). Яғни:
-адамның - адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
-ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары
алдындағы борышы;
-жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы
т.с.с.
Адамгершілік борыш идеясы — бүкіл тәрбие продесінің саналы, негізгі
өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке
тәрбиелеу дегеніміз — жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге
болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Әрбір адам адамтершілік
ұстанымдарды бұзу — жамандықтың басталатын межесінен аттау екенін сезілуі
қажет.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің жемісі. Ол қоғам өміріндегі
өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге
мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік-экономикалық формацияларда
адамгершіліктің мақсат-міндеттері, мазмұны бірдей болмаған. Алғашқы
қауымдық құрылыс кезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның мақсатына сай
қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік қоғамдарда таптық сипатта болды.
Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы, өз мінез-
құлқын, ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез-құлық ережелері - қанаушы
тал адамдарына арналса, екіншісі - қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті
буржуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде
оқытылған. Соған сәйкес құл иеленуші қоғамында құлдардан тіл алғыштық пен
бой ұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез-құлқына деген ережелерін
дін белгіледі. Діни моральдың бұл кодексі -құдайдың халыққа жіберген
өсиеті ретінде уағыздалды.
Мінез-құлқындағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да
сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі, мұндай
ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық психологиядан шығармай ұстауына
тиімді болды.
Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идеалистік сипаттағы
психология "адамда туа біткен адамгершілік" туралы бірқатар теорияларды
дамытты. Идеалистік бағыттағы бұл теориялар діни және буржуазиялық
кодекстерімен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық
әдеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп отырды.
Марксизм-ленинизм классиктері адамгершілік теориясын жеке адам
және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, керісінше оның ажырамас
бөлігі деп есептеді. Себебі, ол әр кезде де философия, социология,
психология және физиология ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Адамгершіліктің пайда болуы және ұтымы жөніндегі мәселелерді ғылыми
тұрғыдан алғаш рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.
К Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде социалистік қоғам
адамына қатысты мынандай адамгершілік сана қасиеттерін тәрбиелеуді ұсынды:
-социалистік отанды шын жүрегімен сүю;
-дүние жүзі еңбекшілеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Адамгершілік принциптері әлеум
Пәндер