Балалардың психикалық дамуы



1. Белсенділік .бала психикасы дамуының негізгі жағдайы
2. Балалардың психикалық дамуының жеке.дара ерекшеліктері
3. Баланың психикалық дамуындағы
Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғарыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де ажыратп қарастыруға болады.
Жана құрылым, тіпті ол оқыту үстінде, мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті езгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.
Мектепке дейінгі шақта көптеген аса мақызды жана құрылымдардың ойын әрекеті негізінде пайда болатыны белгілі. Сондыктан бұл арада сабақтар көбіне дидактикалық оның түрінде өтеді, мұнда баланың жаңа білімдер мен тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі неғұрлым көбірек дәрежеде көрінеді.
Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен, сондан-ақ танымдық ынталарынын артуымен тығыз байланысты. Баланың оқу әрекетін қалыптастырғанда ол оқуға, өзін қадағалай (өз білімін, өз іскерлігін), өз жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы, қоғамдық, өзініқ жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т. б.) жаңдана бастайды. Озат педагогтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену типі ескерілген де ғана жемісті болатынын әлдеқашан-ақ дәлелдеп берді. Ф. Добрынин мен оның қызметкерлерінің жұмыстары нак осы-оқу әрекетінің жеке адамға тән мәні оның тиімділігінің ең басты шарты екенін көрсетіп отыр.
1. В.С.Мухина «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» , алматы «Мектеп» 1986 ж
2. Валлон А. «Психическая развитие ребенка» , М, 1965 г.
3. Эльконин Д.Б. «Детская псхология» М, 1960 г.
4. Выготский Л.С. «Избранные психологические исследования» М, 1956 г.
5. Выготский «Развитие высших психических функций» М, 1960 г.
6. А.В. Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» , А, 1987 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1.ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БАЛАЛАР ДАМУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ЗАНДЫЛЫҚТАРЫ
Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да,
бала дамуының жоғарыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән
ерекшеліктерді де ажыратп қарастыруға болады.
Жана құрылым, тіпті ол оқыту үстінде, мысалы, тәсіл түсінде сырттан
берілсе де іс-әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті езгеріске түсірумен
байланыстырылуы тиіс.
Мектепке дейінгі шақта көптеген аса мақызды жана құрылымдардың ойын
әрекеті негізінде пайда болатыны белгілі. Сондыктан бұл арада сабақтар
көбіне дидактикалық оның түрінде өтеді, мұнда баланың жаңа білімдер мен
тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі неғұрлым көбірек дәрежеде
көрінеді.
Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен, сондан-
ақ танымдық ынталарынын артуымен тығыз байланысты. Баланың оқу әрекетін
қалыптастырғанда ол оқуға, өзін қадағалай (өз білімін, өз іскерлігін), өз
жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды.
Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс.
Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы,
қоғамдық, өзініқ жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т. б.) жаңдана
бастайды. Озат педагогтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-
типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену типі ескерілген де ғана
жемісті болатынын әлдеқашан-ақ дәлелдеп берді. Ф. Добрынин мен оның
қызметкерлерінің жұмыстары нак осы-оқу әрекетінің жеке адамға тән мәні оның
тиімділігінің ең басты шарты екенін көрсетіп отыр.
Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылығы болып олардың субъекті іс-
әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересек адамның
көмегі және басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Біртіндеп
сыртқы іс-әрекеттін ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекетке өзгеруі (бұл
процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін
П. Я. Гальперин зерттеген) болып өтеді.
Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, ойлау мен іс-әрекетті дамыту жақа
психологиялық кұрылымдардық кальци, тасуы мен дамуын айқындап,
дәнекерлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.
Жаңа мазмүнды жеткізудің ең тиімді әдісі осы мазмұнды бала үшін әдейі
бөліп алып, модель арқылы қалдыру сконін көптеген психологиялық және
педагогикалық зерттеулердін нәтижелері дәлелдеп отыр. Ол, сөйтіп, жалпылама-
абстрактілі түрде игеріледі де соңынан нақты жағдайларда қолданылып
отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы заттардан тікелей көрінбейтін
мазмұнды, яғни теориялық, нағыз ғылыми білімдерді игергенде өте маңызды.
Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақтылы іс-әрекеттерінде нәтижелі
қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық механизмдердің қалыптасуы мен
дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-
әрекеттіқ бұл бөлшектерін балаларға жалпылама іс-әрекет тәрізді даяр түрде
беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-әрекет жасау
процесінде қалыптасады. Арнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда
білімдер мен іс-әрекет тәсілдсрінің өте жоғары дәрежеде қолданылуын
камтамасыз ететін ой-әрекеттерін қалыптастыруға болады.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің, мысалы, бағдарының, ұйымшылдығынын,
еріктілігінің (яғни іс-әрекет құрылысының, неғұрлым жоғарырақ сатыларының)
қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-
әрекетін ұйымдастыру жолдарын игеруі тиіс. Олар іс-әрекеттін жоспарлау,
даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге
үйренеді. Бастапқыда, әсіресе мектепке дейінгі ересектер мен теменгі класс
оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңдерінің әрбірінің орындалуы тексерілуі
тиіс.
Бағыттылықты (мысалы, танымдық) калыптастыру шартта-ры осы іс-әрекет
ерекшеліктерін бөліп көрсетуді және оның өз менің ұғынумен байланысын
қамтиды, бұған осы іс-әрекетті орындаумен байланысты баланың жеке басына
баға беру арқылы қол жетеді.
Сонымен, баланың даму процесін онын қайсыбір жағынан өзгеруімен
сипаттауға болмайды, өйткені бұл күрделі әрі көп жақты процесс. Демек,
психологиялық дамудын алуан жақтарын қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттар да сан түрлі.

2.БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
ЖЕКЕ-ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балалардың психикалық дамуында жеке-дара елеулі ерекшеліктер болады. Бұл
айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Қандай
да бір мәдениет жағдайында тәрбиленген балаларда дамудың жасқа байланысты
дағдарыстарының пайда болуының, дамудың бір кезеңінен екіншісіне өтудің
белгілі орташа мерзімі болады. Жекелеген балаларда бұл мерзім не едәуір
ерте, не едәуір кейін пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін
игеру қарқынында, психикалық процестер мен- сапалардың дамуында бұдан да
зор анырмашылықтар болуы мүмкін. Кей-бір бала төрт жасында ешкім түсініп
болмайтын әлдебір шатпақ сурет салса, ал екіншісі үйдің жанында тұрған
адам суретін бейнелейді. Біреуі зейінінің-тұрақсыздығын, алаңғасарлығын
көрсетсе, ал екіншісі зейінің шоғырландырып, бірнеше сағат бойы сүйікті
ісімен шұғылданады.
Алуан түрлі шексіз сұрақтар беретін, білуге құмар, ақыл-ойы жүйрік балалар
бар, жөнді ештеңемен айналыспайтын енжар балалар да болады. Қыңыр мінез,
ашуланшақ балаларда байсалды, мейірбан балаларға қарама-қарсы мінез
қалыптасқан. Мектеп жасына дейінгі кейбір балалардың музыкаға (естуі,
ырғақты сезінуі), ал басқаларында — математикаға қабілеті байқалады.
Математикаға қабілеті барлар бес-алты жасында-ақ едәуір қиын арифметикалық
есептерді т. б. шығарады.
Балалар арасындағы жеке-дара психологиялық айырмашылықты қалай
түсіндіруге болады деген сұрақтын тәрбие мәселесін әркіммен жеке-дара
жүргізу үшін зор маңызы бар. Бұл сұраққа жауап беру үшін өзімізге бұрыннан
таныс психикалық дамудың табиғи жағдайларына (нерв жүйесінін құрылымы мен
функциясына, оның жетілу процесіне) және тұрмыс пен тәрбиенің қоғамдық
жағдайына қайта оралу керек. Бірақ енді бұл жағдайларды екінші жағынан —
олардың жекелеген балалардың дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға
тигізетін әсері тұрғысынам қараған жөн.
Балалар, сөз жоқ, өзара табиғи ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Мысалы,
жаңа туған нәрестелердегі шартсыз рефлекстердің өзі әр түрлі дәрежеде
көрінеді. Түрлі нәрестелердің шартты рефлекстері түрлі жылдамдықпен пайда
болады. Көру тітіркендіргіиітеріне бағдарланатын реакция басым көрінетін
сәбилер бар, екіншілері терісіне тигенге неғұрлым әсерлегіш келеді. Сірә,
кейбір табиғи ерекшеліктер тұқым қуалаушылық жолымен, басқалары ана
құрсағындағы кезеңдегі қандай да бір даму жағдайынан, нәтижесіндс пайда
болады.

Баланың жеке-дара психологиялық сапалары, алдымен бүкіл қабілеті
тұқым қуалай ма дегенді анықтау үшін ғалымдар көп күш жұмсады. Осы
мақсатпен аса көрнекті адамдардың тегі зерттелді. Көптеген семьяларда ата-
аналары, балалары және алыс ұрпағы қандай бір салада белгілі қабілеттілік
көрсеткені анықталды. Сонымен бірге көрнекті адамдардың көзге түсерлік
қабілетімен ерекшеленген бірде-бір туысқаны болмаған жағдайлар да аз
кездеспейді. Сірә, түгелдей суретшілер, музыканттар әулетінің болуын
семьялық дәстүрге байланысты деп түсіндіруге әбден болатын сияқты, өйткені
кейбір семьяларда тәрбиеге, белгілі қызығушылық пен қабілетті дамытуға
қолайлы жағдайлар жасалады.
Психикалық дамуда тұқым қуалаушылықтың адамның жеке басы ерекшеліктеріне
тигізетін әсерін анықтау үшін егіз туған балалар да зерттелген. Егіздср бір
жұмыртқалас және әр жұмыртқалас болады. Бір жұмыртқалас егіздердің барлық
тұқым қуалау қасиеттері бірдей, өйткені олар бір ұрықтық клеткадан тарайды.
Ал, әр жұмыртқаластардың тұқым қуалауы әр түрлі. Егіздерді зерттеу тестер
әдісінің көмегімен жүргізіледі: бір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас
егіздермен тестік есептерді шешуде жұп аралық ұқсастық дәрежесін анықтайды.
Әдетте бұл ұқсастық бір жұмыртқалас егіздерде, тіпті бір жұмыртқалас
егіздер нәресте кезінен бастап ор түрлі семьяда тәрбиеленгеннің өзінде, ар
жұмыртқаластарға қарағанда ұқсастық көбірек болады. Бұл мәліметтер, бір
жұмыртқалас егіздердің дамуындағы әр жұмыртқаластармен салыстырғанда басқа
себептермен тұрса да, тұқым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану жайлы
Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқу
Пәндер