Талап өндірісі туралы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 АЗАМАТТЫҚ IС БОЙЫНША ТАЛАП ҚОЮ ӨНДIРIСI

1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Талап түсiнiгi, элементтерi, түрлерi және талап қоюға құқық ... ... ... ... .7

2 ТАЛАП АРЫЗ БЕРУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАМАУДЫҢ САЛДАРЫ

2.1. Талап арыз және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Талап арызда жiберiлген кемшiлiктердi түзету жолдары ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Талап арызды қабылдау және одан бас тарту. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4. Сот талқылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, мемлекетімізде үлкен тарихи қалыптасу жүргізіліп жатыр. Қазақстанның тәуелсіз және егеменді мемлекет болуы, Республикамыздың дербес мемлекет ретінде құқықтық мәртебесін арттыру үшін, саяси және экономикалық жүйенің қалыптастыру мәселелерін нығайту жолында құқықтық жүйеде де реформалар жүргізу қажеттігі туындайды. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Біз 70 жыл бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден шықтық. Бүгін жаңа мемлекет өмір сүруде және саяси және экономикалық жүйе жұмыс жасайды». Қоғамның саяси және экономикалық саласында іске асқан қалыптасулар құқықтық құрылыстың өздеріне сәйкес түрін құруды талап етті. Соның ішінде құқық қорғау органдарының жүйесін қайта ұйымдастырумен жаңа азаматтық іс-жүргізу заңының қабылдануына әкеліп соқты. Бұл өзгерістер соттар қызметіндегі көптеген жаңа қоғамдық және құқықтық қарым-қатынастарды туындатты. Оның құрылысына құқық қорғау органдарының жүйесінің кең түрдегі жобасын құру үшін бағытталған ұсыныстар енгізілді. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясының талабына сай орындалу керек. Әсіресе, мемлекеттік органдардың, оның ішінде азаматтық іс-жүргізу қарым-қатынастарына түсетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектемейтін түрде басты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету. Мемлекетіміздің алдында тұрған келелі мәселелерін шешу соттардың мамандандырылған және білімді қызметтерінсіз мүмкін емес.
Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Азаматтық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот iстердi азаматтың сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу кезiнде Қазақстан республикасы Конституциясының, осы қоғамдық қатынастарды заңдарға талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Азаматтық iс жүргiзудiң өзi бiр шама қиын процесс. Оның өзiнiң алдына қойған мақсаттары мәнi әрбiр қатынас талаптарға сай жүзеге асырылуы тиiс.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы талап өндірісі мәселелеріне теориялық және салыстырмалы талдау жүргізу, талап өндірісінің маңыздылығы және талап арыздың мәні, талап арызға қойылатын талаптар, сотта істі қарау ерекшеліктері және өзге де талаптардың сақталуы мәселелерінің тәжірибесін зерттеу болып табылады.
1. Баймолдина.З.Х. Гражданское процессуальное право. Том I. – Алматы, КазГЮА. 2001.
2. Щеглов В.Н. Законность и обоснованность судебного решения по гражданско-правовому спору. - Новосибирск, 1958.
3. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанции в советском гражданском процессе. - Саратов, 1967.
Аргунов А.Н. Участие прокурора в гражданском процесса. - М., МГУ. 1991.
4. Чечина.Н.А.,Чечот.Д.М. Гражданская процессуальная форма и производства. - М., Юрид.литература. 1979.
5. Гражданский процесс. Под ред. М.К.Треушникова. – М. 2001.
6. Осокина.Г.Л. Право на защиту в исковом производстве. – Томск, 1990.
7. Добровольский А.А., Иванова С.А. Основные проблемы исковой формы защиты права. - М., МГУ. 1979.
8. Семенов.В.М. Конституционные принципы судопроизводства. – М., 1982.
9. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право. Том 1. Алматы, КазГЮА. 2001.
10. Абдулина З.Қ. Азаматтық iс жүргiзу құқығы. Дәнекер, 2002.
11. Трубников П.Я. Судебное разбирательство гражданских дел. - Москва, 1962.
12. Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции. – А., 1998.
13. Трубников П.Я. Судебное разбирательство гражданских дел. – М., 1962.
14. Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции. – А., 1998.
15. Гуреев П.П. Порядок судебного разбирательства гражданских дел. - М., 1958.
16. Трубников П.Я. Судебное разбирательство гражданских дел. - М., 1962.
17. Агашин В.М. Процессуальные особености расмотрения отдельных категории гражданских дел в суде. - Казань, 1989.
18. Гуреев П.П. Порядок судебного разбирательства гражданских дел. - М., 1958.
19. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанции в советском гражданском процессе. - Саратов, 1967.
20. Добровольский А.А.,Иванова С.А. Основные проблемы исковой формы защиты права. - М., МГУ. 1979.
21. Семенов В.М. Конституционные принципы судопроизводства. . М. 1982.
22. Чечина Н.А. Чечот Д.М. Гражданская процессуальная форма и производства. - М., Юрид. литература. 1979.
23. Щеглов В.Н. Законность и обоснованность судебного решения по гражданско-правовому спору. - Новосибирск, 1958.
24. Щеглов В.Н. Иск судебной защите гражданского права. - Томск, 1987.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

Диплом жұмысы

Талап өндірісі

Орындаған 4 курс студенті_________________________ А.А. Исмагулов

Ғылыми жетекші,
аға оқытушы __________________________С.Ә. Түменбаев

Норма бақылаушы
аға оқытушы __________________________ Ж.Т. Қарашева

Кафедра меңгерушісінің
Рұқсатымен қорғауға жіберілді
з.ғ.к., доцент __________________________ Т.М. Абайдельдинов

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 АЗАМАТТЫҚ IС БОЙЫНША ТАЛАП ҚОЮ ӨНДIРIСI

1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Талап түсiнiгi, элементтерi, түрлерi және талап қоюға
құқық ... ... ... ... .7

2 ТАЛАП АРЫЗ БЕРУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАМАУДЫҢ САЛДАРЫ

2.1. Талап арыз және оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.2. Талап арызда жiберiлген кемшiлiктердi түзету
жолдары ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Талап арызды қабылдау және одан бас тарту.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.4. Сот
талқылауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...57

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан республикасы тәуелсіздік
алғаннан бастап, мемлекетімізде үлкен тарихи қалыптасу жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның тәуелсіз және егеменді мемлекет болуы, Республикамыздың дербес
мемлекет ретінде құқықтық мәртебесін арттыру үшін, саяси және экономикалық
жүйенің қалыптастыру мәселелерін нығайту жолында құқықтық жүйеде де
реформалар жүргізу қажеттігі туындайды. Мемлекетіміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында былай деген: Біз 70 жыл
бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден шықтық. Бүгін жаңа
мемлекет өмір сүруде және саяси және экономикалық жүйе жұмыс жасайды.
Қоғамның саяси және экономикалық саласында іске асқан қалыптасулар құқықтық
құрылыстың өздеріне сәйкес түрін құруды талап етті. Соның ішінде құқық
қорғау органдарының жүйесін қайта ұйымдастырумен жаңа азаматтық іс-жүргізу
заңының қабылдануына әкеліп соқты. Бұл өзгерістер соттар қызметіндегі
көптеген жаңа қоғамдық және құқықтық қарым-қатынастарды туындатты. Оның
құрылысына құқық қорғау органдарының жүйесінің кең түрдегі жобасын құру
үшін бағытталған ұсыныстар енгізілді. Ол Қазақстан Республикасының
Конституциясының талабына сай орындалу керек. Әсіресе, мемлекеттік
органдардың, оның ішінде азаматтық іс-жүргізу қарым-қатынастарына түсетін
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектемейтін түрде басты
мәселелерді шешуді қамтамасыз ету. Мемлекетіміздің алдында тұрған келелі
мәселелерін шешу соттардың мамандандырылған және білімді қызметтерінсіз
мүмкін емес.
Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан республикасының азаматтық iс
жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi
қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, құқық
бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот iстердi азаматтың сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу кезiнде
Қазақстан республикасы Конституциясының, осы қоғамдық қатынастарды заңдарға
талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Азаматтық iс жүргiзудiң өзi бiр шама қиын процесс. Оның өзiнiң алдына
қойған мақсаттары мәнi әрбiр қатынас талаптарға сай жүзеге асырылуы тиiс.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
заңнамасындағы талап өндірісі мәселелеріне теориялық және салыстырмалы
талдау жүргізу, талап өндірісінің маңыздылығы және талап арыздың мәні,
талап арызға қойылатын талаптар, сотта істі қарау ерекшеліктері және өзге
де талаптардың сақталуы мәселелерінің тәжірибесін зерттеу болып табылады.
Бұл мақсат азаматтық іс жүргізу заңнамасының және оның қолдану тәжірибесін
жетілдіру үшін осы тақырып көлеміндегі теориялық мәселелерді толығымен
зерттей отырып, барынша ұтымды және дұрыс бағыттағы шешім ұсыну, оларды
тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырумен ұштасады. Жұмыстың мақсаты
азаматтық іс жүргізу заңнамасының мақсатына (азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау) жетуге үлес қосуды, яғни сот шешімінің заңдылық
және негізділік ережелерін және оның тәжірибеде көрініс табуы бойынша
қолдану қағидаларын дұрыс анықтауды да көздейді.
Дипломдық зерттеудің міндеттерін алға қойылған мақсаттар айқындайды
және олардың қатары төмендегідей түрде анықталады:
- талап өндірісі азаматтық сот өндірісінің маңызды сатысы ретінде оның
құқықтық табиғатын ашып, айқындау;
- талап арызға қойылатын негізгі талаптардың мәнін ашып көрсету және
олардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сот
тәжірибесіне әсер етуін ескеру;
- талап арызды қабылдау, оны қабылдаудан бас тарту, азаматтық істі
қозғаудың тәжірибелік маңызын ескеріп, олардың мазмұнын ашып көрсету.
Зерттеудің объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығының талап
өндірісі институтының нормалары – талап арыз негізінде азаматтық істі
қозғау мәселелерін реттейтін құқықтық қатынастарды қамтиды.
Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің
талап арыз негізінде азаматтық істі қозғау тәртібін реттеуге арналған 150-
250 баптары, сондай-ақ осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың
тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу
заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен
азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі құрайды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жұмыс мазмұнында келтірілген
қорытындыларды, шешімдер мен ұсыныстарды тәжірибеде қолданудың
мүмкіндіктерін көрсетеді. Алынған қорытындылар мен ұсыныстарды:
- заң шығару қызметінде – Қазақстан Республикасының азаматтық іс
жүргізу заңнамаларын жетілдіру жұмыстарында қолдануға, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жетекші түсініктерін дайындауда;
- ғылыми жұмыстарда – талап өндірісі мәселелері туралы азаматтық іс
жүргізу заңдарының құқықтық негіздерін дұрыс қалыптастыру үшін ғылыми
тұжырымдаманы даярлауда;
- оқу процесінде – азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша және кейбір
арнайы курстар бойынша оқу істерін жүргізуде, сонымен қатар, оқулық және
әдістемелік құралдарды дайындауда пайдалануға болады.
Дипломның құрылымы мен көлемі жұмыстағы зерттеліп отырған мәселелердің
мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол
кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
құралады.

1. АЗАМАТТЫҚ IС БОЙЫНША ТАЛАП ҚОЮ ӨНДIРIСI

1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және маңызы

Заңдылықты, қоғамдық тәртiптi қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси,
еңбек, тұрғын және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, қатал
сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольдi соттар атқарады. Азаматтық
процестегi соттың мiндетi азаматтық iстердi дұрыс және тез қарау, шешу және
iс бойынша заңды, негiздi шешiм шығару. Соттың қызметiн ұйымдастыру,
iстердi қараудың тәртiбi, судьялардың жұмысының жоғарғы мәдени деңгейi
заңның барлық талаптарын қатал сақтауға негiзделген жағдайда ғана сот
төрелiгiнiң басты мақсаттарына қол жеткiзуге болады.
Сот өзiне жүктелген мiндеттердi заңмен белгiленген процессуалдық
нысанды сақтаған жағдайда сәттi жүзеге асырады. Бұл процессуалдық нысан iс
бойынша объективтiк шындықты шынайы анықтауға және заңды, негiздi сот
шешiмiн шығаруға ықпал етедi. Сот iсiн жүргiзудiң әрекет етушi нормаларын
бұзу дұрыс емес шешiмдердi шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың,
мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына әкеледi, сондай-ақ,
сот төрелiгiн жүзеге асыру зиян келтiредi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 13 бап 1 тармағында
көрсетiлгендей Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және
өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға
қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы делiнген. Яғни бұл
жердегi құқық субъектiсi санаты азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет
қабiлеттiлiк ұғымын құрайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 13 бабында азаматтық
құқығы мен мiндеттiлiк жүктеу қабiлетi болудың барлық азаматтар үшiн бiрдей
дәрежеде танылатындығы белгiленген. Азаматтық құқық қабiлетi ол туған
сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегiнде де, сондай-ақ шет елдерде де
мүлiкке, оның iшiнде шет ел валютасына меншiк құқығына; мүлiктi мұралыққа
алу және мұралыққа беруге; республика аумағында еркiн жүру және тұратын
орнын еркiн таңдауға; республика шегiн еркiн тастап шығу және оның аумағына
еркiн қайта оралуға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бiрлесе құруға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген
мәмiле жасауға және мiндеттемелерге қатысуға; материалдық және моральдық
зардаптардың орны толтыруын талап етуге; басқа да мүлiктiк және жеке
құқықтарды иеленуге құқылы.
Азаматтың өз iс-әрекеттерiмен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге
асыру өз үшiн азаматтық мiндеттердi туғызу, оларды орындау оның кәмелеттiк
жасқа келуiмен, яғни жасының он сегiзге толуымен толық көлемiнде туады.
Азаматтың әрекет қабiлеттiгi бiрдей болады.
Азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет қабiлеттiгiнен айыру мен оны
шектеуге жол берiлмейдi. Және оларға шектеу қоя алмайды.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсiлдерi: құқықтарды тану; құқық
бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның
бұзылуына қауiп төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу; мiндеттiлiктiң iс
жүзiнде орындалуына үкiм ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмiлелердi
заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық
қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару немесе жергiлiктi
өкiлдi не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтiн актiлерiн заңсыз
немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық
иеленуiне немесе оны жүзеге асыруына кедергi келтiргенi үшiн мемлекеттiк
органнан немесе лауазымды адамнан айып өндiрту жолымен, сондай-ақ заң
актiлерiмен көзделген өзге де тәсiлдермен сот немесе аралық сот жүзеге
асырады.
Заң актiлерiмен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау
құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тiкелей өздерi арқылы жүзеге
асырылады. Құқық бұзылған адам оған келтiрiлген зиянның толық өтелуiн талап
ете алады.
Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа
жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар
заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр
тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа
арыз берiп жүгiнуге құқылы.
Азаматтар мен заңды тұлғаның сот арқылы қорғану құқығы екi құқықтан
тұрады: сот арқылы қорғану үшiн сотқа шағымданудың процессуалдық құқығы,
демек азаматтық iстi қарау және iс қозғау мiндетiн сотқа тапсыру, екiншiсi,
заңды және негiзгi талабын сот арқылы қанағаттандыру үшiн материалдық
құқық.
Мүдделi тұлға сотқа арызбен жүгiне отырып өзiнiң талабын көрсетiп
негiздейдi.
Талап өндiрiсi құқық қорғаудың ең негiзгi түрi, ал талап арыз
өндiрiстiң осы түрiн қозғаудың құралы болып табылады.
Талап өндiрiсiнiң ерекше белгiлерi – құқық жөнiндегi дау және құқық
жөнiнде дауласып отырған тараптар.
Тараптар дауды өзара шеше алмай, талапкер мен жауапкердiң арасында дау
туындаған кезде және олар оны заңмен бекiтiлген тәртiпте жазбаша түрде
соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап iсi пайда болады. Осы кезден
бастап материалды құық талап арызына айналады. Сотқа берiлген кез келген
арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылу керек.
Талап арыз арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын
қалпына келтiредi, материалдық, моральдық зиянды өтеттiредi.
Судья азаматтық iс бойынша талап арызды қабылдау туралы мәселенi жеке
өзi шешедi. Егер де судья арызды қабылдамаса дәлелдi ұйғарым шығарады.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық және мемлекеттiк
мүдделеррдi қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы.
Азаматтарын және заңды мүдделерiн қорғау туралы, егер адам дәлелдi
себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса, тек мүдделi адамның өтiнiшiмен ғана
прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiн қорғау
үшiн прокурор мүдделi адамның өтiнiшiне қарамастан талап қоя алады.
Талап қоюшы прокурор мәлiмдеген талапты қолдамаса, егер үшiншi
тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерi қозғалмаса, онда
сот талап қоюды қараусыз қалдырады.
Талап қоюшы прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа,
талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады., сондай-ақ барлық
iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерiн
қорғау үшiн талап қоюдан бас тартуы ал тұлғаны iстiң мәнiсi бойынша қарауды
талап ету құқығынан айырмайды.
Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары,
ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтiнуiмен басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сол сияқты
қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып сотқа жүгiне
алады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiне қорғау үшiн мүдделi адамның
өтiнiшiне қарамастан талап қойылуы мүмкiн.
Бөгде мүдделердi қорғау үшiн талап қойған адамдар, бiтiмгершiлiк
келiсiм жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын
пайдаланады және барлық iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Аталған
органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделерiне сай iс
қозғалған адамды iстi мәнi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
Егер мүдделерiне сай iс қозғалған адам мәлiмдеген талапты қолдамаса, үшiншi
тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап арызды қараусыз
қалдырады.
Талап қою өндiрiсiнiң басым көпшiлiгi азаматтық iстер болып табылады.
Сондықтан азаматтық сот өндiрiсiнiң ережелерi ұқсас болып келедi.

1.2. Талап түсiнiгi, элементтерi, түрлерi және талап қоюға құқық

Елiмiздiң Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырғаны белгiлi. Ал, құқықтық мемлекеттiң басты сипаты болып табылатын
заңдардың билiктiлiгiн, үстемдiлiгiн қамтамасыз ету өз кезегiнде тиiсiнше
жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жiгерлiктi талап етедi.
Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның
тәуелсiздiгiн, судьяның әдiлдiгi мен алалықсыздығын қамтамасыз ету
мақсатында сот актiлерiн орындау бойынша тиiмдi iске асатын жүйе құруға
бағытталған атқарушылық iс жүргiзу органдарын қайта құру жүргiзiлуде.
Қазiргi кезде құқықтың – олардың кепiлi, қорғау, iс жүзiнде iске асуы,
орындалу проблемасы көп мәнге ие болуда. Бүгiнгi күнде сот төрелiгi
жүйесiнде ең нашары сот актiлерiн атқару болып табылады. Сот органдарының
бұл ортада жұмысы халықтың ашу кернеуiн туғызу бекер емес. Сотқа өзiнiң
заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн арызданған адамдарға сот
процессi емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерiнiң iс жүзiнде
қалпына келуi маңызды. Шешiмдер, егер олар ешкiммен орындалмайтын болса
кiмге керек?
Құқықты iс жүзiнде жүзеге асыруды қамтамасыз етудiң жалпы мақсаттарының
iшiнде азаматтық бойынша сот төрелiгiнiң атқару барысында азаматтық iс
жүргiзу тәртiбiмен сотпен шығарылған шешiмдi орындаумен байланысты
мәселелер көңiл бөлудi керек етедi. Көп жағдайда құқықты қорғау шешiм
шығарумен аяқталмайды. Сотқа арызданған тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерi толық қорғалу үшiн, әдетте сот шешiмiнiң негiзiнде белгiлi бiр iс
жүргiзушiлiк әрекеттер жасалуы тиiс. Тек қана зиянды өтеу, алимент өндiру,
т.с.с. туралы шешiм шығару емес, сонымен қатар iс жүзiнде залалдың өтелуi,
алимент өндiрiлуi керек.
Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық
қатынастардың басқа да субъектiлерiнiң бұзылған құқықтары мен
бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғаудың, заң және сот алдында
теңдiгi сақталған жағдайда, тиiмдi құралы болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқының талап өндiрiсi соттың бiрнеше сатысында
қаралады.
1) Талап қою өндiрiсi;
2) Ерекше талап қою өндiрiсi;
3) Ерекше өндiрiс.
Талап қою өндiрiсi азаматтық iс бойынша азаматтардың талап арыз
беруiнен басталады. Соттар азаматтық, еңбектiк, отбасылық, тұрғын үй,
әкiмшiлiк, қаржылық, жерге байланысты, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны
қорғау және т.б. жөнiндегi азаматтық талап қою өндiрiстерiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар, азаматтық iс жүргiзу нормаларына сүйене отырып материалдық
құқықтық қатынастар жайлы талап қою өндiрiсi жүзеге асырылады.
Осы қазiргi кезде өз құқықтарын қорғаудың талап қою формаларына мынадай
белгiлер тән болып отыр:
1) Заңды мүдде және құқық туралы даудың болуы;
2) Заңды мүдделердi қарама-қарсы тараптардың болуы.
Талап қою түсiнiгi азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерiн сотта
қорғау ұғымымен тығыз байланысты.
Қазiргi заманғы азаматтық iс жүргiзу ғылымында мынадай түрлi көзқарас
қалыптасқан:
1) Iс жүргiзу ұғымында, яғни бұл ұғымда талап қою субъектiсiнiң өз
құқығын, заңды мүддесi бұзылған жағдайда сотқа жүгiне отырып шешу.
2) Талап қою материалды-құқықтық ұғымда, яғни бұл талапкердiң
жауапкерге белгiлi бiр материалдық шығынын өтеу үшiн сотқа жүгiну.
Талап қою элементтерi.
Талап қою элементтерi оның құрамдас бөлiктерiнен тұрады:
1) Мазмұны;
2) Пәнi;
3) Негiзi.
Ендi осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
1) Талап қою мазмұны бұл талапкердiң өз құқығын қорғаудың түрi.
Сот бұзылған құқықтар, мүдделердi қорғау үшiн жауапкердi белгiлi бiр
iс-әрекет жасауға мiндеттеуi мүмкiн, талапкер мен жауапкер арасындағы
құқықтық қатынастарды белгiлеуi, құқықтары мен мiндеттерiн негiзге алады;
тараптар арасындағы құқық қатынастарды өзгертуi немесе тоқтатуы мүмкiн.
Талап қою мазмұны талап қоюшы талап етiп отырған сот әрекетi болғандықтан
сот оны мiндеттi түрде жүзеге асыруы қажет. Өйткенi, талапкер талапты сотқа
бередi, бұл талаптың сұраныс бөлiмiнде көрсетiледi.
2) Талап элементiнiң пәнi. Бұл дегенiмiз – талапкер соттан не туралы
қорғау сұрағандығын көрсетедi, яғни алу, мойындау немесе өзгерту
жайлы ма? Талапкер соттан белгiлi материалдық құндылықтарын алуды
талап етуi мүмкiн. Мысалы: мүмкiн қайтаруды, қарызын алуды.
Талапкер жауапкер екеуiнiң арасындағы белгiлi бiр материалдық
қатынасты өзгертудi немесе тоқтатуды талап етуi мүмкiн, әкелiктi
тану жайлы, некенi бұзу жайлы, дуние мүлiктi бөлiсу жайлы болуы
мүмкiн. Сондықтан талап қою мазмұны белгiлi бiр материалдық талапты
қанағаттандыру.
3) Талап қою негiзi.
Бұл дегенiмiз – талапкердiң қандай фактiге, негiзге сүйене отырып өз
талабын қойғандығы жайлы. Жалпы талап азаматтық құқықтан туындайды.
Мысалы: меншiк иесi өз мүлкiн қайтаруды немесе т,б, әрекеттердi өз
құқық меншiктiк құқығына сүйене отырып талап етедi.
Қазiргi замандағы iс жүргiзуде талапкер тек өз талаптарын көрсетуге
құқылы және де айғақтар беруге құқылы. Ал юридикалық нормаларын сот беруге
мiндеттi, яғни меншiк иесiн тануға және т.б.
Бұл элементтер өзара байланысты болып келедi. Яғни талап қою негiзi
белгiлi бiр фактiлерге сүйене отырып жазылады, ал пәнi осы фактiлер
негiзiнде белгiлi бiр материалдық құндылықтарды өндiрiп алу. Iс жүргiзуде
элементтердi бөлiп көрсетудiң маңызы өте зор. Талапкер талап арызын
негiздей, дәлелдей алуы керек. Ал жауапкер өз кезегiнде уақытылы өзiне
берiлген талап арызбен танысуға, қарсы талап қоюға немесе т.б. iс-әрекеттер
жасауға құқылы.
Сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша соттар әр түрлi процессуалдық iс-
әрекеттер азаматтық iс жүргiзу құқығының негiзгi бастаулары мен нормаларына
дәлме-дәл сәйкес келуi керек. Азаматтық iс жүргiзу заңнамасы соттың
азаматтық құқық туралы дауларды қарауы және шешуi бойынша қызметiн
реттейдi.[1]
Соттың iс-әрекеттерi өзiнiң процессуалық сипаты бойынша әр түрлi болып
келедi. Мемлекеттiк орган ретiндегi соттың билiктiк еркi тараптардың,
прокурордың, үшiншi тұлғалардың өтiнiмдерiне сот жауап берген кезде немесе
өз бастамашылығымен процестiң пайда болуына, дамуына немесе тоқталуына
бағытталған iс-әрекеттердi жасаған кезде көрiнiс табады. Бұл ерiк бiлдiру
ерекше процессуалдық акiтерде көрiнедi. Сот процессуалдық актiлер шығарады.
Бұл сот актiлерi тiкелей заңды салдар туғызады.
Азаматтық iс жүргiзушi құқықтық қатынастарының ерекшелiктерiнiң бiрi –
оның мiндеттi субъектiсi, - соттың процессуалдық нормаларды қолдануы болып
табылады. Сот процессуалдық нормаларды қолданған кезде азаматтық
процессуалдық құқықтық қатынастарының билiктiк құқықтық сипаты көрiнедi.
Соттың процессуалдық нормаларды қолдануының мәнi неде? Ол ең алдымен соттың
процессуалдық заңның негiзiнде процессуалдық құқықтық қатынастың пайда
болуы, дамуы, өзгеруi және тоқтатылуы туралы мәселенi шешетiндiгiнен
көрiнедi. Сот өзiнiң осы функциясын қандай процессуалдық құралдың көмегiмен
жүзеге асырады? Бұл құралға сот шешiмдерi мен ұйғарымдары жатады.
Процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы үшiн үшiн мүдделi
тұлғаның талап қоюы оның қабылдауы қажет. Соттың ұйғарымдарымен
процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты мәселелер
шешiледi. Сонымен соттың процессуалдық құқықты қолдануы процессуалдық
құқықтық қатынастардың пайда болуымен, дамуымен, өзгеруiмен және
тоқтатылуымен байланысты бiрқатар процессуалдық мәселелердi шешуде жатыр.
Бұл мағынада процессуалдық нормаларды қолдану арқылы сот iстi қараудың
жолдарын белгiлейдi, объективтiк шындықты ашу және азаматтық құқықтық
дауларды дұрыс шешу құралдарын анықтайды. Сот процессуалдық құқық
нормаларын қолдана отырып, процессуалдық құқықтық қатынастың
субъектiлерiнiң мiнез-құлқын анықтайды және сонымен бiрге, процестiң тиiстi
түрде дамуы үшiн алғы шарттарды құрайды. Бiрақ iстiң мән-жайларын толық
зерттеу және азаматтық-құқықтық дауды дұрыс шешу үшiн тараптардың мүмкiн
мiнез-құлқын анықтау ғана жеткiлiксiз. Сондай-ақ процессуалдық құқықтық
қатныастардың субъектiлерi өздерiнiң құқықтарын дұрыс жүзеге асырып,
процессуалдық мiндеттердi нақты орындауы және олардың iс жүзiндегi мiнез-
құлқы тиiстiге сәйкес келетiндей болуы қажет. Әйтпесе, сот даудың мәнi
бойынша шешуге байланысты өзiнiң өте күрделi және жауапты мiнедтiн орындай
алмайды. Процестiң заңды дамуы және дұрыс шешiм шығару мақсатымен
процессуалдық бұзушылықтарды жою үшiн сотқа процессуалдық нормаларды
бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкiндiгi берiлген. Бұл
сот нысанында жүзеге асырылады. Егер сот құқықтық нормаларды дұрыс
қолданған және процессуалдық құқықтық қатынастың барлық субъектiлерi өзiнiң
процессуалдық құқықтары мен мiндеттерiн қатал және дәлме-дәл орындаған
жағдайда процесс дұрыс дамып, әдiл шешiм шығарумен аяқталады. Елеулi
процессуалдық бұзушылықтарға жол бермеудiң сенiмдi кепiлi азаматтық
процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен және
тоқтатылуымен байланысты заңды және негiздi сот ұйғарымдарының шығарылуы
болып табылады.[2]
Сонымен мынадай қорытындыға келуге болады: азаматтық процестегi бiрiншi
сатыдағы соттың iс қозғауға себеп болатын талап арызды тараптардан
қабылдап, оған iс қозғау туралы шығарған ұйғарымы-сот төрелiгiнiң актiсi;
процессуалдық құжат; азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарды құратын,
өзгертетiн және тоқтататын актi болып табылады деген сипаттама беруге
болады.
Процессуалдық құқықтық салдар.
Олардың арасындағылардың ең бастысы нақты іс бойынша азаматтық сот
өндірісінің пайда болуы болып табылады.
Талап арызды қабылдау кезінен бастап іс жүргізу басаталады және құқық
туралы дауды қараумен, шешумен байланысты азаматтық іс жүргізушілік
қатынастар пайда болады. Сот өндірісін қозғаған күннен бастап іс жүргізу
мерзімдерінің ағымы басталады.
Материалдық құқықтық салдар.
АІЖК – нің 113 бабының 1 тармағы азаматтық істі қозғаудың келесі
материалдық – құқықтық салдарын белгілейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан
кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің
талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша
жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне
ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.
Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде
Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық іс жүргізу Кодексін,
басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға
міндетті.
Соттардың адам мен азаматтардың құқықтарына және бостандықтарына қысым
жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға тиісті
заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұруға және Конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға
міндетті. Сот Конституциялық шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта
басталады.
Істерді шешу кезінде соттық заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот
актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда
белгіленгендей жауапты болады.
Сот істі шешу кезінде даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық
нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық
нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың
жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап
қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот
отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы,
жауапкер немес екі тарап та қол қояды. Бұйрықтағы әрекеттерді жасау туралы
жазбаша арыздар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында
көрсетіледі.
Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік
келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір
мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот
бекітетін бітімгершілік шарттары көрсетілуге тиіс.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот
мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Бұл жағдайда
сот шешімде тек қана жауапкер талап қоюды мойындағанын және оны соттың
қабылдағаны көрсетілуі мүмкін, яғни істің мән – жайларын анықтамай – ақ
талапкердің пайдасына сот шешім шығарады.
Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті
мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен
парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында
белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік
өкілеттігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп
соғады.
Сот өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді
жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық сот ісін
жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз
болады және олардың күші жойылады.
Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін тек тиісті соттар ғана тексеріп,
қайта қарай алады.
Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жүгінуге
құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда
көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір
тобының құқықтарын және қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз
беріп жүгінуге құқылы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.[3]
Ешкімге өзінің келісімінсіз соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары
тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың
келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы
жоқ.
Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы
адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен
іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдік зиян өтелуге
тиіс.
Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Соттың сот төрелігін
атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және
ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік
негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына
артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге
көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де
кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік
негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына
артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге
көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де
кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық iс жүргiзуде процессуалдық нысан деп талап етудiң жүйесiн
айтамыз. Сонымен :
1) Азаматтық процессуалдық нысаны талап етудің жүйесін білдіреді,
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелінеді. Әрбір қатысушының
өзіндік орны бар: талапкер, жауапкер, маман, куә және т.б.
2) Азаматтық іс бойынша сот шешімі нақты факт деректе негізделіп
процессуалдық нысанда көрсетілгендей сот белгілейді. Дәлелдеме, заңның
бұзылуы болса онда заңдық күші болмайды, сот шешімі орындалмайды.
3) Егер де тараптардан сұрақ-жауап алынбаса, тыңдалмаса мұндай жағдайда
істің шешілуіне заң рұқсат етілмейді. Яғни, сонымен процессуалдық нысан –
бұл конститутивтік элемент болып табылады.[4]
Сонымен қатар азаматтың іс жүргізу бірнеше сатылардан өтеді, (істі
қозғау, сот талқылауына дайындалу, сотта істі қараудың жариялылығы,
кассациялық тексеріс және соттың шешімінің болуы.
1) Азаматтық іс талапкердің талап арыздары келіп түскеннен кейін іс
қозғалады. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанын өзгертуге,
талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанын өзгерту, талап қою
мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру
жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға
дейін жол береді. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан
қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісімімен аяқтай алады, оған
тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.
Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанын немесе негіздемесін
өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа
біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің
талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін
бекітпейді.
2) азаматтық іске дайындау яғни мұны сот жүзеге асырады. Соттың
азаматтық істі талқылау болып саналады.
Яғни мұндай да басқа шетелдерге тек сот қана емес мысалы, Германияда –
студенттер референттер көмектеседі.
3) Кассациялық шағымдану сот шешіміне заң күшіне енбеген. Бұл сатының
мақсаты – заңдылықты тексеру және сот шешіміне арыздану не прокурордың
протесті болып табылады.
4) Заң күшіне енген қаулының, шешімін қарау тәртібін қадағалау.
5) Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін
жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының
Конситуциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен
нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге
заңдардың ережелері осы кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан,
табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар
бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін
белгілейді.
Қазақстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасы Конституциясы
мен заңдары берген әлеуметтiк экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен
бостандықтарын қолдана бiлуi және iс жүзiнде қорғауы керек. Ал адамның жеке
басын сыйлау, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттiк
органдардың, қоғамдық ұйымдардың және лауазымды адамдардың ең беасты
мiндетi. Алайда iс жүзiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзушылық және оларды шектеу әлi де орын алады. Бұл жағдайда жеке мүлiктiк,
отбасы, еңбек және басқа да құқықтары мен заңды мүдделердi қорғаудың ең
тиiмдi тәсiлi азаматтардың сотқа арыздануы. Сот арқылы қорғалу – бұл
азаматтардың конституциялық құқығы (ҚР Конституциясы 13 бап), оны
болдырмауға немесе шектеуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

2. ТАЛАП АРЫЗ БЕРУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАМАУДЫҢ САЛДАРЫ

2.1. Талап арыз және оның мазмұны

Талап арыз – бұл мүдделі тұлғаның құқық туралы дауды шешу үшін сотқа
беру нысаны болып табылады.Талап арызда құқықтарын немесе заңды мүдделерін
қорғау үшін сотқа жүгінген тұлғаның еркі білдіріледі.

Талап арыз - азаматтық іс қозғау үшін мәні бар талап қоюшы талаптары
және басқа да мәліметтері көрсетілген құжат болып табылады.[5]
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 8 бабында
көрсетiлгендей: Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн
осы кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк
органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге
адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.
Тараптар дауды өздерi шеше алмағандықтан бұзылған құқықтарын сотта
қорғауы болып табылады. Яғни талапкер мен жауапкердiң арасында дау
туындаған кезде және олар оны заңмен бекiтiлген тәртiпте жазбаша түрде
соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап iсi пайда болады. Осы кезден
бастап материалдық құқық талап арызына айналады. Сотқа берiлген кез келген
арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылуы
керек.[6]
Мағынасын аша айтқанда, талап арызды екi талап қамтиды: бiрiншiсi –
белгiлi бiр мүлiктi тапсыру, талапкердiң меншiк құқығын шектейтiн құқыққа
қарсы әрекеттi тоқтату және т.б. туралы талапкердiң жауапкерге деген
материалдық құқықтық талаптары, екiншiсi процессуалдық – құқықтық талап,
яғни талапкердiң жауапкер екеуi арасындағы дауды шешiп беру туралы сотқа
қойған талабы. Демек, талап арыз екi жақты ұғым материалдық-құқықтық және
процессуалдық-құқықтық болып табылады.
Талап арыздың мазмұны оның екi құрылымдық бөлiмдерiмен талап арыздың
тақырыбымен және негiзiмен анықталады. Талап арыздың тақырыбын немесе
негiзiн тек қана талапкер өзгертуге құқылы. Соттың ондай құқығы жоқ.
Содықтан, егер талапкердiң мүлiктi заттай болу туралы мәлiмдеген талабының
орнына оған жалпы мүлiктегi оның үлесi ақшалай төленсе, тұрғын үйдi заттай
бөлудiң орнына тұрғын бөлмелердi пайдалану тәртiбi анықталса, онда
соттардың ондай шешiмi заңды бола алмайды. Алғашқы талап арыздың тақырыбы
мен негiзiн өзгерту туралы талапкердiң арызы жазбаша түрде рәсiмделуi
керек.
Өйткенi талап арызының тақырыбы мен негiзi оның құрылымдық бөлiмдерi
болып табылады.
Даулы құқықтық қатынастардан туындайтын және ол туралы соттың шешiмi
қажет талапкердiң жауапкерге деген нақты материалдық-құқықтық талабы талап
арыздың тақырыбы болып табылады. Яғни мұнда материалдық деп дүниенiң кез
келген объектiсi (зат, ақша сомасы, мүлiк және т.б.) жатады. Талап арызының
нақты негiзiн, ал дауды шешу барысында қолданылатын құқықтық нормалар талап
арызының құқықтық негiзiн құрайды. Талапкер сотқа шағымданған кезде өзiнiң
бұзылған немесе негiзсiз дауланған субъективтi құқығын көрсетуi керек.
Талап арызды қабылдарда сот мiндеттi түрде арыздың мазмұнын оған
тiркелетiн құжаттардың (мемлекеттiк баж, құжат көшiрмелерi) толық әрi дұрыс
болуын қарап шығуы тиiс. Яғни қате болған жағдайда оны қайтаруға және дұрыс
жазуын түсiндiруi қажет. Талап арызын қабылдаған судья, егер талаптарды
бөлек қарауды неғұрлым тиiмдi деп тапса, бiрiктiрiлген талаптардың iшiнен
бiреуiн немесе немесе бiнешеуiн бөлек iс етiп қарауға құқылы.
Судья осы соттың қарауында баяғы бiр тараптар қатысып отырған бiрнеше
бiртектес iстердiң бар екендiгiн анықтап немесе бiр талапкердiң әрқилы
жауапкелерге немесе әрқилы талапкердiң бәз-баяғы бiр жауапкерлерге қойған
талабы бойынша бiрнеше iстер бар екендiгiн анықтап, бұл iстердi бiрге қарау
үшiн бiрiктiруге құқылы, егер мұндай бiрiктiру дауларды неғұрлым тез және
дұрыс қарауға жеткiзетiн болса.
Арызды қабылдамауға негiз жеткiлiктi болған жағдайда сот қабылдаудан
бас тартады. Арызды қабылдамаған судья бұл туралы дәлелдi ұйғарым шығарады.
Ұйғаруда судья, егер iс сот қарауына жатпайтын болса, арызданушының қай
органға шағымдану керек екендiгiн немесе iс қозғауға кедергi болып отырған
мән жайларды қалай жою керек екендiгiн немесе көрсетуге мiндеттi. Талап
арызын қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғаруы арызданушыға оның
тапсырған құжаттарын қайтарумен бiрге тапсырылады. Бұл ұйғарымға жеке шағым
немесе наразылық келтiруге болады.
Сонымен қорыта айтқанда, осы жоғарыда айтылған талап арыз арқылы
азаматтар немесе заңды тұлғалар өздерiнiң бұзылған құқықтарын не
бостандықтарын талап арызда мазмұнын көрсетiп сотқа жүгiну арқылы, сот арыз
бойынша азаматтық iс қозғай алады.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың сотта қорғалуы бұзылған құқықтарын
соттың заңға сүйене отырып әдiл түрде қамтамасыз етуi болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық сотта қорғалуының қылмыстық
iс жүргiзуден айырмашылығы азаматтық iс жүргiзуде мiндеттi түрде талап арыз
келiп түскен сәттен бастап сот қана жеке дара қарай алады.
Ал қылмыстық iс жүргiзуде талап арызсыз, қылмыстың төрт құрамы болып,
кiнәлi деп танылған жағдайда және iс қозғаудың басты себептерi мен
негiздерi болғанда (азаматтардың өз кiнәсiн мойындап келуi, лауазымды
адамдардың өз мекемесiндегi қылмыстық оқиғаны хабарлауы), оларды 1-шi сот
емес тергеушi анықтама органдары тергеп анықтайды. ҚР ең қымбат қазынасы –
азамат және оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан сот
талқылауында да басты мәселесi олардың құқықтарын қорғауы болып табылады.
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші сатыдағы соттың іс
жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады және ол тараптар
ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына
сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған
дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде
зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар
тудырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай
мәтін бойынша АІЖК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі
166-бабының 2-бөлігінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
судьялар арыздарды сот өндірісіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген
арыздардың дәлелдемелермен негізделгендігі АІЖК-нің 150 және 151-баптарының
талаптарына сәйкес келуін ескерулері қажет.
АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша істі соттың қарауына
әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере
отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып
табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.
Іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе қадағалау
тәртібінде бұзылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына қайтарылған
жағдайда да, осындай ұйғарым шығарылуы тиіс. АІЖК-нің 344-бабының бірінші
бөлігіне сәйкес істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымға шағым немесе
наразылық келтіруге болмайды.
АІЖК-нің 14-бабына сәйкес, сотқа арыз қай тілде берілсе, сот өндірісі
де сол тілде жүргізіледі деп есептеу керек. Егер талапкерден арыз берілген
тілді өзгерту туралы өтініш келіп түссе, онда судья АІЖК-нің 14-бабының 2-
бөлігіне сәйкес сот талқылауы жүргізілетін сот өндірісінің тілі туралы
ұйғарым шығаруға міндетті.
Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АІЖК-нің 47-
бабында көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде
мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген
қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процессуалдық міндеттерді орындамаудың
құқықтық салдары туралы талапкерлер мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс.
Талапкердің не жауапкердің өтініші бойынша дәлелдемелер сұратуға
жәрдемдесе отырып, судья істі сот талқылауына дайындаған кезде, ол
дәлелдемелердің бір-бірінен артықшылығы туралы пікірін білдіруге қақысы
жоқ.
Мүлік туралы дауларды тараптардың аралық сотқа тапсыруға құқы бар
екендігін, оны қалай жүзеге асыруға болатын процессуалдық тәртіпті және
оның құқықтық салдарын түсіндіргені жөн. Алайда, тараптардың осындай
құқықтары түсіндірілмегені туралы уәждері, азаматтық істің сот талқылауына
тиісті түрде әзірленбеді деп саналмайды.
Егер істі соттың қарауына әзірлеген кезде тараптар жазбаша түрде
жасалған және өздері қол қойған бітімгершілік келісімін ұсынса, судья АІЖК-
нің 172-бабының бірінші бөлігіне, 49-бабына, 247-бабының 4) тармақшасына
сәйкес бітімгершілік келісім шарттарын бекіту туралы ұйғарым шығарып, іс
жөніндегі сот өндірісін қысқартуға құқылы. Мұндайда бітімгершілік
келісімнің шарттарын ескере отырып, судья тараптар арасындағы сот
шығындарын АІЖК-нің 110, 113-баптарына сәйкес бөлуге міндетті. Егер
азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында сотқа тараптардың атынан
олардың өкілдері қатысса, онда судья АІЖК-нің 61-бабының бірінші бөлігінде
аталған әр процессуалдық әрекетті жасау үшін тиісті түрде ресімделген
уәкілеттіліктерінің бар-жоғын тексеруге міндетті.
Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талапкердің сол немесе басқа
жауапкерлерге мәлімделген талап арызынан туындайтын басқа да талаптары, ал
жауапкердің талапкерге қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья
талапкердің қосымша талап ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға
құқықтарын түсіндіреді.
Жауапкердің қарсы талап арызы АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген
талаптарға сәйкес келсе, онда оның арызын талапкердің арызымен бір
өндірісте қарау үшін қабылдайды. Егер бұл арыздың мазмұны АІЖК-нің 157-
бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-
бабының негізінде қарсы талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады. Егер
талаптардың сипаты, олардың өзара байланысы және ортақ дәлелдемелерінің
болуы, олардың неғұрлым тез әрі дұрыс шешілуіне мүмкіндік беретін жағдайда
ғана бірнеше талаптарды бір өндіріске біріктіруге болады.
Талапкердің бір арызда біріктіріп берген талаптарын, егер судья олардың
жеке қаралуын қажет деп тапса, оларды ажыратып қарауына болады.
Бірнеше талап арыздардың біріктірілуі немесе олардың ажыратылуы
судьяның бөлек ұйғарымымен ресімделуі тиіс, оған АІЖК-нің 344-бабына сәйкес
апелляциялық тәртіпте шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды.
Егер талапкер өз арызында жауапкердің уәждерін көрсетпесе немесе талап
арызға қоса тіркелген материалдарда жауапкердің талап арызға қарсы
келтірген дәлелдемелері назар аударарлық болса, онда оларды анықтау үшін
істі соттың қарауына әзірлеу барысында жауапкерді сотқа міндетті түрде
шақыру қажет болады. Жауапкермен әңгімелесу барысында оның қарсылықтарының
мәнін түсініп, іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар мен дәлелдемелерді
анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкердің өтініші бойынша өз
бетімен сотқа ұсына алмайтын дәлелдерді басқа заңды тұлғалардан немесе
азаматтардан сұратып алуға жәрдем беруге жағдай жасайды.
Даудың сипатын неғұрлым нақтылау және істің дұрыс шешілуі үшін маңызы
бар басқа мәселелерді анықтау үшін, егер судья оны қажет деп тапса,
талапкер мен жауапкер судьяға бір мезгілде шақырылуы мүмкін.
Судья даудың мәнісі бойынша тараптардан жауап алған кезде АІЖК-нің 170-
бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайларды, мәлімделген
талаптарды негіздейтін немесе жоққа шығаратын қосымша дәлелдемелердің бар-
жоғын анықтайды, дәлелдемелерді сұрату үшін көмек көрсету туралы өтініш
беруге құқықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Талап өндірісінің құқығын қорғау
Талап өндірісінің түсінігі және маңызы
Ерекше талап қою
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
Талап түсінігі және мағынасы туралы
Талап түсінігі және мағынасы
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Заң шығарушы, атқарушы және сот
Пәндер