Прокуратура органдары қызметі



II ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ
§ 2.1 Прокуратураға тән функциялармен олардың мәні
§ 2.2 Прокуратура жүзеге асыратын қылмыстық құдалау
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Прокуратура қылмыстық істі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне кіре отырып, прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағыттарына қатысты бір қатар өзгешелік жақтарын иеленеді, “funksya”- латын сөзінен аударғанда “қызмет шеңбері, мақсаты”- деген түсінікті береді. Кезкелген органның соның ішінде Прокуратураныңда ұйымдастырылуын, құрылымдарымен құзіреттігін оларға жүктелген функциялар айқындайды. Әрине Прокуратураның басты да негізгі функциясы- заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету мақсатыдағы жоғары қадағалау. Ол сот әділдігі және басқадай құқық қорғау қызметінен мынадай белгілермен ерекшелінеді:
1) оны мемлекет атынан іске асырады;
2) оның әмбебаптық сипаты болады, яғни барлық органдардың
қызметін қадағалайды;
3) тек заңдылықтың сақталуы мәселесіне ғана қатысты жүргізіледі;
4) Прокурорлық қадағалау мемлекеттің бүкіл аумағына қатысты
болады;
5) Заңды бұзушылықты анықтау мен жою шараларын қолдану үшін прокурорларға ауқымды және билікті өкілеттіктер беріледі.
Прокуратураның осы негізгі функциясы мен қатар заңмен басқада функциялар жүктелген. Олар бастапқы және негізгі функциясын көркейте де, күшейте де түседі. Олардың қатарына мыналар жатады:
1) қылмыстық қудалау функциясы;
2) заңнаманы насихаттау мен түсіндіру функциясы;
3) құқық қорғау органдарының қылмысқа құқық бұзушылыққа қарсы
күресу, үлестіру функциясы;
4) мемлекеттік статистиканы қалыптастыру функциясы;
5) норма шығармашылық функциясы;
6) сотта айыпты қолдау функциясы;
7) Конституция мен заңдарға қайшы келетін заңдар мен құқықтық
актілерге наразылық келтіру функциясы;
8) жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын санкциялау функциясы.
Прокуратура құқық бұзушылықтарға жаза қолданбайды, оның қызметі құқық бұзушылықты анықтауға, заң бұзушылықты қалпына келтіруге және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Заңдылықты қадағалаудан басқа, прокуратура органдары қылмыстық қудалауды іске асырады. Прокурордың осы функциялары өзара байланысты. Қылмыстық қудалау функцияларын іске асыру, сондай-ақ қадағалау функциясының мақсатына жету құралы ретінде қаралуы мүмкін, прокурордың қылмыстың белгілерін анықтай отырып, қылмыстық істі қозғауы шын мәнінде, яғни қадағалау функциясының білінуі.
1 Назарбаев.Н.Ә. “Тәуелсіздікке бес жыл”. Алматы 1996 жыл. . . . . . . . . . . . . .
2 М.С.Нәрікбаев, Р.Н.Юрченко, М.М.Алиев Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері. Астана 1996 жыл. . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . .
3 Вицин.С. Прокуратура в правовом государстве. Москва 1997 год. . . . . . . . . .

Практикалық материалы:

1. Архив Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының № 12350/54 үкімі. . .
2. Архив Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының № 34575155008554 қаулысы. . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

II ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ
§ 2.1 Прокуратураға тән функциялармен олардың мәні
§ 2.2 Прокуратура жүзеге асыратын қылмыстық құдалау

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

II ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН
МАЗМҰНЫ.

§ 2.1 Прокуратураға тән функциялар мен олардың мәні.

Прокуратура қылмыстық істі жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың жүйесіне кіре отырып, прокурорлық қадағалаудың функционалдық
бағыттарына қатысты бір қатар өзгешелік жақтарын иеленеді, “funksya”- латын
сөзінен аударғанда “қызмет шеңбері, мақсаты”- деген түсінікті береді.
Кезкелген органның соның ішінде Прокуратураныңда ұйымдастырылуын,
құрылымдарымен құзіреттігін оларға жүктелген функциялар айқындайды. Әрине
Прокуратураның басты да негізгі функциясы- заңдылықтың үстемдігін
қамтамасыз ету мақсатыдағы жоғары қадағалау. Ол сот әділдігі және басқадай
құқық қорғау қызметінен мынадай белгілермен ерекшелінеді:
1) оны мемлекет атынан іске асырады;
2) оның әмбебаптық сипаты болады, яғни барлық органдардың

қызметін қадағалайды;
3) тек заңдылықтың сақталуы мәселесіне ғана қатысты жүргізіледі;
4) Прокурорлық қадағалау мемлекеттің бүкіл аумағына қатысты

болады;
5) Заңды бұзушылықты анықтау мен жою шараларын қолдану үшін
прокурорларға ауқымды және билікті өкілеттіктер беріледі.
Прокуратураның осы негізгі функциясы мен қатар заңмен басқада
функциялар жүктелген. Олар бастапқы және негізгі функциясын көркейте де,
күшейте де түседі. Олардың қатарына мыналар жатады:
1) қылмыстық қудалау функциясы;
2) заңнаманы насихаттау мен түсіндіру функциясы;
3) құқық қорғау органдарының қылмысқа құқық бұзушылыққа қарсы
күресу, үлестіру функциясы;
4) мемлекеттік статистиканы қалыптастыру функциясы;
5) норма шығармашылық функциясы;
6) сотта айыпты қолдау функциясы;
7) Конституция мен заңдарға қайшы келетін заңдар мен құқықтық
актілерге наразылық келтіру функциясы;
8) жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын санкциялау
функциясы.
Прокуратура құқық бұзушылықтарға жаза қолданбайды, оның қызметі
құқық бұзушылықты анықтауға, заң бұзушылықты қалпына келтіруге және кінәлі
адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Заңдылықты қадағалаудан басқа, прокуратура органдары қылмыстық
қудалауды іске асырады. Прокурордың осы функциялары өзара байланысты.
Қылмыстық қудалау функцияларын іске асыру, сондай-ақ қадағалау функциясының
мақсатына жету құралы ретінде қаралуы мүмкін, прокурордың қылмыстың
белгілерін анықтай отырып, қылмыстық істі қозғауы шын мәнінде, яғни
қадағалау функциясының білінуі. Прокурордың өкілеттілігі процесстің
сатысына және оны нақты іске асыратын функциясы шегіндегі атқаратын
бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Мемлекеттік айыптаушының функциясы және
оның барлық әрекеттері айыптауға байланысты болады, оларды прокурор толық
мөлшерде қолдауға немесе өзгертуге және айыптаудан тіпті бас тартуға
құқылы. Істі сотта қараған кезде, прокурор өзі мемлекеттік айыптаушы
функцияларын атқаратын қылмыстық процесс тарапынан сөйлейді.
Прокуратура органдарының бірлестіктері мен бөлімшелерінде
функцияларды, өкілеттіктерді тікелей бөлу, құрылым элементтері арасында
өзара қарым-қатынасты анықтау жүргізіледі. Cондықтан, функциялар,
өкілеттіктер, өзара қарым-қатынастардың негізгі мазмұны олардың өзара қарым-
қатынастары болып табылатын құрылым элементтерінің өзара байланыстарынан
тұрады. Прокуратура органдары қызметтері міндеттерінің күрделенуі,
мамандарды дамыту ұйымдасқан құрылымның функционалдық дамуын ескереді.
Функциональдық құрылымын құрайтын элементтерден басқа аудан және қала
прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс
прокурорлары, бөлімдщердің және басқармалардың аға прокурорлары, қызметтің
бір түрімен өзара байланысты және біріккен Қазақстан Республикасының Бас
прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, көмекшілері мен аға
көмекшілерінен тұрады.
Функциональдық құрылымнан басқа еңбекті көлденеңнен бөлу,
қызметтің белгілі түрі бойынша аса білікті шешімдерді шығаруға болады.
Ұйымдасқан құрылымға кіретін әрбір бөлімшелерді немесе органдарды, басшысы
басқарады. Бұл басшылар басқару құрылымындағы рөлмен және орындарға сәйкес
бір бағытты және функциональды болулары мүмкін.
Бір бағытты басшыларға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс
прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады.
Функциональдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға
көмекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокурорының
көмекшілері мен аға көмекшілері. Прокуратура органдарының басқару
құрылымына белгілі ерекшеліктерді басқарма (департамент) және бөлім
прокурорлары мен аға прокурорларының, Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы және облыс прокурорларының қызметтерін енгізеді. Бір
қарағанда, олар тек прокурорлық қадағалаудың белгілі бір саласы бойынша
ғана мамандар болып табылады және содан соң ғана олар еңбек етіп жатқан
бөлімшелер бастықтары тапсырған кейбір басқарма функцияларын орындайды.

Заңдардың дәл әрі біріңғай қолданылуына қадағалау прокурорлық
қадағалаудың бағыттарын сипаттай отырып, қадағалау пәнінің ерекше жан-
жақтылығын айта кету керек, осыған байланысты прокурорлық қадағалау
теориясы бұрын “жалпы қадағалау” деп аталды. Қадағалау саласының осы
пәніне нормативтік актілердің мазмұны бойынша айрықша әртүрлі аса көп
көлемі кіреді. Олардың көптілігі мен әртүрлілігі олардың барлық түрлерін
толық түрде топтастыруын немесе атап шығуға мүмкіндік туғызбайды.

Прокуратура туралы Заңда қадағалаудың осы бағытындағы объектілер
нақты түрде сипатталады. Олар:
1) министірліктер мен ведомствалар;
2) мемлекеттік комитеттер;
3) мемлекеттік қызметтер;
4) Қазақстан Республикасының атқарушы биліктің өзге де органдары;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің өкілетті органдары;
6) Қазақстан Республликасының биліктің жергілікті атқарушы органдары;
7) Жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
8) әскери басқару органдары;
9) бақылау органдары;
10) аталған органдардың лауазымды адамдары;
11) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басқару органдары;
12) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшылары болып
табылады.

Осы объектілер құрамының үнемі ауысып отыруын, олардың
қызметтерінің әртүрлілігі мен өзгешеліктерін тағы да айта кетудің
қажеттілігі жоқ. Прокурорлар қадағалаудың қаралып отырған бағыт пәндерінің
ерекше жан-жақтылығына байланысты практикада өте қысқа қосымша бағыттары
бөлек көрсетіледі (кіші салаларында):
― әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау;
― қаржы-банк саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау;
― жас өспірімдер туралы заңдардың қолданылуын қадағалау;
― құқық қорғау заңдарының қолданылуын қадағалау;
― ішкі экономикалық және тағы басқа қызмет заңдарының қолданылуын
қадағалау.
Аталған прокурорлық қадағалау бағыттарының аса ерекшелігі ол екі
нысанда іске асырылады. Прокуратура туралы Заңның 28-бабына сәйкес осы
бағыттағы прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасы Конституциясы мен
заңдарының қолданылуын сақтаумен ғана емес, сондай-ақ осы бапта аталған
қадағалау объектілері шығарған құқықтық актілер заңына сәйкес іске
асырылады.
Прокурорлардың құқықтары мен міндеттерін белгілей отырып, құқықтық
актілердің, заңдылығын қадағалауды іске асырады. Прокуратура туралы Заң
құқықтық актілерге сәйкес келуге тиісті заңдарды не осы актілердің түрлерін
нақтыламайды. Осы актілер прокуратура туралы Заңның осы 28-бабында аталған
заңдар орындаушы объектілермен шығарылатыны анықталады. Бұдан басқа
заңдылықты тексеруге, тек құқықтық актілер, яғни құқықтық (заңды)
қатынастарды тудыратын, қысқартатын немесе өзгертетін актілер жататынын
айта кету керек.
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қадағалау. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың,
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және министірліктердің,
ведомствалардың, мемлекеттік комитеттердің, қызметтердің және атқарушы
биліктің өзге орталық органдардың, өкілетті (заңды) және жергілікті
атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың, әскери
басқару органдардың, бақылаушы органдардың олардың лауазымды адамдарының,
басқару органдары мен нысанына қарамастан коммерциялық және коммерциялық
емес ұйымдар басшыларының өзге де нормативтік актілердің дәл және біріңғай
қолданылуын қадағалауды іске асырады. Прокурорлық қадағалаудың осы
бағыттарының өзгешелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына
байланысты құқықтық саласында анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың осы бағытты пәніне азаматтар мен
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін саласында біріккен заң
актілерінің ең көп бөлігін орындаулар жатады. Осы нормативтік актілерді жұз
мыңдаған ұйымдар, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, комерциялық және
коммерциялық емес ұйымдардың басшылары орындамаса да, мыңға жұығы
орындайды.
Прокурорлық қадағалаудың осы бағытын сипаттай отырып, Қазақстан
Республикасындағы азаматтар және адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау саласында мемлекеттік саясатты жұзеге асыру жолдарының маңызды
көрінісі ретіндегі бастамашылығын атап өту керек.
Жедел-іздестіру қызметін қадағалау пәні жедел-іздестіру қызметін
іске асыру барысында азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
сақтау, жедел-іздестіру іс шараларын өткізу, сондай-ақ актілердің
заңдылығы, органдар және жедел-іздестіру қызметін іске асыруға құқылы
лауазымды адамдардың қызметтері болып табылады.
Прокуратура туралы заңға сәйкес жедел іс-шараларын өткізуге
санкция береді. Тергеу және анықтау заңдылығын анықтау, Заңның 38-бабында
белгіленген осы бағыттағы пркурордың өкілеттігіне сәйкес прокурор:
― анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді,
жасалған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің
барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алады;
― жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен
хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын
тексереді;
― қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция береді;
― қажет болған жағдайларда қылмыстық іс қозғайды, қылмыстық істерге
тергеу жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар береді;
― тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз қаулыларының
күшін жояды;
― егер анықтама мен тергеу барысында процесске қатысушылар мен
басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне
жол берілсе, кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қояды;
― тергеу мен анықтама толық болмаған сондай-ақ тергеу мен анықтама
барысында заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда,
қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемінде не
нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;
― анықтама мен тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істерді
түптеп қарау үшін сотқа жібереді.
Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдармен қолданылуын
қадағалау осы бағыт жедел-іздестіру қызметін және анықтау мен алдын ала
тергеуді іске асыратын, осы қызметтің өзгешелігімен және ол реттейтін
заңдардың кешенімен органдардың әрбір азамат және аталған қызметтің түрлері
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайды. Сондықтан олар нақты
түрде қылмыстық іс жүргізу және өзгеде заңдар мен реттіледі. Осы заңды бұзу
азаматтар үшін ауыр, кей кезде тұзелмейтін зардапқа әкеп соқтырады, орнын
толтырылмайтын шығын келтірілуі мүмкін. Міне, сондықтан мемлекет
“Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасы заңына оның ерекше маңыздылығын
көрсете отырып, қадағалаудың дербес бағытында аталған органдарда заңдардың
орындалуын қадағалау жөніндегі прокурорлардың қызметін бекітуді қажет деп
тапты.
Прокурорлық қадағалаудың осы бағытты азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын ғана емес, сондай-ақ мемлекет мүддесін қамтамасыз етуге
арналған. Мемлекет мүддесіне тікелей қол сұғылатын қылмыс жасалған кезде
прокурор заңдардың орындалуын қадағалауды іске асырады, жедел-іздестіру
қызметін, анықтау және алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдардан
қылмыстарды уақытылы және толық анықтауды және тергеуді, келтірілген зиян
көлемін анықтауды және оны өтеу үшін шаралар қлдануды және тағы басқаны
талап етеді. Осыдан шыға отырып, ол мемлекет мүддесін қорғайды.
Қылмысқа қарсы күрес және басқада құқық бұзушылықтар жөніндегі
құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру осы бағытта елдегі қылмыстың
тез өсуіне және онымен күресті күшейту қажеттілігіне тікелей байланысты.
Прокуратура органы басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қазіргі
динамиканы, қылмыстың жай-күйі мен себептерін, зерделейді, қылмыстың алдын
алу және ашу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және өткізеді. Құқық қорғау
органдары, олардың қатарына жататын ішкі істер органдары, прокуратура, сот
және әділет органдарының алдарына қылмысқа қарсы күрес және оларды
тудыратын себептерді жою туралы өте маңызды және жауапты міндеттер тұр.
Әрбір қылмысты тез және толық ашуда қамтамасыз ету үшін жасаған қылмысы
үшін бұлтартпауды қамтамасыз ете отырып, әрбір қылмысқа толық, объективті,
жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ заң талаптары және қылмыстық іс жүргізу
құқығының нормалары сақталуға тиіс, барлық құқық қорғау органдарымен
келісілген, үйлестірілген жұмыстар жүргізілуі керек. Дәл осындай қызмет
түрін іске асыру жалпы мемлекеттік міндет болып табылады.
Құқық қорғау органдары қызметінің үйлестірілуі олардың
жұмыстарындағы паралельдікті және алалықты жоюға, кез келген құқық
бұзушылыққа қарсы күрестің біртұтас майданын құруға, тәрбиелеу, мәжбүрлеу
және жазалау құралдарымен нандыру әдістерінің үйлесімдігін дұрыс табуға
мүмкіндік туғызады. Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру қызметі
болып жатқан процесстерді терең және жан-жақты бағалауға, жалпы жағымсыз
бағыттарды, бірінші кезекте көңіл аударылатын және күш салуды талап ететін
мәселелерді, бағалауды және жорықтарды жасауға, келісілген шараларды жедел
іске асыруға мүмкіндік береді. Үйлестірудің маңызы бәрінен бұрын тұрақты,
уақтылы ақпараттардың, пікірлермен білікті алмасулардың, қылмысқа қарсы
күресті ұйымдастырудың аса маңызды мәселелерін бірлесе отырып талдаудан,
әсіресе өзара келісілген шараларды ұйымдасқан түрде жасау және қабылданған
шешімдерді орындалуына бақылау жасаудан тұрады. Қылмысқа қарсы күресте
құқық қорғау органдары қызметтерінің тиімділігін ұлттық, сондай-ақ аймақ
аралық оның ішінде трансұлтық деңгейде көтеруге олардың іс-әрекеттерін
нақты түрде үйлестіруге көмектеседі.
Заңдарды жетілдіруге прокурорлардың қатысуы. Қазақстан
Республикасының Конституциясына ешқандай заңға қайшы келмейтіндіктен,
“Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан
Республикасының Бас прокурорының заң шығарушы бастамасы өз бейнесін тапқан
жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуроры қолданылатын
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қажеттілігін белгілеу кезінде өз
уәкілеттігін іске асыру барысында заң шығарушы бастамасының құқығына ие
бола отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне заңдарды және өзге де
нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, бұзу және қабылдау
туралы ұсыныстар енгізуге құқықты.
Бас прокурорға берілген заң шығарушы бастамасының құқығы оның
заңдардың қолданылуына дәл және біріңғай жоғары қадағалауды іске асырумен
байланысты, ол басқа мемлекеттік органдар мен адамдарға қарағанда сол және
өзге заңдардың өзектілігі және тиімділігі туралы аса біліктілікпен талдай
алады. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік-мәдени
құрылыс салаларының көбісі құқықтық реформаны іске асыру жағдайында
өздерінің заң шығарушы реттеушіліктерін алған жоқ. Заңның бұл ақтаңдықтары
орындалуға тиіс. Бұл көбінесе қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңдарының,
коммерциялық, кәсіпкерлік құқықтардың мәселелеріне қатысты. Жауаптылықтары
қылмыстық заңда анықталған қылмыстың жаңа құрамдары пайда бола бастады,
және керісінше қылмыстық құрамдардың аз көлемі қылмыстық кодекстен алып
тастауға жатады. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша
заң шығарушы бастамасы тәртібімен енгізілген осы мәселелердің көбісі өзінің
дұрыс шешімін табар еді.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалаудың мәні
прокурордың сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де
шаралардың атқарылуы кезінде алдын ала қамауға алу, түзеу-еңбек және
мекемелерінде ұсталғандарды қамауда ұстау орындарындағы заңдықты тексеру
болып табылады. Осы саладағы прокурордың өкілеттілігі көп жағынан жалпы
қадағалау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерге ұқсас. Прокурор қадағалауға
алынған мекемелерде кез келген уақытта болуға, онда қамауда отырған
адамдардан жауап алуға, баррлық қужаттар мен материалдармен танысуға,
заңға, бұйрықтарға және үкімдерге сәйкес бас бостандығынан айыру
орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қолданылған заңсыз тәртіптік
шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан босатады.
Егер прокурор бас бостандығынан айыру орындарында адамдар заңсыз негізде
отырғанын анықтаса, онда өзінің қаулысымен оны қамаудан дереу босатады.
Құқықтық статистика функцияларын прокуратура органдарына беруді
заң шығарушы “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 4-
бабының 6-тармағындағы прокуратура органы статистикалық көрсеткіштердің
тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, құқықтық статистика
саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады деп толықтырып
белгіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының құзіреті шегінде құқықтық статистиканы және арнайы есепке
алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттілігін
жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мынадай
функцияларды:
1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады;
2) құқықтық статистика ақпаратын жинақтау, жүргізу және өңдеу;
3) жедел және ведомствалық есепке алуды қоспағанда, арнайы есеп

жүргізу;
4) құқықтық статистика мәселелері бойынша статисткалық байқаулар
жүргізу;
5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында Қазақстан
Республикасы Заңнамасын бұрмалаушылықтарды анықтап, жоюға бағытталған
кешенді бақылау шараларын қамтамасыз ету.
6) жедел және ведомствалық есепке алуды қоспағанда, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру;
7) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген өзге де
функцияларды орындайды. [ 17 С. 104 ]

§ 2.2 Прокуратура жүзеге асыратын қылмыстық қудалау.

Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық іс
жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды іске
асырады. Осы уақытта прокуратурадан қадағалау қызметін алып, қылмыстық
қудалау қызметін қалдыру керек деген пікірлер бар. Бірақ профессор
О.П.Темушкин “ол тек алып қызметтен қадағалау алынып қаралғанда ғана, ол
толық қылмыстық қудалау қызметі болады. Қарама-қарсы жағдайда ол екі
ортада қалып жоққа шығарылады” деп санайды [ 18 С.44 ]
Прокуратура туралы Заңның 46-бабында қылмыстық қудалау жөніндегі
прокурордың өкілеттігі көзделген. Қылмыстық қудалауды іске асыра отырып,
прокурор:
1) оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға,
сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-
әрекеттер жасауға;
2) қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат
беруден бас тартуға;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдары қызметі жайында
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының прокуратурсы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Пәндер