Реза Шах



Реза Шахатың саяси іс.әрекеттері
Реза Шахқа қарсы әрекеттер
Реза Шахтың экономикалық істері Мемлекеттік темір жол құрылысы.
Реза Шахтың сырқы саясаты.
Сад Абад келісімі.
31 қарашада мәжіліс отырысы аяқталған соң 12рет зеңбірек атылып, маңызды оқиға жария етілді. артынша Тәһмасебижәне Иәздан Пана мырзалар Қажар патшалығының тақ мұрагері Мұхаммед Хасан мырзаны елден шығаруға тапсырма алды. Тарихи деректерге қарағанда олар өз міндеттерін аса қаталдықпен орындаған. Тақ мұрагері әскери киімін шешіп, ақшасының жоқтығын айтып, өз үлесіне тиісті үкметтен алатынын сұрағанда оған 5000түмен ( Иран ақшасының өлшем бірлігі) ұстатылып, мұның өзі Хазіреттің Мұхаммед Хасан рақымы деп айтылған. Мұрагерді түнгі сағат 21- де машинаға отырғызып шығарып салған.
жеткізген соң, бұрынғыша әскери күштерінің қүатын Резан Шахатың саяси іс-әрекеттері. Реза шах таққа қол арттыруға кірісіп, диктаторлық жүйені қайта орнатты. Заң шығарушы, заң қорғаушы, орындаушы үкіметтармақтары хатта бола тұра, іс жүзінде олардың тізгінің түгелдей өз қолына алды. Жаңа Шах жүз мыңдық армияны құрып, құрамында 50 не 60 мыңға жуық адамы бар жандармерия күштерін армия штатының құрамына енгізді. Үлкен қалаларды армияның әскери тобы күзетке алды да, жандармерия қаладан тыс аймақтарға бақылау жүргізді. Сөйтіп қарсы топтар бас көтеру мүмкіндіктерінен толықтай айырылды. Қала полициясы да жеке адамдар мен партиялардың іс- қимылын жіті бақылап, бұқара көзқарасын біліп отыруға міндеттеме алды. Бұл жұмыс кейінірек қауіпсіздік комитетіне ( САВАК) тапсырылды.
Реза Шахтың патшалық саяси құрылымының өткен дәуірдегі дәстүлі саяси құрылымнан өзіндік ерекшеліктері болды. Бұрынғы патшалар рулық, тайпалық қарулы күштерге арқа сүйесе, жаңа Шах билік тірегін әскер қуатына сүйеп, бюракратизмнің жаңа түріне жол беріп, оны сарай арқылы қорғап отырды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
РЕЗА ШАХ

31 қарашада мәжіліс отырысы аяқталған соң 12рет зеңбірек атылып,
маңызды оқиға жария етілді. артынша Тәһмасебижәне Иәздан Пана
мырзалар Қажар патшалығының тақ мұрагері Мұхаммед Хасан мырзаны
елден шығаруға тапсырма алды. Тарихи деректерге қарағанда олар өз
міндеттерін аса қаталдықпен орындаған. Тақ мұрагері әскери киімін
шешіп, ақшасының жоқтығын айтып, өз үлесіне тиісті үкметтен алатынын
сұрағанда оған 5000түмен ( Иран ақшасының өлшем бірлігі) ұстатылып,
мұның өзі Хазіреттің Мұхаммед Хасан рақымы деп айтылған. Мұрагерді
түнгі сағат 21- де машинаға отырғызып шығарып салған.
жеткізген соң, бұрынғыша әскери күштерінің қүатын Резан Шахатың
саяси іс-әрекеттері. Реза шах таққа қол арттыруға кірісіп,
диктаторлық жүйені қайта орнатты. Заң шығарушы, заң қорғаушы,
орындаушы үкіметтармақтары хатта бола тұра, іс жүзінде олардың
тізгінің түгелдей өз қолына алды. Жаңа Шах жүз мыңдық армияны құрып,
құрамында 50 не 60 мыңға жуық адамы бар жандармерия күштерін армия
штатының құрамына енгізді. Үлкен қалаларды армияның әскери тобы
күзетке алды да, жандармерия қаладан тыс аймақтарға бақылау
жүргізді. Сөйтіп қарсы топтар бас көтеру мүмкіндіктерінен толықтай
айырылды. Қала полициясы да жеке адамдар мен партиялардың іс-
қимылын жіті бақылап, бұқара көзқарасын біліп отыруға міндеттеме
алды. Бұл жұмыс кейінірек қауіпсіздік комитетіне ( САВАК) тапсырылды.
Реза Шахтың патшалық саяси құрылымының өткен дәуірдегі дәстүлі
саяси құрылымнан өзіндік ерекшеліктері болды. Бұрынғы патшалар
рулық, тайпалық қарулы күштерге арқа сүйесе, жаңа Шах билік
тірегін әскер қуатына сүйеп, бюракратизмнің жаңа түріне жол беріп,
оны сарай арқылы қорғап отырды.
Реза Шахтың жаң құрылымның әлемнің саяси құрылымымен, оның
ішінде батыспен салыстырғанда әлсіз тұстары көп болды. Жәбірлеу,
күштеу бұл жүйеде көзге көбірек түсті.
Реза Шах мәртебелі отбасылардың бір тобын өзіне тартса,
екінші бір тобын қуғынға ұшыратты. Олардың арасына осылайша жік
салды. Қажар шахзадаларының бірінің қызына үйленіп, ақсүйектермен
байланысқан соң, олардың кейбірін әкімшіліктен шеттетіп өздеріне
тиесілі жер мүліктерін арзан бағаға сатуға мәжбүр етті. Олардың
басым көпшілігінің еркіндігін айырып, барлық шен шекпенін алып
тастады. Оның мұндай қатаң шараларының салдарынан Мұхаммед Уәлихан
Тонкабони сынды (ұлы қолбасшы) азаматар салық тексерушінің өктем
мінезіне төзе алмай, өзне қол салудан басқа шарасы қалмады. Кәвам-
әл Сәлтәне Еуропаға қашуға мәжбүр болса, доктор Мұхаммед Мұсаддық
(ұлы қайраткер) Ахмедабадқа жер аударылды.

Ренза Шахқа қарсы әрекеттер. Реза ханға қарсы әрекеттер
негізінен екі жақтан: біріншісі шииттердің діни қайраткерлерінің
тарапынан, екішісі рулар мен тайпалар тарапынан жасалды.
Шиит діни қайраткерлерідіни ағарту орталықтарында жүйелі түрде
ұйымдасып келді. Сондықтан Реза ханнан бұрынғы мемлекеттің саяси,
экономикалық, қоғамдық істерінебелсене араласты. Сол себептен Иранда
патша құрылмастан шииттердің ұйымдық, діни орталықтарында саяси
жұмыстар атқарылатын. Реза шах та Қажар әулиеттері сияқты
шииттердің сенімдеріне ие бола алмады. Ол батыс заңдарын біртіндеп
щариғат заңдарының орнына қойып, шииттік сенімдердіәлсірете түсу
үшін айтарлықтай күш жұмсады. Оның бұрығымен діни ағымдар барынша
қудаланды. Сот жүйесінің реттеліп, халық ағарту істерінің жүйеленуі
діни күштің әлсіреуіне негіз болды.
Діни топтың ішінде Реза Шахқа қарсы ең күшті оппозицияСеид
Хсан Мүддерес еді. Ол бесінші мәжілістің отырысында патшалық билікке
қарсылық білдіріп, коституциялық бапты өзгертуге қатысты ұсынысты
қолдамай, мәжіліс залын тастап шығып кеткен еді. Кейінгі алтыншы
мәжілісте де қарсылық пікірін жалғастырды. Мәжілістің кезекті
жетінші сайлауында оның атына бірде бір дауыс оқылмады. Соған орай
Мүддерес : Егер бүкіл Теһран тұрғындары маған дауыс бермеген деп
сене қойсақ та, менің өзіме берген дауысым бір дауыс болып оқылуы
керек еді. Ал, ол неге оқылмады?– деп сұраған еді. Реза Шах
Мүддереске саясаттан аулақ жүруді ұсынды, бірақ ол қабылдамады.
Ымыраға келмеген Мүддересті 1928 жылы 8 қазанда тұтқындады. Сол
түні Теһраннан Хорасандағы Меһди Абад ауылына апарып, кейін Хәвафға
ауыстырды. Ол он жылға созылған қуғыннан соң 1938 жылы қаза
тапты.
Ру- тайпалардың қарсылық әрекетерінен күшеюіне байланысты Реза
шахта Мұстафа Кемал сияқты күш қолдану саясатын ұстанды. Күрдістан
және парсы аймақтарында кескілескен шайқастар жүргізді. Күрдтер
берілгеннен кейін басшыларына кешірім жасайтын болып уәде
бергендігіне қарамастан оларды қатаң жазалады. Алайда ру-тайпалардың
наразылығын одан ары ұлғая түсті.
Реза Шах дәуірінде өлтірілген атақты күрд басшылардың бірі
Ысмайыл аға шаккак тайпасынан еді.
Реза Шахтың экономикалық істері Мемлекеттік темір жол құрылысы.
Ағылшындар бірінші дүние жүзілік соғыс пен Бейн-олнәһрейіндегі
жеңістен соң Бағдад пен Бәсре темір жолын Теһранға дейін жеткізіп,
одан әрі Каспий теңізінің оңтүстік шығыс жағалауына апармақ болды.
Ахмед шах бұл ұсынысқа ашық қарсы болды. Ол темір жолды
Заһеданнан Исфаһан, Теһранға, одан ары Арак, Керманшаһқа жалғастыру
Иранға әлде қайда тиімді болады деп санады. Бұл жоба орындалған
жағдайда Ираның шығысы мен батыссы темір жол арқылы байланысатын
еді.
Реза хан премьер- министр қызметін атқарып жүргенде 1925 жылы
30 мамырда темір жол құрылысын салу шығындары мемлекеттке импорт
арқылы келетін, не ішкі өнімнен алынатын әр үш кило қант, шекер,
шайдан екі риял алынатын салықтан өтелінетін болсын деген заң
жобасы мәжілісте бекітілді. Темір жол шығындары осылайша қамтамасыз
етілді. 1926 жылы 23 ақпанда Ұлтық кеңес Мәжілісінің отырысында
Хурмұса, Бәндәр Моһмәре, Бәндәргәз аралығында темір жол құрылысын
салу туралы заң қабылданды. Милспудың айтуымен темір жол жобасын
дайындауға американдық жобалаушы-инженер жұмысқа тартылды. Бәндәргәз-
Теһран арасындағы темір жол линиясы анықталған соң, 1926 жылы 15
қазанда Теһранның Мұхаммедие қақпасында Реза Шах құрылыстың
басталуына арналған салтанатты рәсімді ашты.
1937 жылы 19 ақпанда Реза Шах темір жол вокзалының
құрылысының басталуына келіп, ірге тасын қалаған еді. Енді бірінші
жолаушы поезын қарсы алу салтанатына қатысуға Теһран вокзалына
келді.
Ұлттық банк. Ұлттық банк құру туралы мәшруте қозғалысы
басталғанда сөз болып, бішама ақшада жиналады, бірақ аяқсыз қалған
еді. Аталмыш шаруа Реза Шах заманында іске асып, алғашқы Агробанк
те қүрылды. Ұлттық банк мемлекеттің негізі қазына қорына айналды.
Елді құлдыраудан алып қалып, экспорт, импорт істерін реттеуде
маңызды жұмыстар атқарды.
1927қазан айында Мәжіліске Ұлттық банкті құру жөніндегі
үкметтің заң жобасы ұсынылып, 1928 жылы 4мамырда бекітілді. 1929
жылы 13 мамырда Реза Шах банктің ашылу рәсіміне қатысты.
Цемент зауыты. Темір жол мен басқа да ірі құрылыстарды
цементпен қамтамасыз ету мақсатымен, 1932 жылы қыркүйек айында Иран
өзінің тұңғыш цем ент зауытын салуға кірісті. Оған қажетті құрал-
жабдықтар Дания, Швециядан әкелініп, құрылысын жүргізі немістерге
тапсырылды. 1933 жылы 29 желтоқсанда Рей қаласының маңындағы Чешме
Әли мекенінде құрастырылған зауыттың ашылу рәсімі жасалып, іске
қосылды. Бастапқы өнімі күніне 100 тоннна болса, кейін өз қуатын
үнемі арттырып отырды.
Қант зауыты. Теһранда Мохбер- ол Сәлтәне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Иранның сыртқы саясаты
50-70 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар
Иранға АҚШ президенті
Иран Ислам Республикасы— Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет
Иран
Иран - діни мемлекет
Иран Ислам Республикасы туралы
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
Пәндер