Қазақстанның халықаралық экономикада қатысуы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСУЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі
1.2 Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі
1.3 Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының
болашағы
1.4 Қазақстан және ТМД.ның экономикалық қатынастарының
болашағмен мақсаттары

2.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАДА ҚАТЫСУЫ
2.1 Халықаралық валюта.қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі
Қазақстанның орыны
2.2 Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы
қызметі
2.3 Орталық Азия Экономикалық кеңістігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономика-лардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үлгін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зшшды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». «Егемен Қазақстан», 16 мамыр, 1992 ж.
2. Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық одақ туралы» Казахстанская Правда 20.10.1999.
3. Послание Президента страны к народу Казахстана. Стратегия "Казахстан-2030".
4. Елемесов Р.Е. «Халықаралық қатынастар» Алматы 2000.
5. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., - Киров: АСА, 2002г.
6. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998.
7. Таналинов А. «Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі» Алматы 2002
8. «Саясат» журналы #3 2001 жылы
9. «Саясат» журналы #4 2001 жылы
10. «Саясат» журналы #5 2001 жылы
11. «Континент», № 19. 23.10.2001 г.
12. «Континент», № 6. 29.03.2001 Г.
13. Азия – экономика и жизнь /1998 г. №27 (155)
14. Аль-Пари /98г. № 3
15. Вестник КазГУ. Серия экономическая /2002, №4(16)
16. Вестник КазГУ. Серия экономическая /2001, №9

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ жӘне одағы Қазақстанның
қатысуы МЕН РӨЛІ
1.1 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі
1.2 Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі
1.3 Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының
болашағы
1.4 Қазақстан және Тмд-ның экономикалық қатынастарының
болашағмен мақсаттары

2-тарау. Қазақстанның ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАда қатысуы
2.1 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫНЫ
2.2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
қызметі
2.3 Орталық Азия Экономикалық кеңістігі

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай
ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі
қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы
екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын
терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан,
ұлттық экономика-лардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық
құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами
бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан
жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы
процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі
жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты
көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып,
интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа,
тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің
диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған
"капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды
антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты,
экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем.
Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үлгін сыртқы экономикалық
байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық
экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық
байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында
халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды
жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың
қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту
қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық
жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-
қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине,
мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен
тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне,
экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық
себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық
қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың
ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы.
Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б.
аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін
жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын
алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың
заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті
кейбір сәттерде зшшды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік
әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды
күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен
міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін,
дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде
жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.
. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ жӘне одағы Қазақстанның
қатысуы МЕН РӨЛІ

Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да
көптеген халықаралық ұйымдарға муше болуы ел экономикасын халықаралық сауда
қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
1. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің
қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент
болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
2. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша
турақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы
өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен
салыстырғанда—100,1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі — 100,2
процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде туңғыш рет Қазақстанда өндірістің
құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
3. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі
154,5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға
жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі
өзгерістер қажеттігі туындап отыр.
Солардың іпгінде:
- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық
байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын
бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды
заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына
алуға, меншіктіңәртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның
лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол
жеткізуіне мүмкіндік береді;
- Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен
ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде
талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу
бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын
тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар
жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып,
экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар
саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына
сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталаған
технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан
интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды
пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын,
жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл
қолға алу міндеттері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық
потенциалын ұлғайтын қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де
қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы кушінің салыстырмалы
арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және
тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік
деңгейі жоғары екендігі түсінікті.
Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән
ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет.
Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа
технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі
Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағыттындағы іс-
қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер,
атап айтсақ АҚШ “Таргетинг" дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа
индустриалды елдер") қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.
Таргетинг - экспорттық потенциалды, негізінен бір мақсатты ғана көздеп,
өсіре беру.
1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялык, комитетте Беларусьтің,
Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы
кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен
БСҰ-ға муше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын
талқылады. Бул форумның мақсаты БСҮ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер
жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді Халықаралық сауда уйымы
қызметінің жумыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып
отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды
талдады.
1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері
делегацияларының БСҮ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары,
олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.
“Төрттік" елдердің БСҮ-ға қосылу туралы қужаттарды дербес жасайтыны
және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың
БСҮ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан узақ
уақытқа созылатыны айтылды.
Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде
халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын
соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі

Халықаралық еңбек бөлінісінде шаруашылық қызметгің көптеген сфералары
қатысады. Соның ішінде ең алдымен шикізат пен дайын өнімдер өндірісін атап
айту керек. Себебі, булар халықаралық сауданың негізін қалайды, сөйтіп
дамушы және басқа елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуып
қамтамасыз етеді. Дамушы елдер үшін, әсіресе, олардың ең кедей топтары үшін
бул қаржы-валюталық табыстың сенімді көзі. Дегенмен, өнеркәсібі дамыған
елдер экономикасында материал және энергия сыйымдылығының төмендеуіне
байланысты халықаралық саудадағы табиғи ресурстардың ролі кему үстінде.
Мысалы, 90-жылдардың басында табиғи шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы
үлесі 25% болды. Сонымен қатар дамушы елдердің өздерінің арасында да
дәстүрлі тауарлар улесінің арасалмағы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап
жатыр. Айталық, 70-90 - жылдары дамушы елдердің жалпы экспорты көлемінде
Африка елдерінің үлесі азайды. Олардың үлесі екі еседен артық,
17%-тен 8%-ке дейін кеміп кетті. Керісінше, азиялық елдердің үлесі
үнемі арту үстінде. Шикізатты экспорттаушы-дамушы елдер қазірдің өзінде
дүниежүзілік рыноктағы позицияларын тұрақтандыру үшін қосымша экспорттық
мумкіндіктерді шуғыл іздестіруде. Бұл орайдағы басты бағыт экспортты
диверсификациялау болып отыр. Экспортты диверсификация-лаудың мәні шетке
шығарылатын шикізатты барынша өңдеу, ұқсату, сөйтіп дүниежүзілік рынокқа
өнеркәсіп өнімдерінің жаңа түрлерін ұсыну.
Көптеген проблемаларға қарамастан дәстүрлі тауарлар экспортын кеңейту
ісінде дамушы елдердің дүниежүзілік рыноктағы үлесі бірте-бірте және
үздіксіз артып келеді. Мысалы, 1992 жылы дәстүрлі тауарлар экспорты 1987
жылмен салыстырғанда 2,7%-ке өсті. Ал, 1993 жылы экспорт көлемінің тағы да
10%-ке өскені белгілі болды.
Соңғы жылдары дамушы елдерде жиынтық экспорттың құрылымын қайта қарау
процесі жүріп жатыр. Айталық, 90-жылдардың бас кезінде дамушы елдердің
экспортындағы өнеркәсіп өнімдерінің (түсті металдарды қосқанда) үлесі 57,7-
ке жетті. Бұл үлес тұрақты түрде өсіп келеді. 90-жылдардың ортасында
дүниежүзілік экспорттағы олардың үлесі 25%-тен асты. Өнеркәсіп өнімдері
экспортында машиналар мен жабдықтар экспортының маңызды рөл атқаратыны
белгілі. Соңғы 20 жылда олардың экспорттағы үлесі 90 есеге дейін артты.
Дамушы елдердің жалпы көрсеткіштерінің сыртында жекелеген
мемлекеттердің экспорттык, мүмкіндіктері жасырын қалмас үшін кейбір
мәліметтерді келтірейік. 1980-92 жылдары Иран, Конго, Лаос, Боливия,
Парагвай сияқты елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі үлесі шикізатты
шетке шығару арқылы өсті. Басқа бір елдер дүниежүзілік экспорттағы өз
үлестерін ұқсатушы өнеркәсіп өнімдерін қарқынды түрде шетке шығару
нәтилсесінде арттырып отыр. Осы топтағы елдердің жетістіктерінің өзі әр
қилы. Айталық, алғы шепте “жаңа индустриалды елдер" келе жатса, басқалары
өздерінің экспорттық мүмкіндіктері көлемін біршама төмендетіп жіберді.
Ондай елдердің қатарына, мысалы, Африкадағы ең ірі мемлекет Нигерия жатады.
Бұл ел дүниежүзілік экспорттағы өз үлесінің кемуіне жол берді.
Дүниежүзілік экономикадағы дамушы елдердің жалпы сипаттамасына қарасақ,
онда ең нашар дамушы елдер халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінен
бірте-бірте ығыстырылатын жағдайға душар болуы әбден мүмкін.
Мұндай қорытындыға сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
конференциясының (ЮНКТАД) 1996 жылғы баяндамасының авторлары келген.
Олардың пікірінше Букіл дүниежүзілік Сауда Ұйымының (БСҮ) Уругвай раунды
шеңберінде қабылданған әлемдік сауда пакті бойынша ауыл шаруашылығы
өшмдерін экспорттау үшін берілетін субсидиялар (жәрдем ақша) қысқарады. Бұл
шешім нашар дамушы елдер үшін күшті соққы. Себебі, астықтың, қанттың, еттің
т. б. азық-түліктің өзіндік құны жоғарылайды да соған сәйкес ең кедей
елдердің жыл сайынғы сауда дефициті (тапшылығы) 2000 жылға қарай 300—600
млрд. долларға өседі деген болжам бар.
Дүниежүзілік саудадағы шикізат пен азық-түлік үлесінің азаюы оларды
өндіруге маманданудың ролін біраз кемітіп тастады. Экономикалық өсудің
шикізаттық бағытты ендігі уақытта тек көмекші роль атқаратын болады.
Сондықтан, дамушы елдердің экономикалық өсуіне қажетгі қарқын беру үшін
еңбекті көп қажет ететін қарапайым тауарлар өндірісін және оның рыногын
игеруге тура келіп тұр.
Халықаралық сауданың даму тенденциясы соңғы онжылдықта әртүрлі қызмет
көрсетулер рыногының маңызы мен көлемінің өте жедел өсіп келе жатқанын
көрсетеді. Дамушы елдер бұл саладағы өз мүмкіндіктерін толық пайдалануы
қажет, ал қайсыбірі бұл мәселені мықтап қолға алды да. Мысалы, туризмді
жандандыру, жұмысшы күшін жалақысы төмен “лас" жұмыстарды істеу үшін
экспорттау т. с. с.
Көптеген дамушы елдер үшін туризм шетелдік валютаны келтіретін негізгі
арнаға айналып отыр. Египетте туризмнен түсетін валюта өз көлемі бойынша
бұл елдің шетелдерде жұмыс істейтін адамдарының ақша аударуы мен шетелдік
көмек арқылы келетін қаражаттардан кейінгі үшінші орында тұр. Соңғы жылдары
шетелдік туризм Түркияда да ерекше қарқын алып, жедел дамуда. Егер, соңғы
жылдары дүниежүзілік туристік алмасулар 4%-ке артса, Түркияда бұл көрсеткіш
8%-ке көбейді. Ұлттық экономиканың туристік секторы жедел дамып келе жатқан
дүние жүзіндегі 5 елдің бірі — Түркия.
Жұмысшы күшін экспорттаудан келетін валюталық тусімдер бойынша ең
жоғары қарқын (жылына 10%) дамушы елдердің үлесінде. Жыл сайын табыстың осы
көзінен мол пайда тауып отырған көптеген дамушы елдер еңбек ресурстарын
экспорттауға әбден машықтанып алды. 80-жылдардың басынан бері жұмысшы күшін
экспорттаудың ұлттық экономикаға келтіретін пайдасы бойынша Пакистан
бірінші орында келеді. Пакистан жұмысшыларының шетелден аударатын
валюталарының сомасы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін экспорттаудан
түсетін валютадан 5 есе артық. Египетте бұл көрсеткіш - 40%, Мароккада -
50%, Түркияда - 60%, Үндістанда - 8 0%.
Кедейлік құрсауынан шығуға ұмтылыс дамушы елдерді экономиканың жоғары
технологиялық салаларын дамытута ынталандыруда. Ол үшін қолайлы
инвестициялық ахуал мен қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру және арнайы
экономикалық аймақтар құру мәселелері дамушы елдердің күн тәртібінде тур.
Дамушы елдердің бұл бағыттағы шаралары өздерінің алғашқы жемістерін де бере
бастады.

Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының
болашағы

Ұлттық экономика дамуының, оны реформалаудың кезек күттірмес мәселелері
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын мейлінше күшейтуді талап
етеді. Бұл байланыстар халык,аралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын
пайдалануға жетелейді.
Қазақстанның экономикалық мүлделерінің күрделілігі және көптүрлілігі
дүниежүзілік қоғамдастықтың даму дәрежесі әр деңгейлі елдерімен
экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруды талап етеді. Дүниежүзілік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрбір елдің халықаралық еңбек бөлінісіне
нақты қатысу мүмкіндігі оның экономикасының экспортқа бейімділігімен
анықталады.
Елдің экспортқа бейімділігі салыстырмалы артықшылықтары бар өндірістер
мен құрылымдарды мейлінше жандандырып, дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды.
Ал, мұның өзі өз кезегінде елдің экономикалық ресурстарын толық және тиімді
пайдалануға жол ашады.
Қазақстан мен дамушы елдер экономикаларының бірін-бірі толықтыру
мүмкіндіктері жеткілікті. Оларға қойылатын дүниежүзілік рынок талаптарының
ұқсастығы, өзара мүдделілік т. б. дамушы елдермен сауда-экономикалық
қатынастарды көптеген позициялар бойынша өрістетуге ынталандырады.
Мамандардың айтуынша дамушы елдердің рыногы Қазақстан экономикасына
қажетті құрылымдық өзгерістер мен экспортты диверсификациялауды жүзеге
асыру үшін мейлінше қолайлы. Жалпы, Қазақстанның сыртқы экономикалық
байланыстарын кеңейтудің негізгі екі жолы бар. Біріншісі, отандық тауарлар
құрылымын жетілдіру, екіншісі сыртқы сауда операцияларының географиялық
ауқымын кеңейту. Аталған бағыттар өзара байланысты.
Қазақстан экспортын дамыту жөнінде сөз болғанда, ең алдымен елдің
шикізат ресурстарын экспорттаудың ұтымды бағыттарын қарастыру қажет. Ел
экономикасының мүдделеріне сай сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды
қалыптастыру үшін объективті мүмкіндіктердің бәрі бар. Оларға, ең алдымен
Қазақстанның табиғи қазба байлықтарының мол қоры жатады. Пайдалы
қазбалардың зерттелген қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ең бай
елдердің қатарынан орын алады. Менделеев кестесіндегі 115 элементтің 99
элементі республика қойнауынан табылды, оның 70 түрінің қоры анықталган, 60
түрі өндірістік әдіспен қазып алынуда. Мұнай, газ, марганец, хром, фосфор,
темір рудалары, вольфрам, молибден, қорғасын, көмір запастары бойынша
Қазақстан дүние жүзі елдерінің бірінші ондығына кіреді. Сонымен қатар,
Қазақстанның дамыған пайдалы қазбалар шығару өнеркәсібі бар. Шикізат
экспортының өсуіне дүниежүзілік рыноктағы оған деген сұраныстың төмендеуі
кері эсер етіп отыр. Сондықтан Қазақстан шикізатына қызығушы елдердің
сұранысын тұрақты түрде ынталандыру үшін оны өңдеудің технологиясын
мейлінше тереңдету қажет. Мысалы, алтын запастары бойынша Қазақстан дүние
жүзіндегі алтын өндіруші елдердің бірінпгі ондығына кіреді, дегенмен оны
өңдеу жұмыстары енді ғана қолға алына бастады. Түпкі нәтижелерге, түпкі
тиімділікке ұмтылу қазіргі күннің басты талабы. Экспорт саясатында жаңа
географиялық кеңістіктерді игеруге ұмтылыс, дамушы елдермен де
байланыстарды нығайтуды көздейді. Бұл мәселенің тағы бір жағы — өнеркәсібі
дамыған елдер біздің олар үшін тек шикізат базасы болып қала бергенімізді
қалайды. Ол елдердің өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсібі бұрыннан қалыптасқан,
тиімді жұмыс істейді. Дамыған елдерді Қазақстан арзан шикізат көзі ретінде
ғана қызықтырады. Сондықтан, Қазақстанның экспорттық саясаты ескі
байланыстарды сақтай отырып, халықаралық экономикалық қатынастарда жаңа
әріптестерді табуға бағытгалуы еліміздің экономикалық өсу ұмтылыстарына сай
келеді. Дәл осы тұрғыдан Қазақстанның дамушы және “жаңа индустриалды"
елдермен экономикалық қатынастарын жандандыру болашағынан көп үміт
күттіретін процесс болмақ. Мұның өзі Қазақстанның негізгі стратегиялық
мақсаты — ұлттық экономиканың аграрлы-шикізат құрылымын өзгерту үшін өте
қажет мәселелер.
Импорттық саясатта мемлекеттің өмір сүруіне қажет өнімдерден өзгелеріне
икемді әкімшілік-экономикалық саясат устану керек сияқты. Себебі, импортты
ынталандыру, практика көрсетіп отырғанындай ұлттық іскерлікті дамытута
зиянын тигізеді.
Әрине, рыноктық экономиканың заңдылықтарынан жасырынып, бұғып қалу
еіпкімнің қолынан келмейтін іс, дегенмен шетел тауарларымен бәсекелік
күреске түсе алатындай ұлттық өндірістің алғы шарттарын жасаудың орнына
оларды тұншықтыра бергеннен келер пайда жоқ. Импорттық тауарлардың кейбір
түріне жоғары кеден бажын салу арқылы, дәл сол тауарлардың улттық өндірісін
қалыптастыруда мемлекеттік реттеу шараларын қолдану артык, болмас еді.
Қазақстан экспортының тауарлық қурылымы 1996 жылы мынаны көрсетті: 48% —
астық экспорты, 32% — химия және тусті металдар экспорты, 9% — сирек
металдар экспорты.
Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды қалыптастырып, жандандыруды
ол елдерден халық тұтынатын тауарлар, техника мен технологияны импорттау
мәселесіне де зер салу қажет. Бул мәселені шешу барысында өнеркәсібі
дамыған елдердің іс-тәжірибесінен уйрену артық болмайды. Ең алдымен дамушы
елдермен бірлескен кәсіпорындар қуру, сол себепті капиталдарды
шоғырландыруды жүзеге асырған жөн. Екіншіден, импорт тепе-теңдігіне жету
бағытында Қазақстанмен сауда балансы оңды елдерден импортты балансы теріс
елдерге қарай аудару да естен шықпағаны дурыс.
90-жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, дамушы елдерден, әсіресе “жаңа
индустриалды елдермен" өнеркәсіп өнімдерінің, киімнің, аяқ киімнің,
күнделікті қажет тауарлардың кең ассортиментін алуға мумкіндік бар.
Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды кеңейтуде екі жақты және көп
жақты ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты дурыс жолға қоюдың да әкелер
пайдасы жоқ емес. Мұндай ынтымақтастықты ең алдымен улы көршіміз Қытаймен,
Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен қалыптастырған жөн болар еді.
Дамушы елдермен экономикалық байланыстарды нығайту ушін жүйелі әрі
ғылыми дәйекті стратегиялық бағыттың бағдарламасы қажет.

Қазақстан және Тмд-ның экономикалық қатынастарының
болашағмен мақсаттары

Қазақстанның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған ЕАО жобасы ТМД-ның басым
жактарын дамытуға бағытталған, яғни "бұл дегеніміз — әлеуметтік-
экономикалық құрылым мен экономиканың жоғары дәрежедегі интеграциялануы
және жалпы тарихи-мәдени дәстүрлерді, тұрғындардың ділін дамыту".
Еуразиялык, Одақ — ТМД-нан мүлде баскаша одақ. Өйткені Еуразиялық Одақтың
негізінде экономикалык, қорғаныс, сырткы саясатты реттеуді мақсат тұтқан
халыкаралық органдарды кұру жатыр. Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін
ЕАО үкіметі мен мемлект басшыларының кеңесін кұру жоспарланып отыр,
сондайақ Еуразиялық Одаққа кіретін елдердің заң шығару кызметін
қадағалайтын жалпы парламентке тікелей сайлау өткізу де басты назарда.
Осының өзінде Еуразиялық Одаққа мүшелік кайсы бір екіжақты қарым-
қатынастардың үшінші елдермен орнатылуына еш кедергі келтірмейді. Ұсынылып
отырған Одақтың негізгі принципі — теңдік, мемлекеттердің егсмендігі мен
тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалык кұкығын сыйлау.
Әскери салада қорғаныс министрлігінің Кеңесі баскаратын әскери-корғаныс
кешенін құру көзделген, сыртқы саяси қызметті реттеу сыртқы істер
министрлігі Кеңесіне жүктеледі. Күнделікті жұмыстарды аткару үшін
Еуразиялык Одақтың мемлекетаралық атқарушы секратариаты кұрылуы мүмкін, ол
тұрақты нсгізде жұмыс істемек, оның кұрамын мемлекет басшылары айқындайтын
болады. Бұл орган БҰҰ мен ОБСЕ-да бакылаушы мәртебесін иемденуі кажет.
Аткарушы секретариаттың кұрамы акпараттық бюроға маңызды орын беруі
мүмкін. Ұлттық азшылыктардың құқыктарын корғау мен жүзеге асыру және
келісілген білім саясатын қалыптастыру мақсатында білім, мәдениет жәые
ғылым Кеңесін құру келелі істердің бірі. ЕАО-ның құрылуы осы Одақтың барлық
мүшелері үшін жалпы құжат пен азаматтықты кіргізуді, сондай-ақ экономикалык
реформалардың келісілген міндстті бағдарламаларын жасауды, халыкаралық
валютаны кабылдауды көздейді.[1]
Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының
47-ші Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде: "Біздің достастыктың іргелі
шаңырағы әзірге Еуразияның осы бөлігіндегі халықтар мен елдердің өзара
әрекет етуінің ғасырлар бойғы дәстүрлерін толығымен есепке алмай отыр. ТМД-
да еркін нарық экономикасы мен демократияға өту процессі әлеуметтік-
экономикалык және саяси тұрақсыздыктың өсуімен, қазіргі даудамайлардың
өршуімен және жаңаларының тууымен ерекшеленеді", — деп атап өтті. Сонымен
катар 1994 жылы Н. Назарбаев ұсынған "Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру
туралы" жобасы ТМД-ны құртуды білдірмейді, себебі, жобада көрсетілгендей:
"ТМД мемлекетаралық бірлестік ретінде оған кіретін мемлекетаралық
қатынастардың кұкықтық дайындалуында үлкен роль атқарады. ТМД-ның
мүмкіндіктері олі тұгесіле қойған. жоқ". Мұның үстіне, Еуразиялық Одакка
мүше-мемлекеттер ТМД-мен қатар баска да интеграциялық бірлестіктерге қатыса
алады, сонымен бірге ассоциациялык немесе тұрақты мүшелік негізінде
бакылаушы мәртебесіне де ие.
Еуразиялык Одақ - бұл кеңес дөуірінен кейінгі кеңістікте
тұрақтылыкты және міндеткерлікті, әлеуметтік-экономикалық жақсартуларды
нығайту максатына бағытталған интеграцияның жаңа түрі. Еуразиялык, кеңес
дәуірінен кейінгі кеңістік үшін ХХ-ХХІ ғасырлар арасы жаңа мемлекеттердің
тәуелсіздік пен егемендік алуындағы тарихи дәуір ғана емес, сондай-ак
әлеумсттік-экономикалық тұрактылықтың жаңа түрін іздеу кезеңі болды.
Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы саяси, әлеуметтік-экономикалық
мақсаттарды шешу барысында ғана емес, сонымен катар экономикалық интеграция
моделін таңдау мәселесінде де шым-шытырыққа, түйыкқа тірелді. Кеңес
дәуірінен кейінгі мемлекеттердің саяси зиялылары әуелі қазіргі өркениеттің
және ұлттык дәстүрлердің құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдык сананы
калыптастырмаса, мемлекеттік құрылысты құрудағы кез келген бастамалардың
тиімсіз болатынын дұрыс түсінеді.
Кдзақстан да дәл Ресей секілді Еуразияның орталыгы, ендеше, ол да
геосаяси базисті таныта отырып, болашақтағы Еуразиялық Одақтың кұрылымдары
айналып тұратын алтын діңгек болып табылады. Бұл құрылымдар алғашқыда
әлеуметтік-экономикалық интеграцияның аймақтық орталықтары болып
есептелінеді, олар болашақта қуатты саяси-экономикалық бір одаққа бірлесе
алады, осылайша экономикалык бүкіл әлемдік және аймақтық экономикалық
интеграция (әлемдік дамудағы негізгі бағыттар болып есептелінеді)
тұрғысынан алғанда әлем тағдырында орасан роль атқаруы мүмкін.
Жаңа тәуелйз мемлекеттер әлеуметтік-экономикалык интеграция мәселелерін
шеше отырып, ортақ бір мақсатқа жұмылған, оны мыналар анықтайды:
- XXI ғасыр басында тұрақтануды қамтамасыз ету, одан әрі экономикалык
өсуге қол жеткізу;
- инфляцияның жылдық қарқынын төмендетуді жалғастыру;
- қаржы секторы мен өнеркәсіптерді реформалау;
- өндірістік инфрақұрылымды жаңарту;
- құрылымдык-институционалдық реформаларды жалғастыру, тиімдігілі
жоғары бәсекелік мүмкіндігі мол өндіріс орындарына тура
инвестициялар ағынын кұятын және инвестициялық белсенділіктің өсуін
ынталандыратын жағдай жасау;
- іскерлікті колдаудың мемлекеттік саясатын нығайту, бірінші кезекте
ұсақ және орта бизнесті қолдау;
- мемлекеттік билік институттарын, заңдылық пен тәртіпті, төлем және
каржы тәртібін нығайту, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін
жетілдіру;
- жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір баскару міндетін
тапсыруды күшейту, жергілікті органдардың атқару биліктерінің
кызметін нығайту мен кеңейтуге бағытталған реформаларды жүзеге
асыру.
Еуразиялык интеграцияның өте күрделі жол таңдағаны анық, бұл жерде
табыска жүз процент қол жететініне кепілдік жок, тек қана прагматизм, жалпы
игілік үшін ынтымақтасудың кажеттігін
түсіну жөне шыдамдылық ТМД-ға өтпелі кезенді ауыздықтап, өз
мемлекеттерінің жалпы өркендеуіне қол жеткізуге көмектеседі.
Қазіргі халықаралық қатынастарда интеграция көп қырлы, жан-жақты және
кешенді процесс. Интеграция бірігуші елдердің жалпы және арнайы
ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық
интеграциялардың айырмашылықтары бар, осы екі процесс диалектикалык жағынан
бір-бірімен матаса отырып, жекелеген елдердің, мемлекет топтарының,
аймактық қоғамдастықтардың және жалпы халықаралық қатынастардыд жүйесінің
қызмет етуін сипаттайды. Соғыстан кейінгі жылдары қалыптаскан ұлттық,
экономикалык және саяси жүйелердегі бүкіл олемдік бірігу және халықтардың
туыстық араласу процесстерінің белсене жүзеге асуына байланысты объективті
өзгерістер халықаралык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Халықаралық ұйымдар жайлы
Халықаралық сауда туралы ақпарат
Аралас экономика мәні, маңызы
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы
Жаһандану жағдайында бизнесті ұйымдастыру
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Пәндер