Саяси мәдениет туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері ... ... ... ... .
ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және бас¬қа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.
1. Ұлықпан Сыдыков, “Саясаттану”, Алматы- 1996 ж
2. Қасепов, “Cаясаттану”, Алматы-1998ж
3. Д. Жамбылов , “Саясаттану”, Алматы- 2003ж
4. Қ.Ж. Рахметов, А.М. Болатова, “Саясаттану”, Алматы- 2005ж

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
І. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
... ... ... ... .
ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси
жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси
санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын
және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-
тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат
құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50
жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л.
Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да,
мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар
бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған
екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда,
Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат”
деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа
ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде
тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай,
біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын
байқаған.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін
жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси
мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп
XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді
санайды.
Бірақ олардың қай-кайсысы болмасын “саяси мәдениетті” саяси өмірдің
белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны
жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.
Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның, Кеңес Одағының,
Болгарияның және т. б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары
қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі “дамыған социалистік
қоғамның” саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген
желеуді дәлелдеуге тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі
саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің
күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын
жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар.
Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың
психологиялык бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны
саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.
Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары
Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік
тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша,
саяси мәдениетке әлеуметтік топтардын саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді,
саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы
шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны
өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу
қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады.
Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп
алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет
болмасын ол сананың элеметтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін
білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер
де кіреді дейміз.
Саяси мәдениет коғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-
өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына
байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен,
саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән
саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттін өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық,
реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері
жатады.
Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар
мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс
істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды
реттеу.
Тәрбиелік қызметі — әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси
белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам
алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені
қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен
қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси
құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін
тарихи сабақтастық.

І. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері
есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер
осы тақырыптың мазмұны болып табылады.
1. Саяси идеология және осы заманғы саяси - идеялық ағымдар.
2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену.
Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде
қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге
қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары,
сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары
саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды.
Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін,
қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси
процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси
мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың
ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей
әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50
жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л.
Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да,
мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар
бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын еш қандай ой-пікір болмаған
екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда,
Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат”
деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа
ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде
тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай,
біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын
байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол
сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін
жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси
мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп
XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді
санайды.
Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын “саяси мәдениетті” саяси өмірдің
белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны
жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.
Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның, Кеңес Одағының,
Болгарияның және т. б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары
қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі “дамыған социалистік
қоғамның” саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген
желеуді дәлелдеуге тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі
саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің
күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын
жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар.
Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың
психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны
саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.
Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары
Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік
тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша,
саяси мәдениетке әлеуметтік топтардын саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді,
саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы
шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны
өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу
қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады.
Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп
алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет
болмасын ол сананың элеметтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін
білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер
де кіреді дейміз.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-
өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына
байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен,
саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән
саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттін өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық,
реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері
жатады.
Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар
мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс
істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды
реттеу.
Тәрбиелік қызметі — әркімді коғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси
белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам
алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені
қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен
қоғам жұмыстарын баскаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси
құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін
тарихи сабақтастық.
Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер.
Жоғарыда біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс-әрекеттер жатады
дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол — күрделі мәселе.
Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді
соған келейік.
Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси
өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері
жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік
тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік
өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың
құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды.
Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен
құндылықтар жатады. Ол еркіндік, тендік, әділдік, әлеуметтік
қорғанушылық, автономия, төзімділік және т. б. сияқты байлықтардың
қайсысына басымдық, артықшылык беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі —
кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар тендікті қастерлеп, соған
тұрақты бет бұрады. Екіншісі — еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты
байлық деп санайды. Үшіншісі — әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол
тоталитарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі
— автономияны қалайды және т. с. с. Мысалы, қойылған сұраққа жауап
берген американдықтардың 74%-і еркіндікті бірінші орынға қойса, 20%-і
тендікті жақтапты. Ал еуропалықтар болса, тең жартысы бостандықты, соншасы
тендікті жоғары қойған. Бұдан біз кімдер қандай саяси бағдар ұстанатындығын
байқаймыз.
Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси
партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл,
кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет
білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда
бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда
бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп
кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз
көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси
құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән
бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы
басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси
серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал АҚШ-та мемлекет басшысын сайлағанда
партияға емес, президентке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда
да солай, кімді жақсы білсе, соған дауыс береді.
Саяси мәдениетте әдет- ғұрып, жүріс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екі
жапондық кездессе бір-біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын
білетін адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бірден байқайды.
Себебі, ол төменірек иіледі. Ал бұрынғы КСРО-да өтірік айту етек алған.
Өтірік халық жауы деп соттау, интернационалдық борышымызды өтейміз деп
Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, Ауғанстанның ішкі ісіне араласып,
әскер кіргізу, сайлау кезінде сайлаушыларды алдау және т. с. с.
Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық
өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін
жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері
және т. б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет
етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды қалай
ұйымдастырудын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-
әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр
түрлі елдерде бұл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси
шиеленістерді алайық. АҚШ-та әлеуметтік саяси кикілжіңдерге қалыпты жағдай,
тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда
саясатшы даудамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа
жеткізбеуге, оны басқара білуге үйренеді.
Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын
қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген
сұрақ туады. Соған келейік.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл
міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет
ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын және т. б.), адамның
саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін (мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Саяси мәдениет дамуындағы қоғамдық күштер
Саяси мәдениет үлгілері
Саяси мәдениет құрылымы
Саяси мәдениеттің типтері
Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Қазақстандағы саяси мәдениет
Саяси сана жайлы
Саяси мәдениет түсінігі
Пәндер