Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру



І. Кіріспе бөлім:

Мектептегі кеңес беретін әлеуметтік.психологтарға жалпы сипаттама

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Әлеуметтік.психологиялық кеңес берудің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы.

ә) Педагог.психолог мамандарының жұмыс бағыттары, олардың бүгінгі таңда алатын орны

б) Мектептегі әлеуметтік педагог . психологтардың сапалары мен қасиеттері.

в) Мектеп . қызмет мазмұнындағы әлеуметтік.психологиялық көмек берудің түрлері мен әдістері.

ІІІ. Қорытынды:

Жаңа, білімді, еңбекқор, саналы, тәрбиелі адамды . тек мектептегі әлеуметтік.психологиялық кеңес беру арқылы ғана тәрбиелей аламыз.
Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұстары да бар екендігін мойындауымыз керек. Сондықтан біз бұл жерде басты обьект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін, мектептегі әлеуметтік-психологиялық педагог – психологтың кеңес беруін қарастырамыз. Сонымен, мектептегі әлеуметтік-психологиялық педагог – психологтың кеңес беруі – бұл баланың, елдің, көмекке зәру жандардың, студенттердің, оқушының білім-тәрбие алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді және белгілі бір нәтижеге жетуіне ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, баланың білім алуына, тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болуына, жақсы жағынан қалыптасуына отбасы, білім, мәдениет, дін, т.б. тигізетін әсерін танып білуіне үлкен үлес қосады. Әйтсе де, мектептегі әлеуметтік-психологиялық педагог – психологтың кеңес беруінің әрқайсысының жеке өзіне тән теориясы, практикалық іс-шаралары, құралдары мен іс-тәсілдері және технологиясы бар.
Қандай ғылыми теория болмасын, ол практикаға сүйеніп дамиды және жұмыс практикасынан оның теориялық анықтамалары қалыптасады. Іс-шаралары болады. Осының барлығы да мектептегі әлеуметтік-психологиялық кеңес беру - әлеуметтік педагог–психологқа тиесілі. Олардың жүргізетін іс-шаралары – не бір балаға, балалар тобына қоғамның тигізген әсерін білу, көмектесу, кедергілерді жоюға, күйзелістен шығуға көмектесу дегенді білдіреді.
1. Ж.Әбиев «Педагогика тарихы»
2. «Қазақстан мектебі», №3, 52 б
3. Ф.Дүйсенова «Қазақ мектебі» №5,2005ж
4. Жинақ,«Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті»
5. И.Халитова «Әлеметтік педагогика»
6. Жарықбаев «Психология»
7. А.Уманов «Бала бақыты»
8. Х.Хмель «Теоретические основы профессиональной подготовки учителя» 1998г
9. А.Мудрик «Социальная педагогика»1999г
10. Я.А.Коменский «Избранные педагогические соч» 1982г
11. Т.Садықов «Дидактикалық материалдар»
12. В.Крысько «Психология мен педагогика таблицалары мен схемалары» 2000ж
13. Ж.Аймауытов «Таңдамалы шығармалар жинағы», Алматы, Жазушы, 2003ж.
14.М.Жұмабаев, Алматы ,Жазушы, 2003ж.
15.М.Дулатов, Алматы, 4 том, 2003ж.
16.Абай Құнанбаев, Шығармалары, 2 томдық, Алматы, Жазушы, 1968ж.
17.Ә.Табылды, Ұстаз тәлімі, Алматы, Білім, 2006ж.
18. Ж.Б.Қоянбаев, Ледагогика,Алматы, Рауан, 1992
19. Мудрик А.В. Социальная педагогика. – М. 2000,- 314с.
20• Мустаева Ф.А. Основы социальной педагогики. - М., 2001,- 416 с.
21 Социальная педагогика. Под. ред. М.А. Галагузовой.- М. – 2000, - 215 с.
22.Прюс Ф. Подготовка специалистов по социальной педагогике и социальной работе в Германии // Подготовка социальных педагогов в системе высшего образования. Основные требования к развитию теории в области социальной педагогики и социальной работы: Материалы международной научно-практической конференции М., 2002. - 67-68 с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру

І. Кіріспе бөлім:

Мектептегі кеңес беретін әлеуметтік-психологтарға жалпы сипаттама

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы.

ә) Педагог–психолог мамандарының жұмыс бағыттары, олардың бүгінгі таңда
алатын орны

б) Мектептегі әлеуметтік педагог – психологтардың сапалары мен қасиеттері.

в) Мектеп - қызмет мазмұнындағы әлеуметтік-психологиялық көмек берудің
түрлері мен әдістері.

ІІІ. Қорытынды:

Жаңа, білімді, еңбекқор, саналы, тәрбиелі адамды – тек мектептегі
әлеуметтік-психологиялық кеңес беру арқылы ғана тәрбиелей аламыз.

Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру

І. Кіріспе:

Мектептегі кеңес беретін әлеуметтік-психологтарға жалпы сипаттама

Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің
ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұстары да бар екендігін мойындауымыз
керек. Сондықтан біз бұл жерде басты обьект ретінде бала және онымен жұмыс
мәселелерін, мектептегі әлеуметтік-психологиялық педагог – психологтың
кеңес беруін қарастырамыз. Сонымен, мектептегі әлеуметтік-психологиялық
педагог – психологтың кеңес беруі – бұл баланың, елдің, көмекке зәру
жандардың, студенттердің, оқушының білім-тәрбие алуына қоғамның тигізетін
әсерін зерделейді және белгілі бір нәтижеге жетуіне ықпал жасайды. Басқаша
айтқанда, баланың білім алуына, тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болуына,
жақсы жағынан қалыптасуына отбасы, білім, мәдениет, дін, т.б. тигізетін
әсерін танып білуіне үлкен үлес қосады. Әйтсе де, мектептегі әлеуметтік-
психологиялық педагог – психологтың кеңес беруінің әрқайсысының жеке өзіне
тән теориясы, практикалық іс-шаралары, құралдары мен іс-тәсілдері және
технологиясы бар.
Қандай ғылыми теория болмасын, ол практикаға сүйеніп дамиды және
жұмыс практикасынан оның теориялық анықтамалары қалыптасады. Іс-шаралары
болады. Осының барлығы да мектептегі әлеуметтік-психологиялық кеңес беру -
әлеуметтік педагог–психологқа тиесілі. Олардың жүргізетін іс-шаралары – не
бір балаға, балалар тобына қоғамның тигізген әсерін білу, көмектесу,
кедергілерді жоюға, күйзелістен шығуға көмектесу дегенді білдіреді. Білім
беру мекемелеріндегі педагог–психологтың іс-әрекеті – кәсіптік жұмыстардың
бір түрі ретінде, баланы әлеуметтендіруге көмектесіп,, көп жылдардағы
тәжірибелерді меңгеруге көмектесіп, қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді.
Бұл іс-әрекет әлеуметтік педагог тарапынан әр түрлі оқу мекемелерінде,
ұйымдарда, қауымдастықтарда, кәсіпорындар мен шеберханаларда, жеке тұлғамен
де жүргізіледі.
Мектептегі, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік
педагог–психологтың қызметі – баланы әлеуметтендіру мақсатында қоғам,
ондағы мекемелер, қарым қатынас және жұмыс қағидалары, ережелер мен
нормалар туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдану жолдарын меңгеру. Мектеп
- сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог–психологтың
кеңес беруі – баланы тәрбиелеу үрдісін игілікті ұйымдастырып, әр қандай
қиындықтан шығуына, әлеуметтік кедергілерден өтуіне, қарсы тұра алатындай
жағдайда бола алатындай етіп тәрбие береді десек артық айтпаймыз. Білім
беру мекемелеріндегі педагог–психологтың қызметіндегі іс-әрекет – жеке
тұлғаның әр қандай тосын жағдайларға ұшырап қалғанда, одан шығуына
көмектесу, сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылады. Қазіргідей адам мен
қоршаған ортаның, адам мен адамның арасында қарама-қайшылықтар үдеп,
адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын алып отырған кезде
тәлім-тәрбиенің маңызы зор екені сөзсіз. Ауыр күйзеліске ұшыраған, жетім –
жесір, мүгедек, қараусыз қалған, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болған,
әр түрлі туа біткен не көрсетіп, көмек беруде білім беру мекемелеріндегі
педагог–психологтың қызметінің өзіндік маңызы зор екендігін атап айқанымыз
абзал.
Болашақ білім беру мекемелеріндегі педагог–психологтың қызметінің
алдына қойылатын талап-тілектер мен мақсаттар мынандай түрде жүзеге асыру
керектігі айтылады:
1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімдерді
меңгеру;
2. Әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну, шеше білу
соған үйрену;
3. Баланы өмірге деген көзқарасына қолайлы шарт түзу және кедергілерді
жоя білуге баулу;
4. Баланың ізгілікті сезімдерін оятуға, бауырмалдық, адамгершілік,
мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
5. Тосын жағдайлардан өз алдына жеке шығуға ұмтылып, тура шешімін таба
біліп, тартынбай, қорықпай іс-қимылға кірісуге үйрету;
6. Адамдармен араласуға, байланыс орнатып, мәміле түзе біліп, топта
немесе ірі ұжымда өзін еркін ұстауға үйрету;
7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру ҚҰРМАНДЫҒЫ,
шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Қысқасы, адамгершілікке, ізгілікке қамқор болуға үйрету және жеке өз
мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін оятуға, дамытуға
ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мұқтаж
адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге жәрдем беріп, қатыгез
емес, ізгілікті қарым-қатынас орната білу қазіргі өтпелі заманда аса қажет
екендігін баса айтқан жөн.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мекемелеріндег әлеуметтік
педагог–психологтың кеңес беруіндегі қызметінің атқаратын қызметтерінің
өзіндік орны бар. Енді соларға назар аударалық.
►қалыбына келтіру және тәрбиелеуді жүзеге асыру;
►әлеуметтік құқықтық мәлімет пен білім беру;
►баланы қатарға қосу;
Тәрбиелеу қызметі – баланы өзі өмір сүрген ортаға араластыру, бейімдеу,
әлеуметтендіру мәселерлеріне белсенді қатысу.
Құқықтық қызметі – балаға мемлекеттік қамқорлық көрсетіп, оның құқығын
сақтау, мүддесін қорғау.
Оларды қатарға қосу қызметі-күйзеліске ұшыраған, туабіткен не
болмаса тосын жағдайлардан мүгедек болып қалған не созылмалы ауыруларға
ұшыраған, ақыл-есі кем не дамымай қалған, кемтар балаларға көмек беру,
тұтқиыл жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады. Балаға алғашқы
сәттерде көмек көрсету отбасы, ошаққасынан басталады. Білім беру
мекемелеріндегі педагог–психологтың қызметі - осы ол өмір сүрген ортасының
ерекшеліктерін зерттеу, талдау, бұрынғы өмір тәжірибелерін танып-білу,
ұлттық мұра, отбасы салт-дәстүрлеріне мән беру мен әіс-шаралар ұйымдастыру
ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Осындай іс-шараларды білмей, ұғынып-түсінбей тұрып оған көмектесу
көптеген қателікктерге ұрындырады.Баланың дамуының дамуының негізгі тірегі
– тұқымнан тұқымға өтіп келе жатқан әлеуметтік жүріс-тұрыстарының
нормалары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бала өмір сүрген орта-төңірек
және оқу-тәрбие үрдісінің әсері деген сөздің қазіргі кезде маңыздылығын
жоймағандығы белгілі.
Мектептегі әлеуметтік-психологиялық педагог – психологтың кеңес беруін
білім беру мекемелеріндегі педагог–психологтың әлеуметтік психологиялық
тұрғыда кеңес берудегі қызметі баланы зерттеу әдістері мен ұстанымдарына
алдымен баланы зерттеу ұстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, ұстаным
(принцип) дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан
тірейтін, басшылыққа алатын негіз деуге де болады.
Негізінен ең негізгі 3 ұстаным бар:
1. Жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2. Өмір сүрген ортаның мәдениеті мен әдебиетін, басқа да ерекшеліктерін
көзге тұту;
3. Ізгіліктілік қарым-қатынас орнату арқылы ықпал ету;
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда
педагог баланың туабіткен, табиғи ерекшеліктерін және жас ерекшеліктерін
ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш рет пікір айтқан
белгілі чек педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 жж) болатын. Ол әйгілі
Ұлы дидактика деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуде, оның
психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәжірибеде жүзеге
асыру керектігін белгілеген.
Француз философы Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж) өзінің әйгілі еркін
тәрбие теориясында – баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей
болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға шарт түзу керек деген.
Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін білім беру мекемелеріндегі
педагог–психологтың қызметінде мынандай ережелерді ұстанады, ұстанулары
қажет:
● баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
● баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
● баланың бойындағы ашық байқалған қабілеттерін ескеру;
● өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру;
● адамгершілік қасиеттерін үнемі байқау керектігін ескеру.
Қоршаған орта, мәдениетпен байланысы – баланың дамуы қаншама
жылдардан бері келе жатқан, жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті
өздестіру (освоение) арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ол баланың дамуы туған
жері, ол туған жері, ол туған заман, қоршаған орта, ол туған халықтың
жинақталған мәдениетін меңгеру арқылы іске асастынын айту керек. Баланы
қоғамдағы – тұрмыс, зерде, саяси, діни, құлықтық т.б. таныстырып және
бойына сіңіріп тәрбиелеу керек. Егер бала оларды меңгере алмай қалса, онда
әр түрлі күтілмеген ахуалдарға кездеседі, ал ол өз кезегінде баланың
бойында теріс әрекеттерді туғызуы мүмкін (мінезі, көзқарасы, ой пікірі
т.б.).
Оларды жоюға арналған іс-шараларды педагог-психолог отбасымен
бірлесе отырып ұйымдастырады. Мысалы, кейбір құлағы естімейтін, тілі мүкіс
балалар биге қабілетті, сурет салады, компьютермен жұмыс істей алады. Бұл
и н т уз и а з и с т - білім беру мекемелеріндегі педагог - психологтардың
қызметінің құлшынысының нәтижесі деуге де болады. Мұндай көрініс көпшілік
қауымға тән болмаса да, мектеп пен білім беру мекемелеріндегі педагог-
психологтардың кеңес беруіндегі әлеуметтік педагог-психологтардың басты
жағдайда ескеретін мәселелерінің бірі екендігі.
● ауытқулары бар балалардың қалыптасуына мәдениеттің әр қандай салаларымен
таныстыру арқылы ықпал ету;
● дамуында ерекше кемшілігі бар балалардың бойындағы шығармашылық
мүмкіндіктеріне ерекше мән беріп соны пайдалану;
Ізгілікті жуықтау (подход) ұстанымы – кез-келген адамды, соның ішінде
баланы тұлға ретінде құрметтеп, оның еркіндігін, құқығын қорғау,
адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынас орнату, мейірім, қайырымдылық
көрсетіп, көмектесу дегенді білдіреді. Ізгіліктік (гумандылық) деген
ұғымнан басқа ізгілікті (гуманизм), ізгілендіру (гуманитарлы) деген
ұғымдардың педагогикада кездесіп жүр. Педагогикаға бұл латын тілінен енген
гуманиус сөзінен енген ізгілікті дегенді білдіреді
Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіру қазіргі кезде кеңінен ендіріле
бастады. Оның маңыздылығы адамдардың іс-әрекетіне ізгілікті бағыт беруіне
және оны санаға сініру, жеке тұлғаның өз басын сыйлау, сағын сындыру,
жігерін жаншу, жанын азапқа салу, рухани басындыру, кемсітіп, қорлау
секілді тәлім-тәрбиеде теріс әсер ететін шаралардан аулақ болуды көздейді.
Ізгілікті ұстанымның негізгі мақсаты - білім беру мекемелеріндегі педагог -
психологтардың қызметінің арасындағы мынандай байланыстармен
байланысатындығын көрсетеді:
Оларда адамға деген махаббат сезімін (ата-анасына, біртуғандарына,
жолдастарына, адамдарға т.б.) ояту, сыйластықпен қарауға, керек жерде
іркілместен көмек көрсетуге үйрету. Ізгілікті ұстанымдарды мына
төмендегідей қағидаларды сақтауға талап етеді:
♦ барлық балаларға бірдей адамгершілікті қарым-қатынас орнату (олардың
материалдық, құлықтық, әлеуметтік, хал-жағдайына қарамастан барлығына
түсіністікпен қарасу);
♦ әр баланың жеке басының құқығын қорғау және сыйлау;
♦ кемістігі бар балаларға аялап қарым – қатынас жасау, олардың өзіндік
мен деген құқығын сақтау;
♦ проблемасы бар балаларға жек бағытта көмектесу, олардың мүмкіндігі мен
қабілеттерін ескеру;
♦ қайырымдылық – ізгіліктің алғашқы сатысы екенін түсінуіне шарт түзу;
Осы көрсетілген ережелерді – кім көмекке мұқтаж?, қалай және қайтіп
көмектесуге болады?, Яғни осы және осыған қатысты сұрақтарға жауап беру
үшін оны зерттеп, танып-білу жұмыстарын жүргізу жұмысы ең алдымен білім
беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың жұмысы болмақ. Кез-келген білім
саласының ғылымилылығы оның зерттелуі, теориялық ұғымдар мен түсініктерінің
қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері,
заңдылықтары мен анықтамаларының нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу,
теориялық білімдерді жасау-ғалымдардың және басқа да зерттеуші-қызметкер
педагог – психологтардың танып білу іс-әрекетінен тұрады.
Оның 2 түрі бар: практикалық және теориялық. Практикалық зерттеу жұмысы
нәтижесінде негізделеді. Ол мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтардың және
білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың сонымен қатар т.б.
қызметкерлердің практикалық жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы
дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдер,
жалпы педагогтар, білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтар және т.б.
жүргізе алады. Ғылыми зерттеудің бұл екі түрі айырмашылықтарына қарамастан
өзара тығыз байланыста. Себебі теориялық білім практикада тексеріліп,
нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал эмпирикалық жұмыста, білім-ғылымның
жетістіктері қолданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға негіз
бола алады. Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру
мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше
мән берген орынды. Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның
қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік
сұранысына қарай және оның орындалуы педагог-психологтардың кәсіби
дайындығына байланысты болып келеді.

ІІ. Негізгі бөлім:
а) Әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы.

Қайта көтеріліп ғылыми негізде қалыптасып келе жатқан ілім-
ғылымдарға білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың адамға
тигізетін әсерінің шексіздігі анық. Көмекке мұқтаж адамдардың, жетім-жесір,
қарт, қараусыз қалғандар мен үй-күйсіз қалғандарға назар аударып, олардың
адамша өмір сүруіне шарт түзудің, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың
жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады. Қазіргі кезде әлеуметтік
ортадағы білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың алдына қойылатын
талап-тілектерінің теориялық және практикалық жұмыстарымен кеңінен танысып,
әлеуметтік ортада тиімді жұмыс істеу болып табылады. Бұл үшін әрине ,
әлеуметтік педагогикалық зерттеулер қажет.
Алдыда тұрған мәселелерді зерттеу жұмыстардың тиімділігі мен табыстылығы
оны танып-білуде қолданған теориялық көздері, ой-пікірлері, әдістері мен
тәсілдері, технологиясын т.б. қолдануына байланысты.
♦ Қоғамның әлеуметтік тапсырмасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-
пікірлердің сәйкестігі;
♦ Адам туралы ілім-білімнің барлығының жетістіктерінің кешенді түрде
қолданылуы, мысалы, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина,
психиатирия т.б.;
♦ Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;
♦ Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ықпал ету әлеуеттілігі;
♦ Әлеуметтік сферада жұмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті -
әлеуметтік педагог-психологтар, мектеп пен білім беру мекемелеріндегі
педагог-психологтардың кеңес беруіндегі әлеуметтік педагог-психологтардың ,
әлеуметтік қызметкерлердің т.б. жұмыс нәтижелерінің тоғысуы;
Міне осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйене отырып, мектеп пен
білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың кеңес беруіндегі
әлеуметтік педагог-психологтардың әрқайсысының зерттеу әдістері, тәсілдері
мен технологияларын іріктеп алудың маңызы зор. Осындай әдістер мен
тәсілдерді қолданған білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтар белгілі
бір нәтижелілікке қол жеткізетіндігі айдан-анық. Олардың қызметіндегі
зерттеу жұмыстарында әдіс – бір істі асырудың жолы, тәсілі болып,
педагогика-психология ғылымында (метод – гректің методос) алдыға қойған
мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешудің тәсілдері, құралдары мен түрлерін
қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық – байқау, диагностикалау,
эксперимент, сауалнама т.б. талдау, жіктеу, жалпылау, топтастыру,
салыстырмалау, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға, қорытындылар шығару
болып табылады. Осындай жалпы ғылыми әдістерден басқа да тәсілдер мен
әдістер бар. Қандай ғылымды болмасын зерттеу алдымен ғылыми – теориялық
әдебиеттер мен практикалық іс-тәжірибелерін танып-білуден басталады. Демек,
мектеп пен білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың кеңес
беруіндегі ең негізгі әдістері әдебиеттерді, басқа да шығармаларды, ғылыми-
теориялық зерттеулер мен тұжырымдарды таңдап алған нысанаға байланысты
танып-білуден басталады.
Екінші бір аса маңызды әдіс – байқау. Ол белгіленген мақсатқа
сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу не
болмаса фотосурет, кинотаспаға жазылған жазуды қолдану, табиғи ахуалды
өзгертіп, қажетті шарт түзіп сол жағдайды байқау болып табылады. Мұндай
байқауларды зерттеудің мақсты мен міндеті, болжамына қарай құпия (балаларға
білдірмей) жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық
нормаларынан шығып кетуге де болмайды.
Сауалнама әдісі – анкета. Мақсатқа сәйкес алдын-ала даярланған
сауалдарды жазба түрінде оқушыларға таратып, онда шамамен алынатын жауаптар
да қысқаша жазылады. Оқушылар ондағы жоқ, ия, кейде, ешқашан - деген
секілді басқа да жауаптарды белгілейді. Сауалнама әдісі екі түрлі формада
ашық, оқушылардың аты, жөні көрсетілген не болмаса құпия (анонимді) аты,
жөні, тегі көрсетілмеген түрде өткізіледі.
Әңгімелесу әдісі – жалпы балалар тобымен, жеке нысанаға алған
оқушымен не болмаса, нысананы толық танып-білу үшін ондағы басқа да
құрбылары, ауладағы көрші үйдің балаларымен ата-анасы, туысқандары,
оқытатын мұғалімдері т.б. – мен жүргізуге болады. Мұндағы басты шарт,
мақсатты белгілеп алып, қойылатын сұрақ пен алынатын болжамды жауап белгілі
болуы тиіс. Өйткені, зерттеу нысаны бола тұра бала өмір сүрген әлеуметтік
орта (социум) болғандықтан, оған ықпал ететін ортаның оң не теріс әсерінің
себебін, салдарын, талдап, салыстырмалап, ой түйіндеп, пікір қорыту үшін
оған жәрдемдесе отырып, қуаттап, қолдау көрсету болып саналады.
Қорытындыда әр түрлі әдістер арқылы жинақталған ақпараттарды
талдап олардың оң не теріс жақтарын зерттеп, жалпы теориялық қорытынды
шығарып, кеңес беру, ұсыныстар әзірлеу жұмыстары қарастырылады. Шығарған
теориялық қорытынды дұрыс па, бұрыс па не болмаса жаңсақ па оны іс-
тәжірибесінде (эксперимент) тексеруге болады. Оның өзі екі түрлі болады:
табиғи эксперимент және лабораториялық эксперимент.
Табиғи эксперимент кәдімгі, күнделікті табиғи ахуалда өткізіледі.
Бірақ тәжірибе өткізудегі мақсат белгілі бір теориялықтұжырымдарды тексеру
болғандықтан оған да арнайы бағдарлама түзіліп, өткізу әдістері, көздеген
мақсат, жүзеге асыру тәсілдері, балалар не жеке тұлға өміріне белсенді
араласу жолдары секілді т.б. даярлық жұмыстары да жүргізіледі.
Лабораториялық тәжірибе көбінесе, біздің қоршаған ортамыздағы
әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерде жиі білім беру мекемелеріндегі
педагог-психологтардың тәжірибелерінде қолданылады. Ол үшін арнайы орын -
арнайы лабораторияда не аудиторияда, бөлме т.б. орындар әзірленеді.
Алдын-ала зерттеу нысаны, оның зерттелетін тұстары сарапталып,
іріктеліп алынып, онымен (олармен) өткізілетін жұмыс тәсілдері мен
технологиясы да арнайы таңдалып алынып, соған сәйкес жоспар түзіліп, тіпті
кейде алынатын тәжірибе нәтижесі болжанады. Тәжірибелік – эксперимент көп
жағдайда үш кезеңнен өткізіледі:
1. Нысанын мақсатқа сай тексеру немесе анықтау:
2. Қалыптастыру (оқыту, тәрбиелеу):
3. Бақылау немесе байқау жүргізіледі.
Алғашқы кезеңде, таңдап алынған нысананың дәл осы сәттегі хал-
жағдайы, басталу кезіндегі жай-күйі, эксперимент жұмысының басталу нүктесі
айқындалып, осы жұмыс нәтижесіне негіздей отырып, ары қарай істелетін
жұмыстардың соған сай бағдарламасы, әдіс, тәсілдері мен жолдары
белгіленеді; одан кейінгі кезеңде, белгіленген бағдарлама, әдіс, тәсілдері,
технология бойынша нысанамен жұмыс формалары ұйымдастырылады, ары қарай
тәжірибелердің үшінші кезеңінде, алынған нәтижеге байланысты жүргізілген
жұмыстың дұрыстығы тексеріліп бақылаудан өтеді де қорытындылар жасалады да,
мектептегі әлеуметтік психологиялық кеңес беру – мектеп пен білім беру
мекемелерінде жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог – психологтардың жұмысының
нәтижесі айқындалып, заман талабына сай жаңа жұмыстар одан әрі бастау
алады.
Кеңес одағы күйреген соң, жаңа ғана құрылған елдердің экономикасы
әлсіз болып, халықтың тұрмысы нашарлаған сайын әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары
Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі
Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету
Мектептегі әлеуметтік жұмыс технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Бағдарлама төлкұжаты
Пәндер