Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі



Кіріспе
1) Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынысты аумақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, қала, ауыл – аймақтарда жасақталған. Заманның түрлі қажеттіліктеріне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан-алуан қызметтері құ- рылды. Атап айтсақ, аумақтық, медициналық, нысандық, барлау, құтқару, инженерлік, энергетикалық, коммуналдық-техникалық және жолкөпірлік, өртке қарсы, апаттық – техникалық, радиациялық және химиялық қорғау, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, көліктік, қо- ғамдық тәртіпті сақтау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, азық- түлік және т.б. құтқару мен кейінге шегеруге болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер бар.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдар бар. Бұл осы саланың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық нысандары үшін аса маңызды екенін көрсетеді. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында: «Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады» деп атап көрсетілсе, «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс ша-раларының құрамдас бөлігі» деп атап көрсетілген. Осы орайда, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді, сонымен қатар, ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық – құтқару қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру туралы шешімді орындау бойынша бірқатар іс-қимыл атқарды.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай құрылымдарының әзірлігін арттыру, сондай-ақ әртүрлі топтағы халықтарды төтенше жағдай кезіндегі ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі күні басты бағыттардың бірі.
1. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 15 ақпан N 37);
2. «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» (ҚР-ның заңы, 15.10.1993 ж.);
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2006. – 44 б.
4. «Азаматтық қорғаныс туралы » Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат)
5. Домрин А.Н. Институт чрезвычайного положения в зарубежных странах // Международная жизнь. - 1993. - №5/6. - С. 5-10
6. Гончаров И.В. Обеспечение основных прав и свобод в условиях чрезвычайного положения: Дисс. канд.юрид. наук. – М, 2003. - 150 с.
7. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ТЖ және АҚ Республикалық курстары «Тіршілік қауіпсіздігі»курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы І кітап
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жыл 5 шілде // Төтенше жағдайлар және аумақтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - 2004. - №4. – 21-32 бб.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1) Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі,
этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республи-касының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Заң
жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынысты аумақтық
органдары, құрылымдары барлық облыс, қала, ауыл – аймақтарда жасақталған.
Заманның түрлі қажеттіліктеріне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше
жағдайлар саласының сан-алуан қызметтері құ- рылды. Атап айтсақ, аумақтық,
медициналық, нысандық, барлау, құтқару, инженерлік, энергетикалық,
коммуналдық-техникалық және жолкөпірлік, өртке қарсы, апаттық – техникалық,
радиациялық және химиялық қорғау, байланыс, материалдық-техникалық
қамтамасыздандыру, көліктік, қо- ғамдық тәртіпті сақтау, жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау, азық- түлік және т.б. құтқару мен кейінге шегеруге
болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер бар.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға
байланысты арнайы заңдар бар. Бұл осы саланың тәуелсіз мемлекетіміз үшін,
халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық нысандары үшін аса маңызды
екенін көрсетеді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы Қазақстан Республикасының Заңында: Халықты, қоршаған ортаны және
шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған
зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі
болып табылады деп атап көрсетілсе, Азаматтық қорғаныс туралы ҚР
Заңында: Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса
маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс ша-раларының құрамдас бөлігі деп
атап көрсетілген. Осы орайда, Астана қаласының Төтенше жағдайлар
департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның
зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді, сонымен қатар,
ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың
талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық – құтқару қызметтерінің
жұмыстарын үйлестіру туралы шешімді орындау бойынша бірқатар іс-қимыл
атқарды.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай құрылымдарының әзірлігін
арттыру, сондай-ақ әртүрлі топтағы халықтарды төтенше жағдай кезіндегі
ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі
күнібастыбағыттардыңбірі.

Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық
ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын
тану үшін және олардың мақсат міндеттерін терең түсіну үшін төтенше
жағдайдың табиғатын, оның қалыптасу жолының кейбір қырларын және оның
ерекшеліктерін айқындап, ашып алуымыз қажет. Сонымен қатар, төтенше жағдай
мәселесін теориялық құқықтық бастаулары осы күнге дейін әлі өзінің бағасын,
отандық заң ғылымында ала қойған жоқ. Осы жағдайлардың барлығы бізді
төтенше жағдайдың табиғатына терең үңілуге жетелейтіндей.
Төтенше жағдай институты бірнеше ғасырды басынан өткеріп, дамып келе
жатқан ерекше институттардың бірі болып табылады. Төтенше жағдай институты
әрбір мемлекеттің тәжірибесінде әрқалай әр негіздерде дамыған болатын.
Міне, осы ерекшеліктерді аша отыра ғана, біз жалпы төтенше жағдай
институтының елімізде құқықтық тәжірибесінің қалыптасуын ашып көрсете
аламыз. Мемлекеттік құқықтық механизмде төтенше жағдай институты көптеген
батыс елдерінде абсолюттік монархия ыдырап, шекті монархияға өту барысында
орныға бастады. Себебі, абсолюттік монархия өзінің қолына мемлекеттік
биліктің барлық тұтқасын жинағандықтан да, төтенше өкілеттіктерді билік
иесі қажет етпеді, екінші жағынан алып қарағанда, билік басындағы тұлғаның
қызмет аясы ешқандай құқық нормасымен де шектелмеді және оны қажетсінбеді
де. Алғашқы төтенше жағдай жөніндегі актінің өмірге келуін А.М. Домрин
былай сипаттайды: Мәселен, Ұлыбританияда төтенше жағдайлар режиміне
арналған алғашқы сот шешімі, кей жағдайларды оны “Су кемелерінің ақшалары
жөніндегі іс” деп атайды. ол Яғни, 1637 жылы қабылданған заңи буржуазиялық
революцияға дейінгі не бәрі бірнеше жыл бұрын [4, с. 150].
Бұл оймен келісе отыра, сөз етіп отырған институттың қоғам дамуының
ерекше сатысына өту барысында өмірге келгендігін байқаймыз. Бұл кезеңдерде
өкілдік билік адам құқығы деген мәселе де қоғамда маңызды орынға ие бола
бастады. Осы мәселемен айналысып жүрген Ресейлік ғалымдардың бірі И.В.
Гончарев бұл институттың өмірге келуін нақты былай сипаттайды: дегенмен де
аталған құқықтық режимді сипаттайтын алғашқы парламенттік актілер еуропаның
көптеген мемлекеттерінде тек ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында
қабылданды. Бұл орайда үздік Француздық тәжірибе болып табылаьын 1857 жылы
Пруссияда төтенше жағдайлардың құқықтық режимін сипаттайтын заң қабылданды,
ондай заң 1869 ж. – Австрия – Венгияда, 1870 ж. – Испанияда [5, с. 20].
Бұл оймен келісе отыра, өзімізге жақын Ресей тарихында төтенше жағдай
мәселесін ғылыми тұрғыда кім айқындауға ұмтылғандығына келетін болсақ,
төтенше жағдайдың ғылыми негізін қалауға ұмтылған алғашқы ғалымның бірі,
В.М. Гессен болып табылады. Ол өзінің 1908 жылы Санкт-Петербургте шыққан
еңбегінде айрықша жағдайды қарай отыра, оны былай айқындайды: “ мемлекеттің
өмір сүруіне іштей немесе сырттай қауіп төнген жағдайларда үкімет билігімен
берілген ерекше өкілеттіліктер жиынтығы” [6, с. 74].
Төтенше жағдайлар мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей, алғаш ағылшын
дерегінде құқықтық негізделсе де, оның қазіргі кезеңдегі ортақ негізгі
белгілері Францияның тәжірибесінде орныққан болатын. Сол Францияның
тәжірибесі қазіргі дамыған елдердіің төтенше жағдайлар мәселесіндегі
заңнамасының негізін қалауда. Бұл ортақ белгілер мыналар болып табылады:
1. Қауіпсіздік пен тәртіпті қорғауға бағытталған азаматтың билік
толығымен әскери биліктің қолына берілуі. Бұл орайда азаматтың билік
қызметін тоқтатпайды, тек әскери билік алып қоймаған қызметтерді жүзеге
асырады;
2. әскери билікті полициялық сипаттағы төтенше өкілеттіліктерімен
рәсімдеу, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шектелінуі.
3. республиканың қауіпсіздігіне қарсы, конституцияға қарсы, тәртіп пен
қоғамдық тыныштыққа қарсы бағытталған қылмыстар мен теріс қылықтар, олардың
басты кінәлілері мен қатысушыларының роліне қарамастан істер әскери
соттардың қарауына беріледі [6 с. 156].
Көрсетілген жағдайлардың барлығы қазіргі кезеңдегі әлемдік тәжірибенің
төтенше жағдайлар мәселесіндегі айқындаушы көрсеткішіне айналды.
Төтенше жағдайлар институтының тарихи тәжірибесіне қарайтын болсақ, бұл
қазіргі кезеңдегі мемлекеттер қалыптасуының тәжірибесімен қатар өрбіген
институт болып табылады. Қазіргі кезеңде төтенше жағдай мәселесінің
табиғатын айқындауға байланысты әр түрлі көзқарастар орныққанын көреміз.
Төтенше жағдай мәселесінің табиғатын ашып көрсетуде еліміздің заңнамасынан
бастаған дұрыс болып табылады.
Қазақстандық заңнаманы саралап қарайтын болсақ, төтенше жағдайларға
берілген анықтаманы “Төтенше жағдай туралы” 2003 жылдың 8 ақпанындағы
Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабынан көреміз: “Төтенше жағдай –
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және
мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды
тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және
оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын
уақытша шара” [7, 44 б.]
Сонымен қатар “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы” 1996 жылдың 5-ші шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының бірінші
бабында: “Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай” [8, 21 б.].
Қазақстанның заңнамасында төтенше жағдайға осындай екі түсінік берілген.
Табиғи және техногендік сипаттағы мәселелерді реттейтін заңда төтенше
жағдайдың анықтамасы сол бағытқа сәйкес айқындалып отырғаны байқалады.
Аталған заңда сонымен қатар мынандай да түсініктер қарастырылған: “Табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су
тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандарының кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және
басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар” [7, 21 б.].
Беріліп отырған түсініктер төтенше жағдайдың арнайы салалық сипаттағы
ұғымының бар екендігін көрсетеді. Ал жоғарыда берілген төтенше жағдайға
қатысты екі анықтама бір-біріне толық сәйкес келмейді. Біздің ойымызша,
төтенше жағдай түсінігіне байланысты заңнамада бірізділік қажет. Ондай
болмаған жағдайда бұл саладағы заңдарды қолдануда қарама-қайшылықтар
туындап, әртүрлі талқылаулар қалыптасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір айта
кететін жағдай Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
мен жүзеге асыру жөніндегі 13 шілде 2000 жылғы №165 нұсқауда жалпы төтенше
жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды былай
анықтайды:
“Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта авария нәтижесінде адамдардың
өліміне алып келген немесе алып келуі мүмкін, олардың денсаулығына,
қоршаған орта мен шаруашылық объектілеріне зардап келген, халықтың өмір
сүру жағдайларына үлкен көлемде материалдық зардап пен бұзылуына алып
келетін апатты немесе қауіпті жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – стихиялық зардаптан (жер сілкінісі,
сел, су тасқыны және т.б.) табиғи өрттерден, эпидемиялар мен
эпизоотиялармен, ауыл шаруашылық дақылдары мен ормандардың аурулар мен
зиянкестердің жоюынан туындайтын төтенше жағдай.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өндірістік, көлік немесе басқа
апаттар, өрттер (жарылыстар) қатты әсер етуші улы заттардың ауаға таралуы
апатынан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы, плотиналардың
бұзылуы, электроэнергетикалық және өмір сүруді қамтамасыз ететін басқа
коммуникацияларға тазалау құрылыстарындағы апаттардың негізінде туындайтын
төтенше жағдай [9, с. 6] ”.
Еліміздің заңнамасында төтенше жағдайдың табиғатын ашуға байланысты
анықтамасын түзуде осындай жүйеліліктің болмауы жоғарыда айтып өткеніміздей
заңнаманы қолдануда қарама-қайшылық тудырады. Мұның бірден–бір себебі, бұл
мәселеде ғылыми негіздің қалыптаспауынан. Бұл жағынан алып қарағанда, Ресей
ғалымдары белгілі бір істерді тындыруда. О.Н. Русак, К.Р. Малаян, Н.Г.
Заньколар еңбектерінде “төтенше жағдай – бұл белгілі бір аймақта немесе
экономика объектісінде күтілмеген жерден, тосыннан болатын, нәтижесінде
адам өліміне, олардың денсаулықтары мен қоршаған ортаға шығын келетін,
адамдардың өмір сүру жағдайын бұзатын және материалдық шығын алып келетін,
қауіпті табиғи құбылыстар немесе стихиялық апатты жағдай деп анықтама
береді. [10, с. 366-367]”
Қазақстандық оқулықтардан “Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына
әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған
ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе
келтіруі мүмкін,, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған
белгілі бір аумақта туындаған жағдай” [11, 7 б.] – деген анықтаманы
кездестіруге болады. В[11, 7 б.]
.Н. Григорьев, В.Д. Роговтар болса, төтенше жағдайдың құқық бұзушылыққа
байланысты ерекшеліктерін қарай келе, сол тұрғыдан төтенше жағдайдың
ерекшелігін былай деп сипаттайды: “Әдеттегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз
етуден айырмашылығы сол, тек құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған
тұлғаларға ғана емес, сонымен бірге аталған аймақта тұратын бүкіл
тұрғындардың мүдделеріне әсер етуі, оларға берілген құқықтардың шектелінуі
мен қосымша міндеттердің жүктелінуі” [12, c. 20].
Ал кезіндегі үлкен кеңестік энциклопедияда төтенше жағдай былай деп
түсіндірілген: ерекше жағдайларда белгілі бір мерзімге енгізілетін және
тәртіпті сақтау мақсатында ерекше амалдарды қолдануға мүмкіндік беретін
ерекше құқықтық режим [13, с. 235].
Төтенше жағдайдың кең мағынадағы анықтамасы былай: “Көп жағдайларда
төтенше жағдайды белгілі бір объектіде немесе аймақта (акваторияда) авария,
апат, стихиялық немесе экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоотия, және де
әскери әрекеттердің нәтижесінде адами және материалдық шығын келген немесе
келуі мүмкін апаттар нәтижесінде адамдардың қалыпты өмір сүруі мен қызмет
етуінің бұзылуы деп анықтама береді. Төтенше жағдайды сонымен қатар
күтілмеген, тосыннан пайда болатын жағдай, бұл орайда анықсыздық халықтың
стресстік жағдайда болуы, көп әлеуметтік – экологиялық және экономикалық
шығыны, оның ішінде адам шығыны келетін осындай жағдайдан тез шығу
мақсатында көптеген адами, материалдық және уақытша шығындарды жіберіп –
құтқару жұмыстарын жүргізу, әр түрлі жағымсыз салдарды (бұзылу, өрт және
т.б.) жою. Американдық ізденушілер төтенше жағдайды тосыннан пайда болатын,
алдын алуға мүмкін емес жағдайда жылдам әрекеттерді талап ететін жағдай деп
анықтама береді [14, с. 370-371].
Төтенше жағдайға берілген түсініктердің барлығын саралайтын болсақ, оны
кең мағынада, нақты мағынада түсінігі ұмтылыстардың жасалғандығын көреміз.
Кейбір жағдайда төтенше жағдайды әр түрлі мәселемен салыстырып қарау да,
оның бір қырына басымдық беруде көрініс тауып жатады. Осыларды саралай
келе, біз төтенше жағдайды былай деп тұжырымдаймыз: “Конституцияның талабын
негізге ала отырып, төтенше жағдай еліміздің демократиялық институттарына
және оның тәуелсіздігі мен саяси тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына,
азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда мемлекеттік
органдар өзінің қызметін қалыпты атқара алмаған жағдайларда ел аумағында
енгізілетін ерекше әкімшілік-құқықтық институт болып табылады”.
Төтенше жағдайдың басты анықтаушы элементі оның бүлдіру аясының және
шығын келтіру көлемі болып табылады. Төтенше жағдайларды осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Қылмыстық жазаның құрамы
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары туралы
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАСШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӘРТІП КОДЕКСІ
Пәндер