Халықаралық экономикалық интеграция



КІРІСПЕ

I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Халықаралық экономикалық интеграция түсінігі мен мәні

Халықаралық экономикалық интеграцияның сауда.экономикалық одақтары

Елдердің сауда.экономикалық одаққа кіруінің экономикалық салдары

II. ӘЛЕМДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

2.1. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық даму деңгейлері

2.2. Қазіргі интеграциялық даму деңгейлерідің негізгі әлемдік орталықтары

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шаруашылық өмірді интернационалдандыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз, экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып табылады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграцияланушы елдер бірлестігінің жағдайын сараптау, олардың әлемдік нарыққа,әлемдік шаруашылыққа әсерін талдау және оны жан-жақты зерттеу.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде мен халықаралық экономикалық интеграцияға толық түсінік беруге тырыстым. Соның ішінде оның сауда-экономикалық одақтарын, оларға кіру салдарын, яғни оның интеграцияға қатысушы-елге ықпал ететін жағымды немесе жағымсыз жақтарын, жан-жақты зерттеуге тырыстым.
Екінші бөлімінде посткеңестік кезеңнен бастап, қазіргі кездегі әлемде болып жатқан сан алуан интеграциялық даму деңгейлеріді қарастырып,жалпылама шолу жасауға тырыстым.
Үшінші бөлімімді мен еліміздің қазіргі әлемдік экономикалық байланыстардағы алатын орнын, оның атқаратын рөлін көрсете отырып, біздің еліміздің интеграциялық бірлестіктерге кіруі әлемдік интеграциялану жүйесіне қаншалықты өз әсерін тигізетінін баяндап беруге тырыстым.
Интеграциялық даму деңгейлерідің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының(капитал,жұмысшы күші,технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтыра бастады.
Сонымен, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.
1. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Экономика»баспасы,1998 жыл.

2. Құланбай Ә. «Интеграция – дамудың қозғаушы күші», «Егемен Қазақстан» газеті, 2006 жыл-16 тамыз.

3. Джолдасбекова Г. «Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіне интеграциялану жағдайлары» - ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж.-№5.

4. Р.Е. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2002ж.

5. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 1-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.


6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 2-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

I. Халықаралық экономикалық интеграция

Халықаралық экономикалық интеграция түсінігі мен мәні

Халықаралық экономикалық интеграцияның сауда-экономикалық одақтары

Елдердің сауда-экономикалық одаққа кіруінің экономикалық салдары

II. Әлемдегі интеграциялық даму деңгейлері

2.1. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық даму деңгейлері

2.2. Қазіргі интеграциялық даму деңгейлерідің негізгі әлемдік орталықтары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шаруашылық өмірді интернационалдандыру қазіргі дүниежүзілік
шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір
державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең
байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз, экономикасы қуатты мемлекеттер
интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер
топтасып интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы
өзінше бір жүйе болып табылады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - әлемдегі негізгі халықаралық
экономикалық интеграцияланушы елдер бірлестігінің жағдайын сараптау,
олардың әлемдік нарыққа,әлемдік шаруашылыққа әсерін талдау және оны жан-
жақты зерттеу.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде мен халықаралық экономикалық
интеграцияға толық түсінік беруге тырыстым. Соның ішінде оның сауда-
экономикалық одақтарын, оларға кіру салдарын, яғни оның интеграцияға
қатысушы-елге ықпал ететін жағымды немесе жағымсыз жақтарын, жан-жақты
зерттеуге тырыстым.
Екінші бөлімінде посткеңестік кезеңнен бастап, қазіргі кездегі
әлемде болып жатқан сан алуан интеграциялық даму деңгейлеріді
қарастырып,жалпылама шолу жасауға тырыстым.
Үшінші бөлімімді мен еліміздің қазіргі әлемдік экономикалық
байланыстардағы алатын орнын, оның атқаратын рөлін көрсете отырып, біздің
еліміздің интеграциялық бірлестіктерге кіруі әлемдік интеграциялану
жүйесіне қаншалықты өз әсерін тигізетінін баяндап беруге тырыстым.

І. Халықаралық экономикалық интеграция.

1.1.Халықаралық экономикалық интеграция түсінігі және мәні.

Интеграциялық даму деңгейлерідің дамуы халықаралық тауар айырбасы
мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі
болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу
байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары
қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру
мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси
келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің
қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен
байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің
халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс
факторларының(капитал,жұмысшы күші,технология) халықаралық қозғалысының әр
түрлі формаларымен толықтыра бастады.
Сонымен, интеграция (латын тілінен integer - толық) – экономикалық
тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара
байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық
байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану,
капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы
экономикалық іс-әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын
көрінеді.
Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз – экономиканың өзара
бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі. Бұл халықаралық
интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық,
құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын
түсіндіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция шаруашылық өмірдің
интернационализациялануы процесінде ерекше кезең болып табылады.
Халықаралық интеграция – бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден
тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі.
Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни
өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның
алғышарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда
қалыптасады.
Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай
алғышарттарын бөліп көрсетеді:
• Интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық
дәрежесінің бірегейлігі;
• Елдердің жағрапиялық жақындығы ортақ шекараларының және тарихи
қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы;
• Экономикалық интеграция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ
сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру,
ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі;
• Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі
бір экономикалық жетістіктерге жетуі(экономикалық өсудің
қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудіңөсуі
және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі
олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда.
• домино эффектісі Осы және басқа региондағы көптеген елдер
интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның
сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық бағыт-
бағдарға байланысты щарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз
байқап көреді.
Интеграцияның алғышарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі
таңдағы жағдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі және тұтасуы
көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік
ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық
ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс табады. Мұндай елдер
үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді
пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық
зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік туғызады.
Қазіргі халықаралық экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз
көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды:
1) Масштабтың экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб
экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді,
трансакциондық шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты
қамтамасыз ету.
2) Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық
бірлестіктердің басты мақсаты
саяси,әскери,әлеуметтік,мәдениеттік және басқа экономикалық емес
облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара
түсінушілігін нығайту болып табылады.
3) Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция БСҰ-ға мүше
болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде
позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады.
4) Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына көмектесу.
5) Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау.
Жалпы алғанда, интеграциялық даму деңгейлеріге экономикалық
себептер ғана емес, сондай-ақ саяси өзгерістер де әсер етеді. Бұл әсіресе,
әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерде өндіргіш
күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы
метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтақ
экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы
дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды
түрде жүріп жатыр.

1.2. Халықаралық экономикалық интеграцияның сауда-
экономикалық одақтары.

Интеграциялық даму деңгейлерідің дамуы олардың белгілі бір құқықтық
негізде бекітілуін талап етеді. Басқаша айтқанда, елдер сауда-экономикалық
одақтарды құру жөнінде келісім жасайды.
Мұндай одақтардың негізгі түрлерін атап көрсететін болсам, олар:
❖ Еркін сауда аймағы;
❖ Кедендік одақ;
❖ Ортақ одақ;
❖ Экономикалық одақ;
❖ Толық экономикалық интеграция.
Аталған одақ түрлердің әрқайсысына сипаттама беріп өтейін.
Еркін сауда аймағы дегеніміз келісімнің бір түрі, яғни оған
қатысушылар кедендік тарифтер мен квоталарды өзара алып тастау жөнінде
келіседі. Сонымен бірге еркін сауда аймағының әрбір қатысушысы үшін елге
қатысты өзіндік саясатты жүргізуге құқылы.
Кедендік одақ. Бұл одақтың және сауда аймағының арасындағы негізгі
ерекшелік мынада: яғни қатысушы мемлекеттер өзара сауда кезінде тарифтер
мен квоталарды алып тастаумен ғана қоймай, сонымен бірге үшінші елдерге
біртұтас квоталар мен тарифтерді белгілейді.
Кедендік одақ сауда-экономикалық одақтың қисынды түрде аяқталған
формасы болып табылады. Ол халықаралық сауда сферасымен шектеле отырып,
интеграциялық топтамалардың күрделі формаларына көшуді қажет етеді.
Ортақ одақ. Сауда-экономикалық одақтың бұл түрі қатысушы елдер
арасында өндірістің барлық сфераларының еркін қозғалуына әсер ететін
барлық кедергілерді жоюды көздейді.
Өндіріс факторлардың белгілі бір топ ішінде еркін қозғалуы
мыналардың болуына ықпал етеді:
1. Жиынтық ресурстардың өте рационалды пайдалануына;
2. Еңбек бөлінісі мен өндіріс специализациясының дамуына;
3. Өндірістік құрылымдардың оптимизациясына және т.б.
Сонымен бірге, ортақ нарыққа кіруші мемлекеттердің жүргізіп отырған
экономикалық саясаттарындағы айырмашылықтар(осы аталғандардың толық жүзеге
асуына) кедергі жасап отыр.
Экономикалық одақ – бұл форма қатысушы елдердің келісілген
экономикалық саясаты арқылы жоғарыда тап өтілген қарама-қайшылықты жоюға
ықпал етеді.
Мынаған көңіл бөлетін болсақ, экономикалық саясатты келісу процесі
белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, ол өзіндік логика шеңберінің тығыз
байланысуын талап етеді. Бұл процесс сауда-экономикалық одақтың кешенді
және күрделі формасы болып табылады.Атап айтқанда, толық экономикалық
интеграция шеңберінде өзінің белгілі бір логикалық атауы болып табылады.
Толық экономикалық интеграция - бұл жағдайда келісім процесі
жөніндегі мәселе емес, сонымен бірге іс жүзіндегі біртұтас экономикалық
саясатты жүргізу мәселесі қарастырылады. Ол қатысушы елдердің шаруашылық
субъектілерінің қызмет етудің заңдылық базасын унификациялауды талап
етеді.
Бұл кездегі ең негізгі шарттарды атап өтетін болсам:
➢ Ортақ салық саясаты,яғни топқа кіруші барлық елдерде бірдей
немесе ұқсас салық ставкалары болады.
➢ Біртұтас стандарттар, мысалы: азық-түлік өнімдеріне арналған
консерванттар, пайдаланылған газдың улылығына қойылатын
талаптар, құрал-жабдықтардың өлшемі және т.б.
➢ Техника қауіпсіздігінің біртұтас ережелері;
➢ Біртұтас еңбек заңдылығы, яғни жұмысқа қабылдау мен одан
шығарудың ережелері, біртұтас зейнеттік жас;
➢ Біртұтас монополияға қарсы күрес заңдылығы және оны қолданудың
біртұтас тәжірибесі;
➢ Жаңа фирмаларды құру мен тіркеудің жаңа ережелері.
Толық экономикалық интеграция формасындағы сауда-экономикалық
одақтың маңызды компоненті – бұл монетарлық саясаттың унификациясы. Ол
біртұтас орталық банкі және де валюталық біртұтас аймақтың валюталық
жүйесі бар валюта одағын құруға септігін тигізеді.
Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтердің ірі тапсырыс берушісі бола
отырып, толық экономикалық интеграция шеңберінде мемлекет сәйкес келісім-
шарттарды бекіту кезінде отандық фирмаларды таңдауға құқығы жоқ, бірақ ол
келісім-шарттың өте тиімді шарттарын ұсынатын компанияны таңдауға
міндетті.

1.3. Елдердің сауда-экономикалық одаққа кіруінің экономикалық
салдары.

Кез келген елдің сауда-экономикалық одаққа бірігуі ол елдің
экономикалық қызметтің параметрлеріне белгілі бір әсерін тигізеді.
Мемлекеттік интеграциялық топқа кіру салдары екі негізгі бағыт бойынша
жүргізіледі:
- Статистикалық талдау;
- Динамикалық талдау.
Осы талдаулардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық.
Статистикалық талдау шеңберінде сауда-экономикалық одаққа кіру
салдарының екі варианттын атап көрсетуге болады:
▪ Ағымды туындатушы эффект;
▪ Ағымды ығыстырушы эффект.
Ағымды туындатушы эффект дегеніміз елдің интеграциялық топқа бірігуі
салдарынан оның сұранысы мен ұсынысының – жоғары шығындары көбірек
өндірушіден жоғары шығындары азырақ өндірушіге ауысуы. Бұл жерде тек қана
өндіріс шығындары қарастырылады. Мысалы, тасымалдау шығындары мен
трансакциялық шығындар нолге теңестірілген.
Ағымды ығыстырушы эффект дегеніміз сауда-экономикалық одаққа кіру
нәтижесінде сұраныс пен тұтынудың өте төмен шығындары бар, одақтан тыс
орналасқан өндірушілерден өте жоғары шығындары бар, бірақ одақ мүшесі
болып табылатын өндірушіге қарай ауысуы немесе ығысуы.
Осы жерде мынадай сұрақтар туындайды: Интеграциялық топқа бірігудің
ең ықтимал сандары қандай? Эффекттердің қай түрі бұрын туындайды?
Екінші вариант мынандай жағдайларда туындауы ықтимал, егер: одаққа
мүше емес үшінші елдерге қатысты импорттық салықтар өте жоғары болса.
Бұл жағдайларда олардың қатысушы елден шығарылатын импорт бағасы
аутсайдер-елден шығарылатын импорт бағасынан төмен болады, өйткені
аутсайдер-ел осы тауар өндірісінде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.
Статистикалық талдаудың бір маңызды кемшілігі бар. Оның мәні мынада,
яғни сұраныс пен ұсыныс қисықтары – экспорттық операциялардың сипаты мен
бағытының өзгеруіне байланысты өзгермейді. Шынайы өмірде, егер ел сауда-
экономикалық одақтың белгілі бір түріне ену жөнінде шешім қабылданса, онда
сұраныс пен ұсыныс қисықтары міндетті түрде өзгеруі тиіс. Басқаша
айтқанда, одаққа кіру өте үлкен мәнге ие. Бұл әсер ұлттық экономика үшін
жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Осы альтернативалық варианттардың әрқайсысын қарастырайық.
Одаққа енудің төмендегідей артықшылықтары бар:
1. Нарық көлемінің ұлғаюы отандық фирмаларға өндіріс масштабын
ұлғайтудан сәйкес эффект алуға мүмкіндік береді. Бұл фактор
кішігірім елдер үшін өте маңызды болып табылады., өйткені осы
елдер нарық көлемін ұлғайтуда мүдделі болып келеді.
2. Халықаралық сауданың және сыртқы экономикалық қызметтің басқа
да күрделі формаларының кеңейтілуі одаққа қатысушы елдердің
өндірістік және өндірістік емес құрылымының (автомобиль және
темір жолдары, қаржылық қызметтер және т.б.) жақсартуына жағдай
жасайды.
3. Белгілі бір жағдайларда одақтың қызмет ету шығындары өте жоғары
болуы мүмкін.
Сауда-экономикалық одаққа енудің төмендегідей негізгі кемшіліктері,
яғни кері салдары бар:
• жағдайлардың белгілі бір ағымында елден ресурстар ағылып кетуі
мүмкін;
• егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы
өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе,
онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы
мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы
мүмкін;
• кей жағдайда өте үлкен компанияларды құрумен байланысты өндіріс
масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни
шектен тыс бюрокраизация және басқа да факторлар әсерінен олар
тиімсіз болып қалады.

ІІ. Әлемдегі интеграциялық даму деңгейлері.

2.1. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық даму деңгейлері.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға – Кеңес
Одағының ыдырауы болып табылады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің алдында
қоғамдық өмірді қайта құру, көпжылдар бойы қалыптасқан экономикалық және
гуманитарлық қатынастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттілікті
қалыптастыру мен нығайту мәселелрі пайда болды. Посткеңесттік
кеңістіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршіл-бюрократиялық басқарудың
әкімшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты тауармен қанықтыру
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
Экономикалық интеграция
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАЙЫНДА
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Пәндер