ЭЕМ регистрлары



КІРІСПЕ

ІІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 ЭЕМ.нің негізгі бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2.2 Іштей орналастырылған ЭЕМ.дер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Дербес ЭЕМ.дер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.4 Мектеп ЭЕМ.інің жұмысы кезіндегі информация
ағымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5 ЭЕМ.де информацияны өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 ЭЕМ . есептеуіш машина ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.2 Жуықтап есептеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3 Функция түбірін кесіндіні қақ бөлу әдісімен есептеу ... ...13.14
3.4 Трапециялар әдісімен интегралды жуықтап есептеу ... ... ... ..14
3.5 Монте.Карло әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғыларды құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абакты – орыс есеп шотына ұқсас құрылғыларды пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардың бірі – математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар, берілген программа бойынша автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар, шарманкалыр т.с.с) дамыды.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы) есімімен байланысты. Лейнбицтің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре тырып, Беббидждің өзі аналитикалық деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша, Беббидждің машинасы алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын қайсыбір шарт сақталғанда ғана орындау мүмкін болатын. Беббидж машинасына байланысты программалаушы мамндығы пайда болды.
1. А.В.Кузин Архитектура ЭВМ – Москва Форум- Инфрам-М 2006
2. Савета Н.Н Периферийные устройства ЭВМ. – М.: Высш.шк.,1987
3. Иванников А.Д Моделирование микропроцессорных систем.- М.: Энергоатомиздат,1990.
4. Шульгин Л.Л Задачи по программированию. Караганда1998.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Қолданбалы
информатика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ЭЕМ регистрлары

Тексерген аға
оқытушы: Батырхан С.К.

Орындаған: Малдыбаева Л.Т.

Алматы 2008-жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ІІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 ЭЕМ-нің негізгі
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.2 Іштей орналастырылған ЭЕМ-
дер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Дербес ЭЕМ-
дер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
2.4 Мектеп ЭЕМ-інің жұмысы кезіндегі информация

ағымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
2.5 ЭЕМ-де информацияны
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..11

ІІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 ЭЕМ – есептеуіш
машина ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .12
3.2 Жуықтап
есептеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
3.3 Функция түбірін кесіндіні қақ бөлу әдісімен
есептеу ... ...13-14
3.4 Трапециялар әдісімен интегралды жуықтап
есептеу ... ... ... ..14
3.5 Монте-Карло
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17

Кіріспе
Есептеуіш техниканың қысқаша тарихы

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне
көмекші әр түрлі құрылғыларды құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V
ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абакты – орыс есеп шотына ұқсас
құрылғыларды пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардың бірі –
математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды
қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық
құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және философ Готфрид
Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және
басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз
болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар, берілген программа бойынша
автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар,
шарманкалыр т.с.с) дамыды.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX
ғ. ортасы) есімімен байланысты. Лейнбицтің механикалық арифметикалық
машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре тырып, Беббидждің
өзі аналитикалық деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске
асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша, Беббидждің машинасы
алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды
сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға
жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық
амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын
қайсыбір шарт сақталғанда ғана орындау мүмкін болатын. Беббидж машинасына
байланысты программалаушы мамндығы пайда болды. Дүние жүзінің алғашқы
программалаушысы ақын Дж Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс
жазған программалар қайсыбір сандық функциялардың мәндерін есептеуге
арналды.
XX ғ. 30-жылдарының аяғында американдықтар Дж Атанасов (шыққан тегі
болгар) пен К. Берри ЭЕМ жасап шығарды, онда электронды зерде және қосу мен
азайтуға арналған электронды құрылғы, оларға қоса біраз механикалық
бөліктер болды. Бұл машина әлде де болса әмбебеп емес еді, алайда оның
пайдалану салалары механикалық арифмометрмен салыстырғанда әлдеқайда кең
болды. 1942 ж. Атанасов – Берри ЭЕМ –нің жетілдірілген моделін жасады, ол
ең алдымен сызықтық теңдеулер жүйесін (30-ға дейін белгісізі бар 30
теңдеуден тұратын) шешуге арналды.
40-жылдардың аяғына дейін бұлардан қуаттырақ және жетілдірілген біраз
басқаша машиналар жасалды. 1946 ж. Үш американдық ғалымның – Дж. Фон
Нейман, Г.Голдстайн, А.Бернстың – ғылыми мақаласында әмбебеп ЭЕМ
құрастырудың негізгі принциптері баяндалған, онда өңделетін мәліметтерді
сақтауға және есептеу программасын сақтауға ортақ бір ғана зерде
пайдаланылатын. Осы принциптер іске асырған алғашқы машина – EDSAC ЭЕМ –
1949 ж. Англиядағы Кембридж университетінде М.В.Уилкстың басқаруымен
жасалды. Бір жылдан соң АҚШ-та әмбебеп EDVAC ЭЕМ жасалды.
Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы Сергей
Алексеевич Лебедев болды. Оның басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды:
1951ж. Киевте – МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) және 1952 ж.
Москвада – БЭСМ (Быстродействующая Электронная Счетная Машина). БЭСМ-мен
бір уақытты дерлік М-2 және Стрела ЭЕМ-дері жасалды.
50-жылдардың ортасынан бастап есептеуіш техниканың күрт дамуы
басталды. Қазір дүние жүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютерлер,
ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған, ойынға арналған, үй
тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді. Қоғамның даму деңгейі энергияны
меңгеру шамасымен: жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның
жұмыс өнімділігі, дүние жүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігі және
т.б. анықтала бастады.
Жалпы ЭЕМ-нің дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. Ол кезеңдер шартты
түрде алынған.
50-60 жылдар 1-ші даму кезеңі.Бұл уақытта ЭЕМ радиодетальдардан,
вакуумдық шамдардан жасалған оперативті жады ретінде сынақтық бағаналарда,
электронды сәулелік түтікшелерде және т.б. элементтер қолданылған.
60-70 жылдар 2-ші даму кезеңі. ЭЕМ жартылай өткізгішті диод,
транзистор, трансформаторлар т.б. эллементтерден жасалады.
80 жылдар 3-ші даму кезеңі. ЭЕМ үлкен және өте үлкен интегралды
микропроцессорлардың схемаларында қолданылған.
90 жылдар 4-ші даму кезеңі. ЭЕМ көптеген білімді өңдейтін эфективті
жүйелермен микропроцессорлармен бірге
90-шы жылдан ары қарай 5-ші даму кезеңі.Микропроцессордың
архитектурасы паралельді түрде ұйымдастыруы, конвейрлік технологиялардың
дамуы.
XXI ғасырдың басында есептеу машиналары адамсыз жұмыс атқара алатын
өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін берді. Мыслы:
• болашақтың фабрикаларында қолмен істемейтін жұмыстардың бәрін
роботтар орындайды;
• адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлату;
• жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік
береді;
• оқу, жазу, есептеу, сурет салу және ақпарат өңдеу жолдарын меңгеру.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды
талап етеді, яғни ол мәдениеттің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің
негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу керек, олар:
• мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және
ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу;
• есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындау мен алынған нәтижелерді
талдау тәсілдерін, әр бір адамның жетік меңгеруі болып табылады.
Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге
барып тіреледі.

ІІ Теориялық бөлім
2.1 ЭЕМ-нің негізгі бөліктері

ЭЕМ – информация өңдеуге арналған әмбебеп машина. Сондықтан, егер біз
қандай да болмасын жағдай жөнінде бірдеңе білгіміз келсе (информация
алғымыз келсе), онда осы жағдайды ЭЕМ-де модельдеуге тырысамыз да, қажетті
информацияны нақтылы жағдайды талдау арқылы емес, информациялық модельді
талдау арқылы аламыз.
Кез-келген ЭЕМ-құрамына процессор ,зерде,информацияны енгізу және
шығару құрылғылары кіреді.
Процессор тікелей информацияны өңдеумен айналысады – бұл, былайша
айтқанда, ЭЕМ-нің миы. Процессордың негізгі сипаттамалары - әрекет тездік
(бір секундта орындалатын амалдар саны) және разрядтылық. Разрядтылық бір
амал орындалғанда процессордың өңдейтін информация көлемін сипаттайды: 8-
рарядты процессор бір амал орындағанда 8 бит (байт) информация өңдейді.
ЭЕМ-нің оперативті зердесінде (ОЗҚ) өңделетін информация, оның өңдеу
программасы, аралық мәндер және жұмыс нәтижелері екілік түрде сақталады.
Оперативті зердеден басқа ЭЕМ-де тұрақты зерде (ТЗҚ) болуы мүмкін, оның
ішіндегісі оны жасайтын зауытта орналастырылады да, одан кейін
өзгертілмейді. Зерденің негізгі сипаттамасы- оның көлемі (есте сакталатын
информацияның мөлшері).
Енгізу және шығару құрылғылары ЭЕМ зердесіне информация енгізуді және
оны сыртқы шығаруды, яғни сыртқы дүниемен информация алмасуды қамтамасыз
етеді. Мектеп ЭЕМ-дері үшін мұндай құрылғылардын ең маңыздысы- монитор
немесе экран. Экрандағы бейне және желе нүктелерден құралады. Бұл
нүктелердің саны неғұрлым көп болса, экрандағы бейненін сапасы соғұрлым
жоғары болады. Бейнені есте сақтау үшін арнайы зерде-бейне зердесі
қолданылады.

2.2 Іштей орналастырылған ЭЕМ-дер

ЭЕМ әртүрлі өнеркәсіптік, ғылыми, әскери, тұрмыстық құралдарға іштей
орналастырылып, осы құралдарды автоматты басқаруды іске асыруы мүмкін.
Мысалы, жеңіл автомобильдің от алу жүйесіне іштей орналастырылған ЭЕМ
двигательдін айналу санына, суытатын сұйықтын температурасына,
“газ”педальінің жағдайына және бірқатар басқа параметірлерге байланысты
двигатель целиндріндегі жанармай қоспасы тұтаудың ең тиімді уақытын тұрақты
түрде анықтап отырады. Бұл ЭЕМ үшін информацианы енгізу құрылғысы болып
табылатындар- двигтельдің айналу санын анықтағыш, температура өлшегіш және
басқалар,ал шығарылатын информация от алуды басқаратын блокқа келіп түседі.
ЭЕМ зердесінде от алудың тиімді уақытын таңдаудағы процессор жұмысының
программасы, датчиктерден алынған ағымдағы информация, сонымен қатар
процессордың программамен жұмыс істеу аралық нәтижелері сақталады.

2.3 Дербес ЭЕМ-дер

Дербес ЭЕМ адаммен диалог жасап жұмыс істеуге арналған. Мұндай ЭЕМ-
нің енгізу және шығару құрылғылары адам мен ЭЕМ-нің арасындағы информация
алмасудың ыңғайлы түрін қамтамасыз етеді. Ондай құрылғылар
- клавиатура;тышқан ;монитор (немесе экран):басу құрылғысы (немесе
принтер);сыртқы зерде.
Клавиатура информацияны адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған және ол
кадімгі басу машинкасының клавиатурасына ұқсайды.
Тышқан да информацияны адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған.Тышқан –
кішкене қорапша, оны адам үстел үстінде қозғалта алады және ол осындай
қозғалыс кезінде ЭЕМ-ге сигналдар жібереді. Осындай құрылғыны пайдаланып,
мысалы, ЭЕМ-ге суреттерді енгізуге болады – сол үшін суретті үстелге қойып,
оны тышқанмен айналып шығу жеткілікті.
Монитор информацияны (текстер мен бейнелерді) ЭЕМ-нен адамға беруге
арналған. Басқаша айтқанда, монитор – кәдімгі телевизор, тек ондағы бейнені
ЭЕМ салады.
Бас құрылғысы информацияның ЭЕМ-нен адамға қағазға басылған текстер
мен бейнелер түрінде беруге арналған.
Магниттік дискілердегі сыртқы зерде информацияның үлкен көлемін
сақтауға және қайта шығаруға арналған. Сыртқы зерде, сонымен қатар,
информацияны ЭЕМ өшіп тұрған кездері сақтауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы құжаттар. құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Процессор - компьютердің орталық құрылғысы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
1С бухгалтерия бағдарламасы
Көпқозғалтқышты синхронды айналатын микропрофессорлы басқарылатын асинхронды электр жетегі
Бухгалтерлік құжаттар туралы
Демография ғылымының пәні мен әдістері
Микроконтроллерлардың құрылымы және жұмыс істеуі
Дербес компютердің анықтамасы
Пәндер