Тауарлық бәсекелестік



І. Бәсекелестік, оның мәні және ұғымы
ІІ. Жетілген және жетілмеген бәсеке
ІІІ. Монополия
ІV. Олигополия
V. Монополистік бәсеке
VI. Монопсония
Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Р е ф е р а т

Тақырыбы: Тауарлық бәсекелестік

Орындаған:
Тексерген:

Ж О С П А Р

І. Бәсекелестік, оның мәні және ұғымы
ІІ. Жетілген және жетілмеген бәсеке
ІІІ. Монополия
ІV. Олигополия
V. Монополистік бәсеке
VI. Монопсония

Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда
тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы
жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе
капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі.
Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей –
берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер
бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы
ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне
қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке
тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат
төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым
көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды
да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар
өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады.
Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке
тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға
итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен
капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі
капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып,
өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара
монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады.
Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені
құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге
енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде
империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке
тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген
болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен
монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың
мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда
жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға
ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз
кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға
күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске
жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының
мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың
монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші
құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру
жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы
мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. Капиталистік
кәсіпорындардың бәсеке тартыста жеңіп шығуы, сайып келгенде, пайда
нормасының шоғырлануы мен пайда мөлшерінің көбею арқылы өлшенеді.
Бұған жету үшін монополиялар өз бәсекелестіктерін күйзеліске
ұшыратуға немесе оларды бағындырып алуға, өз тарауын тиімді сатып
өткізуге жағдай жасауға тырысады. Бірақ алып монополиялар өзара
бәсеке тартыста бірін – бірі күйзеліске ұшырата да не бағындыра да
алмайды. Олар бірімен – бірі келісім өз кәсіпорындарының техникасын
жетілдіре түсуге ұмтылады. Бұл үшін пайданың қорлануға кететін
бөлігін көбейтуге, демек таза пайданың үлесін тиісінше кемітуге
мәжбүр болады. Өте қатал бәсеке жағдайында жеңіске жету үшін
монополияның кейде таза пайданың едәуір бөлігін өндірістің техника
дәрежесін көтеруге жұмсауына тура келеді. Бұл капитализмнің жаңа
бір қайшылығы болып табылады.
Мемлекет монополиялық капитализмнің дамуына байланысты күрестің жаңа
формалары кеңінен өріс ала бастады. Бұрын тек жеке капиталистік
кәсіпорындардың арасында ғана жүргізілетін бәсеке тартыс енді мемлекет
кәсіпорындарға да қарсы жүргізуге көшті. Бір тиіптес тауар өндіретін
мемлекет кәсіпорын мен жеке кәсіпорын соқтығысып қалғанда, көбінесе
мемлекетті кәсіпорындар, әдетте ірі және олар неғүрлым азот техникамен
жарақаттанады, сонымен қатар мемлекет бюджетпен көмек көрсеткендіктен,
олардың базасы мықты келеді.
Бәсекелестер әріптесін жеңіп шығу үшін бәсеке тартыстың сан
алуан әдістерін – демпинг, байкот бәсекелестерін шикізаттан,
кредиттен, транспортты пайдаланудан қағыс қалдыру, тіпті
бәсекелестерінің кәсіпорындарына диверсия, зиянкестік жасау
әрекеттерін де қолданады.
Бәсеке тартыстан түбірінен өзгеше, мұнда өндірушілер мен
кәсіпорындар бірімен – бірі берік ынтымақты болады, біріне – бірі
қолтықсыз көмек көрсетіп отырады.

Жетілген бәсеке

Бәсекенің үнемді тиімділігі қатысушылар саны мен жасап жатқан
жағдайлардан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Осыған
байланысты бәсекенің екі түрі болады.
1. Жетілген
2. Жетілмеген
Жетілген бәсеке дегеніміз өндірістің ең жақсы жағдайларын өнім
өткізу үшін нарыққа қатысушының арасындағы күрес. Жетілген бәсеке
дегеніміз мына шарттарда орындалатын нарық түрі.
1. Нарықта көптеген ұсақ фирмалардың болуы
2. Біртектес өнім өндіреді.
3. Нарық бағасына әсер етпейді
4. Баға, технология және пайда туралы ақпараттарға жл ашады.
5. Фирмалар нарықтан оңай шығып, оңай кіреді. Жетілген бәсеке
нарығында фирмалар өз өнімінің бағасын тұрақты, ал өнім көлемінен
тәуелсіз деп қарастырады. Жетілген бәсеке нарығында жеке өндірушінің
сұраным қисық сызығының көлбеуі тіке болады. Егерде фирма нарықты
бағадан, жоғары сататын болса, сатып алушыларын жоғалтады. Өнім
бірлігі тұрақты бағамен сатылмағандықтан баға шекті табысқа тең
болады. (МR)

P = MR

Қосымша өнім бірлігіне тең болатын табыстарды шекті табыс (МR)
деп атайды. Жетілген бәсекеде өнімді көп фирмалар өндіреді.
Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі болады. Капиталдың ауытқуына
саларалық шектеудің жоқ болуы. Толық хабарлылық, яғни өндірушілер
мен тұтынушылар нарықты жете біледі. Бағада бақылау болмайды.
Нақтылы өмірде жетілген бәсеке жағдайында, негізінен, ауыл
шаруашылығы дамиды. Көптеген өндіруші өнеркәсіп үшін азайып бара
жатқан орташа шығындар тән. Олардың тұрақты төмендеуі жағдайында
бір немесе бірнеше фирмалар өздерінің өнімдерін сондай деңгейге
ұлғайтады, ал саланың өнімі нарықтың жетекші бөлігіне айналады.
Мұнда үш түрлі болуы мүмкін: біріншіден, фирма саладағы бірден – бір
үстемдік ететін монополистік; екіншіден, бірнеше ірі сатушы
фирмалар олигополистер бірігіп үстемдік жасайды; үшіншіден,
бәсекенің бірнеше түрлерін пайдаланады, олар экономикалық жетілген
бәсеке үлгісінен ауытқыған және тұрақты, не аралық бағалар соғысы
жағдайында дамиды.
Жетілген бәсекелі нарық – шекті шығындармен өндірілген тауарларды
төлей алатын доллар дауыстары бар адамдарды іріктеп алу
механизмі. Өте жақсы жағдайда нәтиже ресурстарды бөлу тиімділігін
қамтамасыз етеді, мұнда бір тұтынушы үшін пайдалылықтың өсуі екінші
адам үшін оның төмендеуі арқылы жүреді. Ал әл – ауқатта ең жоғары
шек пен ресурстарды бөлудің тиімділігіне жету үшін әрбір сала
шекті шығындар мен шекті пайдалылықты теңестіру керек. Бәсеке
нарықтық баға мен шекті пайдалылықты теңестіру арқылы ресурстарды
бөлу тиімділігіне жеткізудің кепілі бола алады. Жетілген бәсеке
өндірістің барлық факторларының бір саладан екінші салаға еркін
сақталуына жол ашады. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында,
неоклассикалық мектеп атап көрсеткендей, нөлдік пайдаға деген
тенденция анық көрінеді. Нөлдік пайданың жоқ болуы емес, тек
пайданың әдеттегі деңгейде болуы. Жетілген бәсекенің екі себебі бар:
біріншісі, белгілі жағдайда жетілген бәсеке ресурстарды бөлуде
тиімділікке жеткізеді, қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамның
шектелген ресурстарын сүліктей сорады. Екіншіден, бәсекелі
экономикаға талдау оңтайлы, демек, түсінуге оңай. Бидай, жүгері,
ет, бұршақ және тағы сол сияқты шаруашылық өнімдері осындай
жетілген бәсекелестіктегі нарықтарда сатылады. Осы сияқты темір
рудасы мен мыс және мұнай шикізаттары да осындай нарықта сатылады.
Жалпы айтқанда, бәсекелестіктің неғұрлым жоғары болғаны әрқашанда
тұтынушыларға тиімді болады. Алайда, жетілген бәсекелестік
өнеркәсіптің барлық салалары мен іс - әрекеттің барлық ортасында
бола бермейді.

Жетілмеген бәсеке

Бәсекенің екінші бір түрі жетілмеген бәсеке. Жетілмеген бәсеке –
тұтынушылар немесе сатушылар бағаға әсер ете алатын нарық жағдайын
айтады. Жетілмеген бәсекеде өнімді бір ғана фирма өндіреді. Бағаға
бақылау дәрежесі өте жоғары болады. Жетілмеген бәсекелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның маркетингтік іс әрекетін ұйымдастыру
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Ұлттық бренд
Брендинг туралы
Кәсіпорынның тауарлық стратегиясының теориялық негіздері
Кәсіпорын қызметінде маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер
Инновациялық маркетингтік технологиялар арқылы қр-ның ұлттық брендін құру және оны жылжыту үшін түйе сүтінен жасалған «botakan» өнімдерін отандық ерекше өнім ретінде таныту
Маркетингтің мәні
Пәндер