Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері ... ... ... ... 11
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата . аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата.аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата.аналардың ынтымақтастық формаларды жүргізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе

Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру аса маңызды педагогикалық проблема болып отыр.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің тәрбиелік функциясы осында.
Мектептің тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында класс жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Сынып жетекшісінің жұмысы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселердің бірі: баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн кестесі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
- Отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, бір-бірінің көз-қарасын білуі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне жауапкершілігі.
- Қоғамға көз қарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие мекемелеріне қатысты.
- Үй – ішіндегі тәрбиелік потенциалы: ондағы қалыптасқан тәрбие, қолданылатын әдістер, ата – аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата- аналардың, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – сынып жетекшісінің оқушылар үйіне баруы. Мақсаты, оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген мектеп бағдарламаларын жете зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған ғылыми негіздерінің жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үйлестіруді іске асыру болып отыр.
Дегенмен, сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы жұмыстар әліде болса өз деңгейінде педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілмейді. Клас жетекшілер көп жағдайда ата-аналар мен оқушылар арқылы немесе оқушы тарапынан бұзақылық жасаған уақытта кездеседі, жүйелі түрде ата-аналарға педагогикалық көмек беру сияқты тәрбие жұмысының комплексті түрде іске асырылу талабы сақталып отырылмайды. Сол себептен көптеген мектептерде оқушылар арасында нашақорлыққа, атыстарға душар болып жүрген оқушылар баршылық. Осындай мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің жұмысындағы қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер тәрбие жұмысының сапасын жақсарту міндетін барлық білім беру жүйесіне үлкен міндет артып отыр.
Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып біз курс жұмысымыздың тақырыбын «Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастық формалары» деген тұжырымға келдік.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. - Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тэжірибелері.-А., 1991.
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тэрбиелеудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1985.
4. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тэрбиенің жалпы әдІстері. - А.,1991.
5. АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. - А., Өнер. 1972.
6. Ахметов Ж. Балаларды мэдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.
7. Алмаханова X. Жас өспірімдерге эстетикалық тэрбие бері. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
8. Ақназаров Б. Класс жетекшісі. - А., Мектеп, 1973.
9. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тэрбие беруді жетілдіру.- А.,1992.
10.Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. - А., 1999.
11.Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылықтэрбиесі. -Шымкент 1994.
12,Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. - Алматы, 1988.
13.Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. - Алматы, 1997.
14.Әбиев Ж. Окушыларга атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі , 1959. №3.
І5.Әбілова Зоқушыларға эстетикалық тэрбие беру. - А., 1972.
І6.Әбілова 3. Этнопедагогика - А., 1997.
17.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз.мем. 1-1996. 18.Болдырев Н. Мектептегі тэрбие жұмысының методикасы. -- Алматы, 1987. Ш-ҮІтарау.
19.Болдырев Н. Класс жетекшісі. - А., Мектеп, 1980. 20.Богословский В. т.б. Жалпы психология - А., Мектеп, 1980, 13 тарау. 21.Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи -әдеби кештер. - А., Мектеп, 1968.
22.Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. - Алматы, 1973.
23.Бержанов Қ., С.Мусин. педагогика тарихы. - А., Мектеп, 1984.
24.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен
түрлері ... ... ... ... 11
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...15

II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы
түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп
жүргізетін
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-
аналардың ынтымақтастық формаларды
жүргізілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .32

Кіріспе

Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін
мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және
тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру аса
маңызды педагогикалық проблема болып отыр.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас
ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы
өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамнан бөлініп, өз
бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне,
мектептің тәрбиелік функциясы осында.
Мектептің тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және
біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай,
сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие
жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында класс
жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп,
біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің
құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы
мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық
нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып
өсуінің негізі.
Сынып жетекшісінің жұмысы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің
одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте
жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық
жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық
қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер
стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің
жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен
мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің
кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын
үйлестіру.
Отбасында басты мәселердің бірі: баланың оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн кестесі, міндеттері, қойылатын талаптар,
оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
- Отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, бір-бірінің көз-
қарасын білуі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне
жауапкершілігі.
- Қоғамға көз қарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
мекемелеріне қатысты.
- Үй – ішіндегі тәрбиелік потенциалы: ондағы қалыптасқан тәрбие,
қолданылатын әдістер, ата – аналардың және басқа мүшелердің
педагогикалық мәдени дәрежесі.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-
аналардың, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен
отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген
мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты,
кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі
жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – сынып жетекшісінің оқушылар үйіне баруы.
Мақсаты, оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу,
оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме
өткізу, пікір алмасу.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген мектеп бағдарламаларын жете
зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған
ғылыми негіздерінің жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үйлестіруді іске
асыру болып отыр.
Дегенмен, сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы жұмыстар әліде
болса өз деңгейінде педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілмейді. Клас
жетекшілер көп жағдайда ата-аналар мен оқушылар арқылы немесе оқушы
тарапынан бұзақылық жасаған уақытта кездеседі, жүйелі түрде ата-аналарға
педагогикалық көмек беру сияқты тәрбие жұмысының комплексті түрде іске
асырылу талабы сақталып отырылмайды. Сол себептен көптеген мектептерде
оқушылар арасында нашақорлыққа, атыстарға душар болып жүрген оқушылар
баршылық. Осындай мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің жұмысындағы
қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер тәрбие жұмысының сапасын жақсарту
міндетін барлық білім беру жүйесіне үлкен міндет артып отыр.
Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып біз курс жұмысымыздың тақырыбын
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастық формалары деген тұжырымға
келдік.

І . Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық
негіздер
1.1 Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол
кластағы жұмыстарының ұйымдастырушы және оқушылардың ұстазы болып табылады.

Бұрынғы орта оқу орындарында оқушыларды тәрбиелеу міндеті ерлер
гимназиясында үйретуші ұстаздарына, негізінен, гимназистердің тәртібі мен
оқуына және жалпы саяси көзқарастарына бақылау жүктелген.
Жаңа мектептің құрылу жағдайында олардың бақылау фнкциялары саяси-
әлеуметтік міндеттерге жауап бермеді де ондай қызметтер қысқартылды.
Совет мектептері өмір сүре бастаған алғашқы жылдарда сабақ үстіндегі
және оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу барлық
мұғалімдерге жүктеліп, ол міндеттер жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп
саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және
мұғалімдердің жанұямен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс жұмыстары. Осы
жұмыстардың барлығына мектепте сынып жетекшісі басшылық жасайды,
көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз
етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық
қасиеттерінің қалыптастыруды, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын
дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың
ынтымақтастығын істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық
ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспары жасалып, оны басшылыққа
алады.
Мектептерде сынып жетекшісі деген қызмет алғашқы кезде болмады. Өмір
мұғалімдердің тәрбиешілік қызметін үйлестіруді және біріктіруді, әсіресе,
оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда тәрбиелеуді ұйымдастырудағы кемшілікті
жоюды талап етті. Сондықтан көптеген мектептерде 20-жылдары стихия түрде
тәрбие жұмыстарының жетекшілері пайда бола бастады. Олар оқу топтарына
бекітіліп, топ жетекшілері деп аталды. Топ жетекшілері негізінен
оқушылардың сабаққа қатысуымен үлгірімдеріне бақылау жасау міндеттерін
атқарды.
Мамандардың аздығына байланысты жаңа мектептерге ескі мектеп
мұғалімдері қабылданды. Әрине, олар жаңа идеологияны қабылдамаған болатын,
сондықтан олар (мұғалімдер) консультанттар міндетін атқарды, мектептерде
оқушылардың өзін-өзі басқару органы (оқушылар комитеті) болды. Біртіндеп
оқушылармен өткізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да дами бастады.
Сыныпқа бекітілген мұғалімдердің қызметтері де, жаңа бағыттары да өзгере
бастады.
1934 жылы топтар сыныптарға өзгертілгеннен кейін топ жетекшілері
сынып жетекшілері деп аталды. Сынып жетекшісі туралы ережені 1934 ж. 26
маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен бірге
сынып жеткшісінің қызметі де бекітілді. 1934 ж. бастап сынып жетекшісінің
қызметі енгізілді. Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру үшін 1966 ж. қаулымен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырудың қызметі енгізілді. Сынып жетекшісі оқушылар мен
сынып активін мектеп көлеміндегі өтілетін кейбір жұмыстарды бірігіп
ұйымдастырды.
Сынып жетекшісін тәжірибелі және беделді мұғалімдерден мектеп
директоры тағайындайды.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда
ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады.
Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара
байланысты тәрбие іс-шараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі
деп аталады. Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық
жұмысының бағыттарын қамтиды (саяси-идеялық, адамгершілік, дене,
эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.).
Жүйеден сынып жетекшісінің негізгі жұмыстары белгіленеді: сынып
жетекшісінің негізгі функциялары мен міндеттері Орта білім беретін мектеп
Уставында, Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық хатта анықталды.

Тәрбие мәселесінің басты міндетін шешу үшін сынып жетекшісі
оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек.
К.Д. Ушинский Адам-тәрбие нысанасы деген еңбегінде былай деп
жазған: Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда
педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек.
Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оқушылардың
мінезін, қабілетін білуі қажет. Балаларды зерттеп білу сынып жетекшісінің
өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты. Сондықтан, жеке шәкірттер
жайлы сынып жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет:
- оқушылардың денсаулығы;
- жанұядағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;
- оқушының ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
- мінез-құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейінін
т.б. психологиялық ерекшеліктерін;
- үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдас-жораларымен қарым-
қатынасын;
- моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;
- еңбекке көзқарасын;
- эстетикалық талғамдарын, қызығцларын, өнерге, әдебиетке ден
қоятындығын;
- интеллектуалдық дамуын;
- саяси сауаттылығын т.б.
- қоғамға көзқарасы: еңбекке және еңбек адамдарына құрметпен қарау.
- оқушының өзіндік тәрбиелік потенциалы: жанұядағы тәрбие, қолданылатын
әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени
дәрежесі.
Ата – ананың көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы
өте күшті, олардың тәрбие барысында ескеру қажет.
Жанұяның өзіне тән ерекше функциялары бар. Ол халықтың өсуі, адамзат
ұрпағын әрі-қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, үйелмен
мүшелерінің өзара және туған – туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А.С.Макаренконың,
Н.К.Крупскаяның, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде
кең түрде баяндалған.
Тәрбие процесі бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу
мәліметтеріне қарағанда жанұядағы тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының баеты
себебі үлкен адамдардың педагогикалық көз қастарының
қауқарсыздығынан болады.
Біздің халкымыздың жанұя жағдайында жас ұрпақ жетекші буын ата мен әже
іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, жанұя әке мен шеше негізі
иелері, жанұя қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір
тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл - ойдың орынды дүниетанымының,
талғамының денсаулық бағбанының, орынды тәртібімен мінез - құлықтық мектебі
болып табылады.
Сынып жетекшісі тек жеке оқушыларды зерттеп білу емес, сонымен қатар ол
сынып коллективінің ұйымдасқандығын, оқушылардың коллективтегі өзара қарым-
қатынасын зерттеп білуі қажет. Өйткені коллектив оқушыларды тәрбиелеуде
басты роль атқарады.
Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері. Оқушыларды зерттеп білуде сынып
жетекшісі әр түрлі тәсілдерді қолданады:
- бақылау тәсілі (сабақта, сембіліктерде, басқа да сыныптан тыс
жұмыстарда);
- әңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата-аналармен,
кітапханашымен, оқушының жолдастарымен, өзімен);
- анкеталардытолтыру толтыру тәсілі;
- құжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгірім
журналымен);
- оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет т.б.);
- табиғи эксперимент;
- тәуелсіз мінездемелерді қорыту тәсілі.
Зерттеуге қойылатын талаптар:
- зерттеу үздіксіз, жүйелі, жоспарланған түрде жүргізіліп отыруға
тиісті;
- оқушылардың тәрбиесі мен сабақ үлгірімін арттыруға бағытталған
зерттеу;
- зерттеу оқушылардың өмірі мен күнделікті табиғи жағдайында өткізіледі;
- оқушыларды білу үшін әртүрлі әдістерді қолдану керек;
- оқушылардың мінез-құлқының бір жақты емес, жан-жақты зерттеу;
- зерттеу оқушылардың тұрмыс жағдайларымен танысуды көздейді.
Оқушыларды зерттеу нәтижелері педагогикалық мінездемелерде жинақталады.
Мінездеме де сынып жетекшісі оқушының жалпы дамуын көрсетеді. Оның оқу
ісін, еңбек және қоғамдық белсенділігін, мінез-құлқының негізгі белгілерін
бағалайды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілері барлық сыныптарда
оқушыға мінездеме жазады. Мінездеме нәтижелерін қорытуға көмектеседі және
тәрбие жұмысын жеңілдетеді.
Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру.
Сыныптағы тәрбие жұмыстарын сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен бірлесе
отырып жүргізеді. Мұғалімдердің оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктерін
байқайды, олардың талаптары мен оқушылармен қарым-қатынастарын, әрбір
оқушылар жайында пікір алысады, және оларға ықпал жасаудың тәсілдерімен
келіседі. Себебі әрбір пән мұғалімі тек сабақ беруші ғана емес, сонымен
қатар оқушылардың моральдық бейнесін, көзқарастарын қалыптастыратын
тәрбиеші де.
Сынып жетекшісі оқушыларды мектептің жастар ұйымдарымен бірлесе отырып
тәрбиелейді.
Бастауыш сыныптарының мұғалімі өз сыныбының ұжымы мен күнделікті
методикалық көмек көрсетіп, олардың барлық істерінің ұйымдастырушысы, сынып
коллективінің дербес органы болуы үшін талпынып отырады. Сынып жетекшісі
оқушылардың бойында жан-жақты қызығулар мен шеберліктерді қалыптастыру
үшін, тәрбие жұмысының кең қоғамдық саяси бағыты үшін де үнемі қамқорлық
жасайды.
1.2. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір
мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып
жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып
жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті
топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы
және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы
іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие
міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің
беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен
де оқушыларға ықпал жасайды.
Балалар коллективін құру мен топтастыру – мұғалімдердің және, ең
алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез
келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар
коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын
қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен
инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір
дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты
тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы
сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы
еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан
коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан
өседі.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-
аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып
жетекшінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар
жиналысы. Жиналысты көптеген мәселелер қаралады, мысалы, күнделікті өмір,
еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие
жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары
қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогикалардың оқушылар үйіне баруы.
Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу,
оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме
өткізу, пікір алмасу.
Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы –
педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.
Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана
тәрбиелеуге болады дейді. Баланың жеке басы тек коллективте ғана соншалықты
толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік ерекшелігін
жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал
жасайды.
Ұжым – тәрбие жұмысының ең баты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол,
күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің
негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік
қатынастарды бейнелейді.
Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте
және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді
басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі – сынып ұйымы,
оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт
коллективтері.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі – ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы,
олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан
мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық
ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың
тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті
ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне
араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы
көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың
жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын
адамы санайтын болады.
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік
дәрежесін есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән
бірқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда
ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі
басқаруын дамытуға болады.
Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді
еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық
ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.):
- белсенділер тобын айқындау және тәрбиелеу;
- оқушылар алдына қызықты перспективалар қою;
- сыныпта жағымды дәстүрлерді қалыптастыру;
- оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.
Білімнің жоғары дәрежесі – оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың
ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге
қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып нашар оқуда
бермеуге әрекет жасайды. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық
нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр
оқушының психологиялық ерекшелікерін ескере отырып, мамандықты таңдату,
балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды
қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру
тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де
күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және
сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып
жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және
барысын бақылауды – үлгерімді арттырудың маңыздың шарты.
- Оқу процесінде саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Білімнің
сапасы көбінесе оқуға деген ниетке, оқуға деген ниетке, оқуға көзқарасқа,
ынта талпынысқа, шыдамдылыққа, зейін қоюшылыққа, белсенділікке,
инициативаға, дербестікке, білуге құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді
қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамдық мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің
жұмысында үлкен орын алуға тиісті. Ол оқушыларда білімді қажетсіну сезімін
тудыруға, білімді практикада қолдана білу шеберлігін қалыптастыруға, оқудың
болашағын ашып беруге тырысады.
- Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі – оқу
жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының
жоқтығы. Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің міндеті - әрбір оқушыны оқи
білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы табандылық пән зейін жинақылығы,
ойланып оқуға әдеттілігі және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берген
тапсырманы орындауда дәйектілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеген жөн. Бұл
міндеттерді сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен бірлесе отырып шешеді.
Бастысы оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-
жігер жұмсап, қол жеткізуге.
- Үйге берілген тапсырманы дұрыс және уақтылы орындау оқудың
тиімділігін арттырады. Әрбір оқушының күн режимі болғаны жөн және оның
орындалуы қажет. Бұл міндетті орындауға сынып жетекшісіне ата-аналар және
сынып активі көмектеседі.
- Оқу жұмысында өзара көмек ұйымдастыруға сынып жетекшісіне актив және
жастар ұйымдары көмектеседі. Бұл жұмыс үлгірмеушіліктің, екінші жылға
қалушылықтың және мектептен қалып қоюшылықтың болмауына септігін тигізеді.
Сонымен қатар өзара көмек жолдастықтың, достықтың, коллективизмнің дамуына
әсер етеді.
- Оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін сынып жетекшісі жалғыз емес, өз
сыныбының мұғалімдерімен бірігіп шешеді. Оқу жұмысын келісіп жүргізу,
оқушыларға бірыңғай талап қою, мұғалімдердің бір-біріне көмегі оқудың және
тәрбиенің сапасын арттыруға көмектеседі.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген тәрбие бағдарламаларын жете
зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалықжағынан дұрыс деп
табылған ғылым негіздерінің әрбір оқушылар мен сынып жетекшісінің қол
жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үлестіруді іске асыру болып отыр.
Тәрбиелік ғылымилылық принципі нәтижесінде мектеп оқушыларды ғылым,
техника және мәдениет дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сай біліммен
қаруландыруды қолға алып отыр. Алайда, қазір пайдаланып жүрген бағдарламаны
жасау үстінде оқу пәндерінің тәрбиелік мәні бойынша комиссия мына пікірді
бір ауыздан қолдады, орта мектеп оқушыларының қолы жеткен дайындык пен
даму деңгейі жағдайында, мектепте тәрбие беру мазмұнына психологиялық,
педагогикалық және мәдениеттің маңызды жетістіктерінің өзін тура енгізуге
мүмкін емес. Жаңа бағдарлама жобасының бірінші вариантын талқылау
кезінде, оның кемшілігі әлі белгілі дәрежеде орныққан деп немесе мектеп
оқушыларының оның меңгеруі қажет деп есептеуге болмайтын, қазіргі заманғы
ғылымның осындай бөлімдерінің бағдарламаға енгізгендігі болып табылатындығы
атап өтілді. Сынып оқушыларының қазіргі ғылым жетістіктері мен танысуын
өзін-өзі ақтаған, көкейтесті деп тіпті де қабылдауға болмайды. Мұнымен
бірге оқушыларға жеткізілген теориялық мәліметтер, олар оқып үйренетін
ереже оның дамуының қазіргі деңгейіндегі ғылыми біліміне қарама-қайшы
келмеуін талап ету орынды.
Тәрбие принципінің осы аспектісі бағдарламалар мен оқулықтардың
мазмұндарына қатаң сақталған, оны әрбір сынып жетекшісі күнделікті
тәжірибесінде басшылыққа алуы тиіс.
тәжірибесінде басшылыққа алуы тиіс.
Тәрбие мен оқытуды бұлайша құру мектептің жоғары сыныптарына
ауысу дәрежесіне қарай оқушылардың қайта межеге және қажеттілігін
болдырмайды.
а) Ғылыми негіздерінің мектептік курсының бір мақсатқа бағытталған
құрылымы. Классикалық ғылымның негізгі қағидалары мен қазіргі заманғы
ғылыми теориялардың дұрыс арақатынасын белгілеу талап етіледі. Мектепте
тәрбие берудің мазмұнында дәстүрлі мәселерді ескермеу, оларды жаңа және ең
жаңа ғылыми негіздерінің көптеген курстарын төменгі сынып оқушыларының
саналы оқып үйренуіне мүмкіндік жасамағандық және, екіншіден, оқушыларды
адамзат баласы жасаған байлықтардан тұратын білімдермен қаруландыруға
бағытталған мектептің, білім беру тәрбие қызметіне шек қойғандық болар еді.
Пайдаланып жүрген бағдарламаның негізіне алынған, төмендегідей проблеманы
шешу неғүрлым дәлелденген болып шықты : Ғылым негіздерін оқытудың ғылыми-
теориялық дәрежесін көтеру әрбір оқу пәнінің жетекші идеясын анықтау
жолымен жүзеге асады, мұнан келіп тәрбиенің нақтылы мазмұны ашылуы тиіс.
1.3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарьі –педагогикалық құжат.
Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне
жүктеледі. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалың хатта тәрбие
жұмысы бір жылға, жарты жылға немесө бір оқу тоқсанына жоспарланады деп
көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен
әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда
тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-
жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің
тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жеткяшісінің
окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектөп тәжірибесі көрсеткендей
жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға
жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді
болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн.
Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары
да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие
жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында
сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бектуіне береді. Одан әрі
жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты
жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді
директор оқу тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына немесе сыныптан тыс
тарбие жұмысын үйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң
онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру
үшін сынып активін тартады. - Жоспар қаидай болуы керек, оган қандай
талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбиө
жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға
жауап беруі керек.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-
әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбиө
берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз
ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық
жёкелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-
жақты дамытуга, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек.
Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыэ
ету керек.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің
әртүрлі болуы. Трәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі
формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты
етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары
мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды
қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси
хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және
дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен
бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне
негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы
мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады.
Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды
етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі,
қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның
жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар
көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс
болмауы керек.
IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті
қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің
мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып
жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді
белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-
аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің
жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ
беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып
жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын
арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек.
Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек.
Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан
буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары
түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс
жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді
етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдайда
болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен
бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары
әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу
ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін
мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді
бөлгілейді).
- Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің
есебін жүргізу – күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің
маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндеті емес,
бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының
нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады,
сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте
оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы
жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-
құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері,
қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие
жұмысының есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып
ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп
оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық
күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып
белсенділіктерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілген жұмыстың есебін беруге,
бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға
көмектеседі.
- Сынып жетекшісінің есеп беруі өз
жұмысының нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық
советінің мәжілісінде немесе сынып жетекшілерінің методикалық бірлестігінде
есеп беріп отырады. Кейде ол сыныптағы тәртіп пен үлгірімінің жайы туралы
мектеп директоры немесе сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының
ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде хабарлама жасайды. Оқу жылының аяғында
сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы.
Сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып жетекшісі
жұмысын талдап кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына
қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қандай оқушыларға назар аудару
керектігін айтады.
ІІ. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісі мен ата-аналармен жүргізу жұмыс
түрлері, мазмұны
2.1. Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және
ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары

Оқыту процестерінде ұғымдық непздерін дәиектілікпен жүзеге асыру өмір
шындығын бейнелі түрде қабылдауға байланысты қалыптасатын түсініктердің
ролін ешбір кемітпейді. Табиғат құбылыстары жөнінде, тарихи оқигалар
туралы, қазіргі кездегі техника туралы, көркемөнер шығармалары туралы
берілетін түсініктер сыныптардағы бағдарламалық материалдың елеулі бөлігін
құрады.
Бағдарламалық материалды игеру деңгейі, демек, оқыту ісінің әсерлігі де
көрнекіліктің әралуан құралдарын пайдаланып отыруға көп жағынан тәуелді
келеді. Бұрынынырақ көрсетіп кеткеніміміздей, белгілі бір жағдайларда
көрнекі құралдарды пайдаланып отыру оқушылардың абстрактілік ойын дамытуға
емес, сонымен бірге оқушылар тарапынан аса маңызды ойлау маңызды
операцияларының меңгеруіне септігін тигізеді.
Тәрбие мәселенің түйіні сол көрнекі құралдың сипатына тәуелді
болады. Мұғалімнің сабақ үстінде қандай да бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері
Сынып жетекшісі
Пәндер