XX-XXI ғасырдың суда, әуеде, жер бетінде болған ірі зілзалалары



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Титаник».тің апатқа ұшырауы
2. 2001 жылдың қыркүйектің 11.дегі лаңкестік акт
3. Гаити аралындағы жер сілкінісі
4. Қызылағаштағы су тасқыны
ІІІ. Қорытынды
XIII ғасырда Эдуард патша Лондондағы үйлерде көмірді пайдалануға тыйым салатын актін жария етті. Бұл ең алғашқы қоршаған ортаны қорғауға негізделген заң болатын. Қытайда 1559 жылы биіктігі 1,6 метр тасқа ойып жазылған экологиялық құжат осы күнге дейін сақталған. Ол құжат тұрғындарға ағаштарды кесуге тыйым салып, бос тұрған территорияларға ағаш отырғызуға шақыратын. Тасқа ойып жазылған заңды бұзған адамдарды айдауға жіберіп отырған. XIX ғасырда қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлінген. Ал XX-XXI ғасыр – машиналар мен жоғарғы технологиялар, технологиялық прогресс ғасыры. Біздің өмірімізге өзгерістер енгізген ұлы ашылулар ғасыры. Соңғы жүз жылда біз ата-бабамыздың бірнеше ғасырлар бойы қолы жетпеген жетістіктерге жеттік. XX-XXI ғасырда адам әуеге және космосқа ұшты, атом энергиясын өзіне бағындырды. Бірақ жетістіктер мен қатар бұл ғасырлар ірі зілзалалар алып келіп, мыңдаған адамдардың өмірін құшты. Адамның жеңілтектігінен ойлап тапқан техникалық прогресс жемістері адамзатқа кері әсер ете бастады. Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» Техниканың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына түрткі болды. Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар - глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.
ВИКИПЕДИЯ САЙТЫ – «Титаник»-тің апатқа ұшырауы, 2001 жылдың қыркүйектің 11-дегі лаңкестік акт.
Егемен Қазақстан газеті – Гаити аралындағы жер сілкінісі, Қызылағаштағы су тасқыны.

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: XX-XXI ғасырдың суда, әуеде, жер бетінде болған ірі зілзалалары

Орындаған: Нугмединова А.Б.
Қабылдаған: Cатарбаева А.С.

Алматы - 2011

Жоспары:

І.Кіріспе
ІІ. Негігі бөлім
1. Титаник-тің апатқа ұшырауы
2. 2001 жылдың қыркүйектің 11-дегі лаңкестік акт
3. Гаити аралындағы жер сілкінісі
4. Қызылағаштағы су тасқыны
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

XIII ғасырда Эдуард патша Лондондағы үйлерде көмірді пайдалануға тыйым
салатын актін жария етті. Бұл ең алғашқы қоршаған ортаны қорғауға
негізделген заң болатын. Қытайда 1559 жылы биіктігі 1,6 метр
тасқа ойып жазылған экологиялық құжат осы күнге дейін сақталған. Ол құжат
тұрғындарға ағаштарды кесуге тыйым салып, бос тұрған территорияларға ағаш
отырғызуға шақыратын. Тасқа ойып жазылған заңды бұзған адамдарды айдауға
жіберіп отырған. XIX ғасырда қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл
бөлінген. Ал XX-
XXI ғасыр – машиналар мен жоғарғы технологиялар, технологиялық прогресс
ғасыры. Біздің өмірімізге өзгерістер енгізген ұлы ашылулар ғасыры. Соңғы
жүз жылда біз ата-бабамыздың бірнеше ғасырлар бойы қолы жетпеген
жетістіктерге жеттік. XX-XXI ғасырда адам әуеге және космосқа ұшты, атом
энергиясын өзіне бағындырды. Бірақ жетістіктер мен қатар бұл ғасырлар ірі
зілзалалар алып келіп, мыңдаған адамдардың өмірін құшты. Адамның
жеңілтектігінен ойлап тапқан техникалық прогресс жемістері адамзатқа кері
әсер ете бастады. Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі
күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай бұрын адам табиғаттан
қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады Техниканың дамып, шарықтау шегіне
жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық ,
әлеуметтік шығындар әкелді. Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат
өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш
проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат
перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы
тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен
ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік
қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық
реформалардың ерекше сипат алуына түрткі болды. Экономикалық дамудың
кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің
жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын
ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-
өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге
бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар -
глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына
қауіп төндіруде.

Негізгі бөлім

Титаник-тің апатқа ұшырауы

Кеме апаты – техногендік зілзалалардың “ең көне” түрі. Кемелер ғасырлар
бойы су түбіне кететін және қазіргі кезде суға батып кеткен кемелердің саны
миллионға жетеді! Бірақ ең ірі кеме апаттары дәл осы XX ғасырға тиесілі.
Солардың бірі – Уайт Стар Лайн компаниясына тиесілі Тита́ник (RMS
Titanic) кемесінің апаты. Тита́ник – Олимпик типтес үш егіз-пароходтың
екіншісі. Дүние жүзіндегі ең ірі жолаушы тасымалдаушы лайнер. 1912 жылдың
14 сәуірінде өзінің алғашқы рейсі кезінде айсбергпен соқтығысып, 2 сағат 40
минуттан кейін суға батып кеткен. Кеме бортында 1316 жолаушы, 988 экипаж
мүшесі, барлығы 2304 адам болған. Олардың ішінде 711 құтқарылып, 1513 қаза
болған. Титаник-тің апаты аңызға айналып, оның желісі бойынша көркем
фильмдер түсірілген.
Суға батқан шағында Титаник-тің бортында 2208 адам болған. Ал құтқарушы
кемелер тек қана 1178 адамға жететін. Оның себебі сол жылдардағы ереже
бойынша құтқарушы кемелер саны пароход жолаушыларының санына емес,
пароходтың салмағына байланысты болған. Бірақ сол құтқарушы кемелердің өзі
де жартылай ғана толы болды. Капитан Смит ең бірінші әйелдер мен балалар-
ды құтқарсын деген бұйрық береді. Борттан бірінші түсірілген құтқарушы
кемеде 40 бос орын болғанына қарамастан, оның ішінде 12 адам болған.
Титаник-тің сырттай қарағанда еш жері зақымданбаған болып көрінгендіктен,
көптеген жолаушылар бастапқы кезде бортта қалуды жөн көрген. Титаник-тің
суға бататынына адамдардың көзі жеткен кезде, борттан соңғы түсірілген
құтқарушы кемелер толы болған. Мысалы соңғы түсірілген құтқарушы кемеге 44
жолаушы отырған. Бірақ он алтыншы құтқарушы кемеде бос орын көп болған,
себебі онда 1 кластың жолаушылары отырған. Егер кеме капитаны бастапқыда
тек әйелдер мен балалар-ды құтқаруға бұйрық бермегенде 553 адамның өмірін
құтқаруға болар еді. Бірақ капитан берген бұйрық та тек жартылай
орындалған. Әр құтқарушы кемеге экипаж мүшелерінен 10 ер адам отырған.
Сондықтан экипаж мүшелерінің 24 % құтқарылған. Ал 3 клас жолаушыларының
бортқа көтеріле алмау себептерінің бірі – экипаж мүшелірінің оларға
палубаға көтерілуге кедергі жасағандығында. Соның нәтижесінде 3 клас
жолаушысы болған көптеген әйелдер мен балалар қаза тапқан. 3 клас
жолаушыларының тек қана 25 % құтқарылған. Сондықтан британдық комиссия
команда өз міндетін дұрыс атқарған жоқ деген тоқтамға келген. 1 және 2
кластағы әйелдер мен балалар-дың барлығы дерлік құтқарылған. Ал 3
кластағы әйелдер мен балалар-дың көбісі қаза болған. Ер адамдардың
барлығы дерлік қаза болған. 323 ер адам (20 %) мен 331 (75 %) әйел адам
тірі қалған.

Класс Жалпы саны Қаза болғандар %
I класс 329 130 39.5
II класс 272 153 56.2
III класс 710 536 75.5
Команда 897 685 76.4
Нәтижесі 2208 1504 68.1

Кеме апаттарының ішінде қаза тапқан адамдар саны бойынша Титаник үшінші
орында. Бірінші орында — 1987 жылы мұнай танкерімен соқтығысқан Донья Пас
паромы. Соқтығыс пен одан кейін болған өрт нәтижесінде төрт мың адам қаза
тапты. Екінші орында — Султанша пароходы. Ол 1865 жылы 27 сәуірде
Миссисипи теңізінде суға батып, нәтижесінде 1700-ден аса адам қаза болды.
Көптеген адамдардың қаза болуының субъективті себебі – құтқарушы кемелер
саны пароход жолаушыларының санына емес, пароходтың салмағына байланысты
болуы. Титаник-те капитанның сол қолы болған Чарльз Лайтоллердің немересі
Леди Паттен атасының әңгімелеріне сүйене отырып, өз ойын ортаға салды. Оның
ойынша, айсбергпен соқтығысты болдырмау үшін уақыт жеткілікті болған.
Рульді басқарып тұрған Роберт Хитченс қорыққандықтан, штурвалды кері
бағытта бұрған. Соған қарамастан, пароходты дереу тоқтатып, жолаушыларды
құтқаратын мүмкіндік болған. Бірақ Титаник-ті шығарған компания
басқарушысы Брюс Исмей өзінің материалдық жағдайын ойлап, капитанды кемені
тоқтатпауға көндіреді. Өз репутациясына нұқсан келтіруден қорыққандықтан,
Чарльз Лайтоллер бұл туралы деректерді тек өз туыстарына ғана айтқан.
1985 жылы 1 қыркүйекте
Вудс-Холл қаласындағы океанология Институтының докторы Роберт Баллард
бастаған экспидиция мүшелері Атлант мұхитында 3750 метр тереңдікте
Титаник-тің қалдықтарын тапқан.

2001 жылдың қыркүйектің 11-дегі лаңкестік акт

1930-жылдары әуе апаттары сирек болатын оқиға еді. Бірақ XX ғасырдың екінші
жартысында әуе апаттары сирек жағдай болудан қалды. Мысалы, 1974 жылы
Парижде Turkish Airlines компаниясының DC-10 авиалайнері апатқа ұшырап, 346
адамның өмірін қиды. Авиалайнер жүк бөлігінің есігі зақымдалу себебінен
ұшақты қондыру кезінде аварияға ұшырайды. 1978 жылы Air India
компаниясының Boeing-747 ұшағы әуеде жарылып, 213 адам қаза болды. Жарылыс
себептері анықталмаған. 1979 жылы Антарктиданың үстінен ұшып бара жатқан
кезде Air New Zealand компаниясының DC-10 ұшағы Эребус вулканымен
соқтығысып, ұшақ бортында болған 257 адамның барлығы қаза тапты. 1985 жылы
дұрыс жөндеуден өтпеген Japan Airlines компаниясының Boeing-747 ұшағы
апатқа ұшырап, бортта болған 524 адамның төртеуі ғана тірі қалды. Бір
таңқаларлығы ең көп адамның өмірін құшқан апат әуеде емес, құрлықта болған.
1977 жылы Тенерифе аралының аэродромында тұманды ауа райы кезінде голландық
KLM және америқандық Pan American компанияларының екі "Боинг-747" ұшағы
соқтығысқан. Апат себебі голландық ұшқыштардың ағылшын тілінде испандық
акцентпен сөйлеген диспетчердің командаларын түсінбегендігі болып табылады.
Нәтижесінде қаза болғандар саны – 570 адам.
XXI ғасырда да көптеген ірі әуе апаттары болды. Солардың ішінде бүкіл
әлемді дүр сілкіндірген Америкадағы террористтік акт. 2001 жылы АҚШ-та жан
түршігерлік теракт орын алды. 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегi
Дүниежүзiлiк сауда орталығының ғимаратына ұшақтар бiрiнен кейiн бiрi келiп
соғылып, биiктiгi аспанмен таласқан қос ғимарат күл-талқаны шығып, жермен-
жексен болып опырылды. Бұл оқиға басқа елдерге III Дүниежүзiлiк соғыс
басталғандай әсер етті.
11 қыркүйек күні таңертең он тоғыз террорист төрт авиалайнерді басып алды.
Апатқа ұшыраған төрт авиалайнер Логан, Даллас және Ньюарк аэропорттарынан
Калифорнияға жол тартқан болатын. Террористтер екі ұшақты Нью-Йорктегі
Манхэттен ауданының оңтүстігінде орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының
(ДСО) мұнараларына бағыттады. American Airlines компаниясының 11 рейсі WTC
1 (солтүстік) мұнарасына, United Airlines компаниясының 175 рейсі WTC 2
(оңтүстік) мұнарасына соғылды. Үшінші ұшақ (рейс 77 American Airlines)
Пентагон ғимаратына бағытталды. Төртінші ұшақ командасы террористтердің
жоспарын бұзуға тырысып, ұшақ Пенсильвания штатының Шенксвилл қаласында
апатқа ұшырады. Нәтижесінде 2974 адам құрбан болып, 24 адам із-түссіз
жоғалды.
АҚШ-та 2001 жылы қыркүйектің 11-інде болған лаңкестік әрекеттердің
құрбандарын жыл сайын еске алу шарасы өткізіледі. Қалыптасқан қайғылы
дәстүр бойынша, оқиға құрбандарын еске алу рәсімі АҚШ-тың Шығыс
жағалауының уақыты бойынша сағат 08.46-да (мәскеу уақыты бойынша 16.46-
да) бір минуттық үнсіздіктен басталады. Лаңкестер айдап әкеткен
ұшақтардың алғашқысы осыдан 9 жыл бұрын дәл сол уақытта
Манхэттендегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасын
соққан болатын. Егіз мұнараның орнында Нью-Йоркте және
Вашингтон мен Шэнксвилл қалаларында болған лаңкестік әрекеттердің
құрбандарының аты-жөндері оқылады. 2001 жылы болған лаңкестік
әрекеттің салдарынан, соңғы деректер бойынша, 2 мың 977 адам қаза
болды (19 лаңкесті қоспағанда) және 6 мыңнан астам адам зардап шекті.
Қаза болғандардың арасында әлемнің 90-нан астам елінің азаматтары
болған. Нью-Йорк мэрі ашқан қаралы жиын 4 сағатқа созылaды. Еске алу
рәсімі барысында бірнеше рет, атап айтқанда, алғашқы лайнер солтүстік
мұнараға соқтығысқан уақытта - 8:46-да, екінші ұшақ оңтүстік мұнараға
соқтығысқанда 9:03-те; оңтүстік мұнара құлағанда 9:59-да; екінші мұнара
құлағанда - 10:29-да бір минyттік үнсіздіктер жарияланaды.
Aдамзат тарихындағы осынау жан түршiгерлiк оқиғаның лаңкестiк әрекет екенi
анықталып, артынан оны Усама бен Ладен жетекшiлiк ететiн әл-Каида ұйымы
мойнына алғанда, бiр сәт христиан дүниесiнiң Ислам әлемiне жек көрiнiшпен,
кекпен қарағаны жасырын емес. Содан берi, Ислам дiнi мен өзге дiндер
арасында көзге көрiнбейтiн тамыры тереңге кеткен үлкен теке тiрестiк
қалыптасып, ол әлi де жалғасып келе жатыр.
2003 жылы Венeция кинофестивалінде осы теракт жайында түсірілген 11
қыркүйек фильмінің премьерасы болды.

Гаити аралындағы жер сілкінісі

2010 жылдың 12 қаңтарында, жергілікті уақыт бойынша сағат 16.53 -те
Гаити аралында жерсілкінісі болды. Мәліметтер бойынша, жерасты дүмпуінің
кіндігі Гаити елордасы - Порт-о-Пренс қаласынан батысқа қарай 20
шақырымдай жерде орналасқан. Гаити аралдарында күші 7 балдық жер
сілкінісі тіркелді. Үш рет тіркелген дүмпудің алғашқысы – 7, соңғы екеуі
5,5 балды құрады. Сейсмикалық орталық бұған дейін Гаити, Куба, Багам
аралдары және Доминикан Республикасының жағалауларында цунами
пайда болу қаупі туралы ескерткен болатын. Ең үлкен зілзала апатында
Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты, Елбасшысының сарайы, ауруханалар, қонақ
үйлер және жұмыс орындарын қамтыған мыңдаған ғимараттар қиратылды. Құлаған
Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында қызмет атқарған 52 түрік полициясының
жағдайлары жақсы екені хабарланды. Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш проблемасы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу
Экологиялық апат
Қазақстан Республикасындағы экологиялық жалпы жағдайы
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Табиғи ортаның жергілікті аймақтық және ғаламдық масштабтағы мәселелері
Пәндер