Мүлік жайлы



КІРІСПЕ
Мүлікті жария ету туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы
Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім жасау үшін алынатын алым
КОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жылжымайтын мүлікті бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Жылжымайтын мүлік рыноктық экономика жүйесіндегі өте күрделі сфералардың бірі боп саналады. Кәсіпорындағы жылжымайтын мүлік экономикасының проблемаларыкең ауқымды және күрделі мәселелер жиынтығын құрайды. Бұл мәселелердің негізгі тобын жылжымайтын мүлік объектілерін жалпы экономикалық проблемалар аясында сараптау және зерттеу мәселелері құрайды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы жылжымайтын мүлікті экономикалық механизмін жетілдіру болса керек.
Осы жылжымайтын мүлікті бағалаудың мақсаты – жалпы макроэкономикалық деңгейде жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық құнын анықтап, объектіге терең сараптамалар жүргізу арқылы анықтау.
Жылжымайтын мүліктің зерттеу объектісі болып кәсіпорын мүлкі, жер учаскелері, ғимараттар, үйлер және тағы басқа жылжымайтын мүлік объектілері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курс жұмысында арнайы кестелер берілген.
Қазіргі кезде Қазақстанда «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес мүлікті жария етуге байланысты акция жүргізілуде. Мүлікті жария ету мерзімі – 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1 тамызға дейін.

Мүлікті жария ету – табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі жылжымалы әрі жылжымайтын мүліктерін жария ете алады. Сіздердің назарларыңызға белгіленген тәртіппен құқығы ресімделмеген ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету тәртібі туралы ақпарат ұсынылады. Өкінішке қарай, бұл күндері жылжымайтын мүлік иелерінің түрлі себептер бойынша (қаржылық қаражатының, құқық белгілейтін құжаттардың, сенімхаттардың және т.б. болмауы) жылжымайтын мүлікке құқықтарын тисінше ресімдеуге мүмкіндіктері болмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Құқық белгілейтін құжаттардың және тіркелген құқықтардың болмауы өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті толық және заңды негіздерде пайдалану, иелік етуге мүмкіндік бермейді (иеліктен айыру, сыйға тарту, несие алу үшін кепілге беру, жалға беру мәмілелерін жасау) Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы өткізіліп отырған мүлікті жария ету жөніндегі акцияға қатысу болып табылады. Егер сіз жылжымайтын мүліктің иесі болсаңыз, бірақ түрлі себептерге байланысты оны белгіленген тәртіппен өз атыңызға ресімдеп, оны тіркеуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда Сізге мүлкіңізді заңды негіздерде иелік ету үшін беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланған жөн. Бұл ретте Сіз жария ету мерзімі басталғанға дейін, яғни 2006 жылғы 3 шілдеге дейін алған жылжымайтын мүлікті жария етуге құқылысыз.
1. Тарасевич Г.И. “Оценка недвижимостиң – СПБ, СПбГТУ, 1997, 424-стр.
2. Байгасиев Майдан-Әли. “Жылдымайтын мүлік экономикасың – Алматы қ., Қазақ университеті, 2003 ж. 247-бет.
3. Федотова М.А., Уткин Э.А. “Оценка недвижимости и бизнесаң - Москва, Эмкос, 2000., 352-стр.
4. Гриязнова, “Оценка бизнесаң. Москва, 2002.
5. Волчков Н.Г. “Справочник по недвижимостиң, Москва, Инфра. 1996.
6. Григорев Е.И., Федотова М.А. “Оценка предприятияң, Москва. Инфра-М, 1997.
7. Ночнем с понедельника, 2003 год, 25-31 июль.
“Пути легализаций имущества предприниматели РКң

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Мүлікті жария ету туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы
Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім
жасау үшін алынатын алым
Корытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

КІРІСПЕ

Жылжымайтын мүлікті бағалау өте күрделі процесс болып табылады.
Жылжымайтын мүлік рыноктық экономика жүйесіндегі өте күрделі сфералардың
бірі боп саналады. Кәсіпорындағы жылжымайтын мүлік экономикасының
проблемаларыкең ауқымды және күрделі мәселелер жиынтығын құрайды. Бұл
мәселелердің негізгі тобын жылжымайтын мүлік объектілерін жалпы
экономикалық проблемалар аясында сараптау және зерттеу мәселелері құрайды.
Солардың ішіндегі ең маңыздысы жылжымайтын мүлікті экономикалық механизмін
жетілдіру болса керек.
Осы жылжымайтын мүлікті бағалаудың мақсаты – жалпы макроэкономикалық
деңгейде жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық құнын анықтап, объектіге
терең сараптамалар жүргізу арқылы анықтау.
Жылжымайтын мүліктің зерттеу объектісі болып кәсіпорын мүлкі, жер
учаскелері, ғимараттар, үйлер және тағы басқа жылжымайтын мүлік
объектілері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, Қорытынды,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курс жұмысында арнайы кестелер
берілген.

Мүлікті жария ету туралы

Қазіргі кезде Қазақстанда Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау
туралы Заңына сәйкес мүлікті жария етуге байланысты акция жүргізілуде.
Мүлікті жария ету мерзімі – 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1 тамызға
дейін.

Мүлікті жария ету – табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан
шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды
мемлекеттің тану рәсімі. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды
тұлғалары Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі
жылжымалы әрі жылжымайтын мүліктерін жария ете алады. Сіздердің
назарларыңызға белгіленген тәртіппен құқығы ресімделмеген ҚР аумағындағы
жылжымайтын мүлікті жария ету тәртібі туралы ақпарат ұсынылады. Өкінішке
қарай, бұл күндері жылжымайтын мүлік иелерінің түрлі себептер бойынша
(қаржылық қаражатының, құқық белгілейтін құжаттардың, сенімхаттардың және
т.б. болмауы) жылжымайтын мүлікке құқықтарын тисінше ресімдеуге
мүмкіндіктері болмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Құқық белгілейтін
құжаттардың және тіркелген құқықтардың болмауы өзіне тиесілі жылжымайтын
мүлікті толық және заңды негіздерде пайдалану, иелік етуге мүмкіндік
бермейді (иеліктен айыру, сыйға тарту, несие алу үшін кепілге беру, жалға
беру мәмілелерін жасау) Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы өткізіліп
отырған мүлікті жария ету жөніндегі акцияға қатысу болып табылады. Егер сіз
жылжымайтын мүліктің иесі болсаңыз, бірақ түрлі себептерге байланысты оны
белгіленген тәртіппен өз атыңызға ресімдеп, оны тіркеуге мүмкіндігіңіз
болмаса, онда Сізге мүлкіңізді заңды негіздерде иелік ету үшін беріліп
отырған мүмкіндікті пайдаланған жөн. Бұл ретте Сіз жария ету мерзімі
басталғанға дейін, яғни 2006 жылғы 3 шілдеге дейін алған жылжымайтын
мүлікті жария етуге құқылысыз. Мүлікті жария ету жөніндегі акция бір реттік
болып табылады және оның мерзімі 2007 жылғы 1 тамызға дейін шектелген.
Осыған байланысты өздеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті жария ету үшін әлі
уақыт таппаған азаматтар асығуы қажет, маңызды іс-шараны кейінге
қалдырмаған жөн. Жылжымайтын мүліктерін жария еткен адамдар үшін қажетті
құжаттарды ресімдеуге 2007 жылғы 1 қарашаға дейін уақыт беріледі. Мыналар:
- жеке басқа, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, конституциялық
құрылыс негiздерiне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншiкке, қоғамдық
қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа
қарсы жасалған қылмыстардың, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару
мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық пен өзге де қылмыстардың нәтижесiнде
алынған; - құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатқан; - Қазақстан
Республикасының заңдарында құқық беруге жол берiлмейтiн мүлік; - оның
iшiнде несие ретiнде алынған ақша жария етуге жатпайды. Жылжымайтын мүлікті
жария етуді қала, аудан әкімдіктерінің жанында құрылған Жылжымайтын
мүліккке жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия жүргізеді. Жылжымайтын
мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Комиссияға ұсынылатын қажет
құжаттар тізбесі шағын ғана. Олар: 1) белгіленген нысандағы жария етуді
жүргізуге өтініш (екі данада толтырылады); 2) жеке басты куәландыратын
құжат, ал заңды тұлға өкілдері үшін – жарғының (ереженің) нотариаттық
куәландырылған көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеЖеке тұлғалар үшін жер
учаскесіне құқықты ресімдеу

Жер учаскелері Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiне, ауылдық
жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi
қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы
жерде 0,15 гектар, жеке тұрғын үйге 0,10 гектар, бағбандық үшін, сонымен
қатар саяжай құрылысы үшін 0,12 гектар беріле. Жер учаскелері тегін қайта
берілмейді.

Жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін:
• өтініш;
• жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;
• жеке тұлағалр үшін салық төлеушінің куәлігі (СТН);
• азаматтар жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқықтар табысталған жер
учаскесiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (жер қатынастары
жөніндегі уәкілетті органмен жетi күн мерзiмде беріледі);
• азаматта жеке тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама
(жылжымайтын мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын орган жетi күн мерзiмде
бередi).
жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін:
• өтініш;
• азаматқа көрсетілген мақсаттар үшін тегін берілген жер учаскесінің
барлығы немес жоқтығы жайлы анықтама;
• жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;
• жеке тұлағалр үшін салық төлеушінің куәлігі (СТН).
шаруа қожалығын жүргізу үшін (фермер):
• өтініш;
• шаруалар шаруашылығы мүшелерімен және басқарушымен қол қойылатын
шаруалар шарушылығы мүшелерінің тізімі (фермер);
• басқа жер учаскесінің барлығы туралы анықтама;
• ауылшаруашылық өндірісті жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
• ауылшаруашылық өндірістегі шаруашылық басқарушысының еңбек қызметін
растаушы құжаттар.
Білу қажет!
Шаруа қожалығын құру үшін, шаруалар серіктестігі, өндірістік
кооперативтерінің құрамынан шыққан кезде де, бөлінген жер учаскесінің
орналасқан жері мен жер үлесінің көлемін көрсетумен олардың өкілдері немес
қатысушы мүшелерімен қол қойылған ауылшаруашылық ұйымының мүшелері немесе
өкілдерінің жиналыс хаттамасынан анықтама беріледі.
Обьектілер құрылысы үшін:
• өтініш;
• сұранған жер көлемінің қажеттігін, құрылыс обьектілерін орналастыру
сызбасының қосымшасымен негіздеу;
• жер қойнауын қолдану туралы келісім-шарттың көшірмесі (егер де жер
учаскесін пайдалану үшін жер қойнауын қолдану туралы келісім-шартты
қажет етсе);
• жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;
• жеке тұлағалар үшін салық төлеушінің куәлігі (СТН).
Жер уческесін беру үшін өтініште көрсету қажет:
• жер учаскесін қолдану мақсаты (тұрғын үй құрылысы, саяжай үшін немесе
жеке шаруа қожалығын жүргізу үшін);
• оның болжамды көлемі (қолдану мақсаттарына байланысты берілетін жер
учаскелерінің көлемі ҚР Жер кодексімен белгіленген);
• орналасатын жері (сіз сұраған жер учаскесінің болжамды жері);
• қолдану құқығын сұрау (жер учаскесіне жеке меншік құқығы, жерді
тұрақты пайдалану құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ, қысқа мерзімді) жерді
пайдалану (жалға беру), уақытша өтеусіз жерді қолдану);
• басқа жер участкесінің болуы (жоқтығы).
Жер учаскесіне құқықты беру туралы өтініш жергілікті атқарушы органдарына
беріледі, ол түскеннен кейін екі ай мерзім ішінде қарастырылып, жер
учаскесін беру (немесе бермеу) мүмкіндігі анықталады.
Жер учаскелерiн жеке меншiкке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге
арналған жерлердi қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, үймереттер) мен
олардың кешендерi салынған жерлердi берген кезде олар үшiн төлемақының
базалық ставкалары
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде
олар үшін төлемақының базалық ставкалары
Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары бойынша уәкілетті органдарының
мекен-жайларының тізімі
Жер кадастрін және олардың филиалдарын жүргізу бойынша мамандандырылған
республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес кәсіпорындарының мекен-
жайларының тізімі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттігінің аймақтық органдары мекен-
жайларының тізімі
ттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі және олардың
өкілеттігін растайтын құжаттар. Егер жылжымайтын мүлік жария етуге жатса,
сондай-ақ барлық қажетті құжаттар ұсынылса, өтініш берген күннен бастап
Комиссия он бес жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлікті жария ету туралы
шешім шығаруы тиіс. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жария етілген
жылжымайтын мүлікке құжаттарды (техникалық паспорт, объектіні пайдалануға
қабылдау актісі, жер учаскесіне акт) ресімдеуін жөніндегі ұйымдастыру
мәселесі Комиссияға жүкетеледі. Тұрғын үй объектілері бойынша Қазақстан
Республикасының азаматтары үшін көрсетілген құжаттарды беру өтеусіз негізде
жүзеге асырылады. Егер жария ету обектісі саяжай, гараж, кәсіпкерлік қызмет
объектілері, басқа да тұрғын үй емес құрылыстар, сондай-ақ оларға қызмет
көрсету үшін арналған жер учаскелері болса, аталған құжаттарды ресімдеу
және дайындау ақылы негізде жүзеге асырылады. Комиссия Сізге өтініш жасаған
күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде ресімделген құжаттарды
беруі тиіс. Мүлікті жария етудің қажетті талабы бюджетке мүлікті жария
еткені үшін алым төлемі болып табылады. Ол өтініште көрсетілген жария
етілген мүлік құнының 10 % -н құрайды. Бұл ретте мүлік құнын Сіз өзіңіз
дербес белгілейсіз. Алым Комиссияға құжат берген сәттен бастап жария
етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез-
келген уақытта төленеді. Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау
туралы Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікті жария етуде алым төлеуден
кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмаған мына төмендегі аталған: 1) 2006 жылғы
1 қаңтардағы жай-күй бойынша жария етілетін мүлікке салықты және жер
салығын төлеген; 2) ҚР заңнамасына сәйкес мүлікке салық және жер салығын
төлеуші болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары босатылады.
Сондай-ақ тұрғылықты жері және орналасқан жері ауылдық елді мекен болып
табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлғалар
жылжымайтын мүлікті жария ету үшін алым төлеуші болып табылмайды. ҚР Салық
кодексінің 405-бабына сәйкес азаматтар жария етілген жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркегені үшін алым төлеуден босатылады. Бұған дейін де
газетімізде жазылып келе жатқандай, “Мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
үстіміздегі жылғы 3 шілдеден 30 желтоқсанға дейінгі аралықта елімізде
мүлікті жария ету акциясының жүргізіліп жатқаны белгілі.
Ресми жарияланған күннен бастап күшіне енген заң 2007 жылдың 1 сәуірінде өз
күшін тоқтатады. Өйткені, осы заңның 4-бабына орай оның 11-бабына сәйкес
мүлікті жария еткен субъектілер 2007 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде
Қазақстан Республикасының заңдарына қарай оған қатысты өз құқығын рәсімдеп
алуға міндетті.
Оның сыртында 2006 жылдың 5 шілдесінде “Мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Осыған орай Салық, Жер және Бюджет
кодекстеріне толықтырулар енгізілді. Бұл заң да өзі ресми жарияланған
күннен бастап күшіне еніп, 2007 жылдың 1 сәуірінде өз күшін тоқтатады.
Салық кодексіне енгізілген толықтыруларға келсек, оған қатысты мамандар
мынадай түсінік береді.
Аталмыш Кодекстің 91-бабының 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес салық
төлеушіге оның жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес жария етілген мүліктің тек құны ғана оған жатады. 144-
баптың 40-тармақшасына орай жария етілген мүлікке рақымшылық жасау туралы
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жария етілген мүлік үшін
заңды тұлғаларға салық салынбайды.
341-бап “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан
Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіпте жария етілген жер
учаскелеріне салық жер учаскесі жария етілді деп танылған сәттен бастап
салынады” деген мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылған.
Сонымен бірге жария етілген сәтке дейін төленген жер салығы осы Кодекстің
325-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген болып саналады. Яғни, жария
етілген жер учаскесі бойынша жер салығы жария етілген сәттен бастап
есептеледі, ал салық төлеушінің жария етілгенге дейінгі төлеген салық
сомасы Салық кодексінің 325-бабының 2-тармағына сәйкес (яғни, құқық
куәландырушы құжаттар жоқ кезде пайдалану фактісі бойынша) кері қайтаруға
жатпайды.
Салық кодексінің 405-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықты
мемлекеттік тіркеу және онымен мәміле-бітімдер жасасқаны үшін алымдар
төлеуші болып табылмайтын адамдар тобына мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес
жылжымайтын мүлікті жария еткен азаматтар енгізілді.
Салық кодексінің 411-бабының 2-тармағына сәйкес мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне
сәйкес мүлікті жария еткен азаматтар механикалық көлік құралдары мен
тіркемелер үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
Оның сыртында Бюджет кодексінің 46-бабының 2-тармағы 4-1) тармақшасымен
толықтырылды, осыған орай республикалық бюджетке салықтық емес
түсімдер–мүлікті жария еткені үшін алымдар енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің “Мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру
жөніндегі шаралар туралы” 2006 жылдың 13 шілдесіндегі №200-р өкімімен заңды
жүзеге асыру үшін қабылдауды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер
тізімі бекітілді.
Аталмыш тізімге Үкімет қаулыларымен бекітілетін төмендегідей 5 нормативтік
құқықтық актілер кіреді:
— жылжымайтын мүлікті жария етуді (жергілікті атқарушы органдар арқылы)
жүргізу ережелері;
— мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы бір үлгідегі ереже;
— “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарын ұйымдастыру және
пайдалануға қабылдап алуды жүргізу ережелері;
— “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жер телімдеріне құқықты
рәсімдеу ережелері”;
— “Қазақстан Республикасының бірегей бюджеттік классификациясын бекіту
туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1362
қаулысына толықтырулар енгізу туралы”.
Аталған тізімге сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
“Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізудің кейбір мәселелері
туралы” 2006 жылдың 11 шілдесіндегі №253 қаулысымен бекітілген Салық
органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар да кіреді.
Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2006 жылдың 12 шілдесінде 4288-ші нөмірмен
тіркелген.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі ақшалар мен
құнды қағаздар, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі жылжымайтын мүлік,
тиесілі емес адамға рәсімделген мүліктер мен құнды қағаздар және Қазақстан
Республикасы аумағындағы өзге де мүліктер салық органдары арқылы жария
етуге жатады. Бұл санатқа Қазақстан Республикасы аумағында тұрған, оған
қатысты құқық республика заңдарына сәйкес рәсімделмеген жылжымайтын
мүліктер жатпайды.
Жария ету субъектілерінің мүлікті жария етуі үшін туғызылған оңтайлы
сәттер:
— жария ету процедурасының оңайлатылған тәртібі және мүлікті жария ету үшін
қажетті құжаттар тізімінің аздығы;
— жария ету субъектісінің жария етілетін мүлік құнын дербес белгілеуі;
— ақпараттардың әшкереленбеуіне кепілдік;
— азаматтардың белгілі бір тобының жария етілген мүлік үшін алымдар
төлеуден босатылуы.
Жария етілген мүлік ашық айналымға тартылып, несиелерді қамтамасыз ету
артықшылығына ие болады, атап айтқанда, азаматтық құқық қатынастарына
қатысушылардың мұқтаждарын қанағаттандыратын кәсіпкерлік қызмет үшін де,
жеке мақсаттар үшін де қажетті бейнеде көрініс бере алады.
Азаматтық айналымға қатысушылардың кепілдіктері күшейеді, өздерінің
мүліктік немесе міндеттемелік құқықтары бұрмаланған жағдайда олар жария
етілген мүлікке іздеу салу құқығына ие болады.
Ең соңында мүлікке орынсыз қолсұғушылықтардан сақтайтын меншік құқығын
қорғау кепілдігі күшейеді.
Бір сөзбен айтқанда, өз мүліктерін жария етіп, заңдастырған азаматтардың
ұтпаса, ұтылмасы анық.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы
Қаржы министрлігінде әзірленген “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң жобасы
осы күзде Парламенттің талқысына жіберіледі. Заң жобасының мәселені
барынша жан-жақты қамтуы үшін “Атамекен” одағы өңірлердегі кәсіпкерлердің
ой-пікірін тыңдап, келіп түскен ұсыныстарды сараптап, сол бойынша жобаға
толықтырулар енгізіп жатыр.

Одақ мамандарының пайымдауынша, жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі
реформаланып, оның қағидалары айқындала түсетін болады. Заң жобасы
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, конкурстық комиссияны құру
мен оның қызметін, тәртібін, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып алу үдерісін реттейді.
Заң жобасын жасау барысында біз ең алдымен мемлекеттік сатып алу үдерісінің
ашық әрі әділ болуына ерекше ден қойдық. Бұл Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға әсер етеді. Онымен қоса, Президенттің тапсырмасы
бойынша, Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіруді жоспарлаған.
Заң жобасының ерекшеліктерін атап өтер болсам, бірінші ерекшелік, бұдан
былай бюджеттік сатып алу үдерісі ашық өтеді, яғни, сатып алуға қажетті
қаражаттың мөлшері ашық жазылады. Ал қазіргі қолданыстағы заңда сатып алуға
қажетті қаражаттың мөлшері жарияланбайды.
Екінші ерекшелік, тендерге қатысатын субъектілер (потенциалды қатысушы,
тауар- қызмет- жұмыс ұсынушылар) біліктілігінің сәйкес келуі. Көп жағдайда
конкурсқа қатысушылар тиісті материалдық, қаржылық, еңбек қоры болмаса да,
тек арзан баға ұсынғаны үшін жеңіп алады. Осының кесірінен жұмыстың
нәтижесі ақсап қалады. Яғни, тауар, қызмет не жұмыс сапасыз болып шығады.
Сондықтан, жобада конкурстың бірінші кезеңінде, потенциалды қатысушылардың
ішінен біліктілік талаптарына сай келетіндері іріктелініп алынады. Тек одан
кейін ғана олардың ұсынып отырған бағалары қарастырылады.
Келесі норма бойынша, потенциалды қатысушы өз бағасын конкурстың үстінде
ғана жариялайтын болғандықтан, сыбайластыққа жол берілмейді. Мысалы, осы
күнде қолданыстағы заңның кемшілігін пайдаланып, кейбір қатысушылар қандай
да бір жемқорлық жолдармен бағаны біліп алып, тендерде сол бағадан әдейілеп
төмен баға ұсынады. Нәтижесінде тендердің жеңімпазы болып шығады. Олар
заңсыз сыйақымен шенеуніктерді қызықтырады, яғни, бизнесменнің шенеунікпен
ымыраласуына жол беріледі. Демек, мұндай жолдарға тосқауыл қою керек.
Тағы бір ерекшелігі, бұған дейін потенциалды қатысушылар мемлекеттік сатып
алу конкурсында жарияланған баға мөлшерінің 3 пайызын міндетті түрде
кепілдікке тапсыратын. Ал ендігі жобада бұл көрсеткіш 1 пайызға дейін
төмендеді. Кепілдікке берілетін қаржының азаюы арқасында потенциалды
қатысушылардың, әсіресе, отандық өндірушілердің саны көбейеді.
Бесіншіден, конкурстық комиссия отырысының жұмысын потенциалды қатысушылар
дыбыс немесе бейнетаспаға жазып алуға құқы бар. Бұл ерекшелік тендер
үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді.
Келесі ерекшелік, бұған дейін мемлекеттік органдар қажетті тауарларды тек
биржада көрсетілген тізім бойынша ғана сатып алуға құқылы болатын. Ал енді
қандай да бір тауар биржа тізімінен тыс болса да, мемлекеттік органдарға
оны сатып алуға рұқсат етіледі.
Жетінші ерекшелік отандық кәсіпкерлікті қолдауға қатысты. Қолданыстағы заң
бойынша тендерге қатысушы отандық өндіруші болса, олардың ұсынған бағасын
шартты түрде 20 пайызға кемітетін. Ал енді жаңа заң бойынша мұндай
жеңілдікке ие болатын отандық өндірушілердің қандай талаптарға сай болуы
тиіс екендігі және қандай қолдау көрсетілетіндігі Үкімет қаулысымен
бекітіледі. Бұл қаулы тек заң қабылданғаннан кейін ғана белгілі болады.
Қызмет көрсетушіні таңдап алудың бес түрі бар:
1- ші түрі – конкурс өткізіледі. Конкурстың ашық немесе жабық түрі болады.
Конкурстың өту барысы екі кезеңді рәсіммен өтеді: Талап қатысушының
біліктілігі және оның ұсынған бағасының бәсекеге қабілетті болуы.
2-ші түрі – баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнім берушіні
таңдау;
3-ші түрі – бір көзден сатып алу;
4-ші түрі – электронды сатып алу жүйесі арқылы;
5-ші түрі — ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асыру.
Егер қажетті тауардың бағасы “айлық есептік көрсеткіштің” 4 мың еселенген
мөлшерінен аспаған жағдайда ғана тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұратуды
пайдалану әдісін қолдана алады.
Бір көзден сатып алу әдісі, егер тапсырыс беруші тұрақты өнім берушісінен
басқа да ұқсас келетін тауарды сатып алу қажеттігі пайда болған жағдайда
қолданылады.
Ашық тауар биржалары арқылы сатып алу әдісінде, биржадағы тауарлардың
қатарында бар және оның құны айлық есептік көрсеткіштен 4 мың еселенген
мөлшерден аспаған жағдайда қолданылады.
Жаңа заң жобасы бойынша сатып алу әдістері әрбір жеке баптарда көрсетілген.
Оның ішінде конкурстық құжаттарға талаптар, потенциалды қатысушыларға
конкурстың өту барысы туралы қалай жария етіледі, конкурстық құжаттарды
тапсыру тәртібі және қажет болса түсінік беру тәртібі, конкурсқа құжаттарды
тапсыру жүйесі, құжаттарды бағалау, жеңімпазды таңдау тәртібі және оны
жариялау тәртібі бар.

Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім
жасау үшін алынатын алым

Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым
жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу
кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
көшірмесін алған кезде алынады.
Төлемшілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеуге
жататын жылжымайтын мүлікпен әрекетті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалар табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25
желтоқсандағы Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды
мемлекеттік тіркеу туралы заңның күшіне ие Жарғы).
Алымды төлеуші саналмайтындар мыналар:
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілетін тұлғалар;
• І және ІІ топтағы мүгедектер;
• Жеке тұратын зейнеткерлер;
• Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралмандар;
• Мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап үш жыл ішінде кадрларды оқыту және
дайындаумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
• Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық ету туралы ІІІ-Заңына сәйкес мүлікті жария
етуші азаматтар.
Төленген алым сомасын есептеу, төлеу және қайтару тәртібі
• Алым сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген
ставка бойынша есептеледі, және сәйкес құжаттарды тіркеу органына
бергенге дейін төленеді.
• Алым сомасы тіркеу жасалған орынға сәйкес 105418 КБК-ға бюджетке
беріледі.
• Егер алым төлеуші тұлға сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге
дейін тіркеуден өтуден бас тартса алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл жағдайда сәйкес тіркеуші органның тұлғаның тіркеуге қажетті барлық
құжатты тапсырғанын анықтайтын құжаты берілген соң төлем қайтарылатын
болады.

Алым ставкасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы
№454 қаулысымен бекітілген.
Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды мемлекеттік
тіркеу үшін:
• Шаруашылық жүргізуге, жедел басқару, сенімді басқару, кепілдікке,
түсім жасауға пайдалануға (сервитуттардан басқа) иелік құқын тіркеу
үшін:
o пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық нысандары мен басқа да сол
іспеттес құрылыстар), шаруашылық нысандарына – 1 АЕК –тің 50%;
o тұрғын үйге үйге (шаруашылық нысандары мен басқа да сол іспеттес
құрылыстар), тұрғын үйдегі тұруға жарамайтын кеңістіктер, тұрғвн
емес құрылыстар – 8 АЕК;
o гараждар үшін – 1 АЕК –тің 50%;
o төмендегідей құрамдағы тұрғын үй есебіне жатпайтын мүліктік
кешендер (ғимараттар, құрылыстар, кеңістіктер):
o бір нысаннан – 10 АЕК;
o екіден бес жеке тұрған нысандар үшін – 15 АЕК;
o алтыдан онға дейінгі жеке тұрған нысандар – 20 АЕК;
o оннан жоғары жеке тұрған нысандар – 25 АЕК;
o шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:
o тұрғын үйге (шаруашылыққа қажетті және сол іспеттес басқа да
құрылыстар), тұрғын үйдегі тұруға жарамсыз кеңістіктер, тұруға
жарамайтын мүліктік кешендер (ғимараттар, құрылыстар,
кеңістіктер) – 1 АЕК;
• жер учаскесіне құқықты тіркеу үшін (құқыққа таласу):
o жеке иелік, жерпайдалану, басқа да құқықтар (құқыққа таласу) – 1
АЕК 50%;
• сервитутты тіркеу үшін (нысандардан тыс) – 1 АЕК – тің 50% ;
• кондоминиум нысанын тіркеу үшін – 1 АЕК;
• ипотекалық куәлік беруде және оны басқа иегеріне беруді тіркеу үшін –
1 АЕК-тің 25%;
• мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу үшін – 1
АЕК-тің 25%;
• жылжымайтын мүлік нысаны идентификациялық сипатын, құқық иеленуші
мәліметтерінің өзгерістерін тіркеу үшін– 1 АЕК-тің 25%;
• құқықтың ауысуынан тыс қаза болуы, күреліп тасталуы мен басқа да
жағдайлардың нәтижесінде жылжымайтын мүлікке иелік құқынан айыруды
тіркеу үшін– 1 АЕК-тің 25%;
• құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына қатысынсыз, құқыққа таластың
тоқтауын, соның ішінде жылжымайтын мүлікке жасалатын ипотеканың
тоқтауын тіркеу үшін– 1 АЕК-тің 25%;
• негізгі міндеттері ипотекамен қамтылған банктік қарызға жасалған
келісім-шарт бойынша талаптарын жеңілдетуді тіркеу үшін - 1 АЕК-тің
25%;
• құқыққа иелену немесе басқа да құқықтық фактілердің негізі болып
табылатын келісім-шарт нәтижесіндегі құқықтың өзгеруі немесе
бекітілген құқықтың өзгеруін тіркеу үшін - 1 АЕК-тің 25%;
• жылжымайтын мүлікке басқа да иелік құқықтарын, сонымен қатар
жылжымайтын мүлікке иелік құқын жүктеуді тіркеу үшін – 1 АЕК-тің 50%.
Мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымның нөлдік ставкасы бекітілді:
• Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған
тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын жылжымайтын
мүлікке иелік құқын жүктеу ;
• Республикалық меншікке құқық алу, пайдалану және орналастыруды жүзеге
асыратын өкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін,
мемлекеттік меншікке жататын жылжымайтын мүлікке иелік құқын беру;
• Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген белгілі бір әкімшілік-
аумақтық бірліктердегі және мерзімінде өтетін жылжымайтын мүлікке
меншік құқын кезеңдік тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке меншік құқын
алу және онымен келісім жасау.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі №157-III Заңы (бұдан әрі -
Заң) бойынша ақшадан алымды төлеу жөніндегі ақпарат Заңға сәйкес алымды
төлеу республикадағы, сонымен қатар және шетелдегі ақшадан, теңгеде,
сонымен қатар және шетелдік валютада жүргізілуі мүмкін. Алымды теңгеде
төлеу екінші деңгейдегі банкке квитанция-хабарлама немесе алым қолма-қол
ақшасыз нысанда төленген кезде төлем тапсырмасын ұсыну арқылы жүзеге
асырылады. Алымды шетелдік валютада төлеу тиісті шоттарға есепке алу арқылы
жүзеге асырылады. 1. Төлем тапсырмасында төлемді жіберушінің мынадай
деректемелерін көрсету қажет: Жіберуші: заңды тұлғаның атауы немесе жеке
тұлғанының аты-жөні СТН-і заңды немесе жеке тұлғаның Жіберушінің банкі: ЖСК
жіберушінің БСК жіберушінің 2. Алымды теңгеде төлеген кезде: Бенефициар
(алушы): тиісті салық комитеті (заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша
немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша) СТН-і тиісті салық
комитетінің Бенефициар Банк: Астана қаласы Қазынашылық комитеті ЖСК
000080900 БСК 195301070 ТТК 911 БЖК 206110 Төлемнің мақсаты: Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі №157-III Заңы бойынша алым 3. Алымды
шетелдік валютада төлеген кезде: Банктің атауы: National Bank of Republic
of Kazakhstan SWIFT коды: NBRKKZKX Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитеті шотының нөмірі: USD 001073140 RUR
058159240 EUR 002073440 GBP 003073740 CHF 006073941 JPY 024073402 БЖК
206110 Төлемнің мақсаты: Article 6 of the Law of the Republic of Kazakhstan
dated July 5, 2006 № 157 -III Делдал банктер Валюта SWIFT коды
Корреспондент банктің атауы Шоттың нөмірі USD 500,000.00 жоғары FRNYUS33
Federal Reserve Bank of New York, NY 021087219 USD 500,000.00 төмен
BKTRUS33 Deutsche Bank Trust Company Americas New York, NY 04098631 EUR
DEUTDEFF Deutsche Bank AG, Frankfurt am Main 100 9498775 0000 GBP BKENGB2L
Bank of England, London 41770005 CHF UBSWCHZH80A UBS AG, Zurich
02300000069095050000Y JPY BOTKJPJT Bank of Tokyo-Mitsubishi, Ltd., Tokyo
653-0416290 RUB БИК 044525225 Коршот 30101810400000000225 Sberbank Moscow
30231810600000000124 Қосымша: Мүлікті жария ету жөніндегі жадынамасы,
Ақшаны жария ету жадынамасы, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған,
оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген
жылжымайтын мүлікті жария жадынамасы, Ауылшаруашылық техникаларын жария ету
жадынамасы. Мүлікті жария ету жөніндегі Жадынама Мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5
шілдедегі Заңы (бұдан әрі № 157-III Заң) мүлкін жария еткен азаматтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны
«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»
Азаматтық құқық түсінігі
Жылжымайтын мүлік рыногы
Лизинг қатынастарының пайда болуы мен дамуы
Мүлік салығының қазіргі замандағы алыну ерекшеліктері
Жылжымайтын мүліктің объектілерін бағалау
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІН ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒАЛАУДЫН МАҚСАТТАРЫ
Пәндер