Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы



Кіріспе

1. Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы.
2. 1978 жылғы Қаз ССР Конституциясын, он жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
3. 1993 жылғы ҚР Конституциянын қабылдаудың алғышарттары мен себептері, он мазмұны.
4. Осы Конституцияның негізгі жаңалықтары, кемшіліктері
5. 1995 жылғы ҚР Конституциясын қабылдаудың алғышарттары мен себептері.
6. 1995 жылғы ҚР Конституциясының негізгі идеялары, онда көрініс тапчан жаңалықтар.
7. ҚР Конституциясына 7 қазан 1998 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
8. ҚР Конституциясына 21 мамыр 2007 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің тұп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
1. ҚР 1993 жылғы Конституциясы
2. ҚР 1995 жылғы Конституциясы (07.10.1998,21.05.2007 ж. өзгертулер мен толықтыруларды қоса)
3. Н.Ә. Назарбаев. Ата Заң халыққа қызмет етеді // Егемен Қазақстан. – 1996. – 30 тамыз
4. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы. Алматы, Дәуір. 1992 ж.
5. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, Дәуір. 1992 ж.
6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, «Өнер», 1996 ж.
7. З.Ж. Кенжалиев. Қазақстан Республикасының Конституциясы және құқықтық саясат тұжырымдамасының іске асу кезеңдері // Вестник КазНУ. Серия юпидическая. – 2003. - № 2 (27).
8. В.Ким. жасампаз жылдар. Алматы, ТОО «Эдельвейс», 2001.
9. З.Ж. Кенжалиев, В.А.Ким. Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының дамуы. Бірінші бөлім. Алматы «Қазақ университеті». 2004 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

1. Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының
қалыптасуы, нығаюы және дамуы.
2. 1978 жылғы Қаз ССР Конституциясын, он жетістіктері мен кемшіліктерін
талдау.
3. 1993 жылғы ҚР Конституциянын қабылдаудың алғышарттары мен
себептері, он мазмұны.
4. Осы Конституцияның негізгі жаңалықтары, кемшіліктері
5. 1995 жылғы ҚР Конституциясын қабылдаудың алғышарттары мен себептері.
6. 1995 жылғы ҚР Конституциясының негізгі идеялары, онда көрініс тапчан
жаңалықтар.
7. ҚР Конституциясына 7 қазан 1998 жылы енгізілген өзгертулер мен
толықтырулар.
8. ҚР Конституциясына 21 мамыр 2007 жылы енгізілген өзгертулер мен
толықтырулар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің тұп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

1. Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының
қалыптасуы, нығаюы және дамуы.
Республиканың конституциялық бақылау құрылымындағы өзгерістерді
байқау үшін декларацияның ережелеріне тоқталып өтейік:
-Қазақ Советтік социалистік республикасы егеменді мемлекет (п-1)
-Республика азаматтары, барлық ұлт өкілдері Қазақстан халқын
құрайды, ол биліктің қайнар көзі болып табылады. Халық билікті өкілетті
органдар арқылы жүзеге асырады. Халық атынан билік ету Қазақ ССР-нің
Жоғарғы Кеңесіне тиесілі;
-Қазақ ССР-нің азаматтығы бар; азаматтарға барлық құқықтар мен
бостандықтарға кепілдік беріледі; барлық саяси, қоғамдық , діни ұйымдарға
мемлекет және қоғам өміріне араласуға тең мүмкіндіктер беріледі;
-Қазақ ССР-нің мемлекеттік билігі республика аумағында толық және
сыртқы саясатта да толық және дербес;
-Мемлекеттік билік үш тармаққа, заң шығарушы, атқарушы және сот,
бөлу арқылы жүзеге асырылады; заң шығарушы билік жоғарғы Кеңеске, атқарушы
билік президентке, сот билігі Жоғары сотқа берілген;
- Қазақ ССР-нің аумағында конституция мен заңдар басым танытады;
-Меншіктің барлық түрлері танылады және қорғалуына кепілдік
беріледі;
-Әр ұлт өкілдеріне тең мүмкіндіктер мен құқықтар қамтамассыз етіледі
- Қазақ ССР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болып
табылады;
Аталғаннормаларды талдау 1993 ж Конституцияның негіздерін түсінуге
мүмкіндік береді.
Сонымен одақтың таратылуы, демократиялық қағидалардың жариялануы
заң актілерінде өз көрнісін тапты. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы
конституциялық заң егемендік іргетасы қалану кезінде уақытша конституция
болып есептеледі.
1978 жылғы Қаз ССР Конституциясын, он жетістіктері мен кемшіліктерін
талдау
Біздің ойымызша, Қазақсатнның конституциялық дамуын зерттеу кезінде
елдің конституциялық даму тізбегін түгелдей, яғни “Алаш” партиясының
бағдарламасынан бастап “Алаш-Орда” үкіметінің құжаттарын қоса қарастыру
қажет. Бұл пікірді Е.К.Нурпеисов, А.К.Котов сияқты ғалымдар ұстанып, олар
тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуы елдің конституциялық дамуының
төртінші кезеңі деп есептейді.
Алғаш рет тарихи емес заңдық тұрғыда Е. Нурпеисов, А. Котов “Алаш”
автономиясының ХХ ғасырдың басындағы қызметін зерттеді. Олардың пікірінше,
Қазақстанның конституциялық дамуы осы А.К. Котов өз еңбектерінде
Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңдерін қарастырады. Олардың
пікірінше келесі кезең кеңес үкіметі қарамағындағы қазақстанның
мемлекеттілігінің конституциялық қалыптасуы болып табылады (ұлттық
автономия құрудың бағдарламасынан бастап Қазақстанның егемендігіне дейін).
Бұл кезеңге ғалымдар - 1920 жылмен 1937 жылдар аралығындағы Ресей
кеңестік федеративтік социалистік республикасының құрамында Қазақ
автономиялық кеңестік мемлекетінің дамуын және V Бүкіл рессейлік кеңестер
съезінде 1918 жылдың 10 шілдесінде қабылданған РКФСР Конституциясынан
кейінгі дайындық кезеңін жатқызады.
Қазақстанның бұдан кейінгі конституциялық дамуы Кеңестік
Қазақстанның Кеңес Одағының құрамындағы (1937-1991) мемлекеттілігімен
байланыстырылады. Бұл кезде республика федерация құрамында болды және 1937
жылғы, 1978 жылғы Конституцияларға сәйкес тәуелсіз мемлекет статусына
формальды түрде ие болды.
Келесі кезең республиканың егемендігі заңды түрде белгіленуі 1990
жылдың 25 қазанында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі қабылдаған. “Қазақ ССР-нің
мемлекеттік егемендігі” туралы Декларациядан бостау алды.
Бұл кезеңнің ерекше оқиғасы ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі” туралы Конституциялық
Заңның қабылдануын айтуға болады.
Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
дамуының жаңа кезеңін бүкілхалықтық талқылаудан кейін қабылданған 1993
жылға Қазақстан Республикасының Конституциясы ашты.
Қазақстанның қазіргі кездегі конституциялық дамуын зерттеу үшін,
А.К. Котовтың ғылыми көзқарастары қызығушылық тудырады. Ол өз еңбегінде
Қазақстандағы Конституционализмнің дамуы бүкіл ХХ ғасырды алып жатыр деп
көрсетеді. Котов оны келесі негізгі кезеңдерге бөледі:
1) Кеңес дәуіріне дейінгі кезең (1900-1917) - ұлттық демократиялық
идеялардан бастап Алаш Конституциясының жобасына дейін;
2) Кеңес дәуіріндегі кезең (20 жылдар мен 80-ші жылдардың аяғы)
3) Кеңес дәуірінің құлдырау кезеңі (80-ші жылдардың екінші жартысы, 90-
шы жылдар).
4) Кеңес дәуірінен кейінгі егемендіктің заңды түрде белгілену кезеңі
(1991-1993).
5) Егеменді Қазақстанның дамуының басталуы (1993 жылдың қараша айынан,
ұлттық валютаны енгізуге байланысты). [6.27]
А.Т. Ащеулов республиканың конституциялық дамуын қарастыруды тарихи
тұрғыда жүзеге асыру қажет деп есептейді және ол Қазақстан Республикасының
конституциялық дамуының алты негізгі кезеңдерін бөліп қарастырады:
1) Кеңес дәуірінендегі кезең (1917 жылы 21 қарашасындағы “Алаш”
партиясының бағдарламасы, 1920 жылы 6 қазандағы Қырғыз (қазақ) АССР-нің
еңбекшілердің құқықтары туралы Декларация, 1926 жылғы Конституция жобасы,
1936 және 1978 жылдардағы Қазақ ССР-нің Конституциялары)
2) 1990 жылы 24 сәуірдегі “Президент лауазымын белгілеу” туралы заң
1990 жылы 25 қазандағы “Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі” туралы
Декларация.
3) 1991 жылы 10 желтоқсандағы “Қазақ ССр-нің атауын өзгерту туралы
Заң және егемендік” туралы Заң;
4) 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
5) 1995 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998 жылы 30
қыркүйектегі “Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
туралы: қоғамдағы демократиялау, жаңа жүзжылдықтағы саяси, экономикалық
реформалар” деп аталатын Президент жолдауы;
6) 1998 жылы 7 қазандағы 1995 жылы Конституцияға өзгертулер мен
толықтырулар еңгізу туралы Заң;

1993 жылғы конституцияның қабылдану себебі, жаңалықтары және кемшілігі
1993 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын жасаушы жұмысшы
тобы қызметінің басталу сәтінде оның қолында әрі қарай жүру нүктесі
сипатындағы төмендегідей негізгі дерек-мәліметтер болды. Біріншіден, бұл
біз жоғарыда қарастырған конституциялық заң бұлақтары, ең алдымен
мемлекеттік егемендік туралы Декларация және "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң. Екіншіден,
жалпыәлемдік қүндылықтар жолын ұстанған Қазақстан дүниежүзілік
конституциялық тәжірибеге сүйене алатын болды. Үшіншіден, алға жылжудың
бастапқы нүктесі ретінде қайта түлеу процесінде біршама өзгері-стер
енгізілгеніне қарамастан, Қазақ ССР-ның 1978 ж. Конституциясының кейбір
қағидаларын пайдалану мүмкіндігі қолданылды. "Қолданыстағы ескірген
Конституцияға қайта қүру процесінің перспективалы міндеттері позициясынан
қаншама сыни көзбен қараған болсақ та оның жаңа Конституцияның жалғасы
сипатындағы байланысы үзілмеді. Еліміздің конституциялық даму процесінде
жинақталған тәжірибенің тиімді дәндерін толық немесе қүрамды бөлік
сипатында пайдалану мүмкіндігі болғанын жоққа шығара алмаймыз".1
Бүған қоса, алдынала дайындалған идеялық-теориялық база да өз септігін
тигізбей қалған жоқ. Сол кезеңде
Мэскеу, Алматы және Белоруссияда Конституцияны, Одақтық шартты жасау
проблемаларына арналған әртүрлі ғылыми конференциялар өтті. 1991 ж. 15-17
мамыры ара-лығында академик С.З. Зимановтың ұсынысы бойынша Достық үйінде
"Одақтық шарт, одақтас республикалардың егемендігі мен Конституциясы" деген
тақырыпта "дөнгелек үстел" өткізілді. Бұл маңызды шараның ресми
ұйымдастырушылары Жоғарғы Советтің Президиумы, Қазак ССР Ғылым
Академиясының мемлекет және қүқық Институты еді.
Әрі қарай Конституцияны жасауға шетелдік өкілдер айтарлықтай қолғабыс
тигізді. Мәселен, 1992 ж. қаңтарында Конституция проблемалары жөнінде
қазақстан-американ кездесуі өткізілді. Адам құқықтары проблемалары бойынша
мамандандырылған үкіметтік емес Халықаралық амнистия үйымы Конституцияның
жобасымен таныстырыдды.
Конституцияның құрамын жасаушылар әлемдік тәжірибеге сүйенді. Дүниежүзілік
тәжірибе Ата заңның конструкциясын құрудың екі бірдей жолын ұсынғаны
белгілі. Солардың біріншісі - Конституцияға негізгі өкілеттіктері
айқындалған мемлекеттік органдардың базалық жүйесін, олардың саяси
институттары мен демократиялық принциптерін, қызметтері мен арақатынастарын
бекіту. Екінші жолы - Конституцияға қоғамның экономикалық, әлеуметтік,
идеологиялық, қүқықтылық негіздерінен бастап өкімет билігінің жоғарғы
құрылымына дейінгі пирамидасын бүтіндей қамту. Аталмыш тәжірибе еске алына
отырып, 1991 ж. наурызында жаңа жоба жасауға негіз болған болашақ
Конституция құрылымының түңғыш жобасы жасалды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламентаризмнің даму тарихы
Саяси бәсекелестік
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Демократиялық режимнің белгілері
Адам құқығы туралы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Пәндер