«Алаш» партиясының бағдарламалық құжаттарындағы саяси-құқықтық идеялар



Кіріспе
1. «Алаш» партиясының бағдарламалық құжаттарындағы саяси.құқықтық идеялар
2. Ә.Бөкейхановтың құқықтық және саяси көзқарастары
3. «Үш жүз» партиясының бағдарламасындағы саяси. құқықтық идеялар
ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезі Россия топырағына жаңа бір елеулі өзгеріс әкелді: орыс капитализмі өзінің даму жолындағы ең жоғары сатысы-имперализмге көтерілді. Осыған орай Россия империясының отары болып келген елдерге ол ықпалын бұрынғысынан анағұрлым күшейте түсіп, енді тек қана заттай бұйымдарын өткізу, яғни сауда-саттықты жабайы түрде жүргізуді қанағат етпей, қазақстан тәрізді қиыр шеттегі бай өлкелерде өндіріс орындарын құру ісін жедел қолға алды.
Ертеден қазақ жеріне көз тіккен, қызығып қараған-отаршылар бұл қасіретті дертті біртіндеп енгізді, оның ел ішіне дендеп кіруіне жағдай жасады. Стратегиялық саясатты жүзеге асыруда отаршылдар біртіндеп, жоспарлы түрде қимылдады. 1822-1867 жылдары бірте-бірте аға сұлтандық, сұлтан-правительдік жүйе өмірге келді. қазақтың шұрайлы жерлеріне ішкі Ресейден келген босқындар қоныс тепті. Солар арқылы қазақ арасына басқыншы елдің дәстүр-салты күштеп енгізіле бастады. Бұдан кейін 1868 жылы қазақ даласы облыстарға, уездерге, болыстарға, ауылға бөлінді де, сатылы бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппараты пайда болды. Міне, осындай қисынсыз саясат елдің тұтастығына жік салды, ынтымық-бірлігіне арқау түсірді. Патша үкіметі озбырлық пен өктемдік үстіне ұлт араздығын қоздыру саясаты арқылы Россиядағы көп ұлтты елдерді өзіне бағындырып ұстамақ болды. Ондағы көздеген негізгі мақсаты-еңбекші халықтың, әсіресе «бұратана» деп саналатын елдердің бұқара көпшілігінің орыс халқының ұлы мәдениетінен сусындап, өзара туысқандық қарым-қатынастарын күшейтуіне кедергі жасап, сондай-ақ, орыс немесе басқа халықтар болсын-бәрін қара түнек қараңғылықта ұстап, саяси өмірге қатынастырмау еді. Көп ұлтты империяға айналған Ресей ХVІІІ ғасырдан бастап-ақ жүйелі және мақсатты түрде қазақ қоғамын, қазақ елін мемлекеттік тұтастығынан айыру, сол арқылы қазақ қоғамына, қазақ жеріне терең бойлап ену саясатын жүргізді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында еліміздің ішкі жағдайына ірілі-уақты оқиғалар болды. оның ішіндегі ең бастысы-1905 жылғы буржуазиялық-демокартиялық төңкеріс пен 1917 жылғы Ақпан, қазан төңкерістері еді.1917 жылы ақпанда өкімет басынан келген Уақытша үкіметтің халыққа қарсы бағытталған саясаты, сондай-ақ қаақ өлкесіне Ресейден ағылған ақ гвардияшылардың елді талан-таражға түсіруі қазақстан экономикасына көп зиянын тигізді. өнеркәсіп өнімінің көлемі өте төмендеп кетті. Азық-түлік пен ең қажетті заттардың тапшылығы қатты білінді, қағаз ақшаның құны құлдырады. 20-жылдары елімізде шаруашылықтың қай саласы болмасын соғыс мұқтажына бағытталып, елде электр станцияларын салу, көмір, мұнай, шойын, болат өндіруді қолға алу, жер тыңайтқыштарын өндіру, оны суландыру, тағы да басқа агротехникалық жұмыстарды жүргізу шаралары аса қажет болды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының басынан өткізген ең бір қарама-қайшылықты, қасіретті тарихи кезең болды. Республикада үлкен өзгерістер жүргізілді. қазақ АКСР территориясы межеленіп, бекітілді. қазақ зиялыларын көп жылдар бойы толғандырып келген мәселелердің бірі-көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшыландыру жедел қарқынмен болса да жүзеге асырылды. қазақ елінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. қаладағы өндіріс пен кәсіпорындардың дамуы, темір жол жүйесінің келуі далаға капиталдың ағылуын күшейтті.
Қазақстан Республикасын саяси-құқықтық тарихы (Ғ.Майманов ИГП КП под Редакций С.С.Сартаев )

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Алаш партиясының бағдарламалық құжаттарындағы саяси-құқықтық
идеялар
2. Ә.Бөкейхановтың құқықтық және саяси көзқарастары
3. Үш жүз партиясының бағдарламасындағы саяси- құқықтық идеялар
ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезі Россия топырағына жаңа бір
елеулі өзгеріс әкелді: орыс капитализмі өзінің даму жолындағы ең жоғары
сатысы-имперализмге көтерілді. Осыған орай Россия империясының отары болып
келген елдерге ол ықпалын бұрынғысынан анағұрлым күшейте түсіп, енді тек
қана заттай бұйымдарын өткізу, яғни сауда-саттықты жабайы түрде жүргізуді
қанағат етпей, қазақстан тәрізді қиыр шеттегі бай өлкелерде өндіріс
орындарын құру ісін жедел қолға алды.
Ертеден қазақ жеріне көз тіккен, қызығып қараған-отаршылар бұл
қасіретті дертті біртіндеп енгізді, оның ел ішіне дендеп кіруіне жағдай
жасады. Стратегиялық саясатты жүзеге асыруда отаршылдар біртіндеп, жоспарлы
түрде қимылдады. 1822-1867 жылдары бірте-бірте аға сұлтандық, сұлтан-
правительдік жүйе өмірге келді. қазақтың шұрайлы жерлеріне ішкі Ресейден
келген босқындар қоныс тепті. Солар арқылы қазақ арасына басқыншы елдің
дәстүр-салты күштеп енгізіле бастады. Бұдан кейін 1868 жылы қазақ даласы
облыстарға, уездерге, болыстарға, ауылға бөлінді де, сатылы бағындыру
жүйесіне негізделген мемлекет аппараты пайда болды. Міне, осындай қисынсыз
саясат елдің тұтастығына жік салды, ынтымық-бірлігіне арқау түсірді. Патша
үкіметі озбырлық пен өктемдік үстіне ұлт араздығын қоздыру саясаты арқылы
Россиядағы көп ұлтты елдерді өзіне бағындырып ұстамақ болды. Ондағы
көздеген негізгі мақсаты-еңбекші халықтың, әсіресе бұратана деп саналатын
елдердің бұқара көпшілігінің орыс халқының ұлы мәдениетінен сусындап, өзара
туысқандық қарым-қатынастарын күшейтуіне кедергі жасап, сондай-ақ, орыс
немесе басқа халықтар болсын-бәрін қара түнек қараңғылықта ұстап, саяси
өмірге қатынастырмау еді. Көп ұлтты империяға айналған Ресей ХVІІІ ғасырдан
бастап-ақ жүйелі және мақсатты түрде қазақ қоғамын, қазақ елін мемлекеттік
тұтастығынан айыру, сол арқылы қазақ қоғамына, қазақ жеріне терең бойлап
ену саясатын жүргізді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында еліміздің ішкі
жағдайына ірілі-уақты оқиғалар болды. оның ішіндегі ең бастысы-1905 жылғы
буржуазиялық-демокартиялық төңкеріс пен 1917 жылғы Ақпан, қазан
төңкерістері еді.1917 жылы ақпанда өкімет басынан келген Уақытша үкіметтің
халыққа қарсы бағытталған саясаты, сондай-ақ қаақ өлкесіне Ресейден ағылған
ақ гвардияшылардың елді талан-таражға түсіруі қазақстан экономикасына көп
зиянын тигізді. өнеркәсіп өнімінің көлемі өте төмендеп кетті. Азық-түлік
пен ең қажетті заттардың тапшылығы қатты білінді, қағаз ақшаның құны
құлдырады. 20-жылдары елімізде шаруашылықтың қай саласы болмасын соғыс
мұқтажына бағытталып, елде электр станцияларын салу, көмір, мұнай, шойын,
болат өндіруді қолға алу, жер тыңайтқыштарын өндіру, оны суландыру, тағы да
басқа агротехникалық жұмыстарды жүргізу шаралары аса қажет болды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының басынан өткізген ең бір қарама-
қайшылықты, қасіретті тарихи кезең болды. Республикада үлкен өзгерістер
жүргізілді. қазақ АКСР территориясы межеленіп, бекітілді. қазақ зиялыларын
көп жылдар бойы толғандырып келген мәселелердің бірі-көшпелі және жартылай
көшпелі халықты отырықшыландыру жедел қарқынмен болса да жүзеге асырылды.
қазақ елінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерге
ұшырады. қаладағы өндіріс пен кәсіпорындардың дамуы, темір жол жүйесінің
келуі далаға капиталдың ағылуын күшейтті. Сауда-саттықтың өріс алуы
Ресейдің ірі қалаларын қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелерімен байланыстыра
түсті. қазақ кедейлері отырықшылыққа көше бастады. Осы тұста қазақ даласын
басқарудың жаңа жүйесі толық күшіне енді.
ХХ ғасырдың басы Ресейде ірі-ірі тарихи оқиғаларға жол ашты. Ресейдің
имперализмге өтуі оны революциялық қозғалыстың орталығына айналдырды. Оған
себеп болған жұмысшыларды қанаудың шегіне жетуі, шаруалардың қайыршылануы
еді. өлкенің шет аймақтарында тұратын қараңғы халықтың хал-жағдайы бұдан да
ауыр еді. Ресейде өтіп жатқан барлық оқиғалар қазақ еліне де өз әсерін
тигізді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстармен
қатар түрлі саяси-идеялық бағыттар да кең өріс алды. Мұның негізгі себебі –
жергілікті халық мүддесімен санасуды мүлде қойған патша шенеуніктерінің
зорлығы, қоныс аударушылардың келуімен байланысты елдің ата-қонысынан
айрылуы, халықты орыстандыру саясатының ашықтан-ашық сипат алуы болды. 1929-
1930 жылдарда Қазақстанға қоныс аудару ісінің жаңа кезеңі болды. Кеңестік
билік қоныс аудару ісін жеделдетуді жоспарлады. 1928-1933 бесжылдық
жоспарында қоныс аударуды жеделтеу аудандары ірі аймақтарға бекітілді. 1926-
1933 жылдар кезеңінде Ф.Голощекиннің Қазақстандағы кіші Қазан төңкерісі
жүзеге асырылды. Оның мәнісі: ұжымдастырамын деп малын, жерін, дүние-мүлкін
тәркілеген соң қудалау, жер аудару, соттау, аты,. асу болатын. қазақ
даласында киіз үйден қала орнату саясаты жетті. Кіші қазан төңкерісін
патшалық Ресейдің отары болған, қоғамдық дамуда мешеу қалған құйыртқы
саясат еді. сөйтіп, ол көздеген мақсатына жетті де. Тілі, діні, салт-санасы
ғасырлар бойы өсіп, өніп келе жатқан тұтас бір халыққа ойына келгенін
істеп, тағдырын тәлкек етіп, тоздырып жіберді. Бұл бағыт жергілікті халыққа
қарсы жасаған, азап әкелген, соңы зұлматқа ұласқан әртүрлі науқандар арқылы
жүргізілді. Соның салдарынан оларға бұрын-соңды жасалмаған зорлық жасалып,
Кеңес өкіметінің өз беделіне нұқсан келтіретін, адамгершілікке сыймайытын
заңсыз әркеттерге жол берілді. Бұл бағыт жергілікті халықтардың мүддесіне
қайшы келді. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылықты, қазақ
халқының байырғы тұрыс-тіршілігін дереу өзгертуді талап етті. Одақтың бес
жылдық жоспарында мүмкіндігі зор незігі мал шаруашылықты аудан ретінде
бағаланды. Сонымен бірге жедел қарқынмен жүргізілген индустрияландыру
саясаты кезінде КСРО халқын азды-көпті астық өнімдерімен қамтамасыз ету
шешілген еді. Ал өндірісті шикізатпен, ауыл шаруашылғын тыңайтқышпен, ауыл
шарушылығында мал күшін пайдалану, мал өнімдерін экспортқа шығару, өсіп
келе жатқан қазақ халқын мал өнімдерімен қамтамасыз ету сол кезеңдегі
коммунистік партияның маңызды міндетіне айналды. Мұнда міндетті жүзеге
асыруда малы көп рулық-патриархалдық меншіктегі көшпелі қазақ қожалықтарын
отырықшыландырып, одан соң жедел ұжымдастырып, қолдарындағы малдарын
қоғамдастыру арқылы шешу қолайлы болды. Нәтижесінде, Орталықтың қазақстанда
жүргізген әкімшілік-әміршілдік саясаты бар малынан айырылған халықты 1931-
1933 жылдар аралығын қамтыған сұмдық ашаршылыққа ұшыратты. 20-30 жылдары
КСРО-да мемлекеттік биліктің негізі Кеңестерде делінгенмен шынайы билік
тұтқасы партияның қолында болды. Олар ең алғаш пролетариат диктатурасының
органы ретінде дүниеге келіп, демокартиялық мазмұнға ие болуы керек еді.
өкінішіке орай, мемлекеттегі заң шығарушылық пен атқарушылық міндеттерді де
партия бір өзі иемденді. Сондай-ақ жоғары Кеңестің халықтың өкімет
қызметінен орталықтың партияның нұсқауын, яғни дара билікті орындаушы
болғаны мәлім. Социалистік қоғам өз атына жат тоталитарлық басқару жүйесін
таңдап алды. Ол КСРО мемлекетін билеп төстеген әкімшіл-әміршіл жүйе болды.
екінші бесжылдық жылдарында қазақстанның өнеркәсібі мен мал шаруашылығының
дамуы өткен кезеңдерге қарағанда жеделдеді. Осынының нәтижесінде халықтың
әл-ауқатын арттыруда елеулі қадам басқандық байқалады. Азық-түлік, халық
тұтынатын бұйымдар өндіру молайды. Тегін дәрігерлік көмек тағы басқа
әлеуметтік жеңілдіктер халық өміріне өз ықпалын тигізді. Алайда 30
жылдардың екінші жартысынан белең алған репрессиялық саясат халықтың тағы
да тыныштығын бұзды. Бұл саясатты жалғыз қазақ халқы басынан өткізген жоқ,
ол бүкіл кеңес қоғамы қамтыған еді.
1933 жылы өлкелік партия комитетінің басшылығы жаңарды. Өлке
шаруашылығын басқаруда жіберген қателіктері үшін Ф.И.Голощекин орнынан
алынып, ВКП(б) Қазақстан Өлкелік Партия Комитетінің басшылығы партияның
тәжірибелі қызметкерлерімен нығайтылды. қазақстан өлкелік партия
комитетінің бірінші секретарлығына Л.И.Мирзоян сайланды. Жаңа идеялар, зор
өзгерістер тоталитарлық жүйенің қыспағымен, зорлық-зомбылық арқылы жүзеге
асырылды. әрине, бұл саясат жүйелі түрде мемлекеттік тұрғыдан жүргізілді.
Тоталитарлық жүйе қазақ сияқты тәуелді халықтарды жалған идеологиямен
уландырып, демографиялық қыспаққа алу арқылы жат этностың өркениетіне бірге
араластырып жіберу жолын ұстанды.
Отарлық және тоталитарлық жүйе тұсында Қазақстанның өнер-білім саласы
орталықтың саясаты мен идеологиясына сай деңгейде дамытылды. Қатаң
бақылауда болғаны өз алдына, үздіксіз куғын-сүргіне ұшырап отырды. Кеңестік
дәуірде ғана қазақ мәдениеті куғын-сүргінге төрт толқынын бастан кешті: 1.
1929-1932 жылдары алаш зиялылары түрмеге қамалды, сотталды, атылды; 2. 1937-
1938 жылдары халық жауларын жою науқаны өтті; 3. 1946-1953 жылдары
буржуазиялық ұлтшылдар, космополиттер жазаланды; 4. 1986 жылғы желтоқсан
көтерілісінен кейін қазақ ұлтшылдығын тезге салу қолға алынды[86]. Қазақ
зиялыларының тағдырына ауыр соққылар, тоталитаризмнің кешірілмес қылмыстары
Голощекиннің 1925 жылы өлкелік партия комитетіне бірініші келуімен
басталды. Іле-шала алаш қозғалысының басшыларына қарсы күресті қолға алған
ол 1929-1931 жылдары ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессияның
бірінші толқынын ұйымдастыра, 1932 жылы қолдан ұйымдастырған аштықпен
халықтың жартысын қырып жіберуге қол жеткізді. әмірші-әкімшіл жүйенің барша
мәнді білгілері-саяси куғын-сүргін, шаруаны меншіктен ажырату, еш кінәсі
жоқ адамдардың өмірін қию, ұлттық мәдени құндылықтарын аяқ асты қалдыру,
бір адамның шексіз билігін орнату, тағы басқалар Голощекин басқарған
жылдары қазақстан үшін қалыпты тәртіпке айналады.
1930 жылғы 19 ақпанда БК (б) П Орталық Комитеті Қазақстанда Қуатты
шаруалар мен байларға қарсы күрес жүргізу туралы шешім қабылдады[ 87]. Осы
шешім негізінде Қазақстан аумағында қуатты шаруа және байларға қарсы күрес
науқаны басталды. Бұл шешімге шаруалар ірі қарсыллық көрсетті. Бірақ бұл
шешім билік басындағылардың колхоздарды күштеп біріктіруде қолданған соңғы
сұрқия тактикасы болды. Күштеп зорлықпен ұжымдастыруға жергілікті шаруа
отбасылары, жалпы халық қарсылық көрсетті. Қазақстанның әр жерінде жиі
толқулар, билікке қарсы қарулы күрестер етек алған. Кеңестік үкімет
жергілікті халықты жаппай күшпен отырықшылыққа көшіру, ұжымдастыру саясаты
жергілікті қазақ халқына деген аса қаталдығымен, жазалаушылығымен
ерекшеленді.
Осы шараны қысқа мерзімде іске асыру мақстаныда 1929 жылдың қараша
айында ВКП (б) Қазақ Өлкелік Комитеті отырықшыландыруды жоспарлау арнайы
шешім қабылдады. Қазақстандағы отырықшыландыру мәселесі Қазақ Орталық
Атқару Комитетінің 1930 жылғы қаңтар айындағы 2-сессиясында кеңінен
талқыланды. Аталған шешімдерді іске асыру мақсатында 1930 жылдың 9
қаңтарында ҚазАССР Орталық Атқару Комитеттінің қаулысымен КазАССР Халық
Комиссарлары Кеңесі жанынан көшпелі және жартылай көшпелі және жартылай
көшпелі қазақ тұрғындарын отырықшыландыру комитеті құрылды[88]. 1929-1930
жылдары басталған жергілікті халықты малынан, жайылымдық жерінен айырып,
оларды күшпен ұжымдастыру алдын-ала дайындықсыз, ескертусіз, қазақ халқының
тарихи қалыптасқан шаруашылықтың тәжірибесі ескерілмеді. 1932 жылғы жаппай
ашаршылық ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастыру көшпелі және жартылай
көшпелі қазақ шаруаларын ешбір дайындықсыз, күштеп отырықшыландыру
Қазақстанда күштеп жүзеге асырған Кіші қазан бағыты және осылардан
туындаған салдарлар 1932 жылы Қазақстандағы жаппай ашаршылыққа әкеп соқты.
Аштықтан тікелей қырылған қазақтар саны 2 миллионға жуық болса,
қазақстаннан тыс жерлерге (Орта Азия, Ресей, қытай, Иран) көшіп кеткен
босқындар саны 1 млн 100 мыңдай шамасында болды [89].
1937 жылғы зұлмат-сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің халыққа қарсы
ұлы терроры халыққа қарсы, ең алдымен зиялы қауымға қарсы бағытталған
1937 жылғы ұлы зұлмат науқаны кезінде халық жауы аталып, мәңгілікке көз
жұмды. 1937 жылы бүкіл КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда да жаппай жүзеге
асырылған халық жауларына қарсы күрес белгілі қоғам, мемлекет, ғылым,
әдебиет, өнер қайраткерлерімен қатар сан мыңдаған қатардағы азаматтарды
қамтып, олардың атылғандары атылып, қалғандары ұзақ мерзімдерге ГУЛАГ-тың
(Мемлекеттік лагерьлер басқармасы) алыстағы лагерьлеріне айдалды,
түрмелерге жабылды. Жалған жаламен халық жауы аталған боздақтардың басым
көпшілігі кіндік қаны тамған Отанына оралмай шет, шалғай өлкелерде көз
жұмды. қазақстан түрмелер мен лагерьлер жеріне айналды. Мұнда Карлаг
(қарағанды лагерьлері), Степлаг (Дала лагерьлері), (АЛЖИР) халық жаулары
әйелдерінің (Ақмола ) лагерьі сияқты лагерьлер жүйесі жасалды.
1937 жылдың куғын-сүргінінде жазықсыздан жазықсыз пәле жабылып, қазақ
азаматтарына халық жауы есебінде атылып қана қоймай, олардың туған-
туыстары да репрессияға ұшырап жатты. Осы жантүршігерлік оқиғалар заңдылық
жүйелердің бірі НКВД басшысы Н.Ежовтың 1937 жылдың 15 тамызындағы №00486
жасырын бұйрығы. Мұнда әскери трибунал Отанға опасыздық жасады, тыңшылдық-
диверсиялық ұйымдардың мүшесі болды деп есептеген, сөйтіп ату жазасына
кесілген немесе он жылға сотталған қылмыскерлердің отбасын жауапқа тарту
көзделген[90]. Отанға опасыздық жасағандардың әйелі әлеуметтік қауіпті
элемент ретінде ата-аналарынан тартып алынып, НКВД лагерьлеріне, еңбекпен
түзету коллонияларына немесе ерекше жүйедегі балалар орналастыруға
міндеттелді. Жаппай қуғын-сүргін мен террор кеңестік жүйенің сұрақы
саясаты болды. Жүгенсіз идеология мен таптық күрестің әдісі, үкімет
билігін бір қолға жұмылдыру адам өмірінің бағасын құлдыратып жіберді де
халықтар мен әлеуметтік топтардың, әртүрлі таптардың сан алуан мүдделері
мен пікірлерін аяқасты етті. 1937 жылдың алғашқы жартысында газет
беттерінде негізінен өзара сынды күшейту. әшкерелеу мәселесі көбірек
айтылса, күн тәртібіне халық жауларын құрту, түп тамырымен жою міндеті
қойылды. Халық жауы, тап жауы, ұлтшыл-фашистер, банды, жалдамалы
төбеттер, ұлтшыл-элемент. жат элемент, алашордашыл агент тағы басқа
осындай жан түршілерлік сөздер баспасөз беттерінде әшкерелегіш
терминдерге айналды [91]. Жеке адамдар, ұйымдар немесе үкімет органдары
жасаған, өздеріне ұнамайтын мемлекеттік және саяси қайраткерлердің көзін
жою және белгілі бір саяси нәтижелерге жету мақсатымен мемлекеттік құқық
тәртібін тұрақсыздандыруға бағытталған зорлық–зомбылық әрекеттері осылайша
сипатталған. 1937 жылдың 26 наурызында бекітілген Қазақ Кеңестік Социалитік
Республикасының Конституциясының 111-бабында былай делінген: ...Измена
Родине: нарушение присяги, переход на сторону врага, нанесение ущерба
военной мощи государства, шпионаж-караются по всей строгости закона, как
самое тяжкое злодеяние[92]. 1936-1938 жылдар арасында партиялық құжаттарды
тексеру барысында және әртүрлі жағдайлармен, бүкіл партия бойынша
айыптағанның өзінде, тек қана Қазақстан Компартиясы көлемінде 25833 адам
партиядан шығарылды, олардың 8544-і халық жауы ретінде айыпталды[93].
Қазақстан Компартиясының солшылдық сипатының пайда болуына
біріншіден, өлке коммунистері ғана емес, ең алдымен олардың жетекшілерінің
өздерінің идеялық жағынан жетілмегендігі, басшылар арасында диктаторлық
әрекеттеріне жол бермеуге қабілетті беделді топтың болмауы әсер етіп,
бірінші хатшының істерінің трагедиясының ауқымын ұлғайтты; екіншіден, бір
партиялық үстемдік, орталықтан жүргізілген диктат, зорлық, сталиндік
өктемдік ықпалын тигізді; үшіншіден, Қазақстан халқы арасында революциялық
санасы мен революциялық ерік-жігері айрықша дамыған пролетарлық ұйытқы
әлісіз болды; төртіншіден, тарих кілтін бұрған тұстарда қиналмай-ақ шектен
тыс революцияшылдықты танытатын, бірақ төзімшілдік пен ұйымшылдық, тәртіп
және табандылық көрсетуге қабілетсіз ұсақ меншік иесі, не қожайынға
үстемдік құрып тұрды [94].
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысы–ХХ ғасырдың басында Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ
халқының рухани өміріне терең әсер етті. Сондай құбылыстар қазақ қоғамының
санасында елеулі өзгерістер әкелді. Ол өзгерістер ұлттық сана-сезімді
оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идялардың, ой-пікірлер мен
көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты жайында
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдар
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Пәндер