Халықты әлеуметтік қорғау туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың жалпы түсінігі
1.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ..12

2 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік
қорғау жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік.экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 ҚР бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың көрсеткіштері бойынша талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қолданылған әдебиетер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру проблемаларының арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеуметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық деңгейлерде: республикалық, аймақтық деңгейлерде, еңбек ұжымдарымен жеке адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелілігі мен кешенділігі ерекше маңызды. Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.
Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Бұл жүйеде үш қосалқы балуға тиіс:
А) Халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық топтарының мүдделерін білдіретін;
Б) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүдделерін көздейтін. Бұл қоғамның әлеуметтік мәселесіне қатыстылығы. Сонымен бірге жүйе үш деңгейге бөлінуге тиіс: республикалық, аймақтық, бастапқы шаруашылық буыны. Республика деңгейінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер, соның ішінде табыстың белгілі бір деңгейіне (жалақының, ставкалар мен окладтардың, зейнетақылардың ең төменгі мөлшеріне, ең төмен тұтыну бюджетін негізге ала отырып, түрлі игіліктер мен қызметтерді тегін тұтыну деңгейіне) кепілдіктер берілуі көзделеді. Аймақ деңгейінде, оның мүмкіндіктерін негізге ала отырып, аймақтық әлеуметтік-мәдени, демографиялық ерекшеліктерді ескере әлеуметтік қорғау жүйесінің одан әрі дамытылуы, нақтылануы, оның толықтырылуы мен ұлғаутылуы қамтамасыз етілуге тиіс. Еңбек ұжымдары деңгейінде өз қаражаты есебінен еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік дамыту қорлары құрылып, олар соның ішінде қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерге жұмсалады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік-экономикалық нормативтер жүйе құрайтын индикаторлар ретінде негіз қалаушы рөл атқарады, ең төмен тұтыну бюджеті секілді индикатордың ролін едәуір арттыру қажет етіледі. Әлеуметтік нормативтер белгілеуде аймақтарға тән факторлар мен жағдайларды ескере аймақтар деңгейіне көшу қажет. Іоғамның әлеуметтік аралануын күшейту және ондағы қарама-қайшы процестерді дамыту әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесін жасауды қажет етеді, ол мына процестердің дамытылуына негізделетін болуға тиіс:
1) адамның өндірістегі, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның меншікті, одан алынатын табысты иелену құқығы, меншік түрлеріне еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы, жымыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табысты индекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;
1. Назарбаев Н.А Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы// Егемен Қазақстан 1997 жыл;
2. Назарбаев Н.А 2003 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан 2002 ж, 30 сәір;
3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы» Астана, 2005 жылғы ақпанның 18-і.
4. Алимбаев А.А, Алпысбаев С.Н, Ниязбекова Р.К и др. Формирование модели социально ориентированной экономики в Казахстане (региональный аспект): Караганда, ПК Алем,2001 ж;
5. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. 1998 ж. Авторлар ұжымы.
6. Концепция социальной защиты населения РК:Пастоновление правительстваРК от 26 июня 2001 года;
7. Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы 1998 жыл;
8. Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы ІР Заңы 1998 жыл;
9. Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы Қазақстан Республикасының Заңы,16 қараша 1999ж;
10. Формирование модели социально-ориентированной экономики в Казахстане (региональный аспект): Под редакцией Алпысбаевой С.Н. Караганда ПК “Алем”, 2001 год.
11. Алимбев А.А. Государственное регулирование экономики-Алматы 1999 год
12. Карибджанов А.С. Социальная защита населения. Алматы, экономика 1999 год
13. Сансызбаева Г.Н. Система социальной защиты население. Алматы, экономика 1998 год.
14. Бабакумаров. Социальная политика государства. Алматы 1996 год.
15. Оразәлі Сәбден. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы, “Қазақстан” 1997 жыл
16. Пемехонов Ю. Социальная защита населения в условиях рыночной экономики. Проблемы теории и практики управления-1993 год N3
17. Қазақстан Республикасынынң халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Оңтүстік Қазақстан 2001 жыл 3 мамыр.
18. Проект индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан на 2001-2005 годы
19. Пенсионное обеспечение: проблемы и перспективы. Ваше право 1999 год 2 июля.
20. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2007ж. 23 ақпан.
21. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың жалпы түсінігі
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
2. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . .12

2 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік
қорғау жүйесінің қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..15
2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 22
2.3 ҚР бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың көрсеткіштері бойынша
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған
әдебиетер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .35

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру проблемаларының арасында
халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді
жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені
әлеуметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты
әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен
салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық
деңгейлерде: республикалық, аймақтық деңгейлерде, еңбек ұжымдарымен жеке
адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін
қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелілігі
мен кешенділігі ерекше маңызды. Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып,
халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша
өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына
ғана бағытталуға тиіс.
Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен
нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Бұл жүйеде үш
қосалқы балуға тиіс:
А) Халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық топтарының мүдделерін
білдіретін;
Б) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүдделерін көздейтін. Бұл
қоғамның әлеуметтік мәселесіне қатыстылығы. Сонымен бірге жүйе үш деңгейге
бөлінуге тиіс: республикалық, аймақтық, бастапқы шаруашылық буыны.
Республика деңгейінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер,
соның ішінде табыстың белгілі бір деңгейіне (жалақының, ставкалар мен
окладтардың, зейнетақылардың ең төменгі мөлшеріне, ең төмен тұтыну бюджетін
негізге ала отырып, түрлі игіліктер мен қызметтерді тегін тұтыну деңгейіне)
кепілдіктер берілуі көзделеді. Аймақ деңгейінде, оның мүмкіндіктерін
негізге ала отырып, аймақтық әлеуметтік-мәдени, демографиялық
ерекшеліктерді ескере әлеуметтік қорғау жүйесінің одан әрі дамытылуы,
нақтылануы, оның толықтырылуы мен ұлғаутылуы қамтамасыз етілуге тиіс. Еңбек
ұжымдары деңгейінде өз қаражаты есебінен еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік
дамыту қорлары құрылып, олар соның ішінде қосымша әлеуметтік кепілдіктер
мен жеңілдіктерге жұмсалады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік-экономикалық нормативтер жүйе
құрайтын индикаторлар ретінде негіз қалаушы рөл атқарады, ең төмен тұтыну
бюджеті секілді индикатордың ролін едәуір арттыру қажет етіледі. Әлеуметтік
нормативтер белгілеуде аймақтарға тән факторлар мен жағдайларды ескере
аймақтар деңгейіне көшу қажет. Іоғамның әлеуметтік аралануын күшейту және
ондағы қарама-қайшы процестерді дамыту әлеуметтік кепілдіктердің сенімді
жүйесін жасауды қажет етеді, ол мына процестердің дамытылуына негізделетін
болуға тиіс:
1) адамның өндірістегі, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз
ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның
меншікті, одан алынатын табысты иелену құқығы, меншік түрлеріне
еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы,
жымыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табысты
индекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;
2) халықтың экономикалық тұрғыдан ең осал топтарына көп балалы
және толық емес отбасыларына, зейнеткерлерге, уақытша жұмыс
істемейтіндерге, студенттерге, қызметкерлердің төмен жалақы
алатын топтарына әлеуметтік қолдау көрсету.
Басты кепілдіктердің бірі әрбір еңбеккердің белсенді және өнімді еңбек
етуі үшін жағдайлар жасау кепілдігі болуға тиіс, оның өзі шаруашылық
жүргізуші кез келген субъектіге экономикалық қызметпен және кәсіпкерлікпен
шұғылдану бостандығының берілуін көздейді. Әлеуметтік шиеленістің елеулі
ошағы барған сайын өткір сипат алып келе жатқан жұмыссыздың болуы мүмкін,
бұл процестердің алдағы уақытта күшейе түсуі ықтимал болып отырғандықтан,
ондай жағдайда іс-қимыл жасаудың түрлі нұсқаларын қазірден бастап ойластыру
қажет. Республикада әлеуметтік шиеленіс дәрежесін бағалау үшін тұрақты
мониторинг, әлеуметтік индикаторлардың өзгеруіне кешенді талдау жасау
қажет.
Тақырыптың өзектілігі ел экономикасының негізгі даму көрсеткіші халық
болса, ал олардың тұрмыс-деңгейінің жағдайы әлеуметтік өлшемдермен
сипатталады. Сондықтан да халықты әлеуметтік қорғау, қамсыздандырудың
нарықтық қатынастар дамыған елдердің барлығы үшін басты орында және негізгі
мәселе болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мен міндеттеріме
келесілерді жатқызуға болады.
• Халықты әлеуметтік қорғаудың қоғамдық қатынастардағы маңызы мен оның
эволюциясына тоқталу;
• Халықты әлеуметтік қорғаудың көрсеткіштері мен шетелдік тәжірибелерді
қарастыру;
• ҚР халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы
маңыздылығын талдау;
• Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуды жетілдіру мен Елбасымыздың халыққа
Жолдаулары негізінде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты шараларына
тқталып кету болып табылады.
Курстық жұмыс құрамы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әлеуметтік
қорғаудың жалпы түсінігі мен қажеттілігі туралы айтылса, ал екінші бөлімде
ҚР бойынша әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы мен қазіргі жай-күйі
қарастырылды және ҚР Президенттінің Жолдауы негізінде экономикалық дамудың
әлеуметтік басымдықтарын күшейтудің маңыздылығы туралы айтылды.

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың жалпы түсінігі
1.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың эволюциясы

Әлеуметтік саясат негізінде тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құру
жатыр. Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдарда “әлеуметтік қорғау” түсінігі
әртүрлі қарастырылады.
Өтпелі экономикалық елдерде “әлеуметтік қорғаныс термині жаңа болып
табылады.”
Әлеуметтік қорғау-бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) байланысты
экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетін
еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін
өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін
қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынада құқықтық, әлеуметтік саяси және
экономикалық кепілдеме. Ол кепілдеме тіршілік затын қамтамасыз етуге
арналған жүйе.
Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынада бұл құқықтық, әлеуметтік саяси
және экономикалық кепілдеме. Ол кепілдеме тіршілік затын қамтамасыз етуге
арналған жағдайларды жасайды:
-еңбекке қабілетті азаматтарға өз еңбек салымы есебінен, экономикалық
өзіндігі және кәсіпкерлігі есебінен;
-әлеуметтік осал қатардағы азаматтарға мемлекет есебінен, бірақ
мемлекет қойған күнкөріс минимумынан төмен емес.
Әлеуметтік қорғау жүйесі тар мағынада-бұл нарық жағдайындағы халықтың
белгілі бір тобындағы қиыншылықтарды төмендетуге бағытталған реттегіш
мемлекеттік жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын халықарлық еңбек ұжымының анықтауы
бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, арқылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда
әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған
табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз
топтарына арналған әлеуеметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар
мен қызметтерге қол жеткізуі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету-халықтық әлеуметтік осал қатарына (мысалы,
зейнеткерлер, мүгедектер) қатысты мемлекеттің конституциялық борышы.
Әлеуметтік қамтамасыз ету “адам капиталына” әсер етеді. Бұл міндетті түрде
денсаулық сақтауда, өнімді азайтуда, денсаулық жағдайын қайта қарауда және
сонымен бірге жұмысқа қабілеттілікті қайта қарауда байқалады. Сәтсіз
оқиғаларды алдын ала тоқтату шаралары осы іс-шарада маңызды фактор болып
табылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету сонымен бірге квалификацияға, жұмыспен
қамту деңгейіне және сәйкесінше жұмыссыздыққа әсерін тигізеді. Еңбек
нарығындағы жұмыспен қамту, зейнеткерлік жасты қысқарту шаралары үлкен
маңызды роль ойнайды. Әлеуметтік қамтамасыз етуде жұмыссыздарды жұмыспен
қамту орталығына шақырып, жұмыс табуға жәрдемақы беру арқылы жағдай
жасайды.
Қазіргі кезде көптеген батыс елдерде мынадай ойлар жүріп жатыр:
әлеуметтік қамтамассыз ету шығындар еңбек факторын “өте қымбат” қылады.
Олар еңбек ақы шығындарының бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге
бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді және жұмысбастылық саласындағы саясатқа
әсер етеді.
Әлеуметтік қамтамассыз ету жүйесін белгілі әлеуметтік топтарды
экономикалық және әлеуметтік әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
жиынтығы ретінде мінездеуге болады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты
болып зейнетақыны сақтандыру, ауырған кездегі сақтандыру, сәтсіз
оқиғалардан сақтандыру және жұмыссыздықтан сақтандыру облысындағы
әлеуметтік қорғаудың негізгі блогы сияқты әлеуметтік қолдау болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі-әлеуметтік еңбек саласындағы реттеуші
механизмдерінің бастысының бірі. Ол үш субъект байланысы арқылы
негізделген: жұмыс беруші-жұмысшы мемлекет. Барлық әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің басты проблемасы болып оны қаржыландыру табылады. Тек қана
әлеуметтік сақтандырудың барлық түрлерін анықтау маңызды: жұмыс берушінің,
жұмысшының, мемлекеттің, сақтандырудың маңызды бөлігі болып көрсетілген
көмекті төлем есебінен қаржыландыру және төлем мен әлеуметтік қызмет
көлемінің арасындағы тығыз байланысы табылады. Көмек көлемі сақтандырылған
жеке адамның алдын ала салымына ыңғайланады.
Әлеуметтік көмек-тіршілік жағдайын қолдауда объектіге көмекті
қамтамасыз ету міндетін мемлекеттің мойындауы, ал керекті кезде жағдайды
дамытуда мемлекеттің мойындауы. Әлеуметтік көмек принципі бойынша шаралар
бюджеттен қаржыландыруды және алушының жеке қажеттілігіне ыңғайлануды
қалайды. Бұндай көмек көлемі алдын ала төленген төлемдерге тәуелді емес.
Бірақ көмек көрсету кезінде екі жағдай ескерілу керек: біріншіден, көмек
алушы адамдар арасында өз белсенділігін көрсету керек: екіншіден көмек
көрсетудің басқа жолы қалмағанда әлеуметтік саясат іске араласады.
Әлеуметтік қолдау жеке және жанұялық бюджетке ауырлық түсіп табысын
жоғалтқанда көрсетіледі және ол салық есебінен қаржыланады. Бұл кезде
қолдау алдын ала төленген төлемге қарамай көрсетіледі, бірақ мұндай
көмектің түрі мен көлемі алдын ала анықталған және алушының қосымша табыс
немесе мүліктік жағдайының ешқандай мәні жоқ. Егер әлеуметтік қамтамасыз
ету жүйесінің көк бөлігі әлеуметтік қолдау принципі бойынша құрылса, онда
ол мемлекеттік қаржыға ауырлық түсіруі мүмкін. Жоғары көрсетілгендердің
негізінде әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы ұсынылады (1-сурет)

Сурет 1 - Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы

Әлеуметтік қорғау жүйесінің өзінің құрылымы бар, яғни оның толықтығының
болуын қамтамасыз ететін, тұрақты байланыстар жиынтығы. Жүйе құратын
элементтері болып субъектілер мен объектілер табылады, олардың арасындағы
қатынастар саяси тәртіп типі бойынша, бағалылықтары бойынша, өмірлік
стандарты бойынша анықталады. Жоғарыда аталған факторлар негізінде
әлеуметтік қорғау жүйесін функциялау шекарасы әлеуметтік тәуекелділікпен
(жұмыссыздық, еңбекке қабілеттілікті жоғалту, еңбекке қабілетсіз жаспен)
шектеледі.
Осылайша әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы әлеуметтік қорғаудың
субъектілері мен объектілерін, құралдарын (ресурстар мен институттар),
механизмдерін және өмірлік стандарттар санынан тұрады. Белгілі тәуекелділік
санына сәйкес әлеуметтік қорғау құрылымы өзіне негізгі бағыттарды да
қосады.
Жеке құрылымдық элементтерді қарастырып, олардың арасындағы
байланыстарды қарастырайық.
Қазақстанда өтпелі кезеңде объект құрылымы өте қиын. Әлеуметтік
қорғаудың объектісі болып мыналар табылады: күнкөріс минимумынан төмен өмір
сүретін жұмысқа қабілетсіз адамдар; жұмыссыздар; бақындар; Чернобыльдегі
АЭС жарылысы нәтижесінде зардап шеккендер; соғыс ардагерлері; ауған соғысы
ардагерлері; көпбалалы жанұялар; аз қамтылған жанұялар; әскери борышын
орындау барысында қаза тапқан әскер қызметкерлерінің жанұялары; репрессия
құрбандары; концлагерь тұтқындары; экологиялық авария және катастрофа
құрбандары.

Jjj

2-сурет.

3-сурет.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі (3-сурет) болып ғасыр бойында
әр елде мемлекет келеді, яғни әлеуметтік қорғау функциясының орындалуын
қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
Бірақ олармен бірге қорғаудың активті субъектілері болып коллективтер,
жанұялар (өзара көмек), жеке тұлғалар (өзіндік көмек) табылады.Нарықтық
қатынастар кезінде әлеуметтік қор субъектілері болып бизнеспен
айналысушылар, жергілікті өзіндік басқарушы органдар табылады. Маңызды роль
қайырымдылық жүйесі ойнайды.
Әлеуметтік қорғау субъектілері болып діни ұйымдар мен бірлестіктер
табылады. Ішіндегі танымал қоғамдық ұйым болып жалдамалы еңбек
жұмысшыларының қызығушылығын қорғайтын, жұмысшылар мен жұмыс берушілер
арасындағы келісөзді жүзеге асыратын кәсіпшілер одағы табылады. Кәсіпшілер
одағы әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары қолданады, олар еңбек және
демалыс жағдайын жақсартуға, медициналық қызмет көрсетуге, ауыр өмірлік
жағдайға байланысты атулы көмек көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік қорғау субъектісінің объектіге әсер етуіне байланысты
субъектілер иерархиясы болады. Әр модельде олар әртүрлі болып келеді. АҚШ-
та басты субъект болып жеке тұлға(өзіндік көмек) табылады. Жапонияда-
коорпороциялар. Скандинавия елдерінде-жергілікті өзіндік басқалармен
үлескен мемлекет болып табылады. Біздің елде әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі
субъектілер иерархиясы көп сақталуы мүмкін, басты субъект мемлекет болып
табылады.
Әлеуметтік қорғаудың құрылымдық компоненті болып берілген қоғамға
тиісті белгілі стандарттар(нормативтер) табылады. Халықтың әртүрлі
табысының минимальді көлемін, минимальді еңбек ақы, минимальді зейнетақы,
балаларға арналған негізгі стандарттардың бірі болып минимальды күнкөріс
бюджеті, яғни “күнкөріс минимумы” табылады.
Күнкөріс минимумы жұмысшылардың, зейнеткерлердің, балалардың
қажеттіліктерін минимальді деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін
азық-түліктерді заттай товарларды және қызметтерді әлеуметтік ыңғайлы
бағаға алу мүмкіндігін анықтайды.
Әлеуметтік қорғаудың маңызды институты болып әлеуметтік қамтамасыз ету
жүйесі табылады. Ол әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмектесу
принциптері арқылы негізделеді. Әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік,
жеке, фирмалық институт ретінде келеді. Барлық модельдердің өздерінің
жетістіктерімен кемшіліктері болады.
Халықты әлеуметтік қорғауда маңызды рольді жұмыспен қамту қызметтері,
азаматтарды мамандық дайындау және қайта дайындау, әлеуметтік көмектің
мемлекеттік орталықтары ойнайды.
Мемлекеттік емес ұйымдарға кәсіпкерлік құрылымдар, мемлекеттік
әлеуметтік қызметтер, қайырымдылық қоғамдар, үкіметтік емес ұйымдар жатады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі принциптерге (4-сурет) негізделеді. Оларға
мыналар жатады:
1.Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономика және саясат арасындағы
байланыс принципі.
Кедейлікпен күрестің қоруы болып тұтынудың орташа деңгейін көтеретін
экономикалық өсу табылады. саясатшылар кедейлерге әлеуметтік көмекті
көрсету шаралар жиынтығын анықтайды.
2.“Жалпы тәуекелділікті сақтандыру” принципін “ынтымақтық
жауапкершілік”принципімен үйлестіру.
Адамның қолынан келетінің бәрін қоғам орындамайды әр адам өзі үшін
өмір сүреді. Бірақ әртүрлі жағдайдың себебінен адам қиын жағдайға тап
болады. Сол себептен ол жеке тұлғаны сақтандыруда осы принцип қолданылады.
3. Әлеуметтік қорғау жүйесін жайлап құру және дамыту принципі.
Дамыған елдердегі қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесі көп жылдық даму
нәтижесі. Сол себептенде біз әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуын қадағалап
отыруымыз қажет .
4. Әлеуметтік қорғау жүйесін құрудағы альтернативтілік принципі.
Әлеуметтік қорғау жүйесін құруда оның негізі болып табылатын: қаржыландыру,
ұйымдық құрылым, көлемі және формасы бір-бірімен тығыз байланыста, оларды
жеке өз алдына бөлуге болмайды.
5. Жалпы әллеуметтік кеңістік принципі.
Мемлекет халықты әлеуметтік қорғаудың жалпы стандартын құрады, еңбек ақысы,
зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы, стипендиямен, медициналық қызмет
көрсету, біліммен қамтамасыз ету облысында сәйкес құқықтық база құру арқылы
минималды кепілдеме береді.
6. Өкілдікке шек қою принципі.
Әлеуметтік көмек мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және кәсіпорын
деңгейінде көрсетіледі. Ол мемлекет және әртүрлі жеке фирма мен тұлғалар
арқылы көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек динамизациясы жағдайдың өзгеруімен байланысты жүреді.
8. Әлеуметтік көмек көрсетудің аталық принципі.
Әлеуметтік көмек нақты критерий бойынша қажет ететін жеке тұлғалар
категориясына көрсетіледі.
9. Өзін өзі басқару принципі.
Ол мемлекеттік басқармалардан өзін-өзі басқару органдарын бөлуден тұрады.
Ол әлеуметтік қорғау жұмысын толық істелуін қамтамасыз етеді.
10. Сақтандыру принципі.
Сақтандыру-халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді құралы. Адамдар көбіне
ауру, жұмыссыздық, сәтсіз оқиғаларға көбіне алдын ала дайын жүрмейді. Сол
себептен адамдар сақтандыру қорына төлем төлеп тұрады. Сол арқылы төлем
көлеміне байланысты әлеуметтік әлеуметтік көмек көрсетіледі.
11. Шығындарға қатысу принципі.
Белгілі әлеуметтік бағдарламалрды қаржыландыру азаматтардың өз қаржыларының
қатысуы арқылы жүзеге асады.
12. Қамтамасыз ету принципі.
Салық есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек алдын ала төленген төлемдерге
тәуекелсіз, мысалы, балалар мен соғыс құрбандарын әлеуметтік қамтамасыз ету
.
13. Қамқорлық принципі.
Салық есебінен әлеуметтік көмекті қаржжыландыру.
14. Ескерту принципі.
Апаттық әлеуметтік жағдайлардың болуын ескерту.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің объектісі мен субъектісі өзара функциялар
арқылы байланысқан. Егер әлеуметтік қорғау функцияларын қарастыратын
болсақ, онда ол кең немесе тар мағынада қарастырылатынын нақтылап алуымыз
керек.
Кең мағынадағы әлеуметтік қорғау функциялары келесідей: экономикалық,
еңбектік, технологиялық.
Тар мағынадағы әлеуметтік қорғау келесі функцияларды орындайды:
бағалылық, орнын толтыру, жағдай жасау, бейімдеу (5-сурет).
Экономикалық функция халықтық өмірлік деңгейін көтеру үшін
экономикалық өсудің тұрақты тәсіліне бағытталған, өндіріс көлемінің өсуіне
бағытталған және еңбекақының өсуін қарастырады.
Әлеуметтік функция әлеуметтік қорғауда адамның өмірлік деңгейін және
жағдайын жақсартуға халықтың әлеуметтік осал таптарына өмір суруіне
кепілдемені қамтамасыз етуге ыңғайландырады. Ақпараттық функция азаматтарға
Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы толық ақпарат беру үшін
кепілдеме жүйесін құруға бағытталған.
Аналитикалық функция халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауға
арналған.
Еңбектік функция. Әлеуметтік қорғау-бұл нақты мақсаты, заты және еңбек
құралы бар нағыз еңбек. Әлеуметтік қорғау функцияларын орындайтын
әлеуметтік институттар жоғары квалификациядағы саясатшы, әлеуметші,
экономист, әлеуметтік психолог, менеджер сияқты еңбек ресурстарымен қамтылу
керек.
Технологиялық функия. Барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау өзінің
технологиясы болу керек. Ол белгілі этаптар мен операциялардан тұрады,
орындау спецификасы әлеуметтік жұмысшылар квалификациясы деңгейімен
анықталады.

1. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі
Бұл модель АҚШ еліне тиісті (6-сурет). Маргинальдық модель негізінде
америка қоғамы туралы ұсыныс жатыр, олар өздерінің ыңғайына жағдайды өз
бетінше жасау мүмкіндіктері бар, сонымен бірге халықтың осал қатарын қолдап
отырады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың бұл моделі бейімделгіш болып келеді, бірақ өте
қиын және аралас. Боның ерекшелігі-децентрализация. Ол әртүрлі әлеуметтік
бағдарламадан тұрады, ал ол бағдарлама не федералды заңдылықтармен, не не
федералды мемлекеттік органдар мен штаттарды басқару ұйымдарының
бірлесуімен регламенттеледі. Жеке бағдарламалар жергілікті өкіметтермен де
қаралады.
АҚШ елінің мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі екі негізгі
формада жүргізіледі: әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмектесу,
оларды өзара қаржыландыру көздері арқылы ерекшеленеді. Әлеуметтік
сақтандыру бойынша төлемдер сақтандыру қорынан төленеді, ол қорға
жұмысшылар мен кәсіпкерлерден алынады. Мемлекеттік көмектесу бюджеттік
қаржыны бөлу есбіне іске асады.
Әлеуметтік сақтандыру туралы(1935 ж) заң екі түрлі әлеуметтік
сақтандыруды қабылдады: кәрілік бойынша және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы.
Онда сонымен қоса кейбір категориядағы кедейлерге, мүгедектерге және
жетімдерге көмек көрсету шаралары қарастырылған. Уақыт өте келе заңға жаңа
түзетулер енгізілді, онда әлеуметтік сақтандырудың жаңа формалары болды:
асыраушысын жоғалтқандарға байланыссыз, еңбекке қабілеттілікті
жоғалтқандарға жәрдем ақы төлеу, өндірістік жарақаттарға байланыссыз,
еңбекке қабілеттілікті жоғалтқандарға жәрдем ақы төлеу, 65 жастағы және
одан жоғарыдағыларға медициналық сақтандыруға құқық беру (“медикер”).
Заңның іс-әрекеті жеке сектордағы жұмысшылар мен қызметкерлерге таралды,
бірақ теміржолшылардан басқа, себебі оларға өздерінің әлеуметтік сақтандыру
жүйесі қарастырылған. Федералды азаматтық қызметкерлердің, соғыс
ардагерлерінің және соғыс қызметкерлерінің әлеуметтік сақтандыру
бағдарламасы бар. Ауылшаруашылық жұмысшылары, майда кәсіпорын жұмысшылары
әлеуметтік сақтандырудың сақтандырудың мемлекетттік бағдарламасымен
қамтылмады.
1935 жылы заңмен қарастырылған әлеуметтік сақтандырудың барлық түрін
және олардың түзетулерін жалпы федералды бағдарлама (ЖФБ) деп
біріктіріледі. Соның төңірегінде 80 жылы кәрілік бойынша зейнетақыны 21,5
миллион адам, асыраушысын жоғалтушылар 12 милионнан жоғары, мүгедектік
бойынша 25 миллион адам алды. 36 миллион жәрдемақы алушылардың 30 млн. 62
жаста және одан жоғары болған. Жәрдем ақы алушылардың ішінде 1,5 млн
бұрынғы федеральді қызметкерлер және 670 мың теміржолшылар. 1983 жылғы
заңға түзету енгізуде федералды қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыру
жүйесін жойып боны ЖФБ тарату болды.
Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы арнайы сақтандыру қорларымен
қаржыланады. 1935 жылғы заңға сәйкес жалдамалы жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек ақысынан әлеуметтік сақтандыруға салық алынады. Оған
қоса өздерінің табысынан жалдамалы жұмыс істейтін тұлғалар: дәрігер,
заңгер, молдалар, майда бизнесмендерде төлейді. Өздерінің үлесін сонымен
бірге кәсіпкерлердіде қосады. Сәйкесінше әлеуметтік сақтандыру бойынша
зейнетақы мен басқа жәрдемақыларды қоғамның барлық класына және қатарына
жататындар алады, жәрдемақы көлемі сақтандыру қорына төленген салыққа
тәуелді.
Жұмыссыздық бойынша сақтандырулар федеральді-штатты негізде жүзеге
асырылады. Федеральды заңдармен жұмыссыздық бойынша сақтандырудың жалпы
принциптері қабылданады, ал штаттар заңдары сақтандыруға жататын тұлғалар
категорияларын, жәрдемақы көлемін және олардың төлену тәртібін анықтайды.
Жұмыссыздық бойынша сақтандыру қорлары кәсіпкерлердің аударымы
есебінен құралады. Көмектесу жүйесі “кедейлік деңгейінен” төмен табысты
тұлғалар мен жанұяларға арналған. Ол адамдар көмектесуге арнайы салықтарды
төлемейді.
Аса кедей халыққа көмек федералды бюджеттің жалпы табысы есебінен
қаржыланады. Мүліктік жағдайдағы айырмашылықтары мен бірге
американдықтардың кедейлерге нанылсын, осы айырмашылық американдықтардың
көп бөлігімен кедейлер арасында көрінбейтін бөгет қояды.
Кедейлер жәрдемақысы сақтандыру жүйесі төлемдерінен үш есе төмен.
Әлеуметтік сақтандырудың басты бағдарламасы ел бойынша бірдей: олар
конгрестің бірлесіп қабылдаған нормалары мен критерийлері негізінде
федеральді үкімет пен қаржыланады, ал кедейлерге көмек көрсету нормаларға
мен критерийлері штаттан штатқа түрлендіріледі. Кедейлік бойынша жасына
байланысты жәрдемақы алушылардың мағынасы мен айырмашылығы бар. Оның ішінде
20% зейнеткерлер, 50% көпбалалы жанұялар.
Мемлекетттік көмек беру төңірегінде бірқатар бағдарламалар іске асады:
кепілденген табысты қамтамасыз ету бағдарламасы (кәрілер, мүгедектер мен
соқырлар), балалары бар жанұяларға көмек беру бағдарламасы, азық-түлікпен
көмектесу, тұрғын үй субсидиялары. Медициналық қызмет көрсету облысында екі
бағдарлама әрекет етеді. “Медикер” және “Медиксид”, оларға медициналық
сақтандырудың жалпы шығынының 41% кетеді. ”Медикер” бағдарламасы
зейнеткерлерге арналған және әлеуметтік сақтандыруға салық есебінен
қаржыланады. ”Медиксид” қамтамасыз етілмеген қарттарға арналған және
федеральді бюджет пен штаттар бюджетімен қаржыланады.
АҚШ елінде халықты қолдаудың мемлекеттік жүйесінен басқа әлеуметтік
сақтандырудың жеке жүйесі бар, олар екі формада болады: жұмыс орны бойынша
коллективті және инвидуальді, жеке коллективті сақтандырумен халықтың 56%
қамтылған. Кәсіпкерлер өздерінің жұмысшыларына медициналық сақтандыруды да
қарастырады. Бірақ бұған қармастан халықтың 15%-нің негізінен қызметкерлер
және кіші кәсіпорын жұмысшылары және фирма жұмысшыларының, медициналық
жәрдемнің ақысын төлеу мүмкіндіктері жоқ.
Осылайша американдық әлеуметтік қорғау 2 принцип бойынша негізделеді:
субсидиялық және өзіндік көмек.

2 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін
қалыптастыру ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік
қорғау жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мелекеттік
институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен
жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына
негізделген. Қазақстанның барлық азаматтары өмірдегі қатерлі жағдайлар
туындаған кезде еңбек үлесіне және жүйеге қосқан жарнасына қарамастан,
бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Азаматтың еңбек үлесі
ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Әлеуметтік
төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы
жүйесінде өзара байланыс болмауынынң салдарынан жұмыс істейтін халықтың
табыс деңгейімен әлеуметтік төлемдер арасындағы тиісті байланыс болмай
отыр. Нәтижесінде, жұмыс істетін халықтың бір бөлігі әлеуметтік еңбек үлесі
болмаған азаматтардың да алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз
жалақы алады.
Еңбеккерлер, яғни ресми жұмыс істейтін азаматтар қатерлі жағдайға тап
болған кезде жүйедегі жарансына қарай қосымша қорғау деңгейімен қамтамасыз
ететін шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйе жоқ.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі-қартайған шақтағы қамсыздандырудың
қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидасына негізделген жүйеге
қатысуға нәрменді ынталандыратын бірден бір түрі.
Азаматтардың жекелеген санаттарына заңнамаға сәйкес мемлекеттің
қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Қолданылып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда
ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ол бірқатар факторларға
байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы
реттеушісі мемлекет болып отыр. Біздің еліміздегі тәжірибемізде мемлекет
басқаратын жүйедегі халықтың қатылу деңгейі жоғары және әкімшілік шығыстар
төмен, ал жеке әкімшілік шығыстар төмен, ал жеке меншік институттары
қатысатын жүйеде халықты қамтудың төмендігі мен әкімшілік шығыстар жоғары
болатын халықаралық тәжірибедегі тұжырыммен дәлелденіп отыр. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесін қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру
деңгейі төмен.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктері
мыналар-жетілдірілмеген заңнама: әлеуметтік саланы реттейтін заңнама,
әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, көбіне әлеуметтік төлемдер
түрлері бойынша қалыптастырылған, сондықтан күрделі және анық емес;
-әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен: әлеуметтік
жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салық аудармайтындардың алдында
салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің
артықшылығының болмауы,
-айқындықтың жеткіліксіздігі: дербес сәйкестендіру жүйесі немесе
жәрдемақыларды алу мен бөлу процесін қадағалау үшін дерекқордың қалыптасу
сатысында болуы.
Қолданылып жүрген жүйені сақтау қызмет параметрлерінің нашарлауына және
әлеуметтік қорғау міндеттерінің шешу мүмкіндігінің төмендеуіне апарып
соғады.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың тәжірибе мен қазіргі жағдайды
талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы
еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығыстары төмен, халықты
қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр.
Әлеуметтік проблемалаларды шешудің нарықтық қатынастарға негізделген
кешенді моделі іске асырылады. Жаңа жүйе халықты қалыпты өмірде тап болуы
мүмкін негізгі қатерлерден әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған
ынтымақты және ерікті сақатндырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе
болады.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері
экономикалық өсуді қолдау ээлементтері, қатерлі жағдайлар туындаған кезде
барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ, пәрмендіде тиімді жұмыс істейтін
және халықты неғұрлым толық қамтитын ескере отырып қалыптастырылуы тиіс.
Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама өмірде кездесетін қатерлердің
негізінде қалыптастырылуы керек.
Жүйе әділ болуы тиіс. Кейбір елдерде әділдікті барлық азаматттар үшін,
адамның салымына қарамастан, әлеуметтік төлемдердің мөлшері бірдей
болатындығы деп біледі. Басқа бір елдерде әр адамның әлеуметтік қорғалуы
боның еңбек үлесін, аударымдардың мөлшері мен ұзақтығына байланысты деп
ұғады. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі ұсынылған екі көзқарасты
ұштастыруға негізделетін болады. Әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру
азаматтар үшін қол жетерлік болуы тиіс.
Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдем ақылар әлеуметтік қатар
туындаған кезде барлық алушылар үшін төлемдердің бірдей деңгейі ұсынуы
тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның
еңбек үлесіне байланысты болу керек.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әрбір азаматтық мемлекетке тәуелділігін емес,
оның жеке жауапкершілігін ынталандыру тиіс. Тұтастай алғанда, барлық
еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының
әл-ауқаты үшін жауапты болуы тиіс.
Жүйе нәрменді, жәрдемақылар атаулы болу керек, яғни оны алуға құқығы
бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі. Жүйе тиімді, яғни ашық және
жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым, түсінікті болуы, ал
жәрдемақылырдың қосарлануы мейлінше азайтылуы қажет. Жүйенің негізгі
компоненттерін реттеу икемді болуы қажет.
Жүйе белгілі бір қысқа мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын
қамтамасыз етуі тиіс.
Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерелер негізінде және
қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін
ұйымдастыру көзделіп отыр:
- барлық азаматтарға әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік қатер
туындаған кезде әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет қаражатының
есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
- жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің аударымдағы есебінен міндетті
әлеуметтік сақтандыру;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
- әлеуметтік көмек және белгілі бір санаттағы азаматтарды мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағадарламалары.
Азаматтар әлеуметтік қатерлердің құқылы.
Қазақстанның ерекшелегін, халықаралық тәжірибені ескере отырып,
әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік
және сол сияқты және меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді
пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс.
Әлеуметтік төлемдерді неғұрлым тиімді басқару үшін әрбір азаматқа дербес
код бере отырып, осы код негізінде барлық әлеуметтік төлемдерге бақылау
жасайтын мемлекеттік жүйе мен ұлттық дерекқор жасалуы тиіс.
Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бүкіл
әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі боладды. Келешекте
әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында жүктілігінің алғашқы
кезеңінде медициналық ұйымда диспансерлік есепке тұрған әйелдерге жәрдемақы
төлеу мүмкіндіктерін іздестіру және басқа да көмек түрлері сияқты бала
тууды арттыруға ықпал жасау тәсілдерін енгізу жолымен демографиялық
процестердің оң үрдістерін қолдауды ынталандыру шаралары қалыптастырылатын
болады.
Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктерді мүгедектерге
қатысты қоғамдық оң пікір қалыптастыруға тарту жоспарлануда. Мүгедектік
проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзірлеу, мүгедектердің мұқтаждарына
арналған өндірістерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердің
негізгі құқықтармен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу қамтамасыз ететін
мемлекеттік стандарттарды енгізу қарастырылады.
Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдері негізінде халықтың
ең аз қорғалған топтарныа ғана берілетін болады. Бүдан басқа, адамдардың
белгілі бір топтарына –ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтамасыз етілген
азаматтарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар
әзірленеді.
Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің ролін
арттыру, ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен көбейетін күнкөріс деңгейіне
жақындату маңызды болып табылады. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік-
экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады. Ең
төменгі жалақы мөлшерінің және әлеуметтік жәрдемақылар деңгейінің
арақатынасы қисында болады. жасы, асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен
айырылуы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыруды енгізу
сәтінен дейін тағайындалған азаматтарды қамтамасыз ету қағидалары
өзгерістерге ұшырамайды.
Әлеуметтік қорғаудың кез-келеген жүйесі тікелец немесе жанама түрде
еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен
қаржыландырылатындықтан әлеуметтік қорғау жүйесіне әрбір нақты азаматтың
ғана емес, үкіметтің әлеуметтік әріптестерінің-кәсіподақтардың және жұмыс
берушілер бірлестіктерінің қатысу деңгейін көтеру қарастырылады.
Өмірде қатерлер туындаған кезде әлеуметтік қорғаудың негізгі тәсілдері.
Әлеуметтік салықты аударатын ұйымдарда жұмыс істейтін барлық еңбеккерелер
асыраушысының еңбек ету қабілетінен және жұмысынан айырылуы бойынша
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болады. Әлеуметтік сақтандыру
жүйесі енгізгенде алғашқы кезеңінің ерекшеліктері ескеріледі. Әлеуметтік
сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен еңбеккерелердің
аударымдары есбінен жүзеге асырылады. Төлемдердің ең төмен және ең жоғарғы
мөлшері заңнамамен белгіленеді. Жарна аударылатын табыстың ең жоғарғы шегі
белгіленеді.
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайдағы әлеуметтік қоррғау.
Мүгедектерді оңалту (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) және
бағдарламаларын дамыту олардың әлеуметтік, еңбекке бейімделу жүйесін
құруға, мүгедектердің қоғамға көмек көрсету шаралары қабылданатын болады.
Еңбек етуге қабілетті жастағы азаматтардың мүгедектік дәрежесін
бағалауда тіршілік әрекетінің шектелуін бағалаудан еңбек ету қабілетінің
шектелуін бағалауға көшу қарастырылады. Денсаулық сақтау жүйесінің
қызметкерлері мен комиссияларының еңбек ету қабілетін айырылу деңгейін
айқындаудағы жауапкешілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ету қабілетінен айрылу.
Еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үщін жұмыс
берушінің жауапкерішілігін міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі.
Сақтандыру жұмыс беруші мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған шарт
талаптары мен жұмыс берушінің сақтандыру ұйымына міндетті аударымдарының
есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда еңбеккерге
келтірілген зиянды өтеуді еңбеккердің бүкіл ғұмыры бойы берілетін төлемдер
түрінде жүзегеасырылады. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясы зардап шегушіні
протездеуге, емдеу мен оңалтуға, боның еңбек ету қабілетін қалпына
келтіруге кеткен және тағы басқа шығыстарын өтейді. Мүгедектік жұмыс
берушінің кінәсінен болған жағдайда мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен
жәрдемақы төленбейді және азаматқа келтірілген зиянды өтеу мемлекет жауапты
болмайды.
Төлемдердің ең төменгі мөлшері (мемлекет берген кепілдік деңгейінен кем
емес) заңмен белгіленеді және жұмыс берушілерге сақтандыру шарттарын
уақтылы жасамағаны үшін салынатын айыппұл санкцияларының жүйесі енгізіледі.
Сақтандырудың осы түрін енгізу жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі
талаптарын сақтауға және жақсартуға ынталандырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін жұмыс берушінің кінәсінен еңбек
ету қабілетінен айрылу кезіндегі зиянды өтеудің ерекше тәртібі белгіленетін
болады.
Жұмыс берушінің кінәсінен болмаған еңбек ету қабілетінен айрылу.
Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайындағы әлеуметтік қорғау жүйесін
реформалау оның мынадай үш деңгейлік құрылымын енгізуді көздейді:
Бірінші деңгей: барлық азаматтарға мемлекеттік бюджеттің қаржаты есебінен
бірдей деңгейдегі жәрдемақы беру.
Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен зейнеткерлік жасына жеткенге дейін қосымша төлемдер
беру.
Үшінші деңгей: азаматтардың өзінің меншікті қаражаты есбінен еңбек ету
қабілетінен айрылуын ерікті сақтандыру.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен мөлшері еңбеккердің жасы,
аударымдарының ұзақтығы және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне қарай
белгілі бір уақыт ішіндегі орташа жалақысын алмастыру коэффициенті
негізінде есептелетін болады. Төлемдердің ең төменгі және ең жоғары мөлшері
заңмен белгіленетін болады. Жарна аударымдары жүргізілетін табыстың ең
жорғары шегі белгіленеді.
Асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмыс берушінің кінәсінен қайтыс
болған, жағдайларды қоспағанда, мемлекет барлық азаматқа жүйеге қатысуымен
байланыстырмай, әлеуметтік қорғауды жәрдемақылар түрінде бірдей ұсынуға
кепілдік береді.
Жұмыс берушінің кінәсінен асыраушысынан айрылу.
Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайындағы сияқты шарттар бойынша
қызметкердің келтірген зиян үшінде жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыруды енгізу ұсынылады. Сақтандыру сияқты асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша әлеуметтік қорғаудың үш деңгейін жүйесін енгізу
қарастырылады. Осындай қатер туындаған кезед төлемдердің мөлшері
асырауындағы адамдар санына қарай есептелетін болады Төлемдердің ең төмен
және ең жоғары шегі белгіленеді.
Жұмысынан айрылу жағдайында әлеуметтік қорғау.
Жұмысынан айрылу жағдайында азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін
реформалау оның екі деңгейлі құрылымын енгізуді көздейді.
Бірінші деңгей: жергілікті бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз азаматқа
жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар
беру жолымен төлеген жарнасына қарай қосымша қорғау.
Ресми түрде жұмыссыз деп танылған және белсенді түрде жұмыс іздеп
жүрген әрі сақтандыру жүйесіне белгілі-бір үлесі болған азаматтың
әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемалу құқығы туындайтын болады. Төлемнің
мөлшері жалақы деңгейіне және аударымдардың ұзақтығына тәуелді болады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесніе жарна аударылатын табыстың ең жоғарғы шегі
белгіленетін болады.
Әртүрлі деңгейде шектеу жүйесі қолданылады, мысалы, лайықты жұмыстан
бастарту, өз өтніші бойынша жұмыстан шығу, жекелеген құқық бұзушылықтар
орны алғанда, төлемді алу мерзімінің кейінге қалдырылуы, боның мөлшері
азайтылуы не жойылуы мүмкін.
Жұмыссыздықтан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу азаматтарды жұмысынан
айрылған кезінде қамсыздандыру жүйесін едәуір жақсартады және кеңейтеді.
Еңбеккерлерге жұмысынан айрылған жағдайда латын жәрдемақы мөлшерін
білетін болады және жәрдемақы төленетін кезеңнің шекетлуін ескеріп,
белсенді түрде жұмыс істеуге ынталы болады. Жұмыссыздарды ақпараттық қолдау
мақсатында еңбек рыногында мамандықтар мен аумақтар бойынша сұраныс пен
ұсыныстың орталықтандырылған дерекқоры құрылады.
Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау.
Ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдірілетін болады.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі
ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйенің зейнеткерлік әлеуметтік қорғауды жүзеге
асыру қағидаттары өзгертілмейді.
Халықтың, ең алдымен ауыл тұрғындарын пошта жинақ қызметінің, зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және басқа институттардың
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен
қамтуды кеңейту жөнінде шаралар көзделіп отыр. Зейнетақы активтерін
сақтауды қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қоларының қаражатын
әртүрлі қаржы құраладарына инвестициялау кезінде қатерлерді әртараптандыру
тетігін реттеу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жинақтаушы зейнетақы
төлемдернің тәсілін жетілдіру жалғастырылады. Аннуитеттік зейнетақы
төлемдері рыногын енгізу, оның ішінде ерлі-зайыпты жұптардың бірлескен
аннуитеттерді сатып алуын ынталандыру болады.
Мемлекеттік емес және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының
құқықтық мәртөбесін теңестіру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
Жұмыспен қамту органдарының қызметі
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Халықаралық еңбек ұжымының, еңбек қатынастарын реттеудегі маңызы
Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар
Пәндер