Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы



І КІРІСПЕ

Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің негізгі сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ІІ Негізгі бөлім

1. Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың өмір шындығы бейнелейтін поэзиялық туындылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Патша өкіметінің озбырлығына қарсы табанды күресі ... ...13
Бостандық тақырыбына арнаған өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... 18
Жоспарды оқу.білімге, еңбекке үндеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2. Поэма жанрындағы қаламгерлердің өзіндік ерекшелігі ... ... ..29
Халық аңыздарына құрылған поэмалар ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Дәуір тынысы поэмалардың негізгі арқауы ... ... ... ... ... ... ..36

3. Қос жазушының прозалық шығармалары . тарих беттерінің айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Кеңес дәуіріндегі тың жаңалықтардың романдарында көркем бейнеленуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Ұлы тұлғаларымызды дәріптейтін тарихи романдар ... ... ..53

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .59.61
Адамгершілік, ар-ождан мәселесі адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдықта да рухани асыл мұрат – адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе – ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы.
XX ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам ойының «жетістігінен» қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде (жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы, мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы аңдар санының күн санап кемуі). Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде.
Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М.О. Әуезов кезінде: «Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан-дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын» жете түсіндірген еді. Себебі: «Көркем туынды ең алдымен, адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті». Ал орыс ғалымы Ф.Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті», – деп жазады. Бұл қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы ойымызды орыстың ұлы жазушысы М.Шолоховтың: «Жазушы шығармашылығы дегеніміз ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?!» деген сөздері нақтылай түседі.
Олай болатын болса, жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан халқын біртұтас отаншылдық рухында баулаудағы, өзімшілдік пен жеке бастың мүддесін ойлауға, тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.
Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік гуманизм мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл прозалық шығармаларына өзек еткен қаламгерлердің туындысын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін өзекті.
Сондай ұлы қаламгерлер – Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын зерттеу қазақ әдебиетінің мұрасын көркейте, дамыта түсетіндігі анық.
1. Адамзат өркениеті – тарих және қазіргі заман. Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары, 5-9 шілде 2005 ж. – Алматы: Университет «Қайнар», 2005. – 266 б.
2. Алаш-Орда. Сборник документов (Сост. Мартыненко Н.) – Алма-Ата: Айқап, 1992. - 192 с.
3. Аллаберген Қ., Оразай Ф., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995) – Алматы: Рауан, 1996. –244б.
4. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.:Россия молодая, 1994.
5. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. А.: Жалын, 1996.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырғандар З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.
7. Әуезов М.Әдебиет тарихы. А.: Ана тілі, 1991.
8. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы: Мектеп, 1981. – 240 б.
9. Брайнин. С., Шафиро Ш. Очерки по истроии Алаш Орды (под ред. Н.И.Ванаг), – Алма-Ата- Москва, 1935. – 149 с.
10. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 340 б.
11. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208-б.
12. Знать прошлое, чтобы помнить о будущем // Казахстанская правда, 1989, 19 июля.
13. Кәкішев Т. Дәуір дидары: Қазақ совет әдебиетінің өсу жолдары туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 1985 ж. – 304 б.
14. Кәкішұлы Т. Сайыс. Эссе. – Алматы: ҚАЗақпарат. 2001 ж. – 290 б.
15. Қабдолов З. Сөз өнері: әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1983. – 368 б.
16. Қазақ прозасы. Хрестоматия. Үш томдық. Бірінші том / Құраст. және алғы сөзін жазған Х. Ж. Сүйіншәлиев. – Алматы: Ғылым, 2001. – 564 б.
17. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (бұдан кейін ҚРОММ) 1985 - қор, 1 - тізбе, 3 - іс. Ысмайлов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қолжазба, - 234 б.
18. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 б.
19. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. А.: Фолиант, 2002.
20. Қирабаев С.С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300 б.
21. Қирабаев С.С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
22. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. – Алматы: Санат, 1998. - 206 б.
23. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. - 368 б.
24. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси қызметі // тарих ғылым. докторы. авторефераты. – Алматы, 1994. - 53 б.
25. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. (Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі) – Алматы: 1932. – 329 б.
26. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.
27. Нурмагамбетова Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. А.: 2003.
28. Нұрпейіс К. Алаш Һәм Алашорда. А.:Ататек, 1995.
29. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас.А.: Қазақ университеті, 2004.
30. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Тарихи очерктер. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 186 б.
31. Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. – 223 б.
32. Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. – Орал, 1997. - 62 б.;
33. Садуақасұлы С. Қазақ әдебиетінің аяқ алысы // Егемен Қазақстан, 1991. 9 қараша
34. Сәбит Мұқанов және қазіргі қазақ романы // «Аса көрнекті жазушы, ғалым мемлекет және қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов шығармашылығы және қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (30 наурыз 2010 ж.). – Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2010. – 199-202 бб.
35. Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман. – Алматы: Жазушы, 1977. - 392 б.
36. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні. – Алматы: Ер-Дәулет, 1996. – 164 б.
37. Тілегенов Б. Тұйық өмірдің құпиясы: Роман-толғау (Айтылмай келген шындық). – Алматы: Дәуір, 1992. – 336 б.
38. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 376 б.
39. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы – Алматы: Мектеп, 1983. – 192 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

І КІРІСПЕ

Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің негізгі
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5

ІІ Негізгі бөлім

1. Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың өмір шындығы бейнелейтін
поэзиялық туындылары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...7
1. Патша өкіметінің озбырлығына қарсы табанды күресі ... ...13
2. Бостандық тақырыбына арнаған өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... .18
3. Жоспарды оқу-білімге, еңбекке
үндеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... 25

1. Поэма жанрындағы қаламгерлердің өзіндік ерекшелігі ... ... ..29
1. Халық аңыздарына құрылған
поэмалар ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2. Дәуір тынысы поэмалардың негізгі арқауы ... ... ... ... ... ... ..36

2. Қос жазушының прозалық шығармалары – тарих беттерінің
айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..43
1. Кеңес дәуіріндегі тың жаңалықтардың романдарында көркем
бейнеленуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .50
2. Ұлы тұлғаларымызды дәріптейтін тарихи романдар ... ... ..53

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...57

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .59-61

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Бітіру жұмысының көлемі: 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны: 39
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: әдебиет, қазақ
әдебиеті, жанр, проза, тек, түр, поэзия, өмір шындығы, көркемдік шындық,
шиеленіс, Алаш қозғалысы және т.б.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш үлкен
бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі берілген.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті:
Бітіру жұмысының басты мақсаты – Сәбит пен Сәкен шығармашылық
байланыстылығын, барлық кезеңдерін қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістермен
байланыстыра отырып, олардың қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен
жағдайларды, Алаш қозғалысындағы орны мен рөлін айқындау, қоғамдық-саяси
және шығармашылық қызметін тарихи тұрғыда зерттеу болып табылады. Кең
ауқымды деректер негізінде Сәбит Мұқанов пен С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси
және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметтеріне талдау жасай отырып, мақсатқа
жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- Сәбит пен Сәкеннің өскен, білім алған ортасы, олардың қоғамдық
көзқарасының қалыптасуына әсер еткен негізгі факторларды анықтау;
- Қазақ халқының отаршылдық саясатына, ұлттық езгіні сынауы және қазақ
халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастарын айқындай
отырып, ұлтымыздың кемшілігін тани білгендіктерін көрсету;
- Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын ашып көрсететін
туындыларының халық мүддесін көтерудегі рөлін анықтау;
- Сәбит пен Сәкен дәуіріндегі халықтың саяси көзқарасының
туындыларынан көрініс тапқандығын шығармалары арқылы дәлелдеу;
- Сәбит пен Сәкеннің атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен өзара
шығармаларындағы ойларының бір жерден шығуының түрткі болған себептерді
ашып көрсету;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу
негіздерін анықтау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ
Автономиясына біріктірудегі еңбектерін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен
көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен,
ондағы өзгерістерімен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін
ұйымдастыру ісіне қосқан еңбектеріне талдау жасау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс
деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен
қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
- Қазақ партия-кеңес номенклатурасының сипатын, Сәбит Мұқанов пен
Сәкен Сейфуллиннің әр түрлі бағыт ұстанған топшылдармен қарым-қатынасын
елеусіз, ескерілмей келген мұрағаттық деректерді айналымға енгізу негізінде
анықтау;
- Шығармашылығы мен қызметін талдау негізінде Сәбит Мұқанов пен Сәкен
Сейфуллиннің ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік реформаларға ұстанған
позициясы мен көзқарасын айқындау;
- Сәбит пен Сәкеннің өскен, білім алған ортасы, олардың қоғамдық
көзқарасының қалыптасуына әсер еткен негізгі факторларды анықтау;
- Қазақ халқының отаршылдық саясатына, ұлттық езгіні сынауы және қазақ
халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастарын айқындай
отырып, ұлтымыздың кемшілігін тани білгендіктерін көрсету;
- Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын ашып көрсететін
туындыларының халық мүддесін көтерудегі рөлін анықтау;
- Сәбит пен Сәкен дәуіріндегі халықтың саяси көзқарасының
туындыларынан көрініс тапқандығын шығармалары арқылы дәлелдеу;
- Сәбит пен Сәкеннің атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен өзара
шығармаларындағы ойларының бір жерден шығуының түрткі болған себептерді
ашып көрсету;
Бітіру жұмысының өзектілігі:

Әдебиетте замандас бейнесін суреттеу – әдебиет тарихында көне
дәуірлерден келе жатқан әдеби-эстетикалық үрдіс. Әр дәуірдің әдеби даму
ерекшеліктеріне, әр халықтың ұлттық нақышына, сондай-ақ заман мен қоғамның
саяси-әлеуметтік ұстанымдарына қарай әдеби-көркем шығармалардағы замандас
бейнелері авторлардың өмірлік дүниетанымдары мен көзқарастарына сай әр
алуан мазмұнда бейнеленді.

Рухани құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптасып жатқан кезеңде төл
әдебиетіміздің, оның ішінде көркем прозаның дамуына үлес қосқан Сәбит
Мұқанов, Сәкен Сейфуллиндей қабырғалы қаламгерлердің творчестволық тұлғасын
таныту әдебиеттану ғылымында іргелі мәдени құбылыстардың қатарын молайтуға
әдебиеттану ғылымының теориялық деңгейін көтеруге септігін тигізеді.
Сонымен қатар Сәбит пен Сәкеннің шығармашылық сабақтастығын айқындауда,
олардың прозалық шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктерді, суреткерлердің
тілі мен стилін, жазу мәнері мен машығын ғылыми тұрғыдан талдай отырып,
олардың тек әдебиетке емес, халықтың саяси көзқарасын өздерінің
шығармаларына арқау еткендігін көрсете аламыз.
Сөз өнеріндегі Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын тек олардың
шығармаларынан ғана емес, сонымен қатар екі үлкен тұлғаның рухани
сабақтастығы мен ішкі жан дүниесінің ұқсатығынан, ойларының бір жерден
шығатындығынан анық аңғарамыз. Олардың шығармаларындағы қоғам мен адам,
замандастар образын суреттеудегі шығармашылық зертханасының қыр-сырын, осы
жолдағы суреткерлік қалам қарымын дәйектеу тұрғысында арналы қарастырылған
еңбектердің әдебиеттану ғылымында орын алғандығы және туындыларының
қарастырылмаған жақтары мен зерттеуге зәру тұстарын жан-жақты ашып көрсету
– зерттеудің қажеттілігін, яғни тақырыптың өзекті мәселеге айналғанын
айқындай түседі. Ең негізгісі, зерттеу тақырыбы – өмір-уақыт шындықтарын
арқау етеді, әрі ондағы замандастар бейнесінің көркемдік-рухани
құндылықтарын, басты ұстанымын жан-жақты ашуымен де өзекті, мәнді болып
табылады.
Сәкен мен Сәбит – қазақ тарихында өз орнын алған ұлы тұлғалардың бірі.
Өйткені олардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына
адал еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына
қосуға бағытталған.
Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса
да, ұзақ жылдар бойына ұлтының ұлы тұлғалары атағына кеш келгендігі,
олардың өмірлік жолдарының тар жол, тайғақ кешуден өткендігі қазіргі
заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды. Жалпы, бітіру
жұмысының тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі обьективтік, тарихилық, жүйелік,
салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным
принциптеріне сүйеніп құрылған. Зерттеу жұмысын талдауда  соңғы жылдары
тарих ғылымындағы өзекті тарихи тақырыптар, соның ішінде ұлт-азаттық
қозғалыстың көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі мен қызметін зерттеуде
қалыптасқан жаңа концепциялар мен ой-тұжырымдар негізге алынды.

Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын зерттеу барысында екі
тұлғаның шығармашылық байланысын ғана емес, олардың шығармаларынан қазақ
халқының сол дәуірдегі тыныс-тіршілігінен хабардар болдық, жалпы қазақ
ұлтының қазіргі кезеңге дейінгі бейнесінің көрінісін еңбектері арқылы
айқындай түстік.

Бітіру жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысының ауқымдылығына орай
негізгі дерек көзі ретінде Сәкен мен Сәбиттің шығармаларын, олардың ғылыми
еңбектерін, ұлы туындыларын, екі тұлға туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың
еңбектерін, жалпы Кеңес әдебиетін қамтитын, яғни өмір сүрген уақытын
қамтитын әдебиеттерді, көптеген саяси еңбектерді және қазіргі таңдағы
әлеуметтік-саяси маңыздылықты құрайтын БАҚ көздерінен алдық.
Бітіру жұмысында негізгі дереккөзі ретінде Т. Кәкішұлы, С. Қирабаев,
З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, Е. Исмайылов, Б. Кенжебаев, Е. Бекенов, Б.
Кенжебаев, Р. Бердібаев, Б. Шалабаев, Т. Нұртазин, З. Бейсенғали, Ө.
Әбдіманов, М.Дүйсенов, М. Хасенов, т.б. зерттеуші-ғалымдардың,
қаламгерлердің еңбектерін пайдаландым.
Бітіру жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен
тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама жасала отырып, жазушылардың
туындыларындағы рухани-адамгершілік ізденістер мен бүгінде барша адамзатқа
ортақ әлемдік гуманистік мәселелерді зерттеуде жүйелі комплексті,
обьективті-аналитикалық, салыстырмалы-салғастырамалы талдау мен жинақтау,
жүйелеу және оны түсіндіру әдістерінің негізінде нақты, затты түсінік
беріледі
Бітіру жұмысының зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысын жазу барысында
алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін шығармаларындағы
көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі
мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар
аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық
көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-
қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға, қағазға түсіру, сыр қылып шерту
келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін
бақыт. Оны Сабит пен Сәкеннің шығармаларынан танып, көруге болады. Қазақ
елінің мұң-мұқтажын, қажеттілігін жоғары деңгейде атап өтіп қана қоймай,
сол үшін жан пида еткенін мұраларына шолу жүргізгенде аңғаратынымыз, бұл
ұлы тұлғалардың жаңаша көзқарас қалыптастыруда, өмірлік қорытынды жасауда
ерекше бір серпін беретіні сөзсіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Өмір шындығын образ әрекеті, кейіпкер психологиясы, шығармадағы адам
мен қоғам арасындағы өзара үндестік пен тартыс, қайшылықтар диалектикасы
арқылы суреттеу, автордың өз замандастарының көркем образдарын сомдау
ерекшеліктері әдебиеттану ғылымындағы өзекті зерттеу нысанасы болып
табылады. Осы бағытта, яки әдебиеттегі замандас бейнесін зерттеу мәселесі
алыс-жақын елдердің ғылымында кең орын алды.
Мәселенің зерттелу деңгейі Сәбит пен Сәкен шығармаларының өмірі мен
қоғамдық-саяси қызметін, көзқарасын  біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып
ретінде арнайы зерттелмегенімен, әдебиетте белгілі дәрежеде ғылыми
айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси құқықтық
көзқарасы ғылыми танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар
өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқының патриот перзенті Сәбит
пен Сәкеннің аз ғана ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал жарық
көрген әртүрлі зерттеулерді саралау Сәбит пен Сәкеннің өмірі мен қызметінің
толық ашылып, зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр.
Ғалымдар Сәбиттің де, Сәкеннің де әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын
ашу бағытында көп еңбектенді. Сәбит пен Сәкен туралы зерттеулердің басым
көпшілігі оның ақын-жазушы, қаламгер ретіндегі шығармашылығын ашуға
арналған. Ал олардың кейбір еңбектері, қоғамдық-саяси қызметі толымды түрде
жазылмай келеді. Бұл жағдайдың қалыптасуы тиісті деректердің ғылыми
айналымға енбеуімен байланысты.
Сәбит пен Сәкен – өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-
зомбылықтың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған
қазақ интеллигенциясының қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі,
қоғам және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі өкілдері.

КІРІСПЕ

Адамгершілік, ар-ождан мәселесі адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің
өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдықта да рухани асыл мұрат –
адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе
– ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының
құнсыздана бастауы.
XX ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам
ойының жетістігінен қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты
бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде
(жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы,
мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы
аңдар санының күн санап кемуі). Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар
санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең
бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын
қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет
биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау
өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің
мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде.
Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М.О.
Әуезов кезінде: Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр
дәуірде адамды оның жан-дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен
шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын жете түсіндірген еді.
Себебі: Көркем туынды ең алдымен, адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның
рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті. Ал орыс ғалымы Ф.Ф.
Кузнецов: Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану
болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті, – деп жазады. Бұл
қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы
ойымызды орыстың ұлы жазушысы М.Шолоховтың: Жазушы шығармашылығы дегеніміз
ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?! деген сөздері
нақтылай түседі.
Олай болатын болса, жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан халқын біртұтас
отаншылдық рухында баулаудағы, өзімшілдік пен жеке бастың мүддесін ойлауға,
тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ
әдебиетінің орны айрықша.
Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік гуманизм
мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл прозалық шығармаларына өзек
еткен қаламгерлердің туындысын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану
ғылымы үшін өзекті.
Сондай ұлы қаламгерлер – Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің
шығармаларын зерттеу қазақ әдебиетінің мұрасын көркейте, дамыта түсетіндігі
анық.

Арғы атам – ер түрік,
Біз – қазақ еліміз.
Ерке өскен Арқаның
Еркесі – серіміз.
Алаштың аруағы
Жебесін, қолдасын!
Ақсақал, тілей көр,
Сапарды оңдасын.
Жасаған жар болсын
Қазақтың еліне,
Жасасын, сақтасын
Алаштың ордасын –
деп Жүсіпбек Аймауытов жыр жолдарында тебірене жырлағандай, қазақ халқының
ұлт болып, жеке дербес халық болуы үшін тер төккен ұлы тұлғалар есімі аз
емес-ті. Олардың халық игілі үшін жасаған еңбектерінің орасан екендігін біз
қазіргі таңдағы күйімізбен ғана емес, халық қазынасына айналған
шығармаларының негізінде оны айқындай, айғақтай түсетініміз анық.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына
сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері
қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның
бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Қазақ әдебиетiнiң қалыптасуы, дамуы тарихының барлық кезеңдерiндегi
туындыларда халықтың басынан өткен өмiр шындығын танытуда мазмұн мен пiшiн
жүйесiмен қамтып бейнелеу жүзеге асырылып келедi. Қазақ халқының жеке
мемлекет болып қалыптасуы жолында болып өткен қоғамдық-әлеуметтiк
оқиғалардың және олардағы  көрнектi тұлғалардың өмiрлiк шындық деректерiн
көркем шындықпен бүгiнгi оқырман ұрпақтың жан әлемiне танытуда тарихи
тақырыптағы эпикалық шығармалардың маңыздылығы анық. Әсiресе, Қазақстан
Республикасы тәуелсiздiгi жарияланып, дербес егемен мемлекет болып өмiр
сүре бастаған жылдар белестерi халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасын
сiлкiндiрдi, ұлтымыздың өзiн-өзi тануы жаңа көзқарастармен байи түстi.
Қазақ әдебиетi тарихындағы классикалық үрдiстердi қалыптастырған сөз өнерi
алыптары мерейтойларының Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО  шешiмiмен әлем
өркениетi кеңiстiгiнде бағаланып, аталып өтiлетiнi де әдеби дамудағы
көрнектi, кесек туындылардың жаңаша жазылуына себепкер болды.
Кеңес дәуіріндегі социалистік реализм әдісінің қасаң қағидалары
құрсауындағы социалистік қоғам мен социализм құрылысшыларының образдарын
жасаған әдеби туындылардың ішінде, сол қоғамның ішкі қайшылықтарын
шығармалар сюжеттеріндегі образдар тартысы арқылы ашық та астарлы түрде
суреттеген Сәкеннің де, Сәбиттің де шығармашылық мұраларындағы замандастар
образдары – жеке зерттеудің жүйесін құрайды. Өйткені, ұлттық мұрат орнына –
интернационализм танымы, ұлттық құндылықтарды – әлеуметтік қоғам идеалдары,
адамзаттық мораль мен гуманизмді – таптық, әлеуметтік идеялар, әдебиет
дәстүрінен нәр алған көркем образдарды – саяси-идеологиялық бейне
алмастырған Кеңес дәуірі әдебиетіндегі замандастар образдарының галереясын
жасаушы көркемсөз шеберінің туындылары жеке зерттеуді қажет етері даусыз.
Оған қоса, публицистика және эпика жанрының сан алуан үлгілерінде ұлттық
әдебиеттің көркемдік деңгейін көтеріп, оның сапалық биігін танытуда зор
еңбек сіңірген, бүгінде тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің ұлттық өрнегін
өрістетуге ерен еңбек етіп жүрген қаламгер шығармашылығы жаңаша ғылыми
танымның өзегіне айналуы ұнамды құбылыстардың бірі.
Қазiргi қазақ прозасындағы көркем шығармаларда халық тарихының аса
елеулi кезеңдерi, тұлғалары уақыт шындығының мол деректерiн негiзге алып
жазылуда. Көп ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлау
езгiсiне, әдейi ұйымдастырылған ашаршылықтарға, босқыншы-лықтарға, саяси
құғын-сүргiндерге және т.б. озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейiн
негiзгi халықтық-ұлттық дiлiн сақтаған қазақ ұрпақтарының әдебиет
шығармаларында көркем шындықпен  бейнеленуi – аса зәру мәселе екендiгi
айқын сезiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан
Әбiшұлы Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында (1996) кiтабындағы пiкiрiнiң
қазiргi қазақ романдарындағы тарихи шындық пен көркемдiк шешiм мәселелерiн
жүзеге асыруға тиянақты бағдар болатыны да күмәнсiз: Мен өз халқымның
көнбеске көнiп, шыдамасқа шыдай бiлетiн төзiмдiлiгiне қайран қаламын.
Мәңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып әкететiндей талай қилы кезең
тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып
кетуге шақ қалды. Бiрақ өмiрге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан
жығылған еңсенi көтерiп, тәуекелге бел буғызды [1, 268-269 бб].
Бұл – қазақ халқының басынан өткен өмiр шындығы. ХХ ғасырдың 90-жылдары
мен қазiргi ХХI ғасырдың басындағы қазақ романдарында аталған тарихи
кезеңдердiң өмiр шындығы эпикалық көлеммен қамтылып жазыла бастады.
Халықтың басынан өткен өмiр оқиғаларын, ондағы жеке тұлғаларды, тұтастай
алғанда, халық тағдырын қарама-қайшылықты сипатымен қамту жүзеге асырылуда.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі
әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар
рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде,
ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін,
жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу,
ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына
салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы
дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық
ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы
болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді
шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы
айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың
оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп,
қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі
мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір
талмау тұстардың бірі болатын. Алаш ардагерлерінің айтуынша, қазақтың бар
болу немесе жоқ болу мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны,
бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына
айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының
қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты
елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақтағы кетеуі кеткен бір
кер заман-ды. Қазақ жеріне орыс мұжықтарын тобымен орналастыруға байланысты
еркін көшіп-қонып жүру үрдісінің де тынысы тарыла бастады. Дәстүрлі
ырғағынан айрылған тіршілік салтының кесірінен барша қазақ баласының бір-
бірімен хат-хабар алмасуы мен өзара қарым-қатынасы да іркіліске душар
болды. Қысқасы, осынау жағдайлардың барлығы қазақтың санасында саңылауы бар
бас көтерер адамдарын ойландырмай қоймайтын мәселелер еді.
Қазақтың сан ғасырлық күрделі тарихында Алаш қозғалысының орны ерекше
екендігін түйсіне отырып, ұлт-азаттық ұлы қозғалысқа айналған осы оқиғаның
маңызы мен мәнін таразылау – қазіргі тәуелсіздік мұраттарымен байланысты
екендігі белгілі. Осы орайда біз бұл мәселеде Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп
көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени
бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп
сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге
шақырады деген ұлағатты сөздерін басшылыққа алуымыз қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде:
– Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға
бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация
бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту
етіп көтеруді табыстап кетті...Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени
бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп
сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге
шақырады, – демекші, қазақ халқының халық болудағы Сәбит пен Сәкен сияқты
қазақ зиялыларының орны ерекше
Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы
аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың
жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай
жағдайға қол жеткізуін көкседі. Жалаң сөз, жадағай ұранға баспай, бұл
ойларын нақты іспен негіздеді. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір
алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың
тұңғыш журналы Айқап пен Қазақ газеті ұлттың көзі, құлағы һәм үніне
айналды. Бұлардың ұлттық сананы оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай
жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа
ұласты. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты
ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының
бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының
сөзімен айтқанда тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Ұлттың ұлы ұстазы
Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ
жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл
білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай. Оның
өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз
қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның
өмірі деп қарауға болмайды. Ол – халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас,
ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.
А.Байтұрсынұлы сол бір кездегі халқының мүшкіл халін көріп күйзеліп,
оны өзге жұрттармен салыстырып, қараңғылықтан, надандықтан шығудың бірден-
бір жолы – оқу, білім деп табады да, өзінің бар күш-жігерін осы жолға
жұмсайды.

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер.
Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани
мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса,
адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері
материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты
ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де
кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси
мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің
болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті
тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып,
жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін
еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда
мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды.
Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды
өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Сәбит пен Сәкеннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы,
оған қатысқан қазақ зиялылар тарихымен тікелей байланыстыра отырып
зерттеуді қажет етеді. Өйткені өткен ғасыр басында ұлт азаттық қозғалысқа
қатысқан интеллигенция өкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді Алаш алдына
қойды. Осы мақсатта бұл ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған
зиялылары қатысты. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы
қазақ оқығандарын өз айналасына топтастырып, олардың қоғамдық-саяси ой-
пікірлерінің қалыптасуына ықпал етті.
Рухани құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптасып жатқан кезеңде төл
әдебиетіміздің, оның ішінде көркем прозаның дамуына үлес қосқан Сәбит
Мұқанов, Сәкен Сейфуллиндей қабырғалы қаламгерлердің творчестволық тұлғасын
таныту әдебиеттану ғылымында іргелі мәдени құбылыстардың қатарын молайтуға
әдебиеттану ғылымының теориялық деңгейін көтеруге септігін тигізеді.
Сонымен қатар Сәбит пен Сәкеннің шығармашылық сабақтастығын айқындауда,
олардың прозалық шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктерді, суреткерлердің
тілі мен стилін, жазу мәнері мен машығын ғылыми тұрғыдан талдай отырып,
олардың тек әдебиетке емес, халықтың саяси көзқарасын өздерінің
шығармаларына арқау еткендігін көрсете аламыз.
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері отандық тарихты зерттеу жолында
көптеген игі істер жасалып жатыр. Соның бірі – кеңестік саясат пен
коммунистік идеология шеңберінде бұрмаланып жазылып келген төл тарихымыздың
ақтаңдақ мәселелерін шындық негізінде қайта жазуға мүмкіндік туды. Қазіргі
таңда бұрын зерттеуге тыйым салынған ұлттық тарихтың құндылықтары терең
талдау арқылы ой елегінен өткізіліп, өзінің лайықты бағасын алуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында
кітабында: Ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе
апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның
небір нәзік, небір айшықтарымен қоса соншалықты өрескел озбырлыққа душар
болды. Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ
даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың жаңа
доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір жабайы тағылық ретінде
қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нұсқадан біз
әлі арыла алмай келеміз, - деп тарихты танып-білуге таптық әдістің
тигізген зардабы турасында жазған еді [1, 226 - б.].
Отандық тарихтың әлі де ашылмаған, ақиқаты айтылмаған күрделі тұстары
көп. Қазақ ұлтының болашағы жолындағы күреске толы осындай күрделі кезеңнің
бірі – ХХ ғасырдың 20-30 жылдары болып табылады. Өз мүддесін ұлт мүддесімен
ұштастырған қазақ зиялылары осынау күрестің көшбасында тұрды. Езілген елдің
санасын оятып, азаттыққа үндеген А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Дулатовтар
болса, алдыңғы толқынның ізін төңкеріс уақытында, төңкерістен кейінгі
азамат соғысы кезеңінде шыңдалып, саяси өмірге белсене араласқан С.
Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев, А.
Асылбековтер жалғастырды. Ұлтжанды қайраткерлердің қай-қайсысы болмасын
ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметімен қазақты мәдениетті елдердің қатарына
көтеруге бар күш-жігерін, өмірін арнады. Қазақ мемлекетінің экономикасы мен
ауыл шаруашылығын дамытуды, білім мен мәдениетті өркендету сияқты
көкейкесті мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан шешудің жолдарын ұсынған
қайраткерлер аз болған жоқ. Алайда олардың ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға
кеңестік қасаң саясат шек қойды, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Коммунистік партияның ХХ съезінен кейін арыстардың көпшілігі ақталғанымен
де, олар туралы ақиқаттық тұрғыдан толық танып-білуге қалыптасқан саяси
жүйе мүмкіндік бермеді.
Сәкен Сейфуллиннің жазушылық қызметінің басталуы, негізінен Ұлы
Октябрь социалистік революциясынан бұрынғы дәуірге жатады. Кейбір
мәліметтерге қарағанда ол 1910 жылдардан бастап жаза бастаған. 1913 жылы
мұғалімдер семинариясына барып түскенде Сәкен-бірқатар өлең, жыр жазған
автор. Семинарияда оқып жүріпөзінің ақындық творчествосын дамыта түскен ол
кешікпей-ақ жинақ дайындайды.ол жинақ 1914 жылы ағайынды Каримовтардың
баспаханасында Өткен күндер деген атпен басылып шығады.
XX ғасыр басындағы қазақтың азаттық жолындағы күресіне елеулі үлес
қосқан талантты ақындардың бірі-Сәкен Сейфуллин еді. Алғашқы шығармашылық
еңбегін демократиялық, ағартушылық бағытта бастаған ол төңкеріс тұсында
отаршылдық езгі мен ұлттық қанауға қарсы батыл үн көтеріп, ақындық қызметін
халықтық күреспен тікелей байланыстырды. Әлеуметтік төңкерістер тұсындағы
жолайрықта большевиктер партиясы соңына қосылып, солардың қатарында
күрестің азапты жолын басынан кешірді. Содан бастап ақын халықтың азаттығы
мен тәуелсіздігі мәселесін пролетарлық күрес идеясымен байланыстыра қарады.
Езілгендер мен қаналғандарға теңдік әперіп, қатарға қосамыз, қоғамның
қожасы етеміз деген ұранға сеніп қызмет етті. Сондықтан да өзінің саяси-
қоғамдық қызметімен де, шығармашылық еңбегімен де Қазақстандағы социолистік
құрылыс ісіне берілгендік талантты және осы саясатты батыл жырлаушы болды.
Социалистік төңкеріске тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақыны Сәкен өз
шығармаларына дәуірдің күреске толы рухы мен күрес шындығын арқау етіп,
күрескер адамның жаңа тұлғасын жасады. ОЛ әдебиеттің де бетін осы бағытқа
бұруға себепші болды. Жаңа әдебиеттің кәсіби жетілуіне, жанырлық жағынан
молайып дамуына үлес қосты. Өзі де көптеген жанрларда заманның жаңа сөзін
айтушы болды. Азаматтық лирика, лиро-эпостық поэмалар туғызды. Проза мен
драматургияда, әдебиет зерттеу мен сын саласында да азаттық іздеген
халықтың көңіл-күйін бейнелей білді.
Төңкерістің алғашқы жылдары саяси-қоғамдық қызыметі мен ақындық үні
ел арасына кең тараған Сәкен есімі қазақ халқының аңызға айналған ұлттық
батыры қатарынан орын алды. Ол шығармаларымен халқына жаңа заман шындығын
тануға көмектесті. Мұның бәрі Сәкеннің жаңа мазмұндағы төңкерісшіл қазақ
әдебиетінің негізін салушы болғанын дәлелдейді.
Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызыметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан
басталады. Патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін-ақ ол Ақмола
қаласына ауысып, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың
көктемінде құрылған Қазақ Атқару Комитетінің төрағасы болып сайланады. Онда
төңкерісшіл-демократияшыл зиялылармен бірігіп, қазақ әйелдеріне бостандық
беру, бұрынғы әкімдерді ел билеу қызыметінен босату, еңбекші халық
өкілдерін іске тарту, дін иелерінің құқын тежеу сияқты шараларды іске
асырды. Сәкеннің қатысуымен Ақмола жастары Жас қазақ атты ұйым құрып,
Тіршілік атты газет шығарды.
Сәкенннің алғашқы өлең жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы
Қазан қаласында шыққан. Жинаққа кірген өлеңдерін, негізінен, қазақ ауылының
сол тұстағы өмірі шындығын суреттеуге құра отырып, Сәкен тұрмыстың
әлеуметтік жағдайларына, туған халқының бүгінгі тіршілігі мен болашаға
жайлы ойлануға көңіл бөледі. Ол елді жайлаған надандық пен ескішіл
салттарға сын көзімен қарап жастарды оқу-білімге, өнерге үндейді. Мысалы,
ол түс деген өлеңінде ескі өмірді қорғансыз бақша күйінде бейнелейді де,
қазақ халқын сол бақшадағы қуарған ағаштар бейнесінде алады. Бақшаның
қуарып қалу себебін ақын халықтың қараңғылығынан, ел билеушілердің
ынтымақсыз алауыздығынан, ел қамын ойламайтындығынан көреді. Халықты
болашаққа сүйрер жастар деп ұғып, оларды бақшадағы көк шыбықтарға теңейді.
Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша қайғы кетіп
Я, Алла жеткіз сорлы жастарды деп,
Тіледім шыбықтардан үміт етіп
Қазақ халқының қараңғылыққа қамалып отырғанының бір себебін XX
ғасырдың бас кезіндегі демократ ақын-жазушылардың көбі оларды ілгері
бастар, жол көрсетер ел басшысының жоқтығынан көреді. Қазіргі ел
билеушілердің ынтымақсыздығын, берекетсіздігін сынады. Сәкен де өзінің Кім
басшы –аға халыққа? деген өлеңінде осы мәселеге үн қосты. Ел билеушілердің
ісінен әділдік таппаған ақын:
Олар өйтсе, кім басшы аға халыққа?
Қисайғанды кім салады қалыпқа?
Басшысы жоқ адасқан қара халықты,
Кім бастайды қараңғыдан жарыққа?
– деп ойланады. Сәкен ұғымында, халық басшысы елді ілгері бастайтын, оларды
өнерге, білімге сүйрейтін, шыбын жанын халқы үшін қиятын ерлер болуы керек.
Өткен күндер жинағына кірген өлеңдерден Сәкеннің ағартушылық көзқарасы
айқын танылады. Ол халқының қараңғы күйін көрсете отырып, оларды оқу-
білімге үндейді. Қазақтың ескі жайбарақат тіршілігіне өнер мен ғылымды
қарсы қояды. Қазақ сабағы, Інішегім, Надан бай, Оқымаған қазақ
өлеңдерінің жазылу үлгісінің өзі қызық. Ол елдегі әрекетсіз қазақ
жастарының өміріне қалада оқу оқып, жалғыз ауыр тұрмыс кешіп жүрген жастың
тұрмысын қарсы қояды. Бір қарағанда, қаладағы жалғыздық өмірден ауылдағы
әке-шешенің қасында, ас пен тойда сайрандап жүрген жастардың өмірі
көңілдірек көрінетін сияқты. Бірақ ақын мұндай алдамшы қызықтың
баянсыздығын көреді.
Мені ешкім зорлаған жоқ шетте жүр деп,
Не қасірет болса-дағы өзім таптым
Шалқамнан жатар едім мен де үйде,
Мен-дағы ұрпағы деп аруақтың
Өнер тап, жолдастығы жоқ,-дейді ойым,-
Атадан қалған артта мал мен бақтың
Я, Алла! Жеткізе көр мұратыма,
Рахаты бар деуші еді мехнаттың,
– деп қорытады ол ойын.
Інішегіме, Оқымаған қазақ - ақынның монологі түрінде жазылған.
Оның алдынғысында Сәкенсөзін қазақтың жас жігітіне, соңғысында надан
байларға арнайды. Екеуіне де оқу-өнердің пайдасын айтады.Қазіргі қазақтың
надандықта қамалған күйін ол шырақсыз, қараңғы үйде отырған адамға
теңейді.Оны жарық үйде отырған басқа жұрттармен салыстырады.
Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым,
Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым,
– дейді інішегіне. Өлеңнің үгіттік формасы, мазмұны оның қазақтың
демократтық бағыттағы бұқарашыл әдебиетінің дәстүрінде жазылғанын танытады.
Қазақ халқының қараңғыдағы халін басқа оқыған елдермен салыстыру, жастарды
өнерге шақыру, келешекті солардан күту Ы. Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың,
С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың өлеңдерінде де жиі кездестін жай.
Сәкеннің ағартушылық өлеңдері осы бағытты толықтыра түседі.
Сәкеннің өш типі – ауылдың надан байлары. Ақын оларға тікелей тіл қатып,
сасық байлықтың баянсыздығын, білімнің өлмейтінін айтады. (Оқымаған
қазақ). Екінші бір өлеңінде (Надан бай) ауылдың надан байының өзін
сөйлетіп, оның өнер-білімгетеріс қарайтын, малынан басқа көрері жоқ
көрсоқыр қараңғылығын шенейді. бұл қалыпта адам санатына кіре алмайсыз
деп, надан байдың қылығына қарсы булыға үн қатады.
Өткен күндер жинағының өзінде-ақ Сәкен лирик ақын есебінде танылады.
Туған ел, Нұра, Жайлауға көшу, Жайлауда қымыз ішу сияты өлеңдер
туған елін, жерін, оның табиғатын сүйген ақынның сезім күйіне толы келеді.
Бұларда ескі ауылдың өмірі, көшінің суреті, тұрмыс-салты жақсы елес береді.
Өлеңге түскен өмір суреті, динамикалық қозғалыс әрекеттер неше алуан бай
құбылысты көз алдымызға тартады. Сәкеннің осы жинаққа кірген шығармаларында
Абай әсері қатты сезіледі. Бұл әсіресе, ақынның сурет жасау әдісінде
байқалады. Ақын өлеңін Сәкен абайға арнаған. Мұнда ол Абай өлеңінің
көркемдік-идеялық қуатын терең бағалайды, оны Қисық мінез, тоң мойындарды
түзетуге арналған тез санайды.
Сәкеннің Айқапқа қатынасы да ақынның xx ғасыр басындағы қазақ
әдебиетінің демократтық-бұқарашыл бағытымен тығыз байланысты болғанын
дәлелдей түседі. Сәкен Айқап бетінде қысқа хабарлар, Туған жерім-өз
елім, Жайлауда қымыз ішу атты өлеңдерін, Манап драмасы туралы
мақаласын жариялаған. Соңғы мақала-қазақ әдебиеті сыны саласындағы алғашқы
талаптардың бірі. Ол xx ғасырдың бас кезінде әдебиетімізде сын пікірдің
туа бастағанын танытады. Өткен күндерден кейін де Сәкен бірқатар өлеңдер
жазған. Бірақ сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан олар өз алдына кітап
болып басылмаған. Ақынның осы жылдары жазылған бірсыпыра өлеңдері кейін
Асау тұлпар жинағына кіреді.
Сәкеннің революция алдындағы шығармалары ақынның іздену, өсу жолы
халық жолымен бірге болғанын аңғартады. Халық мұңы мен азаттыққа ұмтылу
арманы оны бұл жылдары бұрынғыдан да гөрі, көбірек ойландырады. 1915 жылы
жазған Көңіл деген өлеңінде ол революция қарсаңындағы халық көңіліндегі
толқуды суреттейді. Лирикалық кейіпкерлерде іздену, жан-жаққа шарқ ұрып
талпыну бар. Ақын көңіл талабына қосылады, оның мұратына жетуін қолдайды.
Мұң деген өлеңде ескі өмірден шаттық таппай, күйінеді. 1916 жылғы
халықтың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде жазған Толқын атты өлең көкіректі
кернеген елдің қайғы-қасіреті толқынына толы. Ақын сұрапыл соққан көл
толқыны дүңкіп жарылған жер толқыны да басылар, бірақ халық ашуының толқыны
басылмайды деген оптимистік ой айтады. Шынында да, халықтың ұлт-азаттық
көтерілісі 1917 жылғы революциялардың беташары сияты болып, кейін сол ұлы
күрескерге ұласты. Табиғаттың жырлаған бірсыпыра өлеңін Сәкен жастардың
махаббат сезімімен байланыстырады. Бұл тұрғыда Жазғы түнде атты өлең
ерекше бағалы. Қазақ әдебиетінде абай арқылы кірген шығыс дидактикасы,
нақылдық мысал Сәкеннің Сөз зайығы наданға деген өлеңі мен Шаих Сағдиден
аударған қалтасында біреудің,Дүниеде көркем күйлер көп атты өлеңдерінің
мазмұнын құрайды.
Революция қарсаңындағы Сәкен поэзиясы оның Өткен күндерден кейін
қоғамдық күрестерге араласа отырып ілгерілегенін, оның өлеңдерінің мазмұны
да толыса түскенін көрсетеді. Ал, 1917 жылдың революцияшыл уақиғалары
Сәкенді нағыз күрескер жолына тартты.енді оның қаламынан азаттықтың жалынды
жырлары туды. 1922 жылы Орынборда басылған Асау тұлпар жинағына жазылған
алғы сөзінде Сәкен оны қоғамның жас күштеріне арнай отырып:
Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген, жастар!
Сендерге арналады бұл әндер!
Шақырыңдар арттағы ұйықтаған,
Именшек, бақыт жолын білмейтін бауырларыңды!
Осы сөздерде ақынның сол тұста ұстаған жолы, шығармаларының идеялық-
эстетикалық мұраты айқын көрінеді. Оның күрескер жырлары әділдік, теңдік
іздеуге арналады. Ол халықтың азаттығы жолындағы күрескер ақын болып қана
емес, солдат болып та қатысты. 1917 жылы жазған Сәкеннің асығып тез
аттандық, Кел, жігіттер деген өлеңдері күрес дәуірі тудырған қазақ
әдебиетінің алғашқы сөзі, азаматтық, саяси лирикасының басы. Бұл өлеңдерде
ақын патшаның құлауына қуаныш білдіре отырып, атқан таңды қарсы алуға
асығыс жолға шыққан ерлердің ісін паш етеді.
Таңды қарсы алмаққа
Тұлпарларды таптық біз
Айдарына қызыл шоқ
Үкілеп сүзіп, тақтық біз
...Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық
Қуантуға ел-жұртты
Асығып тез аттандық
Азаттық өзінен-өзі келмейтінін түсінген ақынның халықтың езілген,
қаналған бөлігінен топ құрып, оларды күреске үндеуі де осыдан.
Залымдық пен әділдіктің
Алысқанын айтайық
Жер жүзінде бай мен кедей
Шабысқанын айтайық
Кедей сүйер,
Байлар күйер
Ауыздан от шашайық.
Салып ұран
Кедей, құрал!
Кедейден топ жасайық!
– деп жар салды ол. Бұл жырлардың бұған дейін жазылып келген жалпы халықтың
бостандық, азаттық деген ұғымдардан елеулі айырмашылықтары бар еді. Сәкен
халықты жалпы алмайды, оның езілген, қанал,ан кедей тобына іші бұра
қарайды. Азаттықты сол үшін де түсінеді. Отаршылдықтан азат бола отырып,
бұқара халықты ұлттық езгіден босатуды қалайды. Ақын өлеңінің кейіпкері де
осы бағыттағы күрескер. Бұл-Сәкеннің қоғамдық шындыққа тап тартысы
тұрғысынан қарай бастағанының белгісі болатын. Осы дәуірден басталған
Сәкеннің революцияшыл жырлары ұлттық әдебиетімізге азаттық жолындағы күрес
рухын кіргізді. Ақын революцияның дүрбелеңге толы оқиғаларын жаңаша
түсініп, дәуір ерекшеліктерін аша білетін тың образдар, жаңа теңеулер
арқылы бейнелеу жолындағы ізденістерді бастады.
Патшаның құлауы мен азаттық жолындағы күрескер ол жоғарыдағы
өлеңдерімен үн қосса, Адасқандарға, Қамаудан, тұлпарым, Сағындым
тәрізді өлеңдерін контрреволюция күштерінің қолында тұтқын болып жүргенде
жазған. Түрмеден қашып шыққанда, Қамыққан көңілге, Бабаларыма т.б
өлеңдерінде ақын тұтқыннан қашып шыққан күрескер азаматтың көңіл-күйін
бейнелейді.
Сәкен Сейфуллиннің әдеби-қоғамдық қызыметінен үлгі алған Сәбит
поэзияға революциямен тұтас араласып, жиырмасыншы жылдың басында-ақ партия
туын әдебиетте берік ұстаушылардың қатарында болды. Ол революция ісіне,
еңбекші таптың мүддесін қорғауға батыл қатысты.
С. Мұқановтың алғашқы дәуірде жазылған лирикалық өлеңдері, негізінен,
қазақ кедейлерінің мұңы мен сезімін айтуға құрылды. Өзі жастайынан жетім
қалып, кісі есігінде жалшылық өмір кешкен Сәбит жалпы кедейлердің өкілі
ретінде сөйлей алды.
Туған күннен төсегім шоқпыт болды,
Көрген күнім үнемі жоқтық болды
– деген жолдар ақынның өз өмірінің шындығымен бірге, жалпы қазақ жалшылары
бастан кешкен әділетсіз өмірдің де шындығы еді. Жасынан осындай теңсіздік
тұрмысты көрген сәбиттің әуелден-ақ өз табын тануы, олардың үстем таппен
айырмасын түсінуі заңды да. Сондықтан да ол Сұлушаш поэмасында:
Бесіктен-ақ маған белгі таққан,
Тапты шаққан бесікте мені шаққан
– деп жазды.
Ақын 1918 жылы Солтүстік Қазақстанда Колчак үстемдігі жүріп тұрған
кезде Шығар күнді деген өлең жазып, совет үкіметін аңсайтынын білдірді.
Ал, күн шығып, октябрь таңы қырға да атқан кезде Бостандық,Кедей баласы,
Күресшіл ұрпаққа атты өлеңдерімен революция жеңістерін жырлауға қызмет
етті. Алдыңғы өлеңінде ол ескі өмірдің ауыртпалықтарын суреттей келе,
кедейлерге бостандық жолын нұсқады.
Күш жоқ кезде күштілерден жасқандық,
А, кедейлер! Деп жүрмеңдер бос қалдық
Еңбек етсең, білім, өнер сенікі,
Өзің – ие, міне-сған бостандық!
– деп тіл қатты.
Теңдік алған қазақ кедейінің өмір жолын әдеби тануда Сәбиттің Шоқпыт
туралы өлеңдері жүйесінің мәні зор. Мұнда ақын Шоқпытты жеке көрсетіп қана
қоймай, сол арқылы советтік жолға түскен қазақ ауылының өміріндегі
әлеуметтік өзгерістерді қадағалайды. Ауылдағы тап тартысы дәуірінің
шындығын суреттейтін көп өлеңдерінде Сәбит екі дүниенің бітіспейтін
өштігін, таптар мүдделерінің драмалық қайшылығын бейнелейді.
Буржуазияшыл ұлтшылдарға қарсы әдебиет майданындағы күрес Сәбитті
тіпті шынықтыра түсті. Ол публицистикамен бірге өзінің жалын поэзиясында
дұшпандарға қарсы күрес жолына жұмсады. Кейінірек жазған Сырласу атты
өлеңінде ол өзі өткен жолды шола келіп:
Сен демей, сыпайысып дейтұғын сіз
Күрес деген емес ол қылмиған қыз.
Күрес тілі-найзадай шанышқы тіл,
Оның сөзі жық, тапта, талқанда бұл!
Мен сола сөйлеп кеттіп қалам ала
Қаламым тікен болды, тілім-ара,
– деп шындықты айтады.Осы жолдардың өзі Сәбит күрескерлігінің айғағы
тәрізіді. Өзін жасынан халық қызыметіне арнап, жалшылық өмірдің езгісінен
құтқарған Коммунистік партияға борышты санайтын ақын осы өлеңінде халқына
деген өмірлік антын айтып еді.
Уа, халқым, ақын ұл қып мені тапқан,
Тағы да жүк артсаң да талай батпан
Жолыңда сен беттеген коммунизм
Жүгіңді жерге қойып өлмей жатпан.
Сәбиттің ақындық творчествосының негізгі пафосын Әбділдә Тәжібаев
орынды көрсеткен. Оның саяси лирикаларының компазициялық құрылысы да
ақынның совет халқына ғана қызымет етемін дегентенденциясынан туады. Биік
большевиктік идеяны жоғары көтере білген ақын барлық шеберлігі мен
шешендігін, өткірлігі мен оттылығын сол идеяны жарқырата жырлауға
жұмсайды,-деп жазды ол. Ақын өлеңдеріндегі осы пафос оның лирикалық
кейіпкерлерінің патриоттық адал сезімін, жанының толқыныноқушыға анық
сездіреді. Лирикалық кейіпкер (ақын) халқына сырын айтса да, жауымен
күреске белдесіп шықса да, салқын сөйлесе алмай, бар жүрегін ұсынады,
ағынан жарылады. Мен сендерден тамған бір тамшы жспын деп отырғанда да,
ол туған табына өзінің беріктігін айтқан еді. Сәбит тек идеяның ғана ақыны
емес, түр мен мазмұнның сай келуін үңіле қадағалаған ақын әрбір тақырыпқа
арналған шығармаларының идеялық мазмұнын тереңдетіп, көркедік сапасын
жетілдіріп отырды.
Поэзия саласында ғана емес, көркем әдебиеттің барлық жанырларында да
Сәбит еліміздің социалистік жолмен алға басуына үнемі ат салысты. Оның
Ботагөз, Өмір мектебі, Сырдария атты романдары, Шоқан Уалиханов
сияқтыпьесалары тек қазақ совет әдебиетінің емес, бүкіл көп ұлттысовет
әдебиетінің асыл қазыналарының қатарына қосылып отыр. 1960 жылы баспадан
шыққан Өсу жолдарымыз деп аталатын әдеби-сын, зерттеу еңбектер жинағы
Сәбиттің 40 жыл бойына әдебиетіміздің партиялық принципі үшін батыл
күрескер жауынгер жолының айнасы. Мұның ішінде әдебиеттің жас шағындағы
буржуазияшыл ұлтшылдарымен айтыстың көп материалдары бар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
«Адасқандар». романнан повестке
Ғибратты ғұмыр. Жинақ кітап. З-Ғ.Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы, Ш. Шортанбаев, А. Жүсіпова
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Пәндер