Тәуелсіздік елдік сананың белгісі



І Кіріспе
Тәуелсіздік елдік сананың белгісі
ІІ Негізгі Бөлім
1. Адам факторы шешуші фактор
2. Жаңа міндеттер асуында
3. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты.
ІІІ Қорытынды
Сан ғасырлық отандық тарихымыздын қайнар бастауында әрдайым Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның шоқтығы биік тұратыңы белгілі. Өткендегі және бүгінгі тарихқа зер салып үңілсек, Қазақ елінің азаттығы үшін арпалысқан ұлы тұлғалардың бар арман-мақсаты – ұлттық мемлекетімізді кұру болғанын көреміз. Тіпті, сонау көне дәуірдегі ел бірлігін ойлаған кек түріктің даңкты қолбасшысы Білге кағаңның "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Жаланаш халықты киімді, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым" деген өз өсиетін мәңгілік тасқа қашатып калдыруы тегін болмаса керек. Ал одан бергі тарихымыздағы Алаш арыстарының аңсаған арманы, көздеген мақсаты тағы да осы тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болды емес пе? Қысқасы, киелі тәуелсіздік ұғымы неше ықылым заманалар етсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жанағы Білге кағанның өсиеті болып тасқа түсіп, ертедегі (хандық дәуірдегі) батырлық жыр-дастандары, сондай-ақ алдаспан ақынымыз Махамбеттін отты өлендері болып ерілді, кешегі Әлихан, Ахмет, Міржақыптың хаттары болып тарихқа қатталды.
Тәуелсіздік деген, жалпы дүниеде тендесі жоқ, тәтті сөз. Бірақ оның оңайлықпен келмейтіні түсінікті. Тек, ХХ.ғасырдың 90-жылдары ғана әлемдегі алып империянын бірі - Кеңес Одағы ыдырап тараған тұста, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың басшылығымен ежелден егемендікті көксеген ата-бабаларымыздың сол арман-тілегі, мақсат-мүддесі алғаш жүзеге асып, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті кұрылды. Міне, содан бері де тура 16 жыл өтіпті. Қазір тәуелсіз Қазақстан әлем танып, мойындаған саяси-экономикалық даму қуаты күшті іргелі мемлекетке айналды. Сондай-ақ ел игілігіне, мемлекеттігімізді нығайтуға қатысты қыруар келелі істер атқарылуда. Ең бастысы, қазақ сахарасының төрінде тәуелсіздіктің нышанындай болып ел ордасы - Астана қаласы бой түзеді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
Тәуелсіздік елдік сананың белгісі
ІІ Негізгі Бөлім
1. Адам факторы шешуші фактор
2. Жаңа міндеттер асуында
3. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты.
ІІІ Қорытынды

Кіріспе

Сан ғасырлық отандық тарихымыздын қайнар бастауында әрдайым
Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның шоқтығы биік тұратыңы белгілі.
Өткендегі және бүгінгі тарихқа зер салып үңілсек, Қазақ елінің азаттығы
үшін арпалысқан ұлы тұлғалардың бар арман-мақсаты – ұлттық мемлекетімізді
кұру болғанын көреміз. Тіпті, сонау көне дәуірдегі ел бірлігін ойлаған кек
түріктің даңкты қолбасшысы Білге кағаңның "Түркі халқы үшін түнде
ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Жаланаш халықты киімді, жарлы халықты бай
қылдым, аз халықты көп қылдым" деген өз өсиетін мәңгілік тасқа қашатып
калдыруы тегін болмаса керек. Ал одан бергі тарихымыздағы Алаш арыстарының
аңсаған арманы, көздеген мақсаты тағы да осы тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру
болды емес пе? Қысқасы, киелі тәуелсіздік ұғымы неше ықылым заманалар етсе
де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жанағы Білге кағанның өсиеті болып тасқа
түсіп, ертедегі (хандық дәуірдегі) батырлық жыр-дастандары, сондай-ақ
алдаспан ақынымыз Махамбеттін отты өлендері болып ерілді, кешегі Әлихан,
Ахмет, Міржақыптың хаттары болып тарихқа қатталды.
Тәуелсіздік деген, жалпы дүниеде тендесі жоқ, тәтті сөз. Бірақ оның
оңайлықпен келмейтіні түсінікті. Тек, ХХ.ғасырдың 90-жылдары ғана әлемдегі
алып империянын бірі - Кеңес Одағы ыдырап тараған тұста, тұңғыш
Президентіміз Н.Назарбаевтың басшылығымен ежелден егемендікті көксеген ата-
бабаларымыздың сол арман-тілегі, мақсат-мүддесі алғаш жүзеге асып, тәуелсіз
Қазақстан мемлекеті кұрылды. Міне, содан бері де тура 16 жыл өтіпті. Қазір
тәуелсіз Қазақстан әлем танып, мойындаған саяси-экономикалық даму қуаты
күшті іргелі мемлекетке айналды. Сондай-ақ ел игілігіне, мемлекеттігімізді
нығайтуға қатысты қыруар келелі істер атқарылуда. Ең бастысы, қазақ
сахарасының төрінде тәуелсіздіктің нышанындай болып ел ордасы - Астана
қаласы бой түзеді. Биыл сол әлем назарын өзіне аударған ерекше
архитектуралық әсем үлгідегі әрі саяси-экономикалық, мәдени әлеуеті кушті
шаһардың он жылдық мерейтойын барша қазақстандық атап етуге қызу дайындық
үстінде. Астана каласы жаңа ғасырдағы жаңғырған Қазақстанның, тәуелсіз
мемлекетіміздің жасампаздық істерінің жарқын белгісіндей болып тарихта
мәңгілікке кала бермек.
Ал енді осы тәуелсіздік алуымызбен бірге бүгінде әлемдік рынокқа сай
қайта құрылып, жанарған Қазақстанның жаңа өмір кезеңдері, тіпті
керек десеңіз, жаңа тарихы жасалып жатқанын ашық айтуымыз керек. Біз оны
ешуақытта ұмытпауға, естең шығармауга тиіспіз. Бұл - ұлттық мақтанышымызға
лайықты ұлағатты үлкен іс.

Негізгі бөлім

Қазақстан, қазақ жұрты тектіліктің үлгісін көрсетіп, береке-бірлікке
ұйып, тәу етер теуелсіздігін баянды етті.
Сол бір кезде қарама-қайшы пікірлер қайшыласып, бір қалыпқа түсе алмай
тұрған шақта, тәуелсіздікке екі жыл толар-толмас уақытта, 1993 жылы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу
орындарында білікті де білімді жастардан кадр дайындау үшін "Болашақ"
халықаралық стипендиясын тағайындаған. Бұл Отанның болашағы,
мемлекеттің келешегі осы жастардың қолыңда,олардың өрісті ойы, өркенді ісі,
табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік болып
табылады.
Бүгінде елімізді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету үдерісі
жүріп жатыр. Себебі, экономикамыздың қарқынды дамуы, сәйкесінше Қазақстан
халқының аукатыңың артуы, адамның ақыл-ойы, парасатының жасампаздық
мүмкіншіліктерінің қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Қазақстанның алдына қойылып отырған максат та үлкен. Бұл тұрғыда
Елбасы Н. Назарбаев "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарынын форумында:
"Нақты мақсатымыз бар. Ол - халықтың әл-ауқатын жаксарту бағытыңда жұмыс
істейтін жоғары технологиялық мемлекетке айналу",- деген еді.
Ал жоғары технологиялық мемлекет болып қалыптасудың маңызды шарты -
білім мен ғылымның салмағын арттыра түсу. Неге десеңіз,адам ресурстарының
сапалық деңгейге көтерілуі білім мен ғылымға баса көңіл бөлінгенде ғана
мүмкін болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Мысалы, Малайзия Республикасының халқы әл-аукатының әлдеқайда артып,
әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуын "пальманың басынан түсіп,
компьютердің алдына келіп отыруымызда" деп түсіндіретін көрінеді.
Дамыған елдерде ұлттық байлықтың 75 пайызын интеллектуалды капитал
құрайды екен. Яғни, қазіргі экономикада салмақ материалдық тауарлар мен
қызметтерге қарағанда, интеллектуалдық әлеуетке түсетіні айтылып жүр.
Осыған орай, Елбасымыз биылғы Жолдауында "Дамудың қазіргі кезеңінде адам
факторы айқыңдаушы фактор болып табылатынын" атап көрсетті.
Адам факторы порменін арттырудың бірден-бір құралы оқу, білім алу
екені белгілі. Бұл тұрғыда түпкі нәтиженің жемісті болмағы алдымен
оқытушыға, оның білім-білігіне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруындағы
шеберлігіне, келешегіміз - жастардың әлеуетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ
Ұлттық сананың қалыптасуы және оның дамуы
Асқар Егеубаев - публицист
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру әдістері
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері
Рухани болмыстың негізі ұлттық сана
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Пәндер