Сефевилер мемлекеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
І. Сефевилер мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. ХҮІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің әлеуметтік.экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ІІІ. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттің ішкі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІҮ. ХҮІІ ғасырдағы Иранның Шығыстық бағыттағы сыртқы саясаты ... ... ...36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде тарихқа жаңа концептуалдық тұрғыдан келу басты мақсатқа айналды. Қазақстан Республикасының жүргізетін жан-жақты саясаты, оның орналасқан геосаяси аймағына байланысты болатыны жасырын емес. Ал олардың ішінде Каспий мәселесіне тікелей байланысы бар мемлекеттердің ішінде қазіргі Иран Ислам Республикасы бар екендігі шындық. Ал мұндай Қазақстанға тікелей қатысы бар мемлекеттің ұстанған саясаты бұрынғы тарихы жайында кеңірек толғана отырып жазу, тарихымыздың жарқын беттерін қайта ашқандай.
Жалпы, Иран екі мың жылдық тарихы бар, ежелгі өркениет, өте жақсы дамыған ислам дінін берік ұстанып отырған мемлекеттердің бірі. Менің тақырыбыма арқау болған кейінгі феодализм кезеңіндегі Иран территориясында өзінің билігін тек орта ғасырда ғана емес, жаңа заман кезеңіне шейін, атап айтқанда, 1500 жылдары құрылып, 1736 жылға дейін билік құрған Сефевилар мемлекетінің негізгі ұстанған саясаты мен мемлекеттің ахуалы мәселесі қызықтырған болатын. Тақырыптың өзектілігі сонда, ХҮІ-ХҮІІ-ші ғасырларда бүкіл Орталық Азияда айтарлықтай ықпалға ие болып отырғандықтан, Сефевилдер мемлекетінің тархы да әлемдік тарихтың құрамдас бір бөлігі екендігі даусыз.
Тақырыптың өзекті мәселелерінің қатарына, Сефевилдер мемлекеті билік құрған кезеңдегі феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, мемлекетті бір орталықтан басқару аппаратының құрылуы жатады. ХҮ ғасырдың ортасына қарай бірнеше мемлекетке бөлініп кеткен Иран территориясының зайырла да, орталықтанған мемлекет құрып, оны держава дәрежесіне дейін көтерілгендігі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Сондай-ақ, өзекті мәселе болып табылатын; Сефевилар мемлекетінің Орталық Азия хандықтарымен, атап айтқанда, Темір әулетінен кейін Орта азияда билік басына келген Шейбанидтермен жүргізген көптеген соғыстары еді. Сонымен бірге, Сефевилар мемлекеті тең дәрежеде, кей жағдайларды соғыс арқылы болса да, сол кезеңдегі ұлы державалармен, әсіресе, Ұлы Моғолдар мемлекеті мен Осман империясымен түрлі қарым-қатынастар жүргізіп отырған. Тағы бір мәселе, Сефевилар мемлекеті сол кезеңдегі Еуропалық мемлекеттердің Азияға жасаған экспансиялық жорықтарына да тікелей қатынасып, тіпті сауда-экономикалық қарым-қатынастар, тең дәрежеде байланыстар жасауға шейін барған болатын. Тақырыптың ең өзекті мәселелесінің бірі ретінде Сефевилер мемлекеті өзінің билік еткен 200 жылдай кезеңінде көптеген көршілес аймақтарды жаулап алған болатын. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан және Ирак жерлері болатын және сол Сефевилік билік таралған аймақтардағы феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, кейіннен Сефевилік билікке қарсы азатттық көтерілісінің өзектілігі осы күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
1. Аракел Даврижеци. Книга Истории. М., 1973.
2. Азимджанова с. Государство Бабура в кабуле и в Индии. М., 1977.
3. Павлова И.К. Хроника времен Сефевидов: сочинения Мухамада Масима. Исфахани «Хуласат ас-сенар». М., 1993. С. 63.
4. Петрушевский И.П. Ислам в Иране. Л., 1966. С. 575.
5. Туманович Н.Н. Герат в ХҮІ-ХҮІІІ веках. М., 1989. С. 70.
6. Атаев Х. Торгово-экономические связи Ирана с Россией в ХҮІІІ-ХІХ вв. М., 1991. С. 28.
7. Лысцов Д.П. Персидский поход Петра І. М., 1950. С. 120.
8. Позднев П. Дервиши в мусульманском мире. Оренбург, 1886. С. 45.
9. Тримингэм Дж. Суфииские ордены в исламе. М., 1989. С. 71.
10. Заходер Б.Н. История Восточного средневековья. М., 1944. С. 197.
11. История Ирана с древнейших времен до конца ХҮІІІ века. Л., 1958. С. 253.
12. Риза Шайбани. Иран тарихы. А., 2002. 167 б.
13. Григорян С. Средневековая традиция народов Среднего и ближнего Востока. М., 1986. С. 412.
14. Петрушевский И.П. Ислам в Иране. Л., 1966. С. 575.
15. Жумагулов К.Т. Проблемы возникновение и развития феодализма в Западной Европе: Учебное пособие. Алматы, 1996.
16. История с древнейших времен до конца ХҮІІІ века. Л., 1958. С. 258.
17. Туманович Н.Н. Герат в ХҮІ-ХҮІІІ веках. М., 1989. С. 70.
18. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХҮІІ пер. пол. ХІХ вв. М., 1983. С. 109.
19. Степи Евразии в эпоху средневековья. М., 1981. С. 91.
20. Никифоров В.Н. Восток и всемирная история. М., 1975. С. 201.
21. История Иранского государства и культуры. М., 1971. С. 77.
22. История Ирана с древнейших времен до конца ХҮІІІ века. Л., 1958. С. 121.
23. Тигранов Л. Из общественно-экономических отношении в Персии. Спб., 1909. С. 29.
24. Риза Шайбани. Иран тарихы. А., 2002. 47 б.
25. История Ирана. М., 1977. С. 172.
26. Тигранов Л. Из общественно-экономических отношений в Персии. Спб., 1909. 16 б.
27. Средний Восток: История. Культура. Источниковедения. М., 1980. С. 56.
28. Денике Б. П. Искусство Востока. Казань, 1923. С. 92.
29. Фрай Р. Насление Ирана. М., 1972. С. 73.
30. Никифоров В.Н. Восток и Всемирная история. М., 1975. С.300.
31. Аракел Даврижэци. Книга истории. М., 1973. С. 23.
32. Туманович Н.Н. Герат в ХҮІ-ХҮІІІ веках. М., 1989. С. 39.
33. Конради Н.И. Запад и Восток. М., 1966. С. 213.
34. Никифоров В.Н. Восток и Всемирная история. М., 1975. С.312.
35. Конради Н.И. Запад и Восток. М., 1966. С. 221.
36. Материалы по истории Средней и Центральной Азии Х-ХІХ вв. Ташкент, 1988. С. 18.
37. Атаев Х. Торгово-экономические связи Ирана с Россией в ХҮІІІ-ХІХ вв. М., 1991. С. 28.
38. Бартольд В. В. Иран. Исторический обзор. Ташкент, 1926. С. 12.
39. Бушевв П.П. История посольств и дипломатических отношении Русского и Иранского государств 1586-1612. М., 1987. С. 22.
40. Павлова И.К. Хроника времен Сефевидов: сочинения Мухамада Масима. Исфахани «Хуласат ас-сенар». М., 1993. С. 63.
41. Тортаев С.Ә. Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы. Алматы, 1998. 85 б.
42. Ашрафян К. Падение державы Сефевидов. Очерки по новой истории стран среднего Востока. М., 1951. С. 60.
43. Бартольд Б.Б. Иран. Исторический обзор. Ташкент, 1926.
44. Брагинский И.С. Иранское литературное наследие. М., 1984. С. 71.
45. История Востока. М., 2004. С. 98.
46. Гуревич б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХҮІІ-пер. пол. ХІХ вв. М., 1983. С. 126.
47. Папазян А.Д. Аграрные отношения в восточной армении в ХҮІ-ХҮІІ вв. ереван, 1972.
48. Туманович Н.Н. Европейские державы в Персидском заливе в ХҮІ-ХІХ вв. М., 1982.
49. Саной Мехди. Взаймоотношения Ирана и стран Центральной Азии: история, культура, источниковедения. М., 1980. С. 47.
50. Тигранов Л. Из общественно-экономических отношении в Персии. Спб., 1990. С. 28.
51. Тортаев С.Ә. Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы. Алматы, 1998. 85 б.
52. Риза Шайбани. Иран тарихы. А., 2002. 47 б.
53. Никифоров В.Н. Восток и Всемирная история. М., 1975. С.30.
54. Лысцов Д.П. Персидский поход Петра І. М., 1950. С. 120.
55. История Ирана с древнейших времен до конца ХҮІІІ века. Л., 1958. С. 120.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
І. Сефевилер мемлекетінің құрылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. ХҮІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ІІІ. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттің ішкі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІҮ. ХҮІІ ғасырдағы Иранның Шығыстық бағыттағы сыртқы саясаты ... ... ...36
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .43
Пайдаланған әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...47

РЕФЕРАТ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде тарихқа жаңа концептуалдық
тұрғыдан келу басты мақсатқа айналды. Қазақстан Республикасының жүргізетін
жан-жақты саясаты, оның орналасқан геосаяси аймағына байланысты болатыны
жасырын емес. Ал олардың ішінде Каспий мәселесіне тікелей байланысы бар
мемлекеттердің ішінде қазіргі Иран Ислам Республикасы бар екендігі шындық.
Ал мұндай Қазақстанға тікелей қатысы бар мемлекеттің ұстанған саясаты
бұрынғы тарихы жайында кеңірек толғана отырып жазу, тарихымыздың жарқын
беттерін қайта ашқандай.
Жалпы, Иран екі мың жылдық тарихы бар, ежелгі өркениет, өте жақсы
дамыған ислам дінін берік ұстанып отырған мемлекеттердің бірі. Менің
тақырыбыма арқау болған кейінгі феодализм кезеңіндегі Иран территориясында
өзінің билігін тек орта ғасырда ғана емес, жаңа заман кезеңіне шейін, атап
айтқанда, 1500 жылдары құрылып, 1736 жылға дейін билік құрған Сефевилар
мемлекетінің негізгі ұстанған саясаты мен мемлекеттің ахуалы мәселесі
қызықтырған болатын. Тақырыптың өзектілігі сонда, ХҮІ-ХҮІІ-ші ғасырларда
бүкіл Орталық Азияда айтарлықтай ықпалға ие болып отырғандықтан, Сефевилдер
мемлекетінің тархы да әлемдік тарихтың құрамдас бір бөлігі екендігі даусыз.
Тақырыптың өзекті мәселелерінің қатарына, Сефевилдер мемлекеті билік
құрған кезеңдегі феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, мемлекетті бір
орталықтан басқару аппаратының құрылуы жатады. ХҮ ғасырдың ортасына қарай
бірнеше мемлекетке бөлініп кеткен Иран территориясының зайырла да,
орталықтанған мемлекет құрып, оны держава дәрежесіне дейін көтерілгендігі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Сондай-ақ, өзекті мәселе болып табылатын; Сефевилар мемлекетінің
Орталық Азия хандықтарымен, атап айтқанда, Темір әулетінен кейін Орта
азияда билік басына келген Шейбанидтермен жүргізген көптеген соғыстары еді.
Сонымен бірге, Сефевилар мемлекеті тең дәрежеде, кей жағдайларды соғыс
арқылы болса да, сол кезеңдегі ұлы державалармен, әсіресе, Ұлы Моғолдар
мемлекеті мен Осман империясымен түрлі қарым-қатынастар жүргізіп отырған.
Тағы бір мәселе, Сефевилар мемлекеті сол кезеңдегі Еуропалық мемлекеттердің
Азияға жасаған экспансиялық жорықтарына да тікелей қатынасып, тіпті сауда-
экономикалық қарым-қатынастар, тең дәрежеде байланыстар жасауға шейін
барған болатын. Тақырыптың ең өзекті мәселелесінің бірі ретінде Сефевилер
мемлекеті өзінің билік еткен 200 жылдай кезеңінде көптеген көршілес
аймақтарды жаулап алған болатын. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан және
Ирак жерлері болатын және сол Сефевилік билік таралған аймақтардағы
феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, кейіннен Сефевилік билікке қарсы
азатттық көтерілісінің өзектілігі осы күнге дейін өзінің маңызын жойған
жоқ.
Қазіргі таңда, Сефевилер билік еткен кезеңдегі мемлекет формасы –
негізінен феодалдық негіздегі ислам дінінің шиизм тармағына сүйенген,
орталықтанған мемлекет қатарында болғандығы тақырыптың өзектілігін
тереңдете түседі. Сефевилер мемлекетінің құрылуында көшпелі тайпалардың
үлкен роль атқарғандығы және олардың бастарына қызыл байлап,
қызылбастылар деп аталуы, тақырыпты жаңаша тұрғыда қарауға мүмкіндік
береді. Ал аты әлемге жайылған Ұлы Аббас шах І кезеңіндегі мемлекеттің даму
жағдайы, Аббастың жеке басының қасиеттері және І Аббас шах жүргізген түрлі
реформалар осы кезеңнің өзекті мәселесінің денін құрайды. Жалпы, Сефевилер
мемлекетінің көршілес жатқан Ұлы державалармен жүргізген соғыстары және
қолданған саясаты өте жоғары деңгейде, аса бір көрегендікпен, аса бір
мәмлегерлікпен жүргізілгендігі қазіргі жаңа егемендік алып отырған қазақ
елі үшін үйренетін қырлары жетерліктей.
Тарихты оқудың өзі де, бұрынғы өткен империялардың мемлекеттік
басқаруындағы қазақ болмысына тән жақтарын алып, мемлекеттік билікке
қолдану, өйткені тарих ол қайталанатын құбылыс. Сондықтан да шетелдер
тарихындағы империялар билік еткен кезеңді ашып көрсету болашақ ұрпақ үшін
жасалынар үлгілі қадам болар еді.
Менің негізгі мақсатым – Сефевилер мемлекеті билік еткен кезеңді
әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде ашып көрсету және оларда
қалыптасқан феодалдық қарым-қатынастардың мәнін ашу болып табылады.
Сефевилер мемлекетінің ішкі жағдайын ашып көрсете отырып, сыртқы
саясатта да қандай саясат ұстанғандығын, халықтар арасындағы байланысты
қалай ұстап тұрғандығы жайында кеңірек баяндау негізгі міндетім болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы, Сефевилер мемлекеті билік еткен
кезеңдегі Иран тарихы жайында арнаулы зерттеулер жоқтың қасы, дегенмен де,
тікелей осы тақырыпқа зерттеулер жүргізбесе де, өз еңбектерінде Сефевилер
мемлекеті жайында баяндап кеткен авторлар жеткілікті. Ең бір құнды дерек
ретінде армян епископы Аракел Даврижэцидің Книга истории атты еңбегі [1],
ХҮІІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің сыртқы саясатына арналған болатын.
ХҮІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің тарихы жөнінде С. Азмжанованың
Государство Бабура в Кабуле и в Индии атты еңбегінде І Исмаил шах пен
Бабырдың бірігіп Мәуереннахрға жасаған жорығы баяндалады [2]. Ал Сефевилер
тарихына тікелей И. К. Павлова өзінің Хроника времен Сефевидов: Сочинение
Мухамад Масима Исфахани Хуласат ас-сииар атты зерттеу еңбегінде, ХҮІ
ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысының еңбегіндегі деректерді пайдалана
отырып, Сефевилер мемлекетінің дамуына жекеше түсініктеме беріп кеткен
болатын [3]. Сондай-ақ, Сефевилер мемлекетінің тарихы жаулап алынған
елдердің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, Армения мен
Әзірбайжандағы феодалдық қатынастардың дамуына арналған еңбектер жазылған
болатын. Олардың қатарына И.П. Петрушевский мен А.Д. Папазянның атап өтуге
болады [4]. Сефевилер мемлекетінің ХҮІІІ ғасырдағы тарихына арналған
еңбектер қатарына келесі авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Сыртқы
саясат мәселелеріне арналған зерттеулер қатарына Н. Тумановичтың
Европейские державы Персидском заливе в ХҮІ-ХІХ вв. атты еңбегінде [5]
және Х. Атаевтың Торгово-экономические связи Ирана с Россией в ХҮІІІ-ХІХ
вв. атты монографиясы [6], сонымен қатар, орыс тарихшысы Д.П. Лысцовтың
Персидский поход Петра І атты еңбектерінде кеңірек толық қанды мәлімет
беріп кеткен болатын [7]. Ал оқулықтардың жағдайына келер болсақ, көптеген
авторлар ұжымының қатынасуымен жазылған История Ирана с древнейших времен
до конца ХҮІІІ века атты еңбек көптеген мәселелер төңірегенде қысқаша
мәлімет беріп кеткен [8].
Кеңес тарихшылары отарлау алдындағы Азия елдерінің әлеуметтік
экономикалық даму деңгейімен байланысты мәселелерге, әсіресе, бұл елдердегі
капитализм генезисінің ерекшелігіне назар аударған болатын.
Зерттеу тақырыбына қатысты деректерді екі топқа бөліп қарастыруға
болады. Бірінші топқа Сефевилер мемлекетінің тарихынан деректер беретін
және сол кездің жылнамашылары жазып қалдырған еңбектер. Иран тарихында
көрнекті орында иемденген Сефевилер мемлекетінің ішкі және сыртқы
саясатынан бітіру жазу барасында кеңірек падаланылғаны Аракел Даврижэцидің
Книга истории еңбегін атап өтуге болады [9]. ХҮІ ғасыр тарихының негізгі
деректеріне келер болсақ, Сефевилер мемлекетінің құрылуы (ХҮ ғасырдың соңы
мен ХҮІ ғасырдың басы) кезіндегі деректерге мыналарды жатқыза аламыз:
авторы белгісіз Тарих-и шах Исмаил-и Сефеви [10] және Хондемир бастап,
оның немересі Мирхонд жалғастырған жалпы тарих бойынша үлкен еңбек Хабиб
ас-сийяр (Дос өмірбаяны) дәлел болады [11]. Сонымен қатар, Яхья Казвинидің
(1481-1555 жж.) Лубб ат-таварих (Шежірелер өзегі), Тазкирэ-и шах Тахмасп
деректері бар [12].
ХҮІ ғасырда Сефевилер мемлекетінде парсылар билік етуші жағдайда
болмады. Бұрынғы тарихшылар Азия елдерінің тарихын маркстік тұжырымдар
негізінде жазды. Бұл елдердің тарихында даму болған жоқ, сондықтан
өркениетті Еуропаның ықпалы қажет деп есептеді. Жаңа көзқарас негізінде
жазылған 2004 ж. орыс тілінде Шығыс тарихы атты жеті томдық оқулық
Москвада шықты. Бұл қазіргі кездегі жаңа оқулық болып саналады.
Жалпы, ХҮІ ғасырдағы Иран және оған жақын орналасқан елдердің тарихы
жайлы, Әзірбайжан қызылбастық көшпелі румлу тайпасынан шыққан Хасан-бек
Румлудың парсы тілінде жазылып, Ахсан ат-тауарих (Шежірелер үздігі) деген
арабтық атпен шыққан еңбегінде көрсетілген [13]. Бұл еңбекте Иранның
жекелеген аудандарының ішкі тарихы, атап айтқанда, халық көтерілістері
жөнінде баяндалып, сондай-ақ, Ирандағы көшпелі тайпалар жөнінде мәліметтер
келтірілген. Жалпы, осы кезеңнің, дәлірек айтсақ, ортағасырлық парсы
тарихнамасының барлық шығармаларындағы сияқты әскери тарихқа көп көңіл
бөлінген еді. Сонымен қатар, ХҮІ ғасырдағы Иран тарихы, курд халқы және
жақын орналасқан басқа елдердің тарихына қатысты ең бір маңызды еңбек –
Шереф-хан Бидлисидің Шереф-наме атты шығармасы болып табылады [14].
Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдағы Ираннның саяси дамуы, мемлекеттік құрылысы мен
қаржы жүйесінің дамуы, Сефевилер мемлекетінің сыртқы саяси тарихына қатысты
еуролпалық саяхатшылардың, атап айтқанда, итальян көпестерінің қалдырған
деректері өте құнды.
Сыртқы саясат пен Иранның ғасырлардың тоғысындағы ішкі тарихына
қатысты маңызды дерек ретінде венциандық жылнамашы Марино Санутоның
Күнделіктер аттас дерегін айтуға болады. Иранның экономикасы мен ішкі
құрылысына қатысты жайттар белгісіз венциандық көпестің, сондай-ақ
венциандық Дж. Минадой (1558 ж.) мен В.д’ Алессандридың (1571 ж.),
ағылшындар Дженкинсон (1561 ж.) мен Джонсоннның (1565-1566 жж.), Эдуардс
(1568-1569 жж.) пен Дэкэт (1568-1574 жж.) және тағы басқа көпестердің
естеліктерінде айтылады.
Ал Мәскеу мен Иран арасындағы ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы сауда және
дипломатиялық қарым-қатынастар жайындағы деректер ХІХ ғасырдың соңында орыс
шығыстанушысы Н.И. Веселовскийдің басшылығымен үш томдық болып жарық көрген
болатын.
Ал төл тіліміздегі еңбектерге келер болсақ, тарих ғылымында феодализмнің
теориялық мәселелерінің күрделі тұстарына Қазақстандық ғалымдар да қалам
тартқан. Мәселен, ортағасырлық Еуропа тарихының зерттеушісі, тарих
ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұловтың Батыс Еуропадағы
феодализмнің пайда болуы мен дамуына арналған, қарастырылып отырған
мәселеге байланысты жаңа көзқарасты баяндайтын еңбектері бар [15]. Алматыда
2002 жылы шыққан Риза Шабанидың Иран тарихы атты еңбегі ғана бар екендігі
тарихтың дамуында, атап айтқанда, иран тарихының өз дәрежесінде жазылмай,
ақсап жатқандығы қынжылтады. Бірақ та, кейінгі кездерде осы мәселеге
қатысты қазақ ғалымдарының арасындағы қызығушылықтар туындап келе жатқаны
қуантады. Аталмыш тақырыпқа қатысты төл тілімізде тұңғыш жазылған С.Ә.
Тортаевтың Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы аттас монографиясы
дәлел бола алады. Негізінен Иран тарихына қатысты кейінгі кездері көптеген
ғылыми конференциялар өтуде, мұның өзі екі жақтың тарихи байланыстардың
мәнін ашып көрсетуге тырысады. Тақырыптың құрылымына келер болсақ, негізгі
баяндалар нәрселер екі тарауға бөлінген еді. Бірінші тарауда, Сефевилер
мемлекетінің құрылғанынан бастап, бүкіл ХҮІ ғасырдағы саяси тарихына,
Исмаил І мен Тахмасы шахтардың жүргізген жорықтарына қатысты мәліметтер
келтірілген. Ал екінші тарауға келер болсақ, ХҮІІ ғасырдағы, яғни,
Сефевилер мемлекетінің гүлденген шағындағы олардың сыртқы және ішкі саясаты
жайлы, сондай-ақ, мемлекетінің гүлденуіне ерекше үлес қосқан Аббас шах І
жүргізген саясаты жайында мәліметтер келтірілген. Бітіру жұмысы,
қорытындымен және осы тақырыпты жазуда пайдаланылған әдебиеттер тізімімен
қорытындыланады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері – ХҮ ғ. соңы мен ХҮІІ ғ. бірінші
жартысы. Жұмыстың құрылымына келер болсақ, ІІІ тараудан, қорытынды бөлімнен
тұрады.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ежелгі заманда-ақ Тұранды мекендеген сақ және
басқа халықтар парсылармен түрлі деңгейде саяси қарым-қатынас орнатып,
өзара тиімді мәдени, рухани байланыста болған. Түркі және иран халықтарының
өзара рухани байланысының жақын болғандығы соншалық қос мәдениетте
зоратуштра сияқты тарихи ортақ тұлғалар, наурыз сияқты мерекелер болған.
Қазақ тілінде парсы тілінен ауысқан сөздер өте көп. Парсы тіліндегі жазба
ескерткіштер мен түрік тіліндегі Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари
еңбектеріндегі Алып Ер Тоңа (Афрасиаб) жөніндегі деректік материалдардың
өзара қабысуы, бірін-бірі фактілік тұрғыда толықтыра түсуі көп нәрсенің
сырын аңғартады.
Исламға дейінгі дәуірдегі Орталық азия мен Иран арасындағы мәдени,
рухани сабақтастық б.з.д. ҮІІ ғасырдан біздің заманымыздың ҮІІ ғасырына
дейінгі мыңжылдық мерзімді қамтиды. Осы кезең ішінде болып өткен, әрі
халықтың тарихи жадында ұзақ сақталған тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалар
жөнінде деректер Авеста мен Шахнаме сияқты әлемдік деңгейдегі эпостық
туындыларда сақталса, Томирис пен Шырақ туралы дастан аңыздар да халықтың
жадында өз ізін қалдырған.
Тұран даласы мен Иран жеріне ислам дінінің енуі мен ХІІІ ғасырдағы
Шыңғыс хан жорығына дейінгі аралықта, яғни, алты ғасырлық мерзімде екі
елдің мәдени, рухани қарым-қатынастары негізінен мұсылмандық дүниетаным
тұрғысынан жүргізіліп келеді. Бұл аралықта бірін-бірі қайталамайтын өзіндік
тума ерекшеліктері бар екі елдің мәдениеті жаңа дін аясында біріңғай
мұсылмандық қалыпқа түсе бастайды. Тұран өлкесінің халықтары мен Иран
елінің арасындағы рухани, мәдени қарым-қатынастар осы тұста біршама күшейе
түсіп, әр салада-ал белгі беріп жатты. Мәселен, түрік халықтарының сөздік
қоры парсы сөздерімен, сол сияқты парсы тілі түрік сөздерімен молыға түсті.
Бұл құбылыс қазақ тілінің табиғатына да өз әсерін тигізді. ХІІ ғасырда
сопылық дүниетаным мен сопылық поэзия биік философиялық деңгейге көтеріліп,
түрік халықтары әдебиетіне де зор ықпал жасады, терең із қалдырды.
Тұран даласына иран ықпалы ХІІІ-ХІҮ ғасырларда күшейе түскенін
аңғарамыз. Бұл кезеңде Тұран даласындағы қайсібір хандықтарда іс-қағаз
парсы тілінде жүргізілді. Ал Иранды билеген Газан хан сарайында Рашид ад-
дин Фазуллахтың Жылнамалар жинағының өмірге келіп, оның үлкен бөлігінің
түркі халықтарының тарихына арнауы түрік тарих жазу дәстүрі үшін жаңа
кезеңді бастап берді. Түркістан өңірінде осы шығармаларды негізге алған
еңбектер жазылды.
Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Тарихи Рашиди атты ұлы
еңбегін парсы тілінде жазды, парсыша тарих жазу дәстүрін жетік меңгерді.
Қорыта айтқанда, Иран және қазақ елдерінің өзара мәдени байланысының
тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Қазіргі тәуелсіз мемлекеттік даму
жағдайында бұл өзара тиімді қатынас жаңа сипат, мазмұн алып отыр. Қазіргі
кезде тарихқа жаңа концептуалдық тұрғыдан келу басты мақсатқа айналды.
Қазақстан Республикасының жүргізетін жан-жақты саясаты, оның орналасқан
геосаяси аймағына байланысты болатыны жасырын емес. Ал олардың ішінде
Каспий мәселесіне тікелей байланысы бар мемлекеттердің ішінде қазіргі Иран
Ислам Республикасы бар екендігі шындық. Ал мұндай Қазақстанға тікелей
қатысы бар мемлекеттің ұстанған саясаты бұрынғы тарихы жайында кеңірек
толғана отырып жазу, тарихымыздың жарқын беттерін қайта ашқандай.
Жалпы, Иран екі мың жылдық тарихы бар, ежелгі өркениет, өте жақсы
дамыған ислам дінін берік ұстанып отырған мемлекеттердің бірі. Менің
тақырыбыма арқау болған кейінгі феодализм кезеңіндегі Иран территориясында
өзінің билігін тек орта ғасырда ғана емес, жаңа заман кезеңіне шейін, атап
айтқанда, 1500 жылдары құрылып, 1736 жылға дейін билік құрған Сефевилар
мемлекетінің негізгі ұстанған саясаты мен мемлекеттің ахуалы мәселесі
қызықтырған болатын. Тақырыптың өзектілігі сонда, ХҮІ-ХҮІІ-ші ғасырларда
бүкіл Орталық Азияда айтарлықтай ықпалға ие болып отырғандықтан, Сефевилдер
мемлекетінің тархы да әлемдік тарихтың құрамдас бір бөлігі екендігі даусыз.
Тақырыптың өзекті мәселелерінің қатарына, Сефевилдер мемлекеті билік
құрған кезеңдегі феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, мемлекетті бір
орталықтан басқару аппаратының құрылуы жатады. ХҮ ғасырдың ортасына қарай
бірнеше мемлекетке бөлініп кеткен Иран территориясының зайырла да,
орталықтанған мемлекет құрып, оны держава дәрежесіне дейін көтерілгендігі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Сондай-ақ, өзекті мәселе болып табылатын; Сефевилар мемлекетінің
Орталық Азия хандықтарымен, атап айтқанда, Темір әулетінен кейін Орта
азияда билік басына келген Шейбанидтермен жүргізген көптеген соғыстары еді.
Сонымен бірге, Сефевилар мемлекеті тең дәрежеде, кей жағдайларды соғыс
арқылы болса да, сол кезеңдегі ұлы державалармен, әсіресе, Ұлы Моғолдар
мемлекеті мен Осман империясымен түрлі қарым-қатынастар жүргізіп отырған.
Тағы бір мәселе, Сефевилар мемлекеті сол кезеңдегі Еуропалық мемлекеттердің
Азияға жасаған экспансиялық жорықтарына да тікелей қатынасып, тіпті сауда-
экономикалық қарым-қатынастар, тең дәрежеде байланыстар жасауға шейін
барған болатын. Тақырыптың ең өзекті мәселелесінің бірі ретінде Сефевилер
мемлекеті өзінің билік еткен 200 жылдай кезеңінде көптеген көршілес
аймақтарды жаулап алған болатын. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан және
Ирак жерлері болатын және сол Сефевилік билік таралған аймақтардағы
феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі, кейіннен Сефевилік билікке қарсы
азатттық көтерілісінің өзектілігі осы күнге дейін өзінің маңызын жойған
жоқ.
Қазіргі таңда, Сефевилер билік еткен кезеңдегі мемлекет формасы –
негізінен феодалдық негіздегі ислам дінінің шиизм тармағына сүйенген,
орталықтанған мемлекет қатарында болғандығы тақырыптың өзектілігін
тереңдете түседі. Сефевилер мемлекетінің құрылуында көшпелі тайпалардың
үлкен роль атқарғандығы және олардың бастарына қызыл байлап,
қызылбастылар деп аталуы, тақырыпты жаңаша тұрғыда қарауға мүмкіндік
береді. Ал аты әлемге жайылған Ұлы Аббас шах І кезеңіндегі мемлекеттің даму
жағдайы, Аббастың жеке басының қасиеттері және І Аббас шах жүргізген түрлі
реформалар осы кезеңнің өзекті мәселесінің денін құрайды. Жалпы, Сефевилер
мемлекетінің көршілес жатқан Ұлы державалармен жүргізген соғыстары және
қолданған саясаты өте жоғары деңгейде, аса бір көрегендікпен, аса бір
мәмлегерлікпен жүргізілгендігі қазіргі жаңа егемендік алып отырған қазақ
елі үшін үйренетін қырлары жетерліктей.
Тарихты оқудың өзі де, бұрынғы өткен империялардың мемлекеттік
басқаруындағы қазақ болмысына тән жақтарын алып, мемлекеттік билікке
қолдану, өйткені тарих ол қайталанатын құбылыс. Сондықтан да шетелдер
тарихындағы империялар билік еткен кезеңді ашып көрсету болашақ ұрпақ үшін
жасалынар үлгілі қадам болар еді.
Менің негізгі мақсатым – Сефевилер мемлекеті билік еткен кезеңді
әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде ашып көрсету және оларда
қалыптасқан феодалдық қарым-қатынастардың мәнін ашу болып табылады.
Сефевилер мемлекетінің ішкі жағдайын ашып көрсете отырып, сыртқы
саясатта да қандай саясат ұстанғандығын, халықтар арасындағы байланысты
қалай ұстап тұрғандығы жайында кеңірек баяндау негізгі міндетім болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы, Сефевилер мемлекеті билік еткен
кезеңдегі Иран тарихы жайында арнаулы зерттеулер жоқтың қасы, дегенмен де,
тікелей осы тақырыпқа зерттеулер жүргізбесе де, өз еңбектерінде Сефевилер
мемлекеті жайында баяндап кеткен авторлар жеткілікті. Ең бір құнды дерек
ретінде армян епископы Аракел Даврижэцидің Книга истории атты еңбегі
[15], ХҮІІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің сыртқы саясатына арналған
болатын. ХҮІ ғасырдағы Сефевилер мемлекетінің тарихы жөнінде С.
Азмжанованың Государство Бабура в Кабуле и в Индии атты еңбегінде І
Исмаил шах пен Бабырдың бірігіп Мәуереннахрға жасаған жорығы баяндалады
[16]. Ал Сефевилер тарихына тікелей И. К. Павлова өзінің Хроника времен
Сефевидов: Сочинение Мухамад Масима Исфахани Хуласат ас-сииар атты
зерттеу еңбегінде, ХҮІ ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысының еңбегіндегі
деректерді пайдалана отырып, Сефевилер мемлекетінің дамуына жекеше
түсініктеме беріп кеткен болатын [17]. Сондай-ақ, Сефевилер мемлекетінің
тарихы жаулап алынған елдердің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан,
Армения мен Әзірбайжандағы феодалдық қатынастардың дамуына арналған
еңбектер жазылған болатын. Олардың қатарына И.П. Петрушевский мен А.Д.
Папазянның атап өтуге болады [18]. Сефевилер мемлекетінің ХҮІІІ ғасырдағы
тарихына арналған еңбектер қатарына келесі авторлардың еңбектерін жатқызуға
болады. Сыртқы саясат мәселелеріне арналған зерттеулер қатарына Н.
Тумановичтың Европейские державы Персидском заливе в ХҮІ-ХІХ вв. атты
еңбегінде [19] және Х. Атаевтың Торгово-экономические связи Ирана с
Россией в ХҮІІІ-ХІХ вв. атты монографиясы [20], сонымен қатар, орыс
тарихшысы Д.П. Лысцовтың Персидский поход Петра І атты еңбектерінде
кеңірек толық қанды мәлімет беріп кеткен болатын [21]. Ал оқулықтардың
жағдайына келер болсақ, көптеген авторлар ұжымының қатынасуымен жазылған
История Ирана с древнейших времен до конца ХҮІІІ века атты еңбек көптеген
мәселелер төңірегенде қысқаша мәлімет беріп кеткен [22].
Кеңес тарихшылары отарлау алдындағы Азия елдерінің әлеуметтік
экономикалық даму деңгейімен байланысты мәселелерге, әсіресе, бұл елдердегі
капитализм генезисінің ерекшелігіне назар аударған болатын.
Зерттеу тақырыбына қатысты деректерді екі топқа бөліп қарастыруға
болады. Бірінші топқа Сефевилер мемлекетінің тарихынан деректер беретін
және сол кездің жылнамашылары жазып қалдырған еңбектер. Иран тарихында
көрнекті орында иемденген Сефевилер мемлекетінің ішкі және сыртқы
саясатынан бітіру жазу барасында кеңірек падаланылғаны Аракел Даврижэцидің
Книга истории еңбегін атап өтуге болады [23]. ХҮІ ғасыр тарихының негізгі
деректеріне келер болсақ, Сефевилер мемлекетінің құрылуы (ХҮ ғасырдың соңы
мен ХҮІ ғасырдың басы) кезіндегі деректерге мыналарды жатқыза аламыз:
авторы белгісіз Тарих-и шах Исмаил-и Сефеви [24] және Хондемир бастап,
оның немересі Мирхонд жалғастырған жалпы тарих бойынша үлкен еңбек Хабиб
ас-сийяр (Дос өмірбаяны) дәлел болады [25]. Сонымен қатар, Яхья Казвинидің
(1481-1555 жж.) Лубб ат-таварих (Шежірелер өзегі), Тазкирэ-и шах Тахмасп
деректері бар [26].
ХҮІ ғасырда Сефевилер мемлекетінде парсылар билік етуші жағдайда
болмады. Бұрынғы тарихшылар Азия елдерінің тарихын маркстік тұжырымдар
негізінде жазды. Бұл елдердің тарихында даму болған жоқ, сондықтан
өркениетті Еуропаның ықпалы қажет деп есептеді. Жаңа көзқарас негізінде
жазылған 2004 ж. орыс тілінде Шығыс тарихы атты жеті томдық оқулық
Москвада шықты. Бұл қазіргі кездегі жаңа оқулық болып саналады.
Жалпы, ХҮІ ғасырдағы Иран және оған жақын орналасқан елдердің тарихы
жайлы, Әзірбайжан қызылбастық көшпелі румлу тайпасынан шыққан Хасан-бек
Румлудың парсы тілінде жазылып, Ахсан ат-тауарих (Шежірелер үздігі) деген
арабтық атпен шыққан еңбегінде көрсетілген [27]. Бұл еңбекте Иранның
жекелеген аудандарының ішкі тарихы, атап айтқанда, халық көтерілістері
жөнінде баяндалып, сондай-ақ, Ирандағы көшпелі тайпалар жөнінде мәліметтер
келтірілген. Жалпы, осы кезеңнің, дәлірек айтсақ, ортағасырлық парсы
тарихнамасының барлық шығармаларындағы сияқты әскери тарихқа көп көңіл
бөлінген еді. Сонымен қатар, ХҮІ ғасырдағы Иран тарихы, курд халқы және
жақын орналасқан басқа елдердің тарихына қатысты ең бір маңызды еңбек –
Шереф-хан Бидлисидің Шереф-наме атты шығармасы болып табылады [28].
Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдағы Ираннның саяси дамуы, мемлекеттік құрылысы мен
қаржы жүйесінің дамуы, Сефевилер мемлекетінің сыртқы саяси тарихына қатысты
еуролпалық саяхатшылардың, атап айтқанда, итальян көпестерінің қалдырған
деректері өте құнды.
Сыртқы саясат пен Иранның ғасырлардың тоғысындағы ішкі тарихына
қатысты маңызды дерек ретінде венциандық жылнамашы Марино Санутоның
Күнделіктер аттас дерегін айтуға болады. Иранның экономикасы мен ішкі
құрылысына қатысты жайттар белгісіз венциандық көпестің, сондай-ақ
венциандық Дж. Минадой (1558 ж.) мен В.д’ Алессандридың (1571 ж.),
ағылшындар Дженкинсон (1561 ж.) мен Джонсоннның (1565-1566 жж.), Эдуардс
(1568-1569 жж.) пен Дэкэт (1568-1574 жж.) және тағы басқа көпестердің
естеліктерінде айтылады.
Ал Мәскеу мен Иран арасындағы ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы сауда және
дипломатиялық қарым-қатынастар жайындағы деректер ХІХ ғасырдың соңында орыс
шығыстанушысы Н.И. Веселовскийдің басшылығымен үш томдық болып жарық көрген
болатын.
Ал төл тіліміздегі еңбектерге келер болсақ, тек Алматыда 2002 жылы
шыққан Риза Шабанидың Иран тарихы атты еңбегі ғана бар екендігі тарихтың
дамуында, атап айтқанда, иран тарихының өз дәрежесінде жазылмай, ақсап
жатқандығы қынжылтады. Бірақ та, кейінгі кездерде осы мәселеге қатысты
қазақ ғалымдарының арасындағы қызығушылықтар туындап келе жатқаны қуантады.
Аталмыш тақырыпқа қатысты төл тілімізде тұңғыш жазылған С.Ә. Тортаевтың
Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы аттас монографиясы дәлел бола
алады. Негізінен Иран тарихына қатысты кейінгі кездері көптеген ғылыми
конференциялар өтуде, мұның өзі екі жақтың тарихи байланыстардың мәнін ашып
көрсетуге тырысады. Тақырыптың құрылымына келер болсақ, негізгі баяндалар
нәрселер екі тарауға бөлінген еді. Бірінші тарауда, Сефевилер мемлекетінің
құрылғанынан бастап, бүкіл ХҮІ ғасырдағы саяси тарихына, Исмаил І мен
Тахмасы шахтардың жүргізген жорықтарына қатысты мәліметтер келтірілген. Ал
екінші тарауға келер болсақ, ХҮІІ ғасырдағы, яғни, Сефевилер мемлекетінің
гүлденген шағындағы олардың сыртқы және ішкі саясаты жайлы, сондай-ақ,
мемлекетінің гүлденуіне ерекше үлес қосқан Аббас шах І жүргізген саясаты
жайында мәліметтер келтірілген. Бітіру жұмысы, қорытындымен және осы
тақырыпты жазуда пайдаланылған әдебиеттер тізімімен қорытындыланады.
Негізгі міндетім – Сефевилер мемлекетінің сыртқы және ішкі дамуын ашып
көрсету еді, ол мақсатымды – тақырыпты жазу барысында толыққанды жарықққа
шығатыныма сенімдімін. Сондай-ақ, Сефевилер мемлекеті жайында төл тілімізде
көптеген еңбектер жазылары анық және болашақтың еншісінде.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері – ХҮ ғ. соңы мен ХҮІІ ғ. бірінші
жартысы. Жұмыстың құрылымына келер болсақ, ІІІ тараудан, қорытынды бөлімнен
тұрады.

І. СЕФЕВИЛЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Исламнан кейін Иран жерінде қуатты өкімет бірлігін құрған Азербайжан
өлкесінің Әрдебил қаласында тұрғандар. Олар ХІҮ ғасырдағы әйгілі сопы Шейх
Сафиеддин Әрдебили ұрпақтары. Шейх Сафиеддиннің өзі 1252 жылы Әрдебил
қаласында дүниеге келген. Жиырма бес жасында Шейх Тажеддин Заһед Гиланидің
шәкірті болды. Оның ұстаздық орнына 1301 жылы отырып, 1336 жылы көз жұмды.
Оның ұрпақтары мұрагерлік жолды жалғастырды. Алайда, Шах Ысмайылдың атасы
Сұлтан Жөнейд және әкесі Сұлтан Хайдар билік тізгінін қолға алу үшін
бірнеше рет бірлесіп күресті. Шерван Шаһанмен болған шайқаста екеуі де қаза
тапты. Оларды Қызыл бас түрікмен мүридтері қолдағанмен елеулі жетістікке
қол жеткізе алмады [29].
1. Ысмайыл Шах (1502-1524 жж.) Шейх Сәфиеддин Әрдәбилидің алтыншы
ұрпағы. 1500 жылы атасы мен әкесінің кегін алу мақсатында Гиланнан Шерван
шахқа қарсы шықты. Билік тізгінін ұстаған жылдары жеті рет үлкен шайқасқа
қатысып, он үш аймақтық әмірлікті (Темір әулеті әлсірегенде билікке қолы
жеткен әмірліктер) жойып жіберді. Иран шекарасын ежелгі сасандар
территориясына жеткізді. Оның атақты шайқастары болған жылдар мен жерлер,
сондай-ақ қарсыластары мыналар:
1. 1501 жылы Жейани мекені, Гүлістан қамалының маңы. Фәррох Сәйар
Шерван шах.
2. 1502 жылы Шәур аймағында Әлвәнд Мырза Ақ қойлы. (Осы шайқастан соң
Тәбриз қаласын алып, тәж кию салтанатын жасады)
3. 1503 жылы Өлме құлақ аймағы, Хамадан қаласының маңы. Сұлтан Мұрат
Ақ қойлы.
4. 1504 жылы Оста қамалы. Фиризгуһ, Хар, Семнан әкімі Хосейн Кия Чәла-
ви.
5. 1505 жылы Йәзд қаласы. Мұхаммед Кәре.
6. 1511 жылы Мәрв маңы. Өзбек хандығын қалаушы Шейбек хан (осы
шайқастан соң өзбектер енді қарсы шықпастай болып үрейленді).
7. 1515 жылы Челдеран жері. Сұлтан Сәлим Османи [30].
Ысмайыл шах соңғы шайқастан басқа барлық соғыста жеңіске жетіп келді.
Соңғы соғыстан кейін әскерінің жауынгерлік рухы төмендей бастады. Жеткен
жеңістерін дамандатып жүрген Шах билігін босаңсытып алды. Сондықтан өз
болашағына сенімсіздікпен қарағандықтан ел басқаруды қарамағындағы
әмірлеріне тапсырды. 1525 жылы Сайын шатқалында дүние салып, Әрдәбилде Шейх
Сәфиеддин қабірінің жанына жерленді. Ол қуатты мемлекет құрып, ұлттық
ынтымақты баянды етті. Шиит Мәзһабын таңдап, оны ирандықтардың ресми діні
етіп жариялады. Сондықтан аса парасатты Шахтың есімі тарихта қалды.
2. І Тәһмасып шах (1525-1577жж.) Әкесі Ысамайыл шах қайтыс болғанда ол
11 жаста еді. Таққа отырған жас баланың билігіне ие болу үшін қызылбас
тайпаларының басшылары өзара тартысқа түсті. Ыңғайлы сәтті пайдаланып, Иран
шекарасына шығыстан өзбектер, батыстан Осман империясы көз тіге бастады.
1529 жылы Тәһмасып шах Жам аймағында Убайдолла Өзбекпен шайқасып,
қызылбастар немқұрайлылық танытқанымен, өз табандылығының арқасында жеңіске
жетті. 1533 жылы Османдықтардың ең ұлы сұлтандарының бірі І Сәлимнің ұлы
Сүлеймен хан Қануни қалып әскермен Иранға жорық жасап, Азербайжаннан
Сұлтаниеге дейінгі өлкені жаулап алды. Тәһмасып шах партизандық тәсіл
арқылы қорғана отырып, дұшпанды кетуге мүжбүр етті. Османдықтардың
шегінуіне жер қалдырмай өртеп жіберген ирандықтар оларға күйрете соққы
берді. Жеңістен біржола күдер үзген Сұлтан 1555 жылы Иран-Осман елдері
тарихында Амасие-бейбіт деп аталатын атақты келісімге қол қоюға мәжбүр
болды. Тәһмасып шах Өзбектермен де 5 рет шайқасып, даңқын асырды. 54 жыл
патшалық құрып, әкесінің жолын жалғастырды. Шиит сенімін мызғымас қағида
ретінде қалыптастырып, мемлекет қабырғасын нығайтты.
3. ІІ Ысмайыл шах (1577-1578 жж.) Тәһмасып қайтыс болған соң, әуелі,
сүйікті ұлы Хайдар таққа отырды. Бірақ, алғашқы күні – ақ бір топ
қызылбастардың қолынан қастандықпен қаза болды. Сосын әкесі тірі кезде 20
жыл қамауда отырған Ысмайыл Мырза патша болып, қысқа мерзімдік билігінде
есірткіге әуестеніп жүріп, сефевид шахзадаларын өлтірді. Алғашқыда сунни
мәзһабына ыңғай танытса да, кейін шииттік жолды ұстанды. Патша билігінің
әлсірегенін аңғарған өзбектер мен османдықтар қастандық ұйымдастырды.
Билікқұмар қарындасы Пәрихан ханым мен кейбір әмірлер бірігіп, Ысмайыл
шахты уландырып өлтірді [31].
4. Мұхаммед Ходабәнде шах (1578-1589 жж.) Тәһмасып шахтың үлкен ұлы ІІ
Ысмайыл шахтың қанды қолынан аман қалып, ата тағына отырған шағында
бастыстан османдықтар шабуылдаса, Хорасанға өзбектер бас салды. Шахтың көзі
шешек ауруынан соқыр болғандықтан, өкімет билігі бәйбішесінің қолында
болды. Дегенмен осы уәдесін орындамады деген желеумен қызылбастар Шах
алдында өлтірді. Сондай-ақ осман соғысына бет алған Шахтың ұлы Хамза
мырзаны да қызылбастар айламен қолға түсіріп, өлтіріп тастайды. Бұл уақытта
Мұхаммед Ходабәнде шахтың тағы бір ұлы Аббас мырза Хорасанда еді. Шах пен
әйелі Хорасан әмірлерінен оны Казвинге жіберуін сұрағанда, әмірлер оны
орындаудан бас тартты. Әліқұлы Хан Шамлу (Шахзада Аббас мырзаның бала кезгі
тәрбиешісі) мен Мұршед Құлихан Істажлу Аста арасында Аббас мырзаны өз
ықпалдарына ұстау үшін алауыздық туып, ақыры Мұршед Құлихан Аббас мырзаны
Казвинге әкеліп таққа отырғызды. Бұған қарсы Әліқұлы ханның Хорасандағы
тағына Өзбек Абдоллаханды шақыртты. Кейін өз ісіне өкінген ол
қарсыластарынан тығылып, Герат қорғанына кетуге мәжбүр болды. Сол жақта,
өзбектердің қолынан қаза тапты.
5. І Аббас Шах (1588-1629 жж.) Сефеви әулетінің ең ұлы патшаларының
бірі және Иранның исламнан кейінгі ең белді патшасы. Казвинге ел күйзелген
кезеңде таққа отырған І Аббас шах шығыс пен батыстан бірдей қысқан екі
күшті жауға қарсы тұруға шамасы келмейтінін сезді. Шығысын өзбектер
(Хорасанның бір бөлігі), батысын (Грузия, Армения, Азербайжан, Күрдістан,
Керманшах) османдықтар жаулап алған еді. Түрлі себептермен тек Әрдебил
қаласы ғана аман қалған болатын. Сондықтан 1591 жылы Аббас шах амалсыздан
османдықтармен татуласты. Өзбектермен ымырасыз соғыса жүріп, 1599 жылы
Рабат пәриан шайқасында оларды біржолата жеңіп, Хорасаннан қуып шықты.
Содан соң 1603-1613 жылдары османдықтармен соғысып, біршама жетістіктерге
жетті. Соңында екі жақ 1613 жылы Стамбулда екінші бейбітшілік келісіміне
қол қойды. Сөйтіп қолдан шығарып алған аймақтарын қайтарып алды. Бұлардан
өзге 1618 жылы екі жақты Ереван бейбіт келісіміне де қол жеткізілді.
Ол билік етіп тұрғанда ағайынды ағылшындар Роберт пен Антуни Шерлилер,
сондай-ақ Питер Дулавале деген итальяндық саяхатшы Иранға келген еді. (Бұл
жөнінде саяхатшының сапарнамасы жазылған). Аббас шах ағылшындардың
көмегімен парсы шығанағынан отаршыл португалдарды ығыстырып шығарды. Олар
Ысмайыл шах дәуірінде болатын. Албу Кіректің басқаруымен Һормоз аралына
келген болатын. Ішкі қақтығыстар салдарынан теңіз қуаты болмаған Ысмайыл
шахтың оларға шамасы келмеген еді.
Өз дәуірінде Иранды әскери-саяси кемеліне келтірген Аббас шах 1629
жылы Ашрафта көз жұмды.
6. Сәфи шах (1629-1643 жж.) Әкесі Аббас шах пен ағаларының
қатыгездікпен адам өлтіретіндігін көріп өскен ол бар нәрсеге күдікпен
қарады. Ол до өз ұлдарын өлтірді, не соқыр етті. Сол себептен сефеви тағына
лайықты мұрагер табылуы қиын болды. Кейін Аббас шахтың өсиеті бойынша,
таққа Сәфи мырзаның ұлы Сам мырза отырды. Имам Құлихан мен Гәнж Әліхан Зеиг
секілді белсенділердің өзара тартыстан қаза табуын және Сам мырзаның
тәжірибесі жоқтығын пайдаланып, османдықтар Иранға шабуыл жасады. Арадағы
шайқастар нәтижесінде 1640 жылы екі жақ Қасыр ширин келісіміне қол қойды.
Сәфи шах пен оның мұрагерлері бұл келісімге үлкен мән берді. Өйткені, Иран-
Осман арасындағы екі жаққа да тиімді келісім екі елді бір ғасыр бойы бейбіт
қалыпта ұстады. Сефеви кезеңінің соңына дейін тұрақтылық пен достыққа
негізделген келісім сақталып келді. Оның үстіне екі елдің де соғыса қоярлық
мықты әскері болмады. Сәфи шах 1643 жылы қайтыс болды.
7. ІІ Аббас шах (1643-1667 жж.) Әкесі өлген соң ІІ Аббас шах таққа
отырды. Тоғыз жасар әміршінің міндетін Тәқи Итим-әд Доуле мырза атқарды. Ол
әкесі жете алмаған байлық пен билікке жетті. Үндінің Гургандар патшасы
Жаһан шахпен соғысып, Қандағарды қайтарып алды. 1077 жылы қайтыс болды.
Жасынан-ақ ерлігімен бедел жинаған ІІ Аббас шах шын мәнінде әкесінің атына
лайықты тақ мұрагері болды [32].
8. Сүлеймен Сәфәви шах (1667-1694 жж.) ІІ Аббас Шахтың ұлы. Ол таққа
отырғанда түрікмендер Астәр-Абад, Дамған, Семнан аймақтарына шабуыл жасап,
елді тонап жатты. 1676 жылы Кәләб Әліхан Шамлу оларды басып тастады.
Франциядан әйгілі екі саяхатшы – Шардән мен Таврение Иранға келіп, оның
халқы мен мемлекеті жөнінде мол мағлұмат беретін құнды кітаптыосы кезеңде
жазған болатын. Бар ғұмырын мәнсіз өткізген Сүлеймен шах 1694 жылы дүниеден
өтті.
9. Сұлтан Хосейн шах (1694-1724 жж.) Сефеви әулетінің соңғы патшасы.
Өктемдігі жоқ өте әлсіз бейшара патша болды. Аталарынан мирас болып қалған
биліктің қадірін кетірді. 1694 жылы таққа отырған соң Иранға шабуыл жасап
жүрген орыстар енді түрлі сылтаумен Кавказ істеріне араласып, Каспий
жағалауын, Дәрбәнді, Әстерабадқа дейінгі өлкені басып алды. Сондай-ақ,
ғәлжай мен абдали ауғандары ғәлжай тайпасынан шыққан ауған Махмұд
басшылығымен 4 жыл Исфаханды қоршап тұрып, ақыры басып алды. Сөйтіп,
тарихта намыссыз Сұлтан Хосейн бейнесі қалды. 1724 жылы Махмұдқа өз қолымен
тәжін беріп, жолын босатты.
Осымен Сефеви патшалығының дәуірі аяқталды. Қалай болғанда да, Сефеви
әулеті 1736 жылға дейін билік құрды. Оның ішінде ІІ Тәһмәсып Шах (1724-1733
жж.), ІІІ Аббас Шах (1733-1736 жж.) ауғандардың билік құрған аймақтары мен
Надыр Шах Әфшардың жаулап алған аймақтарынан өзге жерлерде патшалық таққа
отырды деген аты ғана болды [33].
Шиит мәзһабын ресим түрде жария еткен ирандықтардың жүрегіне жаққан
бұл әулетті ауғандар ссоңғы патша Сұлтан Хосейін Шахты бағындырып, Сефеви
билігінің соңғы нүктесін қойды.
Сефевилер мемлекетінің құрылуы, Ардебильдегі сопылық-дәруіштік Сефевие
орденінің басында тұрған қызылбастылар қозғалысынан бастау алады [1].
Орденге және өзінің ұрпақтарына осындай атауды атақты дәруіш шейхы Захидтың
күйеу баласы шейх Сефи ад-дин Исхак (1253-1334 жж.) берген еді. Шығу тегіне
келер болсақ, Сефи ад-дин шийттердің жетінші имамы Муса Казимнен тараған
жиырма бірінші ұрпақ деп көрсетеді. Кейінгі кезде Сефевилерді курдтерден
шықққан деген болжамдар да жасалған. Сефевие орденінің ерте тарихы жайлы
ХІҮ ғасырда дәруіш Ибн Баззаздың жазған Сефи ад-диннің екі өмірбаянынан
көруге болады. Ибн Баззаздың айтуы бойынша, Аргунхан Елханның вассалы
Ширваншах Ахсатон ІІ-ші шейх Захидті шаруаларды қанағаны үшін, оның иелігін
құртып жіберем деп ескертеді. Бірнеше онжылдықтар өткен соң феодалдармен
байланысы бар элементтер көріне бастайды. Орденнің мүриттері арасында
уәзірлер Рашид ад-дин (тарихшы), оның баласы Гийас ад-дин Мұхаммед Рашиди
және елхан Абу Сайд та болған еді.
ХҮ ғасырдың ортасынан бастап сефеви шейхтарының басты күші – Осман
империясына қарсы оппозиция болған, шиизм дініне сүйенген Әзірбайжан мен
Кіші Азияның көшпелі түркі тайпалары болған еді. Негізінен, өздерін сефеви
шейхтерінің мүриттеріміз деп есептеген жеті түркі көшпелі тайпалары
белгілі, олар: шамлу, румлу, усатджлу, афшар, каджар, текелю және зүлкадар
тайпалары, бірақ кейіннен бұлардың қатары көбейе түсті. ХҮ ғасырдың екінші
жартысында бұл түркі тайпалары қызылбастылар деген атақ алады (олар 12
шиит имамдарына деген құрметпен 12 сызығы бар қызыл бас киімдер киген)
[34].
Қаруланған түркі тайпаларының әсері сефевие орденінің жағдайын
өзгертіп жібірген еді. Соғысқұмар шиизм мен қасиетті соғыс сефевие
орденінің идеологиялық негізіне айналды, ал қызылбастылар әдет-ғұрып
бойынша, дәруіш пен суфилер деп аталады. Осы тайпаларды пайдалана отырып,
сондай-ақ, талыш пен дқардаг тайпаларының көмегімен сефевилер мұсылман емес
елдерге – Грузияға, гректік Трапезунд патшалығына қарсы, сенім үшін соғыс
деген ұранмен жаулаушылық соғыстарын жүргізген болатын. Грузияға шабуыл
жасай отырып, қызылбастылар Ширван территориясы арқылы өтіп отырған, ал бұл
ширваншахтар тарапынан қауіпке алып келді. Осының негізінде олар өзара
қақтығыстарға түсіп отырды, бұл соғыстарда шейхтар Джунейд пен Хайдар
қайтыс болады. Хайдар өлімінен кейін сұлтан Якуб Ақ Қоюнлы Ардебильді (1488
ж.) жаулап алды, әрі Хайдардың балаларын тұтқынға алды; олардың кішісі
Исмаил сенімді қызылбастар көмегімен Гилянда жасырынып қалады.
Ал Фарста, Иезде, Керманда, арабтық Иракта және Диярбекрде басқа
ханзадалар билеп тұрады. Ал Аберкух, Кашан, Семнан және Систанда тәуелсіз
билеушілер билеп тұрған. Гилянда екі шиит әмірлігі бар еді, Лахиджандық
және Рештік. Хузистан мен Хувейзда шииттік Мушаша әулеті билеп тұрды. Ақ
Қойынлы мемлекетінде Османдық Түркия тарапынан қауіп төнген болса,
Хорасандық Тимуридтерге орта Азиялық Тимуридтер жеңіп алған Мухаммед хан
Шайбани бастаған өзбектер тарапынан қауіп төнеді. Феодалдық іріп-
шірушіліктің өсуінің негізінде осы екі мемлекет әлсіреген болатын.
Сондай-ақ, Ақ Қойыңлы мемлекетінде феодалдар арасындағы алауыздық,
салық реформасының дұрыс жүргізілмеуі, рента салығының ауырлығы қарама-
қайшылықты көбейткен болатын. Осындай жағдайда, Қызылбастар өздерінің
бұрынғы сәтсіздіктері – Хайдар мен оның баласы Сұлтан Алидің Ақ Қойыңлы
Ростам Падишахқа (1495 ж.) қарсы соғыста қаза болғандарын, өздерінің
күрестерінің тоқтағандығы деп түсінген жоқ, олар сондықтан да, бір сәтті
жағдайды күтіп жүрген болатын. Бұндай жағдайда Ақ Қойыңлы мемлекетіндегі
сұлтандық тақ үшін 1498-1500 жылдары жүргізілген Падишахқа 1495 жылы қарсы
соғыста қаза болғандарын, өздерінің күрестерінің тоқтағандығы деп түсінген
жоқ. Олар сондықтан да, бір сәтті жағдайды күтіп жүрген болатын. Бұндай
жағдай Ақ Қайыңлы мемлекетіндегі сұлтандық тақ үшін 1498-1500 жылдары
жүргізілген өзара соғыстың әсері мемлекеттің бөлініп кетуіне алып келуі
мүмкін еді. 1499 жылы жаздан бастап Қызылбастар іске кірісе бастады. Ал он
екі жасар Исмаил өзінің тәрбиеленушісі Хосейнбек Шамумен бірге Гилянды
тастап, устаджлу тайпасының жаздық мекеніне келеді. 300 қызылбасты бастап,
ол Альдебильге келеді, бірақ оны жаулап ала алмайды.
Осыдан кейін устаджлу тайпасының әмірлері батысқа – Керабат, Шурагель,
Кагызман арқылы Эрзинджанға бару керектігін, ол жердегі Кіші Азиялық
Қызылбастар негізінде күшті көбейтуге шешім шығарады. 1499 жылдың аяғына
қарай, жас Исмаил шейх қол астында 7 000 Қызылбастылар жиналады. Олар
Ширваншах Феррах Ясарға қарсы шығып, оның әскерін талқандап, уақытша 1500
жылы Шемаханы, ал 1501 жылы көктемде Бакуді басып алған еді. Бірақ,
Ширванды бағындыра алмады.
1501 жылы Қызылбастар Альвандтың әскерін талқандап, Тебризге кірген
еді, сондай-ақ, бүкіл Әзірбайжагды басып алды. 1502 жылы Тебризде жас
Исмаил шахиншах болып жарияланды. Сол себепті, осы жылы сефевилер
мемлекетінің құрылған жылы болып есептеледі [35].
1503 жылы І Исмаил шахтың 1502-1524 жылдары әскері Бағдатқа қашып бара
жатқан Мұрадтың әскерін талқандайды. 1503-1504 жылдары Қызылбастылар
Казвин, Кум, Исфаган, Шираз, Иезд және Керманды басып алады. Ал 1506-1510
жылдар аралығында олар Арменияны, Курдистанды, және арабтық Иракты жаулап
алған еді. Сондай-ақ, Тимуридтердің Хорасандық сұлтанын 1507 жылы көшпелі
өзбектер жаулап алған болатын. Сол себепті олармен Қызылбастылар арасында
қақтығыстың болуы заңды құбылыс болып табылады. Исмаил І шах Хорасанға
жорық жасап, өзбектерді Мерв түбінде талқандайды. Ал осы жерде 1510 жылы
Мухаммед Шейбани хан қайтыс болады [36]. Сол себепті де, Хорасан мен Систан
Сефевилер мемлекетінің құрамына кіргізіледі. Осыдан кейін Қызылбастылар
бүкіл Орта Азияны жаулап алмақшы болады. Бірақ, 1512 жылы өзбектерден
жеңіледі. Сефевилер әулеті билік еткен жаңа мемлекет 1502-1736 жылдарда
Сефевилер немесе, Қызылбастылар мемлекеті деп атала бастады. Көптеген
Еуропалық шығыстанушылар Сефевилер державасын Ирандық ұлттық мемлекет
ретінде таныған еді.
Түркі көшпелі тайпалардың негізінде құралған Сефевилер державасы
тайпалар мен халықтардың конгломераты болды. Ал мұнда ХҮІ ғасырдың аяғына
дейін саяси билік түркілік-әзірбайжандық Қызылбасылардың әскери-көшпелі
тайпасына берілген еді. Әскер негізінен көшпелі тайпалардан құралды.
Ирандық элемент азаматтық бюрократия мен діни сословие – екінші қатарлы
жағдайда тұрды [37]. Шах ауласы мен әскерінің тілі әзірбайжан тілі болды.
Шиизм барлық мұсылмандар үшін мемлекеттік дін ретінде қабылданды.
Сунниттер суфизмнің еретикалық бағытындығыларды қудалауға ұшыратты.
Керісінше, христиандар мен иудейлер өздерінің діни еркіндігін сақтап қалған
еді. Себебі, Исмаил шах армян патриархы мен католик миссионерлеріне
мүмкіндік берді. Өйткені, оның басты қарсыласы Түркия болатын. Сефевилер
негізінен бұларды Еуропа елдерімен қарым-қатынаста дипломатиялық агенттер
ретінде пайдаланбақшы болған еді. Ал шиизм болса, Ирандағы мемлекеттік дін
дәрежесіне жетіп, өзінің бұрынғы халықтық топтың идеологиясы бейнесінен
айырылып, феодализм тірегіне айналған еді.
Сонымен, ХҮІІ ғасырдағы Иран Сефевилер династиясының билеуіндегі
феодалдық аграрлық ел болды. Сефевилер мемлекетінің шекарасына осы уақытта
Иран территориясынан өзге ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың басында жауланып алынған
Кавказдың бір бөлігі, Орта Азияның Мерв қаласына дейінгі бөлігі,
Ауғаныстанның батыс бөлігі, Герат, Фаррах, Кандагар кірді. Иран
экономикасының негізгі саласы – жер өңдеу, мал шаруашылығы, қолөнер болды.
Дәнді дақылдардан егізінен, бидай, сұлы, Каспий жағалауында күріш өсірді.
Сонымен қатар, Иранның көптеген аймақтарында мақта, темекі, мак сияқты
техникалық дақылдар өсірілді. Жеміс-жидек, жүзім өсірілді. Жібек матасын
тоқу дұрыс жолға қойылды. Орталық Иранда жерді қолдан суарды. Өзендер мен
көлдердің сулары жер асты жолдарымен пайдаланылды.
Мал шаруашылығында қой, ешкі өсірумен көптеген көшпелі күрд, лур,
белудж, түркмен, кашқай және басқа да тайпалар айналысты.
Ортағасырлық цехтық негізге сүйенген Иран қолөнері ХҮІІ ғасырда кең
танымал болды. Әсіресе қымбат маталар мен кілемдері кең танымал еді. Иранда
фарфор, фаянс, керамикадан жасалған, бұлғары, алтын, күміс, бронзадан
жасалған өнімдер болды. Ішкі және сыртқы сауда кең дамыды. Елде, әсіресе
қалаларда товар-ақша қатынасы дамып, өсімқорлық, салық үлесі көбейді.
Жалпы алғанда феодалдық Сефевидтік Иран экономикасы ХҮІІ ғасырдың
ортасында көтерілу деңшейінде болды. ХҮІІ ғасырдың соңына қарай экономикада
құлдырау факторлары байқала басталды. Экономикалық құлдыраудың негізгі
себебі, өндірістік күштердің дамуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін
ХV – ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІСТАН
Түріктердің наным-сенімдері, діни ұғымдары
Осман - түрік мәдениеті
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы
ИранТүркілері
«Түрік» этносы және этнонимі
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер