Сәбит Дөнентаев жайлы



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
а) Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы.
ә) Сәбит Дөнентаевтың ақындық ерекшелігі.
3. Қорытынды.
Ақынның шығармашылық ізденісінің қайнар көзі ел санасын оятып, ұлт тәуелсіздігін жырлаған Алашшыл әдебиеттің идеялық арнасы мен сабақтасып жатыр. Академик С. Қирабаевтың “Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен оты бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып әкетті. С. Торайғыров, М. Жұмабаев, С. Дөнентаев, М. Сералин, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов сияқты бірін- бірі толастыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге жетті. Елдің артта қалушылығын сынап шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырысты” деген пікірі ұлт- азатшыл бағыттағы қаламгерлер мұрасының құндылығын, өзектілігін айқындай түседі.
Ұлтты ояту, ел қамын жеу, қазақ халқының азаттығы- Сәбит
поэзиясының басты өзегі. Бұл дәуір талабының туындаған келелі тақырыптар
десек әдебиеттегі ұлттық сарынның терең қоғамдық және әлеуметтік сипат
алуында “Қазақ”, “Айқап” газет- журналдарының маңызы, ықпалы да зор
болды. Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де елдікті темір қазық етіп,
халық сабасына азаттық пен азаматтың, ағартушылық пен адамгершілікті ізгі
қасиеттер дарытқан “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында жарияланды.
Ұлттық мүдденің мұзжарғыш кемесі бола білген басылымдардағы
көсемсөз саяси- әлеуметтік лирика “Оян, тұр, жатпа қазақ” –деп халықтың
елдігі мен ерлігінің сарқылмас бала күніне үміт артты, тың серпіліс берді.
Ғасырлас тоғысындағы отаршылдық пен отаншылдық арасындағы
бітіспес майданда ұлт тағдыры мен азаттығын сезінуде әр азаматтың жұрт
алдындағы парызын парасат пайымына салды. Ал, А. Байтұрсынұлының
“Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді
болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
а) Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы.
ә) Сәбит Дөнентаевтың ақындық ерекшелігі.
3. Қорытынды.

“Біздерде жігер, намыс бар ма,
қазақ?” деп
отаршылдық езгідегі халқының
ұлт намысын қайрап,
ел мүддесін мұрат
тұтқан ақын Сәбит
Дөнентайұлы мұрасы
ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінде
айрықша орын алады.

Ақынның шығармашылық ізденісінің қайнар көзі ел санасын оятып,
ұлт тәуелсіздігін жырлаған Алашшыл әдебиеттің идеялық арнасы мен сабақтасып
жатыр. Академик С. Қирабаевтың “Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты.
Алдымен оты бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін
жалғастырып әкетті. С. Торайғыров, М. Жұмабаев, С. Дөнентаев, М. Сералин,
С. Көбеев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов сияқты бірін-
бірі толастыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық
ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге
жетті. Елдің артта қалушылығын сынап шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы
үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырысты” деген пікірі ұлт-
азатшыл бағыттағы қаламгерлер мұрасының құндылығын, өзектілігін айқындай
түседі.
Ұлтты ояту, ел қамын жеу, қазақ халқының азаттығы-
Сәбит
поэзиясының басты өзегі. Бұл дәуір талабының туындаған келелі
тақырыптар
десек әдебиеттегі ұлттық сарынның терең қоғамдық және әлеуметтік
сипат
алуында “Қазақ”, “Айқап” газет- журналдарының маңызы, ықпалы да
зор
болды. Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де елдікті темір
қазық етіп,
халық сабасына азаттық пен азаматтың, ағартушылық пен
адамгершілікті ізгі
қасиеттер дарытқан “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында жарияланды.
Ұлттық мүдденің мұзжарғыш кемесі бола білген басылымдардағы

көсемсөз саяси- әлеуметтік лирика “Оян, тұр, жатпа қазақ” –деп
халықтың
елдігі мен ерлігінің сарқылмас бала күніне үміт артты, тың серпіліс
берді.
Ғасырлас тоғысындағы отаршылдық пен отаншылдық арасындағы
бітіспес майданда ұлт тағдыры мен азаттығын сезінуде әр азаматтың жұрт

алдындағы парызын парасат пайымына салды. Ал, А. Байтұрсынұлының
“Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.
Білімді
болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.
Осы
керектердің жолында жұмыс істеу керек.” деген ұлағаты қазақтың жоғын
жоқтап, ар- намысын жыртқан ақындардың қай- қайсысына болмасын ой
салғаны, бойтұмары мен ұстанымы болғаны тарихи шындық. Ояну дәуірі ұлт

әдебиетіне әлеуметтік, қоғамдық күрделі мәселелерді алға тартты.
Дәстүр
жалғастығына орай әдебиеттегі ағартушылық, демократтық, гуманистік ой-

пікір екендігі кезекке мақсаты айқын саяси күрес сипатындағы ұлттық
идеямен
жаңғыра түсті. “Қазақ қоғам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын
жеңідету, ауруын азайту жолына жұмсалмасқа мүмкін емес”
(А. Байтұрсынұлы) екенін ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің озық
өкілдері
жан- тәнімен сезінді.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку
уезі,
Ақсу болысы, төртінші ауылда (қазіргі Павлодар облысы) кедей шаруаның
отбасында туған. Жас кезінде Сәбит ауылдағы молдадан ескіше оқиды.
1907-
1908 жылдары Маралды деген жерде Жәлеледдин деген татардың
медресесінде Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен оқып, бірқатар
білім
алады. Онан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым қажы Ертісбаевтың

медресесіне түсіп оқиды. Бұл медресе сол кездегі ескі қадым оқуы
әдісіне
қарсы төте оқуды, ғылымның әр саласынан білім беруді жақтаған медресе
болады. Сәбит осы медресеге келіп оқумен байланысты (1911- 1912
жылдары)
өз бетімен өнер іздеу, ақындық жолда талпыну әрекеттеріне мықтап
беріледі.
Бір жағынан медреседегі жаңа пікірлі кейбір мұғалімдерден қазақ, татар

тіліндегі ғылыми, әдеби кітаптарды қадағалап оқитын болса, екінші
жағынан
сол кездегі шығып тұрған “Айқап” журналын, татар тіліндегі газет,
журналдарды үзбей оқиды. Абайдың өлеңдер жинағын да осы медреседе
жүргенінде тауып оқиды. Орыстың атақты жазушысы Крыловтың
мысалдарын, татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерін де қызыға
оқиды. Бұл оқулардың барлығы Сәбит үшін босқа кетпейді. Әкесі молда
болсын деп медресеге әкеп берген Сәбит енді дін жолының қараңғылыққа,
ескілікке қарай жетектейтін мешеулігін әбден сезіп, нағыз ғылым жолын,

ақындық өнер жолын ұстауды негізгі мақсат етеді. Сәбиттің ой- санасы
тез
өседі, ақындық таланты тез оянады.
Сәбиттің қай жылдардан жаза бастағандығы туралы бізде дәл
мәлімет
жоқ. Алайда Қасымның медресесіне келіп түскен кезден бастап жазуға
кіріскендігі байқалады. Сәбиттің “Қиялым” атты өлеңі 1913 жылы ”Айқап”

(22- санда) журналында ең алғаш жарияланды. Ал осы өлең 1915 жылы
Уфада
басылатын ақынның ”Уақ- түйек” атты жинағының екінші бөліміне кірген.
Сонда кітаптың бірінші бөліміндегі осы өлеңнің 1913 жылдан бұрын
жазылғандығы даусыз.
Алғаш өлең жазып және медреседе оқып сана- сезімі ояна
бастаған жас
талапты Сәбитті Павлодардағы медресе көлеміндегі әдеби, ғылыми орта
қанағаттандырмайды. Әсіресе, орысша білімнің аздығы оны қатты
қынжылтады. Ақы төлеп өз бетімен біраз уақыт оқиды. Бірақ, орысша
жүйелі
және ұзақ оқуына әрі білімі, әрі қаражаты жетпейді. Осы кезде жазған
“Өз
өзіме” деген бір өлеңінде былай дейді:
Аз білімін шығара алмай майданға
Көп білімді жинай алмай қайранға.
Білмек түгел білгенінен айрылып
Қалды жүрек опыр- топыр ойранда
“Уақ- түйек”
Сол сияқты “Қиялым”, “Үміт”, “Менің жайым”, “Сыр”, тағы
сондай
өлеңдерінде ақын өзінің талпынып, өнер, ғылым жолына түскендігін бірақ
тар
заман, қыспақ өмір, кедейшілік, жоқшылық, қазақ елінің қараңғылығы ол
талаптарына тұсау болып тұрғандығын қынжылып айтады.
“Жанымды жапырақтай қоям қайда,
Шығар күн болмаған соң атарлық таң”-
деп (“Қиялым”) заманына наразылық білдіреді. Алайда ақын үмітсіздікке

салынбайды. Ол өзіндей замандас жастардың қатарында қажырлы іске, өнер-

білім жолына беріледі. Осы талаптылығының арқасында Сәбит Дөнентаев
өзінің жазған өлеңдерін, кейбір мақалаларын сол кездегі газет,
журналдарға
үнемі жіберіп отырады. Алғашқы өлеңдер жинағын баспаға дайындайды, сол

кезде медреседе өзімен бірге оқитын Қасым қызы Сәния Ертісбаева оның
өлеңдер жинағы басылып шығуына көмектеседі.
Сәбиттің “Уақ- түйек” атты жинағына кірген өлеңдері және
“Айқап”
журналы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Сәбит Дөнентаев
Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933)
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
Пәндер