Өнеркәсіп және энергетика



1.ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА
2.ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
3.КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ БӨЛІМІ
4.№1 ЖӘНЕ №2 КӨЛІКТІК А/Ж БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ
5.ТЕМІРЖОЛ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2007 жылғы қаңтар-наурызда кен өндіру өнеркәсібінде 14763,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 1,7 %-ға төмен. Мыс-мырыш кенін өндіру 23,6 %-ға, мырыш концентратын шығару 13,5 %-ға, мыс концентратын өндіру 5,2 %-ға, қорғасын концентратын өндіру 2,3 %-ға азайды.
Сонымен қатар, мыс кенін өндіру 9,3 есеге, алтыны бар кен өндіру 1,9 есеге, қорғасын-мырыш кенін өндіру 12,8 %-ға, алтыны бар концентраттарды өндіру 7,7 %-ға артты.
2007 жылғы 16 сәуірде облыс әкімі Ж.С. Кәрібжановтың, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті басшылығының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдаланушылармен «Шығыс Қазақстан облысының минералдық-шикізаттық базасының жағдайы және жер қойнауын пайдаланудың перспективалары туралы» кеңес өткізілді.
2007 жылғы қаңтар-наурызда металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіруде 53145,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Осы қызмет түрі бойынша тұтастай алғанда нақты көлем индексі 103,7 %-ды, соның ішінде "түсті металл өндіруде" 103,8 %-ды, "дайын металл бұйымдарын өндіруде" 124,9 %-ды құрады. 2006 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда тазартылған қорғасын өндіру 2,2%-ға, өңделмеген мырыш өндіру 4,7%-ға, өзге де түсті металл өндіру 5,6 %-ға артты.
2007 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде 81150,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 6,6%-ға артық. «Металлургия өнеркәсібіне және металл өңдеуге» өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 65,5 %-ы, «машина жасауға» 10,0 %-ы, «ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге» 7,7 %-ы, «өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруге» 5,8 %-ы келеді.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өндірістің нақты көлемі индексінің 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 6,6 %-ға өсуі "тоқыма және тігін өнеркәсібінде" (54,5 %-ға), "металл емес басқа да минералды өнімдер" өндіруде (40,3 %-ға), «машина жасауда» (26,3 %-ға), «химия өнеркәсібінде» (14,2 %-ға), "целлюлоза-қағаз енеркәсібі және баспа ісінде (13,8 %-ға), "металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісінде" (3,7 %-ға) артуы есебінен болды.
1. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы» Алматы 1999
2. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет
3. Ашимбаев Т.А. Путь к рынку

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
жоспар
1.Өнеркәсіп және энергетика
2.ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
3.КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ БӨЛІМІ
4.№1 ЖӘНЕ №2 КӨЛІКТІК АЖ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ
5.ТЕМІРЖОЛ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА
2007 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДА КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ 14763,8 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ
ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ, БҰЛ 2006 ЖЫЛДЫҢ СӘЙКЕС КЕЗЕҢІНДЕГІ ДЕҢГЕЙДЕН 1,7 %-ҒА
ТӨМЕН. МЫС-МЫРЫШ КЕНІН ӨНДІРУ 23,6 %-ҒА, МЫРЫШ КОНЦЕНТРАТЫН ШЫҒАРУ 13,5 %-
ҒА, МЫС КОНЦЕНТРАТЫН ӨНДІРУ 5,2 %-ҒА, ҚОРҒАСЫН КОНЦЕНТРАТЫН ӨНДІРУ 2,3 %-ҒА
АЗАЙДЫ.
Сонымен қатар, мыс кенін өндіру 9,3 есеге, алтыны бар кен өндіру 1,9
есеге, қорғасын-мырыш кенін өндіру 12,8 %-ға, алтыны бар концентраттарды
өндіру 7,7 %-ға артты.
2007 жылғы 16 сәуірде облыс әкімі Ж.С. Кәрібжановтың, Қазақстан
Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология
және жер қойнауын пайдалану комитеті басшылығының қатысуымен Шығыс
Қазақстан облысының жер қойнауын пайдаланушылармен Шығыс Қазақстан
облысының минералдық-шикізаттық базасының жағдайы және жер қойнауын
пайдаланудың перспективалары туралы кеңес өткізілді.
2007 жылғы қаңтар-наурызда металлургия өнеркәсібі мен дайын металл
бұйымдарын өндіруде 53145,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Осы қызмет түрі
бойынша тұтастай алғанда нақты көлем индексі 103,7 %-ды, соның ішінде
"түсті металл өндіруде" 103,8 %-ды, "дайын металл бұйымдарын өндіруде"
124,9 %-ды құрады. 2006 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда тазартылған
қорғасын өндіру 2,2%-ға, өңделмеген мырыш өндіру 4,7%-ға, өзге де түсті
металл өндіру 5,6 %-ға артты.
2007 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде 81150,3 млн. теңгенің
өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 6,6%-ға
артық. Металлургия өнеркәсібіне және металл өңдеуге өңдеуші өнеркәсіп
көлемінің 65,5 %-ы, машина жасауға 10,0 %-ы, ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеуге 7,7 %-ы, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруге
5,8 %-ы келеді.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өндірістің нақты көлемі индексінің 2006
жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 6,6 %-ға өсуі "тоқыма және тігін
өнеркәсібінде" (54,5 %-ға), "металл емес басқа да минералды өнімдер"
өндіруде (40,3 %-ға), машина жасауда (26,3 %-ға), химия өнеркәсібінде
(14,2 %-ға), "целлюлоза-қағаз енеркәсібі және баспа ісінде (13,8 %-ға),
"металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісінде" (3,7 %-ға)
артуы есебінен болды.
Сонымен қатар, өнім көлемінің төмендеуі былғары өндіру, былғарыдан
бұйымдар мен аяқ киім өндіруде (39,0 %-ға), "сүрек өңдеу мен ағаштан
бұйымдар өндіруде" (11,8 %-ға), "тамақ өнімдерін өндіру" (4,0 %-ға),
резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде" (12,7 %-ға) байқалды.
2007 жылғы қаңтар-наурызда машина жасауда 8150,2 млн. теңгенің өнімі
өндірілді, бұл 2006 жылдың қаңтар-наурызында қол жеткен деңгейден 26,3 %-ға
асып түсті. Өнім шығару көлік құралдары мен жабдық өндіруде 7,6 %-ға,
машиналар мен жабдықтар өндірісінде 44,0 %-ға артты.
Сонымен қатар электр жабдықтары, электрондық және оптикалық жабдықтар
өндірісінде өнім шығару 2,1 %-ға азайды.
Азия Авто АҚ кәсіпорнында GM Шевролет автомобильдерін құрастыру жобасы
енгізілуде, жобаның жалпы құны 750 млн. теңге, жыл басынан бері 258 млн.
теңге игерілді. Жобаны енгізу барлық маркадағы автомобильдер өндірісін
жылына 9000 данаға дейін арттыруға мүмкіндлік береді.
Кабель-сым өнімдерінің модельдік қатарын кеңейту үшін Казэлектромаш 2006
жылы жаңа технологиялық желіні іске қосты.
2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 54 %-ға артық (ақшалай алғанда),
ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66 %-
ға артық өнім өндірілді.
Қуаты жылына 500 тоннаға дейін лак-бояу өндірісі іске қосылды. 2006 жылы
8 тонна бояу шығарылды. 2007 жылдың 1 тоқсанында 3 тонна бояу өндірілді.
Георгиевка насос жабдықтары зауыты ЖШС ӨТМК АҚ-да алынатын ильменит
концентраттарын қайта өңдеу өндірісі қалдықтарынан шойынды тәжірибелік
балқытуды жүргізді (қазіргі жабдықтарда). Оң нәтижелер алынды. Осы
технологияны енгізу үшін кәсіпорын жабдық сатып алуы тиіс, алайда қажетті
көлемде өз қаражаттарының болмауынан (кәсіпорын иелері кредит алғысы
келмейді) бұл үдеріс ұзаққа созылып кетпек. Осы жобаны енгізуді дайындауға
ГНЖЗ ЖШС қазіргі кезде 20 млн. теңге жұмсады (1000 тонна шикізат салып
алу, тәжірибелік балқыту жүргізу және т.б.).
2007 жылғы қаңтар-наурызда целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде және баспа ісінде
692,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі
2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 13,8 %-ға көтерілді, бұл қағаз
және бедерленген қатырма қағаздардан бума немесе парақтар (17,1 %-ға),
қағаздан немесе бедерленген қатырма қағаздан қораптар, жәшіктер (12,5 %-ға)
өндіру көлемінің артуына байланысты. Алайда аптасына 4 реттен сирек шығатын
газеттер шығару 18,5 %-ға азайды.
Казполиграф ЖШС-нің бәскеге қабілетті орау өнімдері өндірісінің
ассортиментін кеңейту жобасы бойынша жаңа бедерлеу пресі мен көлденеңінен
және тігінен кесетін станоктар орнатылды. Сұйық тамақ өнімдерін қаптау үшін
фольгаланған қатырма қағаздан ораудан жаңа түрі игерілді.
Шахан-Ата ЖШС 2006 жылғы 4 тоқсанда дәретхана қағазын өндіру жөніндегі
цехты ашты (Глубокое кенті).
Химия өнеркәсібінде 648,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп
өндірісінің көлемі 2006 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейге қарағанда 14,2
%-ға өсті, бұл плавик қышқылын (45,4 %-ға), полимерлер негізіндегі лак пен
бояуды (2,3 есеге) шығарудың артуына байланысты болды. Сонымен қатар
көміртек диоксидін өндіру 28,9 %-ға, моногидраттағы күкірт қышқылын өндіру
8,5 %-ға төмендеді.
2007 жылғы қаңтар-наурызда тоқыма және тігін өнеркәсібінде 437,8 млн.
теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың тиісті айындағы өндіріс
деңгейінен 54,5%-ға жоғары. Машинада немесе қолдан тоқылған трикотаж сырт
киімдер шығару 2 есеге, төсек орын жиынтығын шығару 85,7 %-ға, шляпалар мен
бас киімдер шығару 54,3 %-ға, фетр және киіз шығару 10,3 %-ға артты.
Былғары, былғарыдан бұйымдар және аяқ-киім өндіруде 90,6 млн. теңгенің
өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың қаңтар-наурызындағы өндіріс деңгейінен
39,0%-ға төмен.
НИМЭКС-Текстиль ЖШС тоқыма өндірісін қалпына келтіру мақсатында
кәсіпорында іс-шаралар кешені, соның ішінде Қазақстан даму Банкінің
қаражаттарын тарту есебінен өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және
жаңарту жөніндегі іс-шаралар әзірленді. Мұнда қуаты жылына 8,4 млн. метр
мата шығаратын 2710 млн. теңге соманың Тоқыма өндірісін қалпына келтіру
және жаңарту жобасы қаржыландырылады.
2004 жылғы шілдеде 13114,6 евроға Германия мен Голландияда шығарылған
жоғары өнімді құрал-жабдық кешенін жеткізу жөніндегі контрактіге қол
қойылды. Жаңа жабдықты орнату және жаңа технологияны енгізу өзінің мақта-
мата иірімжібін және оның полимер қосылған қоспасын өндіру есебінен
ассортиментті кеңейтуге және мата шығару көлемін айына 500 мың метрге дейін
арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні иіру және тоқу бөлімшелері толып жабдықталып жұмыс істеуде,
мата бояуға арналған жабдықты аяғына дейін жинау қажет, бұл бояу сапасын
жақсартуға және матаға сурет салуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық
қуатқа шығуды 2007 жылдың тамызына жоспарлап отыр.
Шығарылатын өнім: мұнайгаз және металлургия өнеркәсібі үшін арнайы киімге
арналған мата, қуатты құрылымдарға арналған маталар (камуфляжға, жейдеге,
галстукқа, кительге арналған); металлургтерге арналған сүзгілеу маталары;
көйлек-костюм маталары; тұрмыстық маталар (портьер, жайма, матрац, жиһаз,
дастархан және қағаз сүлгі); техникалық маталар (жасанды былғары, тері,
клеенка негізі); жылылаушы – тоқыма емес мата (ватин) және т.б.; тауарлық
иірімжіп; тігін бұйымдары.
Болашақта кәсіпорын жартылай жүн және мақта-мата иірімжібін және оның
полиэстер қосылған қоспасын, капрон жіп шығаруды жоспарлап отыр.
Бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін Семспецснаб ЖШС тігін өндірісін
техникалық қайта жарақтандыруды жүргізуде, ерлер костюмдерін дайындау
жөніндегі тігін желісін және арнайы киімге арналған шеврондар мен
логотиптерді дайындауға арналған жабдықтарды сатып алуды жоспарлауда.
Семей былғары-тері комбинаты ЖШС-ін дамыту жобасы бойынша 2005 жылғы
қыркүйекте комбинат Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ-ның қарауына жоба
ұсынып, оны Қор қарастырды. 2006 жылы Қазақстанның даму банкі АҚ
комбинаттың инвестициялық жобаларын және экспорттық операцияларын
қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды. Алайда жобаларды қаржыландырудан бас
тартылды, өйткені бұл қаржы институттары негізгі қорларды жаңарту, жаңа
жабдықтар сатып алу үшін ғана кредит қаражаттарын бөледі. Бүгінгі күні
кәсіпорын өндірісті қазіргі заманғы шетелдік жабдықтармен жаңартты, және
оған қаражат жылдық өнім шығару бағдарламасын орындау және кәсіпорынның
толық қуатпен жұмыс істеуі үшін қажет айналым қаражаттарын толықтыру,
былғары шикізатын өңдеуді құру үшін қажет. Шілде-желтоқсан айларында
сойылған малдан алынған тері өте сапалы болып келеді. Дәл осы кезде сапалы
шикізатты сатып алуға айналым қаражаттарының біршамасын жұмсау қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорын қызмет көрсетуші банкпен кредит бөлу жөнінде жұмыс
істеуде.
Роза ЖШС-де техникалық және авиациялық киіз өндірісін құру үшін 2007
жылдың 2 тоқсанында Қытайдан жабдық жеткізу жоспарланып отыр.
Швейная фабрика Мария РА ЖШС 2007 жылдың басында техникалық мақта шығару
жөніндегі өндірісті іске қосты, балалар киімінің жаңа 3 үлгісі әзірленді
және шығаруға дайындалуда.
2007 жылғы қаңтар-наурызда сүрек өңдеу және ағаш бұйымдарын өндіру көлемі
174,9 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 88,2 %-
ға бағаланды.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында ламинатталған сүрек-жаңқа
тақталары өндірісінің бірінші кезегі – ағаш өңдеу өндірісі іске қосылды.
Екінші жарты жылдықта өнім шығару басталады. Екінші кезекті іске қосу үшін
инвестиция қажет.
Ағаш ұсталық цехы ашылды (Уварово ауылы). Жабдық сатылып алынды, бірінші
өнім өндірілді (кәсектер, есіктер және т.б.).
Фаворит ЖШС тақталық материалдар өндірісін құруды жүргізуде. Цехтың үй-
жайын қайта құру жөніндегі жұмыс аяқталды, жабдықты монтаждау жүргізілуде.
Өндірісті іске қосу – 2007 жылдың 1 жарты жылдығы.
Сүректі, орман өнімін қайта өңдеу жөніндегі цех ашылды (Черновая ауылы,
Катонқарағай ауданы), кәдесый бұйымдарын шығарады.
2007 жылғы қаңтар-наурызда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде
649,3 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Өндірістің нақты көлемі 12,7 %-ға
төмендеді, бұл пластмассадан құбыр, құбыршалар, жеңдер мен шланг өндірудің
38,0 %-ға, пластмассадан асханалық, ас үйлік және басқа да тұрмысқа қажетті
заттар шығарудың 30,9 %-ға, пластмассадан тақтай, парақ, пленка, фольга
өндірудің 24,2 %-ға аз өндірілуіне байланысты болды. Сонымен қатар,
полиэтиленнен қап және сөмке шығару 2,6 есеге есті.
Өңдеу өнеркәсібінің өзге салаларында 2007 жылғы қаңтар-наурызда
өндірілген өнім көлемі 6178,9 млн. теңгені құрады. Ағаштан ұйықтайтын бөлме
жиһазын шығару 28,4 %-ға, асхана жиһазын шығару 24,6 %-ға, ағаштан асхана
мен қонақ бөлмесі жиһазын шығару 22,7 %-ға, ағаш каркасты отыру жиһазын
шығару 8,1 %-ға, ағаштан офис жиһазын шығару 7,1 %-ға өсті.
Облыс кәсіпорындарда ІSО-2001 халықаралық сапа стандартын енгізу жөнінде
жұмыс жүргізілуде. Халықаралық сапа стандартын енгізу жөніндегі жоспар
жасалды. 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бойынша 56 кәсіпорын
сапа жүйесін сертификаттады. 44 кәсіпорында жүйені енгізуге дайындық
жүруде.
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ Шығыс Қазақстан облысы
бойынша басқармасының мамандарымен бірлесіп 2006 жылғы маусымда
Қазақстанның үздік тауарлары көрме-конкурсы өткізілді, облыс әкімінің
Сапа саласындағы жетістіктер үшін сыйлығына марапаттау рәсімі
ұйымдастырылды.
2007 жылдың 2 айында облыс бойынша 2270 жұмыс орны, соның ішінде
өнеркәсіпте 210, саудада 710, құрылыста 153, шағын бизнес саласында 1842,
ауыл шаруашылығында 210 жұмыс орны құрылды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі облыс бойынша 2007 жылдың 3 айында
18,9 млрд. теңгені немесе 2006 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 90,1 %-ды
құрады.Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар 6,4 млрд. теңгені, өткен жылдың
ұқсас кезеңінің деңгейіне 138,3 %-ды құрады.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің жұмысы АӨК тұрақты дамытудың 2006-2010
жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын, сондай ақ облыс әкімі белгілеген
басым бағыттарды іске асыруға бағытталған. 2007 жылға арналған міндеттерді
орындау үшін  9 ай ішінде АӨК дамытуға 4211,1 млн. теңге қарастырылды.
Нақты пайдаланылған қаражаттың көлемі 4523,8 млн. теңге немесе жоспардың 9
айда орындалғаны 107,4% болды.
Облыс әкімінің АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша тапсырмаларын
орындау бойынша шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыста 6 асыл
тұқымды шаруашылық, 69 қолдан ұрықтандыру пункті, 42 мал бордақылау алаңы
және 9 сүт-тауарлы ферма ашылды.
Семей және Өскемен қалаларының маңында ет және сүт белдеуін құру
бойынша жұмыстар басталды. Сүт-тауарлы ферма және 500 басқа арналған мал
бордақылау алаңын құру бойынша 4 жоба іріктеліп алынды және оны
қаржыландыру жұмысы басталды.
Өсімдік шаруашылығында қосымша 5 тұқым шаруашылығы құрылды.
Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша тапсырмадағы 59 мың га орнына
85,0 мың га алқапқа тұқым себілді.
Суармалы жерлерді және суаруға берілетін суды тиімді пайдалануды арттыру
мақсатында суды пайдаланушылардың 17 ауылдық тұтыну кооперативі құрылды.
Қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту мақсатында  облыста 22 жаңа кәсіпорын
құрылды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрастырылды, 9 дайындау-
сату кооперативтері және 6 мал сою пункті ашылды.
Май шығару, сүт, ет және балық кластерлерін қалыптастыру бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
Өскемен қаласында аумағы 4,7 га көкөніс өсіретін жылыжай құрылысы басталды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредит алу мүмкіндігін қамтамасыз
ету үшін осыған дейін болған 15 ауылдық кредиттік серіктестіктерден басқа
тағы бір серіктестік құрылды.
Ауыл шаруашылығын қолдау қоры АҚ-мен 6 шағын кредиттік ұйым құру
келісімі жасалды, оның ішінде 5 ШКҰ мемлекеттік тіркеуден өтті.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін
шаруашылықтар 1245,6 млн. теңгеге 423 дана жаңа техника сатып алды, бұл
өткен жылғы деңгейден 7-ге және 13,4% -ға артық. 15 МТШ және 5 техникалық
қызмет көрсету пункті ашылды. АӨК дамыту бойынша қолданылған шаралар  ауыл
шаруашылығы өнімі өндірісінің және оны қайта өңдеу көлемін арттыруға
септігін тигізді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі  осы кезең
аралығында 39,5 млрд. теңге, яғни өткен жылғыдан 16,8% -ға артық болды.
Талдау жасалып отырған кезеңде ет өндіру 8,5%-ға, сүт - 3%-ға, жұмыртқа –
12,8%-ға, жүн өндіру 8,4%-ға өсті. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің
артуына ең алдымен мал мен құс санының өскені ықпал етті: мүйізді ірі қара
1,2%-ға, қой мен ешкі – 7,8%-ға, шошқа – 5,4%-ға, жылқы - 8,3%-ға,құс 17%-
ға көбейді.
Биылғы жылы астықтың жалпы түсімі 800 мың тонна болды. Бұл соңғы 5
жылдағы орташа деңгейден 22%-ға артық.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары осы жылдың 9 айы ішінде 
28013 млн. теңгенің тауарлы өнімін шығарды. Өткен жылдың осы деңгейіне
сәйкес нақты көлем индексі 101,9%.
 
Ауыл шаруашылығы департаментінің 2007 жылғы ІІІ тоқсандағы жұмысы ел
Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған
міндеттерді, бірыңғай аграрлық саясатты, облыстық әкімдіктің және
мәслихаттың қаулылары мен шешімдерін, облыс әкімінің АӨК дамытудың басым
бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталды.
Инфляциялық үдерістерді тежеу және азық-түліктің бағасын тұрақтандыру
мақсатында департамент белгілі жұмыстар жүргізді. Апта сайын ауыл
шаруашылық тауарын өндірушілер өндірген өнімдерді сататын жәрмеңке
ұйымдастырылады.
Нан және нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көлемі 25
мың тонна астық қорын ұстайтын тұрақтандыру қоры құрылды. Оның 8 мың
тоннасы ұн комбинаттарына беріледі және олармен нан бағасын тежеу туралы
келісім жасалған.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен күнбағыс дәнін өңдейтін жетекші
кәсіпорындар арасында күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру туралы
меморандумға қол қойылды.
Құс еті мен жұмыртқа өндіретін Өскемен құс фабрикасы АҚ-мен бөлшек
саудаға өнімді неғұрлым төмен бағамен жеткізу туралы, Черемшанская
птицефабрика плюс ЖШС-мен өнімді қала халқына делдалдарсыз тікелей сату
туралы келісім жасалды.
Облыс орталығының халқын қыс-көктем маусымдарында картоппен қамтамасыз
ету және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында облыстық бюджеттен 1200 тонна
картоп сатып алуға 50 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 500 тонна
картоп қоймаға салынып қойды. Бұл жұмыс департаменттің бақылауында тұр.
Департамент жоспарлы және жүйелі түрде фермерлерге, шаруашылық басшылары
мен мамандарға арналған семинарлар және курстар жүргізіп тұрады. Үшінші
тоқсанда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша 2 семинар және машина-
трактор паркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қалаларындағы атмосфераның ластану деңгейіне диамикалық бақылау
Экономика саласын басқару
Түсті металлургия
Электр энергия станциясы
Өнеркәсіп кешендері
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен
Қоршаған ортаға әсерді бағалау және оның әдістері, міндеттілігі мен кезеңдері
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Пәндер