Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегі



1.Кіріспе
2.Ташкент Бұхара (1499.1508)
3.Қала.и Зафар (1508.1509)
4.Кабул (1509.1512)
5.Әндіжан Ахангаран (1512.1514)
6.Қашғар.Жаркент.Нарын (1514.1533)
7.Лахор.Дели.Агра.Канаудж
8.Кашмир
9. «Тарихи Рашиди» қазақ тарихының әліпбиі
10. Қорытынды
11.Қолданылған әдебиеттер
Қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым , халқымыздың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына 500 жылдан асып барады. Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп , бұл кісі де сол кездегі Әлішер Науаи , Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым, жазушылардың бірі екенін көреміз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп әйгілі еткен , әсіресе , оның парсы тілінде жазылған "Тарихи Рашиди" деген кітабы болды.Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүниежүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. Мұхаммед Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды.
Академик В.В. Вельяминов –Зерновтың анықтауынша :Мұхаммед-Хайдар дулат руынан шыққан , текті атадан.Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан турік нәсілдес көп тайпалардың бірі. 16 ғасырларда қазақ қауымына қосылып , Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан Уалихановтың жазуынша , Мұхаммед-Хайдар –дұғлат руы Болашы бидің ұрпағы. Дұғлат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед Хайдардың өз әкесі –Мұхаммед Хұсайын Жетісу , Шу өзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар ортасында туып-өсіп , оның ел билеген атақты адамдарынан саналған. Дулаттар әлі күнге сол тарихи қонысында тіршілік жасап, қазақ халқының бір іргелі бөлігі болып отыр. Ол кезде Дұғлат , бүгінде дулат аталуында еш қайшылық жоқбұл сол тарихи дұғлаттардың кітапта дұғлат аталып , халық аузында дулат аталуы ғажап емес.Өйткені өткен ғасырдағы кітап тілінің әсерімен Абайдың өзі де көп сөздерді солай жазатын болған.
1. Қазақ даласының жұлдыздары
2. Қазақ мәдениетінің тарихы. Ә.Хасенов.Алматы 1987
3. Мұхаммед Хайдар «Тарихи Рашиди» Алматы 2003
4. Қазақтың арғы бергі тарихы. Маданов Алматы 1995

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мұхамед Хайдар Дулати
Тарихи-Рашиди атты еңбегі

Жоспары:

1.Кіріспе
2.Ташкент Бұхара (1499-1508)
3.Қала-и Зафар (1508-1509)
4.Кабул (1509-1512)
5.Әндіжан Ахангаран (1512-1514)
6.Қашғар-Жаркент-Нарын (1514-1533)
7.Лахор-Дели-Агра-Канаудж
8.Кашмир
9. Тарихи Рашиди қазақ тарихының әліпбиі
10. Қорытынды
11.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан
майталман ғалым , халқымыздың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің
туғанына 500 жылдан асып барады. Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын
ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы
көз алдыңызда суреттеліп , бұл кісі де сол кездегі Әлішер Науаи , Бабыр
сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым, жазушылардың бірі
екенін көреміз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп әйгілі
еткен , әсіресе , оның парсы тілінде жазылған "Тарихи Рашиди" деген кітабы
болды.Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі
өшпейтін дүниежүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. Мұхаммед Хайдар
туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды.
Академик В.В. Вельяминов –Зерновтың анықтауынша :Мұхаммед-Хайдар
дулат руынан шыққан , текті атадан.Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан
турік нәсілдес көп тайпалардың бірі. 16 ғасырларда қазақ қауымына қосылып ,
Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан
Уалихановтың жазуынша , Мұхаммед-Хайдар –дұғлат руы Болашы бидің ұрпағы.
Дұғлат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан
алатын болған. Мұхаммед Хайдардың өз әкесі –Мұхаммед Хұсайын Жетісу , Шу
өзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар ортасында туып-өсіп , оның ел
билеген атақты адамдарынан саналған. Дулаттар әлі күнге сол тарихи
қонысында тіршілік жасап, қазақ халқының бір іргелі бөлігі болып отыр. Ол
кезде Дұғлат , бүгінде дулат аталуында еш қайшылық жоқбұл сол тарихи
дұғлаттардың кітапта дұғлат аталып , халық аузында дулат аталуы ғажап
емес.Өйткені өткен ғасырдағы кітап тілінің әсерімен Абайдың өзі де көп
сөздерді солай жазатын болған. Демек Мұхаммед- Хайдардың жазғандарын мұра
етіп , Орта Азия халықтарымен бірге мақтаныш ететін , оның тікелей ұрпағы --
қазақтың ұлы жүз тайпасы оның ішінде дулаттар. Енді ғана ес жиып
,тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үңіле бастаған елдің тарихының
өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп білу Хайдар Дулатисіз мүмкін емес.
Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің , тіптен
түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-
қайсысын алсақ та, оған жүгінбей , еңбегіне соқпай кете алмайды.Солай
бола тұрса да , осындай біртуар тарланбоз жайлы еңбектер бізде жоқтың қасы.
Оның өмірі жайлы деректер де аз. Ғалым шығармашылығына мемлекеттік
тұрғыдан мән беріп , зерттеп-біліп жатқан ғылыми мекемелер де көрінбейді.
Оның басты еңбегі әлемге
әйгілі "Тарих-и-Рашиди" де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл
Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап
кеткендігінен де шығар.Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед-Хайдардың
нақтылы қай жерде туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені өзге
мәліметтермен анықтауға болады:біріншіден , оның әкесі Хұсайынның тіршілік
жасаған орындары арқылы , екінші, анасы Хуб Нигарханымның болған жерлері
арқылы.Бұлардың екеуінің де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының төңірегі
болған.Сондықтан Мұхаммед-Хайдар осы Ташкент төңірегінде туған болуы керек.
Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар -Ханым Шағатай ұрпағы , Моғұлстанның
қызы.Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың
Жүнісхан - көшпелі руларды отырықшылыққа айналдырып, қала салу ісімен
шұғылданған кісі. Дегенмен, Жүністің өзі де жаз күні жайлауға шығып , Арыс,
Бөг–н , Шаян , Қаратауға дейін жайлап, көшпелі тайпалармен аралас
отырады.Махмұд- хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше
парасатты қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы
Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым- қазақ ханы Әдіктің
бәйбішесі.Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед Хайдарға бала
күнінен таныс болмаса, ол Тарихи-Рашиди кітабын да сондайлық жылы ,
сондайлық ашық жаза алмас та еді.
Мұхаммед-Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен
даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза Хайдар - көреген .
"Көреген" -ескі моңғол-түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда
хан қызын алып , ел басқарған би-батырларға "көреген" деген лақап беретін
болған. Мағынасы ел басқаратын ханның күйеуі.Бірақ ханнның өзі емес. Бұл
лақапты әкесі Хұсайында ,Әмір-Темір де , тағы басқаларда тағынған.Лақап
атынан басқа ,жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру
үшін ресми атын Мұхаммед Хайдар Дұғлати деп жазған.

Ташкент- Бұхара.1499-1508 жылдар

Мұхаммед Хайдар 1499 жылдың қиын- қыстау күндерінің бірінде Ташкент
қаласында Мұхаммед Хұсайын Дулатидің отбасында дүниеге келді. Мұхаммед
Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп , оңы мен солын
таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ұрпағы Жүніс ханның қызы Хуб
Нигар ханымға үйленеді.
Хайдар шыр етіп дуниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан.1501
жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады.
Ташкентті 1482-1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны
Хайдардың әкесі Хұсайын Дулати қайнағасы Махмут ханның атынан билеп
тұрды.Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч.А.Стори де Мұхаммед Хұсайынды
Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұт хан қойып еді деп
растайды.Хусайын айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы
болған. Сөйткен Мұхаммед Хұсайын ұлына Маула Мұхаммед атты білімді де,
білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала Хайдарға Құрани Кәрім сүрелерін
жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан , жазу, сызуға
үйреткен.
Хайдар бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра
алмаған .Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мухаммед
Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып
алып, Әмір Темір ұрпақтарын қуа бастаған кезге тұс келді.
1508 жылы аласапыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани
кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары
әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға
аттандырады.

Қала-и Зафар. 1508-1509 жылдар.

Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен
оның астанасы Қала-и-зафар болатын. Яғни бұл қаланың "Жеңіс қаласы " деп
аталуы тегін емес.
9 жасар Мухаммед Хайдар , сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын Қала-и
зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509
жылдың қарашасына дейін болған.Хайдардың мұнда өткізген кезеңі жайлы
деректер қолда жоқ.Осы аймақтан соң ол Кабулға бөлесі Бабырға кетеді.

Кабул... 1509-1512 жылдар

Арып ашып жол азабын көріп барған Хайдарды Бабыр жақсы қарсы алған.
Бауырына басып, жас мырзаның басынан сипайды.Мұның өзі де үлкен
адамгершілік, үлкен кісілік еді.Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды
бастан кешіп жатқан еді.Кабулға қоныстанғанымен Бабырдың мұнда да іштен
шыққан дұшпандары жан-жақтан анталап тұрған кезі болатын. Осыған қарамай
Бабыр жас бөлесіне қолдан келген көмегін аямайды.Кейінірек ол жайлы:Хуб
Нигар ханымның баласы Хайдар мырза еді. Әкесін өзбектер өлтіргеннен кейін,
ол үш-төрт жыл менің қасымда болды. Содан кейін рұқсат сұрап Қашғардағы
ханға кетті.Енді ол орнықты , байсалды азамат болып, жақсы жолға
зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған
жігіт.Ақындық дарыны да бар еді.Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты , сөз
саптауы тәп-тәуір—деп еске алады.
1509 жылы Хайдар Кабулға келген соң, оған өсекшілердің Бабырды
жамандап, бөлесі мен әкесі арасында болған оқиғаны өзгеше жеткізуіне
байланысты жас Хайдар Бабырдың көңіліне келер қылық көрсетеді. Әрине әке
қазасы кімге болсын оңай тимейді.
Бірақ ол бір сүреңсіз жылдар оқиғасын ой елегінен өткізе келе соңынан
Бабырдан хат арқылы болса да ғафу өтінеді.
Тарихшылардың көпшілігі Мухаммед Хайдардың Кабулде тұрғанда Бабырдың
бірнеше жорықтарына қатысқанын айтады.Әрине Хайдардың мұндай аса қауіпті де
қатерлі шайқастарға қатысуы оның болашақта әскери қолбасшы болуына септігі
тимей қалған жоқ.Бірақ Бабыр Хайдардың жастығы, әрі бір ерден қалған жалғыз
тұяқ екенін ескерді ме, әлде әпкесінің қасында болсын дедіме,1512 жылы оны
өз өтініші бойынша Әндіжандағы Хайдардың жездесі Саид ханға жібереді.

Әндіжан – Ахангаран. 1512-1514 жылдар

1512 жылдың қыркүйек –қазан айларында Әндіжанға келеді.Бірақ мұнда да
тыныш өмір бола қойған жоқ. Мухаммед Шайбани қаза тапқанымен , оның
ізбасарлары жауланған жерлерді ұстап тармысып жанталасса, шаңырағы
шайқалған Темір әулеті де өз иеліктерін қайтарып алуға бағыттылған іс-
әрекеттерін жалғастыра берді.Саид хан өзіне қауіп төндіреді-ау деген оймен
Ахангаран жамағатын шабуға шығады. Ол жайлы Мухаммед Хайдар:шапқынға мен
де қатыстым Таң сәріде біз ол жерге жеттік. Ахангарандықтар мал-жаны,
отбасыларымен бір жағын үлкен өзен, екінші жағын биік жар қоршаған тоғайлы
қонысқа тығылып бекініп алыпты. Сол себепті хан батырларын сабырлыққа
шақырып, шабуыл жасамай тұруын бұйырды. Мені аса қауіпті жерге бармасын деп
қожа Әлі Бахадүрге тапсырды.Өстіп тұрғанымызда ханның бірінші болып өзінің
жауға аттанғанын байқамай қалыппыз. Жауға жұрттан бұрын өзі шабуыл
жасамақшы екен.Бірақ жаудың үш адамы тасада отыр екен.Үшеуі бірдей шірене
ханды көздеп садақтарын атты.Жасаған иемнің сақтағаны және бақтың күле
қарағаны болар үш жебе ханға тимей бос кетті.Бул үшеуіне хан тап беріп
қахарлы қылышымен қан жуытты.Бұл жорықтан біз аман-есен оралдық",-деп еске
алады.
Мухаммед Хайдар мырза өзі куәсі болған осы шайқасты Бабыр секілді рет-
ретімен байыпты баяндаған. Әсіресе ол осы тұста Саид ханның қазақ
жамағатымен болған қарым қатынасына ерекше көңіл бөлген.
1514 жылы көшпелі өзбек сұлтандары көп әскермен келіп Әндіжанды бәрібір
қоршайды. Қарсы тұрар дәрмен жоқ болғандықтан , Саид хан өзіне ерген
сенімді қосындарымен Хайдар мырзаны ертіп Қашғарияға бет алған. Онда
барған соң жаңа мемлекет –Моғолстанның ірге тасын қалаған.

Қашғар-Жаркент-Нарын... 1514-1533 жылдар.

Мухаммед Хайдар мырза Қашғарияда 19 жыл ғұмыр кешкен.Саид хан оны
ерекшежақсы көріп, қайда барса да қасынан тастамаған . Қашғар мен хан
ордасы тұрған Жаркентте мешіт , медреселер , керуен сарайлары көп еді.
Мұнда Ундістан мен Ауғанстан, Иран мен Арабстаннан керуендер келіп сауда
көрігін қыздырып жататын. Мухаммед Хайдар Жаркентке келген соң Саид хан оны
ордадағы медреселердің біріне береді.Хайдар онда беделді де , белді
кісілердің балаларымен бірге Құран мен Хадис , тәпсір мен тарих, жағрафия
мен фәлсафа, логикадан дәріс алады.Аптаның әр күні болатын соғыс өнері
сабақтары да қызықты өтетін. Мухаммед Хайдар әсіресе тарих пен әдебиетті
сүйіп оқитын.
Медреседе дәріс беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
М. Х. Дулатидың өмірбаянына шолу
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
«Деректану теориясы» пәні
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Жәңгір Хан және қазан университеті
Пәндер