Сапаны басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. БӨЛІМ ӨНІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОҒАРЛАТУДЫҢ МАҢЫЗЫ, НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2. БӨЛІМ САПАНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

3. БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУҒА
АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
1) Огвоздин В.Ю. Управление качеством: Теория и практика
Москва: Дело и сервис, 1999г.
2) Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством
Москва: Инфра─М, 2002г.
3) Розова Н.К. Управление качеством
Санкт-Петербург: Питер, 2003г.
4) Сағадиев Қ.С. Сертификаттау
Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000ж.
5) Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2003ж.
6) Есімжанова С.Р. Маркетинг
Алматы: Экономика, 2003ж.
7) Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2002ж.
8) Әмірбекұлы Е. автореферат
«Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру»
Алматы, 2004ж.
9) Джумагалиева Ж.Г. автореферат
«Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности» Алматы, 2004г.
10) Нурпеисова М.М. автореферат
«Повышение качества и конкурентноспособности потребительских товаров Казахстана» Алматы, 1998г.
11) Под ред. Сафронова, Зайцева Н.Л. Экономика предприятия
Москва, 2004г.
12) Шығысбаев С.М. Өнімді стандарттау мен сертификаттау
ҚазҰУ хабаршысы 2004ж., №3
13) Собрание актов 2001г., №16
14) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. БӨЛІМ Өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Сапа қасиетінің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .7

2. бөлім Сапаны басқаруды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі
тетіктерінің бірі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9 2.2
Кәсіпорын өнімдерінің сапасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

3. БӨЛІМ Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға
арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ
басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі
экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту
мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын
өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі,
қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы
туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын
талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген
көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын
өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса,
онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке
қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына
сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және
тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен
жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару
өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар
аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін
тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол
біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді.
Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта
Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім
шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне
арналып, әртүрлі болу мүмкін. Мерседеспен барлық адамдар жүре бермейді,
бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек.
Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты,
өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар
қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына
басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның
өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы
бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға
деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші
орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу
өнімнің сапасына тікелей орын береді.

1 БӨЛІМ Өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі
жолдары1

1.1Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы,
негізгі жолдары

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек
техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық
санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы
болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда
тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының,
кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды
факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар,
ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық
ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары
қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол тұтынушы құны, құн,
тиімділік, баға, пайда, материалдық қызығушылық түсініктерімен
тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен
байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің
көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді
түсінуге болады.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде
анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық
маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру,
оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға
сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер
жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс
сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына
қойылатын негізгі мәселелер, олар:
✓ өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі
механизмін қосу;
✓ тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару
жүйесін қалай бағыттау;
✓ өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару
жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді:
✓ жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
✓ өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты)
табу;
✓ жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
✓ өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы
жөніндегі проблемаларды шешу.
Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─
басқарылатын процес.
Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне
мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау,
стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ
өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік,
логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының
бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға
жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі
мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне
айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім
жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың
сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің
өсуіне көп көңіл бөлді.
Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және
әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте
маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан
өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
✓ өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика
жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
✓ өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің
методологиялық тәсілдерін анықтау;
✓ зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару
мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
✓ теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім
сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
✓ ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық
тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық
механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі,
сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз
жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен
төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде
зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін
мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде
қарайды.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─
сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын
деңгейі.
Өнімнің сапасы түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту
мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы
қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың
дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан
қарастыруға мүмкіндік береді.
Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады.
Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық,
эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен
бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып
табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық
еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын
оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.
Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан
онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс
тиімділігінің анализін талап етеді.

1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан
алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық
өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол
бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін
анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт
сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі
еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің
тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға,
өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында
материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай
жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің
стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы
арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық,
физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың,
вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын,
тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға
бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік
қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі
мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы:
өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың,
газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау,
шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны
жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

2. бөлім Сапаны басқаруды талдау

2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын
басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде

Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына
(БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ
бақылаушы статусын алған болатын.
Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың
тиімділігі мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола
түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке
интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды
рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды
олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен
мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын
стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып
табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның
сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық
кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі
болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау,
сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге
асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл
министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға
сәйкестендіруі тиіс.
Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің,
ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол
еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. Қазақстан
Республикасының индустриялық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері
осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін
өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде
қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық
актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің
техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын дамыту жолымен
жүзеге асырылады.
Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы
тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары
бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және енгізу процесі
елеулі назар аударуға тұрады.
Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдік
тәжірибесі олардың тиімділігін растады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания
өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына
сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі
белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы
неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар,
халықаралық танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде
сезініп отыр.
Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен
анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы редакциясы
1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа
деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік
процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа
жүйесін сертификаттаудың негізін салды.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─ сертификаттау
болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен
денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған
жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден
әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі
үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың
сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім
сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы
ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау импорттық
өнімдерге де бекітілген.
Сертификаттау тәртібі ИСОМЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай
болуы керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүесінде
сертификаттау мына принциптерге жүргізіледі:
• өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
• сынақтың кәсіби түрде өтуі;
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
• сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік
серификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі
ақпарат;
• сертификаттау жұмысында ИСОМЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық
құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, т.б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің
мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін 70%–ы сертификатталады. Қазақстанда
міндетті түрде сертификаттауға жататын, қаупі деп есептелетін өнімнің үлесі
85%–дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да
өсе береді.
Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі
мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде
әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты.
Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың
белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және
әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді
оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке
сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы,
қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда
техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-
экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық базасы
ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін
оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер
мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң,
стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап
әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды.
Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың,
еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі
талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау
нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынандай нормативтік
құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
• Салалық стандарттар (ССТ);
• Техникалық жағдайлар (ТЖ);
• Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер
стандарттары;
• Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да
қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау

2008 жылғы 3 қаңтар мен 3 ақпан аралығында № 2 карамель цехында
карамельдің жоғары сорттарын өндіру бойынша желі енгізіліп, өнімділік пен
өнім ассортиментін кеңейтуге және еңбек жағдайын жақсартуға қол жеткізді.
Желіге Klöckner Hänsel Processing GmbH (Германия), Барский
машиностроительный завод (Украина), Кондмаш (Россия), Theegarten
Pactec (Германия) сияқты атақты өндіруші фирмалардың жабдықтары орнатылды.

РАХАТ АҚ өз өнімдерін дүние жүзіне танымал мамандандырылған ISM-
2008 (International Sweets and Biscuits Fair) көрмесінде екінші рет паш
етті. Фабрика өнімдері қойылған сөрелерде көрме жүрген төрт күн бойы
әдеттегідей ине шаншыр жер болмады. Кельн қаласы тұрғындары мен Еуропаның
түпкір түпкірінен келген қонақтар ғана емес кондитер саласы
майталмандарының, әсіресе ТМД елдерінен келген мамандардың қызығушылығын
ерекше атаған жөн. Рахаттықтардың соңғы жылдардағы жаңа ассортиментінің
сапасын жоғары бағалады
2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
жүйесіндегі аудит нәтижесінде Рахат АҚ сапа менеджменті жүйесіне сәйкес
сертификат алды. Бұл сертификат Рахат АҚ-да енгізілген сапа менеджменті
жүйесінің халықаралық ИСО 9001-2000 стандартының талаптарына сәйкес
екендігін дәлелдейді. Сертификаттау органы берген баға – біздің компанияның
сапалы және сұранысқа ие өнім өндіруге мүмкіндік беретін барлық жұмыстар
мен жетістіктерді жүйелеуде жасаған үлкен жұмысының нәтижесі. Үшінші жақтың
аудиті компаниядағы процесстерді, ресурстарды, қызметкерлерді басқару
жүйесі тұтынушы сұраныстарын түсінуге және қанағаттандыруға
мақсатталғандығын дәлелдеді, ал сапалы кондитерлік өнім өндіру барысындағы
барлық қажеттіліктерді нақты анықтау және құжаттау, алдыңғы қатарлы
жабдықтарды пайдалану, шикізатты мұқият іріктеу және дайын өнімді шығару
кезіндегі көп сатылы бақылау Рахат АҚ өнімінің тұрақты және сапалы болуын
тұтынушыларға қамтамасыз етеді.
Қазанның 5 мен қарашаның 5 аралығындағы кезеңде Рахат АҚ-да еңбек
жағдайын жақсартуға, шығарылатын өнімнің сапасын, құрал-жабдықтардың
үнемділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды.
Жаңа жылдық сыйлықтарды жинақтау цехы іске қосылды. Ол өз кезегінде
өндіріс өнімділігін көтеруге, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге және
еңбек жағдайын жақсартуға жағдай туғызды.
Тузик, Нежный, Золотой ключик иристері тұтыну қасиеттері
жақсартылған жоғары технологиялы материалдардан жасалған заттаңбада
шығарыла бастады.
Курочка ряба кәмпитінің көркем қорабының жобасы өзгертілді.
Любимый, Ягодная поляна, Желейный в сахаре агардан жасалған мармелад
қаптамаларының материалдары мен дизайны өзгертілді.
Рахат АҚ АЛТЫН САПА сапалы өнім шығарушылардың өңірлік конкурсына
қатысты. Үздік азық-түлік тауарлары номинациясында қазылар алқасы
фабриканың кондитерлік өнімдерін үздік деп таныды. Рахат АҚ ұжымына
бірінші дәрежедегі мен Алтын медаль тапсырылды
Есеп беру кезеңінде Рахат АҚ-да еңбек жағдайын жақсартатын,
шығарылатын өнімнің сапасын, жабдықтар жұмысының сенімділігі мен
тиімділігін арттыратын жұмыстар жүргізіледі:
- дайындау цехында ескірген құрал-жабдықтар алып тасталынып Petzhold
Heidenauer, Mascshinen- und Anlagenbau International GmbH (Германия)
фирмасының шоколад массасын дайындайтын толық автоматтандырылған желісі
орнатылып, іске қосылады, сондай-ақ шоколад массасын конширлеу үшін
Schneider Anlagentechnik GmbH (Германия) фирмасының толық
автоматтандырылған желісі орнатылды, олар өнімділікті арттырып, шығарылатын
өнімнің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді;
- № 2 шоколад цехында Ubitec GmbH (Германия) фирмасының шоколад
кәмпиттерін өндіретін желісі орнатылып, пайдалануға берілді, ол шығарылатын
өнімнің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді; сондай-ақ процессті
механизациялау элеметтерімен бөлшектеу бөлімі қайта жасалып, өнімділікті
арттырып, еңбек жағдайын жақсартты;
- қаптау материалдары цехында Rovema фирмасының тігінен қаптау
автоматы орнатылып, пайдалануға берілді, ол шығарылатын өнімнің
ассортиментін кеңейтті;
- № 2 кәмпит цехында
1. тасымалдау тобын;
2. Inam Pazarlama Ticaret A.S. (Туркия) фирмасының глазурлеге
арналған машинасын;
3. Inam Pazarlama Ticaret A.S. (Туркия) суыту тоннелін;
4. Theegarten Pactec (Германия) фирмасының орау автоматтарының
паркін ауыстыра отырып өндіріс алаңдарын қайта жоспарлап, алаңдарды тиімді
пайдалануды қолайлы етті, осы шаралардың барлығы өнімділікті арттыруға,
шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатуға және еңбек жағдайын жақсартуға
мүмкіндік береді.
Жоғары технологиялық материалдардан жасалған жаңа дизайнды заттаңбамен
Кис Кис, Забава ирисі шыға бастады.
Юрта кәмпиттер жиынтығының картонды қаптамасы енді дизайн
элементтері алтын және қызыл фольгамен өрнектеліп жасалады. Темір
қаптамадағы Юрта кәмпиттер жиынтығы.
2007 жылдың қыркүйек айында Рахат акционерлік қоғамы шетелде өткен
екі ірі көрмеге қатысты. Біздің мемлекетіміздің Қаржы және сауда
министрлігі қазақстанның бәсекеге қабілетті әлеуетті өкілі Рахат
акционерлік қоғамын Қытай Халық Республикасында өткен көрмеде министрлік
ұйымдастырған жалпы экспозицияның құрамына қосқан. Фабрика мамандары жыл
сайынғы халықаралық көрмеде Үрімжі қаласының тұрғындары мен қонақтарына
кондитерлік өнімдерінің ассортименті мен сапасын көрсетті.
Бұл уақытта Рахат АҚ-ның басқа өкілдері Ташкент қаласында өзбек
ағайындардың қонақжайлылығына риза болды. Қалалықтар өткен жылы саудаға
енгізілген Рахат АҚ-ның кондитерлік бұйымдарының тұтынушылық қасиетін
жақсартатын жаңа өнімдер ассортиментін тамашалады. Бұл жаңа өнімдер Ташкент
қаласының тұрғындарының көңілінен шықты, олар Рахат АҚ өнімдерін тұрақты
сатып алушылардың бірі және жаңа өнімдерді асыға күтеді
2007 жылғы сәуірдің 18 мен 21 аралығында Рахат кондитер фабрикасы
жыл сайын өтетін Тәттілер-2007 көрмесінде өзінің шығарған өнімін
көрсетті. Алматылық кондитерлер Атакент көрме кешеніне соңғы жылы
республика рыногына шығарылған жаңа кәмпиттерін әкелді.
Жаңа кондитерлік өнімдер түрлі рецептуралық топтарда - көптеп
шығарылатын карамельден бастап премиум класстағы кәмпиттермен аяқтаған,
жасалған. Нарықтағы қысқа кезеңде бұл кәмпиттерәккі тамақ талғағыштар емес
кәсіби-сарапшылардың да берген жоғары бағаға еи болды.
Тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша
көрменің ұйымдастыру комитеті шығарылған кондитерлік өнімдірдің жоғары
сапалылығы үшін Рахат кондитер фабрикасына Қазақстан мақтанышы жүлдесін
табыс етті.
2007 жылғы 15 наурызда Қазақстан Тұтынушылар Одағы Заңды тұлғалар
Ассоциациясының өндірілетін тауар мен көрсетілетін қызмет сапасына тәуелсіз
тұтынушылық зерттеулері нәтижесі негізінде Мінсіз (Безупречно) Халықтық
Сапа Белгісі байқауында Рахат АҚ жеңімпаз болып танылып Мінсіз
(Безупречно) Халықтық Сапа Белгісі үшінші рет марапатталды. Рахат
Ақционерлік қоғамына бұл марапат фабрика ұжымының отандық рыноққа үздік
өнімді шығару және жеткізудегі қажырлы еңбегінің және өнім сапасын қоғам
растауының нәтижесі болып табылады.
Рахат АҚ қоғам басқармасының есебi бойынша 2006 жылғы 717 115 мың
теңге көлемiндегi таза кiрiсiн, ал 2005 жылғы таза табысы 946785 мың
теңгені өндiрiстi дамытуға бөлді.

Қазақстан республикасының өндірілген кондитерлік өнімдердің серпіні

тонна
2005 %-бен 2006 . %-бен 2007 %-бен январь-%-бен
барлығы барлығ(прогнбарлығынамарт барлығ
на ына оз) 2008 ына
Қазақстан 69772 100,0 74676 100,0 77837 100,0 16663 100,0
республикасы
Алматы 38089 54,6 44193 59,2 44791 57,5 10160 61,0
Қарағанды 8183 11,7 9303 12,5 8443 10,8 1420 8,5
Қостанай 17747 25,4 18702 25,0 20690 26,6 4328 26,0
Басқа өңірлер 5753 8,2 2478 3,3 3913 5,0 755 4,5

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша
2007 жылы өндірілген кондитерлік өнімдердің 57,5% Алматы қаласында , яғни
Рахат АҚ үлесіне тиеді

Алматы қаласында өндірілген кондитерлік өнімдер графигі

тонна

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің 2007 жылдың алдын
ала деректері бойынша кондитерлік өнімдердің өндірілуі 4,2 %- ға өсті.
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңына және бухгалтерлік
есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес

Рахат АҚ 2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл бойынша пайда мен
зияндар туралы есебі
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы Жол коды 2006 жылдың соңында
Өнімді сатудан және қызметтер 01 13514940
көрсетуден түсетін кіріс
Сатылған өнімдердің және 02 11030484
көрсетілген қызметердің
өзіндік құны
Жалпы пайда (01 жол – 02 жол) 03 2484456
Қаржыландырудан түсетін 04
кірістер
Өзге де кірістер 05 171846
Өнімді сатуға және қызметтер 06 413633
көрсетуге арналған шығыстар
Әкімшілік шығыстар 07 723587
Қаржыландыруға арналған 08 47587
шығыстар
Өзге де шығыстар 09 90219
Салық салғанға дейінгі пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Өнім сапасын басқару жайлы Жапонияның тәжірибесі
Сапаны бақылау және басқару
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі жайлы
Квалиметрия пәні
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
Өнім сапасы түсінігі
Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Пәндер