Отын энергетикалық кешені



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Отын энергетикалық кешен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қатты отын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Қазақстан көмір кендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3. Жанатын тақтатас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Шымтезек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Ағаш отын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Сұйық отын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Мұнай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.4 . Табиғи газ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Егер біз жалпы энергия тамырына терең бойлай көз жүгіртсек, онда ең алғаш рет пайдаланылған энергия түрінің жану энергиясы екенін, яғни, органикалық отынның жануы негізінде бөлінетін жылу энергиясы екекнін байқаймыз. Алғашқыда жер бетінде жанып жатқан отқа кездескенадамдар оны құдіретті күш деп ұғынып, одан секем алса, кейіннен оны шарапатты әулие деп, оған табынатын болған. От адамды табиғат күшінен үстем етіп, хайуанаттар дүниесінен бөлді. Адам отты өмір тіршілігіне пайдалана бастағаннан-ақ көпшілік уақытын от басында, ошақ қасында өткізді. Оның жылуы мен жарығы адамдарды біріктіріп қана қоймай, оларды ұйымшылдық пен тәртіпке баулиды. Себебі, оны өшірмей сақтау – от басындағы адамдардың келісімді әрекетін қажет етті. Осыдан от бір жағынан тіршілік көзі болса, екінші жағынан алғашқы қоғамдық ұйымның қалыптасуына да зор ықпал еткен деп қорытындылауға болады.
Адамзаттың энергияға деген мұқтаждығы негізінен органикалық отынды пайдалану арқылы қанағаттандырылуына байланысты, осы органикалық отын түрлерінің жер қойнауындағы қоры, оның орналасуы, оны өндіру және пайдалану туралы мәліметтерді инженер-электриктің толығырақ білгені абзал.
Органикалық отын түрлерінің бойындағы энергия мөлшері төмендегі 1-кестеде келтірілген.
1. Дүкенбаев К.Д. Энергетика Казакстана. Движение к рынку.-Алматы:
Ғылым, 1998.-584 с.
2. Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.
3. Алияров Б.К. Освоение сжигания экибастузского угля на тепловых электрических станциях. – Алматы: Ғылым, 1996. – 272 с.
4. Нұрекенов Е., Темірбаев Д.Ж., Алияров Б.Қ. Жылутәсіл атауларының орысша-қазақша сөздігі – Алматы: РБК, 1997. – 77 б.
5. Аяпова Ж.Ж., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. – Алматы: Инкар, Тұлға, 1993. – 320 б.
6. Құсайнов А., Нұржанов Б., Шотанов Ж., Балабатыров С., Жұмақанов Т. Электр техника мен электр энергетика терминдері. – Алматы: Санат, 1994

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Отын энергетикалық
кешен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 3
1. Қатты отын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .3
1.2. Қазақстан көмір
кендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Жанатын
тақтатас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..5
2.
Шымтезек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..7
1. Ағаш
отын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..8
2. Сұйық отын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..8
3.
Мұнай ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 9
4. . Табиғи
газ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 16

КІРІСПЕ

Егер біз жалпы энергия тамырына терең бойлай көз жүгіртсек, онда ең
алғаш рет пайдаланылған энергия түрінің жану энергиясы екенін, яғни,
органикалық отынның жануы негізінде бөлінетін жылу энергиясы екекнін
байқаймыз. Алғашқыда жер бетінде жанып жатқан отқа кездескенадамдар оны
құдіретті күш деп ұғынып, одан секем алса, кейіннен оны шарапатты әулие
деп, оған табынатын болған. От адамды табиғат күшінен үстем етіп,
хайуанаттар дүниесінен бөлді. Адам отты өмір тіршілігіне пайдалана
бастағаннан-ақ көпшілік уақытын от басында, ошақ қасында өткізді. Оның
жылуы мен жарығы адамдарды біріктіріп қана қоймай, оларды ұйымшылдық пен
тәртіпке баулиды. Себебі, оны өшірмей сақтау – от басындағы адамдардың
келісімді әрекетін қажет етті. Осыдан от бір жағынан тіршілік көзі болса,
екінші жағынан алғашқы қоғамдық ұйымның қалыптасуына да зор ықпал еткен деп
қорытындылауға болады.

ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН

ҚАТТЫ ОТЫН ТҮРЛЕРІ

Адамзаттың энергияға деген мұқтаждығы негізінен органикалық отынды
пайдалану арқылы қанағаттандырылуына байланысты, осы органикалық отын
түрлерінің жер қойнауындағы қоры, оның орналасуы, оны өндіру және пайдалану
туралы мәліметтерді инженер-электриктің толығырақ білгені абзал.
Органикалық отын түрлерінің бойындағы энергия мөлшері төмендегі 1-
кестеде келтірілген.

Ағаш
Отын Шартты отын Көмір (құрғақ)
түрлері (антрацит)
Энергия-
ның үлесті
мөлшері
10 Джкг 29,3 33,5 10,5
ккалкг 7000 8000 2500

ҚАЗАҚСТАН КӨМІР КЕНДЕРІ

Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Казірдің өзінде төрт
жүзден астам кен орындары ашылып, олардық есептелген көмір коры 162 млрд. т-
дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды,
олардың көпшілігі Караганды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс
Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде
орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты
ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің
едәуір қоры бар.

Караганды бассейнінің алып жатқан аумағы үш мың шаршы километр, ал оның
көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі
қүннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар
тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалык көмір түрлерін өндіреді.
Караганды көмірімен Ка-зақстан Магниткасы, Магнитогорск, Орск-
Халиловск металлургия комбинаттары, Ақтебе ферробалқу заводы, Жезқазған
және Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Орал, Орта Азия мен
Казақстанның көптеген жылу электр станциялары жүмыс істейді.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен
Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан аумағы аса үлкен
болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты
елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мүнда көмір қабаттары жер бетіне
жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы қөмір қоры
10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Еқібастүзда өндірілетін энергетикалық
көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының қүны шахталарда
өндірілетін көмірден екі-үш есе арзан.
Екібастүз бен Майкүбі кен орындары толық қуатымен жүмыс жасаған уақытта
жылына 170 млн. т көмір өндіреді, ал бүл күніне 465,75 мың т шамасында
немесе 6654 вагон көмір алынады деген сөз.
Қазір мұнда екі көмір бассейні жұмысқа қосылған. Оның үлкені - Батыр.
Дүние жүзіндегі көмір алыптары қатарына жататын Батыр қарьерінің бір
жылдық өнімі 60 млн. т-дан асады. Карьердің тереңдігі 220 м, ұзындығы 6 км,
ені 2 км.
Екібастұз қөмірінің сапасы темен, оның құрамында күл қалдықтары 35—45%
шамасында болады, ол металлургиялық процестерге пайдалануға жарамайды.
Соған қарамастан Екібастұз еліміздегі ең ірі көмір бассейні болып табылады.
Қазақстанда 80-ші жылдарда іске қосылған көмір алыптарының бірі —
Майкүбі кені. Бүл кен орны Екібастүзға жақын орналасқан, оның қойнауында он
миллиард тонна тас көмір және қоңыр көмір бар. Көмірі сапалы, кул қалдығы
7—8%-тен аспайды. Оны ашық карьер әдісімен казып алуға болады. Бассейннің
көмір кабаттары таралған ауданы 1400 км2-тан асады. Майкүбі, көмірінің
сапасы Екібастұз көмірімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, оны жартылай
кокс алуға және химиялық шикізат, энергетикалық отын есебінде пайдалануға
болады.
Торғай даласы да көптеген кен көздеріне бай екені белгілі, бұл өңірде
ірі-ірі көмір бассейндері бар. Қазіргі жиырмадан астам көмір бассейнінде
алпыс миллиард тоннаға жуық көмір коры анықталып отыр. Мұндағы Обағаи,
Құсмұрын, ,Егінсай, Приозерное, Орлов, Харьков, Чернигов сияқты кен
орындарынан ашық әдіспен (карьер) жыл сайын жүз миллион тонна көмір
өндіруге болады. Мұның өзі келешекте Қостанай, Челябинск, Қазақстан мен
Оралдың индустриялы аймақтарын арзан энергетикалық көмірмен тұрақты
қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Торғай бассейндерінің көмірі негізінен
қоңыр, күлі 18% шамасында, тек оның тиімсіз жағы — дымкылдығы. Оның жылулық
қасиеті біршама жоғары (орташа есеппен 5800 ккал), сондықтан оны
энергетикалық отын немесе жоғары калориялы жанғыш газ алу үшін өндіру
тиімді болмақ.
Ірі-ірі көмір кендері Шу мен Іле алқаптарында да кездеседі (Қолжат т.
б.). Олардың жалпы қоры едәуір болғанымен, көмірлерінің сапасы темен, әрі
жер бетінен. едәуір терең орналасқан. Бұл кен орындары негізінен
болашақтың энергетикалық қорлары болып саналады.
Республиканың басқа да жерлерінде көптеген көмір қабаттары кездеседі.
Алда тұрған келелі міндеттердің бірі — жалпы халық шаруащылығының
тиімділігін арттыру және коршаған орта тазалығын белгілі деңгейде сақтау
үшін жергілікті жерлердің отын қорларын пайдалану. Мысалы, Қарағандының
және ең арзан Екібастұз көмірінің тоннасының өзіндік құны Шығыс
Қазақстанның кейбір аудандарына жеткізілген кезде 5—6 есе артады.
Сондықтан, барлық өндіріс орындарының халық шаруашылығы салаларының
өндірістік есепке көшкен уақытында республика жеріндегі энергетикалық көмір
қорлары тиімді пайдаланылатын болса, онда бұл бір жағынан табиғи қорларды
тиімді, ысырапсыз пайдалануға, екінші жағынан олардың өзіндік құнын
кемітіп, халық қаржысын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берер еді.

ЖАНАТЫН ТАҚТАТАС

Құрамында елу проценттен асатын әр түрлі минералды қосылыстар
кездесетін, жылулық қасиеті қоңыр көмірден әлдеқайда төмен жанатын тақтатас
да отын қорларының қатарына жатады. Ол жер қойнауында .мол тараған және
дүние жүзінің көптеген аймақтарында жергілікті отын ретінде кеңінен
қолданылуда.
Дүние жүзі энергетика комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, көптеген
елдер келешекте тақтатастан сұйық отын мен газ өндіруді жоспарлап отыр.

Жанатын тақтатастар да жер қойнауында көмір сияқты органикалық
қалдықтардың ұзақ жылдар бойы шөгуінен пайда болған. Табиғатта шірінді және
сапропельді тақтатастар жиі кездеседі. Шірінді тақтатастардың құрамы
негізінен өсімдік қалдықтарынан тұратын болса, сапропель су айдындарында
тіршілік ететін планктондар мен бентос сияқты организмдердің қалдықта-
рынан пайда болады.
Ғалымдар дүние жүзінде 700 млрд, т-ға жуық, ал Тәуелсіз Мемлекеттер
жерінде 150—170 млрд, т жанатын тақтатастардың қоры бар деп мөлшерлеуде.

Жанатын тақтатастар отын ретінде тым ертеден пайдаланыла бастаған. Оның
қоры мол орналасқан Прибалтика республикаларының көптеген жылу электр
станциялары негізінен тақтатас арқылы жұмыс істейді және бұл өлкеде
энергетикалық қорлардың осы бір тиімді түрін пайдалану жыл сайын арта
түсуде. Тек 1975 жылы "Эстония мен Ленинград облысыңда 30 млн. т-дан аса
тақтатас өндірілген.
Жанатын тақтатастың мол кендері Тәуелсіз Мемлекеттердің көптеген жерлерінде
кездеседі. Мысалы, Поволжье маңында Қуатты екі кен орнын пайдалану көзделіп
отыр. Бұл кен орындарында жылына 110—150 млн. т тақтатас өндіріліп, олардан
кемінде 15—20 млн. т сұйық отын алуға болады деген ғылыми болжам бар. Ал
бұл 14—18 млн. т мұнайға тең.
Тақтатас Қазақстанда да ертеден жергілікті отын ретінде пайдаланылып
келеді. Мысалы, Орал өңіріндегі Чернозатон, Тоқсай және Новосеменовка
кендерінен алынатын тақтатас көп жылдардан бері пайдаланылуда. Бұл кен
орындарындағы тақтатастың сапасы темен (күл қалдығы 22—60% аралығында
қызулығы 2500 кал мөлшерінде).
Жергілікті отын мұқтаждығын, мысалы, Кендірлі тақтатас кен орны
толығымен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы тақтатас қабаттары жер бетіне жақын
орналасқан, жылулық қасиеті жақсы және ашық карьер әдісін пайдалану арқылы
өндіріледі. Оның сапасы жоғары, одан құрғақ айдау технологиясы арқылы орта
есеппен 19% бензин, 9% лигроин, 27% дизель жанармайын, әр түрлі реагенттер,
майлар, асфальт және басқа да заттар ажыратып алуға болады.
Жалпы Қазақстан жерінде тақтатастың мол қоры бар 25-тен астам кен
орындары табылып отыр. Олар келешекте республикамыздың энергетикалық
қорларын тиімді пайдалануда елеулі орын алатын болады, сонымен бірге, олар
химия өнеркәсібін дамытуға қажетті ши-кізат та бола алады.

ШЫМТЕЗЕК

Адамдар шымтезекті отын.ретінде ерте;кезде-ақ пайдаланған. Оның кұрамы
барлық кен орындарында бірдей емес. Шымтезек кендері негізінен көлдер мен
су қоймаларындағы сулар тартылғаннан кейін, оларда мол жиналған өсімдік
қалдықтарының құрғауынан пайда болады. Бүл, әрине, ұзақ уақыт жүретін
күрделі табиғи процесс. Ғылыми болжамдарға қарағанда, қалыңдығы бір метр
шымтезеқ кені кемінде 30—-50 жылда түзіледі.
Шымтезектің кептірілген түрлерінде орта есеппен 60% көміртек, 6% сутек,
32% оттек және 2% азот болады. Оның жылу бергіштігі ағашқа қарағанда
жоғары, көмірге қарағанда төмен болғанымен, құрамында күкірттің болмауы
және күл қалдықтарының аздығы оларды энергетикалық ірі өндіріс
орталықтарында, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұрғын үйлерді жылытуға тиімді
арзан отын ретінде пайдалануға мол мүмкіндігін туғызады.
Дүние жүзіндегі шымтезек қоры жайлы деректер ғылыми әдебиеттерде жоқтың
қасы, әйтсе де, ол кейбір елдердің энергетикалық отын балансында елеулі
орын алады.
Тәуелсіз Мемлекеттерде орталық, және солтустік-батыс аудандарында шымтезек
қоры өте мол. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, Москва, Калинин,
Иваново, Нижний Новгород облыстары мен Беларусь республикасы жерлерінде 160
млрд. т-ға жуық шымтезек қоры бар.

1971 жылы КСРО Министрлер Қеңесі Шымтезек

кен орындарын игеруді жақсарту және оны халық
шаруашылығында тиімді пайдалану жөнінде арнаулы қаулы қабылдады онда
шымтезек өндірісін жақсарту және шымтезекті халық шаруашылығы салаларында
тиімді пайдалану шаралары белгіленді. Осыған орай 1970 жылы бұрынғы одақта
58 млн. т-ға жуық шымтезек өндірілсе, соңғы он бес жыл ішінде оны өндіру
35—40%-ке артып отыр.

Шымтезек өндіру және оны энергетикалық отын ретінде пайдаланудың
бірнеше жолдары бар. Солардың бірі—өндірісте қолданылып отырған ұнтақталған
(фрезер) шымтезеқ. Бүл технологиялық әдіс бойынша,. шымтезек кендерінің
беті алдын ала құрғатылады, одан кейін оның екі сантиметрге жуық қабаты
фрезер машинасымен орылып, ұнтақталады. Осы үнтақталған шымтезектен брикет
жасалып, өндіріс орындарына отын үшін пайдалануға жіберіледі. Мүндай
брикеттелген шымтезекпен жүмыс істейтін жылу станцияларының,қуаты өте
жоғары.
Соңғы жылдары Беларуссияда шымтезек брикеттерін шығару көлемі екі есе
артты, себебі оны халық шаруашылығында пайдалану өте тиімді. Тығыздалған
шымтезек құрамында су мөлшері өте аз, небәрі 10—15%-тен аспайды және оның
қызуы 4000 кал-ға жетеді. Бұл дымқылдьіғы 50% шымтезек жанғаңда бөлінетін
жылудан екі есе артык. Сонымен қатар брикеттелген шымтезекті тасымалдау да
едәуір арзанға түседі.

Қ а з а қ с т а н д а шымтезек Қостанай, Көкшетау және Солтүстік
Қазақстан облыстарының, жазық далаларында көп кездеседі. Қостанай өңірінде
кездесетін шымтезек сапасы жоғары, жанғанда 3500—4200 кал-ға дейін жылу
бөледі. Осы аймақтың ең ірі шымтезек кендері Тобыл мен Тоғызақ өзендерінің
алқаптарындағы Қай-ыңдыкөл, Шәкірай, Өтегенкөл, Шайтомар, Аюкөл, Ащы-өзек
атты жерлерде және Меңдіқара ауданының көлтомарларында орналасқан. Іле
Алатауының жазықтарынан да, Ақтөбе облысынан да шымтезектің қорлары табылып
отыр.
Өкінішке орай, Қазақстанда шымтезек кендерін халық шаруашылығы салаларында,
әсіресе, жергілікті жерлерде жылу мен электр энергияларын өндіруге
пайдалану мәселелері орынды шешілмей отыр. Табиғаттың ең арзан
энергетикалық қоры — шымтезекті халық шаруашылығында тиімді пайдалану
мәселелері дұрыс шешілуі қажет.

АҒАШ ОТЫН

Адамзат мыңдаған жылдар бұрын ең алдымен жылу көзі ретінде ағаш отынды
пайдаланған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, дүние жүзінің
көптеген елдерінде оның отын балансындағы ролі кеми бастады. Оның себебі,
біріншіден,, жер бетіндегі орман алқаптарының көлемі кеміп, ағаш қоры азая
бастауы болса, екіншіден, жаңадан табылған минералды қазба отьн түрлерінің
(көмір, мұнай, газ) жылулық қасиеттерінін, ағаш отьнға қарағанда екі-үш есе
жоғары болуынан еді

Ағаш .отынның құрамында 50% көміртек, 6% сутек және 44% оттек бар, ал
оның әбден кепкен бір килограмы жанғанда бөлінетін жылу мөлшері 4500 ккал-
ға , дейін жетеді. Ол неғұрлым құрғақ болса, солғұрлым жақсы жылу
береді. Мысалы, дымқылдығы 50% ағаштың әрбір килограмы небәрі 2000 ккал
ғана жылу береді. Жаңадан кесілген ағаштардың құрамында 60%-тей су, ал
оларды екі жыл бойы кептіргеннің өзінде, оның. бойындағы су мөлшері 15%-
тен кем болмайды.
Ғылыми деректерге қарағанда, соңғы 250 жыл ішінде планетамыздың орман
алқаптарының көлемі екі есеге жуық азайған. Ормандар тек энергетикалық отын
ретінде ғана емес, құрылыс материалдарын, азық-түлік, спирт түрлерін, қағаз
және т. б. өнімдер өндіру үшін де кең пайдаланылатынын ескеру қажет.
Тәуелсіз Мемлекеттерде аса мол, шамамен 700 млн. гектардан артық орман
алқабы бар, бірақ орман қоры энергетикалық отын үшін өте аз (шамамен 0,2%)
пайдаланылады.

Қазақстанның орман алқабының көлемі 22 млн. гектарға жуық. Бұл өте аз,
жан басына шаққанда бір гектардан сәл ғана асады. Біздің республикамызда
энергетикалық мақсатқа ағаш кесілмейді, керісінше, орман шаруашылығында жыл
сайын жүз мың гектардан астам жерге көшеттер отырғызылады.
Орман алқабын энергетикалық отын ретінде пайдалану табиғи ортаға үлкен
зиянды әсер ететінін ескерген жөн. Ғылыми деректерге қарағанда отырғызылған
көк шыбық 100—150 жылда ғана биік бәйтерек бөлып өседі екен. Бұл аз уақыт
емес. Сондықтан кек алқапты сақтаған дұрыс.

МҰНАЙ

Ертеде жер бетінің әр жерінде іркіліп немесе ағып жататын тас майы
мен жер қаймағын адамдар жараны емдеуге, қайық майлауға және т. б. өмір
тіршілігінде пайдаланған. Оның жанатын қасиетін білгеннен кейін жарық, жылу
көзі есебінде қолданған. Кейінірек гректің ұлы оқымыстысы Гиппократ
мұнайдан бірнеше дәрі жасаған. Өздерінің атақты бальзамдарын жасағанда
египеттіктер мұнайды кеңінен пайдаланған.
XVIII ғасырдың ортасына дейін көптеген елдерде мұнайдың ең басты
қасиеті — оның энергетикалық ролі ашылмай, оны өндірудің өндірістік
тәсілі игерілмеді. 1840 жылы Баку мұнайы Петербург Академиясында
тексеріліп, ол арба доңғалақтарын майлаудан басқа ештеңеге де жарамсыз
деген шешім де болған екен.
Мучай — өте күрделі жай қоспа, негізгі құрам бөлігі әр түрлі көмірсутектер
(90%-ке жуығы). Олардан басқа аз-аздап оттекті, күкіртті және азотты
қосылыстар болады. Көмірсутек жанғанда аса көп мөлшерде жылу бөлінуіне
байланысты. Мұнай жанғанда сапалы көмір жанған кезде бөлінетін жылудан бір
жарым есе көп жылу бөлінеді. Оның құрамында су және минералды қосылыстар
мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай заттың болса
да жылулық қасиетін төмендетеді.

Дүние жүзінде энергетқалық отын қорларын өндіру жыл сайын 5%-ке, оның
ішінде мұнай өндіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өңдіру кәсіпорнындағы өндірістің қаржылық ресурстары
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Аджип ҚКО компаниясы
Отын энергетика кешеннің балансы
Дүние жүзіндегі мұнай қоры
Оқушылардың жобаны орындауы
Отын энергетика кешені және оның негізгі салалары
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу туралы ақпарат
Мұнай газ өндіру компанияларының нарықтық жағдайы
Пәндер