ҚР сыртқы сауда жүйесі



1. Кіріспе

2. Негізгі Бөлім

ҚР сыртқы сауда жүйесінің экономикалық мәні, құрылымы.
Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың дамуы
Қазақстан Республикасында сыртқы сауда саясаты.
Қазақстан Республикасында сыртқы сауда ұйымына кіруі.

3. Қорытынды
Сыртқы сауда статистикасында есепке алынатын негізгі көрсеткіштер сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансының айырымы болып табылады. Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының сомасы. Тауарлар экспорты – отандық өндіріс тауарлары мен шетелде шығарылған реэкспорттық тауарларды коммерциялық негізде елден сыртқа шығару. Тауарлар импорты – ел ішінде пайдалану үшін және реэкспорт үшін арналған шетелде шыққан тауарларды коммерциялық негізде шетелден әкелу. Сыртқы сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) – елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда балансы, егер экспорт құны импорт құнынан асып кетсе активті, ал керісінше арақатынаста болса пассивті болып саналады. Ұйымдастырылмаған сауданы қоспағандағы мәліметтер жүктік кеден мәлімдемесін өңдеу негізінде алынған. Заңды тұлғалар үшін ресми мәлімдеуге кез келген заңды тұлғаға тиесілі, не олардың қарауындағы мемлекеттің немесе басқаның иелігіне, тұрған жеріне, кедендік жеңілдіктеріне байланыссыз республиканың кеден шекарасы арқылы өткен барлық тауарлар жатады. Тауар дегеніміз – елдің материалдық ресурстарын сырттан әкелгенде ұлғайтатын және сыртқа шығарғанда азайтатын барлық жылжымалы мүлік (электр энергиясын, газды, мұнайды қоса). Жеке тұлғалар үшін жүктік кеден мәлімдемесі өндірістік тұтынуға арналған тауарларға толтырылады. Сөйтіп, кеден статистикасына ұйымдастырылмаған сауда шеңберінде тасымалданған тауарлар кірмейді. Ұйымдастырылмаған сауданы қоса алғандағы мәліметтер де жүктік кеден мәлімдемесінен алынған ақпараттарға негізделген, алайда одан басқа сыртқы сауда айналымы көлеміне есепке алынбаған экспорт пен импорттың «қайықтық» сауда бойынша есептеулері қосымша енгізілген. Бұл есептеудің мәліметтері нақты тауарлар мен елдерге бөлмей жалпы экспорт және импорт көлеміне есептеледі.
1. Н.Ә. Назарбаев «50 Бәсекеге қабілетті елдер құрамына ену» - бағдарламасы. Алматы 2007ж
2. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет
3. Ашимбаев Т.А. Путь к рынку

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі Бөлім

ҚР сыртқы сауда жүйесінің экономикалық мәні, құрылымы.
Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың дамуы
Қазақстан Республикасында сыртқы сауда саясаты.
Қазақстан Республикасында сыртқы сауда ұйымына кіруі.

3. Қорытынды

ҚР сыртқы сауда жүйесінің экономикалық мәні, құрылымы.
Сыртқы сауда статистикасында есепке алынатын негізгі көрсеткіштер
сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансының айырымы
болып табылады. Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезеңдегі
экспорты мен импорты құндарының сомасы. Тауарлар экспорты – отандық өндіріс
тауарлары мен шетелде шығарылған реэкспорттық тауарларды коммерциялық
негізде елден сыртқа шығару. Тауарлар импорты – ел ішінде пайдалану үшін
және реэкспорт үшін арналған шетелде шыққан тауарларды коммерциялық негізде
шетелден әкелу. Сыртқы сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) – елдің белгілі
бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда
балансы, егер экспорт құны импорт құнынан асып кетсе активті, ал керісінше
арақатынаста болса пассивті болып саналады. Ұйымдастырылмаған сауданы
қоспағандағы мәліметтер жүктік кеден мәлімдемесін өңдеу негізінде алынған.
Заңды тұлғалар үшін ресми мәлімдеуге кез келген заңды тұлғаға тиесілі, не
олардың қарауындағы мемлекеттің немесе басқаның иелігіне, тұрған жеріне,
кедендік жеңілдіктеріне байланыссыз республиканың кеден шекарасы арқылы
өткен барлық тауарлар жатады. Тауар дегеніміз – елдің материалдық
ресурстарын сырттан әкелгенде ұлғайтатын және сыртқа шығарғанда азайтатын
барлық жылжымалы мүлік (электр энергиясын, газды, мұнайды қоса). Жеке
тұлғалар үшін жүктік кеден мәлімдемесі өндірістік тұтынуға арналған
тауарларға толтырылады. Сөйтіп, кеден статистикасына ұйымдастырылмаған
сауда шеңберінде тасымалданған тауарлар кірмейді. Ұйымдастырылмаған сауданы
қоса алғандағы мәліметтер де жүктік кеден мәлімдемесінен алынған
ақпараттарға негізделген, алайда одан басқа сыртқы сауда айналымы көлеміне
есепке алынбаған экспорт пен импорттың қайықтық сауда бойынша есептеулері
қосымша енгізілген. Бұл есептеудің мәліметтері нақты тауарлар мен елдерге
бөлмей жалпы экспорт және импорт көлеміне есептеледі.Ұйымдастырылмаған
сауда көлемін анықтау әдістемесі, негізінде, кеден органдарында ресми түрде
есепке алынбаған, жасалған сыртқы сауда операцияларын бағалауға
негізделген. Кеден статистикасы елдің мемлекеттік аумағына келіп түсетін
және одан сыртқа шығатын барлық тауарлар есептелетін сыртқы сауда есебінің
жалпы жүйесі негізінде тауарларды сырттан әкелу мен сыртқа шығарудың
есебін жүргізеді. Мұндағы елдің статистикалық аумағының шекарасы –
мемлекеттік шекара. Экспорт көлеміне мыналар кіреді: ұлттық тауарлар
экспорты, өңделгеннен кейінгі тауарлар экспорты, импортталған тауарлар
реэкспорты,еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардан экспорт, баж салығы
салынбайтын сауда дүкендерінен тауар экспорты, сондай-ақ бір немесе одан
көп жылға жал үшін әкетілген тауарлар. Импорттың негізгі құрамды бөліктері
мыналар болып табылады: ел ішінде пайдалануға арналған тауарлар импорты,
өңдеу үшін пайдаланылған тауарлар импорты, реимпортталған тауарлар, еркін
кеден аймақтары мен еркін қоймалардағы тауарлар импорты, баж салығы
салынбайтын сауда аймағына бағытталған тауарлар импорты, бір немесе одан
көп жылға жал үшін әкелінген тауарлар.
Кеден статистикасы мынадай операцияларды есепке алмайды:
• монетарлық алтынмен, бағалы қағаздармен, айналымдағы банкноттармен
және монеталармен;
• ел аумағы арқылы шетелдік тауарлар транзиті;
• тауарларды елге әкелмей-ақ реэкспорттау;
• уақытша әкелінген және әкетілген тауарлармен (көбінесе, өткізілмеген
бөлігі консигнацияға, көрмеге, жәрмеңкеге арналған тауарлар);
• шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және елшілік өкілдіктерінің
қызметке пайдалануға арналған тауарларымен; мемлекеттік органдарға,
мемлекет басшыларына, үкімет мүшелеріне сый тартулар;
• мемлекеттен тыс орналасқан отандық әскери бөлімдердің жауынгерлік
әзірлік немесе күнделікті қызметіне арналған тауарлар;
• коммерциялық мәні жоқ тауарлармен.
Сыртқы сауда ағынының географиялық бөлінуі мына схема бойынша
жүргізіледі:
• тауарлар экспорты-тауар бағытталған (тұтынатын) ел бойынша;
• тауарлар импорты-тауар шығарылатын ел бойынша;
Құндық көріністер АҚШ долларымен көрсетіледі, шетел валюталарын долларға
қайта есептеу кеден мәлімдемесін толтыруға қабылдаған күні Республиканың
Ұлттық банкі белгілеген ресми бағамы бойынша жүргізіледі.[9;1,3]
Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың дамуы
Қазақстанның жеткілікті экспорт-импоттық мүмкіншілігі бар. Республика
жерінде бұрынғы КСРО хром кені қорының 98 %, вольфрамның – 53%, қорғасынның
– 47% , мырыштың – 40 %, фосфориттің -65%-тейі, мыстың – 30% және т.б.
қорлар шоғырланған. АӨК-де әсіресе астық және мал шаруашылық өнімдері
бойынша едәуір айтарлықтай экспорттық мүмкіншілігі бар. Қазақстанның жер
қойнауында әлемде зерттелген пайдалы қазыналардың 1\15 бөлігі орналасқан.
Ремпублика вольфрам қоры бойынша әлемде бірінші орында, хромит және
фосфорит қорлары – екінші, марганец рудасы – үшінші, қорғасын және молибден
қорлары бойынша – төртінші орын алады. Темір рудасы қорынан да әлемдік
маңызы бар.
1995 ж. Республиканың барлық сауда айналымның көлемі 10,7 млрд. АҚШ
долларына тең болды, оның 5,15 млрд. Доллары экспорт курсы, ал 5,6 млрд.
Доллары импортты құрады. 1996 ж. Бірінші тоқсанында мырқы сауда айналымын
жалпы көлемі 2365,5 млн. АҚШ долларына тең болды, оның 1652,2 млн. Экспорт
құрастырса, ал 984,3 млн. Импот құрастырды.
1996 ж. бірінші тоқсанында экспорт көлемінің импорттан асуы
нәтижесінде республикада 667,9 млн. АК,Ш доллары сомасына тең көрнекті
активті сыртқы сауда сальдосы қалыптасты. Бірақ та, өтпелі кезең кезінде
еліміздің ішкі нарығының тапшылығы салдарынан импортты ықшамдау жөн болар
ма екен? Біздің пікіріміз бойынша бұл келесі себептер арқылы болған:
- сырткы борышты төлеуге байланысты туған проблемалар бойынша сырттан
түсетін қарыздардың қысқаруы;
- импортты ойсырату шараларының жеткіліксіз тиімділігі;
Қазақстан Республикасының жалпы товар айналым көлемінің 64% ТМД
елдерімен сауда жүргізуге келеді, олардың ішінде негізгі серіктестер Ресей,
Түркменстан, Өзбскстан. Европалық елдердің сыртқы саудадағы үлесі 22% тең,
негізгі серіктестеріміз Германия, Нидерландия, Швей-цария, Англия. Азия
регионының сыртқы саудадағы сыбағалы үлесі товар айналымының 13% тең, ең
тығыз қарым-қатынас жасайтын елдер Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия.
Қазақстан экспортының құрылымында басым өнімдер металлургия өнімі -
36%, минералды өнімдері - 32%, дәм-тағам және оларды өндіруге кажет
шикізаттар - 12%, химия өнімдері - 11%.
Импорттық құрылымында басым түсетін отын-энергетккалық қорлар және
минералды шикізаттар - 38%, машина, құрал - жабдықтар және транспорт
жабдықтары -23%.
Экспорттың жалпы көлемінде еркін айырбасталымды валюта бойынша шстке
шығарылатын өнімнің 58% сатылады, 30% тұйық валюта бойынша, ал 7% товарлар
айырбастау жолымен жүргізіледі.
Сыртқы экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Кедендік-тарифтік саясат
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Пәндер