Пайғамбарымыздың жұбайлары



КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰБАЙЛАРЫ
Хадиша бинт Хуайлид (Аллаһ одан разы болсын)
Сауда бинт Замға (Аллаһ одан разы болсын)
Айша бинт әбу Бәкір әс.Сыддиқ (Аллаһ одан разы болсын)
Хафса бинт Омар (Аллаһ одан разы болсын)
Зейнаб ибн Хузейма (Аллаһ одан разы болсын)
Умму Сәләмә (Аллаһ одан разы болсын)
Зәйнаб бинт Жахш (Аллаһ одан разы болсын)
Рамлә бинт әбу Суфиян Умму Хабиба (Аллаһ одан разы болсын)
Жуайрия бинт Харис (Аллаһ одан разы болсын)
Сафия бинт Хуяй ибн Ахтаб (Аллаһ одан разы болсын)
Маймуна бинт Харис (Аллаһ одан разы болсын)
ІІ ТАРАУ. ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (С.А.У.) КӨП ӘЙЕЛМЕН ҮЙЛЕНУДЕГІ АСЫЛ ХИКМЕТТЕР МЕН СЕБЕПТЕР
ІІІ ТАРАУ. ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҰЛ.ҚЫЗДАРЫ
Қасым
Зәйнаб (Аллаһ одан разы болсын)
Рұқаййа (Аллаһ одан разы болсын)
Рұқаййа (Аллаһ одан разы болсын)
Фатима (Аллаһ одан разы болсын)
Абдуллаһ
Ибраһим
Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Аллаһтың салауаты мен сәлемі пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысы, ақырзаман пайғамбары Абдуллаһұлы Мұхаммедке, оның әулетіне, сахабаларына және қияметке дейін оның сүннетін ұстанып, ол көрсеткен жолмен жүрген мүмін-мұсылмандарға болсын!
Аллаһты Раббы, Мұхаммедті, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын, пайғамбар деп иман келтірген әрбір мұсылман, Аллаһтан кейін ең алдымен өз пайғамбарын барлық әкесінен, балаларынан және барлық адамдардан жақсы көруге міндетті. Онсыз иманы кәміл болмайды. Иманды кәміл етудің жетпістен астам жолы бар. Соның бірі – Пайғамбар әулетін, оның отбасы мүшелерін жақсы көру, оларды әрдайым ардақтап, қадірін білу. Пайғамбарымыздың ең соңғы өсиеттерінің бірі —өз әулеттеріне деген махаббат сезімі еді.
Соңғы кездерді алатын болсақ, дінге жалпы қызығушылықтың көбейгенімен, дін тағылымдарынан тым ұзақ, жүрегіне иман әлі де ұяламаған, тура жолдан адасқан жандар ардақты пайғамбарымызға, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын, тілдері мен қаламдарын сермеп, дініміз Исламның беделіне нұқсан келтіруде. Алайда Аллаһ Тағала Кұран-кәрімде былай дап айтады:
«لقد كان لكم فى رسول الله أسوة حسنة لمن كان يرجوا الله وا ليوم الأخر و ذكر الله كثيرا»
«Расында сендер үшін, Аллаһты да ахирет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін; Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» [18, Ахзаб сүресі-21].
Пайғамбарымыздың әулетің білу – оған деген махаббатымызды арттырып, нәтижесінде, оған деген иманымызды күшейтеді. Аллаһ елшісінің жұбайлары — мүміндердің аналары. Олардың Аллаһ дініне жасаған қызметтері орасан зор. Пайғамбарымыз бізге қандай көркем өнеге болса, оның жұбайлары да бізге (әсіресе әйелдерімізге) көркем өнеге болуға әбден лайық. Олар, керек десеңіз, адамзат тарихындағы біртуар тұлғалар. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед барлық пайғамбарлардың абзалы болса, оның әулеті барлық әулеттердің абзалы. Демек, оның сахабалары жалпы пайғамбарларға ілескендердің абзалы, ал оның үмметі – жер бетінде өмір сүргендердің абзалы.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Аллаһтың салауаты мен
сәлемі пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысы, ақырзаман пайғамбары
Абдуллаһұлы Мұхаммедке, оның әулетіне, сахабаларына және қияметке дейін
оның сүннетін ұстанып, ол көрсеткен жолмен жүрген мүмін-мұсылмандарға
болсын!
Аллаһты Раббы, Мұхаммедті, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын,
пайғамбар деп иман келтірген әрбір мұсылман, Аллаһтан кейін ең алдымен өз
пайғамбарын барлық әкесінен, балаларынан және барлық адамдардан жақсы
көруге міндетті. Онсыз иманы кәміл болмайды. Иманды кәміл етудің жетпістен
астам жолы бар. Соның бірі – Пайғамбар әулетін, оның отбасы мүшелерін жақсы
көру, оларды әрдайым ардақтап, қадірін білу. Пайғамбарымыздың ең соңғы
өсиеттерінің бірі —өз әулеттеріне деген махаббат сезімі еді.
Соңғы кездерді алатын болсақ, дінге жалпы қызығушылықтың көбейгенімен,
дін тағылымдарынан тым ұзақ, жүрегіне иман әлі де ұяламаған, тура жолдан
адасқан жандар ардақты пайғамбарымызға, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты
болсын, тілдері мен қаламдарын сермеп, дініміз Исламның беделіне нұқсан
келтіруде. Алайда Аллаһ Тағала Кұран-кәрімде былай дап айтады:
لقد كان لكم فى رسول الله أسوة حسنة لمن كان يرجوا الله وا ليوم الأخر و
ذكر الله كثيرا
Расында сендер үшін, Аллаһты да ахирет күнін де үміт еткендер және
Аллаһты көп еске алған кісілер үшін; Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер
бар [18, Ахзаб сүресі-21].
Пайғамбарымыздың әулетің білу – оған деген махаббатымызды арттырып,
нәтижесінде, оған деген иманымызды күшейтеді. Аллаһ елшісінің жұбайлары —
мүміндердің аналары. Олардың Аллаһ дініне жасаған қызметтері орасан зор.
Пайғамбарымыз бізге қандай көркем өнеге болса, оның жұбайлары да бізге
(әсіресе әйелдерімізге) көркем өнеге болуға әбден лайық. Олар, керек
десеңіз, адамзат тарихындағы біртуар тұлғалар. Өйткені, пайғамбарымыз
Мұхаммед барлық пайғамбарлардың абзалы болса, оның әулеті барлық
әулеттердің абзалы. Демек, оның сахабалары жалпы пайғамбарларға
ілескендердің абзалы, ал оның үмметі – жер бетінде өмір сүргендердің
абзалы.
Зерттеудің өзектілігі. Жоғарыда айтылғандай, дінге енді бет бұрып келе
жатқан еліміз діни тағылымдарға мұқтаж. Жетпіс жыл жалғасқан атеистік
көзқарастардың әсері әлі де сезіледі. Дін дұшпандары ислам шариғаты және
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен кемшіліктер табуға тырысады. Олар
Пайғамбарымыздың оннан аса әйелді некесіне алғанын әйелқұмарлық, шәһуатын
ұстай алмағандық немесе пайғамбарлықты пайдаланып, өзінің жеке бас деп
сезімдерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Кеңестік дәуірде шыққан атеистік
еңбектерді қарасаңыз, осындай ойларды байқайсыз. Осындай пікірлерге
тойтарыс жауаптарды ғылыми да тарихи тұрғыда бере білу – салауатты
мұсылмандардың борышы. Пайғамбарымыздың отбасылық өмірін, отбасына
байланысты айтқан өсиеттерін зерттейтін болсақ, мұсылман отбасы, ондағы
қарым-қатынастардың шынайы мәнін түсініп, күнделікті тіршілікте іске асыра
алатын боламыз. Аллаһ тағала айтпақшы: Сендерге Аллаһтың елшісінде көркем
өнегелер бар [18, Ахзаб,21].

Зерттеудің нысаны Пайғамбарымыздың отбасылық өмірі, оның жұбайлары мен
ұл-қыздары және Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) әулетінің мүшелері арасындағы қарым-
қатынастар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Пайғамбар әулетінің дәрежесін білу,
сол әулетте болған жағдайлардан тиісті қорытындылар шығарып, оны іс жүзінде
қолдану.
Зерттеудің жаңалығы. Пайғамбарымыздың өмірбаяны, Оның (с.ғ.с.) отбасы
мүшелері туралы жазылған еңбектер аз емес. Алайда бұл жұмыс аталған
тақырыптардың моральдық және тәрбиелік мәніне тоқталып, ізденушілерге сол
тақырыптардың жаңа қыр-сырың ашады.
Зерттеудің дерек көздері. Қолыңыздағы жұмыстың дерек көздеріне Құран
кәрім тәпсірлері, Пайғамбарымыздың хадистер жинақтары, оның өмірбаяны
(сира) және Ислам тарихы туралы жазылған еңбектер мен зерттеулер жатады.
Зерттеудің практикалық мәні. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі үш
тараудан тұрады. Бірінші тарауда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайлары жайлы
айтылса, екінші тарауда Пайғамбарымыздың көп әйел алғанының себептеріне
тоқталамыз. Үшінші тарауда сөз Аллаһ елшісінің ұлдары мен қыздары туралы
қозғалады. Жұмысты діни уағыздарда және сира, Ислам тарихы, Ислам тәрбиесі
және Ислам мінез-құлықтары пәндерінде қосымша материал ретінде пайдалануға
болады.
Кіріспе соңында Египет және Қазақстан президенттерінің келісімімен
ашылған, еліміздегі жоғарғы діни білім берудің бірегей ордасы Нұр-Мүбарак
Мысыр ислам мәдениеті университетіне рахметімді айтамын. Және ондағы
алыстағы Мысыр елінен келіп, қазақ жастарына тәлім берген ардақты
ұстаздарыма айрықша алғысымды білдіргім келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):
Адамдарға алғыс айтпаған адам — Аллаһқа да шүкір еткен болмайды деген
хадисіне амал ете отырып, осы жұмысымды жазуға көмектесіп, құнды кеңестерін
беріп, пікір айтқан барлық ұстаздарыма, достарыма және курстастарыма алғыс
білдіремін. Аллаһ тағала барлығымыздан разы болсын!

І ТАРАУ. Пайғамбарымыздың жұбайлары

Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын алпыс үш
жылдық өмірінде некелеп алған әйелдерінің саны он бір еді:
1.1 Хадижа бинт Хуайлид;
1.2 Сауда бинт Замға;
1.3 Айша бинт әбу Бәкір ас-Сыддық;
1.4 Хафса бинт Омар әл-Фаруқ;
1.5 Зәйнаб бинт Хузейма;
1.6 Умму Сәләма;
1.7 Зәйнаб бинт Жахш;
1.8 Рамла бинт әбу Суфиян, Умму Хабиба;
1.9 Жуайрия бинт әл-Харис;
1.10 Сафийя бинт Хуяй ибн Ахтаб;
1.11 Маймуна бинт әл-Харис.
Аллаһ олардың барлығынан да разы болсын.
Бұлардан Сафийя еврей ұлтынан болса, қалғандары араб еді. Ұлты араб
әйелдерінің алтауы меккелік Құрайыш руынан болған.

Хадиша бинт Хуайлид (Аллаһ одан разы болсын)

Аллаһ елшісінің некелескен алғашқы жұбайы Хадижа еді. Хадижа анамыз
Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) тұрмыс
құрғанда жасы 40 еді. Олар жиырма бес жыл бірге өмір сүрді. Жиырма бес жыл
жалғасқан бұл бақытты отбасы өмірінің он бес жылы Мұхаммедке (оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын) пайғамбарлық міндеттері жүктелмей тұрып өткен
еді. Он жылдық бөлігі болса, пайғамбарлықтың алғашқы басқышы болатын.
Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын)
бірінші болып иман келтірген, артынан бірінші болып намаз оқыған адам
Хадиша анамыз болды. Ол кісі Ислам тарихында, керек десеңіз, адамзат
тарихындағы ең ұлы әйелдердің бірі, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын) алты перзентінің анасы еді. Мединеге һижра
жасамастан үш жыл бұрын, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын) елу жаста болғанда Хадиша (Аллаһ одан разы болсын) дүние салды[1].

Сауда бинт Замға (Аллаһ одан разы болсын)

Ибн Исхақтың айтуынша, пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын, Хадиша анамыздан кейін алған алғашқы әйел Сауда болды.
Хадижаның өлімінен бір неше жыл кейін, Таиф қаласынан қатты қиналып қайтқан
еді. Сауда анамызға үйленуі дәл осы бір кезге тура келді. Сауда ілгеріде
күйеуі Сакранмен бірге Хабашыстанға[2] екінші керуен арқасында һижра
жасаған еді. Күйеуі сол жерде қайтыс болғанда, ол Меккеге өзі жалғыз
қайтады. Сол кезде жасы бірталайға келіп қалған Сауда анамыз туған жері
Меккеге келгеннің өзін көп қиналған еді. Күйеуі Сакран мұсылманшылық
жолында үйін, отаның және өмірін пида қылған жан болатын-ды. Ол уақытта
мұсылман жамағаты тым аз еді. Мемлекеттің әдеті бойынша, асыраушысыз қалған
бұл әйелді өз қарамағына алатын ешкім табылмады. Расулуллаһ, оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын, тұрмыс жағынан өте ауыр түсетінін ескеріп,
Саудаға үйленеді[3]. Сауда анамыз, Аллаһ одан разы болсын,
пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, кейін Омардың
халифалық дәуірінде дүние салады. Сауда пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын, бес хадис жеткізген. Оның бірін Имам әл-Бұхари
риуаят қылған.

Айша бинт әбу Бәкір әс-Сыддиқ (Аллаһ одан разы болсын)

Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, бірінші
жұбайы Хадижа, Аллаһ одан разы болсын, һижрадан бұрын Меккеде қайтыс болып,
пайғамбарымыз жалғыз қалған еді. Саудаға үйленбестен бұрын Әбу Бәкірдің
жетіге толмаған қызы Айшамен некелесті. Кейін, Мадинаға көшіп барған соң
онымен бірге тұрмыс құрды.
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте ол: Пайғамбардан
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын айттырғанда мен алты жасар едім. Сосын
біз Мәдинаға келіп, әл-харис ибн хазраж әулеті (үйлерінің біріне) түстік.
Сол кезде мен науқастанып, шаштарым түсіп қалды, сосын (қайтадан) қалың боп
өсті. (Бір күні) мен құрбы қыздарыммен әткеншекте (ойнап жатқанымда) анам
Умму Руман келіп, дауыстап шақырды. Мен оған келдім, (бірақ) менен не
қалайтынын білген жоқпын. Ол мені қолымнан жетектеп есік алдына әкелді. Мен
ентігіп қалған едім, тынысым қалпына түскен соң біраз су алды да онымен
бетімді және басымды сүртті. Содан кейін мені үйге кіргізді. Қарасам үйде
ансарлардың әйелдері отыр екен, олар: Қайыр-береке және сәттілік
(тілейміз),—десті. Сөйтіп анам мені оларға тапсырды, ал олар мені үйлену
тойына әзірледі. Сәске әлетінде Аллаһ елшісіоған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын келді де, (анам) мені оған тапсырды, мен ол кезде тоғыз жаста
едім,—деген[4].
Айша анамыз, Аллаһ одан разы болсын, тұрмысқа тым жас еді.
Пайғамбарымызбен, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, араларында
жас айырмашылығы едәуір көп болатын. Алайда осындай жас аралықпен тұрмыс
құру ол кездегі қоғамның әдеттеріне қайшы келмеген. Әбу Бәкір, Аллаһ одан
разы болсын, алғашқы кезінен бері пайғамбарымызға оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын ең көп берілген жандардың бірі болып есептелетін.
Араларында рухани байланыстары бар пайғамбармен оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын туыстық қарым-қатынастардың да болғанын қалайтын. Осыны көп
үміттенетін. Пайғамбарымыз да, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын,
осы ойда еді. Бұл неке екі жақтың да өзара қалауларының нәтижесі болды.
Айша анамыз, Аллаһ одан разы болсын, Аллаһ елшісімен, оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын, он жыл тұрмыс құрды. Өзінің ерекше ақылы,
даналығы және парасаттылығымен танылған Айша анамыз бүкіл өмірін бар
білімін адамдарға үйретумен өткізіп, бізге пайғамбарымыздың отбасылық
өмірге байланысты көптеген сүннеттерін жеткізді. Сахих хадистері
жинақтарында одан риуаят етілген хадистердің саны 2210-ға жетеді[5]. Бұл
Әбу Һурайра мен Абдуллаһ ибн Омардан кейінгі көрсеткіш.
Сонымен қатар Айша өте шешен тілді кісі болған. Халифа болып
сайланғаннан кейін онымен тілдесіп шыққан Муғауия, Аллаһ одан разы болсын:
Уаллаһи, Аллаһ елшісін, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
есептемегенде, мұнан өткен шешен тілді ешкімді көрген емеспін деген.
Ахнаф ибн Қайс (Аллаһ оған разы болсын): Мен Әбу Бәкірдің, Омардың,
Усман мен Әлидің және олардан кейінгі осы күніме дейінгі халифалардың
құтпаларын тыңдағанмын, бірақ, Айшадай шешен тілді, көркем сөзді ешбір
жанды кездестірген емеспін,—деген.
Айша Муғауияның кезінде һижра жыл санауымен 58 жылы рамазан айының 17
жұлдызына қараған түні алпыс алты жасында дүние салады[6]. Оның жаназасын
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) шығарды. Намазға осы түнге дейін
пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын қаласы куә
болмаған қарақұрым халық қатысты. Олар жаназа намазын зәйтүн майына салып
малынған, жүннен жасалған шамның жарығымен оқыды. Оның денесі басқа
мүміндердің аналарымен қатар Бақи зиратына қойылды. Аллаһ оған разы
болсын![7]

Хафса бинт Омар (Аллаһ одан разы болсын)

Аллаһ елшісінің, жұбайларының және бірі Омар ибн әл-Хаттабтың қызы
Хафса еді. Пайғамбарымыздың бүтін әрекеттері даналыққа қалай толы болса,
оның үйленгендері де дәл сондай маңызды даналықтар мен себептерге толы еді.

Хафса анамыз алдында сахабалардың бірі Ханис есімді бір кісімен тұрмыс
құрған еді. Онымен бірге Мединаға һижра жасаған. Алайда, Ханис Бәдір
соғысында дін жолында шәһид болып, Хафса жесір қалады. Омар, Аллаһ одан
разы болсын, өз қызын қайта тұрмысқа шығармақшы болады. Ол алдымен қызына
лайық күйеу болады деген ниетпен Усманға, Аллаһ одан разы болсын, барады.
Ол уақытта Усманның әйелі – Пайғамбарымыздың, , қызы Рұқаййя қайтыс болған
еді. Бірақ, Омардың бұл өтінішіне Усман ешбір нақты жауап бере алмаған.
Алайда, ойланып көретінің уәде қылды. Одан соң Омар Әбу Бәкірге, Аллаһ
олардан разы болсын, барады. Әбу Бәкір де осы өтінішке еш нәрсе дей алмады.
Қызына лайық ер таба алмай, осындай жағдайға тап болған Омар қиналып
қалады. Оны байқаған пайғамбарымыз,Омардың осындай күй кешкенін қаламайтын
еді. Өйткені Омар, Әбу Бәкір сияқты өзіндегі барын пайғамбарымызға ұсынуға
дайын болған, ең жақын достарының бірі еді. Ол Омарды Әбу Бәкірге ұқсап
туыстық қатынастарымен өзіне қаратып, қуандыруды ойлады. Осы себептен
Хафсаны некесіне алды. Хафса пайғамбарымызға тұрмысқа шыққанда жасы отыз
бесте еді.
Осы мүбарак некеден кейін Әбу Бәкір Омармен жолыққанда, Омар оның
үндемегенінің қатты әсерленгенің білдірді. Әбу Бәкір осында Расулуллаһтың
Хафса туралы сұрастырғандығынан хабардар болғанын, алайда Пайғамбардың осы
сырын ашыды қаламағанын, сондықтан үндемегенінің себебін түсіндіріп,
Пайғамбар, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, алмағанда сонда оған
сөз салмақшы болғанын білдірді.
Хафса өмірінің сонына дейін Мадинада тұрды. Умәуилер мемлекетінің
негізін қалаушы Муғауия ибн Әбу Суфиян заманына дейін өмір сүріп, һижра жыл
санауымен 45-жылы дүниеден қайтты. Ол мүміндердің аналары жатқан Бақиъ
мазараында жерленген[8].

Зейнаб ибн Хузейма (Аллаһ одан разы болсын)

Ол Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үйінде бар
жоғы 8 ай тұрып, жарық дүниемен қош айтысқан. Зәйнәп Бәдір соғысында жекпе-
жекте шәһид болған Убайда ибн Харис әл-Мутталибидың (Аллаһ оған разы
болсын) жесірі. Зәйнәп күйеуі шәһид болған кезде жаралыларға көмек
көрсетіп, жарақаттарын таңумен шұғылданып жүрген-ді. Күйеуінің қазасы оны
өз міндетін орындаудан тоқтатқан жоқ. Мүшріктермен болған алғашқы соғыста
Аллаһ Тағала мұсылмандарға жеңіс бергенше өзіне жүктелген міндетті
атқарумен болды. Зәйнәптың төзімділігін, табандылығын, сабырлылығын көрген
пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын күйеуінен айырылған
оған сүйеніш болу мақсатымен өзіне некелеп оны мүміндердің анасы
дәрежесіне көтерді.
Толық есімі—Зәйнәп бинт Хузәйма ибн Харис ибн Омар әл-Һиләлия.
Анасы: Һинд бинт Ауф ибн Зуһайр ибн Харис әл-Химйәрия. Ол жайлы:
Арабтарда Һинд бинт Ауфтай мәртебелі күйеу балаларымен танымал әйел жоқ
делінетін. Себебі оның қыздары Әбу Бәкір Сыддық, Абдулмутталибтың ұлдары
Хамза және Аббас сияқты құрайыштардың беделді де абыройлы адамдарына
тұрмысқа шыққан.
Сондай-ақ бұл кісі Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын тағы бір әйелі—Мәймуна бинт Харистың, Жағфар ибн Әбу Талибтың
әйелі—Әсмә бинт Умәйстың, Хамза ибн Әбу Талибтың әйелі—Сәлмә бинт
Умәйстардың шешесі еді.
Һинд Хадишадан (Аллаһ оған разы болсын) кейін Исламды қабылдаған екінші
әйел. Сондай-ақ тарихта оның Әбу Ләһәбты ұрғаны жайлы дерек бар. Бұл
алғашқы Бәдір шайқасында құрайыштар жеңіліс тапқан кезде болған жәйт еді.
Мұсылмандардың жеңісі жайлы хабар Меккеге жеткенде, Әбу Ләһәб ызадан
булығып, аласұрып кетеді. Нәтижеде Һинд бинт Ауфтан соққы жеп, бастан тиген
соққының қатты болғаны соншалық төбе құйқасынан жылыстап қан ағады. Әбу
Ләһәб осы соққыдан ұзақ уақыт зардап шегіп, ақыры осының салдарынан өледі.
Өлер шағында одан әйел, бала-шағасының барлығы теріс айналған-ды, Аллаһтың
оған лағнеті болсын!
Зәйнәп Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үйінің
босағасын Хафса бинт Омардан кейін аттаған мүміндердің бесінші анасы еді.
Бұл өмірмен қош айтысқанда отызға да толмаған-ды.
Қысқа ғұмырын кедей-кепшік пен мұқтаждарға қарайласумен өткізген
Зәйнәп, өзін материалдық қажеттіліктер мен дүниелік қызықтардан қашық
ұстайтын. Мұқтаждар мен міскіндердің анасы деген атына заты сай Зәйнәптың
құштар нәрсесі кедей-кепшікті азғантай болса да бірдеңемен қуанту болатын.
Зәйнәп көз жұмғанда, жаназасын Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын шығарып, денесі Бақиъға жерленді. Ол осы мазарда жерленген
мүміндердің алғашқы анасы. Аллаһ оған разы болсын! Сондай-ақ ол
пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын көзі тірісінде
дүние салған екінші әйелі[9]. Мүміндердің анасы—Зәйнәп бинт Хузәйманы Аллаһ
жарылқасын!

Умму Сәләмә (Аллаһ одан разы болсын)

Бәну махзум руынан шыққан Зәду Ракибтың ақылды да, парасатты, тапқыр,
түсінігі мол, сұлу қызы еді. Оның өз аты Һинд бинт Әбу Умеййә болса да
Сәләмә деген ұлы болғандықтан, Умму Сәләмә (Сәләмәның анасы) деп аталған.
Умму Сәләмә пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
таңдаулы сахабаларының бірі Әбу Сәләмә Абдуллаһ ибн Абдуласад ибн Һиләл әл-
Махзумиге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа шыққан.
Әбу Сәләмә екі һижраның иесі атанған, өйткені ол екі рет, әуелі
Эфиопияға, кейін Мәдинаға қоныс аударған болатын. Әбу Сәләмә
пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын немере әпкесі
Бәрра бинт Абдулмутталибтың ұлы әрі Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын сүйікті інілерінің бірі еді. Әбу Сәләмә мен әйелі Һинд
Исламда үлкен, маңызды орынға ие. Бұл екеуі, қауымдарынан Эфиопияға қоныс
аударғандардың алғашқылары еді. Тіпті ол екеуі Хабаш жеріне қоныс аударған
алғашқы ондықтың ішінде болды деген де риуаят бар.
Һинд әрдайым шаңырақ жылуымен, отбасы берекесін сақтаған, күйеуін
құрметтеген үлгілі жар болды. Олар Исламды қабылдап, пайғамбарымыздың оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын соңынан ергенде кәпірлер мен
көпқұдайшылдардың көрсеткен қиыншылықтарын бірге бастарынан өткеріп, қуаныш
пен қайғыда ортақтасып, қабылдаған жас сенімдері—Исламды мүшріктердің
әділетсіздігінен құтқару үшін бас сауғалап Эфиопияға қоныс аударады.
Һинд Эфиопияда бөтен жұрттың жерінде ұлы Сәләмәны босанады.
Аллаһ Тағала Исламды құрайыш тайпасының ықпалды ірі тұлғалары—Хамза ибн
Абдулмутталиб және Омар ибн Хаттабтармен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын)
күшейтіп, құрайыштардың мұсылмандарға құрған тұзағы—экономикалық қысым
тоқтаған соң, көрсеткен зорлық-зомбылықтары доғарылғаннан кейін барып Әбу
Сәләмә мен Һинд басқа қоныс аударушылармен бірге Меккеге оралады.
Мәдиналықтармен олардың мұсылмандарға жәрдем көрсетуі және
мұсылмандардың бастарына әлдеқандай күн туғанда өмірлерін қатерге тігіп,
қанымен қорғауы туралы келісім-шартқа отыру аяқталған соң Аллаһ елшісі оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын Мәдинаға қоныс аударуға рұқсат берді.
Умму Сәләмә Мәдинада Сәләмәдан басқа үш ұл-қыз сүйіп, балаларын ислами
тәрбиемен өсіріп, күйеуімен бақытты өмір сүрді. Міне, осылайша олар
Мәдинада күн кешіп, Әбу Сәләмә Аллаһтың елшісімен оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын бірге Ислам үшін күресіп, Бәдір, Ухуд соғыстарына
қатысты. Ол Ухуд соғысында жарақат алып, оның жазылуы қиынға соқты. Ухуд
соғысынан төрт айдан кейін, Аллаһ елшісіне оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын бәну асад тайпасы әскерінің Мәдинаға шабуыл жасамақ болған
әрекеті мәлім болды. Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
жаудың құрған жоспарынан бұрын өздеріне тарпа бас салуды ұйымдастырып, бұл
істе тәжірибесі бар сахаба Әбу Сәләмәның әскерге басшылық етуін тапсырды.
Бұл Қитн сәриясы[10] деп аталды.
Әбу Сәләмә жүз елу сахабадан тұратын жасақпен асад тайпасына аңдаусыз
жатқанда шабуылдап, бас көтерместей етіп тұқыртып мұсылмандар оңай жеңіске
жетті. Осы шайқаста Әбу Сәләмә жарақатының аузын қайта ашып алады. Осы
жарақат оның өлімінің себебі болды. Біраз уақыт бойы ол төсек тартып жатты.
Умму Сәләмә болса оны күтіп, Аллаһтан күйеуінің тезірек жарақатынан айығып
кетуін тіледі.
Төсек тартып жатып ол әйеліне: Бақытсыздық бірде-бір мұсылманға қайғы
әкелмеуі керек. Шынында біз Аллаһтың жаратылысымыз және Оған қайтып
барамыз. О, Аллаһ, маған бақытсыздық берсең, оны мен төзе алатындай және
марапатымның себебі қылып бер!
Мен Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын: Бір
мұсылман кісінің басына бақытсыздық келгенде, ол: Аллаһым, бақытсыздығымда
маған сауап бере гөр және маған одан жақсысын бер,- десе, айтқан тілегі
орындалады, - дегенін естіген едім, - деді.
Умму Сәләмә қаймығып, махабббат толы көздерімен күйеуіне елжірей қарап:
Егер әйелдің күйеуі қайтыс болып, ол жаннаттық болса, ал әйел тұрмысқа
шықпаса, Аллаһтың қалауымен екеуі жаннаттта кездеседі. Әйел қайтыс болса да
дәл сол сияқты, - дегенді естіген-дім. Мен де сенен кейін ешкімге тұрмысқа
шықпаймын, - дейді.
Әбу Сәләмә мұнысына келіспей: О, Аллаһ, егер мен көз жұмсам, Умму
Сәләмәға қамқор болатын менен де жақсы бір күйеу бер!—дейді[11].
Бірде Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын Әбу
Сәләмәны зиярат етіп келді. Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын көз алдында Әбу Сәләмә дүниемен қош айтысты. Умму Сәләмә
(р.а.) айтады: Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын Әбу
Сәләмаға кірді. Оның көздері ашылып қалған еді. Ол оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын оның (көзін) жауып: Жан шықса, көз ілеседі, — деді.
Сол сәтте, отбасымнан адамдар дауыстады. (Пайғамбар оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын): Өз-өздеріңе қарсы дұға қылмаңдар! Тек жақсылықпен
(дұға қылыңдар). Өйткені, періштелер сендердің айтқандарыңа, әмин деп
(қабыл болсын) айтып тұрады,—деді. Сосын пайғамбар оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын: Аллаһым! Әбу Сәләмәны кешір! Тура жол тапқандардың
ішінде оның дәрежесін көтер! Оның артындағылардың (тірілердің) арасынан
оның орнын басқыз! Бізді және оны кешір, о, әлемдердің Раббысы! Оған
қабірін кеңейт және ол үшін (қабірін) нұрландыр,—деп дұға қылды[12].
Төрт баламен жесір қалған Умму Сәләмә күйеуінің қазасын сабырлықпен
қабылдады. Әлгінде айтылған күйеуінің өсиеті оның құлағында сарнап
тұрғандай болған Умму Сәләмә іштей: Біз Аллаһтың жаратылысымыз және Оған
қайтып барамыз. Аллаһым, бақытсыздығымда маған сауап бере гөр және маған
одан жақсысын бер,—деп қайталады. Бір жағынан: Егер мен Әбу Сәләмәдан
кейін тұрмысқа шықпасам, одан да жақсы адамды қалай талап етемін, тіпті Әбу
Сәләмәдан абзал біреу бар ма екен?—деп іштей ой жүгіртті.
Осылайша күнделікті тіршілігіне көшіп, жетім қалған төрт баласына
қамқор болып күндерін өткізіп жүрді. Олардың тұрмыс-тіршілігінде
жетіспеушілік болып қатты қиналды. Осының бәрін көріп жүрген Аллаһ
елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын сахабаларының жанына
бұл нәрсе қатты батты.
Әуелі Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) өзіне тұрмысқа шығуына оған
сөз салғанда, Умму Сәләмә сыпайы түрде кері қайтарған-ды. Сосын, Омар ибн
Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) оған көңілін білдіргенде, оған да Әбу
Бәкірге қайтарғандай жауап қайтарды. Аллаһ елшісі де оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын бұл әйелдің жағдайына қатты алаңдап, оны жайдан-жай
жалғыз қалдыра алмады. Бірде Умму Сәләмә мал терісінен төсеніш тігіп
отырғанда, үйіне пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
келіп, рұқсат сұрап, ішке кірді. Умму Сәләмә пайғамбарымызға оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын төсеніш салып отырғызды. Аллаһ елшісі оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын келіп, жайғасып отырғаннан кейін
әңгіме қозғап, оған өзіне тұрмысқа шығуын ұсынды.
Умму Сәләмә көз жұмар шағында күйеуінің айтқан өсиеттерін есіне алды
да: О, Аллаһтың елшісі, мен саған қарсы келе алмаймын, бірақ мұнда мені
ұзататын туысым жоқ және де мен өте қызғаншақ әйелмін, абайсызда Аллаһқа
және саған жақпайтын нәрсе істеп қоюдан; оның жазасынан қорқамын. Өзім
болсам шиеттей жетімдердің анасымын. Оның үстіне сырқатпын, жасым болса да
келіп қалды,—деп қынжылды.
Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын болса:
Туыстарың болмаса, балаң Сәләмә ұзатсын. Жасым болса келіп қалды дейсің,
мен сенен үлкенмін. Ал, жетім балаларыңа келсек, олар Аллаһ пен Оның
елшісінің қамқорлығында, ал, егер қызғаншақ болсаң, Аллаһқа сені мұнан
арылту үшін дұға қыламын,—деді[13].
Умму Сәләмә келісімін беріп, олар үйленеді. Ол пайғамбарымызбен оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын һижра жыл санауымен төртінші жылы,
қырық төрт жасында отау құрды. Ол пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын әйелдерінің ішінде жасы ең үлкені еді. Пайғамбарымыз
оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын әйелдерін аралағанда содан
бастайтын. Бұл күнді Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) есіне алып:
Аллаһ елшісі Умму Сәләмәға үйленгенде мен қатты қапаландым, өйткені,
адамдар оның сұлулығын сөз ететін. Мен бұл жайында Хафсаға айтқанымда, ол:
Ол адамдар айтқандай сұлу емес. Өзі егде тартқан жаста,—деді. Мен Умму
Сәләмәны өз көзіммен көргенде, расында да, оның көркі адамдар айтқандай
еместігіне көзім жетті,—деген.
Умму Сәләмә осылайша мүміндердің анасы болып, пайғамбарымыздың оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үйінде тұрды және пайғамбарымыздың
оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын әйелдері арасындағы ең үлкені
болды.
Ол Аллаһ елшісімен оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын көптеген
жорықтарда бірге болып, Хайбарда, Меккеде болған шайқастарда мұсылмандар
жеткен жеңістердің куәсі және Таиф қоршауында, Хауазин, Сақиф жорықтарында,
сонымен қатар қоштасу қажылығында болды.
Осы оқиғалар барысында Умму Сәләмә пайғамбарымыздың оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын қасынан табылып, қолтығынан сүйеп оған ақыл
кеңес беріп отырды. Оның ақыл-парасатының жарқын бір бейнесі Худайбия
келіссөзінде көрініс табады. Мүшріктермен түзілген кейбір келіссөз
шарттарын мұсылмандар өздерінің құқығын таптау деп ойлады. Ең бастысы олар
умраға ниет етіп, ихрамға кіріп отыр. Келісім-шарт бойынша бұлар биыл умра
жасамаулары керек. Сондай-ақ, мұсылмандарға ауыр тиген шарттардың бірі;
кімде-кім Меккеден қашып шығып Мәдинаға келсе, пайғамбарымызға оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын оны мүшріктерге қайтарып беру керек
болды. Дәл осы келісім-шарт аяқталған кезде, Меккелік мұсылмандардың бірі
Әбу Жәндәл (Аллаһ оған разы болсын) кәпірлерден қашып Худайбияға келді.
Пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын оны мүшріктерге
қайтарып берді.
Осының салдары Мәдинаға қайту үшін құрбан шалып, шаш алдыруға бұйырған
пайғамбардың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын әміріне жауап
қатпауға апарып соқты.
Сонда пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын әйелі
Умму Сәләмәның алдына қапаланып, қабағы түсіңкі кіреді. Мән-жайды сұрап
білген Умму Сәләмә бұл істі жеңілге санап, пайғамбарымызға оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын өзі бастап сахабалардың алдында құрбан шалып,
шашын алдыруға кеңес берді. Оның кеңесімен пайғамбар оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын солай істеді. Сонда барып сахабалар келіссөздің
қайтарылмас шешімге айналғанына көздері жетіп, жапа тармағай құрбан шалып,
шаш алдырып, ихрамнан шығуға кірісті.
Умму Сәләмә һижра жыл санауымен 59 жылы дүниеден өтті. Жаназасын
пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын сахабасы Әбу
Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) шығарды. Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын әйелдерінің соңғысы болып дүниеден өткен Умму
Сәләмә да Бақи мазарына жерленді.
Ол пайғамбарымыздан оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын 400-ге
жуық хадис жеткізді. Оның көпшілігі пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын жеке басына, жүріс-тұрысына, киім-киісіне, тағы сол
сияқтыларға қатысты хадистер[14]. Мүміндердің анасы—Умму Сәләмәға Аллаһ
разы болсын!

Зәйнаб бинт Жахш (Аллаһ одан разы болсын)

Зәйнәп Жахш ибн Риаб қызы. Құрайыш тайпасының бәну асад тайпасынан.
Абдулмутталиб ибн Һашимның немересі. Пайғамбарымызға оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын тұрмысқа шықпастан бұрын өз есімі Бәрра болатын. Аллаһ
елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын оны некесіне алған соң
Зәйнәп деп атады.
Анасы: Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын атасы
Абдулмутталибтың қызы Умәймә.
Зәйнәптың алғашқы жұбайлық өмірі баянды болмады. Ол Аллаһ елшісі оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын пайғамбарлық міндет жүктелмес бұрын
өкіл бала тұтынған Зәйд ибн Харисаға тұрмысқа шыққан еді. Пайғамбарымыз
оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үшін Зәйд ізбасар шәкірт әрі
сүйікті іні болды. Пайғамбар оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын осы
өкіл баласымен ажырасқан әйелге үйленді. Мұны иман иелері Аллаһ Тағаланың
пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын ісі арқылы
мұсылмандарға бекіткен шариғаты деп түсінеді.
Бұл мәселені жете түсінуіміз үшін көптеген сұрақтарға жауап табуымыз
керек. Әуелі, Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын бала
тұтынып, тәрбиелеп өсірген, оған өзінің туыс жиен қарындасын алып берген,
және екеуі жараспай ажырасқаннан кейін пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын оның әйелін алған Зәйд ибн Харисаның кім екендігі жайлы
сөз етейік.
Тарихи деректерден бізге, бірде бәну кәлб тайпасынан шыққан Хариса атты
кісінің әйелі Саъда бинт Саълаба деген әйел көрші ауылдағы Маън ибн Таидың
тайпасына туған-туыстарын зиярат ету үшін барғаны белгілі. Ол әйелмен бірге
жанында сегіз жасқа да толмаған ұлы Зәйд ибн Хариса болады. Жолда күтпеген
жерден оларға қарақшылар тобы кез келіп Зәйдты тартып алып кетеді. Олар
Зәйдты құл базарлардың бірінде сатып жібереді. Ал оны сатып алған
құрайыштық Хаким ибн Хузам ибн Хуайлид әл-Әсәди деген саудагер еді. Хаким
ибн Хузам Хадиша анамыздың немере інісі болатын. Хаким саудадан оралған соң
оны Хадиша зиярат етіп келеді. Ол Хадишаға сыйлық ретінде сатып алып келген
құлдарының бірін таңдауын ұсынады. Хадиша Зәйдты таңдап оны үйіне алып
келеді. Кішкентай Зәйд Мұхаммед оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
пен Хадишаның үйінде тура бір өз үйінде, тіпті әкесі мен анасының жанында
жүргендей күн кешті. Екеуінен көрген мейірімнің арқасында Зәйд оларға қатты
бауыр басып кетті. Өйткені олар Зәйдтан жылуларын аямаған-ды. Күндер
зымырап өтіп жатты. Зәйд ержетіп те қалды. Ол пайғамбарымыздың оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын жанынан бір елі қалмайтын. Осы
кездерде Зәйдтың туыстары оған іздеу салуда еді. Оның туыстары Зәйдтың құл
болып сатылғанын, дәл қазіргі уақытта Мұхаммед ибн Абдуллаһтың үйінде
екендігін есітеді. Сөйтіп олар пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын үйіне келіп ұлдарын қайтаруын әрі оның өз туыстарының
арасында бостандықта өмір сүруін қалайтындарын айтады. Мұхаммед оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын таңдау еркін Зәйдтың өзіне беріп,
кімді қаласа сол жақта қалсын деген ұсыныс тастады. Зәйдтың туыстары бұл
ұсынысқа қуана келісті. Олар Зәйдтың өздерін таңдайтындығына сенімдері
кәміл еді. Бірақ Зәйд әкесіне Мұхаммедтен оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын басқа ешкімді таңдамайтындығын айтады. Хариса күтілмеген
жауапқа қайран қалып:
Зәйд..., сен әкең мен шешеңді, руыңды құлдыққа айырбастадың
ба?!—дейді. Зәйд екіленбей: Мен Мұхаммедтің қандай адам екенін жақсы
білемін. Ешуақытта, ешқашан одан айрылмаймын. Мұхаммедпен бірге құлдықта
болу, басқа қандай да бір адаммен бірге бостандықта болудан жақсы,—деп
жауап береді. Зәйдтың пайғамбарымызды оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын таңдауы Исламнан бұрын болған еді.
Сонан соң пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
Зәйдтың қолынан жетектеп жұрт алдына шығып: Куә болыңдар, Зәйд менің
балам!—дейді.
Сол күннен бастап Зәйд Зәйд ибн Мұхаммед (Мұхаммедтің ұлы Зәйд) деп
аталып кетті. Зәйд Әли ибн Әбу Талибтан (Аллаһ оған разы болсын) кейінгі
Исламды қабылдаған алғашқы ер кісі болды, Аллаһ оған разы болғай. Зәйд
әрдайым пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын жанында
жүріп оның қолында тәлім алған сүйікті шәкірті болды. Уақыты жетіп Зәйдтың
үйленетін кезі де келді. Пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын оны үйлендірмек болып, ол үшін туыс әпкесі Умәйма бинт
Абдулмутталибтың қызы Зәйнәп бинт Жахшты таңдайды.
Ол кездерде қызды тұрмысқа берерде күйеу жігіттің шыққан тегіне көп
көңіл аударатын, егер текті қыз құлға тұрмысқа шықса, бұл нәрсе бетке
салық, сүйекке таңба еді. Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын Зәйнәпты әдейі таңдауындағы мақсаты; адамдарды әлгіндегідей
қалыптасқан түсініктен айыру. Сонымен қатар адамға тегіне қарап баға бермеу
керектігін түсіндіру болды.
Зәйнәп текті атадан шыққан, сұлу қыз еді. Бойжеткен соң оны құрайыштың
мен деген жігіттері айттырып келе бастады. Бірақ Зәйнәп нағашысы
пайғамбарымызбен оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын ақылдасқысы
келіп, оған сіңлісі Хәмнәны жібереді. Хәмнә пайғамбарымызға оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын келіп: Зәйнәпқа кімді таңдар едің, о, Аллаһтың
елшісі,—дегенде, ол кісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын: Оған
Аллаһ Тағаланың кітабы мен Оның елшісінің сүннетін үйретуші біреуді айтсам
ше?—дейді.
Хәмнә: Кім, ол, о, Аллаһтың елшісі?, - дейді.
Пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын: Зәйд ибн
Хариса, - дейді.
Хәмнә ашудан жарылардай булығып: Зәйд ибн Хариса...?! О, Аллаһтың
елшісі, жиен қарындасыңды босатқан құлыңа қосасың ба?!, - дейді.
Зәйнәп бұл әңгімені естігенде Хәмнәдан бетер ашуланды. Ол Зәйдке
тұрмысқа шығуына Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
өзі араға түскеніне қарамастан, бұл ұсынысқа келісім бермей қарсылық
көрсетіп: Мен ешуақытта Зәйдке тұрмысқа шықпаймын!—деді. Міне, осы кезде
Аллаһ Тағала елшісіне оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын уахи
жіберді.
Ешбір мүмін ер кісі мен мүмін әйелге, егер Аллаһ және Оның елшісі бір
істі үкім етсе, оларға (мүміндерге) істерінде ерік болмайды. Кімде-кім
Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбаса, онда ашық адасуға түсіпті
[18, Ахзаб: 36].
Зәйнәп, бұл Аллаһтың, сосын Оның елшісінің оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын қалауы және өзі Аллаһтан қорқатын, нағыз тақуа мүмін-мұсылман
әйел болғандықтан ғана Зәйдке тұрмысқа шығуға көнді. Десе де, Зәйнәп Аллаһ
пен Оның елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын қалауының
шегі; бай мен кедейдің, ақ пен қара нәсілдің, құл мен азат адамның
айырмашылығы жоқ екендігін, адам иман таразысымен ғана өлшенетіндігін
түсінді.
Зәйд айтарлықтай көрікті емес-ті, күйеуіне Зәйнәптың көңілі толмайтын.
Ол Зәйдқа ылғи да салқын қарайтын, одан бір тартымдылық та таппайтын. Егер
Аллаһтың қалауы болмағанда, Зәйнәп Зәйдке ешқашан тұрмысқа шықпас та еді.
Отбасылық өмір іштей келісім, рухтық жақындықты қажет етеді. Екі мүмін
тақуа ер мен әйел қосылса болды, жарасып кетеді деу ағаттық. Жұбайлық
қатынас махаббат пен жылу талап етеді. Ал бұл болса жүректің ісі. Адам
жүрегін бір нәрсеге бойсұндыра алғанымен оның ішкі сезіміне әмірін жүргізе
алмайды. Осы себептерден де олардың отбасылық тұрмыстарында жанұялық жылу,
ерлі-зайыптылардың өзара сүйіспеншілігі, бақытты өмірдің ауылы алыс болды.
Зәйд жарының өзінен қашқақтап жүретінін сезетін. Бір күні ол
пайғамбарымызға оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын келіп, бар мән-
жайды түсіндіріп, Зәйнәппен ажырасқысы келетіндігін жеткізді.
Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын оған: О, Зәйд,
не болды? Саған оның тәлім-тәрбиесі ұнамайды ма?, - деп сұрады.
Зәйд оған: О, Аллаһтың елшісі, маған Зәйнәптың барлық қасиеті ұнайды.
Бірақ, оның маған деген қатынасы жан төзгісіз. Ол өзінің тектілігімен
мақтанып, менмендігімен мені қатты қинайды, - дейді.
О, Зәйд, ол Зәйнәп емес пе, сен араларыңдағы өзіңе деген қатынасты
өзгерту үшін қолыңнан келгеннің бәрін аямауың керек, қалай болғанда да
жарыңды ұстап қалуға тиіссің, Аллаһтың қаһарынан қорық, - дейді
пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын.
Дегенмен де, ең өкініштісі, Зәйд арақатынасты түзеуге қанша тырысқанмен
Зәйнәптың күйеуіне деген көңілі кейін тартып тұрды. Осылайша олар ажырасып
кетті. Арада бірнеше күн өткен соң пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын Зәйдты шақырып алып, Зәйнәпқа барып, оған Аллаһ
елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын өзі үйленгісі
келетіндігін жеткізуге жұмсайды.
Зәйд Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын жіберген
сәлемдемесін айтпақ болып, Зәйнәптың есігінің алдына келіп: Зәйнәп, мені
Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын өзіңе үйленуге сөз
салу ниетімен жіберді,—деді.
Бұл уақытта Зәйнәп ғибадатта еді. Бұл сөздерді естіген ол, жүрегі
қуанышқа толып, бұл үшін Аллаһқа мақтау айтумен болды. Бұл үйленудің мәнісі
Аллаһ Тағала уахи еткен мына аяттарға қайтады.
(Мұхаммед оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) сол уақытта оған
Аллаһ нығмет берген және сен де жақсылық қылған (Зәйдке): Әйеліңді өзіңде
ұста, Аллаһтан қорық деуде, сондай-ақ Аллаһтың жариялайтын нәрсесін өз
көңіліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың, (негізінде) сенің қорқуыңа
Аллаһ лайықты. Қашан Зәйд одан (Зәйнәптан) ажыраған кезде, оны (Зәйнәпты)
саған, мүміндерге өгей балалары ажырым берген әйелдерді алуда күнә болмауы
үшін некеледік. Аллаһтың әмірі орындалады [18, Ахзаб: 37].
Аллаһтың қалауымен пайғамбар Мұхаммед оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын Зәйнәпқа үйленді. Бұл үкімге қатысты Айша анамыз: Егер Аллаһ
елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын бір нәрсені жасыра алса,
осыны жасырар еді[15],—деген.
Зәйнәп бұл кезде отыз бес жаста еді. Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың
салауаты және сәлемі болсын бұл әрекетінің астарында болашақта мұсылмандар
өздерінің өгей ұлдарының әйелдерін алуды өздеріне харам етпесін деген
даналық бар болатын. Зәйнәпті пайғамбарымызбен оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын тұрмыс құру қатты қуандырды. Ол мұны мақтан тұта: Тұрмыс
құруда менен бақытты кім бар? Өйткені, менің некемді жеті қат көк үстінен
Мәртебелі Аллаһтың өзі қиған, ал куә Жәбірейіл (а.с.) болды,—дейтін.
Осылай Зәйнәп уәлисіз[16], куәгер адамсыз, ешқандай неке рәсімінсіз
пайғамбарлық иесіне оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын қосылды. Оны
бүкіл неке рәсімдерін белгілеп отырған Аллаһ Тағаланың Өзі үйлендірді,
Аллаһ оған разы болғай!
Зәйнәп пайғамбардың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын өзге
әйелдеріне: Мен уәлиде сендерден артықпын деп мақтанатын. Ал оның
уәлиі—мақтануға лайық Аллаһ Тағаланың Өзі еді. Және де ол: Мен сендерден
куәде де артықпын деп мақтанатын. Ал оның куәсі—мақтануға тұрарлық
Жәбірейіл (а.с.) болатын.
Бұл некеден ұлы қандай некені атауға болады?!!
Сондай-ақ Зәйнәптың пайғамбарымызбен оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын үйленуі мұсылмандарға және мүміндердің аналарына қатысты жаңа
үкімдерге себепші болды. Ол үкімдер; Зәйнәпқа үйленгенінде пайғамбар оған
Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын той жасап, адамдарды шақырды. Адамдар
келіп ішіп-жеп тарап кетті. Тек бір екі кісі әңгіме дүкен құрып отырып
алады. Пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын ыңғайсыз
жағдайда қалып қойды, бірдеңе деуге ұялады. Сол кезде Аллаһтан:
Ей, иман келтіргендер! Асқа шақырылғанда болмаса, басқа уақытта
пайғамбардың үйлеріне рұқсатсыз кірмеңдер, (ал кірсеңдер, тамақтың пісуін
күтіп) қазанына қарамаңдар. Ал егер шақырылсаңдар кіріңдер, және ішіп-жеп
болсаңдар, әңгіме құрып отырып алмай тез тараңдар. Оларың (отырып алуларың)
пайғамбарға азар береді, ал ол сендерден ұялады. Аллаһ болса шындықтан (оны
айтудан) ұялмайды,—деген аят түсті [18, Ахзаб: 53].
Және де осы аяттың ішінде мүміндердің аналарына қатысты жаңа үкім
келді.
Егер олардан (Пайғамбар оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
әйелдерінен) әлдебір зат сұрасаңдар, онда шымылдық артынан сұраңдар. Осылай
етулерің сендердің де, олардың да жүректеріне тазарақ. Сендерге Аллаһтың
елшісіне азар беруге және өзінен кейін оның әйелдеріне үйленуге болмайды.
Егер (олай істесеңдер) соларың Аллаһтың алдында зор (күнә) [18, Ахзаб:
53].
Осы күннен бастап мүміндердің аналары туыстарынан басқалармен шымылдық
артынан сөйлесуге көшті.
Зәйнәптың Аллаһ елшісіне оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын
үйленуі осындай ерекшеліктерге толы болды. Исламның дұшпандары бұл некені
сөз етіп: Мұхаммед адамдарға ұлдарының әйелдеріне үйленуге тыйым салып,
өзі ұлынан ажыраған әйелге үйленді,—дейтін. Олар Зәйдтың Аллаһ елшісінің
оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын өкіл баласы екенін жақсы білетін.
Бұл кәпірлердің алып-қашты жел сөздеріне жауап ретінде Аллаһ Тағала Өз
уахиын жіберді:
Пайғамбарға Аллаһтың оған парыз еткен нәрсесінде кінә жоқ. Бұрынғы
өткендерге де Аллаһтың жолы осы еді. Аллаһтың әмірі бекітілген үкім. Сондай
Аллаһтың нұсқауларын жеткізушілер (пайғамбарлар); Одан қорқады және
Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпайды. Аллаһ есеп алуда жетеді [18, Ахзаб: 38-
39.]

Сонымен қатар, адамдардың есімі өз әкелерінің атымен аталуын ескертті.
(Аллаһ) сендердің өкіл балаларыңды (өз) балаларың еткен жоқ. Оларың
ауыздарыңмен айтқан сөздерің (ғана). Аллаһ шындықты айтады және Ол жолға
салады. Оларды (өкіл балаларды) (өз) әкелерімен атаңдар. Осы Аллаһтың
алдында әділ. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, олар сендердің діндегі
бауырларың және азат еткендерің [18, Ахзаб: 5].
Мұнан кейін Зәйдты адамдар Ибн Мұхаммед деуді қойып туған әкесінің
атымен Ибн Хариса деп атайтын болды. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын): Біз Зәйд ибн Харисаны Оларды (өкіл балаларды) (өз) әкелерімен
атаңдар. Осы Аллаһтың алдында әділ,—деген Құран аяты түскенше Зәйд ибн
Мұхаммед деп атайтынбыз,—деген[17].
Міне, осылайша пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі
болсын үйі жаңа әйелді қабылдады. Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты
және сәлемі болсын аталас әпкесінің қызы Зәйнәп жас әрі сұлу еді. Әдеттегі
әйелдік сезімдерге сай әйелдері пайғамбарымызды оған Аллаһтың салауаты және
сәлемі болсын одан қатты қызғанды. Айша (Аллаһ оған разы болсын) ол жайлы:
Зәйнәптан басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Таблиғ» жамағаты – қандай жамағат?
Құрандағы ахлақ мәселесі
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары
Исламдағы жанұя мәселесі
Хазірет Мұхаммед (өмір-баяны)
Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.с) пайғамбарға деген терең сүйіспеншілік
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Мұхаммед Пайғамбар
Құраниттер
Пәндер