Мәдениеттану теориялары



1. Қоғамдық тарихи мектеп .
2. Мәдениеттану концепциялары
3. Соркиннің әлеуметтік теориялары .
4. Ясперс теориясы .
ХХ ғасырға келетін болсақ , бұл кезеңде мәдениеттану философиядан тысқары тұратын , бірақ онымен мәдениет философиясы арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады . Мәдениет философиясынан мәдениеттануға көшу – мәдениеттің тоқырауын түсінумен және адам мен табиғаттың үйлесімділігі бұзылғанын ұғынған уақытта жүзеге асырылады . Бұрыннан қалыптасқан үйлесімділіктің рационалдық негіздерін іздеуден бас тартылды ,ал мұның өзі мәдени дәстүрлерді ой елгінен өткізіп қайта қарау болып табылатын сана - сезімнің философиялық ізденістерін тығырыққа тіреді . Өзіміз байқағандай , өмірлік философияның қойнауында және оның әсерімен мәдениетті ұғынуға деген мәдениеттану теорияларының дамуына ерекше ықпал етті . Мәдениеттің сан салалары мен түрлеріне жаңаша көзқараспен қарау – мәдениет мәселелеріне байланысты тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік туғызды . Міне , осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері қалыптасты. Олар: а)Қоғамдық-тарихи мектеп ;
б)Натуралистік мектеп ;
в)социологиялық мектеп
г)рәміздік мектеп . Енді осы мектептерді жеке-жеке қарастырып көрелік .
а)Қоғамдық-тарихи мектеп .Бұл мектептің қалыптасуының тамыры тереңде жатыр , өйткені оның классикалық дәстүрі Кант , Гегель мен Гумбольд сияқты ұлы философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Қоғамдық – тарихи мектептің қалыптасуына тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты , бірақ олардың қатарында діни адамдардың да болғандығын атап өтуіміз қажет. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері : Батыс Еуропада – Шпенглер мен Тойнби , ал Ресейде – Н . Я . Данилевский болды . Освальд Шпенглер (1880-1936) - әрі философ , әрі тарихшы . Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген «Закат Европы» деген еңбектің авторы.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдағы мәдениеттану ғылымы

саласындағы негізгі мектептер .
ХХ ғасырға келетін болсақ , бұл кезеңде мәдениеттану
философиядан тысқары тұратын , бірақ онымен мәдениет философиясы
арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретінде
қалыптаса бастады . Мәдениет философиясынан мәдениеттануға
көшу – мәдениеттің тоқырауын түсінумен және адам мен
табиғаттың үйлесімділігі бұзылғанын ұғынған уақытта жүзеге
асырылады . Бұрыннан қалыптасқан үйлесімділіктің
рационалдық негіздерін іздеуден бас тартылды ,ал мұның өзі мәдени
дәстүрлерді ой елгінен өткізіп қайта қарау болып
табылатын сана - сезімнің философиялық ізденістерін тығырыққа
тіреді . Өзіміз байқағандай , өмірлік философияның
қойнауында және оның әсерімен мәдениетті ұғынуға деген
мәдениеттану теорияларының дамуына ерекше ықпал етті . Мәдениеттің
сан салалары мен түрлеріне жаңаша көзқараспен қарау – мәдениет
мәселелеріне байланысты тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге мол мүмкіндік туғызды . Міне , осы жағдайларға байланысты
ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі
жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері қалыптасты.
Олар: а)Қоғамдық-тарихи мектеп ;
б)Натуралистік мектеп ;
в)социологиялық мектеп
г)рәміздік мектеп . Енді осы мектептерді жеке-жеке қарастырып
көрелік .
а)Қоғамдық-тарихи мектеп .Бұл мектептің қалыптасуының тамыры
тереңде жатыр , өйткені оның классикалық дәстүрі Кант , Гегель
мен Гумбольд сияқты ұлы философтардың шығармашылығымен
тығыз байланысты болды. Қоғамдық – тарихи мектептің қалыптасуына
тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты , бірақ
олардың қатарында діни адамдардың да болғандығын атап
өтуіміз қажет. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері : Батыс
Еуропада – Шпенглер мен Тойнби , ал Ресейде – Н . Я . Данилевский
болды . Освальд Шпенглер (1880-1936) - әрі философ , әрі
тарихшы . Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген Закат
Европы деген еңбектің авторы. Бұл еңбегінде ол тарихты түрлі
мәдениеттердің алмасуы деп қарастыроады . Мәдениет саласында
жалпы мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарады . Ол
мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі . Олар : египиттік
, үнділік , вавилондық ,қытайлық,антикалық,исламдық,батыс европалық
және Орталық Америкадағы майя мәдениеті . Ол жаңа туындап
қалыптасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс - сібір
мәдениетін жатқызады . Әрбір мәдениеттің өмір сүру
ұзақтығын шамамен 1000 деп белгілейді . Олардың арасында
өзара тең , мәнді байланыс мүмкін еместігін көрсетеді . Оның
пікірінше , өмір сүруін тоқтатуға бет алған мәдениет дамудан
тоқырауға , творчестволық шырқаудан құлдырауға, жаннан
интеллектіге, батырлық іс - әрекеттен
утилитарлық қызметке айналды . Мұндай жағдайды
эллминизм дәуірінде грек - рим мәдениеті өз басынан кешірген
, ал өткен ғасырда бұл тарихи құбылыстың куәгері батыс-еуропа
мәдениеті болған .
Өркениетің алға басып шарықтауына байланысты
сауықтық мәдениет басты орынға шығады ал көркемдік және әдеби
шығармашылық өз мәнін жоя бастайды да , оның орнын
руханилықтан жұрдай техницизм мен спорт басады . Закат
Европы Шпенглер Рим империясының құлауын мысалға келтіре
отырып, Шығыстан келе жатқан революциялық күш – варварлардың
қысымымен батыс еуропа қоғамы жойылады деп есептейді .
Бірақ , тарих бұл Шпенглердің пайғамбарлығын жоққа
шығарды , ал орыс-сібір мәдениеті жүзеге аспады .
Өкінішке орай оның консервативтік – ұлтшылдық идеяларын
фашистік Германия өз қызметінде өте шебер қолдана білді .
Арнольд Джозеф Тойнби (1889-1975) ағылшынның
тарихшысы , социологі , 12 томдық Исследования истории
(1934-1961) деп аталатын көлемді еңбектің авторы .
Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет
шеңберіндегі адамзат дамуын ғылыми ой елегінен
өткізуге тырысып , өркениет терминін мәдениет
ұғымын синоним ретінде қарастырды . Тойнби тарихты
бір - бірімен генетикалық аз бір уақытта жүйелі
түрде дамитын өркениеттердің жиынтығы деп қарастырды . Оның
ойынша , бұл өркениеттер өз дамуында , яғни шарықтаудан
тоқырау мен апатқа ұшырарда бірдей кезеңдерді бастан
өткізеді . Кейінне ол өзінің бұл көзқарастарын сын
көзбен қайта қарап дүниежүзілік діндірден нәр алған
мәдениеттердің барлығы да тарихтың мәуелі ағашы ,
адамзат бұтағының мән мағынасы деген қорытындыға келді .
Олардың барлығы да бірлікте , тұтастықта , олардың әрқайсысы
тарихтың бір бөлшегі болып табылады .
Өркениетті бар болғаны 8 түрге бөлген Шпенглерге
қарағанда , Тойнби өз заманының терең ғылыми зерттеулеріне
сүйене отырып алғашқысында 20 - дан 30 - ға дейін атап ,
ал кейіенен өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетіп,
мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталған . Тойнби
тарихтың қозғаушы куштерінің қатарына ұлы тұлғалар
мен творчество адамдарын да жатқызады .
Творчестволық азшылық белгілі бір мәдениеттің
сұраныстарын , қажеттілікте –рін өтеуге қабілетті болып
келеді , ал бұл жағдай белгілі бір қоғамның алға
қарай дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай кезде творчестволық
азшылық енжар көпшілікті соңынан ертеді , оған
сүйенеді , тіпті өз қатарын солардың көрнекті
өкілдерімен толықтырып отырады .
Творчестволық азшылық өзінің мистикалық өмірлік ұмтылысын
жүзеге асыруға дәрменсіз және тарихтың талабына
жауап бере алмаса өзінің үстемдігін беделімен емес , қару
күшімен мойындаттыратын үстемдік етуші элитаға айналады ,
ал қағажу көрген халықтың басым көпшілігі ішкі
пролетариятқа айналады . Ол өз кезеңіне сыртқы жаулармен
біріге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
Мәдениет теориясы
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні
Материалдық мәдениет
Мәдениет интеграциясымен локаллизациясы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер