Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Мемлекеттік бюджетінің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Мемлекеттік бюджет түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекеттік бюджет . экономиканы басқару құралы ретінде ... ... ... ...5

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 2005 . 2009 жылдардағы мемлекеттік бюджет көрсеткіштері ... ... ... ...10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Сондықтан мемлекетте екі буынды бюджет жүйесі қолданылып келеді: республикалық және жергілікті.
Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеді
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның бюджеті болып келеді.
Мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Әрбір деңгейдегі бюджеттердің орындалуы кезінде олардың орындалу есебін үнемі жүргізу қажет. Республикалық бюджеттің орындалу есебін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ол республика бойынша бюджеттің орындалу есебінің жағдайына толық жауапкершілік көтереді, және тоқсандық, жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша кассалық орындалуы бюджеттік құралдарын қабылдау, беру және сақтауды білдіреді, сонымен бірге кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады.
Бұл жұмыстың мақсаты – жалпы мемлекеттік бюджет анықтамасымен танысып, оны экономиканы басқару құралы ретінде қарастыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жағдайын қарастыру, әр жылдың көрсеткіштерін өзара салыстыру.
Жұмыстың міндеті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне тоқтала кетіп, жылдық кезеңдеріе зерттеу жасау.
Жұмыс екі тараудан тұрады: бірінші тарауда – мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнымен таныссақ, екінші тарауда - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін қарастырдым.
Жұмыс барысында көптеген еңбектерді пайдаландым. Оның ішінде жиі пайдаланылғандары: Б.С. Өтебаевтың « Мемлекеттік бюджет»оқулығы және интернет сайттары.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. — Алматы. ЮРИСТ, 2005. – 73 - 76 б.
2. Статистикалық жылнама, 2007ж,2008ж.
3. «Государственный бюджет» Учебник. — Алматы. Республиканский издательский кабинет, 2004 г. 240 - 241 стр
4. Қ.Қ. Ілиясов,С. Құлпыбаев «Қаржы» : Оқулық. — Алматы: 2005.- 306 б
5. Ж.М. Елубаев «Бюджетная система республики Казахстан: теория, практика и направления развития». — Алматы: 2004. – 312 с
6. // Егемен Қазақстан – 2006ж. – 21 шілде
7. Б.С.Өтебаев «Мемлекеттік бюджет»:Оқулық. –Алматы:Экономика,
2006.-320б.
8. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. – Алматы: Қаржы – қаражат,1995-124 с.
9. Кулекеев Ж.А.,Султангазин А.Ж. и др.Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.- Астана:2002-132 с.
10 Ильясов К.К.,Саткалиева В.А. и др.Государственный бюджет: Учебник. – Алматы: РИК,1994. – 268 с.
11 Кулекеев Ж.А.,Султангазин А.Ж. и др.Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений. – Астана: Академия государственной службы при Празиденте Республики Казахстан, 2003. – 194с
12 Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы- Қаржат, 2001. – 311с.
13 Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. – 416 бет.
14 Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетное система: Учебное пособие. – Ақмола: 1997. – 103с.
15 Комментарии к Стандартам внешнего и внутренного контроля исполнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета – Астана:2009. – 24 с.
16 Google kz. // http www minfin.kz / structure / data Doclad _ kz.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Мемлекеттік бюджетінің экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Мемлекеттік бюджет
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
1.2 Мемлекеттік бюджет – экономиканы басқару құралы ретінде ... ... ... ...5

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 2005 – 2009 жылдардағы мемлекеттік бюджет
көрсеткіштері ... ... ... ...10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16

Кіріспе

Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Сондықтан
мемлекетте екі буынды бюджет жүйесі қолданылып келеді: республикалық және
жергілікті.
Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен бекітеді
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, ауданның бюджеті болып келеді.
Мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын
жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында
пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Әрбір деңгейдегі бюджеттердің орындалуы кезінде олардың орындалу есебін
үнемі жүргізу қажет. Республикалық бюджеттің орындалу есебін Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ол республика бойынша
бюджеттің орындалу есебінің жағдайына толық жауапкершілік көтереді, және
тоқсандық, жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша
кассалық орындалуы бюджеттік құралдарын қабылдау, беру және сақтауды
білдіреді, сонымен бірге кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады.
Бұл жұмыстың мақсаты – жалпы мемлекеттік бюджет анықтамасымен танысып,
оны экономиканы басқару құралы ретінде қарастыру және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бюджет жағдайын қарастыру, әр жылдың
көрсеткіштерін өзара салыстыру.
Жұмыстың міндеті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне
тоқтала кетіп, жылдық кезеңдеріе зерттеу жасау.
Жұмыс екі тараудан тұрады: бірінші тарауда – мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмұнымен таныссақ, екінші тарауда - Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бюджетін қарастырдым.
Жұмыс барысында көптеген еңбектерді пайдаландым. Оның ішінде жиі
пайдаланылғандары: Б.С. Өтебаевтың Мемлекеттік бюджетоқулығы және
интернет сайттары.
1 Мемлекеттік бюджетінің экономикалық мазмұны

1. Мемлекеттік бюджет түсінігі

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабында бюджетке
келесідегідей түсінік берілген: бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық- экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгертпейді.
Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілетті органдардың
шешімдерімен бекітілетін мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуге прнплған
және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін
операциялардан түсетін кірістер, салыққа жатпайтын, заң актілерінде
көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда
пайдаланылады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында
немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған
қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген:
бюджет-ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет-ол
заңнамалық құжат; бюджет- ол коммуникация құралы; бюджет- ол бюджеттік
салық саясатты дәлелдейтін құжат деген.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне
байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген – ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сраптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы
бюджет.Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині – мемлекет құрастыратын
және басқаратын орталықтандарылған бюджеттік қор мағынасында да
пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік
қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық-құндылық түрі бар,
яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша
қаражаттар қоры- бюджеттік қорда болады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
қарастырылады. Мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде
бірнеше иеліктерді иеленеді.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы
реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу
процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатытушылары
арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория.
Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын
қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз
етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттіе
бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және қайта бөлу функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:
- Ұлттық табысты қайта бөлу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- экономиканы реттеу мен ынталандыру;
- ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау.

2. Мемлекеттік бюджет – экономиканы басқару құралы ретінде

Мемлекеттік бюджетті жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің
ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып,
оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті
экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды
қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің
дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен
ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын
реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады.
Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру,
экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы
басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады,
себебі бюджет негізі – бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның
тиімділігін жоғарылату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын-ала анықталғанын айрықша айту
керек. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат атқылы формада
пайдалану, екіншіден мемлекеттік бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық
өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану.
Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен
дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық
құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын
уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте
маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік
механизм арқылы іске асырылады.Осы механизм арқасында объективтік түрде бар
қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі
болады.Бюджеттік механизм – ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға
мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен
қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары мен
елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде
пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша
қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың
салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар
түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік
бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы
басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат,
экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы
бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемлекеттің экономикалық және қаржылық
саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал. Қаржылық бақылау барлық
деңгейдегі бюджеттерді қалыптпстыру процесінде және де оларды орындау
жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекеттің активтері мен гранттарын
пайдалану және тағы басқа бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау
уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық
ұйымдастырушы жұмымының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-
әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан ол
көбінесе олрды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары
деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына
қайшы келмейді. Себебі, мемлекеттік бюджет термині өз сипатына байланысты
екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі – бөліп тұратын қатынас
саласына жатады, екіншісі – адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын
объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы
жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшклігіне байланысты, яғни
қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан,
экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік
табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың
формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

2.1 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру
тәртібі

Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы
есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Ережелерге 10 -
қосымшаға сәйкес нысан бойынша және мыналардың:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
ведомство ұсынған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
жергілікті атқарушы органдары және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына
қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған есептердің негізінде
құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің (облыстар,
республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) атқарылуы туралы
есептің;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма – қол
ақшасының бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің негізінде
жасайды.
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджеттік
бағдарламалар ішкі бағдарламалар бойынша түсімдер атқарылуының және
немесе төленген міндеттемелердің деректерін пайдалана отырып жасалады.
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп мемлекеттік және
жергілікті бюджеттерді атқару туралы есептер үшін осы Ережелерде
белгіленген мерзімде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау
жөніндегі орталық уәкілетті органдарға электрондық түрде және қағаз
тасушыда ілеспе хатпен, қол қоюды растамай береді.
Бюджеттің атқарылуы туралы есептілік жасалған операциялардың
тұпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің болмауын
білдіретін анықтық, Қазақстан Республикасының бюжет заңдарында көзделген
барлық талап етілетін аппараттың көзделуін білдіретін толықтық, Салық
Кодесінің және басқа нормативтік құқықтық актілердің есептілік жасау
жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сияқты сапалық
сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттің орындалуы туралы есептілікте алынған тауарлардың (жұмыстадың,
көрсетілген қызметтердің) бюджетке түсетін түсімдері ақшалай көрсетіледі.
Бюдеттің орындалуы туралы есептілік есептердің мынадай түрлерін:
1. мемлекеттік мекемелердің есептерін:
– мемлекеттік мекеменің балансын;
– жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;
– тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы
есептілік;
– демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі мен жұмсалуы
туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін
басқа да есептерді.
2.бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:
– бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті;
– бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;
– тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден
түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы
туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген басқа да
есептерді;
3. бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есептерін:
– мемлекеттік бюжеттің және облыс бюджетінің (бекітілген,
нақтыланған, түзетілген) атқарылуы туралы есепті;
– республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің
(бекітілген, нақтыланған, түзетілген) атқарылуы туралы
есепті;
– бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық
есепті;
– түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы
туралы есепті;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті
атқарушы органның талаптары мен міндеттемелерінің жай – күйі
туралы есепті;
– түсім сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық
есебіне есептелуі туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі және бюжеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті органдар белгіленген басқа да есептерді;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның
есептерін:
– республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайтын Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық
есепті қамтиды.
– Есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, оны жасаудың және
табыс етудің мерзімдері мен тәртібін бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органдар өз құзыреті шегінде есептіліктің қосымша нысандарын және оларды
жасау мен табыс ету тәртібін белгілеу құқылы.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер
есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді
басшылыққа алуға міндетті.
Бюджетті орындау туралы орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан
кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттің
орындалуы туралы есепті, сондай – ақ Бюджет Кодекстің 121 – бабының 3
тармақшасында көзделген басқа да есептерді Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, Републикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық
уәкілетті органға табыс етеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан
кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және
мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.

2.2 2005 – 2009 жылдардағы мемлекеттік бюджет көрсеткіштері

Төмендегі кестеден соңғы жылдардағы мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін
көруге болады.

млн.теңге.
Атауы 2005 2006 2007 2008 2009
1)I. Кірістер 2 338 2 887 2 887 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
Қазақстанның бюджет жүйесі
МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ ҚАТЫНАСТАР
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Пәндер