Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4. Шағын инновациялық бизнестің дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
5. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік – экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз – нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде белгiлi бiр «пайдалы инновациялық тиімдiлiкпен», яғни, экономикалық, ғылыми –техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.
Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует – кез келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші – жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, кострукторлық және жобалық ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды.
1. Шумпетер Й. Теория экономического развития. - М.: Прогресс, 1982. – 454 с.
2. Купешова С.Т. «Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны» // Саясат №2, 2001 жыл. Даму институты.
3. Ерешев Д. «Қазақстан заңнамасындағы инновация түсінігі» // Заң, №9, 2005 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 2007 ж.
5. Freeman C. Technology Policy and Economic Performance. London, Pinter Publishers, 1987.
6. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі. Қазақстандағы 2005 жылға қатысты ғылым мен инновациялық қызмет. Статистикалық жинақ. Алматы 2006.
7. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі. ҚР кәсіпорындарының 2006 жыл бойынша инновациялық қызметі. Алматы, 2007ж.
8. Заборцева Е. Реструктуризация инвестиционной политики Республики Казахстан в процессе реализации стратегии индустриально – инновационнного развития экономики. /Экономика и статистика. 2006г. №4, 91 б./
9. Технологии Казахстана» электронды журналы. www.innovations.kz
10. «2006 жылы Бірінші жартыжылдығына қатысты ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2006 жылы екінші жартыжылдығына қойылатын міндеттер» ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің есебі. www.minplan.kz
11. А. Тұрғынбаева «Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе қызметіндегі даму институттарының рөлі» // Қоғам және Дәуір. №3(15) 2007 жыл
12. «Ұлттық инновацияны қолдау» // Президент және халық. 29 желтоқсан, 2005 жыл.
13. Жанбирова Б.А. «Совершенствование инновационной политики Республики Казахстан на современном этапе» // Транзитная экономика №6 (63) 2007г. стр. 19-22
14. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Президенттің халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 18 ақпан 2005 жыл.
15. Н.Ә. Назарбаев. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің халқына жолдауы. // Сарыарқа. 26 наурыз 2004 жыл.
16. А. Кошанов «Наука как стратегический приоритет формирования инновационной экономики» // Саясат, №1. 2007г.
17. Назарбаев Н. Участникам Международной конференции «Наука третьего тысячелетия» // Казахстанская правда. 11 мая 2000 г.
18. 4 Республикалық марғұлан оқулары «Инновация – жаңа бастамалардың негізі» Жезқазған, 2006 жыл.
19. Жарменов А.А., Акбердин А.А. Комплексная переработка минерального сырья Казахстана, Астана, 10 том, 2003 г. (4 Республикалық Марғұлан оқулары «Сапа, инновация, және еңбекпен қамту, университеттер тәжірибесі», Жезқазған, 2006 жыл 37-41 беттер)
20. Камалиев Б. «Бәсекелестікке бастайтын бес бағыт» // Орталық Қазақстан, 2007 жыл 3 шілде
21. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама Астана, 2005 жыл.
22. А.Есилов «Повышение эффективности инноваций в малом бизнесе» // АльПари, №1(45), 2006г.
23. А. Акчурин «Некоторые проблемы инновационного развития РК» // Қаржы-қаражат, №3, 2005 г.
24. Статистический бюллетень // Алматы, Агентство РК по статистике, 2004, №1.
25. А.О. Демеубаева, Г.Ж. Ахметова «Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптасуы» // Қаржы қаражат, №3, 2007 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Студенттердің ғылыми жұмысының республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару

Девиз: Жаңашылдық – тиімділік кепілі

Алматы, 2009 жыл.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі
концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына
сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4. Шағын инновациялық бизнестің дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 21
5. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..35

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
бірқатар әлеуметтік – экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-
шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің
дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы
қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен
жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен
минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық
қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн
табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует
қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi
инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге
қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз – нарықтық бәсеке
негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық
үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде
белгiлi бiр пайдалы инновациялық тиімдiлiкпен, яғни, экономикалық,
ғылыми –техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.

Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау
Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует – кез
келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер
тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-
техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың
құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге
қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер
инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық
даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық
индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі
технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік
экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің
негізгі қозғаушы күші – жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан
бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар
қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-
техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы
жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, кострукторлық және жобалық
ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана
пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да
пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік
бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді.
Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік
экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейд, сондықтан индустриалды –
инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда.
Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – индустриалды – инновациялық
қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта
құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады.
Индустриалды – инновациялық қызмет – бұл ғылыми-техникалық идеяларды,
ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын
деңгейде жеткізу қызметі. Индустриалды-инновациялық қызметті басқару
мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау,
инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Инновациялық үрдістерге тән жоғары дәрежедегі динамикалық, анықсыздық,
қарсы факторлардың көп болуы менеджментті күрделендіреді. Сондықтан
индустриалды-инновациялық қызметті басқаруда жағдайдың күрделілік сипатын,
бәсекені, тәуекелді ескеру қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің
элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) қызмет
атқаруда. Ескі ҰИЖ-ге мемлекеттік сектордағы ғылыми-техникалық ұйымдардың
көпшілігі, әскери индустрия кешенінің ғылыми-техникалық орталықтары мен
ұйымдары жатады. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын
сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды,
көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы,
консалтингтік т.б. орталықтарды жатқызуға болады. Аталмыш ҰИЖ субъектілері
нарықтық экономиканың ұйымдық және жүйелік принциптері негізінде қызмет
атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық
жүйенің әрекеттері болып табылады.

1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі
концепциялары

Нарықтық экономикадағы ғылыми қызмет нәтижелерін пайдалану
мүмкіншіліктерінің мол болуы, инновация деген экономикалық және жалпы
ғылыми категориясын өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы
құбылысты, жаңалық енгізу деген техникалық мағынаны білдіретін
инновация сөзімен атала бастады. Инновациялық қызмет туралы заңның
түсініктерге арналған 1-бабы бойынша, инновация – жаңа немесе
жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа
ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық – экономикалық немесе басқа да
өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр
түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге
асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері. Біріншіден, бұл анықтамада
инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген.
Екіншіден, инновация – инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген.
Жалпы инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан
басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И.Шумпетер өзінің Экономикалық
өсу теориясы еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет
инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты
жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа
кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін,
өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр
кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар
комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. И. Шумпетер жаңа
комбинациялардың бес түрін көрсетті:
• жаңа өнімді қалыптастыру;
• жаңа технология пайдалану;
• өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
• сатудың жаңа рыноктарына шығу;
• ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөздерін пайдалану.
И. Шумпетер өз теориясын Н.Д.Кондратьев толқындарымен байланыстырды.
И.Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра
отырып Г.Менш, К.Фримен т.б ғалымдар жалғастырды. Ал МакКинзи
компаниясының менеджері Р.Фостердiң технологиялық айырылымдар теориясы
И.Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р.Фостердің айтуынша кез келген
технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз
технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына
жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы
керек. Ғылыми –техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретiнде Солоу,
Е.Домар және Р. Харрод моделдерi танымал. Технологиялық кезеңдерді
инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А.Ансофф. Ол
технологиялық кезеңдердiң түрлерiн анықтап, өнім өндіру технологиясының ,
сұраныс және ұсыныстың өмiр кезеңдерiн бір бірімен байланысын ашып көрсетті
1, 454 бет
Инновация сөзі 1440 жыл француз тіліндегі жаңғыру және жаңа әлде
зат жасаудың жаңа жолы деген мағынаны білдіретін innovacyon сөзінен
пайда болған. Инновация дегеніміз – бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық
қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған
технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар 2, 64-
67 бет.
Р. Портер: Ғылыми парктер - әдемі ландшафта орналасқан, үлкен және
кіші фирмаларды жоғары технологиямен қамтамасыз ету және ол жоғарғы оқу
орнымен байланысты – деген, ал зерттеу парктері – ғылыми парктермен барлық
жағынан тең, бірақ кең өндірістік масштабтағы қызметпен және ЖОО байланысы
аз, яғни шектеулі. Технологиялық парктер – (технополистер) кең территорияны
алып жатыр, оған еңбек сиымдылығы жоғары фирмалар бағытталған., ал ЖОО
байланысы тұрақты емес және оның әсері бәсең.
Ю. Гаушилд және Р. Штейнкюхлер ғылыми және зерттеу парктерін бөліп
қарамайды. Оның басты қағидалары технологиялық білімнің локальды
агломирациясынан және нау-хау - дан тұрады деп және белгілі бір
технологияға бейімдеуі күшейеді деген 1, 37-41 бет.
Ғылыми паркт терминді ұйымдар басқа әйгілі атпен белгілі; мысалға:
зерттеу паркі, инновациялық орталық, алдыңғы қатарлы технологиялардың
даму орталығы т.б. аттармен қоғамда өзінің орнын алып, дамуда.
Ғылыми-техникалық прогресс — кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық
даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада
лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп
беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап,
ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк
қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың
әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен
өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi
(жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық
процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-
конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет
көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу
рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге
асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне
жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет)
өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне
(оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық
ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға
бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Жалпы А. Флемингтің бағалы антибиотик – пеницилинді пайдалануды іске
асыруы, 18 ғасырда фотосуреттің пайда болуы, телефон, радио, персоналды
компьютерлердің, жердің жасанды серіктерінің пайдаға жаратылуы – бұл
жетістіктердің бәрі де инновациялық прогресс нәтижелері.
Қарастырылатын түсінік – жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе
жетілдірген техникалық прогресс деп берілген. Инновация тақырыбына
арналған әдебиетте, инновацияның статистикалық (өнім) және динамикалық
(прогресс) болмыстары көрсетілген. Инновацияны осындай жолмен қарастыру
көптеген зерттеушілерге тән. Мысалға О.П. Молчанова инновацияны түсінудегі
ғылымдағы екі амалдың бар екенін көрсетеді. Біріншісі, инновацияны
шығармашылық процестің нәтижесі, екіншісі, осы нәтижелерді енгізу процесі.
Инновацияны процесс ретінде қарастыру – оның ғылыми – техникалық нәтиже
қалпынан, нарыққа шығарылатын тауар қалпына әкелетін процесс деп
қарастырылады.
Заңның 1-бабы 1- тармағында инновациялық қызмет – экономиканы және
бәсекелестікті дамытуға арналған, әр түрлі салалардағы өнеркәсіп және
қоғамды басқару салаларына жаңа ойларды, ғылыми білімдер, технологиялар мен
жаңа өнімдерді енгізуге бағытталған қызмет деп берілген.
Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында
атқарылатын қызметтер. Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс
әрекеттер жиынтығы. Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады 3, 22-25б.

Сурет 1 – Инновациялық процестің сатылары
Жалпы біз инновациялық процесстерді интегралды, параллелді және
тізбекті ұйымдастыру әдістеріне бөлеміз. Тәжірибе жүзінде инновациялық
үрдістерді ұйымдастыру , жоспарлау , бақылаудың көптеген әдістері бар.
Жоғарыда айтылғандай жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы
инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады.

Бенчмаркинг әдісін үш деңгейде енгізуге болады

1. Микродеңгейде – кез келген кәсіпорынның конкуренттік позициясын күшейту
үшін пайдаланады;
2. Мезодеңгейде белгілі бір саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатымен;
3. Макродеңгейде - мемлекеттің отандық кәсіпкерлрдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру саясатына әсер ету.
Дегенмен Қазақстандағы инновациялық саланың дамуының қазіргі деңгейіне
сай мемлекеттің рөлі жоғары. Осы себептен, бұл саладағы қатынастарға
түсудің мемлекеттің ерекше құқық субъектісі ретіндегі алғышарттардың да
болуы қажет. Яғни, оның жария және жеке құқық субъектісі ретіндегі
мәселелердің заңда алдын алу қажет. Өйткені, инновациялық қызметтің
қоғамдағы жүзеге асырылуы, азаматтық құқықтағы теңдік принциптеріне
негізделеді. Осыған орай инновациялық заңнаманың нақты түрдегі жеке құқық
және жария құқық салаларының бөлінуі қажет. Демек инновациялық қызмет
туралы заң жеке құқық деңгейіндегі қатынастарды реттеуі қажет, ал
мемлекеттің инновациялық қатынастарға түсу алғышарттары, мысалға,
Мемлекеттік инновация саясаты туралы заңда немесе басқа да мемлекеттің
инновациялық қатынастарға түсуін реттейтін заңның болуы қажет.

2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы

Қазақстан экономикасын модернизациялау және оны Елбасы Н. Назарбаевтың
соңғы жарғысында көрсетілген сыртқы нарықтарға бағыттау кезінде
инновациялық жүйенің тиімділік проблемасы бұрынғыдай өзекті мәселелердің
бірі болып отыр 4. Бұл процесті жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде
инновациялық инфрақұрылым, соның ішінде даму институттарын қалыптастыру
мәселесін айтуға болады.
ҰИҚ-ның мақсаты- технопарктер, бизнес-инкубаторлар салу, венчурлы
қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның құрамында 9 венчурлы қордың
қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған төртеуі- шетелдік. Қазіргі
кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен маңызға ие болып
тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.
ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына
технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шарушылығы
өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында
да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр.
Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға,
космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, Озық жетістіктер
орталығын құру, экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып,
озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану
мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы
Қоғамдық форумда қабылданған болатын. Ұлттық
инновациялық жүйе түсінігіне қатысты түрлі көзқарастардың болуын ескере
отырып, ең алдымен бұл ұғымның мәнін түсіндіре кетейік. XX – ғасырдың
соңында түрлі елдің ғалымдары жапондық технологиялық өрлеудің қайнар көзін
түсіндіру қажет болғанда Ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) концепциясына алғаш
рет назар аударған еді (К. Фримен, Р. Нельсон, Н. Розенберг, Б. Лундвана
және т.б.). 1997 жылы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бұл
түсінікке берген анықтамасы дәлірек болды.
Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз - мемлекеттің инновациялық
саясаттын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара
қарым – қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай
жасайтын, жеке және мемлекеттік секторге қатысты институттар жиынтығы 5.

Қазақстанда 2007 жыл ҰИЖ – ні мемлекеттің белсенді қатысуымен
қалыптастыру мақсатын көздеген 2003 – 2015 жылдарға арналған Республикалық
индустриалды – инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыруда 2 – кезеңнің
соңғы фазасы екені баршамызға мәлім. Жалпы алғанда, сарапшылардың бағалауы
бойынша, Қазақстанның индустриалды – инновациялық саясатын жүзеге асыру
мемлекет қызметінің барлық салаларына әсер етті, бұл бойынша заң қабылдау
саласында түрлі жұмыстар атқарылып, бағдарламалық құжаттар мен нақты
шаралар қолданылып жатыр. Республикадағы инновациялық қызметті ынталандыру
бойынша үкіметтің қабылдаған түрлі шараларының нәтижесінде бұл саладағы
халық белсенділігінің өсу тенденциясын байқауға болады. Дәлірек айтсақ, ҚР
статистика жөніндегі Агенттіктің 01.01.2007 ж. Берген мәліметіне сәйкес,
республикадағы инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 505 бірлікті құрады.
Бұл респонденттердің жалпы санының 4,8% - на тең (1 кесте).
Қазақстанның ҰИЖ – гі мемлекеттік даму институттарына Қазақстанның
даму банкі АҚ, Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ, Ұлттық инновациялық
қор АҚ, Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы АҚ, Технологиялық трансферт пен инжиниринг
орталығы АҚ, Маркетингтік – аналитикалық зерттеулер орталығы АҚ жатады.
Еліміздің экономикасының барлық секторында
инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру
мақсатында 2006 жылы 16 наурызында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес,
мемлекеттік акциялар пакетін иемдену мен қолдануға құқылы, мемлекеттік даму
институттарына қатысты басқарушы холдингтік компания ретінде Тұрақты даму
қоры Қазына құрылды (2 сурет).

Кесте 1 – 2004-2007 ж.ж. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігі
Көрсеткіштер Жылдар
2004 2005 2006 2007
Респонденттер саны, барлығы 7212 8022 10392 10591
Соның ішінде: инновациялық 148 184 352 505
белсенді кәсіпорындар саны
Инновация саласындағы 2,1 2,3 3,4 4,8
белсенділік деңгейі, %

Негізі: 6, 7.

Сурет 2 – Қазақстан Республикасының даму институттарын басқару

2006 жылы 1 қаңтарында даму институттарының жалпы жарғылық капиталы 1
млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Қаржылық даму институттарының
инвестициялық жобалар портфелі жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын
қаржыландыруға жіберілген 134 жобадан тұрады 8, 91 б.
Даму институттар қызметінің нәтижесін бағалайтын болсақ, Даму Банкі
құрылғаннан бері республикамызда жалпы сомасы 1970,2 млн. АҚШ доллары,
соның ішінде Банктің қатысуымен 807,7 млн. АҚШ доллар көлемінде 84
инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданған. Сондай – ақ 2006
жылы 1-ші жарты жылында жалпы сомасы 196,9 млн. доллар. Банктің қатысуымен
57,7 млн. АҚШ доллар көлемінде 10 инвестициялық жоба мен экспорттық
операциялар мақұлданғанын да айта кеткеніміз жөн. Банк тарапынан
қаржыландырылатын жобаларының қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы
тоқыма кластерін құру мен Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портын
дамытуды бөліп көрсетуге болады.
Ұлттық инновациялық қор қызметінің негізгі бағыттары отандық және
шетелдік венчурлық қорларды құруға қажетті инвестициялау мен инвестиция
тартуға ғана емес, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асырушы
компанияларды қолдау, инновациялық қызметтің маманданған субъектілерін
қалыптастыру (технопарктер, технологиялық бизнес - инкубаторлар) және
тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жатады.
Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы АҚ-ы (ТТИО АҚ) ҚР
Үкіметінің бекітуімен 2003 жылы тамызында құрылған. 2004 жылы желтоқсан
айынан бастап ТТИО АҚ-ы ҚР технопарктер желісін дамытуға бағытталған
компания ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда АҚ алдыңғы қатарлы шетелдік
технологияны тарту мен Қазақстандық инновациялық жұмыстарды әлемдік нарыққа
шығару бойынша қызмет атқаруда.
Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы АҚ-ның соңғы
жұмыстарының бірі – технологияны трансферттеудің Қазақстандық желісін құру
(ТТҚЖ). ТТҚЖ – технологиялық алмасументрансфертпен айналысатын
инновациялық инфрақұрылымының ұйымдар жүйесі – технологиялық ақпаратты
тиімді тарату мен инновациялық, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға
серіктестерді іздеуге мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылымның құралы
9.
Бұл желінің негізгі мақсаты Қазақстандағы инновациялық бизнестің дамуы
мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны өндіріске енгізуді қолдау болып
табылады. ТТҚЖ-ның электрондық платформасы – ашық технологиялық биржа, яғни
технология трансфертін жүзеге асыру мақсатында әлеуетті технологиялық
жабдықтаушылар мен тұтынушылардың мүдделі кездесулері өтетін сауда алаңы.
ТТҚЖ-ң негізіне Еуропалық инновациялық релей – орталықтар желісінің (IRC)
бейімделген методологиясы алынып отыр.
ТТҚЖ желісін үйлестіруші ұйым – ТТИО АҚ-ы. Бүгінгі таңда ТТҚЖ-не
қатысудың нысаны – Желінің Мүшесі – инновациялық инфрақұрылымның
кәсіпорындары және ұсынылатын немесе талап етілетін технологиялар жайлы
ақпаратты жинайтын, технологияны трансферттеумен айналысатын, сондай-ақ
технологиялық аудит жүргізу мен ТТҚЖ базасына енгізу үшін профильдерді
толтыра отырып, аймақтық мәліметтер орталығын қалыптастыру ісімен
шұғылданатын басқа да ұйымдар. Мәліметтер орталығының мазмұны үшін бұл
ұйымдар толық жауапты.
Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ-нда қарастырылатын жобалар
экспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын жаңа өндірісті
қалыптастыру мен құрылыс материалдар өндірісі, агроөнеркәсіп кешені, шыны
жасау өнеркәсібі, металлургия, машина жасау өнеркәсібі, орман және ағаш
өңдеу, химия өнеркәсібі, балық шаруашылығы, инфрақұрылым (энергетикалық
және көлік) сияқты салалардағы қызмет етуші кәсіпорындарды жетілдіруге
бағытталған. 2006 жылы 1 шілдесіне қатысты жалпы құны 9,8 млрд. АҚШ доллар
құрайтын 362 жоба қарастырылуға жіберілді. Жалпы сомасы 174,19 млрд. АҚШ
доллар құрайтын 36 жоба мақұлданды. Қордың қатысу үлесі – 24,08%. 2006
жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтеріне сәйкес қордың жарғылық капиталда
қатысуымен жалпы құны 350 млн. АҚШ долларынан астам 27 жоба қарастырылды.
Қордың қатысуы – 182 млн. АҚШ доллары 10.
Тұрақты даму қоры Қазына АҚ-ы жанындағы Маркетингтік –
аналитикалық зерттеулер орталығы АҚ-ы кеңес беру қызметінің нарығында 2003
жылы тамыз айынан бастап қызмет атқарады. Орталықтың стратегиялық мақсаты –
ҚР индустриалды – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде
ұлттық экономиканы диверсификациялау процесін маркетингтік, ақпараттық –
аналитикалық қамтамасыз ету, өнімдердің экспорты мен бәсекеқабілеттілігін
жоғарылату.
Сондай-ақ, 2006 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде үш ұлттық
технопарк (Ақпараттық технологиялық паркі, Ядролық технологиялар паркі,
Биотехнологиялық паркі) және Орал, Қарағанды, Алматы қалаларында үш
аймақтық технопарктер қызмет етуде. Бұл аймақтық технопарктердің мамандануы
сол аймақтың негізгі өнеркәсіптік бағыты мен ғылыми әлеуетіне сәйкес келеді
11, 17-19 б.
Қорыта келгенде, Қазақстан шикізаттық фактордың басымдылығынан туатын
қауіпті ұғына отырып, өндірісте ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны
қолданатын өндірісті дамытуға бағытталған жаңа экономикалық саясатты
қалыптастыруда. Мұндағы ең маңыздысы – еліміздегі қаржылық, ғылыми –
техникалық ресурстардың тапшылығына қарамастан, мемлекеттің бұл мәселеге
тікелей мүдделі болуында. Бұл мүдденің сипаты тек шығарылған заңдар,
жарғылар мен бекітулерден ғана емес, нақты атқарылған істерден де
айқындалып отыр.
Бүгінде экономика саласы мамандары еліміз экономикасы жаһандануы
жайында бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкіндігін алға тартады. Мәселен,
экономиканың шикізаттық бағытталуы, әлемдік экономикамен елеусіз
ықпалдастығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның баяу дамуы,
кәсіпорындардың техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы,
ғылымның өндіріспен пәрмендә байланысының болмауы, ғылыми – зерттеу және
тәжірибелік жобалық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі. Осы аталған
проблемаларды шешіп, алдын алу үшін бастысы – қоғамдық әл – ауқаттың
іргетасы бола алатын, білім – ғылымға негізделген, бәсекеге қабілетті
экономика құру қажет. Ол үшін ұлттық инновацияның дамуы шарт. Осы негіздегі
индустриалық – инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған
стартегиясы экономика салаларын әртараптандыруға және дамудың шикізаттық
бағытынан кету арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуіне
негізделгені белгілі. Осыдан екі жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сай
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму
институттарының қолдауымен жүзеге асты. Сондай-ақ, 2005 жылдың басынан бері
жүргізіліп жатқан индустриалық саясаттың шеңберінде 64 жоба пайдалануға
берілді. Жыл аяғына дейін 169 жоба іске асырылды 12, 32 8-12б.
Салада жылжу бар. Жаһандану дөңгелегі алға қарай басқан сайын
экономикасы шағын мемлекеттер қадамы да қарқын алып келеді. Мысалы, соңғы
екі онжылдықта дамыған елдер жаңа технологиялардыенгізуде нарықтық
бәсекенің басты факторы ретінде әрі өндірістің тиімділігін арттыруда,
тауарлар сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызметті қолдау мен
белсенді мемлекеттік реттеу саясатын жүргізіп келеді.
Осыған байланысты Елбасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында үшінші
шақырылған Парламенттің 2 сессиясы депутаттарына Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы Заң жобасын қарауды тапсырған болатын.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі заң жобасына орай
депутаттар алдында баяндама жасаған Индустрия және сауда вице – министрі:
Инновация – зияткерлік меншіктің нысаны болып табылатын, қоғамды басқаруға
экономикалық тиімді және әлеуметтік, экологиялық маңызды болатын ғылыми –
техникалық қызметтің нәтижесі деген.
Осы орайда әлі де қолға алып іске асыратын жобалар жеткілікті. Тіптен,
инновацияны ілгері жылжытуда оның әдістемелік негіздерін тәжірибемен
ұштастыру мәселесі де үнемі өзекті болып келеді.
Алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында инновациялық менеджмент
және кәсіпкерлік саласындағы білім берудің халықаралық әдістемесін енгізу
қолға алынуы тиіс. Бұл елімізде технологияларды коммерцияландырудың
іскерлік қағидаларын, инновациялық жобаларды меңгерген кәсіби мамандардың
қатарын көбейте түседі. Шындығында да, жоғары оқу орындарына инновациялық
қызметпен айналысатын уақыт жеткендей. Мемлекетіміздің экономикасын
дамытуда және Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне ұмтылыс жасаған
тұста елімізде алдымен ғылымға, инновациялық қызметті меңгерген мамандар
даярлауға көңіл бөлінгені дұрыс-ақ. Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдаудың негізгі мақсаты осы саланы дамытуға жағдайлар жасау екені даусыз.
Ал жаһандану жағадан алып тұрған заманда оның негізгі принциптері аталмыш
қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделердің сақталуы болса керек.
Инновациялық қызмет басымдығынсыз ұлттық экономиканың бәсекелестік
қабілеттілігін арттыру мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиынға
соғары сөзсіз 13, 18-22б.

3. Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама

Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған
қадамды – білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың
жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша
қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз.
Бұл дегеніміз – Қазақстан экономикасының ғылыми білімге, инновациялық
технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік.
Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша игеруге, оларды мүмкіндігінше
республикада өңдеуге, мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс
орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барынша аз енгізуге
негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігін қажет
етпейтін шикізаттық экономикадан “өңдеуші және өндіруші” экономикаға өту
деген сөз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, “технологиялар индексі” деп
аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі, әрине, қоғамның
инновациялық даму деңгейін, технологиялар трансфертін, ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың дамуын, ғылыми зерттеулер мен
әзірлемелерге салынатын инвестициялар көлемін және де осы саладағы
университеттер мен бизнестің ынтымақтастығын бағалаудан құралады деуге
болады. “Шикізаттық” экономиканың халық тұрмысының “жоқтан бар” ғана
болуының факторы екеніне, сонымен қатар ұлттың санаткерлік және
адамгершілік әлеуетінің дамуына да кедергі келтіретініне қарсылық білдіру
қиын. Демек, мұндай экономика тұтас қоғамдық менталитетке де кері әсерін
тигізеді.
Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан күрделі өтпелі кезеңді еңсеріп,
нарық қатынастарын түбегейлі қалыптастырды. Экономикалық ғылымның
жетістіктері мен индустриалды дамыған елдердің озық тәжірибесін ұштастыра
отырып, елімізде экономикалық дамудың өзіндік бағыты қалыптасты.
Бүгінгі таңда дамыған елдермен арадағы алшақтықты жеделдетіп еңсеру,
уақыт жағынан ұту Қазақстанның Даму стратегиясының басты талаптарының бірі
болып саналады.
Қай елдің болса да дүние жүзіндегі орны, экономикасының тиімділігі,
халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейі олардың бәсекелік қабілеттілігіне
байланысты. Осы бағытта көптеген игі істер атқарылып, бәсекелестікті дамыту
мәселесіне көп көңіл бөлініпотырғаны өте маңызды.
Біздің жас мемлекетіміз тәуелсіздік алған он бес жыл мерзім ішінде
көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Табысты жұмыс істеп отырған нарықтық
экономиканы құру, қазақстандықтардың ақшалай табысын көбейту, саяси
процестерді демократияландыру - осылардың барлығы бізге неғұрлым жоғары
қарқынмен дамуға, ал елімізге әлемдік қауымдастықта елеулі орын алуға
мүмкіндік берді. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан
елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат.
Президент Назарбаев өзінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауында
қазақстандықтар үшін өмір айнасындай нақты тірліктің бет – бейнесін ашып,
болашаққа деген үлкен үміт пен сенім тудырды. Әсіресе ондағы еліміздің
экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең, Қазақстанды одан
әрі жаңарту мен демократияландыру екендігін айтып, алдағы уақытта барлық
күш жігер:
- мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және
құқықтық мемлекет ретінде дамытуға;
- еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты қамтамасыз етуге;
- өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және
шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа
технологияларды дамытуға;
- білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы XX ғасырдың
деңгейіне көтеруге;
- азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталатындығын атап көрсетті 14.
Қазақстанның жедел экономикалық және әлеуметтік прогресі туралы
айтылған ойлары – Қазақстанның өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары
стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің
қатарына қосылуы тиіс екендігі, оны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге
қабілетті болған жағдайда ғана жүзеге асыра алатындығымыз баршаға мәлім.
Осы тұрғыда инновациялық экономика құру және шикізатық емес секторды
дамытуды көздеп, индустриялық – инновациялық стратегияны жүзеге асыра
бастадық. 2003 жыл елімізде индустриялық – инновациялық стратегияны іске
асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар
өңдеуші салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкі жарты
миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға несие бөлді.
Бұл бастамасы ғана 15. Сондықтан да мемлекет өз тарапынан еліміздің
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін ұлттық инновациялық
стратегияны дамытуы керек. Бұл стратегияны іске асыру үшін қажет қаржы
көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Стратегияны өткізудің
мемлекеттік шығынының құны жылына 2002 жылдың бағасымен салыстырғанда 260
млн. АҚШ долларын құрап отыр. Бұл қаржыны жылына Даму институты стратегияны
өткізу шегінде жеке секторды қаржыландыру үшін бөліп отыруы тиіс 16, 4-
6б.
Стратегиялық шараларды қаржыландыру үшін Даму Банкінің, Инвестициялық
қордың, Инновациялық қордың қаржылары тартылады. Сонымен қатар, халықаралық
ұйымдар мен донор – мемлекеттер жаңа технологиялық және ғылыми сиымды
өндірістерді, инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған неғұрлым тиімді
жобаларды өткізу кезінде қаржылық көмек көрсетеді.
Бұл мәселе қазір мемлекеттік деңгейде көп айтылып, бүгінгі күнде
Қазақстанда индустриялық-инновациялық процестерді дамыту үшін нақты шаралар
жүзеге асуда, олар:
- Қазақстанның 2003-2015 жылдар аралығындағы индустриялық – инновациялық
дамуының Мемлекеттік бағдарламасы өңделді;
- инновацияны енгізу мен дамыту бойынша инновациялық қор қалыптастырылуда;
- Қазақстанның Даму банкі жұмыс істеуде, оның несиелері экономиканың
шикізаттық емес секторларында жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға
бағытталуда;
- ғылыми-техникалық және жоғары білім сфераларындағы шағын және орта
кәсіпкерлерді демеу, әрі дамыту бағдарламасы өңделді;
- ҚР Үкіметі жағынан жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылды.
Бұл шараларды жүзеге асыру Қазақстанның инновациялық дамуын
қалыптастыруда маңызыды екендігін атап айтқан жөн.
Жоғарыда айтылған міндеттерді жақын уақытта жүзеге асыру жаңа және
перспективті инновациялық ағымдар есебінен өнеркәсіптік өндірістер құруға
мүмкіндіктер берсе, ал жоғары бәсекеге қабілетті өнімдердің және оларға
деген сұраныстың көмегімен тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге
болады.
Бұл мәселені шешудегі негізгі бағыттарының бірі – ол ғылыми-техникалық
аймақтардың, технополистердің, технопарктердің қалыптасуы мен қызмет етуі,
инновациялық инфрақұрылымдағы шағын және орта бизнестің дамуы болып
табылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Үшінші мыңжылдықтың ғылымы атты Халықаралық
конференцияда сөйлеген сөзінде: Жаңа ғасырдағы тұрақты даму стратегиясы
отандық ғылымның жетістіктерімен, ресурстарды сақтайтын және экологиялық
таза технологиялар негізінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге көшумен
байланысты болатындығына күмән келтірмейтіндігін айтты 17.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Әбішұлы Ең басты міндет тек экономиканың
тұрақты дамуын қамтамасыз етумен ғана шектелмейтіндігін, оған қоса
экономикалық өсудің сапасын жақсартып, шағын және орта бизнесті, шикізаттық
емес секторларды дамытып, жаңа өзгерістерді енгізуге баса назар аударылуы
керек екендігін атап көрсетіп, осыдан кейін республиканың даму
стратегиясының маңызды компонентіне:
- ғылыми сиымды өндірістерді дамыту, өндірістің және басқарудың әртүрлі
облыстары мен сфераларына жаңа технологиялар мен идеяларды
енгізужататындығын айтты 18, 223-227б.
Қазір Қазақстан экспортының 65%-ын шикізат ресурстары құрайтындығы
бәрімізге белгілі. Бұл біздің мемлекетімізді әлемдік мүмкін экономикалық
дағдарыстардан қорғамайды, экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, біз әлемдік нарықтағы шикізат бағасының ауытқуынан тәелді
болмауымыз керек.
Бұл жағдайдағы жалғыз ғана жол – ол Қазақстан экономикасының құрылымдық
қалыптасуын инновациялық ағымдар арқылы тездету және ғылыми-өндірістік
сфераларды инвестиция көмегімен ынталандыру болып табылады. Белсенді
индустриялық-инновациялық саясат жүргізу нәтижесінде экономиканың өсу
қарқынын жылына кем дегенде 8,8 – 9,2%-ға жеткізуге болады. Бұл 2015 жылға
дейін ЖІӨ көлемін 2000 жылмен салыстырғанда шамамен 3,5 – 3,8 есе өсіруге
болады деген сөз.
Республикамыздың қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайына талдау
жасай отырып, экономиканы реформалауда белгілі табыстарға жеткенімізді
көруге болады. Ішкі жалпы өнім өткен жылы 9,1%-ға өсіп, жан басына шаққанда
2700 АҚШ долларын құраса, орташа жалақы 13,9%-ға өскен. Соңғы алты – жеті
жыл ішінде бюджет кірісі төрт есеге, инвестиция 70%-ға өскен. Еліміздің
Ұлттық қоры Халық банкінің активімен есептегенде 14 млрд. АҚШ долларын
құрап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайының
шикізат секторынын ықпалынан енді шығып келе жатқанын айтуымыз керек.
Дамудың сапасына жету үшін экономикамыздың үлесінде шикізаттан гөрі дайын
өнім үлесінің басым болуы, соның ішінде ғылымды көбірек қажет ететін
салаларымыздың өркен жаюы қажет. Бұл көрсеткіш ұлттық өндірістің даму
деңгейін көрсетеді.
Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан
лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім
мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек 19.
Бүгінде Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша ТМД елдерінің
алдыңғы қатарында тұр. ЖІӨ қазіргі бағаға шаққанда 129 млрд. долларды
құрайды (жан басына шаққанда – 5515 доллар). Елдің алтын валюталық қоры –
25 млрд доллар. Ел бюджеті 13,5 млрд. долларға жетті. Мұнан басқа жұрттың
қолындағы ақшалары 12 млрд. доллар деген дерек те бар. Ұлттық қор 16 млрд.
доллардан асады.
Ең алдымен мына мәселені анықтап алайық, халықаралық тәжірибе
көрсеткендей, шетелдік фирмалар мен трансұлттық компаниялар басқа елдерге
үш түрлі жолмен барады: инвестиция, технология, менеджмент. Ал қазақ жеріне
келген инвесторлар қайтты? Не ноу – хау технология, не жоғары сапалы
автоматтандырылған жасау – жабдық, не тиімді басқару менеджментін әкелген
жоқ. Қарасаңыз, республикадағы мұнай – газ және тау – кен металлургиясы
саласындағы кәсіпорындар, ірі кен орындары шетелдіктердің қолында. Мәселен,
мұнай өндіру бойынша Қазақстанның өзіндік үлесі тек 15 пайызды ғана
құрайды. Ал енді осы шетелдіктер, мысалы бүгінде сөз болып тұрған
металлургиялық кешендерді 15 жыл бойы басқару кезінде жаңа технология
енгізді ме? Керісінше, кеңес үкіметі кезіндегі шикізат өндіру технологиясын
өзгеріссіз сол қалпында ұстап тұр. Сондықтан олардың ішкі нарыққа енуі
елдің экономикалық құрылымдарына қандай да бір сапалық өзгерістер берді деп
айтуы қиын. Сөйтіп, тұтастай алғанда еліміз шетелдік инвесторлармен бірге
келуі тиіс осы игіліктерден құр алақан қалып қойды. Осы тұрғыдан алғанда,
соның кесірі деу керек, Қазақстан енді өз қалтасынан қаржы шығарып жаңа
технологияларды енгізуге күш салып отыр. Әрине, инвестордың қазақты
жарылқап тастайын деп келмейтінін білеміз. Сөйте тұра екі жақты келісім-
шарт жасалған кезде мемлекеттік мүдденің өз деңгейінде ескеріле бермейтіні
де рас.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында инвестицияға аса зәру болдық.
Шетелдіктердің Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру үшін мемлекет
инвесторларға жағдай жасап, көптеген жеңілдіктер берді. Президенттің өзі
оларды қанатының астына алып, шетелдік инвесторлардың ерекше кеңесін құрды.
Оларға деген салықтық, экологиялық, техника қауіпсіздігі т.б. талаптар
босаңсыды. Инвестор өзінің қолындағы бар әлеуетін пайдалана отырып қаржылық
салада, нарықты қорғау ісінде көптеген жеңілдіктерге ие болды. Ал отандық
бизнесте мұның бірі жоқ еді. Мемлекеттік органдардың заңсыз тергеп–
тексеруі де, бюрократтық кедергілер де, тағы басқа өмірде толып жатқан
жайсыздықтар қазақ бизнесінің басын саудаға салды. Ал мемлекеттік бақылаушы
– қадағалаушы органдар жоғары жақтан пәрмен түспей шетелдік инвесторларға
әсте жоламайды, әлімжеттік жасамайды. Қазір енді қазақстандық бизнестің
көзі ашылады деген үміт ұлғайды. Жақында ғана Елбасы Н.Назарбаев шетелдік
инвесторлар кеңесінің құрамына ұлттық кеңесті қосып, бір құрылым жасау
туралы шешімін айтты. Мұндай жағдайда отандық инвестор мен шетелдік
инвестордың құқы мен құзыреті теңестірілетін болады. Осы тұрғыдан алғанда,
отандық бизнесті газ – мұнай, тау-кен металлургиясы саласына тартудың
маңызы зор. Онда да өңдеу, түбегейлі өңдеу өндірісіне жұмылдырған тиімді.
Д. Мұқановтың айтуы бойынша, қазіргі кезде бұл сала сатармандық кәсіптен де
анағұрлым табыстырақ екен.
Жыл басында Үкімет Президент белгілеген ел дамуының 2007-2009 жылдарға
арналған басты бес бағытын жария еткен болатын. Оларға үлкен көлемде
мемлекеттік грант белгіленді. ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.. профессор Нұралы
Бектұрғановтың айтуы бойынша, қазіргі күні нанотехнологияны дамытуға – 1
млрд. доллар, биотехнологияны дамытуға – 12 млрд. доллар, ақпараттық және
ғарыштық технологияны дамытуға – 47 млрд. доллар бөлінген. Жақын күндері
көмірсутегі және тау-кен металлургиясы саласын дамытуға – 5 млрд. доллар,
ядролық технология мен энергияны қалпына келтіру технологиясына 8 млрд.
доллар беріледі деп күтіліп отыр. Міне, елдің ендігі жақын болашағы ойға
алған осы істерді қалай сәтті жүзеге асыратынымызға байланысты. Қазақша
айтқанда, ендігі тағдырымыз осы 20, 2 бет.
Қазіргі заманғы экономикалық даму логикасы Қазақстанды жаңа межеге
жеткізуді инновациялық қоғам сатысына өтудің жаңа бағдарламасын, жаңа
экономиканы орнатуды іске асыра бастады. Өркениеттің бүкіл ең жаңа
экономикалық тарихы білім мен ғылымның, жаңа білімдерді үздіксіз игерудің,
технологияларды ұдайы жаңартудың, инновацияларды ауқымды енгізу прогрестің
негізгі факторына айналғанын айғақтайды.
Жаңа экономиканың тиімділігі мынадан көрінеді, оның лидерлері
өндірістегі орасан үлкен бәсекелік артықшылықтарға, көбіне мүлде жаңа
тауарлар мен қызметтерге ие болады.
Уақыттың тарихи талабына біз бос қолмен, теп-тегіс жерде жауап қатамыз
деп айтуға болмайды. Республикамызда қуатты ғылыми әлеует, мықты қолданбалы
ғылым кезінде болған, экономиканың кейбір секторларына қазіргі заманғы
технологиялар енгізіліп келді. Тарихи тұрғыда Қазақстанның ғылымы мен
техникалық білімі негізінен еліміздің шикізат экономикасын қамтамасыз
етеді. Дамыған геология, тау-кен ісі қара және түсті металлургия, мұнай-газ
секторы әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен инженерлердің жетістіктеріне,
ғылымның біршама қомақты инфрақұрылымы - ғылым Академиясына, оның қуатты
ҒЗИ-тарына, жобалау институттары мен конструкторлық бюросына, ірі
техникалық ЖОО-рына арқа сүйеп келді. Осы жетістіктердің арқасында әлемдік
рыноктағы көшбасшылық позициялар әлі де сақталып отыр, ал қазақстандық 15
компания жетекші компаниялардың қатарына кіреді. Олар әлемдік өндірістің
элитасына жаңа технологияларды озық ендірудің, осы үдерістерін отандық
дарынды ғалымдардың, инженерлердің қатысуының арқасында кірді.
Экономика және өндірістің осы салалары қазіргі кезде ғылым мен білімнің
айтарлықтай зейін аударуын қажетсінеді, олар анағұрлым ғылымды
қажетсінетін, жоғары технологиялық салаларға айналып келеді.
Ғалымдар мен зерттеушілердің жаңа буындарын тарту жолымен ғылым мен
техниканың іс жүзіндегі жаңа бағыттарын жасау міндеті тұр.
Мемлекеттің ғылымға бөлетін қаражаты 3,6 млрд. теңгеге жетті.
Зерттеулерге жұмсалатын ішкі шығындар 14,5 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл
ретте кәсіпкерлік сектордың меншікті қаражаттары – 6,3 млрд. теңге,
коммерциялық емес жеке сектордың қаражаттары – 170,8 млн. теңгеге дейін.
Шетелдік инвесторлардың қаражаттары әзірлемелерге деген тапсырыстардың
бүкіл көлемінің небәрі – 0,8% құрайды 21, 93-96 б.
Инвестицияларға жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Пәндер