Саяси партиялар туралы мәлімет



I Кіріспе
II Нгізгі бөлім:
1 Саяси партиялардың мәні және қызметтері
2 Саяси партиялардың жіктелуі
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. Партия деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодаодық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер 2) саяси клубтар 3) көпшілік партиялар.Саяси клутардың аристрократиялық үйірмелерден айырмашылығы олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдіреді. Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелегі олар жұмысын тек сайлау кезіндеғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланады.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық және консервативтік партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

I Кіріспе

II Нгізгі бөлім:

1 Саяси партиялардың мәні және қызметтері

2 Саяси партиялардың жіктелуі

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. Партия деген
сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа
белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың
мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын.
Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады.
Мұндай партиялар феодаодық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген
дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса
экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың
саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара тұра
билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Бірақ саяси партиялар
бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы,
Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер 2) саяси
клубтар 3) көпшілік партиялар.Саяси клутардың аристрократиялық үйірмелерден
айырмашылығы олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдіреді. Олардың
тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі
оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелегі олар жұмысын тек
сайлау кезіндеғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да
көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды
тартты. Өздерінің үгіт насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие,
мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланады.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы
ғана басынан кешірді. Олар либералдық және консервативтік партиялары. Ал
қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың
біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861ж. Англияда либералдық партия
құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор
әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары
бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін
партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 ж.
Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы құрылды. XIX ғ. Аяғына қарай Батыс Еуропа
елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар
басқа континенттерде де құрыла бастады.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар
мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды
немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия адамдарды
жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі
деңгейінде әжептеуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты билікті
қолға алып, жүзеге асыру; 4) әр партмя өзіне халықтың дауыс беруінен
бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың
саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат
береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты
принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық
іс әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен
жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің мүддесін көздейді.
Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау жанжалдардың тууы
мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

А) қоғамның ірі топтарының мақсат мүдделерін анықтау, тұжырымдау және
негіздеу;

Ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

Б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

В) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін,
құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;

Г) мемлекетке билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;

Д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

Е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

Ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу;

И) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз
мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық
ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партиялармен
байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр
түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрыңғы
әлеуметтік экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту
керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында
қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік
қопарылысқа соқтырарлықөткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт
қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау
кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын құрайды.
Еуропадағы социал демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне
жұмысшылар жататын. Либералдық демократиячлық партияларды орта жіктегі
қызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. Қолдайтын.
Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік
иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. ХХ ғ.
Ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі
топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс
жүзіне асыруға белсене қатынасады.

Саяси партиялардың жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері
бар. Мысалы, интитуциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру
ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың
сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша
мән береді. Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз
ғалымы М.Дювердже жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында сайлаушылар мен
белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге
бөледі.(оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те
айтады).Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10 % ынан кемі ғана болатын,
мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылумен және тәртібімен
көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын
уақытылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы;
оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Швеция орталық
партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін
сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми
мүшелері болмайды. Партибель алып, мүшелік жарна төлейді. Мысалы;
мұндайларға АҚШ тың Республикалық және демократиялық партиялары, Англия
лейбористер партиясы т.т.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды
төрт түрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
Чили Коммунистік партиясы
Партиялар мен қозғалыстар
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
ҚР Президеттік сайлау тәртібі
Қазақстан көп партиялық жүйе
Қоғамның саяси жүйесінің даму
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Пәндер