Сұраныс және ұсыныс заңдары



Кіріспе
1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы.
2.Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы
3.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Рыноктық механизмді жалпы түрде экономиканың мәселелерін
шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы
тәуелсіз түрде өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы
деп анықтауға болады. Рынок механизмінің қызмет етуінің негізі сұраныс
пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар іс-әрекеті.
Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндірілген өнім көлемі мен олардың бағасын
анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзін-өзі реттеп отыратын нарық тепе-
теңдігін және соған сәйкес тепе-теңдік бағаны қалыптастырады. Өндіруші
мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмілелер бағаға әсер етіп,
рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешімдер қабылдайды. Міне, бұл жағдай
тұтынушылар мінез-қылығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші
орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі сұранысты қанағаттандыру болып
табылады.
Нарықта әрбір тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзінің
табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзін
қанағаттандыратын нұсқаны іздейді. Егер ол осы максималды шартты
орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті қолданылады.
Оларға: сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті, сұраныстың табыстық
икемділігі және сұраныстың қиылысқан икемділігі жатады. Осы сұраныс
икемділіктерінің ішінде сұраныстың кте тауардың сатылу бағасына тәуелді
болады.
1.Пиндайк Р.,Рубинфельд Д.Микроэкономика.-М.:Экономика,Дело,1992.

2.Хайман Д.Н.Современная микроэкономика:анализ и применение.В 2-х т.Т.II.−М:Финансы и статистика,1992-384с.

3.Гальперин В.М.,Игнатев С.М.,Моргунов В.И.Микроэкономика.Т.2.-СПб.- 1998г.

4.Экономическая теория./А.И.Добрынина,Л.С.Тарасевича.Санкт-Петербург-2001г.

5.Әубәкіров Я.Ә.Байжұманов Б.Б./Экономикалық теория.Оқу құралы.-Алматы.Қазақ университеті.

6.С.Әкімбеков,А.С.Баймұхаметова,У.А.Жанайдаров/Экономикалық теория.Оқу құралы.-Астана:2002.- 446б.

7.Мұхамедиева Б.М.Микроэкономика:Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті,2003 – 219б.

8.Мамыров Н.Қ.,Есенғалиева Қ.С.,Тлеужанова М.А.Микроэкономика/Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2000ж.- 420бет.

9.Есипова В.Е.Цены и ценообразование. Учебник для вузов.−СПб:."Питер",1999-464стр.

10.Мэнкью Н.Г.Принципы экономикс. - Спб:Питер Ком,1999-784стр.

11.Статистический ежегодник.Алматы.-2004г.

12.Шеденов Ө.Қ.,Сағындықов Е.Н.,Жүнісов Б.А.,Комягин Б.И.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Рыноктық механизмді жалпы түрде экономиканың мәселелерін
шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы
тәуелсіз түрде өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы
деп анықтауға болады. Рынок механизмінің қызмет етуінің негізі сұраныс
пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар іс-әрекеті.
Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндірілген өнім көлемі мен олардың бағасын
анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзін-өзі реттеп отыратын нарық тепе-
теңдігін және соған сәйкес тепе-теңдік бағаны қалыптастырады. Өндіруші
мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмілелер бағаға әсер етіп,
рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар
көптеген экономикалық шешімдер қабылдайды. Міне, бұл жағдай
тұтынушылар мінез-қылығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші
орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі сұранысты қанағаттандыру болып
табылады.
Нарықта әрбір тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзінің
табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзін
қанағаттандыратын нұсқаны іздейді. Егер ол осы максималды шартты
орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті қолданылады.
Оларға: сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті, сұраныстың табыстық
икемділігі және сұраныстың қиылысқан икемділігі жатады. Осы сұраныс
икемділіктерінің ішінде сұраныстың кте тауардың сатылу бағасына тәуелді
болады.
Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себепті және қандай
мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін “сұраныстың икемділік коэффициенті”
қолданылады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалылық коэффициент.
Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған
сұраныс функциясының факторы бір пайызға өзгерсе, онда сұраныстың
қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл тақырыптың өзектілігі, осы сұраныстың икемділік
көрсеткіші арқылы тұтынушылардың өмір сүру деңгейін, жалпы
экономиканың тұрақты дамуын және сыртқы факторлар өзгерісіне
тәуелсіздігін көруге болады . Өйткені тұтынушылардың өмір сүру
деңгейі төмендеу болса, олардың сұранысы бағаның өзгеруіне
сезімтал
болады, яғни сұранысы икемді болып келеді. Бұл мысалы бүгінде
еліміздің тұтынушыларының жағдайына сәйкес келеді. Менің
осы тақырыпты орындаудағы негізгі міндеттерім келесідей:
• Рыноктық қатынастың негізгі элементінің бірі сұранысты жан-
жақты қарастырып, оның рыноктың басқа элементтерімен байланысын
қарастыру;
• Сұраныстың рынок тепе-теңдік механизміндегі орнын және
оның әрекеттерін қарастыру;
• Рыноктық механизмдегі сұраныстың және сұраныс көлемінің
сыртқы факторларға байланысты өзгеруі немесе жылжуын қарастыру,
осы әрекеттердің экономика дамуы үшін әсерін талдау;
• Сұраныстың икемділігінің түрлерін және оның экономика үшін
маңыздылығын анықтау.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлемдегі орны рыноктық
қатынастағы дамушы мемлекет ретінде көрінуі болып табылады.
Рыноктық қатынастардың тиімді қызмет етуі барлық қоғамдағы
шаруашылық қызметтердің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етіп
отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.

1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы.
Сұраныс – бұл нарықта болатын, ақшамен етілетін қажеттіліктердің
көріну формасы. Ал, басқаша айтқанда, сұраным төлем қабілеті бар
қажеттілік. Құн тұрғысында сұраным қажетті тауардың бағасының
сомасы.
Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында
барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны график түрінде

сұраным қисығының сызығы деп атайды.

Р

Х2 Х1

Тауар саны

Сурет 1.Сұраным қисығының қисығы.

1-Суреттен көріп отырғанымыздай баға-Р1 сұраным мөлшері-Х1, баға
Р2Р1 сұраным мөлшері Х2Х1 сәйкес келеді.Тауардың бағасы
неғұрлым жоғары болса, оған деген сұраным төмен болса.
Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар
тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарларға баға өссе, онд
сығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл
жылжып отырады.
Қисық сызығының оңға Д1 Д2 қарай ойысуы тауардың
сұранымының өскенін, ал солға қарай ойысуы Д1 Д2 cұранымының
азайғанын көрсетед. Оны 2-суреттен көре аламыз:

Р Д1 Д2 Д3
Q

Сурет-2. Сұраныстағы өзгеруі

Нарықтық сұраныс толып жаткан факторлардың әсері арқылы
қалыптасады:
- бағаның деңгейінен;
- сатып алушылардың ақшалай табысының;
- тұрғындардың ұнатуының және артық бағалауынан;
- нарықтық шамасынан;
- жиналған мүліктен;
- сатып алушылардың санынан және басқалардан.

Сүраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның
қызметі функциясыдеп аталады. Оны мынадай формламен көрсетуге
болады.
Xa=F*(Б*Aт *T4 *M)

Мұндағы:

Xa-берілген тауарға сұраным мөлшері;
F-сұраныстың оны қалыптасқан факторлардың тәуелділік нысаны;
Б-берілген және кездескен тауарлардың бағасы:
Aт-тұрғындардың ақшалай тадысы;
T4-тұтынушылардың ұнатуы немесе артық бағалануы;
M-жиналған мүлік
Тауарға сұраныстың мөлшері тұрғындардың ақшала табысының
деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері
пропорционалды.
Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарларға сатып алушылар
тарапынын болатын сұраным азаяды. Егер сұраным мөлшерінің бағаға
байланыссыз детерлиенттар(басқаша айтқанда бағаға байланыссыз
факторларын) өзгеріссіз деп есептесек, онда сұранымның бағадан
функционалды тәуелділігін мына формула түрінде көруге болады;
Xa=F*A
Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық(барынша
жаңа, пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға
байланысты әртүрлі аймақтағы сұраным ерекшелігі);психологиялық(сатып алу
кездейсоқтығының шамасы);демографиялық(әртүрлі жастағы
ерлердің,әйелдердің,балалардың ерекше сұранымы;)кәсібилік-(білім
дәрежесі,айналысатын кәсібі мен қызмет түріне байланысты болатын тауарды
ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері);ұлттық-діни сипаттағы және басқа да
факторларға әсер етеді.
Нарықты басқару дегеніміз-осы факторлардың көмегімен сұранымға
тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады.Сұраныс икемді және
икемсіз болып келеді.Сұранымның икемділігі деп – сұраным жиынтығының
тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне жауап ретіндегі сандық өзгеру
шамасын айтады.Икемділіктердің сандық кемшіліктері жоқ,сарапшылар тек қана
сұранымның икемділік коэффициенті қолданады(сұраным икемділігі 1-ден
көп,яғни Ea1).Бұл коэффициент сатып алуға алынатын тауар санының
салыстырмалы түрдегі өсуін, бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен
анықталады:
Ea=%Xa÷%P
Мұндағы:
Ea-сұраным икемділігінің коэффициенті;
- сұраным көлемінің өсу проценті;
- бағаның төмендеу проценті;
Әртүрлі тауарлар тобына сұранымның икемділігі бірдей емес.
Бұл коэффициент,берілген және басқа тауарларға сұранымды қанағаттандыру
шамасынан,нарықта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін.Әдетте
күнделікті қажетті тауарлар,әсіресе тамақ өнімдерінің өте икемсіз сұраным
қисығы болады.Басқаша айтқанда,оларға деген сұранымның бағаларының өсуі
себепті айтарлықтай өзгере қоюы екіталай.Мысалы,нанның бағасының 24тиыннан
10сомға дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған
жоқ.Сұраным бұл ретте оңтайсыз,икемсіз болып отыр.Керісінше бағалардың
өсуінің әрекетімен хрусталь,зергерлік бұйымдар, жеңіл машиналар секілді
бұйымдарға төлем бар сұраным күрт қысқарды.Ал бұл көрсеткіш сұранымның
икемділігін сипаттайды.
Сонымен ,сұраным-төлем мүмкіндігі бар қажеттілік,яғни тұтынудың
керекті тауарларға төлей алатын ақша соммасы.

2.Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар.
Ұсыныс заңы
Ұсыныс – бұл нарықта тұрған немесе соған жетуге болатын белгілі бір
бағасы бар тауарлар жиынтығы.
Ұсыныс,өндірілген тауарлардың ассортименті(әр алуан жиынтығы)және
олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды;өз кезегінде сұраным,тауар
ұсынысының көлемі мен құрылымы мен белгілейді,себебі тек-қана тұтыну мен
танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.
Нарықтық бағамен өндірушілердің ұсынғысы келетін тацарлар санының
арасында ұсыныс қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас
болады.
Ұсыныс қисығының сызығы,әдетте оңтүстік –батыстан солтүстік-
шығысқа қарай көтеріледі.Оны 3-суреттен көре аламыз.

Р S
Q
X3 Xc X1

3-сурет - Ұсыныс қисығы.
Ббаға-Р1,өнім –Х1 сәйкес, ал баға-Рс және Р2-ге дейін төмедесе
онда өнім –Хс-және Хс-ге дейін азаяды. Баға Р1P2 ұсыным көлемі
Х1Х2 –ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны
көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.
Ұсыныс мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының сызығын оңға
қарай (S2S2) ал ұсыныс мөлшерінің азаюы солға қарай (S2S2)
жылжытады. Оны 4- суреттен көре аламыз.
P S1 S S2
Q

4-сурет─ Ұсыныстың өзгеруі.
Ұсыныс қисығының сызығына қандай факторлар әсер етеді?
Ұсыныс шамасы бағасынан қолданылатын өндіріс технологиясының
сипатынан салықтар мен дотациялардан, берілген (нақты) тауар мен
оған ұқсас тауарлардың бағасынан, бағаның өзгеруіне күтуден,
сатушылардың санынан, табиғат- климаттық жағдайлардан, өндірістік
шығындардан тәуелді болады.
Нарықтық бағаның көтерілуіне жауап ретіндегі ұсыным
көлемінің өзгеру шамасы ұсыныстың икемділігін сипаттайды. (Ұсыныс
икемділігі 1-ден көп, яғни Es1) Ұсыныс икемділігінің сандық
коэффициенті- ұсынылатын тауарлар санының өзгеру процентінің,
бағаның өзгеру мөлшерінің бөлінетін бөліндісі болып табылады:
Еs =%Xs÷%P
Es- ұсыным икемділігінің коэффициенті;
%Xs- ұсыным көлемінің өсу проценті;
%P- бағаның өсу проценті;
Ұсыныстың икемділік коэффициенті, егер нарықтық баға
белгілі бір процентке көтерілсе немесе төмендесе, ұсынылатын
тауар санының қалай өзгеретінін көрсетеді. Батыс елдердің
тәжірибесі ұсыным икемділігін өсу тенденциясын растайды, себебі
бағаның өсуі өндіріс көлеменің біршама көбеюін ынталандырады.

Ұсыныстың экономикалық теориясы
Соңғы жылдарда сұраныстың экономикалық теориясы сынға
ұшырауда. Бұған қарсы балама теория ретінде (экономикалы саясат
) ұсыныс теориясы оның басты белгілері:
1.Кейнстің доктринаснан бас тарту , яғни қысқа мерзімді
экономикалық тұрақтанудан орта мерзімге ауысу.Мұндай экономиканы
қалыптастыру дәл және тұрақты болуы мүмкін емес.Жетекші орында
экономикаға неоклацикалық басшылық басым болып, ретсіздік орын
алады.Бірақ бұл саясатты соңғы қорытындысы әлі белгісіз.
2.Ұсынысты ұлғайту күш салады, алайда өндіру мүмкіндігі бар
механизм баяуы әрекет етуде.
3.Салықты азайту: бұл еңбек пен қорлануды ынталандырады,
соның нәтижесінде өнім шығаруды көбейте алады. Бірақ соңғы
бес жылда салықты азайту көбіне ұсынысқа емес, жиынтық сұранысқа
әсер етуде.

3.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.
Тепе-теңдік баға.
Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету
механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең
болған деңгейде рыноктық баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында
барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары
болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс
деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және
керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен
сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты
график түрінде көрсетейік.

P

P1 А

В

P2
Д

Q1 Q2
Q

Егер абцисия рынокта сатып алынған тауар саны ал кординатада
баға қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q- қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп аталады.
Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай
өзгергенін көруге болады. Егер Р бағада сұраныс көлемі Q болса,
баға Р дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп
көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады; егер қайсыбір
тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса ), онда осы
тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да
тұжырымдауға болады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы
түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен
өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаю заңының барлық тауарға қатысы
бар. Оның себептерін анықтау қиын емес; олар бәрінен бұрын сатып
алушылардың табыстарының шектеулігіне байланысты. Егер жоғары
бағалы тауардың тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның
төмендеуі, біріншіден,рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі.
Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушы қосымша сатып
алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы
тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі
де төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін
өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер
рыноктық жағдайды сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады.
Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп
тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға
байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең
жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары
болады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы бір
жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына
байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда
алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар
сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге,
әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін есте
ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағанын өсуі ұсыныстың өсуі
қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда
өндіушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл әрбір жағынан
табыстың жоғары деңгейі беггілі дәрежеде қарқынды жұмысты
жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенді,
өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз
сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және
мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір фактордың әсерімен
сұраныс пен ұсыныс қисығының жылжуы мүмкін. Осыған байланысты
сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға
төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға
қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді, Әрбір (жоғары,төмен) сатып
алушылар осы тауарды көптепсатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы
туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күнінде сусындар мен
балмұздаққа сұраныс көбиеді. Бұл жағдайда D1 қисығымен қозғалмаймыз,
өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпты болады D2.
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне
бағадан басқа табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың
бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы, сатып
алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс
қисығы D1, оңға жоғары ойысады,бағаның сол деңгейіне Р1 cұраныстың
өскен деңгейі сәйкес келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор -өндіріс шығындары.
Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану
нәтижесінде немесе ауылшаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы
жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төменге
ауысады. Ұсыныстың көлемі тұрақты Р1 бағадан Q1-ден Q2
–ге дейін өседі. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын алып салыстырғанда,
жиынтық сұраныс пен ұсынысты белгілейтін графикті бір - бірімен
беттестірсек, онда бізді қызжықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс
тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады.
Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы
тепе- теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағадан ұсыныстың
сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың
арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның бағада сұраныс ұсыныстан
артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны
жоғары көтереді.
Тепе - теңдік бағада тұтыншылар сатып алатын
өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдердің санына
сәйкес келеді.Тек осындай бағада ғана бағаның өсуі жән кему
тенденциялары жоқ болады. Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың
тербелуі, рынокта тепе-теңдік орнықтыруғаалып келеді. Қоғамдағы осы
тауардың шектелген саны оны тұтыну мұмкін деген тұтынушылардың
арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе -
теңдік.Рыноктағы бағалардың тауарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп
отыруына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық заңдар
Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу
Экономика негіздері
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Нарықтық экономика туралы мәлімет
Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы
Бағалық саясат туралы
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Экономика ғылымы
Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Пәндер