Адамдар арасындағы қарым-қатынас



Кіріспе

I Адами қарым.қатынасқа жалпы сипаттама

1.1 Қарым.қатынас және оның қызметтері
1.2 Тұлғааралық қарым.қатынас түрлері
1.3 Тұлғааралық қарым.қатынастағы кері байланыс

II Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым.қатынас психологиясы және оның тәлім.тәрбиелік маңызы

2.1 Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс
2.3 Өзара реніштің туындау себептері

III Әлеуметтік ортада тілдесу арқылы қарым.қатынасты дамыту

3.1 Адамдар арасындағы өзара тілдесу қарым.қатынасының әлеуметтік. психологиялық сипаты
3.2 Қарым.қатынастың жалпы қоғамда дамуы

IV Қорытынды

V Әдебиеттер
Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар,ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселелердің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.Қарым-қатынас психологиясы-жантану ғылымдарының бір саласы. Сондықтан,қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
“Мен” – “Басқа”жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу,адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
“Топ”-“Мен”жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары,топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және қалай өзгертеді? Әлеуметтену-даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
“Мен”-“Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам-өз омірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі-адами қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психлолгиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
1. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология Алматы,1996.59-бет
2. Аймауытұлы Ж.Психология.-Алматы,1995
3. Аймауытұлы Ж.Жалпы психология(оқу құралы)-Алматы,1994
4. Елеусізова.С.Қарым-қатынас психологиясы.-Алматы,1995.
5. Жарықбаев Қ.-Алматы,1996
6. Жарықбаев Қ.Әбдірахманов А.Психология терминдерінің Қазақша-орысша сөздігі.-Алматы,1976
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі
8. Педагогика және психология.-Алматы,2002
9. Мектептегі психология .№1,2007(56-57беттер)
10. Намазбаева К.Психология.-Алматы,2005
11. Тәжібаев Т.Жалпы психология.-Алматы,1993

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе

I Адами қарым-қатынасқа жалпы сипаттама

1.1 Қарым-қатынас және оның қызметтері
1.2 Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері
1.3 Тұлғааралық қарым-қатынастағы кері байланыс

II Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-
тәрбиелік маңызы

2.1 Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс
2.3 Өзара реніштің туындау себептері

III Әлеуметтік ортада тілдесу арқылы қарым-қатынасты дамыту

3.1 Адамдар арасындағы өзара тілдесу қарым-қатынасының әлеуметтік-
психологиялық сипаты
3.2 Қарым-қатынастың жалпы қоғамда дамуы

IV Қорытынды

V Әдебиеттер

1

КІРІСПЕ

Қарым-қатынас психологиясының мақсаты және міндеттері

Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің
сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз
байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен
тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын
зерттеуде психологтар мен социолог мамандар,ұстаздар мен басқару
қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды
мәселелердің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара
тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің
шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал
етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.Қарым-қатынас
психологиясы-жантану ғылымдарының бір саласы. Сондықтан,қарым-қатынас
психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
“Мен” – “Басқа”жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда
болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу,адамдардың бірін-бірі тану мен
түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін
анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін
айқындау.
“Топ”-“Мен”жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның
мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның
әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары,топ және қоғам адамның
тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және қалай өзгертеді? Әлеуметтену-
даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,нормаларды әр адамның өз бойына
сіңіру үрдісі.
“Мен”-“Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған
белсенді ықпалы. Әрбір адам-өз омірінің, өз әлеуметтік байланыстарының
қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының
жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі-адами
қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, қарым-
қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас
барысында әлеуметтік-психлолгиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

2
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-
құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Қарым-қатынас психологиясының маңызы орасан зор. Адам өмірін
қарым-қатынассыз,топішіндік және топаралық қатынассыз,байланыссыз
елестетудің өзі өте қиын.Адам қай дәуірде өмір сүрсе де бірімен-бірі қарым-
қатынаста болуы, бір жағынан,әлеуметтік өмірдің заңдылығын білдірсе, екінші
жағынан, сол адамдардың күнделікті тіршілік бейнесін білдіретін
қажеттілігі. Әдетте адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қай түрі
болса да ол мәдениеттілік пен имандылыққа, сыпайылық пен әдептілікке
негізделуі керек.
Әдеп сақтап сыпайы болу, мәдениеттілік пен кішіпейілділік мінез-қылықты
әрбір адамның жеке басына тән даралық қасиетін білдіретін психологиялық
сипат болып саналады.

АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Адами қарым-қатынас және оның қызметтері

Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін,жалпы
қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас Г.М.Андреваның пікірі
бойынша адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас- табиғи бетпе-бет, сөздікжәне бейсөздік(ым,қимыл)
құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс
бір мезгілде өтеді. Бұл-адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы
бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас-қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын,не
кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз
психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами
қарым-қатынасты күрделендіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас-екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс
адамдардың тікелей контактілері. Тұлғааралық қарым-қатынастардың белгілері:
қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі,
бірге күйзелуі,өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық қарым-қатынас-бейтаныс адамдардың тікелей не жанама(бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда,
шеру-бұқаралық қарым-қатынас, телемарафон, радиохабар-жанама қарым-қатынас,
вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

3

Персонааралық қарым-қатынас-ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін
ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар,
ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік қарым-қатынас-белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың
психологиялық контакттары,мысалы, оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы,
көрші-қолаң, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі
рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол
рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды,тек әлеуметтік
рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болап саналады. Әрине, әлеуметтік рөл
адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды.Адам өз рөлін,
басқалардың рөлдерін қалай түсінеді?
Ол рөлдерге қандай қатынаста болады?
Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек
пен таңба енгізеді.
Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психо
логиялық қасиеттері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады, дамиды,
өзгереді. Басқалармен қарым-қатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді,
нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, желпы әлеуметтік тәжірибені өз
бойына сіңіреді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам жеке тұлға болып
қалыптасады.
Қарым-қатынас-адамның психикалық дамуының және мінезінің
алғышарты, негізі. Сонымен, қарым-қатынас- адамның психологиялық дамуының
факторы:
қарым-қатынас үрдісінде басқаларден өзгешелігі қалыптасады, адам тек
қана қарым-қатынас арқылы ғана адам бола алады (джунглида өсіп адам болған
Маугли-қияли оқиға,ертегі);
қарым-қатынас үрдісінде өзге үшін,өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері
ашылады(ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);
қарым-қатынас үрдісінде жеке адам жалпыадамдық тәжірибені меңгереді
(орыс философы Чадаевтың айтуынша,”Қарым-қатынассыз шөпті шайнап жүре
беретін едік”).

Қарым-қатынастың қызметтері(функциялары):

1. байланыстыру, прагматикалық қызметі.
Қарым-қатынас бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың
бірігуінің шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар
бірін-бірі түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға
тегін емес.
2. қалыптастыру, дамыту қызметі.

4
Бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен
өзгеруінің алғышарты болып танылады.Кішкентай баланың даму барысында оның
мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген көзқарастары үлкен адамдармен жасаған
арақатынасына тәуелді болып келеді.Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі
психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады.
Мысалы,”Зита-Гита”үнді кинофильмінде егіз қыздар әртүрлі ортада өскендіктен
мінездері бір-біріне ұқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-өрісі
өспейді. Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-
аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл
өмірі туған-туысқандарымен,жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынас жасауда
өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ
осыған байланысты еске алатын бір жәйт: бала-үлкендердің барлық
настхаттарын,ойларын,көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын ыдыс
емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге өтетін білім,
біліктілік,дағдылар емес, бұл-неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара
өзгеру,бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі
дүниесіне белсенді түрде тезден өткізіп қабылдайды.
3. растау қызметі.
Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында адам өзін-өзі танып блілуге,
бекітуге,өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар
екендігін,өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін
ауыр жазаның бірі-жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың
назарын тыс қалу. ”Сен жамансың”,”Сенікі дұрыс емес” деп адамды жаман
бағалаудың өзінде оны қабылдап,бар екенін растап тұрудың белгісі
бар.Ал,қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері “Сен бұл жерде
жоқсың”,”Сен өмір сүрмейсің”. Осы әдісті А.Макаренко өз коммунасында жиі
қолданатын еді-кінәлі балаға басқалар бойкот жариялайтын. Растамау-көп
психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте,сәби әке-
шешесінен “сен жақсы”,”сен біз үшін барсың” деген дәлелдерді естімесе,оның
санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік
адами арақатынасқа,”растау терапиясына” толы:танысу мен сәлемдесу
рәсімдері,құттықтау мен ізет көрсету,т.б. Осының барлығы әр адамның бар
екендігін растайтын дәлел екені сөзсіз.
4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу
қызметі.
Басқаларды қабылдау,олармен сан қилы қатынастар(тұлғалықтан іскерлікке
дейін)жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап,бір-біріне жағымды
(симпатия,ұнату), не жағымсыз (антипатия,ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық
қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік
қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

5
5. тұлғаішіндік қызмет.
Адам өз-өзімен іштей не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы қарым-қатынас
жасайды. Тұлғаішіндік қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап шебер тәсілі
деуге болады.
Л.С.Выготский жазғандай,жеке қалғанда да адам қарым-қатынастың қызметін
сақтап қалады.
Сонымен, біздер қарым-қатынастың түрлерін,қызметтерін қарастырдық. Қарым-
қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе-тұлғааралық
тікелей қарым-қатынас жасау.

1.2 Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері

Мақсатына қарай тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрі ажыратылады:
императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қосүн, қоссөз, қостіл).
Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас- өз қарым-қатынас жасаушы
серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің
авторитарлық,директивтік формасы. Қарым-қатынас партнері тек әсер етудің
нысанасы,пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі,партнерді
бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп
тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тыйым
салу, нұсқау пайдаланылады. (Отыр! Тұр! Әкел!)
Сонымен, әміршіл қарым-қатынас – басқаны өзіне қажетті белгілі
әрекетке күшпен бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым-қатынастың өз орны бар.
Мысалы, әскери қатынастар,төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер
қатынастары,қиын-қыстау,зілзала,опе рация кезіндегі қатынастар. Осындай
салаларда ғана императивтік қарым-қатынасты пайдалану өте нәтижелі әрі
қолайлы.
Сонымен қатар мұндай қарым-қатынасты мүлде қолдануға бголмайтын
салаларда баршылық. Ең алдымен қарым-қатынастың бұл түрін достар және
жұбайлар арасында,ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика
саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тыйым көмегімен
ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді
бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң,оның
құлағына құйған үлкендердің ережелері,қағидалары,қоғамдық нормалары
санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген
тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы-жиі кездесетін тұлғааралық қарым-
қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды
көздеген іс-әрекет.

6
Өз мақсатына жету үшін манипулятор қатынас жасаушы партнерін нысана ретінде
қарастырады.
Манипуляциялық қарым-қатынас- басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-
әрекеткен баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде:
яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы:
манипуляциялық стильде шынайы мақсатжарияланбайды, жасырылады не
ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны-бизнес, сауда-саттық,
іскерлік,насихат,оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым-қатынастың демеу
берушісі Дейл Карнеги.
Оқыту барысында(тәрбиелеуде емес) сабақты қызықты өткізу, оқушының
назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде
осыған дағдыланған мұғалімдер басқаларға түсіндіру,дәлелдеу, үйрету үшін
осыны өзіні тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған
бұл жәйт, тәрбиелеуде,жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз болып
қалады да,ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян келтіреді.
Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де
монологтық (бірсөз), субъект-объект қатынасына жатқызуға болады. Адам
басқаны өз нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын қарым-қатынас
серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып,тек өзімен-өзі,өз мақсаттары және
міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол басқаларды емес,тек өзінің ғана
“көшірмелерін”көреді.
Диалог қарым-қатынасы.
Бұл – тең құқықтық субъектілердің арақатынасы,қарым-қатынас
мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану,білу, дамыту.Жоғарыда аталған
арақатынастардан негізгі айырмашылығы- эгоцентризмнен,өзіндік ұстанымнан
альтруизмге,өзгеге,басқаға бағытталған ұстанымға көшу.Бұл кезде екі
дауыс,екі пікір естіледі,бұл субъект-субъект қатынасы.
Диалог қарым-қатынасының ережелері:
1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейтесті күйін ескеру,”осы жерде-
осы сәтте”қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу,дәл осы
кездегі сезімдерін,тілектерін,психологиялық халдерін назарға алу.
Қарым-қатынас серігінің тұлғасына баға бермеу,алдын-ала оның
ниеттеріне сену,біріне-бірі сенімділік білдіру.

Серікті өзіне тең,өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
Шешілмеген мәселе мен сұрақтар қарым-қатынас мазмұны болуы керек (қарым-
қатынас мазмұнын мәселелендіру).
Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек,біреудің пікіріне
сілтемей,өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру).

7
Диалог қарым-қатынасы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп,
бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай
жасайды.
Осы типтегі қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және
қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым-қатынаста мұндай
типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген адамдардың
психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылығы көзге
түсердей.
Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жиі қолданатын
қарым-қатынас түрі-монолог. Неге? Ол-мектептің басты мақсаты мен
міндеттеріне байланысты құбылыс. Педагогтардың түсінігі бойынша,білім беру
мен тәрбие құралдарының негізгілері - қатаң тәртіп пен шәкірттерді
біркелкілеу. Есіңізде болса,оқытушылар тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын
әдіс-тәсілдер: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата-анасын шақыру,
сыныптан не мектептен қуып жіберу, баланы оқшау қалдыру, директорға
жіберу,кекету,сынау.
Манипулятор не диктатор мұғалімнің пікірі бойынша,барлық шәкірттердің оқуға
ынтасы бірдей-жақсы маман болу, мақтауға лайықты болу, көп ақша табу.
Мұғалім берген білімге құштарлық жоқ болса, бала жаман болып саналады,
баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Ал, бала өзінің қызығушылығын
мұғалімнің талабына,сабақтың тақырыбына сай болмаса да жоғары құндылы
санағандықтан,бара-бара жеке пәнге де,бүкіл мектепке де қызығушылығы мен
ынтасын жоғалтады.Оқушылармен қалай сөйлесу керек?
Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе,адамдар
сұрағы анық қой деп,сұхбаттасушыны тоқтата салып, жауапқа кіріседі. Сұрақты
дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса,қайталап анықтап алған жөн
болар. (“Кеш!р,мен онша түсінбей тұрмын”,”Мен дұрыс түсінсем...”). Кейінгіге
қалдырмай міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып,қойылған мәселені жаңа қырынан
көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс
жауап беруге де болмайды.
Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана
қоймайды.Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де
қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай
жасау қажет.
Қарым-қатынас- өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына
тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен
мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі,оны шартты түрде үшке бөлуге
болады:коммуникация,перцепция,интер акция. Біртұтас,ішкі бірлігі бұзылмас
процесті біз ғылыми мақсатта,терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз.
8
Естен шығармайтын жәйт: тіршілікте арақатынас- біркелкі, бұзылмайтын
процесс.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы,
білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс
пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын
белгілі тұлғааралық қатынастар.

Қарым-қатынастың құрылымы

1.3 Тұлғааралық қарым-қатынастағы кері байланыс

Қарым-қатынас барысында адамдар әр түрлі идеялармен, көңіл-
күйлермен, сезімдермен, қызығушылықтармен алмасып тұрады. Осының барлығын
ақпарат деп қарауға болады. Бірақ, адамдар арсындағы алмасуды техникалық
құралдар дың ақпарат алмасуымен шатастырмау керек. Тұлғааралық
коммуникацияның өзгешеліктері: кері байланыс, коммуникациялық кедергілер,
коммуникациялық ықпал,сөздік және бейсөздік деңгей.
Қарым-қатынас барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатор-ақпарат
беруші) екінші адамға (реципиент-ақпарат алушы)тек беріліп-алынбайды,
алмасады. Сондықтан, қарым-қатынастағы ақпарат алысу-тікелей ары-бері ауысу
ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің
жалпы мағынасын анықтау,ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.
Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық қарым-қатынас барысында кері байланыс
механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні:тұлғааралық коммуникация
ақпарат алмасу екі есе көбейеді,коммуникатордан реципиентке өткен
ақпараттың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына,

9
оның тәртібіне қалай қарайтыны,қалай бағалайтыны жөнінде мәліметтер
беріледі.
Кері байланыс дегеніміз-коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы
туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты-қарым-қатынастың
серігіне,оның мінез-құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп
тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.
Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама.
Тікелей кері байланыс кезінде реципиенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы
ашық түрде көрініс алады.
Мысалы,тікелей сөйлемдер”Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды”, ”Не деп
тұрсың,түк те түсінбей жатырмын”. Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң-
сезімдерін айқын көрсететін ым-ишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентті
коммуникатор түсіну үшін қолайлы жағдай жасап, қарым-қатынасты тиімді және
нәтижелі етеді.
Кері байланыстың жанама түрі-психологиялық ақпаратты қарым-қатынастың
серігіне жасырын астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық
сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар
пайдаланылады. Коммуникатор реципиенттің өзіне қарасты әсері, қатынасының
шынайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері
мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен қарым-қатынас барысы
да,ақпарат алысуы да белгілі дәрежеде күрделене түседі.
Сонымен, психологиячлық кері байланыс-тұлғаарлық коммуникацияның алғашқы
ерекшелігі.
Ақпаратты дұрыс қабылдау неге байланысты, неге тәуелді?
Негізгі себеп-қарым-қатынас процесінде коммуникациялық кедергілердің болуы
не болмауы.Коммуникациялық кедергі-қарым-қатынас серіктері арасында дұрыс
ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған
кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады,не мүлдем
реципиентке жетпейді.
Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі,
әлеуметтік-мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.
Түсініспеушілік кедергілері:фонетикалық,сематикалық ,стильдік,
логикалық.
Фонетикалық кедергі-адамдар әртүрлі түрде, диалекте, не, сақауланып
сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз
сөздерге толы болған кезде де түсініспеушілік кедергісі туындайды.
Семантикалық кедергілер жаргон және слэнг мәселесімен тығыз байланысты.
Қарым-қатынасқа қатысушылардың өзіндік шығын мәдениеттерінде ұғымдар мен
құбылыстардың ерекше мән-мағынасы болады.
Стильдік кедергі-коммуникатор мен реципиенттің тілдік стильдері бір-біріне
сәйкес келмеуі.
Логикалық кедергілер-сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу
жүйесі әртүрлі болғанда пайда болатын. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп.
10
Әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар кедергілері әлеуметтік, саяси, діни
көзқарастар,жынсына,жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай
жәйттерге қарым-қатынастың барысындағы түсініктер мен ұғымдарды,
сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәуелді.
Қатынас кедергісі-коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесін де
қарсы қабылдау, сенімсіздік сенімін туғызатын коммуникатордың сөзіне
күдікпен қарау.
Кез-келген психологиялық кедергі-ақпарат қабылдау жолында құрылатын
реципиенттің өз-өзін қорғауы. Психологиялық қорғаныстың
-1-жолы-ақпаратты дұрыс қабылдамау не бұрмалау, қарсы пікірлерге көңіл
бөлу;
-2-жолы-ақпараттың қайнар көзінің құнын төмендету;
-3-жолы-түсінбеу:
Мысалы, семіз адам өзін қалай қорғайды?
1-семіздік денсаулыққа зиян деушілер қателеседі, адам-мейірімді болады
деген пікір өте дұрыс.
2-семіріп кетіпсіз деген дәрігер жас қой,не біледі ол өзі.
3-менің көршім менен де семіз ғой, бәле де болмай жүр.
Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің
ақпаратынан алшақтайды? Реципиентке арналған кез-келген ақпарат мазмұнының
астарында оның тәртібіне, ахуалына, сезімдеріне,пікірлеріне, талап-
тілектеріне толық не жартылай өзгерту мақсатында ықпал етіледі. Бұл жағынан
алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз-ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің
психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.

II Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынас
психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы

2.1 Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау
мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі
күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсы –
пыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері
жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-
қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім
мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі
кездесіп отыратындығы.

11

Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатые болса,
ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен
сөйлеген сөзіне,оның ақыл кеңесіне,өзге адамдармен қарым-
қатынасына,шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен
қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық
және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек
оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан
қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын
анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі
себептерін психологиялық жағынан тереңірек зертттеу-тәлім-тәрбие
ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен
арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер
арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын
қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты
іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады.Ал,мұғалім мен шәкірттер
арасындағы қатынасты ісдестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет
пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы
кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда
мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен,
әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне
баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында
мұғалімнің бойында өзіндік сапа,ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу
керек деген міндет қойылады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін
психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше
мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп,онда мақсат етіп
қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-
мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық
тұрғыдан негіздеп,ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып
көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау.
Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл
қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін
оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен
ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал
жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар
мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді
де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

12
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің
адамгершілік сапалары жатады.
Олар: игі тілек,шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың
жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан
көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайды, селқос, ықылассыз
қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-
тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі,балаларға оқу материалдарын
жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып,
сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-
қатынасына,олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен
сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты
көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері
жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының
ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары
мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері;оқушыларға деген
қатынасы; 2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі; 3.
Мұғалімнің класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы; 4. Мұғалімнің
мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып,мұғалім жайындағы шәкірттердің
пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды
сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге
болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары
мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер: а) шәкірттердің адами
қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы; ә) жасөспірімдер мен
ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап,олардың пікірлерімен
санасу; б) оқушыларға сенім білдіру; в) шәкірттердің бойындағы
кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы; г)
шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету; ғ)
кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету; д) шәкірттердің жан
дүниесін (психикасын)айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі; е) әрбір
істе үнемі әділетті болуы; ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез
аңғарғыштығы; з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға:

13
а) өз пәнін жетік біліп,бағдарламалардан тыс материалдарды қамти
алатындығы; ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен
білімінің әр тараптығы; б) сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;в)өз
ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп
отыруы; г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ)
сабақты шебер ұйымдастырып,әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа
кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.
Үшінші топтағы сапалар: а) қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін
жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; ә) оқушылардың белсенділігі
мен дербестігін бағалап,балалардың бастамасын үнемі қолдауы; б) балалардың
пікірлерімен санасып,оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи
ескеріп отыратындығы; в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға
бағыттай білетіндігі; ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды
дұрыс қалыптастырып,қамқорлық жасауы; д) әрбір нәрсені істей білетін шебер
ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.
Төртінші топтағы сапалар: а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр
сөйлейтіндігі;ә)мінез-құлқының қарапайымдылығы; б) өзін-өзі меңгеріп,
ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары жайындағы
шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз
ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-
қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді.
Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа
бөліп жіктеп көрсетуге болады:
Бірінші топтағы кемшіліктер: а) шәкірттерге немқұрайлы қарап,дара
ерекшеліктермен санаспай,оларды балаға санайды; ә) ақыл-есі жетілмеген деп
санап,оқушыларға көбінесе ақыл айтады; б) оқушыларға сенімсіздікпен қарап,
олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді; в)
оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер
жасайды; г) шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп,олардың айтайын деген
сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды; ғ) оқушылардың
қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, бұрыс жауап береді; д)
шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е) кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп,алалап,әділетсіздік
білдіреді;ж)оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай,олардың қабілеті
мен күш-жігерін жете бағаламайды; з) оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін
іздеп,оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер: а) оқу материалдарын оқулық
шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі; ә) оқушылардың бағдарламадан тыс
қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді; б) сабақты нақты

14

түсіндіре алмайды; в) сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді; г) оқу
материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып
түсіндіруге жете мән бермейді;ғ)оқушыларға бір талабын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас
Адамдар арасындағы психологиялық қарым – қатынас
Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдары
Қарым – қатынас психологиясы
Қарым - қатынас барысын баскару
Қарым - қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас функциялары
Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі
Пәндер