Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы



1. Социология пәнінің анықтамасы. Социологияның заңдары мен категориялары.
2. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
3. Социологияның атқаратын қызметі.
Жоғары оқу орындарында студенттердің социологияны оқып үйрене бастағанына азғана уақыт болды. Ол оқу жоспарына 90-жылдардың басында енгізілді. Социологияны оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-жігерді арттыру. Байыбына бармай, адасуды алданыш етуге апарып соғатын себептердің бірі — күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулақ салу, енжарлық, немқұрайдылық. Осылардан арылу үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу керек. Адамдардың коғамдық қарым-қатынастар жайлы негізгі ұғымдар мен категорияларды, қоғамдық өзгерістердің мәнін дұрыс түсінуіне социология пәнін оқып үйрену көмегін тигізетіні сөзсіз.
Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мүмкін емес.
Социологиялық білімнің негізгі қызметі — әлеуметтік, құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas» - латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология — қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
І.СОЦИОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМ

ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ

Жоспар

1. Социология пәнінің анықтамасы. Социологияның заңдары мен
категориялары.
2. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
3. Социологияның атқаратын қызметі.

1. Жоғары оқу орындарында студенттердің социологияны оқып үйрене
бастағанына азғана уақыт болды. Ол оқу жоспарына 90-жылдардың басында
енгізілді. Социологияны оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар
мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы күнде кездесетін әдетті
қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге
деген ынта-жігерді арттыру. Байыбына бармай, адасуды алданыш етуге апарып
соғатын себептердің бірі — күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл
қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулақ салу, енжарлық,
немқұрайдылық. Осылардан арылу үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік
мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу керек. Адамдардың
коғамдық қарым-қатынастар жайлы негізгі ұғымдар мен категорияларды,
қоғамдық өзгерістердің мәнін дұрыс түсінуіне социология пәнін оқып үйрену
көмегін тигізетіні сөзсіз.

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы әлеуметтік деген ұғым.
Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мүмкін емес.
Социологиялық білімнің негізгі қызметі — әлеуметтік, құбылыстар мен
проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін
ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымның социология деген атауы латын, грек сөздерінен құралған:
societas - латын тілінде қоғам, logos грекше ілім, ұғым деген сөз.
Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да
ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология — қоғам
туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін
ашып бере алмайды.
Социология термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық
коғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Бұл жағдайда ол бүкіл
қоғамтанудың баламасы, синонимы болып көрінеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда,
социологияны тар мағынасында қарағанда, ол коғамтанудың жеке бір ерекше
саласы болып шығады.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым
екені мынадан да көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын
әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады.
Оның зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық.
Қоғам деген термин социологияда адамдар арасында болып жатататын
алуан түрлі қарым-қатынастардын күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан,
жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола
отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп
алады. Экономика ғылымдарының объектісі — өндіріс, өндірістік қатынастар,
тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз
ерекшілігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей
байланысты. Бұл политологиялың, саяси ғылымдардың объектісі. Қоғамның
рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың
рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін
мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне
бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі - тұтас қоғам
емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.
Демек, социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның
әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың айтарлықтай кең
қауымдастықтары арасындағы (таптар, халыктар және басқа әлеуметтік топтар,
ұлттар, ұйымдар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге
түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы
қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар
әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялык
(ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері), әлеуметтік-
территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттык,
халықтық, этнографиялық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері,
кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді.
Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі - адамдардың және олардың
бірлестіктерінің іс-әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес
социология адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы
ғылым деуге де болады.
Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті
сипатта болады да, тек жекелеген экономикалық немесе тек саяси, тек рухани
ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар
әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субъектісі болып
табылады. Сондықтан адамдар арасындағы таптар мен ұлтаралық және басқа
әлеуметтік қатынастарды тек эмономикалық, болмаса тек саяси, не рухани
қатынас деп қана қарау үлкен қателік болады. Демек, әлеуметтік қатынас, осы
тұрғыдан алғанда, экономика, саяси, рухани салаларымен қатар қоғамдық
өмірдің бір саласы ғана емес, тарихи даму субъектілерімен бірге біртұтас
қоғамдық өмір болып табылады.
Мұнда ескерілуі қажетті бір жағдай - әлеуметтік ұғымы әлеуметтік
қатынастар ұғымынан әлдеқайда кең ұғым, өйткені оның мазмұны әлеуметтік
құрылым, әлеуметтік институттар, әлеуметтік нормалар т.б. ұғымдарды да
қамтиды. Социология осылайша қоғамды біртұтас әлеуметтік құрылыс деп қарай
отырып, басқа қоғамдық ғылымдардың зерттеу салаларына қол сұқпайды, оларды
ығыстырмайды. Олардың да, социологияның да өз зерттеу объектісі мен пәні
бар. Қоғамдық ғылымдардың бәрінің зерттеу объектісі - қоғам өмірі, бірақ
олардың әркайсысының пәні - біртұтас қоғам өмірінің түрлі жақтары.
Енді социологияның зерттеу объектісі мен пәніне тоқталайық. Жалпы
ғылым объектісін сөз қылғанда, таным процесі белгілі бір ғылым шеңберінде
не нәрсеге бағытталған деген сұрауға тіреледі. Ал ғылымның пәні жайлы сөз
болғанда, ол ғылым нәрсенің, объектінің, қай жағын, қандай заңдылықтарын
зерттейді немесе зерттеуге тиісті?— деген сұраққа жауап беруі керек. Осы
тұрғыдан қарағанда, социология пәніне мынадай анықтама беруге болады;
социология - қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше
әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол зандылықтардың адамдар мен олардың
бірлестіктерінің және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында
іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғылым.
Әрине бұл анықтаманы жалпыға бірдей міндетті, әбден пісіп жетілген,
барлық социологтар мойындауға тиісті анықтама деуге болмайды. Дүниежүзілік
социологияда бұл ғылымның пәнін анықтау мәселесінде түрліше пікірлер
баршылық.
А.А.Радугин, К.А.Радугин, мәселен, мынандай анықтама береді:
социология - әлеуметтік біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы
жүйенің өзінің құрамдас бөлшектері: жеке адам, әлеуметтік бірлестіктер,
институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым.
Әйгілі американдық социолог Нейл Смезлер: Социология қоғамды және
әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы дейді. Оның пікірінше, социология
адамдарды танып білу, зерттеудің бір тәсілі, ол адамдардың мінез-құлқын,
олардың жүріс-тұрысын анықтауға тырысады.
Дегенмен, пікірлердің жалпы мазмұны социология пәнінің жоғарыда
келтірілген анықтамасының мазмұны мен басты сипатына қайшы келмейтін
сияқты.
Ғылымның ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінін сипатын ашатын,
әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі -
социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік
болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдық элементтерін
бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және
қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар - заңдар болып
табылады.
Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы
әлеуметтік ұғымы. Бұл ұғым әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құрылым,
әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйымдастыру, әлеуметтік топ,
әлеуметтік әрекет, әлеуметгік мінез-құлық т.б. көлемді ұғымдарды
қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға
бөлінеді. Мәселен,әлеуметтік топ категориясы тап, әлеуметтік қабат,
халық, ұлт, жанұя ұғымдарымен тікелей байланысты.
Социология әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым
болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның,
әлеуметтік қауымдастықтардың, топтар мен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен
өзара байланыстарынынң заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың
және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың
қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Ол заңдар
адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекетінен көрініс береді.
Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңы, әлеуметтік
мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің
интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі, т.б. заңдар жатады.
Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілері бойынша классификациялауға
болады. Жалпылылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас
әлеуметтік жүйе дамуын анықтайтын) және ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің
жекелеген элементтерін, қоғам бөлшектерін сипаттайтын) болып бөлінеді.
Оларды сипатына, көрініс беру ерекшелігіне қарай динамикалық және
статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз
ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді,
олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық
заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде айқындамай, белгілі
бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты
мен тенденциясын ғана көрсетеді. Социология әлеуметтік құбылыстар мен
процестерді түрлі дәрежеде, атап айтқанда, бүкіл қоғам көлемінде не қоғам
өмірінің жеке дәрежесінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зерттеуі мүмкін.
Осыған байланысты социология ғылымын төмендегідей кұрамдас бөлімдерге
бөлуге болады:
Біріншісі - жалпы-теориялық социология. Бұл біртұтас социумның өмір
сүруі мен дамуынын жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған
макросоциологиялық зерттеу болып табылады.
Екіншісі - әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет
етуі мен өзара байланысының зандылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылылығы
орташа социология. Бұған, мәселен, қала социологиясы, экономикалық
социология, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады.
Үшіншісі - микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара
қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтік
құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Социологияның бұл құрамдас бөліктері жалпы, ерекше және жекеше
категорияларының байланысын көрсетеді.
Социологиялық зерттеулер нәтижесінде алынатын ғылыми қорытындылардың
жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмпириктік болып
екіге бөлінеді. Теориялық зерттеу үшін маңызды мәселе - әлеуметтік өмір
саласындағы жиналған нақты материалдарға терең корытынды жасау. Ал
эмпириктік социология тікелей бақылау, сұрақ қою, құжаттарды талдау,
статистикалык, мәліметтер негізінде нақты материалдар, фактілер жинаумен
шұғылданады. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің біртұтас процесінің бұл екі
жағы бір-бірімен тығыз байланысты, бірі-бірін әрдайым толықтырып отырады.
Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес
социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы (прикладная) болып екіге
бөлінеді. Фундаментальды социологиялық зерттеу қоғам жайлы теориялық және
методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады,
ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық
мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады.
Зерттеудің бұл екі бағытының екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу
жүргізе алады.
2. Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық
ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияның осы
байланысын түсіну үшін онын әлеуметтік философиямен, тарихпен,
саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастырып
көрейік.
Социология мен әлеуметгік философияның арақатынасын қарастырғанда ең
алдымен социологияның философиялық ғылымдарға жатпайтынын, өйткені ол
әлеуметтік философияға қарағанда жалпылығы әлдеқайда төмен заңдылықтарды
қарастыратынын атап көрсеткен жөн.
Олардың өзара тығыз байланысын анықтайтын мәселе - екеуі де қоғамды
жүйелі де тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады. Бірақ әлеуметтік
философия қоғамды бүкіл дүние ғаламның ерекше, құрамдас бөлігі ретінде
қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың
көмегімен түсіндіреді. Әлеуметтік философия қоғам дамуын жалпы философиялық
заңдардың, яғни табиғат, қоғам және адам ойлауының ең жалпы заңдарының
әлеуметтік көрінісі тұрғысынан зерттейді.
Әлеуметтік философияның заңдарының нақты мысалының бірі - қоғамдық
болмыс пен қоғамдық сапаның ара қатынасы жайлы заң, қоғамның өздігінше
дамуының қайнар көздерін сипаттайтын заңдар. Бұлар материя қозғалысының
әлеуметтік формасының ерекшеліктерін бейнелейді. Жалпы философиялық заңдар
қамти бермейтін қоғамның өзіне тән ерекше әлеуметтік көріністері, әртүрлі
салалары, сипаттамалары бар. Оларды жалпылығы әлдеқайда кем заңдар мен
категориялар арқылы зерттеуге болады. Бұл социологияның үлесіне тиеді. Оның
объектісі мен пәні жалпы философиялық заңдар мен категориялардың нақты
көрінісі болып табылатын, философиялық абстракциялық деңгейі төмендеу
әлеуметтік заңддар мен категориялар болады. Бұлар - социологияның заңдары
мен категориялары. Социологиялық зерттеулер басқа қоғамдық ғылымдардың
нәтижелерін пайдалана отырып, тәжірибе арқылы тексеруге көнетін әлеуметтік
факторларды жинақтауға, талдауға социология шеңберінде табылған тәжірибелік
(эмпирикалық) мағлұматтарды тұжырымдауға негізделеді.
Сонымен, әлеуметтік философия социологияның жалпы теориялық және
методологиялық негізі болып табылады. Өйткені социология қоғамдық өмірге
нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның категориялары мен
заңдарын басшылыққа алады да оның кағидалары мен қорытындыларын анықтау,
нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейте,
тереңдете түседі.

Қазақ халқының шығу тегі.

Қазақ халқының және онымен шектесіп жатқан жерлердің ежелгі дүниесін
зерттеу ғылыммен байланысты мәселе, өйткені Еуроазияны мекендеген
тайпалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Жастар әлеуметтануы туралы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Пәндер