Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалануға жалпы сипаттама
1.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Шетел тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ойын түрлері . оқыту үрдісінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4 Ағылшын тілі сабағындағы рөлдік ойындардың тиімділігі ... ... ... ... 15
2 Рөлдік ойындар туралы мағлұмат және оны сабақта қолдану
2.1. Рөлдік ойынның маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Рөлдік ойындардың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Рөлдік ойындарға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.4. Сабақта ойындарды қолдануға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Шетел тілін менгертуде қиыншылыктар кездесетіні рас. Соның бірі – мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз біріктелерін таңдауға жаттықтырады.
Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.
Жұмысты жазуда мерзімдік басылымдар және еліміздің, ресейлік авторладың еңбектері пайдаланды.
Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Аракин В. Д. //Практический курс английского языка// – 1998,С56 -57
2. Верещагина, Рогова. //Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях//. М., 1998, С29-34
3. Зимняя И.А.//Игра и ее роль в психическом развитии ребенка//. «Вопросы психологии» №6. 1992, С 42
4. Зимняя И. А. //Психология обучения иностранному языку в школе//. М., Просвещение, 1991,С 97-102.
5. Качалова К. Н., Израилевич Е. Е. //Практическая грамматика английского языка// - 1999, С106 - 107
6. Колесникова О. А. //Ролевые игры в обучении иностранным языкам. Иностранные языки в школе// №3, 1987, С 25-30.
7. Комков И. Ф. //О некоторых методах начального обучения иностранным языкам в школе//, Государственное учебно-педагогическое издательство Министерства Просвещения БССР, Минск, 1987, С 54
8. Негневицкая Е. И., Шахнарович А. М.// Язык и дети//. Наука, 1981, С 67
9. Олейник Т. Н. //Ролевая игра в обучении диалогической речи шестикласников. Иностранные языки в школе//, №1, 1999, С 16-17.
10. Равинская В. //Игры как средство обучения. Иностранные языки в школе//, № 1, 1980, С 6-7.
11. Серебреникова М. //Учебник английского языка// -2000, С20-21
12. Стронин М. Ф. Обучающие игры на уроке английского языка. М., Просвещение, 1984г.
13. Сумин В. М. //Речевые ситуации на уроках иностранного языка. Иностранные языки в школе//, №6, 1993, С 10-12.
14. Часнок С. С. //Ситуативно-игровое обучение иноязычному устному общению на начальном этапе средней школе.// МПИ им. Ленина, 1989, С 90
15. Эльконин Д. Б. //Психология игры//. М., 1978, С 80-93.
16. //Ағылшын тілін үйретудің интерактивті жаттығулар жинағы//.Әдістемелік құрал. – Түркістан, 2007 – 54б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалануға жалпы
сипаттама
1.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Шетел тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану.
... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ойын түрлері – оқыту үрдісінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4 Ағылшын тілі сабағындағы рөлдік ойындардың тиімділігі ... ... ... ... 15
2 Рөлдік ойындар туралы мағлұмат және оны сабақта қолдану
2.1. Рөлдік ойынның маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Рөлдік ойындардың мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.3. Рөлдік ойындарға қойылатын талаптар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4. Сабақта ойындарды қолдануға қойылатын талаптар
... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес
мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі
артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды
жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Шетел тілін менгертуде қиыншылыктар кездесетіні рас. Соның бірі –
мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін,
оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды
пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және
ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық
жағынан дайындап тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді
және керекті сөз біріктелерін таңдауға жаттықтырады.
Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген,
өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың
шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру
оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді.
Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі
ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін
кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты
көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым қатынас жасауды, коммуникацияға
үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі
ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.
Жұмысты жазуда мерзімдік басылымдар және еліміздің, ресейлік
авторладың еңбектері пайдаланды.
Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалануға жалпы
сипаттама
1.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім-беру жүйесінің барлық деңгейінде
қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны
тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және
қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға,
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жек тұлғаны қалыптастыру. Бұл- жаңа кезеңде
адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру
деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік
адамдар, қажет-ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына
2007 жылғы 28 ақпандағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауында “Білім
беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған
еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге
тиіспіз” деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам
өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын
қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең
білім маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдерге басты
көңіл бөліп отырғаны да сондықтан. Білімді азамат тәрбиелеудің
жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін түйсінген білім саласының
мамандары үнемі оқытудың тиімділігін артыру мақсатында іздену үстінде.
Түрлі зерттеулер нәтижесінде шетел тілін оқытудың технологиялары пайда
болып, күнделікті өмірге еніп жатыр, өйткені тиімді технологияларсыз
білімді нәтижелі беру мүмкін емес. [1. С 56-57]
Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты.
Америкалық ұстаз Линданың “Оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері – бүгінгі
әдістеріміздің ата - анасы” дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап алу және
оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын технологияларды
төмендегідей етіп топтастыруға болады.
Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
• деңгейлеп оқыту технологиясы;
• модулдеп оқыту технологиясы
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша:
• жобалап оқыту технологиясы;
• биоинформатика және синергетика технологиясы;
• сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
• іскерлік ойын технологиясы;
• қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістер мен әлемдік
деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне
ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір
оқытушының міндеті. .[2.C 29-34]
Шет тілі сабақтарында оқушылардың білім – біліктілік, танымдық,
коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементерін қолданудың
маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары,
ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы
олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын
білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері
мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай
болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.[2.C 29-
34]

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын
қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі
маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін
зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Нысаналы мақсатымыз – ақыл –
ойын, сезімін, білімін, құзіреттілігін еркін үйлесімдікте ұстай білетін,
өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға
тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың
бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз
қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс – тәсілдерді, сондай –
ақ рөлдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Үнемі ойын элементтерін пайдалана беру оқушыны жалықтырып
жібермес үшін оқытушы өзі оқытатын топтың деңгейіне қарай тапсырмалар
түрін, сабақ әдістерін, сабақ түрлерін әркез жағымды жаңалықтармен
түрлендіріп отырса, нәтижеге қол жеткізері сөзсіз. әрбір оқытушы жаңалық
жаршысы болуы қажет, өзгені де, алдындағы оқушыны да шығармашылыққа,
бәсекелестікке қабілетті, өз ойының дұрыстығын дәлелдеп жеткізе білуге
жетелейтін де – ұстаз. өзінің жұмысына жанқиярлықпен қараған педагогтың
шәкірті де оң мен солына, ұстазына қарайды. Ұлы жазушы М. Әуезовтің “Қай
істің болсын өңдеуінде үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш
керек, одан соң тәртіп” дегені соғанайғақ іспеттес. [3. C 42]
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты
ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытудың
жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға
бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар оларды
халықтың дәстүр үрдісіндде адамгершілікке баулу, әр оқушының біздің
ертеңіміз, болашағымыз екенін терең ескере отырып жеке тұлға ретінде
қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық
стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.

Кез келген оқытушының түпкі мақсаты – тиянақты, терең білім
беруі. Олай болса, оқытудың ой елегінен өткен әдіс – тәсілдерін, жаңашыл
педагогтердің шешімін тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны
өз мүмкіндігінше үйлестіріп, күнделікті жұмысқа пайдалану қажет. Сонда ғана
сабақ нәтижелі болмақ. әр оқытушының оқытудағы өз тұғырнамасы болуы қажет.
Олар мыналар:
• әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
• оқушының бойындағы
жетістіктері мен
кемшіліктерін қабылдау;
• оқушыға қиындықтарды жеңуге,
кемшіліктерден арылуға көмектесу.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығуын,
білімге деген ұмтылысын ұштауда, ой еркіндігіне баулуда, танымдық және
коммуникативтік дағдысын қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы
зор. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін меңгерген, оны әрі қарай
жетілдіре беру үшін шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін мұғалім моделі
жоғарыдағы сызба – нұсқада ұсынылып отыр. [4. C 97-102]

1.2. Шетел тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану.
Шет тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет
тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне әсер
етеді. Ойын арқылы, балалар шет тілінде жеңіл қарым – қатынас жасай алады
және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып
шет тілін тез үйренеді.
Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін
ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат
етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойын кезінде баланың мінез – құлқын, білімін, ой - өрісінің
кеңдігін анықтауға болады және осы қасиеттер ойын кезінде қалыптасады.
Ойын дегеніміз:
1. іс - әрекет (тілдік)
2. зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
3. жеке адамға ғана тән іс - әрекет
4. коллектив арқылы тәрбиелеу және білім беру
5. баланың психикасын, ой - өрісін дамыту
6. қызықтыра отырып үйрету
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек:
1. белгілі бір қабілетті қалыптастыру
2. белгілі бір іс - әрекетті дамыту
3. шет тілінде екінші біреумен қарым – қатынас жасауға үйрету
4. қажетті мүмкіндік пен психикалық функцияны дамыту
5. білім беру
6. тілдік материалды еске сақтау
И. Н Скаткин - балалар ойынның осы білім беру мақсаттарын байқамай
ойын ойнап; көңіл көтере отырып, өзінің бір нәрсеге үйренгенін түсінуі
керек, - дейді. Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар,
байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына
қою, дүкендерді аралау, нәрселер сатып алу т. б. Түрінде де ойналады. Шет
тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:
1. фонетикалық ойындар
2. лексикалық – грамматикалық
3. рөлдік
4. режиссерлік
5. орфографиялық
Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады.
Мысалы: оқытушы сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын
фонетикалық рифмовка алған кезде ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап
алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырады. Ол үшін
эстафета таяқшасын дайындап алып, оны алда отырған оқушыға береді, ол оқушы
өлеңді айтып болып, келесі оқушыға береді, балалар жарыса отырып өлеңді
қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады. [ 5. C 106-107 ]
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін?
Қалай айтамын? Қалай жеңемін? Деген сұрақтар тұрады.
Шет тілін нашар білетін бала ойын кезінде басқалармен бірдей үйретіліп
жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де
біледі екенмін деген ойда болады.
“Disjunctive Question” грамматикалық тақырыбы алынған кезде “Бұл
кімнің құйрығы?” “Whose tail is it?” ойынын алуға болады. Ол үшін алмалы –
салмалы құйрығы бар аңдардың суретін саламыз. Аңның денесіне сөйлем
жазылады, ал құйрығына жалғасы жазылады.
Мысалы: “The tiger can sing”, ал құйрығында “can’t it” болады.
Осылайша әрбір аңның құйрығын қосып табу керек.
“Appearance” тақырыбын алған кезде “Whose birthday is today?” ойынын
алуға болады? Мұғалім балаларға “One of you has a birthday today. Guess who
he is”
Оқушылар:
What colour is her hair?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby?
“20 Questions” ойынын да алуға болады. Лексикалық ойындар жаңа алынған
сөздерді балалардың тез жаттауына, олардың жағдайда пайдалануға, әрі тілін
дамытуға көмектеседі.
Фонетикалық ойындар дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі
Жалпы шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану шет тілін
үйренуді жеңілдетеді. [ 6. C 25-30 ]

Шет тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану

1.3. Ойын түрлері – оқыту үрдісінде
Тіл – адамдардың бір – бірімен түсінісіп қарым – қатынас
жасауының басты құралы. Сондықтан да шетел тілдерін мектепте сапалы
меңгертіп, өмірде қолдана білуге үйретудің мәні зор.
Бастауыш және орта буын сынып оқушыларының артикуляциялық
аппараттары жақсы дамыған, жаңа тілді игеруге олар өте икемді, қабілетті
келеді. Бұл жастағы балалардың еліктеушілігі, киялдай білу қабілеттері
басым. Сондай – ақ белгілі бір затты тез қабылдап, нақты ой қорытындысын
жасай біледі.
Оқушылар өздеріне кездескен заттың көркемдік, көрнекілік жағына
көбірек көңіл аударады. Ендеше сабақта ойын түрлерін пайдаланып, сапалы
білім беруге болады. әсіресе, бастауышта және 5 сыныпта оқу жылының басында
ойын түрлерін пайдалану аса қажет. Оқушы ойын жағдаяттары арқылы ағылшын
тілінің дыбыстарын, лексикасын, грамматикасын дұрыс түсінуге дағдыланады.
Танымдық ойындардың кез – келген түрі оқушылар үшін пайдалы, олар
ойын арқылы өз күшін, қабілетін тексере алады. Сабақтың үстінде ойынды
қолдану мынандай негізгі шарттарға жүгінеді:
• ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
• оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
• оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
• оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
• ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін
мына мәселелерді ескеру қажет:
• тәрбиелік мақсаты;
• қолданылатын көрнекіліктер;
• уақытты үнемдеу;
• ойын қызықты болады ма?
• Оқушылардың белсенділігін бақылау.
Ойын барысында орындалатын дидиактикалық материалдар оқушыларға
ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады. Оқу мақсатына қарай тілдік
ойындар лексика – фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Лексика –
фонетикалық ойындардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс
сөйлеуін қадағалау. Бұл ойын түрін сабақтың бастапқы сатысында қолдануға
болады. Ал сабақтың соңғы сатысында ойды жүйелі жеткізуге үйрету үшін
грамматикалық ойындар қолданылады.
Балалар ойын арқылы бір – бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады,
бір – бірінен ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйренеді. Шетел тілі
сабағында ойынды тиімді қолдану оқушының сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол
мүмкіндік береді.
Төменде сабақта қолданылатын ойын түрлерін ұсынып отырмын.
1. оқушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші оқушы не мұғалім ортада
тұрады. Ол тақырыпқа байланысты бір сөзді ағылшынша не қазақша
айтып, қолындағы допты кез келген оқушыға лақтырады. Допты алған
оқушы сол сөздің баламасын ағылшынша не қазақша атап, жүргізушіге
қайта лақтырады. Сөздің аудармасын дұрыс айта алмаған оқушы ойыннан
шығады. Соңғы оқушы жеңімпаз атанады.
2. мұғалім немесе оқушылар өздері қазақ тілінде жұмбақтар жасырып,
ағылшын тілінде сұрақ қояды. Мысалы, өзі қызыл, өзі тәтті.
Мұғалім: What is this?
Оқушылар: It is an apple.
3. мұғалім суреттің теріс жағын көтеріп, “What is this?” сұрағын
қояды. Оқушылар кезекпен жауап береді және бір – бірінің
айтқандарын қайталамайды. Одан кейін мұғалім суреті бар жағын
аударады, ал оқушылар бәрі бірге дұрыс жауабын береді.
4. жүргізуші сынып бөлмесінен шығады. Үстел үстінде суреттері
аударылған екі сурет болады. Жүргізуші сыныпқа кіріп, сұрақ қояды.
Оқушылар жауап береді.
5. оқушылар қолдарын артқа қойып, шеңбер жасайды. Жүргізуші әр
оқушының қолына ойыншық немесе бір зат салады. Оқушы артына
қарамастан, қолындағы затты ағылшын тілінде атауы қажет.[ 7. C 54 ]

1.4 Ағылшын тілі сабағындағы рөлдік ойындардың тиімділігі.
Тілдесуді оқытудың ең тиімді тәсілі – тақырыптық-рөлдік ойындар. Бұл
сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Рөлдік ойындар адамдардың нағыз өмірдегі әр
түрлі қарым-қатынастарын құруға мүмкіндік туғызады. Психологиялық тұрғыдан
қарағанда 5-6 сынып оқушылары белсенді болып келеді. Бұл жастағы балалар
өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы
нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және
қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде ең қозғаушы күш ырғақ. Сөйлеу
ырғағын құру мұғалімдер үшін рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс-
әрекет. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының
өзіндік сөз ырғағын бейелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек.
Осы орайда өзімнің жұмыс тәжірибемнен “Where is\are?” сұрағына және
жауабына карточкаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Ағылшын тілін оқыту
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
«Шет тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелер»
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі
Пәндер