Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері



Кіріспе
1 Тарау Халықаралық қатнастардағы Қазқстан мен Орталық Азия: Түркияның геосаясаты
1.1 Орталық Азиядағы жаңа геосаясат және Түркия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Түркияның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Орталық Азия аймағы елдерінің инвестициялық жағдайы және Түркияның аймақтағы инвестициялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2 Тарау. Түркия . ОА мемлекеттері қатынастары
2.1 Қазақстан және Түркия: ынтымақтастықтан стратегиялық әріптестікке өту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Түркия мен ОА басқа мемлекеттері арасындағы экономикалық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Түркияның аймақтағы қазіргі кездегі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/ өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия/ОА/ мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1].
ОА прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде Түркия XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа анықтылықтарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жағдайында болды. 1990 жылдардың басында Түркия ОА мемлекеттеріне байланысты жаңа сыртқы саяси концепциясын жариялады. Онда Қазақстанға да қатысты байланыстардың саясаты баяндалған болатын. Осы концепцияны жариялау барысында Анкара өзінің сыртқы саясатын Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей байланыстыратынын анық байқатты. Түркияның «еуразиялық екпіннің» пайда болуы ең алдымен бауырлас түркі халқының тарихи тамырларымен байланысты. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді: «.........................................» [2].
Түркия екіншідүние жүзілік соғыстан кейін жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесінде экономикалық даму деңгейін европалық дәрежеге жеткізгені мәлім. Бүгінде Түркия әлемдік саясатқа ықпал ететін мемлекет болып табылады. Сондықтан ОА мемлекеттері үшін Түркиямен дипломатиялық және саяси –экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы барған сайын артуда.
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір қажеттілігі – Түркияның ОА мен Қазақстандағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады. Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту негізгі мақсат болып отыр.
Түркия үшін Орта Азиядағы саясатының негізгі мақсаттарының бірі аймақтағы экономикалық қатнастарды дамыту сақтау болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ТУРКИЯ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТНАСТЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы

Алматы, 2009 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Тарау Халықаралық қатнастардағы Қазқстан мен Орталық Азия: Түркияның
геосаясаты
1.1 Орталық Азиядағы жаңа геосаясат және
Түркия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..9
1.2 Түркияның Орталық Азиядағы геосаяси
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..15
1.3 Орталық Азия аймағы елдерінің инвестициялық жағдайы және Түркияның
аймақтағы инвестициялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2 Тарау. Түркия – ОА мемлекеттері қатынастары
2.1 Қазақстан және Түркия: ынтымақтастықтан стратегиялық әріптестікке
өту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Түркия мен ОА басқа мемлекеттері арасындағы экономикалық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Түркияның аймақтағы қазіргі кездегі
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия
мемлекеттері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Түрікменстан өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне
қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды
аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін
қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы
қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта АзияОА мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси
күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия
мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси
тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші
рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде
қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік
қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту
мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі
заманғы даму бағыты теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық
негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек
сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың
жаһандық факторы бола алады деген болатын [1].
ОА прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде
Түркия XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа анықтылықтарына
өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жағдайында болды. 1990 жылдардың басында
Түркия ОА мемлекеттеріне байланысты жаңа сыртқы саяси концепциясын
жариялады. Онда Қазақстанға да қатысты байланыстардың саясаты баяндалған
болатын. Осы концепцияны жариялау барысында Анкара өзінің сыртқы саясатын
Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей
байланыстыратынын анық байқатты. Түркияның еуразиялық екпіннің пайда
болуы ең алдымен бауырлас түркі халқының тарихи тамырларымен байланысты.
Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. [2].
Түркия екіншідүние жүзілік соғыстан кейін жүргізген ашық есік және
реформалар саясатының нәтижесінде экономикалық даму деңгейін европалық
дәрежеге жеткізгені мәлім. Бүгінде Түркия әлемдік саясатқа ықпал ететін
мемлекет болып табылады. Сондықтан ОА мемлекеттері үшін Түркиямен
дипломатиялық және саяси –экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы
барған сайын артуда.
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір
қажеттілігі – Түркияның ОА мен Қазақстандағы саяси әрі экономикалық
мүдделерін айқындау болып табылады. Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы
түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту негізгі мақсат болып
отыр.

Түркия үшін Орта Азиядағы саясатының негізгі мақсаттарының бірі
аймақтағы экономикалық қатнастарды дамыту сақтау болып табылады.

Түркия үшін Орталық Азия республикаларымен арасындағы сауда
–экономикалық саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені
бүгінгі таңда халықаралық деңгейде қаржы дағдарысынан шығу онымен күресу
бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді.

ОА мен Түркияның саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық дипломатиялық
байланыстар орнағалы бергі қарым-қатынастардың негізін құрады. Экономикалық
тұрғыдан алғанда, Түркия үшін ОА мен Қазақстан төмендегі салалар бойынша
басым серіктес бола алады. Олар-энергетикалық сала, металлургиялық шикізат
өңдеу мен өндірумен байланысты кәсіпорындармен, құрылыс материалдарының
өндірісімен айналысатын кәсіпорындармен байланыстары. Оған қоса Қазақстан
түркия товарларын пайдаланатын аймақтағы негізгі тұтыну базары болып
қала бермек.

Бітіру жұмыссның тақырыбы болып табылатын Түркия мен ОА мемлекеттері
арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау
және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының
болашақтағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Түркия
мен Орталық Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін
айқындауға талпыныс жасалады. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра
түсері сөзсіз.

Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы сыртқы саяси байланыстарды ашу
бітіру жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-
қатынастардың дамуының негізгі бағыттарын зерделеу, яғни сауда-экономикалық
және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні
болған.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 жылыдан ОА мемлекеттерінің
тәуелсіздігін алған уақыттан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы
онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі
мақсаты Түркия-ОА мемлекеттерінің арасаындағы экономикалық байланыстарды
жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа
сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылады:
1. Түркия мен ОА мемлекеттерінің сыртқы саясатының қалыптасуының
теориялық негіздерімен ерекшеліктерін айқындау.
2. ОА үшін Түркияның және Түркия үшін ОА сыртқы саясатында алатын орны
мен ролін айқындау.
3. Түркияның Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасындағы
ерекшеліктерін көрсету.
4. Түркия мен ОА арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
5. Түркияның Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі инвестициялық
саясатының деңгейін анықтау.
6. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы Түркия
тәжірибесіне объективті қорытынды жасау.
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Түркия мен ОА
мемлекеттерімен дипломатиялық қатнастарының дамуы және Түркия мен Орта
Азия мемлекеттерімен байланыстарына байланысты XX ғасырдың 90 жж бастап
ғылыми -дипломатиялық зерттеулер орын алған. Бүгінгі таңда екі мемлекет
арасындағы сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси қызығу құралына
айналды. Қазақстанның сыртқы саясаты, оның ішінде Қазақ-түрік қатнастары
және Орта Азиядағы түрік факторы көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау
болды.
Бітіру жұмысының пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті
және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы,
Н.Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы[4], Ғасырлар тоғысында[5], Сындарлы он жыл[6]
атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын
қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде Қазақ-түрік
қатнастарының ынтымақтастығы, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді
экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың
қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси
бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше
ретінде кіруі және Қазақстан – Түрік дипломатиялық қатнастарын, ҚР экс –
сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың Под
стягом независимости[7], Внешняя политика Казахстана в условиях
глобализации, Беласу [8]атты еңбектерінде қарастылады. Қ.К. Тоқаев
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты
баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары
қарастырылған. Соның ішінде ҚР мен Түркия дипломатиялық байланысына жалпы
шолу жасай отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар
қарастырылып, жекелеген салаларына талдау жасалынған.
Түркия мен ОА арасындағы дипломатиялық байланыстар ортаазиялық
дипломаттардың да және саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің
негізін құрайды.
ОА дипломаттары өздерінің зерттеулерінде Түркия мен ОА арасындағы
екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, экономикалық реформаларға баға
бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды. Қазақстан мен Түркия
арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар мақалалары арналған.
Бұл еңбектерде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, ОА
мен Түркия экономикалық даму және экономикалық салалаларды реформалаудың
ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Сонымен қатар бітіру жұмыстың тақырыбын ашуда Ресей және Орта Азияның
республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында
Б.Н.Елциннің,В.ВПутиннің, Өзбекстан президенті И.Каримовтың О национальной
государственности, идеологии независисмости и правовой культуре[9],
Түркменстан президенті С.Ниязовтың Внешняя политика нейтрального
Туркменистана[10] атты еңбектерін атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда Түркияның экономикалық дамуы туралы Түркия мемлекет
басшылары еңбектері мен саяси сұхбатттары кірген. Бұл еңбектерде Түркия
өзіндік даму жолымен жүруге және түркиялық ерекшелігі туралы баяндалады.
Сонымен бірге Түркияның экономикалық реформаға бағыт алу қажеттігін және
сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады [11].
Түркияның жалпы сыртқы саяси бағыты мен Орталық Азияға қатысты
жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен
ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е.Примаков,М.С.Капица,
В.А.Корсун, А.Д.Воскресенский, В.А.Лузянин[12], С.Г.Свешников, Ю.Песков
[13] В.Лукин [14], В.Михеев [15], В.Кузнецов [16], Е.П.Бажанов сияқты
зерттеушілерді атауға болады.
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Түркия және Түркия мен Орта
Азияның мемлекеттерімен дипломатиялық байланыстарға мәселелерге баса назар
аударған
Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында
жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері.
Орта Азия аймағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық,
ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта
Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты
мәселелер белгілі ғалым Ө.Қасеновтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты
талдау жасалынған[6].
Қазақстандық ғалымдар Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық
қатнастар мен экономикалық байланыстарға талдау жасайды.
Сонымен бірге зерттеуші М.Лаумулиннің бірқатар басылымы Қазақстан, мен
Орта Азиядағы мен Түркияның ролі, қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс
зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын
баяндайды. Олардың ішінде Г.Фуллер, Дж.Гинсбург, Ч.Анделенд, Н.Платт,
Кайзер, М.Олкотт және т.б. бар.
Орта Азиядағы түрік факторы деп атауға болатын арналған өзбек, қырғыз
зерттеушілерінің еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды.
Онда Түркияның Орта Азиядағы ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі
дамуына әсер ететін Түркия байланысты кейбір факторлар ашылған[7].
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар
және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж.У.Ибрашевтің,
К, Қожахметовтың, Қ.Е.Байзақованың, Ф.Т.Көкееваның, және т.б. еңбектері
бар.
Зерттеу жұмысында түрік ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де
пайдаланылды.
Түрік зерттеушілер ОА мен Түркия арасындағы байланыстардың жаңа
кезеңдегі барлық салалардағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке
сипаттама берген.. Кейбір еңбектер Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы
кезеңдегі қарым-қатынастарға арналған.
Зерттеудің деректік негізі. Түркия мен ОА дипломатиялық қатнастары,
Түркия Орта Азиядағы сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін
төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар
Түркия мен ОА арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген
келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с. Мысалы, Қазақстан
Республикасы мен Түркия арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты
ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы экономикалық
ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы
байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып
табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы
халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық
ақпарат беріледі.
Бітіру жұмысының деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының,
сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар
барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген
сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін
құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Түркия мен ОА
байланыстардың әртүрлі салаларын баяндап, талдау жасаған Қазақстанның,
Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде түріктанушылар, саясатшы, тарихшы
ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.
Ал деректердің төртінші тобын қазақ, орыс, жапон тілдеріндегі отандық
және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат
құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан,
Казахстанская правда, Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя,
Панорама газеттерінде және Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат,
Казахстан-Спектр, Центральная Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и
жизнь, Казахстан и современный мир, Аналитическое обозрение,
Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің Правда, Известия, Аргументы
и факты, Независимая газета газеттері мен Проблемы Дальнего Востока,
Мировая экономика и международные отношения, Азия и Африка сегодня,
Нефть и газ, Железнодорожный транспорт журналдары пайдаланылды.
Жапонияның журналдары зерттеу жұмысында ерекше орын алды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен
Орта Азияның және Түркияның, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары
құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар,
ҚазААГ, Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның Кабар, Тәжікстанның
Ховар, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат
агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диссертациялық жұмыстың
деректік негізі болды. Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған
мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін
ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы. Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы
экономикалық қатнастарды талдау отандық және шетелдік зерттеушілердің
нысаны болғаны белгілі, бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып комплексті
түрде қарастырыла қоймаған.
Берілген жұмыстың ғылыми жаңалығы аталмыш тақырыптың толық
зерттелмегендігінде болып отыр.
Отандық ғылымда алғаш рет Түркия мен ОА мемлекеттері экономикалық
қатнастары ОА мемлекеттерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі жақты
ынтымақтастық деңгейін ашуға талпыныс жасалады.
- Түркия сыртқы саясатының негізі, халықаралық жағдайдың өзгеруіне,
ғаламдасу заманының талаптарына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге
сәйкес Түркия сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды.
- Түркияның Орта Азиядағы даму үрдісі айқындалды.
-Түркия Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
анықталды. Тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде
белгіленген ара қатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ
жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды.
Бітіружұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық
құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар
кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу
жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Түркия сыртқы саясатындағы Орталық Азия
республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік
береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін,
сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол
жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына
батыс зерттеушілері, әсіресе американдық саясаттанушылар, өз үлестерін
қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық, плюралистік, ұйымдастырушылық-
құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы
саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген
әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің әдісі ретінде
ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон фон
Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді шешудің
тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар теориясы
және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген классикалық
ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм принциптері
бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және болжау
модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар
теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат
ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық
келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып
табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұрады.

1 Тарау Халықаралық қатнастардағы Қазқстан мен Орталық Азия: Түркияның
геосаясаты

1.1 Орталық Азиядағы жаңа геосаясат және Түркия

Орталық Азия аймағы өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи,
мәдени және тағы басқа факторларының қызметіне сәйкес геосаяси және
геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие аймақ болып табылады. Ең
алдымен ол географиялық жағынан батыстағы Европа мен шығыстағы Азияның,
солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде
орналасқан. Сондықтан да аймақтың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден,
тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа
аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан
көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігін айтпаса
да түсінікті. Үшіншіден аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның
ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы
қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және
тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы,
сондықтан едәуір зор экономикалық потенциалға ие. Төртіншіден, ұлттық,
діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі
және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс
мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
20-шы ғасырдың аяғы, дәлірек айтсақ, 90-шы жылдардың басы Орталық Азия
республикалары үшін ғана емес, сонымен бірге кезінде Кеңес Одағын құраған
республикалар үшін де тарихи бетбұрысты кезең болды. Социалистік тәртіп
орнатып келген дүниежүзінің ірі державасы Кеңес Одағы ыдырап, 70 жыл бойы
орталыққа бағынған республикалар тәуелсіз мемлекеттер статусына ие болды.
Әрине, алғашқы егемендік алған республикалар үшін жеке-дара мемлекет
ретінде өзінің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын белгілеп, әрі қарай
өздігінше аяқ алып жүруі оңай іс емес екендігі айдан анық. Бірақ Орталық
Азия елдері халықаралық істерге белсене араласа отырып, халықаралық
ұйымдарға мүше болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне
айналды. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері мен саяси, экономикалық
күштер назары осы аймаққа аударылған.
КСРО алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен соң, оның орнында
қалған республикалар, оның ішінде Орталық Азия елдері де тәуелсіздіктерін
жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі
орындарын алуға тырысты. 1991 жылдың аяғында бірінен соң бірі әлемге
өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялады. Осы жылдың желтоқсан айының
басында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып,
айдың соңында Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болғаны
жөнінде келісім дүниеге келеді. Орталық Азия республикаларының
тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында болып Түркия, Ресей, Қытай және АҚШ
мойындайды.
Тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы,
экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде
өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын
таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы,
Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып
алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі топаралық тартыстардың салдарынан 5
жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан
көптармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты
ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет
құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың
үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да
іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат
пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік
экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер туғызды.
Кеңес Одағының құрамында болған кезде Орталық Азия елдерінің басқа да
одақтас республикалар сияқты шет мемлекеттермен байланыстары орталықпен
басқарылып, сыртқы саяси қайраткерлігі өте шектеулі болды. Ал тәуелсіздік
алғаннан соң сыртқы саясат жүргізу ісінде дербестікке қол жеткізіліп, алыс-
жақын шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты орната бастады. Көптеген
қолайлы факторларға сәйкес, әлемнің ірі мемлекеттерінің осы аймаққа деген
назары ерекше ауып, Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді
қатысушысына айналды. Бүгінгі таңда Орталық Азия АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия,
Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері қақтығысқан өңірге
айналған. 1990-шы жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер негізінен
экономикалық мүддені көздеген болса, 21-ші ғасырдың басынан бастап
экономикалық мүдде саяси мүддеге ауысқандай.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ
орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен ойынның
сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және
Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран,
Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де
белгілі дәрежеде қатысады.
Ресей 1992-1993 жылдары Батыспен стратегиялық серіктестікті орнату
идеясын алға тарта отырып, өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы
кеңестік азиялық республикаларға деген назарын бәсеңдетті. 1994 жылдан
бастап Ресей аймақтағы өзінің бұрынғы ықпалын қайта қалпына келтіруге
тырысады. Ресей үшін басты мәселе Тәжікстандағы және тәжік-ауған
шекарасындағы ахуал болды. Ішкі мәселелердің өткірлігі мен экономикалық
мүмкіндіктерінің әлсіреуі Ресейге Орталық Азияда қалыптасқан вакуумды
толтыруға талпынған әлем елдерімен бәсекелесуге кедергі жасады. Орталық
Азиядағы екінші үлкен ойынның тағы бір ерекшелігі- аймаққа әскер емес
(Тәжікстанды санамағанда), инвестициялар әкеліне бастады. Яғни, инвесторлар
арасында табиғи ресурстарға қол жеткізу үшін, мұнай мен газ құбырларының
бағытын таңдауда, өтім базары үшін, жаңа тәуелсіз орталықазиялық
мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағыттары үшін күрес
жүреді[6, с.36].
Ресейдің экономикалық мүдделерін қорғау- Мәскеудің Орталық Азиядағы
саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Өз мүддесін қорғау мақсатында Ресей
өзі үшін анағұрлым маңызды болып табылатын елдерде, мысалы, Қазақстанда,
қатаң бақылауды сақтап отыр. Ресей үшін Қазақстан саяси жағынан да,
экономикалық жағынан да аса маңызды мемлекет болып саналады. Мұнда кеңестік
әскери және өнеркәсіптік нысандар- Байқоңыр ғарыш айлағы мен ядролық қаруды
сынау полигоны орналасқан. Қазақстан – бұрынғы КСРО аумағындағы Ресейден
кейінгі екінші ірі мұнай өндіруші. Оның энергетикалық ресурстары мен
тасымалдау құралдарына бақылау орнату Ресейге аса маңызды стратегиялық және
экономикалық мүмкіндіктер береді. Ресейде Өзбекстан мақтасының импортына
тәуелді ірі кәсіпорындар бар. Жалпы, экономикалық салада Ресей мен Орталық
Азия елдері арасындағы байланыс өте тығыз.
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағында мыс, қорғасын және цинк өндіруде
көшбасшылық орын алған және оның негізгі тұтынушысы Ресей болған. Ресей
қара металлургиясы бүгінгі таңда да Қазақстан темір рудасының, марганецтің,
молибденнің және хромның, сирек кездесетін металдардың басты тұтынушысы
болып отыр. Қырғызстан металдық сүрмені өндірудің монополисі болған болса,
Түркменстан-құрамынан стронций шығарылатын целестин рудаларының, Өзбекстан-
мақта мен алтынның ірі жеткізушісі болған [6, . с.37].
Орталық Азиядағы үш негізгі ойыншы-Қытай, Ресей және АҚШ. Әрқайсысының
өзіндік мүддесі бар, оған қоса олардың үшеуі де бұл аймақтың тыныштығы мен
гүлденуіне мүдделі. Ал бұл өз кезегінде бірлесіп күш жұмсауды қажет ететін
радикалды исламды жеңген кезде ғана мүмкін болмақ. Сондықтан оларды
біріктіретін осы мақсаттар олардың мәмілеге келуін қажет етеді. Мұның өзі
үшеуінің ортақ мүддесі болып табылады.
Тәуелсіз мемлекеттер мәртебесіне ие болған шақта Орталық Азияның
әлемнің ірі мемлекеттерінің қызығушылығын тудырған басты нәрсе- ол өңірдің
табиғи ресурстарға бай болуы, әсіресе негізгі талас Каспий мұнайы болды.
Каспий мұнайын игеру мақсатында алғашқылардың бірі болып АҚШ-тың ірі мұнай
компанияларының өңірге келгені белгілі. Орталық Азиядағы жаңа үлкен
ойынға ірі державалардың қатысуының басты мақсаты дәл осы Каспий мұнайы
мен табиғи газ. Каспий теңізінің жағалауы бойымен және оның түбінде әлемнің
ірі көмірсутекті отынның игерілмеген қорлары бар. Мұнай қоры 243 млрд.
баррельге бағаланып отыр, ал олардың құны 4 трлн. АҚШ долларына жуық. АҚШ
энергетика министрлігінің болжамы бойынша, тек Әзірбайжан мен Қазақстанның
өзінде бұл қорлар 130 млрд. баррель құрауы мүмкін, бұл АҚШ қорларынан 3
еседен асып түседі екен. ЭксонМобил, ШевронТексако сияқты мұнай
алпауыттары жаңа өңдеу көздеріне қазірдің өзінде 30 млрд. долл. құйған. Бұл
аймақ Құрама Штаттардың ОПЕК-ке -мұнай экспорттаушы елдер ұйымына деген
тәуелділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді деп болжануда [8].
Аймақтағы ірі ойыншылар мұнай мен газды игеруде ғана емес, оны
тасымалдаудағы мұнай құбырларының бағыты үшін де күреседі. Ресей Солтүстік
Кавказдағы өз аумағы арқылы өтетін бағытты қаласа, Қытай Қазақстаннан шығыс
бағытқа қарай болғанын қалайды. Иран Парсы шығанағы арқылы өз құбыр жүйесін
ұсынса, Вашингтон, керісінше, Ресейдің де, Иранның да аумақтарынан тыс
өтетін бағыттарды қолдайды. Қалай болғанда да, тасымалдау жолдарына бақылау
орнатуда Ресей үшін артықшылықтар басым. Көптеген орталықазиялық құбырлар
Ресей аумағы арқылы өтеді. Бүгінгі таңда АҚШ-қа жеткізілетін мұнайдың 15
пайызға жуығы Ресей еншісінде екен. Ресейдің экономикалық даму және сауда
министрі Г.Грефтің сөзі бойынша, Ресей американдық рынокқа мұнай жеткізуде
араб елдерімен бәсекелесе алады [9].
Қытай да АҚШ-тан кейінгі екінші ірі мұнай импорттаушысы ретінде
аймақтың мұнай игеру ісінен шет қалған жоқ. Қытайдың мұнай-газ компаниясы
Қазақстанның бірқатар мұнай кеніштерін игерумен қатар, батыс Қазақстаннан
батыс Қытайға мұнай құбыры салынып бітті. Бұған дейін Қытайға мұнай темір
жол арқылы жеткізілген болса, ендігі кезекте мұнай айдау құбыр арқылы
жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі Қытай-қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, күшті саяси орталық.
Бүгінде ол ғаламшардың ірі экономикалары тізімінде алтыншы орында болса,
сыртқы сауда көлемі бойынша төртінші орынды иеленген. 21-ші ғасырдың
ортасына қарай ҚХР алдыңғы қатарлы әлемдік держава болатынын түсіне отырып,
онымен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі мемлекеттер саны да барған сайын
артуда. Ресей мен Қытайдың ортақ көзқарасымен санаспай халықаралық
қатынастардың ешбір ойыншысы әрекет ете алмайды. Біріншіден, екі мемлекет
те БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, екеуі де аумақ, халық,
табиғи ресурстар, индустриалдық және ғылыми база, ядролық қару, Әлемдік
мұхит пен ғарышқа ғаламдық дәрежеде қатысу сияқты маңызды факторларға ие.
Екіншіден, өз мүдделерін қорғауда екі мемлекет принципті түрде халықаралық
ынтымақтылыққа, халықаралық құқыққа және БҰҰ-ның беделіне сүйенеді. Олар
үшін айнымас қағида ретінде халықаралық мәселелер мен қайшылықтарды шешуде
күштеу және біржақты қабылданатын әдістерді қолданбау қала бермек.[10,
с.62].
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери
қатысуы белсендірілді. Кенеттен Орталық Азия аймағы лаңкестікпен күрестің
шешуші алаңына айналды.
Лаңкестікпен күрес АҚШ-ты, Орталық Азия республикаларын, Ресей мен
Қытайды біріктірді. Ұлттық қауіпсіздік саласында бұл мемлекеттердің
әрқайсысы ислам бағытындағы лаңкестік ұйымдар тарапынан келген қауіппен
соқтығысты. Енді Ресей шешен сепаратистерінің Усама бен Ладенмен және Аль-
Каидамен байланысы туралы ешқандай кедергісіз айтса, Қытай Шыңжаңдағы
ұйғыр сепаратистерінің Аль-Каидамен және Талибан қозғалысымен
байланысын тапты. Ал Орталық Азия мемлкеттерінің басшылары үшін олардың
авторитарлық тәртібіне өте зор нұқсан келтіре алатын мұсылман
фундаменталистерімен күрестегі өз позицияларының нығаюы басымдық әкелді
[11, с.16].
Кеңес Одағының ыдырауымен Ресей өзінің бұрынғы әлеуетін жоғалтып алса
да, Орталық Азия елдерімен тарихи сабақтастығын алға тартып, олармен
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде өзара
байланыстарды дамытуда.
АҚШ-тың аймақта пайда болуы, оның Өзбекстан мен Қырғызстанда әскери
базаларды ашуы Ресейді Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуге итермеледі. 1990
жылдардың аяғында Мәскеу Орталық Азияда өзінің қызметін белсендірді. 2003
жылдың мамыр айында Ұжымдық қауіпсіздік шартына жаңа құрылымдық өзгерістер
енгізу туралы шешім қабылданып, нәтижесінде Ресейдің Орталық Азиядағы
ықпалының күшеюіне септігін тигізген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
құрылады [12, с.69].
Ресейдің келесі стратегиялық қадамы- 2003 жылдың күзінде Қырғызстанда
әскери базасының ашылуы. Бұл Ресей мен Орталық Азияның бірқатар елдерінің
ресми Мәскеудің аймақтағы тікелей әскери қатысуын қолдайтынын көрсетті.
Содан соң 2004 жылдың шілде айында Сочидегі В.Путин мен Э.Рахмоновтың
кездесуінде Ресей мен Тәжікстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту
туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның ішінде Ресейдің Тәжікстандағы
әскери қатысуы да бар. Оған қоса Мәскеу мен Ташкент арасындағы байланыстар
да қолайлы жағдайда дамыды, олардың жақындасуында ортақ қауіпсіздік
қатерлер мен бірлескен әскери жаттығулар негізгі рөл атқарады[12, с.69].
Орталық Азия аймағындағы ірі державалардың қатысуын қарастырғанда, НАТО-
ның да өңірге келгені туралы айтпасқа болмайды. Солтүстік Атлантикалық
альянс- Құрама Штаттардың негізгі әскери одақтасы болып табылады.
Ауғанстандағы антилаңкестік операцияда АҚШ НАТО-ның мемлекеттеріне арқа
сүйегені белгілі. Ресей мен Қытай НАТО-ның Орталық Азияға келуін қаламайды,
өйткені ол бұл екі алпауыттың аймақтағы ықпалын әлсіретуі мүмкін. НАТО мен
Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастық 1994 жылдан басталғаны
белгілі. Сол кезде Орталық Азияның Түркменстаннан басқа төрт республикасы
НАТО-ның Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасының мүшелеріне айналды.

Орталық Азия мемлекеттерінің Бейбітшілік үшін серіктестік
бағдарламасына кіруі олардың Альянспен байланыстарына ресми мәртебе берді,
аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың тетігін қамтамасыз етті,
бірлескен қайраткерліктің негізін қалады. Стамбул саммитінде Альянс өзінің
стратегиялық маңызды аймақтар болып табылатын Орталық Азия мен Кавказдағы
серіктестермен ынтымақтастыққа аса назар аударуы қажет деген шешім
қабылданды. НАТО-да Бас хатшының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы
өкілі лауазымы, сонымен бірге осы аймақтардың әрқайсысының байланыс
офицерлері қызметтері бекітілді. Байланыс офицерлері қарым-қатынастарды
дамытуға ықпал етіп, ынтымақтастықты реттеу мен диалог жүргізу ісіне жауап
берулері тиіс [13, с.47].
Орталық Азия елдерімен саяси және экономикалық байланыстарды Түркия,
Иран, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Еуропалық Одақ мемлекеттері де дамытуда.
Бірақ бұл аталған мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы қатысуында үш
алпауыт-АҚШ, Ресей, Қытайдың бәсекелестігі сияқты тайталас айтарлықтай
байқалмайды. Ынтымақтастығының басында өзінің діни дүниетанымын уағыздай
отырып, Орталық Азия елдеріне идеологиялық басым көрсеткісі келген Иран өз
мақсатын іске асыра алмады. Сөйтіп, өзара байланыстарды тек тиімділік
негізінде ғана құра бастады. Иран Орталық Азия үшін Парсы шығанағына
шығудың жолы болып табылады, бұл мақсат жүзеге асты да. 1996 жылы
Түркменстанның теміржол магистралін Ирандыкімен байланыстырған Мешхед-
Теджен-Серахс теміржол торабы салынып бітті.
Түркияның Орталық Азия республикаларымен этникалық, тілдік және мәдени
жақындығы оның алғашқылардың бірі болып аймақтың белсенді қатысушысына
айналдырды. Түркиямен бүгінгі таңда сан-саладағы ынтымақтастық дамуда. Ол
ең алдымен, сауда-экономикалық, транспорт, оқу-ағарту, туризм салаларында
көрінеді. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан соң
әлемнің ірі державаларымен қатар, әлеуеті жағынан төмендеу мемлекеттермен
де жан-жақты байланыстарды дамытуда. Бүгінгі ғаламдасу заманының талаптары
да екіжақты және көпжақты, мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды
дамытуды, әлем елдері мен өңірлері арасындағы интеграциялық процестерді
алға бастыруды, ортақ қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуді қажет етеді.
Әйтсе де ғаламдасудың талаптарына сай әрекет ету, ірі мемлекеттердің
аймақтағы белсенді қатысуына жол беріп, олардың әскери, саяси ықпалын
күшейту Орталық Азия елдерінің мемлекеттік мүддесіне, олардың егемендікті
нығайтудағы талпыныстарына нұқсан келтірмесе болғаны. Өйткені экономикалық
дамудың әлі де болса төменгі деңгейіндегі, қарулы күштері де әлсіз Орталық
Азия үшін халықаралық қатынастарда тек дәйекті де тиімді саясатты ұстанғаны
абзал.

1.2 Түркияның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері

Қазіргі кезде Түркия мемлекеті, қаржы дағдарысына байланысты өзінің
сыртқы саясат жүргізу жолдарының әдістерін біршама кеңейгенін түсінді. Оның
себебі, егерде бұрынғы уақытта жаһандық сипаттағы мәселелерді шешуде
бірінші орында әскери мәселелер тұрса, бүгінде көптеген саяси да басқа да
жаһандық маңызы бар мәселелерді шешуде әскери күштің қажетімен емес,
экономикалық күш пен әр түрлі жаңа технологиялардың қолданылуымен шешіледі.
Әрине бұл салада Түркия өз мүмкіншіліктерін тиімді түрде жүзеге
асыралады. Оған қоса, Түркия НАТО елдер ішінде ұйымға тигізетін септігі
жоғарғы көлемде болып отыр. Бұндағы Түркияның басты мақсаты – НАТО арқылы
Орталық Азия мен Таяу Шығыс аймағындағы мәселелерді шешуде, өз экономикалық
күшіне сай дауыстық мәртебеге ие болу.
Бүгінгі күнде Түркия ОА елдері экономикасына донорлық қызмет
атқаратын ірі мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Түркия ОА
мемлекеттерінде экономикадағы тұрақтылық кепілін қамтамасыз етіп отырған
ел.
Осыған орай, 90 жылдардан бастап Түркия Еуразиялық кеңістік шеңберінде
Орталық Азия аймағына қатысты өзінің жаңа бағытын жүзеғе асыруға аяқ басып,
аймақтағы республикалармен өзара қатынасын дамыту мақсатында мынадай
басымдықтарды алға қояды:
• Экономикалық ынтымақтастық пен табиғи ресурстарды игерудегі
ынтымақтастық;
• Түбі бір түрік әлемімен өзара сенім мен түсіністікті
тереңдетуге бағытталған саяси сұхбат;
• Әрбір республикада жекелей қоғамның демократизациялауы мен
тұрақтылығын, ядролық қаруды таратпауды бақылауНАТО
шеңберінде .
Түркияның сыртқы саясатында қазіргі заманның халықаралық жағдайының
мынадай ерекшеліктерін белгілейді:
Біріншіден, әлем қауымдастығы ішіндегі тығыз қарым-қатынастардың күшеюі
мен экономикалық жаһандануы. Яғни сыртқы сауда мен инвестициялардың ортақ
нарығы, алыс қашықтықтар мен басқа себептерге қарамастан ақпарат, байланыс
құралдарының дамуы әр түрлі мемлекеттер мен трансұлттық корпорациялардың
өзара қатынасын жеңілдетеді.
Екіншіден, халықаралық жағдайға байланысты, Түркия нарықтық экономика
мен демократия жолындағы ОА елдеріне техникалық, қаржылай көмек көрсетуге
бағытталған.
Үшіншіден, жаһандық сипаттағы мәселелерге тікелей қатысы бар,
өйткені барлық жаһандық мәселелердің барлығын бір сипат біріктіреді: оның
салдары бүкіл планетаға немесе белгілі бір территориясы ауқымды аймаққа
тиеді және оларды шешу үшін үлттық шекарадан шығатын халықаралық
ынтымақтастық қажет. Ондай мәселелерге терроризм, ядролық кауіпсіздік,
босқындар мәселесі, СПИД, есірткі, халықаралық қылмыс және т.б.
Төртіншіден, қазірігі әлем қауымдастығындағы үлттық фактордың, яғни
өзінің белгілі бір ұлтқа тән болуы жөніндегі сана сезімнің оянуы мәселесі
(әсіресе КСРО ыдырағаннан кейінгі пайда болған тенденция). Дүние жүзінің әр
түпкіріндегі аймақтық қақтығыстардың, әсіресе қырғи-қабақ соғысынан кейін
пайда болған қақтығыстардың барлығы үлттық және діни себептердің салдарынан
екендігі бәрімізге мәлім . Түркия үшін ол күрт мәселесі.[40].
Осы сипаттарды негізге ала отырып қазіргі кезде Түркия өз сыртқы
саясатын жүргізгенде азаматтарының бейбіт өмірі мен елінің гүлденуін
міндетті түрде ескереді. Бұл бағытты ұстануда зор үлесін қосқан түрік
Президенттері С. Демирел, Т. Озал т.б.
Түркия Орталық Азия елдерімен қатынасында бірнеше нақты кезеңдерді
атап көрсетуге болады. Қатынастардың дамуы барысында кезеңдердің
сипаттарының өзгеруі ең біріншіден Түркияның саяси приоритеттерінің
өзгеруіне байланысты болды.
Бірінші кезең Орталық Азия мемлекеттерінің өз тэуелсіздігін
жариялауымен байланысты. Түркия үшін бұл өте қолайлы болды., өйткені ОА
аймағында жетекші рөл орнына үміткер түрік елі үшін осынау потенциалды
нарық аймағының тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қала алу жағдайы
алаңдатты. Ондағы кернеулік жағдай Түркияның сыртқы саясатына ықпал ететін,
әсіресе қаржы институттарының қызметіне ықпал ететін фактор болып табылады.
Сондықтан Түркия үкіметі өз елінің аймақпен болашақтағы қарым-қатынасына
бұл аймаққа құйылатын келешек инвестициялық капиталдарға қауіп-қатердің
тууын ескерді. Бірақ аймаққа қатысты Түркияның сыртқы саяси бағыттарына
сәйкес іс-әрекеттер жасалды. Түркия аймақтағы интеграциялық үрдістерді жете
бақылап отырады. Мәселен 1993 жылы 1 қаңтарда Орталық Азияның бес
республикалары Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ОЭСР)
жәрдемімен дамушы елдер қатарына қосылады. Бұл Орталық Азия мемлекеттеріне
сырттан экономикалық көмек сұрауға жол ашты. Осы сәтті пайдаланып Түркия
өзінің аймақтағы ықпалын жеделдете бастайды. Бұл Түркияның ОА елдермен
негізгі байланыс формасы болып табылады.
90 жж. бастапқы кезеңдерінде Орталық Азия елдері үшін көмектің
максималды көлемі 100 млн АҚШ долларына сәйкес келеді деп пайымдалған
болса, кейін бірталай өзгешеліктер енгізілді. Мысалы, Қазақстан
Республикасына Түркияның салған инвестициялары әр жылда өсіп отырды.
Түркия аймақ республикаларындағы ішкі саяси жағдайға байланысты алдын-
ала тексеру жүмыстарына қатысуы болып табылады. Нәтижесінде Орталық Азия
мемлекеттері түркия үкіметінің мынадай несиелеріне иеленді: Қазақстан — 690
млн шамасында, Өзбекстан - 450 млн, Қырғызстан - 240 млн, Түркменстан - 123
млн АҚШ доллары. Сөйтіп жалпы несие сомасы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын
қүрады.
Түркияның Орталық Азия елдерімен ара қатынасын әрі қарай дамуының
екінші кезеңі көбіне аймақтағы пайда қазбаларды Түркияға экспорттаумен
байланысты болды. Бұл үшін Түркия Қазақстан тарапынан Түркияға аса
қызығушылық білдіруіне бірнеше мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды жүзеге
асырды. Экономикалық қарым-қатынастарды жігерлендіру үшін Түркияның
үкіметі 1994 жылы Қазакстан үшін сыртқы сауда операцияларын мелекеттік
сақтандыру жүйесін енгізді. 1995 жылы Қазақстан үшін жеңілдік режимін
орнатты, 1996 жылы Түркменстан мен Өзбекстанға да қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді сақтандыру жүйесі таратылды, ал 1997 жылы тамызда дәл солай
Қырғызстан үшін де.Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саясатындағы кейбір
позитивті жағдайларды бағалай отырып Түркия қатынастарын тереңдету мен
кеңейтуді ұйғарды. Осылайша ОА түркияның айақтағы бірлескен корпорациялары
пайда бола бастады. Бұл корпорациялар аса қажет ететін аймақтағы пайдалы
қазбаларды игеруге бағытталған. Осыған орай түркияның жетекші фирмалары
мұнай өндіруші зауыттардың реконструкциялау жүмыстарына қатысты. Мысалы,
Қазақстанда Атыраудағы мұнай өндіру саласында, Өзбекстандағы Бұхара,
Ферғана, Түркменстанның Түркменбашы қаласындағы зауыты.
Түркия компанияларының энергетикалық қайнар көздерді игеруде тікелей
қатысуы оның сол ресурстарды өзінің ішкі нарығына пайдалануға мүдделі
екендігін көрсетеді. Бұл мүдделілігінің бір себебі, Түркия өзінің одақтасы
АҚШ сияқты Таяу Шығыстың мұнайының импортынан тәуелділігін бәсеңдету болып
табылады. Өйткені Түркияның сол аймақтан эксперты 75% тең. Тағы бір себебі,
өйткені Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың жоқтығы.
Түркияның аймақтағы пайдалы қазбаларды игерудегі, тұрақтылық үшін
жасалған іс-шаралар жөнінен белсенділігі мен қатар экономиканың сауда-
саттық саласы қарқынды дамып жатыр. Сауда-саттық байланысы халықаралық
экономикалық ынтымақтастықтың кең тараған формасы болып есептелсе де, сауда-
саттық қатынасы бар болғанмен, оның деңгейі экномиканың басқа салаларына
қарағанда маңызды емес әрі өсу тенденциясы байқалмайды деген пікірде бар.
Мысалы оған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
айналымында Түркия төменгі орында [89].
Түркияның мен Орталық Азия аймағының өзара қатынасында бұндай
жағдайдың себебі не, немен байланысты? Біріншіден, Түркия Орталық Азия
аймағына мүдделілігіне басты фактор болып отырған бұл - аймақтың пайдалы
қазбаларға бай екендігі. Бірақ Орталық Азия айағындағы республикаларда сол
пайдалы қазбаларды игеруге байланысты инфрақұрылымның дамымағандығынан,
Түркия бірінші ретте сол салаға байланысты жобаларға өз инвестицияларын
бағыттайды. Екіншіден, Анкара өзінің отандық өндірушілердің қызметін демеп
отыру үшін Орталық Азия аймағы мемлекеттеріне бағытталатын көмек қаржылай
емес техника мен арнайы жабдықтар ретінде көрсетіледі. Үшіншіден, Түркия
қарыз беру кезінде өз компанияларының қызметтері мен тауарларын бағасы
қарыз ішіне кіретін міндетті түрдегі мүліктенуді қолданысқа енгізді, бұл өз
алдына аймақтың мемлекетерін Түркиямен қарым-қатынасын алыстатып жіберді.
Бұл Түркия мен Орталық Азия мемлекеттері арақатынасының екінші бір қыры
болып есептелгенмен, аймақтағы әбір республикасымен байланысын жекелей
көрсету - Орталық Азия аймағының бұл елмен байланысын одан да анық
байқатады.
Түркия мемлекеті алғашқылардың бірі болып Орталық Азия мемлекеттері
өзінің тәуелсіздігін жариялауынан бастап, онда өзінің өкілетті елшіліктерін
ашуға қадам басты. Орталық Азия мемлекеттері ішінен ең алғаш Қазақстан
Республикасында ашылды. Сондықтан біздің ел үшін Түркиямен қарым-қатынас
айрықша орын алады. Түркияда Қазақстанмен қарым-қатынасының ерекше сипаты
бар деген пікірді ұстанады. Сондықтан 1994 жылы Президент Н. Назарбаев
Түркияға сапары болды. Мемлекет басшыларымен кездесулердің нәтижесінде
Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл қүжат шын мәнінде екі елдің өзара
қатынасының құқықтық негізі болып табылады. Қазақстандық тарап ауқымды
жекешелендіруді жүзеге асыруға және экономикада шынайы нарықтық қатынастар
орнатуға өзінің бекем бел байлап отырғандығын мәлімдеді. Түркия тарабы
біздің елімізде экономикалық реформалардың басталуын жоғары бағалап,
қазақстандық басшылықтың қолға алуымен жүзеге асырылып жатқан прогрессивті
қайта құруларға жәрдемдесу ниетін сөз етті. Тараптар сауда, энергетика,
минералдық ресурстар және ауыл шаруашылығы сиякты салаларда теңдік пен
өзара тиімділік негізінде екіжақты қатынастарда одан әрі дамытудың
қажеттілігіне назар аударды.
Қазақстандық тарап инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіруді қоса
алғанда, шетелдік инвестицияларға қолайлы жағдайлар туғызуға өзінің
мүдделілігін қүаттады. Ғылыми-техникалық, мәден, білім беру, туризм, спорт
және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге екі жақты ұмтылыс
білдірді, мұның екі ел халықтары арасында өзара сенім білдіруді тереңдету
үшін маңызы зор болды.
НАТО-ның белсенді мүшесі ретінде Түркия Қазақстанның қауіпсіздік
саласындағы саясаты Анкарада жоғары бағаланды. 1997 жылы шілдеде кейін
болған Президент Т.Озал бастаған өкілетті делегацияның Қазақстанға сапары
екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесті. 1999 жылы 5-8
желтоқсанда Н. Назарбаев Анкараға сапарлап, нәтижесінде Бірлескен
декларация қабылданды. Бұл қүжатта Қазақстан Түркияның стратегиялық
әріптесі ретінде сипатталады. Түркиямен қарым-қатынаста экономикалық
ынтымақтастық алдыңғы қатарға шықты. Анкара Қазақстанның ірі кредиторына
айналды. Қазақстанмен арасындағы экономикалық ынтымақтастық сауда, заем
және экономикалық көмек сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Түркия
түрлі қорлардың желісі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған
гранттар, жеңілдікті заем, кредиттер түріндегі қаржылық көмекті Қазақстанға
бірнеше рет ұсынды.
Мәселен, Президент Н. Назарбаевтың 1994 жылғы Түркияға сапары
барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Түркияның арасында
жалпы сомасы 220 млн. АҚШ долларына Қазақстанға заем беру туралы келісімге
қол қойылды. Түрік мамандар Қазақстандағы инвестициялық ынтымақтастықтың
негізгі салалары мұнай-газ саласы, сондай-ақ металлургия, энергетика және
инфрақүрылым болуы мүмкін деп санайды. 1999 жылы наурызда Түркияның ұлттық
мұнай корпорациясы мен Қазақойл ¥МК арасында негізгі келісімге қол
қойылды, ол бойынша Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігін зерттеуге 15
млн. АҚІІІ долларын бөлу көзделді [35,Б.166].
Халықаралық ұйымдар жұмысыньң шеңберінде өзара іс-қимыл
ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. БҰҰ шеңберінде, НАТО мен
қатнастарда Қазақстанның позициясын Түркия қолдап отыр.. Анкара Азия
құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін едәуір күш-жігер жұмсап жүр.
АӨСШК-ні шақыру жөніндегі дайындық процесіне Түркияның қатысуы Азиядағы
өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін кұруға қатысты Президент Н. Назарбаевтың
бастамасын іске асырудың маңызды факторы болды.
Орталық Азияның басқа да республикалары сияқты Қырғызстан да өз
тәуелсіздігін жариялаған кезде, Түркия үкіметі бұған үлкен қолдаумен
қарады. Сонау Кеңес Одағының кезіне бастап Түркия Қыргызстан Рспубликасына
жәрдемдесуде белсенділік танытты. Қатынас орнатылған соң бірден түрік
орталығын ашып, қыргыз халқын түрік халқымен, оның мәдениетімен жақынырақ
таныстыруға бағыттады. Түркияның қолдауымен Қырғызстан бұрынғы Кеңес Одағы
елдерінің ішінен бірінші болып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.
Дегенмен де Анкара қырғыз елінің өз дамуында белгілі бір прогресске
жеткенмен де, бұл бағытта одан да интенсивті дамиды деп үміттенеді. Бірақ
нарықтық жолындағы жаңа тәуелсіз республикаға бар қиындықтарды аздаған
шығынмен бастан кешіруге түркия тарапынан қолғабыс болады деп сенеміз
әсіресе, Қырғызстанның Түркия өкілеттілігінің ашылуына орай, жалғасты тығыз
қарым-қатынас болады деген ойдамыз деген болатын Президент Т.Озал
Жалпы Түркияның Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасында
кедергі жасайтын бір жайт - Түркияның саяси топтардағы адамдардың аймақ
жөнінде хабардар болғанымен, Түркия экономикалық топтарында, оның ішінде
бизнесмендер мен іскер адамдар арасында Орталық Азия мемекеттері жөнінде
хабардың бұрмалауында. Тікелей Қырғызстанға келсек, 1999 жылы Баткент
оқиғасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Пәндер