Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы



1. ТМД құрылуының алғышарттары мен тарихы
2. ТМД құрылуын бекіткен құжаттар;

3. ТМД құрылымы мен мақсаттары;

4. ТМД.ның Жарғысы;

5. ТМД.ға мүше.мемлекеттерінің әлемдік деңгейде экономикалық көрсеткіштер бойынша алатын орны.
КСРО ыдырағаннан кейін экономикалық дағдарысты бастан кешкен бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің бәріне келісілген әрекеттер, ынтымақтастық қажет болды, өзара тиімді шешімдер ізделді. Әлемдік тәжірибеден белгілі болғанындай, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканы реформалау үшін, әлемдік бірлестіктің интеграциялануы үшін бірлесу қажет еді. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы – бұл тәуелсіз мемлекеттердің обьективті және заңды даму үрдісінің нәтижесі.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтау негізінде экономикалық және саяси міндеттерді шешу үшін ТМД аясында байланыстарды нығайтуға ат салысты. Қазақстанның жаңартылған КСРО қалыптастыру туралы және біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы ұсынысы Ресейдің бірінші Президенті Б.Н.Ельциннің 1991 ж. 17-18 тамызда Қазақстанға келген жұмыс сапарында алғаш рет айтылды. “Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының тұрақтылығының кепілі туралы” және “Біртұтас экономикалық кеңістік туралы” біріккен өтініштерге қол қойылды. Осы құжаттарға Қазақстан және Ресей басшылары басқа республикалардың жетекшілеріне жаңа бірыңғай нарық кеңістігін құруға байланысты барлық проблемаларды талқылау мақсатында қызметтік кездесу ұйымдастыруды ұсынды. 1991 ж. 8 желтоқсанында Беларусь, Ресей және Украина арасында Беловеж келісіміне қол қойылды. 1991 ж. 13 желтоқсанында Орта Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. 1991 ж. 21 желтоқсанында Алматыда 11 тәуелсіз мемлекет келіссөздер жүргізді. Олардың “теңқұқылық негізінде және Жоғары Уағдаласушы Тараптар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға” шешім қабылдауы осы кездесудің нәтижесі еді. ТМД қатысушыларының әрекеттестігі теңқұқылық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғысмастығын құрметтеу қағидаларына сай және біртұтас қорғаныс кеңістігі мен ядролық қаруға біртұтас бақылауды сақтау арқылы жүзеге асырылатыны жөнінде Алматы Декларациясына қол қойылды. ТМД-ның барлық қатысушыларының келісімімен, бұрыңғы КСРО мүше-мемлекетерінің, сондай-ақ Достастықтың мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін басқа да мемлекеттердің оған қосылуы үшін ТМД ашық деп жариялады.
1. Исингарин Н. Казахстан и Содружество. Проблемы экономической интеграции. Алматы, 2000

2. Исингарин Н. Проблемы Интеграции в СНГ. Алматы, 1998

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Жоспар

1. ТМД құрылуының алғышарттары мен тарихы
2. ТМД құрылуын бекіткен құжаттар;

3. ТМД құрылымы мен мақсаттары;

4. ТМД-ның Жарғысы;

5. ТМД-ға мүше-мемлекеттерінің әлемдік деңгейде экономикалық көрсеткіштер
бойынша алатын орны.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)

КСРО ыдырағаннан кейін экономикалық дағдарысты бастан кешкен
бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің бәріне келісілген әрекеттер, ынтымақтастық
қажет болды, өзара тиімді шешімдер ізделді. Әлемдік тәжірибеден белгілі
болғанындай, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканы
реформалау үшін, әлемдік бірлестіктің интеграциялануы үшін бірлесу қажет
еді. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы – бұл тәуелсіз
мемлекеттердің обьективті және заңды даму үрдісінің нәтижесі.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың көпшілік таныған
нормалары мен қағидаларын сақтау негізінде экономикалық және саяси
міндеттерді шешу үшін ТМД аясында байланыстарды нығайтуға ат салысты.
Қазақстанның жаңартылған КСРО қалыптастыру туралы және біртұтас
экономикалық кеңістік құру туралы ұсынысы Ресейдің бірінші Президенті
Б.Н.Ельциннің 1991 ж. 17-18 тамызда Қазақстанға келген жұмыс сапарында
алғаш рет айтылды. “Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының тұрақтылығының кепілі
туралы” және “Біртұтас экономикалық кеңістік туралы” біріккен өтініштерге
қол қойылды. Осы құжаттарға Қазақстан және Ресей басшылары басқа
республикалардың жетекшілеріне жаңа бірыңғай нарық кеңістігін құруға
байланысты барлық проблемаларды талқылау мақсатында қызметтік кездесу
ұйымдастыруды ұсынды. 1991 ж. 8 желтоқсанында Беларусь, Ресей және Украина
арасында Беловеж келісіміне қол қойылды. 1991 ж. 13 желтоқсанында Орта Азия
мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. 1991 ж. 21 желтоқсанында Алматыда
11 тәуелсіз мемлекет келіссөздер жүргізді. Олардың “теңқұқылық негізінде
және Жоғары Уағдаласушы Тараптар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын
құруға” шешім қабылдауы осы кездесудің нәтижесі еді. ТМД қатысушыларының
әрекеттестігі теңқұқылық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын және
шекараларының мызғысмастығын құрметтеу қағидаларына сай және біртұтас
қорғаныс кеңістігі мен ядролық қаруға біртұтас бақылауды сақтау арқылы
жүзеге асырылатыны жөнінде Алматы Декларациясына қол қойылды. ТМД-ның
барлық қатысушыларының келісімімен, бұрыңғы КСРО мүше-мемлекетерінің,
сондай-ақ Достастықтың мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін басқа да
мемлекеттердің оған қосылуы үшін ТМД ашық деп жариялады.
ТМД Жарғысының Кіріспесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
ерікті түрде біріккен мемлекеттер Достастықтың Жарғысын қабылдауға шешім
қабылдағаны белгіленген. Мұнда ТМД-ға мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың
көпшілік таныған қағидалары мен нормаларының, БҰҰ Жарғысы ережелерінің,
Хельсинки Қорытынды Актісі мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық
жөніндегі келісімнің өзге де құжаттары негізінде әрекет етеді. Сөйтіп,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы жоғарыда аталған халықаралық-
құқықтық құжаттар ережелерінің жүзеге асуын көрсетеді.
Жарғылық ережелердің анықтамалық маңызы бар, ол: мүше-мемлекеттер
халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субьектілері екендігі.
Достастық мемлекет болып табылмайтындықтан, оның ұлттық өкілеттіктері жоқ.
Мүше-мемлекеттер арасындағы достастық, тату көршілік ұлтаралық келісім,
сенім, өзара түсіністік және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту
және қарым-қатынастарды нығайту – Достастықтың мақсаттары болып табылады.
ТМД Жарғысының 2-бабы осы халықаралық ұйымның мақсат-міндеттерін
айқындайды:
- саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа
да салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- мүше-мемлекеттердің жалпы экономикалық кеңістік аясында жан-жақты
және үйлесімді экономикалық, әлеуметтік дамуы, мемлекетаралық
кооперация және интеграция;
- халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына
сәйкес және ОБСЕ құжаттарына сай адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын қамтамасыз ету;
- халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамсыз ету, қарулану
және әскери шығындарды қысқарту жөніндегі тиімді шараларды жүзеге
асыру, ядролық және жаппай қырып-жоятын қарулардың өзге де түрлерін
жою, жалпыға бірдей және толық қарусыздануға қол жеткізу;
- мүше-мемлекеттер азаматтарының Достастық шегінде еркін араласуына,
жүріп-тұруына көмектесу;
- құқықтық қатынастардың басқа да салаларында өзара құқықтық көмек пен
ынтымақтастық;
- Достастық мемлекеттері арасындағы даулар мен жанжалдарды бейбіт
жолмен шешу.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық ережелерінде қағидалар
ретінде халықаралық құқықтың және Хельсинки Қорытынды актісінің көпшілік
таныған нормалары көзделген және мемлекетаралық қатынастарда халықаралық
құқықтың үстемдік тезисі белгіленген.
Осы ұйымдағы мүшелік мәселелері мынадай жолмен айқындалады:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы
Келісімге және осы Келісімге қосымша ТМД жарғысын қабылдау кезіндегі 1991
ж. 21 желтоқсанындағы Хаттамаға қол қойған және бекіткен мемлекеттер
Достастыққа мүше бола алады. Жарғыны мемлекет басшылары қабылдағаннан
кейін, бір жыл ішінде Жарғы бойынша өздеріне міндеттемелері жүктеген
мемлекет-құрылтайшылар Достастықтың мүше-мемлекеттері болып табылады. Осы
ұйымның мақсат-міндеттері мен қағидаларын бөлісетін және Жарғы бойынша
өздеріне міндеттемелер алатын мемлекеттер Достастыққа мүше бола алады және
Жарғыға қосылу үшін барлық мүше-мемлекеттердің келісімі қажет. ТМД-ның жеке
қызмет түрлеріне қатысқысы келетіндер ассоциацияланған мүше ретінде болуы
да мүмкін. Бақылаушылар институтында да рәсім ережелері көзделген.
Достастық құрамынан шығатын кезде мүше-мемлекет депозитарийге 12 ай бұрын
хабарлауы тиіс. Жарғылық ережелерді бұзған жағдайда, Достастық көлемінде
жасалған келісімдер бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде орындамаған
жағдайда халықаралық құқықта көзделген шаралар қолданылады.
Мүше-мемлекеттердің әр түрлі салалардағы арақатынастарындағы көп
жақты және екі жақты келісімдер негізгі құқықтық база болып табылады.
Мүше-мемлекеттердің біріккен қызмет саласы көптеген әмбебап және
аймақтық ұйымдардың бағдарламалық ережелерімен сәйкес келеді. Сонымен, ТМД
Жарғысының 4-бабында көзделген қызмет түрлерінің тізбесі онымен
шектелмейді. ТМД Жарғысы мүше-мемлекеттердің үш маңызды бағыттары бойынша
позицияларын егжей-тегжейлі көрсетеді:
1. Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық.
2. Жанжалдардың алдын алу және дауларды шешу.
3. Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салалардағы ынтымақтастық.
Халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қарулануды қадағалау
саласында ТМД мүше-мемлекеттері келісімді саясат жүргізуде. Сөйтіп,
жарғылық ережелерде позицияларды үйлестіру үшін өзара консультациялар
тетігі мен төнген қауіпті жою үшін шаралар қабылдауға сілтемелер жасалған.
Осы шаралар бітімгершілік операцияларын қолдануды және қажет жағдайда
Қарулы Күштерді де қолдануды көздеуі мүмкін.
ТМД мүше-мемлекеттері адам құқықтарын бұзуға әкеліп соғуы мүмкін
жанжалдардың алдын алу үшін қолдан келген барлық шараларды пайдаланулары
міндетті. Ол ең біріншіден ұлтаралық және конфессия аралық жанжалдарға
қатысты. Мемлекеттер жанжалдарды шешудің бейбіт тәсілдерін, келіссөздер
жүргізу және реттеудің басқа да ұқсас тәсілдерін қолдануға міндеттенеді.
Егер дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері жеткіліксіз болса, онда
мемлекеттер дауды мемлекет басшыларының Кеңесіне береді.
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салалардағы ынтымақтастық
жалпы экономикалық кеңістік құруға, әлеуметтік саясатты үйлестіру, ортақ
әлеуметтік бағдарламаларды жасауға және әлеуметтік шиеленісуді төмендету
жөніндегі шараларды жасауға көмектеседі. Осы қызмет түріндегі елеулі маңыз
табиғатты бірлесіп қорғау шараларын жүзеге асыруға, экологиялық апаттар мен
өзге де төтенше жағдайлардың салдарын жоюға өзара көмек көрсетуге берілген.
Мұнан басқа, мүше-мемлекеттер құқық саласында да ынтымақтастықты жүзеге
асырады. Бұған құқықтық көмек көрсету туралы көпжақты және екіжақты шарттар
жасау арқылы қол жеткізуге болады және ол ұлттық заңдардың жақындасуына да
көмектеседі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдар жүйесі мынадай болып
көрсетілген:
1. Мемлекет басшыларының Кеңесі Достастықтың жоғары органы болып табылады.
Оның құзыретіне мүше-мемлекеттердің ортақ мүдделеріне қатысты
қызметтеріне байланысты негізгі мәселелерді талқылау және шешу жатады.
Мемлекет басшылары Кеңесінің мәжілісі жылына екі рет жиналады. Мүше-
мемлекеттер бастамасымен кезектен тыс мәжілістер шақырылуы мүмкін.
2. Үкімет басшыларының Кеңесі Достастықтың атқарушы органы болып табылады.
Кезектен тыс мәжілістер мүше-мемлекеттердің біреуінің бастамасымен
шақырылуы мүмкін.
Мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің
шешімдері ортақ келісім негізінде – консенсус арқылы қабылданады.
Біріккен мәжілістер өткізулері де мүмкін. Мемлекет басшылары Кеңесі мен
үкімет басшылары Кеңесі тұрақты және уақытша негізде жұмысшы және
қосалқы органдар құрады.
3. Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі мүше-мемлекеттердің сыртқы саяси
қызметін, олардың халықаралық ұйымдардағы қызметін қоса алғанда
үйлестіруді жүзеге асырады; өзара мүдде тұрғысындағы әлемдік саясат
мәселелерінде ақыл-кеңес беруді ұйымдастырады.
4. Үйлестіру-консультациялық Комитеті Достастықтың тұрақты әрекет ететін
атқарушы және үйлестіруші органы болып табылады. Оның құзыретіне
мыналар жатады: Достастық аясындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде
ұсыныстар жасау және енгізу, әлеуметтік-экономикалық байланыстарды
дамыту; экономикалық ынтымақтастықтың нақты бағыттары жөнінде
келісімдерді жүзеге асыру; мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет
басшылары Кеңесінің мәжілісіне ұсынылатын құжаттар жобасын дайындау
үшін өкілдер мен сарапшылардың жиналысын ұйымдастыру; мемлекет
басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің мәжілістерін өткізуді
қамтамасыз ету; Достастықтың өзге де органдарының жұмысына көмектесу.
Үйлестіру-консультациялық Комитеті Достастықтың әрбір мүше-
мемлекеттерінің екі-екіден тұрақты өкілетті өкілдерінен және мемлекет
басшылары Кеңесі тағайындайтын Комитет үйлестірушісінен тұрады. Комитет
хатшылығы Достастықтың барлық органдарының ұйымдастыру-техникалық
жұмысын қамтамасыз етумен айналысады.
5. Қорғаныс министрлерінің Кеңесі мемлекет басшылары Кеңесінің әскери
саясат және әскери құрылыс мәселелері жөніндегі органы болып табылады.
6. Біріккен Қарулы Күштердің Бас қолбасшылығы Біріккен Қарулы Күштерді,
сондай-ақ әскери бақылаушылар тобын және бейбітшілікті қолдау жөніндегі
ұжымдық күштерді басқарады.
7. Шекаралық әскерлерді басқару Кеңесі мемлекет басшылары Кеңесінің
мемлекеттердің сыртқы шекаралық мәселелері жөніндегі органы болып
табылады. Бұл құрылымдық бөлімшенің міндеті – сыртқы шекаралардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
8. Экономикалық Сот Достастық шеңберінде экономикалық міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етудің кепілі.
9. Адам құқықтары жөніндегі Комиссия Достастықтың консультациялық органы
болып табылады және адам құқықтары жөніндегі міндеттемелердің
орындалуын қадағалайды.
10. Салалық ынтымақтастықтың келісілген қағидалары мен ережелерін жасауды
жүзеге асыратын және оларды жүзеге асыруға көмектесетін салалық
ынтымақтастық органын құру мүмкіндігі де бар.
11. Парламентаралық Ассамблея ТМД мемлекетаралық органы ретінде ерекше
орын алады. Оның құзыретіне Парламентаралық консультациялар өткізу,
Достастық аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылау, ұлттық парламент
қызметінде біріккен ұсыныстар жасау кіреді.
Достастық органдарының тармақталған жүйесіне қарамастан,
интеграциялау үрдісі баяу жүруде, әрі ТМД институттары да тиімсіз жұмыс
істеп келеді. 1994 ж. Н.Ә.Назарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ішінен
жаңа бірлестік, Еуразиялық одақты (ЕАО) құруды ұсынған болатын.
Қазіргі болмыстағы еуразиялық доктринаның үдемелі белгілері
Еуразиялық Одақтың тұжырымдамасында көрініс тапты. Неге осындай
тұжырымдаманы ұсыну қажеттілігі туды?
Социалистік жүйенің ыдырау кезеңі жаңа мемлекеттердің пайда
болуымен ғана емес, сондай-ақ әлемдегі күштердің ғаламдық өзгерістерге
ұшырауына да ықпал етті. Осы күштердің қалыптасу үрдісі бүгінгі күнге
дейін жалғасуда. КСРО-ның тез ыдырауы, қауіпті үрдістеріді, оның ішінде
славяндық және түркі-исламдық одақтардың құрылу қаупін тудырды, олай
болғанда жағымсыз, теріс салдар болмай қалмас еді. Қазақстан мемлекетінің
басқа мемлекеттердің қолдауымен Беловеж келісіміне қол қоюға
қатыспағандықтарынан осындай теріс үрдістердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
1991 жылғы тамыз төңкерісі туралы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Қазақстанның ТМД елдерімен арасындағы мәдени байланыстардың даму перспективалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
Пәндер