Экологиялық құқық жайлы



КІРІСПЕ 3
1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі 4
2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары 7
2.1 Озон қабатының бұзылуы 9
2.2. Биоәртүрлілікті сақтау 9
2.3. Жердің шөлейттенуі және тозуы 11
3. Экологиялық заңдар 14
4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық 17
5. Жер құқығы негіздері 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар бо¬лып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005.
2.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-ХІП. (Жалпы бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 (Ерекше бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Ас-тана, 1999 жылғы 13 шілде № 411-1). Алматы: Юрист, 2005.
8. «Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 Қазақстан Республикасынын Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
9. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
10. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-И. Алматы: Юрист, 2005.
11. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту-ралы Қазақстан Республикасынын Кодексі (Салық кодексі). Алматы: Юрист, 2005.
12. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
13. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1997 жылғы 16 шілде № 167-1. Алматы: Юрист, 2005.
14. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі №206-1 Алматы: Юрист, 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі 4
2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары 7
2.1 Озон қабатының бұзылуы 9
2.2. Биоәртүрлілікті сақтау 9
2.3. Жердің шөлейттенуі және тозуы 11
3. Экологиялық заңдар 14
4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық 17
5. Жер құқығы негіздері 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

Кіріспе

Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі
тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық
құқық негіздерімен оқып танысу барысында экология, қоршаған орта,
қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, табиғат пайдалану т.б. осы
сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің
мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-
1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз
байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта —
табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің
озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық
мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны
қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық
қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен
құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде
туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау —
табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын
жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған
мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының
төмендеуіне оның ластануы әсер етеді.

1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі

Қоршаған ортаның ластауы — қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық
және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті
өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардын әсері. Сондықтан
адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап
етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де
қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның
материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған
ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас
бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара
байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың
оқытатын пәні:
1) қоршаған табиғи ортаны қорғау;
2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;
3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен
мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.
Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға
бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің
амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін
адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық; және азаматтық-
құқықтық әдістер қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында
да пайдаланылады.
Әкімшілік құқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең
емес, билік етушілер мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық,
директор және бағыныштылар, полиция және құқық бұзушы).
Азаматтық-құқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъектілерінің заң
алдында өзара теңдігіне негізделген (экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке
және заңды тұлғалардың тең жауаптылығы). Сонымен бірге императивті және
диспозитивтік әдістер қолданылады. Императивті экологиялық құқықтық
қатынастардың субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала
көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитивтік әдіс ол
экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция,
рұқсат беру сияқты амалдардың негізінде әрекет жасауы.
Экологиялық құқықтық қағидаттары. Қағидат - құқықтық-нормативтік
материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің
әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық
заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объектівті
заңдылықтарын көрсетеді.
Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты
дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және
қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатыңда қоршаған
ортанын әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре
отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты
пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз
ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен
мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал
ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен
тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық
және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған
ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта
өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу
тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік
көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық
пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен
басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық бақылау нысандары,
қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама,
экологиялық мониторинг және табиғи қорлық кадастр, экологиялық
заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар,
өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық
және жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.

2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары

Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында
ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар
биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу
қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық
және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана
қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен
қол жеткізіледі.
Экологиялық мәселелер.
Жаһандық экологиялық мәселелер:
1. Климаттың өзгеруі;
2. Озон қабатының бұзылуы;
3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
әртүрлілігін);
4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.
Ұлттық экологиялық мәселелер:
1. Семей, Арал;
2. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты
мәселелер;
3. Су ресурстарынын сарқылуы және ластануы;
4. Байырғы ластанулар;
5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер;
6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Жергілікті экологиялық мәселелер:
1. Әуе бассейнінің ластануы;
2. Радиоактивті ластану;
3. Бактериологиялық және химиялық ластану;
4. Химиялық ластану;
5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Климаттың өзгеруі Қызу әсерінің салдарынан болатын климаттың
өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортанын
жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше
мың тоннадан астам улы, иісті газ (СО, азот тотығы (N0), күкірт (5)
шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты
күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір
қышқыл газының (О пайда болған уақытынан бастап осы күнге дейін 20 пайызға,
ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың
нәтижесінде пайда болады. Оның көздері, таратушысы - жылу станциялары,
металлургия заводтары, көлік құралдары. Осындай күрделі физико-химиялық
қоспалар қызу әсерін тудырады. Қызу әсері ауа ыстығының көтерілуіне, ол
ауа-райының, климаттың өзгеруіне әкеледі. Әлемдік мұқит суының көтерілуіне,
соңғы 100 жылда 10-12 см көтерілсе, қызу әсері оны 10 есе күшейтуі
мүмкін.
Аталған экологиялық мәселерді шешу үшін қандай шаралар қолданылып
жатыр? Қызған газдарды шығарындылардың қысқарту мақсатында Қазақстан 1995
жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның үлгілік конвенциясын бекітті, ал
1999 жылы осы Конвенцияның Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы
бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың
шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей
отырып, I қосымшаның тарабы болады.
Экологиялық тиімділігінен басқа Киото хаттамасын біздің ел үшін
халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді
орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру
жобаларына және таза даму процестеріне қатысу, өндірістің энерго
тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық
рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін
шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі
перспективаларды ашады.

2.1 Озон қабатының бұзылуы

Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен
микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан
бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға
азайғанын көрсетті. Адамдардың барынша шоғарланған аумақтарында озон қабаты
3 пайызға жұқарған. Озон (О3) қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік
ауыруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың
нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш
заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен
(ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын улы
химиялық заттар жатады.
Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып
табылады: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды
қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-
жігердің табыстылығына қөз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының
тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ ОБЗ-ды пайдаланатын кәсіпорындардың
қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтіқ құқықтық актілерді
қабылдау, ОБЗ-ды пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі
ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу
жолымен ОБЗ-ды пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі
жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде
ОБЗ-ды шығарындысы қысқарып, ол жердің озон қабатын сақтауға септігін
тигізетін болды.
2.2. Биоәртүрлілікті сақтау

Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда
континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер
мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті
жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті
іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және
тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су
айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну
болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерінің
жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.
Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру
ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың
эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен
жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.
Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын
құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін
тым жеткіліксіз және 10 пайызды құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен
орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңың 17,5
млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4 пайызын
құрайды. Республика аумағының небәрі 4,2 пайызын алатын Қазақстанның барлық
ормандарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру. Орман -
оттегін бөліп шығарудың негізгі көздерінің бірі. Реактивті ұшақ АҚШ-тан
Еуропаға дейін 50-100 тоннаға дейін оттегін құртады, оны 10 мың гектар
орман қалпына келтіре алады. Дүние жүзінде жыл сайын 11 млн. га, минут
сайын 20 га, өркениет тарихында орманның 23 жойылған.
Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы
Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті
сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл
жоспарын әзірледі.

2.3. Жердің шөлейттенуі және тозуы

Қазақстанның көп бөлігі қуан аймақта орналасқан және оның аумағынын
шамамен 66 пайызы түрлі деңгейде шөлейттену үрдістеріне бейім. Алдын ала
есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама
тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард
теңгені құрайды. 5КК мәліметі бойынша қазіргі таңда жылына 23 млн. гектар
жер шөлейттенеді екен.
Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуімен
тазу мәселесі шаң, тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы
заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық
мәселеге айналуы мүмкін.
2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс
әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың
құнарлылығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және немесе
қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін
нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен
енгізуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымының
хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен
күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет. Бағдарламаның негізгі
нәтижелері шөлейттену үрдістерін болдырмау және жердің тозу ауқымын
қысқарту, шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл
шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.
Ұлттық экологиялық мәселелер:
1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал). Табиғи экологиялық
жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз
экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген
Арал және Семей өңірлері экологиялық, апат аймақтары болып жарияланды.
Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып
табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың
халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және
ерте қартаю қөрінісінің жоғары деңгейі байқалуда. Арал өңірі экологиялық
апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және
балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі
мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда. 1960 жылдан бастап
Арал теңізі деңгейі 17 метрге, көлемі 75 пайызға кеміген. Теңіз өзінің
бұрынғы жағасынан 100—150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау
жалаңаштанған. Кейбір мәліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің
күшімен 100 тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін
жеткен.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және
аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын
ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға
дейін халықтың ішкі көші-қоны және экологиялык апат аймақтарының аумақтарын
шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.
1.1. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты
мәселелер. Ғалымдардың есебі бойынша балық уылдырығының жойылуына 1
кубометр суға жайылған 10 грамм мұнай жетіп жатыр. Мұнайдың әрбір тамшысы
судың бетінде көлемі 30 диаметрлік лай, қабыршық-қарашыққа айналады.
Осындай әрбір тамшының салмағы 0,5-0,8 грамм. Оттегінің үлкен екі көзі бар
— өсімдіктер (40 пайыз) және әлемдік мұхиттар (60 пайыз). Сондықтан,
осындай мұнайдың қабыршықтары дүние жүзілік мұхиттағы тіршіліктің
жойылуына, әсіресе оттегін үлкен мөлшерде бөліп шығаратын балдырлардың
жойылуына, нәтижесінде оттегін жұтып, көмір қышқыл газын бөліп шығаратын
бір жасауынды (клеткалы) алтын түсті зиянды балдырлардың көбеюіне әкеледі.
Бұл балдырлар өте тез дамып көбейеді. Әдетте олардың ұзындығы 10 шақырымға,
қалыңдығы 35 м, күндік қозғалыс жылдамдығы 25 шақырым. Өзінің жолындағы
тіршілік атаулының барлығын жояды. Бұндай балдырлар Скандинавиялық
оңтүстігінде, Солтүстік теңізінде байқалуда.
Қазақстан үшін Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен
байланысты туындайтын экологиялық мәселелер алаңдатады. Кейбір деректерге
сүйенсек теңіздің мұнаймен ластануына байланысты 2000 жылы 50 мыңдай
итбалық (тюлень) өлген. Профессор М. Дайыровтың пікірінше жыл сайын
өндірілетін 300 млн. тонна мұнайдың біз үшін құны 45 млрд. доллар болуы
мүмкін. Оның 15 млрд. доллары мұнайды өндірген шығынды жабуға кетсе,
биологиялық шығындар да сондай мөлшерде, нәтижесінде мұнайдан түскен 15
млрд. таза пайда Каспийдің құрып кеткен балық қорына барабар екен. Бұл
мұнай өндірудің салдарынан жойылған жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда.
200 мын гектар топырақты қабат зиян шеккен. Мұнай кәсіпшілігінің
нәтижесінде топырақтық зиян шегу тереңдігі 5-10 метрге жеткен. АҚШ ғалымы
X. Беннеттің айтуынша тереңдігі 2—3 см. жеткен топырақтың бұзылуын қайта
қалпына келтіру үшін 200 ден 1000 жылға дейін уақыт керек екен.
Сондықтан, 2005 жылдың аяғына дейін теңіз және жағалау маңы
экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын
шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу,
геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын және басқа
да байырғы ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды және мұнай
құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді
тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу
мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын
көрсетеді. Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс
үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық лас өндірістің үлесін
азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың,
экологиялық мониторинггің және статистиканың табиғат пайдаланудың және
экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық
тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және
салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу кажет.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік
тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді
сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.

3. Экологиялық заңдар

Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық
құқықтық нормативтік актілер ереқше орын алады. Олар Қазақстан Республиқасы
заңдарынан заңдық күші жағынан жоғары. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 4-бабы 3-тармағында Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт
бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа
реттерде, тікелей қолданылады делінген. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: Жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен
шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 31-бабы 1 -тармагы: Мемлекет адамның өмір сүруі мен
денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабы: Қазақстан Республикасының
азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндетті. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп
соғады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен
Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы
11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999
жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда
климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның үлгілік конвенциясына қосымша Киото
хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада
(Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді.
Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына
қосылуы туралы 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан
Республикасы заңы бойынша Қазақстан ОҚБ заттар туралы Монреаль
хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан Қауіпті қалдықтарды
трансшекералық тасымалдауды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды.
1991—2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық
сипаттағы әр түрлі халықаралық нормативтік құқықтық актілерге қол қойды.
Бұл аталған халықаралық құқықтық нормалардың барлығы Қазақстан Республикасы
заңдарынан заң жағынан күші жоғары.
Егемендік пен Тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап Қазақстан
Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының
стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі
құрылды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экология ғылымы туралы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту
Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының түсінігі
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
Пәндер