Смағұл Сәдуақасұлының шығармашылығы



1. С.Сәдуақасовтың әдеби.сын еңбектері
2. Көркем шығармалары: «Өртең», «Күлпәш», «Аптономия», «Салмақбай», «Махамбет» әңгімелері.
3. «Сәрсенбек» романы
4. «Күміс қоңырау» повесі
Қазақ әдебиетінің "Қазақ", газетінен басталатын ұлтшылдық дәуірінде әдебиеттану мен әдеби сынның қалыптасуына үлкен үлес қосқан қаламгерлердің бірі – Смағұл Садуақасұлы.
Әдебиетті дәуірлеу және белгілі бір қалам қайраткерін сол дәуірдің өкілі екенін дәлелдеу оп-оңай нәрсе емес.
Смағұлды ұлтшылдық дәуір өкілі екенін көрсететін бірден-бір айғақ – соңында қалған аманат мұрасы.
Сондай-ақ оның саналы ғұмырында ұлттық мұрат жолында еңбек еткен кезінде Ғ.Тоғжанұлы, С.Сейфоллаұлы, С.Мұқанұлы сынды тұстастары айтқан болатын. Мысалы Ғаббас Тоғжанұлы 1928 жылы жазған бір мақаласында Смағұл Садуақасұлы жөнінде былай дейді: «Смағұл әдебиет туралы ұлтшылдық «қисындарынан» айныған емес. Ол әдебиетті ұлтшыл жазушыларсыз көзіне елестете алмайды.
...Смағұл әдебиет мәселелерінде ұстанған бағытына түбегейлі сенімді. Сондықтан ленинизм, партия жолын місе тұтпайды. «Бүкірді көр ғана түзейді» деген. С.Садуақасұлы хақында да осыны айтуға болады.
С.Саудақасұлының қазірше бізге белгілі болып отырған алғашқы әдеби сын еңбегі 1918 жылы қазан айының соңында орыс тілінде жазылып, 1919 жылы "Центросибирь" кооперативтор бірлестігі одағының үні - "Трудовая Сибирь" журналының 1-санында жарияланды. "Киргизская литература (историко-критический очерк)" деп аталатын. осы зерттеуінің соңына қаламгер "С.С.С-овъ" деп қол қойыпты. Омбы облыстық мемлекет архивінің "Центросибирь" одағына қатысты арнайы қолында "Трудовая Сибирь" журналының 1919 жылғы 1-санының қаламақы тізбесі тіркеліпті. Онда "Киргизская литература" еңбегінің авторы Смағүл Садуақасұлы екені анық жазылған. Зерттеу 1918 жылы қазан айының аяғында дүниеге келді деуіміздің себебі: қаламгер тексте "Жас азамат" газетінің әзірше 8 саны шықты" дейді, ал бұл басылымның № 8-і 1918 жылы 25 қазанда, №9-ы қарашаның басында басылған.
1. Қамзабекұлы Д. «Смағұл Садуақасов туралы» А. 1996 ж.
2. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. А. 1997 ж.
3. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А. 1997 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА
ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Смағұл Сәдуақасұлының шығармашылығы

Орындаған: Конырбаева Ж.

Тексерген: Рахманова Ж.

Алматы 2007

ЖОСПАРЫ

1. С.Сәдуақасовтың әдеби-сын еңбектері
2. Көркем шығармалары: Өртең, Күлпәш, Аптономия, Салмақбай,
Махамбет әңгімелері.
3. Сәрсенбек романы
4. Күміс қоңырау повесі

Смағұл Сәдуақасұлының әдеби –сын еңбектері

Қазақ әдебиетінің "Қазақ", газетінен басталатын
басталұұлтшылдық дәуірінде әдебиеттану мен әдеби сынның
қалыптасуына үлкен үлес қосқан қаламгерлердің бірі – Смағұл Садуақасұлы.
Әдебиетті дәуірлеу және белгілі бір қалам қайраткерін сол дәуірдің
өкілі екенін дәлелдеу оп-оңай нәрсе емес.
Смағұлды ұлтшылдық дәуір өкілі екенін көрсететін бірден-бір айғақ –
соңында қалған аманат мұрасы.
Сондай-ақ оның саналы ғұмырында ұлттық мұрат жолында еңбек еткен
кезінде Ғ.Тоғжанұлы, С.Сейфоллаұлы, С.Мұқанұлы сынды тұстастары айтқан
болатын. Мысалы Ғаббас Тоғжанұлы 1928 жылы жазған бір мақаласында Смағұл
Садуақасұлы жөнінде былай дейді: Смағұл әдебиет туралы ұлтшылдық
қисындарынан айныған емес. Ол әдебиетті ұлтшыл жазушыларсыз көзіне
елестете алмайды.
...Смағұл әдебиет мәселелерінде ұстанған бағытына түбегейлі сенімді.
Сондықтан ленинизм, партия жолын місе тұтпайды. Бүкірді көр ғана түзейді
деген. С.Садуақасұлы хақында да осыны айтуға болады.
С.Саудақасұлының қазірше бізге белгілі болып отырған
алғашқы әдеби сын еңбегі 1918 жылы қ0ққазан айының
соңында орыс тілінде жазылып, 1919 жылы "Центросибирь"
кооперативтор бірлестігі одағының үні - "Трудовая Сибирь"
журналының 1-санында жарияланды. "Киргизская литература
(историко-критический очерк)" деп аталатын. осы зерттеуінің
соңына қаламгер "С.С.С-овъ" деп қол қойыпты. Омбы
облыстық мемлекет архивінің "Центросибирь" одағына қатысты
арнайы қолында "Трудовая Сибирь" журналының 1919 жылғы 1-
санының қаламақы тізбесі тіркеліпті. Онда "Киргизская
литература" еңбегінің авторы Смағүл Садуақасұлы екені анық
жазылған. Зерттеу 1918 жылы қазан айының аяғында
дүниеге келді деуіміздің себебі: қаламгер тексте "Жас
азамат" газетінің әзірше 8 саны шықты" дейді, ал бұл
басылымның № 8-і 1918 жылы 25 қазанда, №9-ы қарашаның
басында басылған.
Қазақ әдебиеті еңбегінің жанрын қаламгер "тарихи-сыни
әліптеме (историко-критический очерк) деп белгілепті. Шынында
да, мақала А.Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышындағы"
әліптеменің талаптарына толық жауап береді. "Қазақ
әдебиеті" әліптемесінің мазмұнын шартты түрде іштей былайша
жіктеуге болады:
1. Әдебиеттің қазақ өміріндегі орны. 2. Суырып-салма
өнерінің (ауыз әдебиеті) болмыс-бітімі. 3. Жазба
әдебиетінің қалыптасуы. 4. Қазіргі (18-жылдардағы) әдебиет.
5.Қосымша бүгінгі қазақ баспасөзі туралы ақпар-дерек.
Садуақасұлы айтуынша, қазақ әдебиетінің жазбаша дәуірі
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бірақ бұл ауызша
әдебиет өмір сүруін тоқтатты деген сөз емес. Ол жазбаша
әдебиеттің қапталында өмір сүре береді. Смағұл жазба
әдебиетінің негізін қалаушылардың қатарында бірінші Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлын сонан соң Абай Құнанбайұлын атайды. Мәшһүр
Жүсіпті қазақ қаламгер әдебиетінің соны
беті - халықтық бағыттың іргетасын қалаған ақын
деп есептейді. Ал, Абай болса - әдебиеттегі ойшылдықтың,
санаткерліктің басында тұрған ақын. Ол жөнінде Смағұл:
"Ендігі жерде талайларды Абайдың пәлсапалық өлеңдерінің
мысы басқандықтан, олар үндерін шығара алмай қалды", -
дейді.
С.Садуақасұлы Абай, өлеңдерінің мән-мазмұнына кеңірек
тоқталып, ақынның қазақ дарынсезін (поэзия) биік деңгейге
қалайша шығарғандығын әуезе етеді. "Қазақ ақындарының ішінде
өлеңнің жоғарғы деңгейдегі көркемдігі жөнінен Абайға пара-пар
келетін ешкім жоқ", - деп баға береді ол.
Садуақасұлының әдеби сын еңбектерінің көбісі кеңес
дәуірінде дүниеге келді. Олардың өн бойынан сыншының сол
дәуірдің қасаң тұжырымдарымен, тұрпайы танымымен ашық
күрескені анық байқалады.
Садуақасұлының 20-жылдардағы әдеби сын
еңбектерінде өөөмір жүзіне шыға алмаған "Алқаның" идеяларын
негіздеу, оларды ел арасында кең, тарату ойлары басты
желіні құрайды.
Қаламгердің осы бағыттағы туындыларының бірі "Бейімбеттің-
өлеңдері" деп аталады. Ол 1925 жылы шыққан Б.Майлыұлының
өлеңдер жинағын дәйектеме ретіңде басылған. Кезінде оны осы
жинақтан алып, "Лениншіл жас" журналы да, "Жас қайрат"
газеті де жариялаған. Мақаланың жазылу себебін
замандастарының (С.Мұқанұлы, т.б.) естелігінен ұұұұғуға
болады. Яғни, 1925 жылы қаңтарда республиканың, бас газеті
"Еңбекшіл қазақтың"' редакторы боп тағайындалған
С.Садуақасұлы орталықтан жырақ Қостанайда жүрген "Ауыл"
газетінің қызметкері Б.Майлыұлын астанаға, шақыртып, өөөзіне
орынбасар етіп, көпке мәшһүр қылады. Жоғарыдағы кітабының
баспа бетін көруіне мұрындық болады. Қаламгер керкем
әңгіменің хас шеберіне деген бұл көңілінен өөмірінің
ақырына дейін айнымай еткені белгілі.
Мақалада автор Бейімбеттің ақыңдығының қыр-сырын,
өөөзіндік ерекшелігін ашуды көздеген, "Бейімбет - қазақ
ауылының суреткері" деген тезисті тереңдете талдап, ақынның
ел өөөміріне етене жақын болуының себебін сыншы ретінде
бажайлауды мақсат еткен. Сыншының: "Сыншы-лардың көбі кейде
ақыңдарымыздың затын сынамай, атын сынап жүр" деген пікірі
- -- - 20-жылдар әәәдебиеттануындағы солақайлыққа берілген баға.
Мұнымен қабат, қаламгердің өзі айтқандай, қазақ ақындарының
шығармасы топталып, жиналып кітап болып шықпауы олардың
шеберлігін "толық сипаттауды" кешеуілдетуде. С. Садуақасұлы
мәселенің осы жағын алға тартып, басы-аяғы құралған
Бейімбеттің "нашары да бар, жақсысы да бар, тіпті жақсысы
да бар" өөлеңдерін табиғи, қалыпта өөсіп келе жатқан
қазақ әдебиетінің үлгісі ретінде қарастырған.
"Бейімбет - ауыл ақыны. Бейімбет - қалың бұқараның
бел баласы. Бұл түтіні бұдақтап, мәшинесі сатыр-күтір еткен
фабрик-зауытты білмейді. Бейімбет қаланы да жақсы білмейді.
Білсе, қаланы сүйгісі келмейді. Мұның ұұұғымында "қала"
деген "дала" дегеннен кем болмаса артық емес". Бұл -
сыншының Бейімбет дүниетанымы туралы айтқаны. Қіламгерге
оның табиғилығы ұнайды". Ол ақынның "таныс емес нәрсеге
ұмтылмайтындығын жоқтан бар қып, күшеніп
қызармайтындығын" ерекше қасиетке балайды. Дүниенің
астан-кестеңін шығарған төңкерістен кейінгі ауылдың хал-ахуалы,
тосыннан енген жаңалықтардың қарапайым қазақ санасыңдағы
сапырылысы - осының баршасы Бейімбет өлеңіне түссе,"
қаламгер мұны "бұрынғыға ұқсамайтын түрленген ауылды
жазуы да оның табиғи мінезінен" деп түйеді.
Смағұлдың әдебиетшілік көрегеңділігі --- сыншы ретінде
оны жазып-сызып жүрген замандас жиырма қаралы ақын-
жазушының арасынан тауып алғандығында, шығармасындағы жеміс
берер дәнді нұсқағандығында. Осы қабілетінің арқасында ол
Бейімбетпен қатар Жүсіпбек пен Мүхтарды танып, кешікпей-ақ
бұларды баспа жүзіңде жұртшылыққа мәлім етті.
Сын - мидың жануы. Сын ойларды қосып, адамның
пікірін. қайрап отырады. Сынсыз жазылған сөз қайралмаған
пышақ сықылды", - дейді ол сынның не екені турасында.
Әрине, сын жөнінде қазақ оқығандары, соның ішіңде қалам
қайраткерлері әр қилы пікірлі айтқан, оны әр нәрсеге
балаған. Бірақ ақыл-ойды шыңшыңшыңдайды, миды жанады дегенді
Смағұл алғаш айтқан еді.
Садуақасұлын 20-жылдардағы әдеби процес білімді сыншы
ретінде танытқаны бірегей еңбегі Әдебиет әңгімелері. Бұл
мақала қазақ әдебиетіндегі 1925-1927 жылдарғы айтыс-тартыстың
барысында дүниеге келген біліктілігі жағынан ерекше сындардың
бірі. Егер осы кезде біржақтылығын анық көрсете бастаған
өкімет идеологияның барлық тетік-буындарын қолына мықтап
ұстағанын ескерсек, "Әдебиет әңгімелері" санатындағы сыңдардың
жазылуы, қоғамдық пікір тудыруы әлімсақтан келе жатқан
есерлік пен естіліктің, бұзықтық пен түзіктіктің арасындағы
текетіресті еске салады. ӘӘкімішілік - әміршілік жүйе осы
күресте қай шепке шыққаны белгілі, бірақ Ж.Аймауытұлы,
Қ.Кемеңгерұлы, Д.Ысқақұлы, А.Байтасұлы,
С.Садуақасұлы, Ы.Мүстанбайұлы, Ж.Сәрсенбіұлы сияқты
үркердей ғана азаматтардың әдебиет пен мәдениет,
жалпы рухани дүние хақында айтқан
пікірлері жеңіліс тапты деу әбестік. Қазақ ой-санасының
табиғи жетілуіне үсті-үстіне жасалынған
қастандықтың, түптеп келгеңде оны ұйұұымдастырушылардың
діттегені - жас қазақ ұлтын (бұл ғылымда
дәлелденген нәрсе) ұлт ретінде жою
болса, мұнысы дүниені жаратқан қүдірет
заңына қайшы келгендігін тарихтың өзі дәлелдеді. Тарихи
маңызы бар сол айтыста кімнің жен айтқанын,
кімнің жеңгенін енді білгеңдейміз.
"Әдебиет әңгімелері"+ өөлең-жыры дамып, көркем
сөзі қалыптаса бастаса да, сыны жетілмеген
әдебиеттің "ауруын жасырмай айтқан" еңбек.
Сынның күш-қуаты неде? Ескі мұра тек мансұқталуға тиіс
пе? Ақын-жазушының ақындығы мен жазушылығы
немен өлшенеді?
Әдебиеттің ұұлттық бет-бедері оның кемшілігі ме? Жалпы
әдебиеттің мақсат-міндеті не? Бүл әдеби - сын мақаласында
С.Садуақасұлы, міне осы сұрақтарға жауап іздеп,
ілгерідегі туындыларындағы ойын өрбітеді.

Көркем шығармалары

Кайраткер-қаламгер Смағұл Саудақасұлының соңында қалдырған
аманат мұрасының бір - парасы - көркем шығармалары.
Смағұл Садуақасұлы мұрасының мұқият сақталынбауына
байланысты біздің қолымызға оның 1922 жылға дейін жазған
әңгімелері тимей отыр. Сондықтан жазушының 1922 жылы
баспа жүзін көрген "Аптономия' атты әңгімесін
бүл жанрдағы тұңғыш туындысы деп
есептемейміз.
Бұл әңгіме қазақ әдебиеттануында алғаш және соңғы рет
аса көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлының 1926 жылы басылып
шыққан "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде аталынды.
Әдебиет білгірі зерттеу кітабында бұл шығарманы ұсақ әңгімеге
жатқызады.
Әңгіме 20-жылдардағы қоғамдық саяси шындықты арқау
еткен. Шет жұрттың ойранын сан мәрте басынан кешіріп, Ресейдегі төңкеріс
жылдары тәуелсіздік ала алмай дал болған қазақ үшін 1920 жылы 26 тамызда
Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комисарлар Кеңесінің
Қазақстанға автономия мәртебесін беруі – үлкен жаналық еді. Қазақ зиялылары
автономияға үлкен үміт артты. 1920 жылы 4-12 қазан аралығында өткен бірінші
құралытайында сөйлеген сөзінде: Біз, жастар, автономияға үлкен мағына
беріп қараймыз. Халықты тәрбиелеп, ел ететін бейнетқорларды біріктіретін
ұйым ғана деп қараймыз. ..Жастар келесі өмірге бастарын байлай кірісті.
Үлкен ағалардың да сол жолда адастырмай түзу тартуларына сенемін - деуі
пікірімізді растайды.
1920 жылы 20 жасында үлкен саясатқа келген Смағұлдың автономия ісіне
белсене араласқанына архив деректері куәлік береді. Ендеше ол қазақ жерінде
автономияның құрылғанын бүге –шігесіне дейін жақсы білген.
Жазушы мен үздік шығарма арасындағы айналыстың тек тамыры жөнінде
Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент – мүшесі болған көрнекті
қаламгер Ғ.Мұстафин: Сайып келгенде, творчестволық жетістіктің кілті
жазушының өмірі қапысыз тануында, оған өзі де белсене араласып, өмірден
көрген-білгендерін терең ойланып, көркем бейнелеуге айналдыруында, -
дейді.
Осы пікірді ұстанып Аптономиа әңгімесін зерделей қарағанда, жазушы
С.Садуақасұлы туындысының сәтті шыққанын аңғаруға болады.
Әңгіме оқуда жүрген шәкірт Жарқынбектің әкесі Боранбайдан хат алуынан
басталады. Осы хатта баяндалған жайттардан шығарма желісі өрбиді.
Боранбайдың хаты – алда дамитын оқиға үшін логикалық дәләл (мотировка).
Онда ауылдың бар хал-ахуалы тәптіштеніп айтылып, соңына қарай: Кеше ауылға
істүктір деген төре келді, алды тым қатал көрінген соң, қай елдікі екенін
сұрай алмадық. Сақал жоқ, мұрт жоқ, өздеріңдей жас жігіт.
Бұл істүктірдің айтқан сөзі: Қазақ халқына аптономия шықты, сол
туралы насиқат айта жүремін дейді. Қалада жиылыс болады, соған болыс басы
бір адам керек деген, соң елдегі ақсақалдардың реті келмей, көп сені
ұйғарды делінеді.
Елдің жай-жапсарына қаныққан Жарқынбек ойланып-толғанады.
Алдағы істеріне бағдар-жасайды. Съезді, оңда өзін қалай
ұұстайтынын армандайды, кешікпей күткен съезі де ашылады.
Бірақ ол Жарқынбектің ойлағанындай болып шықпайды. Орыс
өкілдері бірінен соң бірі шығып қазақты жамандайды. Бұған
шыдай алмаған Жарқынбек жиылыс төрағасынан рұқсат алып,
әлгілер қате, жалған сөйлегенін айтады. Осы жолы ол
өмірінде алғаш рет халқының қамын жеп, әділетсіздікке ашық
қарсы тұрады. ССьезге келген алты қазақтың бірлі-жарым
тоғышарлары Жарқынбекке өз сөздерін сөйлетпек болғаңда, ол
мұны да жаратпай, шындыққа жүгінеді. "Содан кейін
Жарқынбек орыстарға "ұлтшыл", казақтарға "балшеуек" атанатын
болды". Ол енді губернелік атқару комитетінің мүшесі боп,
партия қатарына өтеді. "Жаздыгүні халықтың. мал-жайын білуге
елге шығады". Бұл уақыт осы елдің Қазақстанға қосылатын
кезі. Жарқынбек бұл сапарында халыққа автономия туралы
насихат айтады. Елдің бүкіл жайына қанық болады. Әкесінің
хатында айтылған халықты әуре-сарсаңга салған оқиғалар жер-
жерде боп жатқанына көзі жетеді.
Әңгіме соңында ел автономияның не екенін түсінеді.
"Қазағың мына біз боламыз. Осы болыстың жүзден тоқсан ,
тоғызы мендей шығар" дейтін кедей Жақыпбек шал
автономияға жалғыз байталын қосып отырып, жамағаттың
алдында Оспан байға: "Сен жүз жылқыңды беремісің?" —
дейді. "Оспан төмен қарап, күлімсіреп үндемеді".
"Аптономиа" --- шынайы жазылған көркем шығарма. Онда
жалаң тап ұраны, оқиғаларды әсірелеу атымен жоқ.
Екіншіден, әңгіме бас қаһарман мен суреттеліп отырған
жайттың қарым-қатынасын шебер жеткізе алған.
С.Садуақасұлының ғылыми айналымға әлі түспеген -
әңгімесінің бірі Өртең деп аталады.
"Өртең" - лирикалық әңгіме. Онда сюжет, немесе оқиға
желісі жоқ. Әңгімеге жазушының елі, отаны туралы
тебіренісі, кіндік қаны тамған жерімен, қасиетті де қадірлі
елімен іштей сырласуы, мұңдасуы айна қатесіз түскен. Кез-
келген әдебиет туындысының өмірге келу тарихы бар. Біздіңше,
"Өртең" әңгімесінің тууы "Өртең" газетінің жарық көруімен,
жаңа заманға еріксіз тап болған алаш зиялыларының тынысы -
"Жас азамат" мүшелерінің соны қауымдастық идеясы
төңірегіне топтасуымен байланысты.
"Өртең лирикалық әңгіме болғанымен, онда публицистикалық
сарын да бар. Мұны жанрлардың айшықтану, бөліну кезеңі
процесімен емес, заманның қалпымен түсіндіруге болады. Бұл
ретте орыс ғалымы Э.Шубиннің: "Жазылған әңгіменің түрі
мен жанрлық ерекшелігі әрбір жекеленген жағдайларда жазушының
еркіне, көркемдік шешімге байланысты және олар суреттеу
құралдарымен анықталады. Бірақ әдеби процестің қай кезеңінде
болсын уақыттың таңбасы тек жанр мазмұнына ғана емес,
оның түріне де түседі", - деген пікірі орынды айтылған.
Яғни, қазақ жағдайында айтқанда, 20-жылдар аумалы-төкпелі
уақыт болатын. Сондықтан бұл шақта заманға сай көсемсөз
құнтталынды, оқылды.
Әйтсе де "Өртең" әңгімесіндегі көсемсөздік сарын шығарма
нұқсан келтіріп тұрған жоқ, қайта шығармаға өрлік рух
үстеп тұр.
Әңгіме басындағы жазылып созылған жапан сары дала,
қараңғы түнде қалқыған, маужырап ұұйқыға кеткен сеңгір
таулар пейзаждан гөрі ұұлттың бейнесіне келіңкірейді. Осы
бейне әцгіменің соңына дейін қырланып, толықтырылып, көркем
суреттеліп отырылады.
Автор ұұлтының халіне жүрегі сыздап, сан мәрте
қинаған басындағы батпан ойды, ақтарып, оган дәрмен берер
күш іздейді.
"Күндер өтіп барады. Жылдар өтіп барады. Заман жүріп
келеді. Қараңдап қазақ әлі жүр. Қарайып киіз үй әлі
тұр...
Ау, қазақтың баласы!... Еңбегің осы ма? Қараңдап
неге жүре бересің?" - деген жолдар
жанайқайға толы --- жазушы сезімінің, ұлт
қалпына күйіне қараған күйінің қандай дәрежеде
екенін айғақтаса керек.
Халқының, отаршылдық езгісінде мүжіліп жүре беруі,
барды қадірлемеуді, жоққа ұұмтылмау, кесепаттан арылмауы,
шапағаттан үркуі, жалпы жұрттықты сақтау мәселесіне сындарлы
қарамауы, бірлік, ынтымақ төңірегіне топтасуы – жазушы бойында сонау V-VIII
ғасырлардағы біті тастардағы
"Жайылып созылған сссары даланы неге көрсейтпейсің?
Ұйпаланған шірік қауды неге жұлып тастамайсың? Бүйірін қысып,
қалтасындағы көл қазынаны, мол байлықты неге алмайсың?
Алтын, күміс әлде керегі жоқ па? Мөлдір суды неге
жөндеп ішпейсің? Үнемі қымыз бола ма? Киіз үй мәңгі
тұра ма?'' --- дейді термелеп жазушы.
Бұл --- оның халқына қарата айтқан базынасы. Мұны
әңгіме қалнетіне қарап монелог десек, бұл үғым оған
тарлық етеді. Шынында сырт қарағанда жазушы өөзімен өөзі
сырласып, жоғарыдағы қорытындыға келгендей көрінетіні де рас.
АААПАлайда, керек десеңіз бұл - диалог.
Жазушы мына көкейкесті сұрақтарымен көпті ұұлт
мәселесіндегі зәруліктердің ің бірлесе шешуге шақырғандай.
Жұрттан жауап күткенде?. "Сен нне дейсің?" дегендей. Ал,
өзінің жауабы: "Ескі, битті күпіңді шешіп тастап,
сілкінсеңші. Темір күректі қолға алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Жастарға жаңа жол
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
Пәндер