Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Халықаралық сауда және оның стандартты моделі ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму бағыты мен негізгі факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты және оның негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4 Халықаралық экономикалық ұйымдар және оған Қазақстанның қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
«Аренадағы Қазақстан» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде – тарих өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де, әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесінде өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жаңа бағытта қиындықтар мен қайшылықтар жеткілікті болатына қарамай, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың тұрмыс жағдайын, әл ауқатын көтеруге үміт сенімін ұялатумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономикамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика мүддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған саяси алғышарт толық жасалынды: Қазақстан БҰҰ – ға толық құқылы мүше болды, сондай – ақ көптеген халықаралық ұйымдарға да мүше бола отырып, халықаралық қатынастардың халықаралық бірлестік мойындаған субъектісіне айналды. Республикамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.
Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да өзгерістер болды. Кеңестік мемлекеттер блогы ыдырап, оның орнына жаңа егеменді мемлекеттер ту көтеріп, қазіргі заманның өте күрделі әлемдік шаруашылық жүйесінен өз орындарын іздеуде. Бұл оқиғалар халықаралық экономикалық қатынастарға өз ықпалын тигізді.
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Біз әлемдік экономика дегенімізде, оны ұлттық шегарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар. Осының бәрі де халықаралық экономикалық қатынастар түсінік аппаратына өз көрінісін табады.
БҰҰ – ға мүше болған елдің біреуі де сыртқы экономикалық байланыстарсыз өмір сүре алмайды. Олардың ішінде үлкен және кіші мемлекеттер, экономикасы қуатты державалар мен артта қалған елдер, әртүрлі саяси режимдері мен экономикалық жүйелері бар мемлекеттер, әлемдік экономикада әр түрлі орын алатын мемлекеттер бар. Біреулері дүниежүзілік шаруашылыққа толығымен интеграцияланса, кейбіреулері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне тереңдей енуде. Кіші және жетілмеген елдер үшін халықаралық экономикалық қатынастардың барлық салаларына қатысу аса қиын болу мүмкін, сондықтан оларға халықаралық экономикалық қатынастардың өзіне ең пайдалы, тиімді түрлерін табу қажет.
1. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Н. Қ. Мамыров, Д. М. Мадиярова, А. Е. Қалдыбаева, Алматы, «Экономика» 1998 ж.
2. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Жалпы редакциясын басқарған Р. Е. Елемесов, Алматы, «Қазақ университеті» 2002 ж.
3. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Майдан - әли Байгісиев, Алматы, «Санат» 1998 ж.
4. «Егемен Қазақстан» № 64, 8 – наурыз, 2008 ж.
5. Курс экономической теории / Под. Ред. М. Н. Чепурина, Е. А. Киселевой, Киров, 1994 г.
6. «Экономикалық теория негіздері» Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, С. Досқалиев, Ж. Жәйшібеков, Алматы, «Санат» 1998 ж.
7. «Экономикалық теория» С. С. Мәуленов, С. Қ. Бекмолдин, Е. Қ. Құдайбергенов, Алматы «Экономика» баспасы 2003 ж.
8. «Экономикалық теория» Т. П. Табеев, Ф. Н. Жақыпова, Б. Б. Байжұмаев, «Қазақ университеті» баспасы 1999 ж.
9. Н. Ә. Назарбаев, «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.
10. «Егемен Қазақстан» № 77 – 80, 18 – наурыз 2008 ж.
11.Қазақстан Республикасының статистика агенттігі 3 / 2007 ж. 140 бет
12. Мұханалиева И.С. «КазҰУ хабаршысы». Экономика сериясы №2-2006 ж.
13. «Үкімет бюллетені» №3 2006.
14. Экономист / В. Фисинин / Эффективность МЭО №7 2000 ж. 45 бет.
15. «Казахстан сегодня» / Сапарбаев А.Д. / Казахстан в международной экономике №6 2002 37 бет.
16. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы / Егемен Қазақстан / №36 7.02.2008 ж.
17. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі 2 / 2008 ж. 23 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Халықаралық сауда және оның стандартты
моделі ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму бағыты мен негізгі
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .11
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылық
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
2.3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты және оның негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .16
2.4 Халықаралық экономикалық ұйымдар және оған Қазақстанның
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Аренадағы
Қазақстан ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .27

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...35

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде – тарих өлшеммен алғанда қас
қағым ғана уақыт аралығында елде де, әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде
нарықтық шаруашылық жүйесінде өтуге бағытталған күрделі экономикалық
реформа жүзеге асырылып жатыр. Жаңа бағытта қиындықтар мен қайшылықтар
жеткілікті болатына қарамай, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін
қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың тұрмыс жағдайын, әл ауқатын
көтеруге үміт сенімін ұялатумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін
әлемдік экономикамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика
мүддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұған саяси алғышарт толық жасалынды: Қазақстан БҰҰ – ға толық
құқылы мүше болды, сондай – ақ көптеген халықаралық ұйымдарға да мүше бола
отырып, халықаралық қатынастардың халықаралық бірлестік мойындаған
субъектісіне айналды. Республикамыз жылдан жылға дербес экономикалық
саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді
халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.
Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да
өзгерістер болды. Кеңестік мемлекеттер блогы ыдырап, оның орнына жаңа
егеменді мемлекеттер ту көтеріп, қазіргі заманның өте күрделі әлемдік
шаруашылық жүйесінен өз орындарын іздеуде. Бұл оқиғалар халықаралық
экономикалық қатынастарға өз ықпалын тигізді.
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық
теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың
ерекшеліктерін зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Біз әлемдік
экономика дегенімізде, оны ұлттық шегарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз
ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін
экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы,
пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар. Осының бәрі де
халықаралық экономикалық қатынастар түсінік аппаратына өз көрінісін табады.
БҰҰ – ға мүше болған елдің біреуі де сыртқы экономикалық
байланыстарсыз өмір сүре алмайды. Олардың ішінде үлкен және кіші
мемлекеттер, экономикасы қуатты державалар мен артта қалған елдер, әртүрлі
саяси режимдері мен экономикалық жүйелері бар мемлекеттер, әлемдік
экономикада әр түрлі орын алатын мемлекеттер бар. Біреулері дүниежүзілік
шаруашылыққа толығымен интеграцияланса, кейбіреулері өз мүмкіндіктері мен
мүдделеріне байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне
тереңдей енуде. Кіші және жетілмеген елдер үшін халықаралық экономикалық
қатынастардың барлық салаларына қатысу аса қиын болу мүмкін, сондықтан
оларға халықаралық экономикалық қатынастардың өзіне ең пайдалы, тиімді
түрлерін табу қажет.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқына арналған
2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана
емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай,
әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30
корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру
міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
Өткен жыл Қазақстан үшін жан – жақты экономикалық, әлеуметтік
және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.
Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен, жаңарған
саяси құрылымымен қарсы алды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың
толыққанды мүше болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау
тапты іс жүзіне асырылып отырды.
АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін
қалыптастырудың негізгі болған, Қазақстанның бастамасымен немесе тікелей
қатысуымен құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өздерінің қажеттігін іс
жүзінде дәлелдеді.
Біз Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен
өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта
беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс – қимыл
таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет..
Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында біз,
сонымен қатар, АҚШ – пен, Еуропалық Одақпен және НАТО – мен сындарлы өзара
іс – қимылды кеңейте береміз.
Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде таңылудың жаңа сапалық
деңгейіне көтерілді. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.
Біз осы ұйымның мүшелеріне, әсіресе, біздің кандидатурамызды ұжымдық
негізде ұсынған ТМД мемлекеттерінің басшыларына алғыс сезімімізді
білдіреміз.
Мен осы курстық жұмысымның тақырыбын Халықаралық экономикалық
қатынастар деп алдым, оны үш бөліммен қарастырдым. Бірінші бөлімімді ХЭҚ
құрылымы және оның ерекшелігі, халықаралық сауда және оның стандартты
моделі; екінші бөлімімді ХЭҚ даму бағыты мен негізгі факторлары, ХЭҚ
дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде, ҚР сыртқы экономикалық саясаты және оның
негізгі бағыттары, Халықаралық экономикалық ұйымдар және оған Қазақстанның
қатысуы; үшінші бөлімімді осы тақырыптар бойынша қосымша мәліметтерді
жаздым. Жалпы курстық жұмысым ... . беттен тұрады.

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ

Егер экономикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын
алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері
сияқты болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық ғылымдардың
методологиялық негізгі, экономикалық теория.
Халықаралық экономикалық теориясы да өз бастауын экономикалық
теориядан алады. Дегенмен әрбір экономикалық ғылым саласының өміршеңдігін,
басқа экономикалық ғылым саларынан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін
тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық,
аймақтық щаруашылық субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен
кәсіпорындардың дүниежүзілік щаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық
қарым – қатынастарды зерттейді.
Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылықтағы
кездейсоқ экономикалық катынастарды емес, сол қатынастарды тұрақты түрде
қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.
Халықаралық экономикалық қатынастардың механизміне өзінің
құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен
амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдар негізгі тобын халықаралық
келісім – шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым – қатынастардың
көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мынадай:
1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
2. Тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы.
3. Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.
4. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы.
5. Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары.
6. Халықаралық экономикалық интеграция.
7. Халықаралық ғылыми – техникалық және өндірістік қарым – қатынастар.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына халықаралық
меншік қатынастарын және халықаралық ұйымдарды да жатқызуға болады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі нысаны халықаралық сауда.
Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда
қатынастары алдыңғы позицияларды берік сақтап отыр. Сонымен бірге соңғы
онжылдықтарда ғылыми – техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат,
жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру, консультациялық қызмет көрсету
жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастарда қарқынды дамып келеді. Заңды
тұлғалар болып есептелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың еларалық
байланыстары да халықаралық экономикалық қатынастардың нысанына жатады.
Тікелей байланыстар халықаралық өндірістік кооперация, ғылыми тәжірибемен
алмасу, құрылыс саласындағы қызметтер, объектілерді жаңарту түрлерінде
жасалады.
Өндірістік интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін
кеңейтумен қатар өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономикалық
интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастарды ұлттық өндірістік
қатынастармен мейлінше жақындастырады.
Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының мәні,
ерекшелігі және деңгейі мыналардан көрінеді:
- дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- дайын өнімдердің саудасының көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі,
оның таза алыпсатарлықтан ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы;
- капиталдар келуінің қарқыны;
- ғылыми – техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетулердің
дамуы;
- Жекелеген елдер мен аймақтардың экономикаларының үйлесу процестерінің
жеделдеуі және кеңейуі;
Өнеркәсібі дамыған елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ елдері)
сауда, өндіріс, несие және қаржы мәселелерінде жеткен жоғары деңгейі
дүниежүзілік шаруашылық кешенінің қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық
Одаққа қатысушылар мемлекеттік шегаралары бола тұра біртұтас шаруашылық
жүйесінің құрамдас бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде
шаруашылық өмірдің интернационалдануы процесі жүріп жатыр. Жалпы
интернационалдану деген ұғымның астарында әлемдік шаруашылық байланыстары
жүйесінің көп деңгейлігі жатыр. Бұл деңгейлер жекелеген елдерді бүкіл
дүниежүзілік кешенге біріктіру мақсатында пайдаланады.
Интернационалдану дегеніміз халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік – экономиаклық
байланыстарды қалыптастыру. ХХ ғасырда айырбастың интернационалдануы
капитал мен өндірістік интернационалдануына жалғасты. Өндірістік
халықаралық мамандануы мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық
рыноктың шеңбері ірі көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан,
ол (өндіріс) ұлттық шегарадан объективті түрде шығады.
Ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП) әсерімен өндірістің
интернационалдануы қай елде болмасын тек қана өз өндірісімен шұғылдануын
экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар
дүниежүзілік экономикадан өз орнын іздейді, соған бір кірпіш болып
қалануға мүдделі болады.
Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу
уақыт озған сайын интернационалдық мәнге толыға береді.
Аталған байланыстарды қалыптастыру заңдылықтарын зерттеп,
болашағын болжау дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына бастайтын төте жол.
Жекелеген елдердің экономикаларының жақындасып, үйлесуінің негізінде бүкіл
дүниежүзілік капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер рыногы
қалыптасады, сөйтіп, біртұтас дүниежүзілік шаруашылық құрылу мерзімі
жақындайды. Бұл халықаралық экономикалық қатынастардың ең жоғарғы деңгейі.
Демек, дүниежүзілік экономиканы неғұрлым халықаралық экономикалық
қатынастардың кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым дүниежүзілік
рыногка жеткізер жолды жеңілдететі.
Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік деңгейін екі
тұрғыдан талдап көрсетуге болады. Макроэкономикалық деңгейде оны жекелеген
елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге
шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты –
экономикалық еркіндік, сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою,
еркін экономикалық аймақтарды құру т.б.
Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның
басты белгісі мемлекеттердің бір – бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен
іс қимылдар мен өзара түсініктерді ортақ мүдделерге пайдалану болып отыр.
Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мейлінше дамыған
әлеуметтік әділетті қоғам құру – дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі
тенденциясы. Әрине, мұны проблемасы жоқ, тек қана ілгерілеуші қозғалыс деп
айту әрі ертерек болар еді.
Бұл қозғалыстың ілгерілеуіне мыналар әсер етеді:
- индустриалды қоғамнан постиндустриалды, ақпаратты қоғамға өтуі;
- технологиялық өндірістер:
- энергия, шикізат және азық – түлік мәселелерін шешу;
- экологияның әлемдік проблемаларының шешімін табу.
Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізетін қауіпті де қатерлі
күштерге ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм жатады.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ ОНЫҢ СТАНДАРТТЫ МОДЕЛІ

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең
дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін
сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің
тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп
жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен
кооперациялануы ұлттық шаруашылықтың қарым – қатынасын күшейтеді. Мұның өзі
халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы
төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы саудада фритредерствоны (еркін сауда), немесе
протекционизмді (өз тауар өндірушілерді қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық
өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара
кірігіп, араласып кетті.
Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің Салыстырмалы
артықшылықтар теориясында анықтаған. Ол: айырбас қандай елге болса да
қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады, - деп жазған.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен дами бастады.
Халықаралық сауданың жедел өсуне мынандай факторлар әсер етеді:
1) халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2) экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды
жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми – техникалық революция;
3) дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4) тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық
сауданың реттелуі;
5) көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы
төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6) сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
рыноктардың қалыптасуы,
7) сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялы елдердің
пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі
біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара
сауда – экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік
рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.
Сөйтіп, 90 – жылдардағы Батыс Еуропалық халықаралық сауданың
орталығына айналды. 80 – жылдарда алықаралық сауда – саттықта Жапония
едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдарды машина мен жабдықтар экспорттауда
Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының
бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның жаңа индустриалды
елдері - Сингапур, Гонконг жіне Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниезүзілік классификациясы төрт
жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басындағы
шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады.
Класификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс
құрал – жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.
Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында
бәсекеге ең қабілітті санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030
жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемелекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай
болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань,
Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық
экономиаклық қатынастар жүйесінде Азия – Тынық мұхит аймағының рөлі
күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай
дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны Үлкен үштік АҚШ – Батыс
Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына
негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик
экономистерінің қағамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған
зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын
негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен
американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:
- әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік
мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір –
бірімен сауда жасауға итермелейді.
- Егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылуы
арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес
келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді.
- Ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын
басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады.
- Халықаралық сауда пайдаланатын тепе – теңдік баға салыстырмалы әлемдік
сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Орнын басу шекті деңгейі – қалыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды
қамтамасыз етіп, 1–і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың
өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.
Сауда жоқ жағдайдағы баланс.
Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс
трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі
(сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады.
Сауда жағдайындағы баланс.
Сауда басталысымен 1–і ел 1–і тауардан салыстырмалы
артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін
ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады.
Саудадан алынатын ұтыс.
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның
маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен
маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс – елдің басқа елдермен сауда
қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Маманданудан алынған ұтыс – елдің сауда жағдайында ие болған
салыстырмалы артықшылығы – бар тауар өндірісіне күш – жігерін жұмылдырып,
алған артықшылығы.
Кіші және үлкен елдер арасындағы сауда.
Егер сауда үлкен және кіші елдер арасында дамыса, онда
салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының
тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға
маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген
салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануымен қатар, салыстырмалы
артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.
Айырмашылығы – кіші елдің салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы
бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер – елмен
саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.
Сонымен, халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың
ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының
шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады.
Елдер бір – бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің
ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті
деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс,
тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының
арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе – теңдік бағаға
қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы
бар тауар өндірісін ұлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар
тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз
болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар
тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай
артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін
пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің
салыстырмалы бағаларының, үлкен елдер сұраныс пен ұсынысқа байланысты
қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен елдің саудадан
алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы
елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда,
сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктермен елдердің алатын пайдасына
негізделеді.

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2.1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ МЕН НЕГІЗГІ
ФАКТОРЛАРЫ

Қазіргі кездегі көптеген қарама – қайшылықтарға қарамастан,
елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді.
Дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара
байланысты, бағынышты әлемдік - әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты
ұлттық экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік
қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында көзге
көрінбейтін экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл өзгеріс
өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол қарама –
қайшылығы мол, күрделі құбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
1) индустриалды қоғамнан (ақпараттық) постиндустриалдыға ауысуы;
2) технологиялық революция;
3) энергиялық шикізаттарының және азық – түлік проблемасы;
4) экологиялық проблема;
Ең негізгі қауіп – экономиаклық ұлтшылдықтың даму және діни
фанатизм. Бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне
негізделмей, бір нәсілдің екінші нәсілден, бір әлеуметтік – экономикалық
жүйенің басқа әлеуметтік – экономикалық жүйеден артық саналуы және діни
айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы айтқанда,
халықаралық экономикалық қатынастар даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес
екендігін айқындай түседі.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы дүниежүзілік
шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы, халықаралық еңбек бөлінісі – ұлттық
экономиканың дамуы мен халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне
тән жаңа сатыға көтереді. Кез келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі
бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет.
Бұл белгілерге жататындар:
1. Дамыған ғылыми - техникалық базасының болуы
2. Шикізатпен және энергия ресуртарымен қамтамасыз етілуі, оның
салыстырмалы арзандау болуы.
Ескеретін нәрсе, табиғи ресурсқа бай елдер сөзсіз бай болып
кетеді деген ұғымға алданып қалу, оның экономикасының дамуына күрделі
кедергі жасайды. Бұл жерде мәселенің тек қана байлыққа қана байланысты
емес, қалыстасқан психология мен қауіпті түсінікке де байланысты жағдайы
бар. Егер табиғи ресурстарға шынындада бай ел болса, ол автоматты түрде
байып кетуі мүмкін. Сол себепті Жапон ғалымдарының табиғи ресурстарды
өңдеуде шетел компаниялары өте сақтықпен кіргізуі ойластырған саясат болса
керек.
3. Білікті маманның болуы.
Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары, басқару, сондай –
ақ, білікті маман кадрлары дамып келеді. Айта кететін жағдай, әлемдік
шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан
факторларға байланысты емес, оны қолдану тиімділігінің болуында. Жоғарыда
айтылғандарға қарап, халықаралық экономикалық қатынастардың болашағына және
оның дамуына ықпал ететін факторларға қорытынды жасауға болады.
- Ғылыми – техникалық прогрестің жылдамдығы, жаңа технологияның тарауы
(оның ішінде байланыс, тасымалдау және қаруландыру). Ғылыми – техникалық
прогрестің дамуының ықпалы мен экономикалық қызметтің компъютерленуінің
глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды
талап етеді. Глобальды түрдегі хабарландыру комерциялық, жалпы
экономикалық, арнайы хабарды алуды едәуір жеңілдетеді.
- Қоршаған ортаның проблемаларындағы глобальдық өзгерістер. Экологиялық
базалардың сарқылуы, үнемі өсіп отырған өндірістің кеңеюін қаржыландыру
мәселесі туындайды. Қоршаған ортаға көңіл аудару әлемдік экономиканың
қызметінде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Экологиялық проблемаларды
шешуде орталық пен шеттің арасында теңсіздіктің болуына әкеледі немесе
орталық барлық шешімдерді өз мойнына алған күнде, алдағы өмір сүрудің
деңгейі төмендейді.
- Халықаралық өсу мен қоныстанудың қозғалысы. Халықтың қоныстануы
экологиялық – экономикалық және саяси жағдайға байланысты болады. Жалпылама
миграциялық көшудің шеттен орталыққа қарай ойысуы— бір қатар экономикалық
проблемаларды туғызады.
- Бай мен кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі; калонияның бас
бостандығына алуы дамушы елдердің экономикасының гүлденуін қамтамасыз ете
алмады. Орталық елдерінің (ЕО – НАФТА – Жапония – АСЕАН) арасындағы
бәсекенің күшеюі нашар дамыған елдерге капитал шығарудың мүмкіндігін
азайтады.
Экономикалық өзара бағыныштылық дүниежүзілік елдері арасындағы
құқық нормасын, мәдени, байлық, өмір сүру қағидасын т.б. ұстау, басқа
елдердің топтарының позициясымен сәйкес келуін талап етеді. Бірақ бұл
жағдай әлемдік экономиканың даму сатысының алуан түрлі екенін, ондағы
субъектілердің қызметі мәселелерін бірдей шеше алмайды.
Қазіргі кездегі байланыстардың ерекшелігі:
– Халықаралық ұйымдардың рөлінің күшеюі;
– Мемкеттік емес құрылымның рөлінің өсуі
Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық қауымдастыққа
кіретіндердің құрамын өзгерту мәселесінің шешілуі. Әлем және әлеуметтік
экономикалық жағдай үздіксіз қозғалыста болады. Бұл жағдайда бір – біріне
ұқсамайтын жаңа қауымдастық мүшелер мен қатар қызмет істеуге және олардың
рөлі мен санасуға тура келеді.

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз –
ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде
болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір – біріне қарама –
қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.
Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгелс, В. Леонтев ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық
шаруашылықтың жиынтығымен және халықаралық экономикалық байланыстардан
тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элеметтері
бар.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160 – тан астам тәуелсіз
экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи –
географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен
ерекшеленеді. Ұлттық экономикалық жүйелердің әлемдік шаруашылыққа бірте –
бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай – ақ оған ХХ ғасырдың
соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қарау қажет. Бұл заңдылықтар
көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр
елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасының
дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы
жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады,
соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашалықтың артта және бір
орнында қалуы байқалды. Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми – техникалық
өзгерісті қабылдауын, содай – ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол
ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарының құралы.
Сонымен, әлемдік экономика – экономикадығы жалпы заңдылықтармен
бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді. Бұл ғылым
дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшелігін (ұлттық экономиканы, аймақтық
экономикалық кеңістікті) қарастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа созылатын
процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және
экономикалық байланыстарды қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік
шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда – экономикалық, қаржылық және
ғылыми – техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының
өзіндік шаруашылықтары бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе
кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы оның
экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып
отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –
экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан – жақты көрінеді.
Дегенмен, өндірістің классикалық капиталистік әдісі өзінің даму
заңдылықтарында ұлттық шегарадан шығып халықаралық деңгейге жетті. Еңбекті
бөлудің интернационалдық жүйесі машина индустриясының пайда болуына
байланысты болды. ХІХ ғасырдың 50 – 60 – жылдарында дүниежүзілік нарық тез
дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеңілдеуіне ықпал етті. 1917 жылдарда
дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды. Бұл, бір жағынан,
өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан,
мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.
Әрине, дүниежүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі
байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалистік жүйенің ыдырауына байланысты
геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Солтүстік пен Оңтүстік бұрынғы
байланысы қайта жаңғырды. Ол байланыстардың қандай болуы болашақ көрсетеді.
Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар:
біріншіден, мемлекетаралық экономимкалық байланыстардың объективті
қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы.
Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым – қатынас пен
ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен
сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті
бөлудің тереңдеу заңдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықтарды дүниежүзілік шаруашылыққа,
халықаралық экономикалық байланысықа кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді
интернациализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Оның негізгі күші
технологиялық революция еді. Соған байланысты соңғы он жылда ғаламдық
проблемалардың көбеюі дүниежүзілік қоғамдасуды қажет етті. Әрине,
интернациализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылдамдайды,
әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа
экономикалық байланыс түрімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде
өздігінен іске аспайды, сондай – ақ саяси іс – қимылмен кедергілерді
жоймаса, бірте – бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.
Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне
ұмтылу керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс
түсетін жағын ойластырады. Ал бұл тек дайын өнім айырбастауда ғана жүзеге
асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның,
инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық
экономиканың байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық, саяси,
мәдени, әскери т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін
тереңдете түседі. Бірақ, бұл формула түгел емес: бұл байланыстардың сапа
жағынан болуы қажет. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші
жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе – теңдікте дами
алмайды. Себебі, өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама – қайшылықтар
бірте – бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.
Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс екі функциялық бірлестікте
көрінеді. Бұл бір жағынан, жалпы саяси, глобальды, ал екінші жағынан,
ұлттық, халықшаруашылығы аспектіде көрінеді.
ТМД елдерінің әлемдік нарыққа шығуы, сондай – ақ шетелдік
корпарациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі
көптеген проблемаларды тудырды. Олар шаруашылықта бұрын – соңды
кездеспеген қиындықтар еді. Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы
да осындай қиындықтарға тап болды. Қорыта келгенде мұның барлығы ТМД
елдерінде нарық жағдайында теориялық және тәжірибелік біліммен қаруланған
халықаралық деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет
оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формаларына
жататындар:
а) халықаралық сауда;
б) капитал қозғалысы;
в) жұмысшы күші миграциясы;
г) халықаралық өндірісті кооперациялау;
ғ) ғылыми – техникалық айырбас;
д) валюта – несие айырбасы.
Мына схемадан халықаралық экономикалық қатынастардың формаларын
көруге болады:

Халықаралық экономикалық қатынастардың
маңызды формалары

Жоғарыда аталған байланыстардың барлығы қазіргі кезде бұрын –
соңды болып көрмеген көлемде өсуде.. Қазіргі кезең белгілерінің бірі –
еңбек ресурстары миграциясының кең көлемде тарауы, өндіріс факторларының
бірі – еңбек факторларының халықаралық масштабта ауысуын көрсетеді. Бұл
процеске ондаған миллион адамдар қатысады. Нарық жүйесіндегі халықаралық
экономикалық қатынастардың жаңа кезеңге өтуінің бірнеше алғы шарты бар.
Оның жоғары кезеңі – халықаралық ынтымақтастық.
Қандай да болсын, халықаралық экономикалық байланыс –
дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылық
көп уақыттар бойы бір – біріне қарама – қайшы саяси және экономикалық
жүйеден тұрады. Соңғы кездегі саяси қартадағы өзгерістерге байланысты
дүниежүзілік шаруашылық та жаңа сипат алуда.

3. ҚР СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Тәуелсіздікті жарияланғаннан кейін, Қазақстан сыртқы
экономикалық іс - әрекетін ырықтандыру жолына түсті. 1992 жылдың 25
қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Экономиканы
тұрақтандыру мен экономикалық реформаларды жүргізу кезеңіндегі Қазақстан
Республикасының сыртқы экономикалық іс - әрекетін ұйымдастыру туралы
жарлығы қабылданды. Сонымен қатар әр түрлі өнімдердің бағаларын ырықтандыру
туралы бірқатар құжаттар қабылданды.
1994 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті
Қаулысымен экономикалық дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша
үкімет іс - әрекетінің бағдарламасы қабылданды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын
ырықтандыруда мынандай қадамдар жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік,
денсаулыққа деген көз - қарасты байланысты бірқатар тауарлар тізімінен
басқа, барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталды;
стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды;
экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық
және аукциондық сауда ұлғайтылды.
1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендік
Одағы туралы келісімге қол қойылды. Кейін оларға Қырғызстан мен Тәжікстан
қосылды. Оның басты мақсаты - кедендік кедергілерді жою, адамдар,
тауарлар, капитал мен қызмет көрсету еркін ауысуы үшін біріңғай
экономикалық кеңістік құру болып табылады. 1995 жылдың 11 қаңтарында
Қазақстан Республикасы Президентінің Сыртқы экономиканылық іс әрекетті
ырықтандыру туралы жарлығы қабылданды.
1995 жылы 23 наурызда Президент жарлығымен Қазақстан
Республикасының шетелдік инвестициялар туралы заң қабылданып, ол Қазақстан
экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың экономикалық және
құқықтық негіздерін анықтап, инвестицияларды қорғауға берілетін мемлекеттік
кепілдікті тіркеді.
1996 жылы экспорттық өнімге салынатын барлық кедендік баж
салықтар алынып тасталды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер
төмендетілді.
1997 жылы бәсекелестікті жоғарлату мақсатында тауар
импортындағы шетелдік инвесторларына берілетін жеңілдіктер алынып тасталды.
Тек Қазақстан Республикасының территориясында өңделуге арналған өнімге
жеңілдіктер сақталды.
1997 жылыдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасының Кеден
комитеті мен Ұлттық банк Қазақстан Республикасының экспорт - импорттың
валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы ереже қабылданды. Ол экспорт —
импорттық валюталық бақылау тәртібін орнатып, экспорттан түскен валюталық
табыстың дер уақытында келуімен импорт мақсатында валюта қаржыларын
пайдалануын заңдылығы мен негізделген бақылау тәртібін белгіледі.
1997 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының үкіметі
Қазақстан Республикасының тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
туралы заңын қабылдады.
Сөйтіп, көріп отырғанымыздай, сыртқы сауданың ырықтандыруы
қаржы секторынның ырықтандырылуын ынталандырды.
Сыртқы сауда ырықтандырылуы ішкі рынокқа ғана әсер етіп қойған
жоқ. Қазақстанның шет елдердің, ОЭСР рыногтарына шығу мүмкіндіктері
кеңейді. Біздің республикамызға қатысты нарықтық емес экономикалы елдерге
салынатын көптеген кедендік баж салықтары мен санкциялары төмендетіліп
немесе алынып тасталды.
Қазақстан, Еуропа Одағы, АҚШ, Канада, Скандинав елдерінің
рыногтарында ең тиімді жағдайлы мәртебеге ие болды.
1993 – Европа Одағы, 1992 жылы — Канада, 1994 жылы – АҚШ,
Қазақстанды Генералды преференциялар жүйесіне қабылдаған.
Алдыңғы жылдардағыдай, 1998 жылы да елдің сауда балансы теріс
болды. Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы
оң, ал оны ТМД елдерімен саудасындағы экспорттан импорттың асып түсуі
ауқымды болды. Бірақ бұрынғы одақтас республикаларға арналған экспорт
көлемі алыс шет елдерге арналған экспорт көлемінен өте жоғары. 1998 жылы
экспорттың төмендеуі, ТМД елдеріндегі валюта құнсыздануы Қазақстан үшін
сауда жағдайын қиындатты.
Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасына
импорт көлемі азайды. 1998 жылы 6588,6 млн. долл. болып, ол 1997 жылдың 92%
құрады. Негізгі экспорт тауарларына бағаның төмендеуі алыс шет елдерге
экспорттың 8,8% - ке төмендеуіне әкелді, әсіресе Азия – Тынық мұхит
аймағында қазақстандық қара және түсті металдарды тұтынуы күрт төмендеді.
1997 жылы әлемдік бағалардың төмендеу тенденциясы 1998 жылы да байқалды.
Экспорт құрылымында дәстүрлі түрде басым бөлігі минералды
өнімдер, асыл емес металдардан тұрды. Экспорттың құндық мәні өзгергенімен,
оның алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылымында елеулі өзгерістер болмады.
Қазақстан Республикасы импорты ресей рублінің құнсыздануына
байланысты ресей тауарларының арзандауы және соған сәйкес қазақстандық
тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестігі төмендеп, республикаға ресей
тауарларының әкелуінің күрт өсуімен сипатталды. Кедендік Одақ шеңберінде
шекаралар ашықтығы, әсіресе Ресеймен шекаралас аудандарда ресей тауарлардың
демпингтік бағалар бойынша енуіне мүмкіндік берді. Осы жағдайларға
байланысты Ресейге қазақстандық тауарлардың экспорты төмендеді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстан 1999
жылдың қаңтар айында бірқатар демпингке қарсы шаралар қолданды. Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасында Ресей
Федерациясынан 1 — категориялы тауарлардың әкелуінуіне уақытша тыйым салу
туралы мәжілістемеге қол қойылды.
Кейінірек, Қырғызстан мен Өзбекстанның әкелетін тауарларға 200%
кедендік тариф енгізілді.
Бұл шаралар – Қазақстанның сыртқы саудасындағы протекционизм
бағытындағы қадамдары болды. Ол екі мақсатты көздеді. Бір жағынан –
жергілікті өндірушілерді өндірісті көтеруге ынталандырып, олардың ішкі
рыногта позициясын нығайтуға мүмкіндік беру және ТМД елдерінің сапасыз,
арзан тауарларына тосқауыл қою; екінші жағынан – контрабандалық тауар
көлемі күрт өсіп, мемлекеттік бюджетке төлемдер төмендеп, бәсеке, тауарлар
ассортименті азайғаны және жергілікті өндірушілер өз өнім сапасына
талаптарының төмендеуі болды.
1999 жылдың 5 көкек айында Қазақстан Республикасы үкіметі мен
Ұлттық банк валюталық курсты еркін қалқуға жіберу туралы бірлескен шешім
қабылдады.
Осы шешімді қабылдауға әлемдік қаржы дағдарысы, ТМД елдерінен
валюталарының құнсыздануы, демпингтік бағалар бойынша импорттың өсуі,
экспорт бағаларының төмендеуі, әсер етті. Одан басқа, валютаның жоғары
бағамы Ұлттық банкпен жасанды түрде ұстанып, ол мақсаттарда Қазақстан
Республикасы алтын – валюттік (резервтері) қорлары пайдаланылды.
Сөйтіп, бұл шара экспортқа бағытталған салаларды қолдау,
импортты шектеу, нақты айырбас бағасын орнату, жергілікті өндірушілерді
қорғау мақсатында жүзеге асырылды.
Бүгінгі күні Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары
бар. Оның негізгі партнерлеріне Ресей, ТМД елдері, Голландия, Швейцария,
Германия, АҚШ, Канада, Түркия, Корея және т.б. елдер кіреді.
Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда оның дәстүрлі болып қала
беретінін байқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рыногқа әлі де
шикізат өнімімен шығады. Өңдеуші өнеркәсіптің бүгінгі күні, өкінішке орай,
бәсекелестігі төмен, оны қайта жарақтандыру үшін көп қаржы мен уақыт керек.
Әлемдік қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға
инвестицияларды тартып, өндірісін ұлғайтуымыз қажет. Қазақстан Республикасы
импорттық құрылымның басым бөлігі дайын өнім, машина, құрал – жабдық, халық
тұтынатын тауарлардан тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының даму
бағыттарына:
– Импорт құрылымын рационализациялау;
– Жергілікті өндірушілерді ынталандыру үшін протекционистік саясат
жүргізу;
өндірісті жаңарту үшін қазіргі заманғы технология мен құрал – жабдықтар
импортын ынталандыру;
1999 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстандағы
экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл
үкіметтің сыртқы экономикалық іс - әрекетті реттеудегі сауатты әрекеті,
теңгенің еркін жүзеге жіберілуі, шикізатқа әлемдік бағаның өсуі мен әлемдік
қаржы нарықтарында жағдайдың жақсаруының байланысты болды.
1999 жылы Қазақстанның сауда режимін бірқатар заңдар
қабылданды: 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 – 2000 жылдарда Қазақстан Републикасы тікелей инвестицияларды тарту
бағдарламасы туралы қаулысы; 1999 жылдың 13 шілдесінде Демпинге қарсы
шаралар туралы, 1999 жылдың 11 ақпанындағы Өсімдіктер карантині туралы
Қазақстан Республикасы заңы; 1999 жылдың Стандартизация туралы Қазақстан
Республикасы заңы, 1999 жылдың 16 шілдесіндегі Сертификация туралы ҚР
заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы – кедендік іс
туралы Қазақстан Республикасы заңы. Осы шаралардың бәрі де республиканың
құқықтық – нормативті базасын әлемдік қауымдастыққа қабылдаған заңдылықтар
мен нормаларға жақындата бастап, бұл сыртқы экономикалық іс - әрекетімізде
оң көз – қарастарымызда тудырды.
2000 жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Қазақстан халқы ассамблеясының стратегиясы
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары
Республикасының экологиялық жағдай
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Пәндер