Шағын бизнестің экономикалық мазмұны



Кіріспе.

Негізгі бөлім.
а)Шағын бизнестің экономикалық мазмұны
б)Шағын бизнес ұлттық экономика дамуының негізгі факторы ретінде
г)Қазақстан Республикасында шағын бизнестіәң дамуы, мәселелері және оны мемлекеттік қолдау шаралары

Қорытынды.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақстан -2030» стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан әрі жетілдіріп, өркендету. Бұл жердегі бизнес дегеніміз азаматтар мен азаматтар тобының жеке мүліктік жауапкершілігі, тәуекелі мен қауіп-қатері негізінде пайда немесе экономикалық түсімдердің өзге де нысан алуға бағытталған дербес қызметі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып жұмыскерлердің жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 60 мың мәртесінен артпайтын мөлшерде актив ұстайтын кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар мен заңда тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады.
Осы орайда қаржы, бюджет, салық, несие саясаттарын және сәйкесінше олардың механизмдерін тек Қазақстан Республикасының экономикасының ойдағыдай дамуын қамтамасыз ететін іргелі қаржы негізін құрып қана қоймай, сан салалы экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Қаржы-несие қатынастарын жетілдіру, экономиканың барлық саласында, бизнесте, оның ішінде шағын бизнесте экономикалық нұсқалар мен ынталарды қолдану арқылы аталмыш салаларды қаржылық тұрғыдан сауықтыру орындалады. Аталмыш істі жүзеге асырудың бір нысаны ретінде 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген салық кодексінде шағын бизнес субъектілеріне салық салу мәселесі біршама жүйелендірілген. Мұнда арнайы салық жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілері жалдамалы жұмыс күшін қолдана алады.
Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мақсаттарының бірі ауылдың ең елеулі проблемаларын шешу және кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын бизнесті дамытудың, Қазақстанның неғұрлым көп халық санын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырудың маңызы үлкен. 1999 жылдың 1 қаңтарына қарай Республикада тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 331456-дан 2003 жылы 10 ай бойынша 493000 дейін, яғни 48,8 өсу байқалды. Осы 493000 шағын мекемелерінде 1 млн. 340000 астам адам жұмыс істейді.
«Хабаршы» 2005жыл
«Егемен Қазақстан» 2006-2007жыл
«Қазақстан экономикасы» Нұрғалиев Қ. Р
«Бәсекеге қабілетті Қазақстан» Назарбаев Н. Ә.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.

Негізгі бөлім.
а)Шағын бизнестің экономикалық мазмұны
б)Шағын бизнес ұлттық экономика дамуының негізгі факторы ретінде
г)Қазақстан Республикасында шағын бизнестіәң дамуы, мәселелері және оны
мемлекеттік қолдау шаралары

Қорытынды.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті
мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы
халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан -2030 стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық
даму стратегиясы мен елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында
кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық
экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге
асыруда шағын бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған байланысты
еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан әрі
жетілдіріп, өркендету. Бұл жердегі бизнес дегеніміз азаматтар мен азаматтар
тобының жеке мүліктік жауапкершілігі, тәуекелі мен қауіп-қатері негізінде
пайда немесе экономикалық түсімдердің өзге де нысан алуға бағытталған
дербес қызметі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілері болып жұмыскерлердің жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі
орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 60 мың мәртесінен
артпайтын мөлшерде актив ұстайтын кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды
тұлғалар мен заңда тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке
тұлғалар танылады.
Осы орайда қаржы, бюджет, салық, несие саясаттарын және сәйкесінше
олардың механизмдерін тек Қазақстан Республикасының экономикасының
ойдағыдай дамуын қамтамасыз ететін іргелі қаржы негізін құрып қана қоймай,
сан салалы экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Қаржы-несие қатынастарын
жетілдіру, экономиканың барлық саласында, бизнесте, оның ішінде шағын
бизнесте экономикалық нұсқалар мен ынталарды қолдану арқылы аталмыш
салаларды қаржылық тұрғыдан сауықтыру орындалады. Аталмыш істі жүзеге
асырудың бір нысаны ретінде 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізілген салық кодексінде шағын бизнес субъектілеріне салық салу мәселесі
біршама жүйелендірілген. Мұнда арнайы салық жұмыс жасайтын кәсіпкерлік
субъектілері жалдамалы жұмыс күшін қолдана алады.
Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды
мақсаттарының бірі ауылдың ең елеулі проблемаларын шешу және кедейлік пен
жұмыссыздықпен күресу. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын бизнесті дамытудың,
Қазақстанның неғұрлым көп халық санын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырудың
маңызы үлкен. 1999 жылдың 1 қаңтарына қарай Республикада тіркелген шағын
бизнес субъектілерінің саны 331456-дан 2003 жылы 10 ай бойынша 493000
дейін, яғни 48,8 өсу байқалды. Осы 493000 шағын мекемелерінде 1 млн. 340000
астам адам жұмыс істейді.
Қазақстанның отбасылық коэффициенті 3,5 деп санайтын болсақ, 4 млн.-
нан астам адам өз еңбек ақыларын осы мекемелерден тауып отыр. Бұл еліміздің
халқын төтттен бірін құрайды. Табыстың орташа көрсеткіші 18 өсті. Біздің
халқымыздың осы салалардан табатын жалақылардың жалпы көлемі 500 млрд.
теңгеге жеткен. Қазақстанда шағын бизнсті несиелеу 1992 жылы олардың
құқықтық және әлеуметтік базасын құру және бекітілуінен кейін басталды.
Еңбекпен қамту мәселесіне келетін болсақ ірі кәсіпорындарда жаңа жұмыс
орындарының өсуі қарқыны кіші бизнес субъектілеріне қарағанда бірдей мерзім
аралығында едеуір аз. АҚШ-та мысалы, 1975-2000 жылдар аралығында еңбекпен
қамтылғандардың жалпы өсу қарқынында шағын бизнес үлесін 75-80 келген. Ал
ірі кәсіпорындардың үлесі 20-25 құраған.
Орта және кішігірім бизнестің тиімді жұмысы үшін айтарлықтай маңызды
мыналар:
- жылжымайтын мүлікті және жерге құқықты тіркеудің жеңілдік берген тәртібі;
- шағын бизнес субъектілерін тіркеу процедурасының өзгеруі;
- өндірілген өнім сапасын анықтау және сертификациялаудың тәртібі;
- шағын бизнес субъектілерін екінші деңгейлі банктердің 10 міндетті
несиелендіру тәртібін бекіту;
Жүргізіліп отырған шаралар өзінің нәтижелерін беруде. Біріншіден, жалпы
экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына, аграрлық сектордың дамуына, барлық
меншік формаларындағы таура өндірушілер арасында бәсекелік ортаның
қалыптасуына ықпал етеді. Екіншіден, өнім, жұмыс, қызмет көлемі шағын
бизнес субъектілерінің санымен бірге өсіп отыр. Дегенмен, жүргізіліп
отырған шараларға қарамастан аграрлық сектордағы шағын бизнес баяу дамуда.
Оған дәлел ретінде шағын бизнестің жиынтық өнімінің жалпы құрылымында ауыл
шаруашылығының үлесі 12-12,5. Оның негізгі себептері аграрлық экономиканың
негізгі секторы ретінде ауыл шаруашылығы салаларын қалпына келтіру
қанағаттанарлықсыз қарқыны, оған өнеркәсіп салаларының күрт төмендеуі,
кооперация және агроөндірістік интеграция саласындағы шаруашылық қызметінің
тоқтатылуы шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандырудың экономикалық
механизмінің жеткіліксіздігі.
Еңбекпен қамтудың маңыздылығы жағынан екінші сферасы – сауда, жеке
көлікті және тұрмыс техникасын жөндеу, үйде тұтынуға қажет заттарды шығару,
білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ қаржы органдарындағы еңбек қызметі.
Мұнда халыққа әлеуметтік және коммуналды қызмет көрсетуде үнемі еңбекпен
қамтылған адамдардың да еңбегі жатқызылады.
Шаруашылық қызмет сферасы бойынша шағын бизнесі дамыту ауыл халқының
еңбекпен қамтылуының, жұмыссыздықты және кедейшілікті бәсеңдетудің шешуші
фактор ретінде әлеуметтік жағдайларға жақсартуға тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және
инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; номативті
құқықтық базаның жетілмеуімен; коррупциямен,тұрақты қауіппен; капиталдың
тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи
тозған материалдық базасыман байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған
қарамастан республикада ШОБ қызметінің алғашқы жемістері бар, бірақ оның
көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде.
Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД республикаларының біразында, соның
ішінде Қазақстанда ШОБ кеңінен тарады, өйткені шағын бизнессіз нарықтық
экономика не қызмет ете алмайды, не дамымайды. Нарықтың әр түрлі аймақтарын
жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта
өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін
мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, ғалым зерттеушілердің оның негізгі
сипаттамаларын негіздеуде, ұлттық экономикадағы ролі мен орнын анықтауда
қызығушылығын тудырмай қоймайды.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарын айналымдылықтың жоғары
жылдамдылығы және құрылыс мерзімдерінінің қысқартылуынан негізгі қорлардың
жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарылауынан, басқа персоналдарын ұстау
шығындарының төменділігінен, ірі капиталды тарту қажеттілігінің жоқтығынан
қамтылған күрделі және ағымдағы тиімді қолдануынан көреді. Шағын бизнестің
өмір сүру мерзімдерін ұзарту үшін барлық әкімшілік тосқауылдарды жою, салық
жүктемесін төмендету,жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін каникулдарды енгізу,
инфрақұрылымдарды дамыту, шағын кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін маркетинг
пен менеджемент аймағында мамандарды дайындық қажет.
Қазақстандағы шағын бизнестің даму эволюциясын қарастыра отырып,
мынадай қорытындылар жасауға болады:
ШОБ субъектілерінің, ең алдымен саудада шоғырлануы. Бірқатар жылдар бойы
аталған кәсіпорындар санының үлесі өсе түсуде. Егер 1996 жылы жалпы шағын
кәсіпкерлер санының 26 саудада болса, онда қазіргі уақытта бұл көрсеткіш
42 тең.
Өнеркәсіптік өндірістің құрылымында өңдеуші кешен басты ролге ие. Сонымен,
1997 жылы шағын кәсіпкерлік жалпы кәсіпорындардың саны бойынша өңдеуші сала
97 құрады және 3 өндіруші сала құрады.
Шағын бизнес кәсіпорындардың өнеркәсіптік дамыған аудандарда шоғырлануда
территориялық теңсіздік орын алған. Сонымен Оңтүстік Қазақстанда өңірінде
ШОБ-тің 60 мың субъектісі, Алматы облысында – 44 мың, Маңғыстауда- 9 мың,
Атырау облысында – 8 мың әрекет етті. 2003 жылы белсенді кәсіпорындардыңең
көп саны Шығыс Қазақстанда (7,9), Қарағанды(7,5), Қостанай облысында(5)
және Алматы қаласында (27,6), Астанада(9,8) өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Құрамдас бөліктің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкелік
ортаның дамуна ықпал ететін нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы орын алды.
Сонымен, кәсіпкерліктіңұсынылғантұжырымның және ШОБ-тің қолдағы бар
тұжырымдарын талдау негізінде , ШОЬ-тің келесі анықтамасын көрсетуге
болады:
Шағын бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық қызметіне негізделген,
қаржы қорларының шектелген жағдайында жұмыс істейтін, қауіптің және
белгісіздіктің жоғары үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатында өндірістің
барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен
басқару процесіне және қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және
өзін-өзі жаңарту болып табылады.
Шағын бизнес - экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың
неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық
конъюктурасының өзгеруіне қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы
шағын кәсіпорындар меншік түріне қарай мемлекеттік, жеке меншік және аралас
болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлікпен
бизнес нысандарының шамамен 80 құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр
түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана
толыққанды нарық қалыптастыруға болады.Өйткені нақ сол кәсіпорындар ішкі
нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.
2004 жылдың 4 шілдесіндегі Қазақстанда шағын бизнестің қолдау мен
дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы шағын кәсіпкерлікті дамытудың
бағдарламалық құжаты болып табылады. Оның мақсатына – ауылшаруашылығы
өнімдерін қайта өндеу, құрылыс материалдары мен конструкция өндірісінде
халык тұтынантын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін өндіруде тұрақты жұмыс
істейтін шағын бизнес субъектілері қаржымен, ақпараттармен қамтамасыз ету
механизімдерін жетілдіру жатады. Сонымен қатар, осы Жарлықта импортты
алмастыру өндірісін құру мақсатында жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп
тұрғандарын дамыту, ресурстық және технологиялық өзара байланыс белгілеріне
байланысты ірі кәсіпорындармен бірге шағын арнаулы өндірістерді үйлестіруді
қамтамасыз ету үшін шағын бизнесті дамытудың басым бағыттары анықталған.
Сондықтан, осы басым бағыттарға сәйкес жұмыс істеу үшін шағын бизнес
субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Шағын және орта бизнес
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал
Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
Шағын бизнестің негізін қалау жолдары
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Кәсіпкерліктің экономиканы дамытуға қосатын үлесін қарастыру
Пәндер