Құқықтық нигилизм - құқықтық мемлекет құру жолындағы кедергі



Мемлекеттік жүйені реформалау қоғамдық сананың құқықтық көзқарасын өзгерту бағытында алғашқы қадам болып табылады. Еліміздің саяси және құқықтық жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыстар құқыққа, оның мәні мен мақсатына басқаша қарауға мәжбүр етті. Қазақстандық қоғам өмірінде мемлекеттің қызмет ролінің өзгеруі және жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкестенуі қоғамдағы құқық мәселесіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Бүған «құқықтық мемлекет» ұғымының алғы шепке шығуы дәлел. Алайда құқықтық мемлекет құруды жүзеге асырудағы кедергілердің бірі – әлі күнге дейін қоғамдық сана деформациясы және халықтың әлеуметтік психологиясында әбден қалыптасқан стереотип болып табылатын құқықтық нигилизм. Тіпті, мемлекеттік-құқықтық кеңістіктегі өзгерістер тек мемлекеттік емес, қоғам өмірінің тұрақсыздығына, әлеуметтік сілкіністерге әкеп соқтырды.
Қазақстандағы құқықтық нигилизм дамуының түп-тамырын тарихтан іздеген жөн. Себебі, кеңестік кезеңде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде құқық маңызды роль атқарған жоқ. Бұл, өз кезегінде, ұжымдық-әкімшілік жүйенің мұрасы, барлық мәселені әкімшілік шаралармен ғана шешуге болады деген сенімнің үстем болғандығын көрсетеді. Ұжымдық-әкімшілік жүйе құқықтық басқару тетігін команда мен әкімшілік қысым арқылы басқаруды дұрыс деп санады. Оның құндылықтар құзырында барлығы да құқықтан маңызды еді – билік, жоғары тұрған бастықтың бұйрығы, артықышылықтар және т.б. Құқық жоғарыдағылардың бұйрығын төмендегілер міндетті түрде орындауға тиіс деген ұғыммен байланыста еді.
Кеңестік кезеңдегі конституциялық фасад пен билік механизмінің нақты қызметі заң мен құқық қорғау принциптерін бұрмалады, адамдарды құқық институтына деген сенімнен айырды. Бұл кезеңде азаматтардың құқықтық мәдениеті мәселесі ауызға ада алынған жоқ, керісінше, адам құқығы, құықықтық мемлекет ддеген ұғымдар сынға алынды. Әкімшілік-ұжымдық жүйеге қарапайым ғана құқық бұзбаушылық қажет болды. Кеңес кезеңінде бәрі де мемлекет саясатына қызметету жолына қойылды. Ұжымдық-әкімшілік жүйе үшін заң, ең алдымен, бұйрық құралы, алға қойылған мақсатқа күштеу арқылы жеті болып табылды. Осылайша, елдегі ұлиттық сананың қалыптасуы ұзақ уақыт бойы құқықтық нигилизмнің туындауына ықпал етпей қоймады.
Сондай-ақ нақ осы кеңестік дәуірде құқықтық тәрбиенің түрлері де қалыптасқанын жоққа шығармау керек: құқықтық тәрбие, құқықтық ағарту, қоғам мүшелерінің құқықтық тәжірибеге атсалысуы (жолдастық сот, халықтық мәжіліс), «дөңгелек үстел», құқық қорғау қызметкерлерінің жұртпен кездесулері сияқты түрлі шаралардың жиі-жиі өткізілуі жіне т.б.
Егемендікке ие болғаннан кейін Қазақстан үшін құқықтық нигилизмді бірден жоюға мүмкіншілігі болмады. Демократиялық және саяси құбылыстар заңдық нигилистік дәстүрді, азаматтардың құқықтық санасындағы тапшылықты құрта алмады. Мәселе мынада – құқыққа немқұрайды көзқарас әлі күнге дейін біздің қоғамдық санамыздың бір сипаты, ол биліктің құқыққа қайшы әрекетімен нығая түседі. Осы қалыпта ол тек «құқықты» деген бағалау деңгейінде ғана емес, жұрттың күнделікті әрекетінен, өмір сүру салтынан да көрінеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық нигилизм - құқықтық мемлекет құру жолындағы кедергі

Мемлекеттік жүйені реформалау қоғамдық сананың құқықтық көзқарасын өзгерту
бағытында алғашқы қадам болып табылады. Еліміздің саяси және құқықтық
жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыстар құқыққа, оның мәні мен мақсатына басқаша
қарауға мәжбүр етті. Қазақстандық қоғам өмірінде мемлекеттің қызмет ролінің
өзгеруі және жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкестенуі қоғамдағы құқық
мәселесіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Бүған құқықтық мемлекет
ұғымының алғы шепке шығуы дәлел. Алайда құқықтық мемлекет құруды жүзеге
асырудағы кедергілердің бірі – әлі күнге дейін қоғамдық сана деформациясы
және халықтың әлеуметтік психологиясында әбден қалыптасқан стереотип болып
табылатын құқықтық нигилизм. Тіпті, мемлекеттік-құқықтық кеңістіктегі
өзгерістер тек мемлекеттік емес, қоғам өмірінің тұрақсыздығына, әлеуметтік
сілкіністерге әкеп соқтырды.
Қазақстандағы құқықтық нигилизм дамуының түп-тамырын тарихтан іздеген жөн.
Себебі, кеңестік кезеңде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде құқық
маңызды роль атқарған жоқ. Бұл, өз кезегінде, ұжымдық-әкімшілік жүйенің
мұрасы, барлық мәселені әкімшілік шаралармен ғана шешуге болады деген
сенімнің үстем болғандығын көрсетеді. Ұжымдық-әкімшілік жүйе құқықтық
басқару тетігін команда мен әкімшілік қысым арқылы басқаруды дұрыс деп
санады. Оның құндылықтар құзырында барлығы да құқықтан маңызды еді – билік,
жоғары тұрған бастықтың бұйрығы, артықышылықтар және т.б. Құқық
жоғарыдағылардың бұйрығын төмендегілер міндетті түрде орындауға тиіс деген
ұғыммен байланыста еді.
Кеңестік кезеңдегі конституциялық фасад пен билік механизмінің нақты
қызметі заң мен құқық қорғау принциптерін бұрмалады, адамдарды құқық
институтына деген сенімнен айырды. Бұл кезеңде азаматтардың құқықтық
мәдениеті мәселесі ауызға ада алынған жоқ, керісінше, адам құқығы,
құықықтық мемлекет ддеген ұғымдар сынға алынды. Әкімшілік-ұжымдық жүйеге
қарапайым ғана құқық бұзбаушылық қажет болды. Кеңес кезеңінде бәрі де
мемлекет саясатына қызметету жолына қойылды. Ұжымдық-әкімшілік жүйе үшін
заң, ең алдымен, бұйрық құралы, алға қойылған мақсатқа күштеу арқылы жеті
болып табылды. Осылайша, елдегі ұлиттық сананың қалыптасуы ұзақ уақыт бойы
құқықтық нигилизмнің туындауына ықпал етпей қоймады.
Сондай-ақ нақ осы кеңестік дәуірде құқықтық тәрбиенің түрлері де
қалыптасқанын жоққа шығармау керек: құқықтық тәрбие, құқықтық ағарту, қоғам
мүшелерінің құқықтық тәжірибеге атсалысуы (жолдастық сот, халықтық
мәжіліс), дөңгелек үстел, құқық қорғау қызметкерлерінің жұртпен
кездесулері сияқты түрлі шаралардың жиі-жиі өткізілуі жіне т.б.
Егемендікке ие болғаннан кейін Қазақстан үшін құқықтық нигилизмді бірден
жоюға мүмкіншілігі болмады. Демократиялық және саяси құбылыстар заңдық
нигилистік дәстүрді, азаматтардың құқықтық санасындағы тапшылықты құрта
алмады. Мәселе мынада – құқыққа немқұрайды көзқарас әлі күнге дейін біздің
қоғамдық санамыздың бір сипаты, ол биліктің құқыққа қайшы әрекетімен нығая
түседі. Осы қалыпта ол тек құқықты деген бағалау деңгейінде ғана емес,
жұрттың күнделікті әрекетінен, өмір сүру салтынан да көрінеді. Сондықтан,
өмірлік маңызды бар мәселелерге қарағанда, көпшілік үшін құқықтық мәдениет
екінші қатардағы мәселе, ол бірте-бірте өзінің маңыздылығы мен
актуалдылығын жоя түседі.
Үлкен Кеңес Энциклопедаиясында нигилизге мынадай анықтама берілген:
Құқықтық нигилизм – бұл қоғамдық-саяси ойдығ бағыты, ол құқықтың
әлеуметтік құндылығын жоққа шығарады және қоғамдық қатынастарды реттеуге
әсер ете қоймайтын тәсіл деп санайды. Әйтсе де, бұл анықтама оынң бір
жағын ғана айқындайды. Құқықтық нигилизмді әлеуметтік құбылыс ретінде кең
мағынада түсінген жөн, елде бекіген қоғамдық сана мен ұлттық психологияның
элементі немесе қасиеті деп қарау керек. Бұқара санасы деңгейінде нигилизм
мықты көзқарас пен стереотип түрінде қоғамдық қызметтің әр түрлі саласында,
сондай-ақ, мемлекеттік басқаруда көрінеді.
Бүгінгікүні құқықтық нигилизмнің екі түрін бөліп қарау және оларды жеңу
жолдарын бөліп қараған маңызды. Егер біріншісіне қарапайым деп анқтама
берсек, екіншісі – бюрократиялық құқықтық нигилизм. Алғашқысы – жаппай
халықтық сана, екіншісі - әкімшілік-басқару жүйесі.
Қарапайым құқықтық нигилизм көбіне тұрғындардың төменгі жалпы мәдениет
деңгейіне тән. Құқықтық ілімнің әлсіздігі, қарапайым тілмен айтқанда, жай
ғаға құқықтық білімнің жоқтығы – міне, осы құқықтық нигилизмнің негізгі
көрсеткіші. Бірақ мәселе тек адамдардың құқықтық білмінің жоқтығында емес,
олардың құқыққа сенбеуі, сыйламауы. Егер қарабайыр құқықтық нигилизмнің
қайнар көзі халықтың құқықтық білімінің әлсіздігі ғанаболса, онда оны жеңу
әлдеқайда жылдам жүретін еді. Жағдай құқықтық мәдениеттің төмендігіне қоса,
әбден қалыптасқан көзқарас пен стереотиптердің түп-тамырының тереңдігімен
ушығып тұр. Әдетте құқыққа деген селқостық заң мәселесіндегі сауатсыздықпен
көршілес келеді, соның салдарынан құқық атаулыға сыйластықпен қарау деген
атымен жоқ.
Бюрократиялық құқықтық нигилизм қарабайыр құқықтық нигилизммен тығыз
байланысты. Халықтың жалпы құқықтық мәдениет деңгейі көптеген кәсіби қызмет
саларына әсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе мемлекеттік қызметте ол ерекше,
әлеуметтік сипатта көрініс табады. Бойына нигилистік сенімдерді сіңірген
адамның билік тізгініне ие болған соң арыла қоюы қиын. Көбіне керісінше
болады, билік құдіреті оның өсіп-өнуіне септігін тигізеді. Нигилизмнің
қарабайыр деңгейден басқару деңгейіне осылайша құйылуы заң бұзушылыққа,
азаматтардың құқығы мен мүддесін, заңға қайшы құқықтық нормативтік
актілерді шығаруға әкеп соқтырады.
Алайда бюрократиялық құқықтық нигилизм тек қарабайыр құқықтық нигилизмнен
туындамайды. Ол көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық нигилизм туралы
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құқықтық нигилизм
Құқықтық мәдениет
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Құқықтық нигилизм туралы мағлұмат
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Пәндер