Кітап шығару, сату процестері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кітап шығару (баспа процесі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Сату процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Баспа процесі көптеген шығармашылық және техникалық кезеңдерден тұрады. Бізге керегі оның шығармашылық процесі. Әрбір баспа редакцияға қолжазба келіп түскен сайын жаңа, әрі күрделі жұмысты бастап, оның жарыққа шыққанға дейінгі және одан кейінгі тағдырын жасайды. Баспа – мәдени ағартушылық, ғылыми танымдық және саяси идеологиялық сияқты басты функцияларды атқаратын мемлекеттік немесе жеке меншік иесіндегі өндірістік – шаруашылық мекеме. Кітап баспаларының құрылымы баспа ісі процестерінің сапалы түрде жүзеге асуына сәйкестендіріледі. Яғни кітаптың аз ғана мерзім ішінде жарық көруі мен өнімнің өзіндік құнын төмендету шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуға міндетті.
Қазіргі баспа саласындағы басты процесс белгілі бір шығарманы өндіріске дайындаудан бастап баспаханадан басып шығарғанға дейінгі бір-бірімен тығыз байланысты өзіндік заңдылығы бар кезеңді жұмыстардың кешенді және жүйелі арнасы. Баспа ісіндегі басты өндіріс кітап болып есептелгендіктен алдымен соның ерекшелігіне немесе оның теориялық моделіне тоқталайық:
- Кітап – информация туындысы. Адам мен адамды, ел мен елді байланыстыратын құрал.
- Кітап - әлеуметтік құбылыс. Шығарманың дара санадан әлеуметтік, қоғамдық санаға айналған түрі.
- Кітап – идеология, саясат, мәдениет құралы, ғылыми – техникалық білімдер ұйытқысы.
- Кітап дегеніміз кітап ісіндегі кітап.
- Кітап – мәңгілік мектеп, адамның ой-парасатын өрістетуші университет./ Ш. Елеукенов. Кітаптану негідері. Алматы:Санат, 1997/
- Кітап – әлеуметтік коммуникацияның ежелден келе жатқан басты әдісі. Нақты мағынасында автордың дарыны мен еңбегінің, жіберген уақытының қорытындысы болып саналады.
1. Н. Ә. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында
Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері.–Алматы:Санат,1997
2.Елеукенов Ш.Р., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы.-Алматы:Санат,1999
3. Елеукенов Ш.Р. Сұлулыққа іңкәрлік. – Алматы: Білім,1999
4.Мамажанов М. Асыл мұра.-Алматы:Қазақстан,1993
5.Асылбекова Б. Книгоиздательство Суверенного Казахстана-Алматы:Агроуниверситет,2004
6. Коротовский М.П.,Калиев Ж.К. Книгоиздательское дело Казахстана-Алма-ата:Казахстан,1992
7. “Атамұра” каталогы 2001.-Алматы:Атамұра,2001
8. Комаров Е.И. Маковеев Н.П. Эффективное издательство-Москва:Логос,2000.
9. Котлер Ф. Маркетинг негіздері-Алматы:Жазушы,2000.
10.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.Алматы:Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы,2 том,1999
11.Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы-Алматы:Қазақ университеті,1999

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
Кітап шығару (баспа
процесі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Сату
процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13

Кіріспе
Баспа процесі көптеген шығармашылық және техникалық кезеңдерден
тұрады. Бізге керегі оның шығармашылық процесі. Әрбір баспа редакцияға
қолжазба келіп түскен сайын жаңа, әрі күрделі жұмысты бастап, оның жарыққа
шыққанға дейінгі және одан кейінгі тағдырын жасайды. Баспа – мәдени
ағартушылық, ғылыми танымдық және саяси идеологиялық сияқты басты
функцияларды атқаратын мемлекеттік немесе жеке меншік иесіндегі өндірістік
– шаруашылық мекеме. Кітап баспаларының құрылымы баспа ісі процестерінің
сапалы түрде жүзеге асуына сәйкестендіріледі. Яғни кітаптың аз ғана мерзім
ішінде жарық көруі мен өнімнің өзіндік құнын төмендету шараларын жүзеге
асыруға мүмкіндік туғызуға міндетті.
Қазіргі баспа саласындағы басты процесс белгілі бір шығарманы өндіріске
дайындаудан бастап баспаханадан басып шығарғанға дейінгі бір-бірімен тығыз
байланысты өзіндік заңдылығы бар кезеңді жұмыстардың кешенді және жүйелі
арнасы. Баспа ісіндегі басты өндіріс кітап болып есептелгендіктен алдымен
соның ерекшелігіне немесе оның теориялық моделіне тоқталайық:
- Кітап – информация туындысы. Адам мен адамды, ел мен елді байланыстыратын
құрал.
- Кітап - әлеуметтік құбылыс. Шығарманың дара санадан әлеуметтік, қоғамдық
санаға айналған түрі.
- Кітап – идеология, саясат, мәдениет құралы, ғылыми – техникалық білімдер
ұйытқысы.
- Кітап дегеніміз кітап ісіндегі кітап.
- Кітап – мәңгілік мектеп, адамның ой-парасатын өрістетуші университет. Ш.
Елеукенов. Кітаптану негідері. Алматы:Санат, 1997
- Кітап – әлеуметтік коммуникацияның ежелден келе жатқан басты әдісі. Нақты
мағынасында автордың дарыны мен еңбегінің, жіберген уақытының қорытындысы
болып саналады.
Кітап шығару (баспа процесі)
Кітап үсті-үстіне шығарылып жатыр. Күн сайын әр баспадан бір кітап жарыққа
шығады десек артық айтқандық болмас. Бірақ оның сапалысы да, сапасызы да
болатыны жасырын емес. Әлемдегі полиграфиялық өндірістің кемелденген
шағында сапасыз кітаптың дүниеге келуі мүмкін емес нәрсе. Алайда бұл
кітаптың техникалық жағына ғана қатысты. Мазмұны, безендірілуі нашар
кітаптар қазір кітап нарығында толып жатыр. Оның себебін қайтадан сол
мемлекет көрсетіп отырған немқұрайлық пен баспа жұмысының жүйесіздігінен
іздеуге болады.
- Кітап басу ісі дұрыс ұйымдастырылғанда ғана табысты нәтиже
беретіні анық. Кітап шығару барысы асқан жауапкершілікті талап ететін
жеке – жеке бөліктерді құрайды. Мәселен безендіру жұмысы кітап
мазмұнымен қатар кітаптың табыстылығына тікелей әсер етеді. Шынында да
мазмұны керемет болып тұрып, кітаптың мұқабасы оқырманды тартпаса,
кітабыңыз қойма түбінде сол жатқан күйі қала береді. Оған мынадай
дәлел келтіре аламыз. Детективті кітаптардан сатылымы жағынан үнемі
басым түсіп отыратын ресейлік баспаларды айрықша атауға болады.
“Инфра-М” баспасы шығарып отырған Сидни Шелдонның қатты мұқабалы
кітаптары 2001-02 жж. басқа баспа жұмсақ мұқабамен шығарды. Нәтижесі
белгілі. Оқырмандар, тіпті кітап таратушы “ дилерлер” бұл кітапты
алудан бас тартты. Оларға мазмұны нашар болса да, мұқабасы жарқыраған,
арнайы орамаларға оралған кітаптарды алған тиімді еді. Сол сияқты
қазір әлем бойынша кең көлемде жарнамаланып жатқан Джоан Роулингтің “
Гарри Поттеріне” аналог ретінде Ресейде “Таня Гроттер” деген сериямен
кітап шығарылып жатыр. Безендірілуі де “Гарри Поттерға” ұқсас, бірақ
алдыңғысына қарағанда мұқабадағы оқырманды тартатын әсіре бояулар жоқ.
Оның көпшілікке танымал болмай, дүкен сөрелерінде жатып қалуы да
сондықтан болса керек. Егер кітапты тауар ретінде санап және оған
оқырман қарым-қатынасының психологиялық қырын ескеретін болсақ
мыналарды есте сақтау керек: кітап мазмұны тек қана қызықты болып
қоймай, оның бірден көзге түсетін әдемілігін де назарға алған жөн.
“Қандай кітап болмасын, ол алдымен сыртқы көркімен көз тартады. Әсем
безендірілген кітап мен мұндалап, оқырманын шақырып тұрса, талғамсыз
көркемделген басылым бір көргенде-ақ көңілге олқы соғып, оқырманды
өзінен безіндіреді. Бірақ айшықты сәннің де өз шегін, мағыналық
сапасын ескермесе болмайды.”Әбдиева Р.Баспа ісі: тарихы мен
бүгіні.Саясат-POLICY №12,2004.61-б. Сондықтан кітаптың көркемделуі
кітап идеясымен қатар жасалуы көркемдеуші редактордың міндеті.
Безендіруде кітаптың тақырыбын, мұқабасын және аннотациясын айшықтау
жарнама кампаниясының алғышарты болып есептелінеді. Ал балаларға
арналған кітаптарда кітаптың ішкі блогының да безендірілуі үлкен
маңызға ие.
Кітаптың көркемдік безендірілуі болашақ кітап қолжазбасын біртұтас
композициямен көркемдеу және полиграфиялық құралдармен кітап мазмұнын қайта
жасап шығару. Бұл қолжазбаның түпнұсқаға айналып, кітап болып шыққанға
дейінгі аралықты қамтитын процесс. Ол осы ерешеліктерімен идеялық-
тақырыптық негізде автор ойының аясынан шықпай, өзіне тән техникалық
сипатта жасалып, оқырман ортасына жол тартып, үлкен әсерлі құбылыс туғыза
алады. Кітаптың ішкі мазмұны ғана емес, сыртқы безендірілуі сол кітаптың
мән-мағынасын оқырманға жеткізе алатындай үйлесімді сипатта болуы керек. Ол
үшін алдыға мынадай талаптар қойылады:
- көркем және полиграфиялық құралдар арқылы кітаптың мазмұнын, табиғатын
жан-жақты ашып, оқырманның түсінуіне барынша кеңірек жол ашу;
- кітапты оқып, пайдалануға қолайлы ету, оқуға жағдай туғызу;
- мұқабасын қатты, жоғары сапалы ету;
- көркемдік деңгейін, әдемілігін арттыру;
Кітап шығару үрдісінде және шыққаннан кейін де біз тоқталып өткен безендіру
процесі маңызды рөл атқарады. Кітаптың саудада табыстылығының да негізі
болып саналады. Сондықтан кітапты шығармас бұрын, тақырыптық жоспарды
түзгенде безендірілудің барлық қырлары жан-жақты сарапталынып алынуы қажет.
Кітап нарығы қателік жіберуді қаламайтынын әр баспагер біледі.

Сату процессі
Кітап нарығындағы сатудың әдістері мен тәсілдері басқа бизнес
саласынан өзгеше немесе алшақ емес. Бұл нарықта да сол сату, сатып алу.
Мақсат пайда табу. “Кітап саудасы – кітап, кітапша, плакат, октрытка, нота
сияқты баспа өнімдерін таратумен шұғылданатын сауда саласы. Халық арасында
әдеби, ғылыми басылымдардың небір түрлерін тартып жеткізу арқылы үлкен
қоғамдық – саяси, һәм идеологиялық қызмет атқарады. Кітап саудасы кітап
таратудың түрлі формалары – қоғамның, халықтың, ұлттың мәдени, рухани даму
дәрежесін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.” Ш. Елеукенов. Қазақ
кітапбының тарихы. Алматы: Санат, 1999. 175-бет
Кітап нарығында үш кейіпкер ғана болатынын білеміз. Олар: баспагер,
“дилер”, оқырман. Соңғы екеуі сатып алушы есебінде. Баспагердің міндеті
нарыққа, бәсекеге лайықты тауар шығару. Мұндай үштік ұғым біздің
қазақстандық нарықта да қалыптасқан. Мысалы, “Қазығұрт” баспасы осындай
дилерлермен жұмыс істеу арқылы кітаптың оқырман қолына тез жетуін
жеңілдетіп отыр. Бірақ бұл жерде де проблемалардан айналып өту мүмкін емес.
“Баспадан Алматыдағы кітап дүкендері “кітап толығымен сатылғаннан кейін
ақшасын төлейміз” деп алады. Оның үстіне баспа көрсетіп берген бағаның
үстіне міндетті түрде пайызын қосады. Мәселен баспа бір комплектті 7000
теңге деп берсе, дүкен оны 10 000 сатады немесе жасырып қалады. Яғни, кітап
өтіп кетсе де өтпейді деп болмаса өзге бөлімшелерге беріп жібердік дегенді
алға тартып отырады”, - дейді баспаның бас редакторы Ұлан Оспанбай. Жалпы
баспада кітап тарату, баспа профилін ескергенде көбіне өкілдіктер арқылы
жүзеге асады. Олардың өздері де ондай кітапты тек қана мектептерге ұсынады.
Ал, Қазақстанда қазір небары есептегенде 8600 мектеп бар. Барлығы бірдей
комплектілеп сатылатын көптомдық кітаптарды алуға шамасы жетпейді.
Сондықтан бұл мәселе де кітаптың таралымына тікелей әсер ететіні анық.
Нарықтағы кітап саудасы қызметінің мәні:
- көзделген табысқа жетуді, кітапты өткізу;
- бәсекеде жеңіске жету мүмкіндігін көбейтеді;
- кітапты дер кезінде ұтымды өткізу арқасында баспаға табыс әкелу;
- өткізу кезінде оқырманны талғамы мен қалауы анықталады, сол арқылы баспа
болашағына қатысты тиімді мәліметтер жинап алуға болады;
Баспаның кітапты сатар алдындағы қызметі:
1. Тапсырысты қабылдау. 2. Жарнамалау. 3 Витриналарға кітапты
орналастыру. 4. Өткен тоқсандағы көп тұрып, сатылмай қалған
кітаптарды баспаға қайтарып беру. Кітап саудасы бөлшек және көтерме
сауда арқылы жүзеге асады. Бөлшек сауда – тікелей оқырманның
пайдалануына бағыттап сату әрекеттері. Атқаратын қызметтері мынадай:
кітаптарды сала-салаға бөлу үрдісіне қатысады, жарнама, жайма сөрелер
мен сатушылар арқылы оқырманға ақпарат беру, баға белгілеуді
қамтамасыз етеді, сауда шартының соныіа дейін орындалуына жауап
береді. Бөлшек сауданы екі топқа бөліп қарастыруға болады, дүкен және
еркін , дүкенсіз жүргізілетін жайма сауда. Алматы қаласы кітап
дүкендерінің барынша көп шоғырланған орын болып саналады. Бір
байқағанымыз дүкендердің көпшілігінде фирмалық дүкендерге қарағанда
кітаптар арзанырақ. Бірақ, мұндай дүкендер баспадан 10-15 данадан
артық кітап алмайтыны анық. Себебі түсінікті, қазақ тілінде шығып
жатқан кітаптардың көбісі таралымның аздығынан бағасы жоғары болады.
Қымбат кітаптарды халықтың сатып алуына қаржысы жоқ. Сондықтан көп
дүкендер қазақ тіліндегі кітаптарға тапсырыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Германияның баспа саласы
Активтер аудиті
Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жағдайы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы
Басу формасын дайындау
Алынған есептерді талдау
Бухгалтерлік есеп туралы ақпарат
ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі
Пәндер