Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Сақтандыру ұйымдарының қағидалары
2.2 Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру кезінде бөлінетін субсидиялар
2.3 Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық сақтандыру нарығы мүлдем дамымаған. Кеңес одағы кезінде ауыл шаруашылық мәдениетін сақтандыру бұйрық түрінде жүзеге асырылды. Бұл колхоздар мен совхоздарға күнделікті жұмысына көмек болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 10 наурыз 2004 жылғы «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру, ауыл шаруашылық мәдениетті міндетті сақтандырудың ережелері мен тәртібін анықтау» туралы Заңы жүзеге асырылады. Бұл мәселені шешудің бір амалы бар, бірақ өкінішке орай ауыл шаруашылық кәсіпорындар сақтандырудың бұл түрін қолданбайды. Бұл немен байланысты? Тәуекел өте жоғары, сол себепті бұл жұмысқа зейін қойып қарау керек. Шыны керек, сақтандыру компаниялары бұл қайырымдылық ұйымы емес, ол коммерциялық ұйым болып табылады. Оның мақсаты – табыс алу. Әрине, кез келген сақтандырушы сақтандыру оқиғасын болжайды. Компания барлық тәуекелге бара бермейді. Олардың ішінде бұл салада барлығы бірдей өз алдына жұмыс істеуге ұмтылмайды. Сол себепті, Шетел және Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниялары бұл жағдайда қайта сақтандыруға үлкен роль қояды.
Апат және дулей апаттар кезінде, берілген жерге ерекше метереологиялық және басқа да табиғи құбылыстар, өрт, сонымен қатар аурулардан және зиянды өсімдіктерден кез келген ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыруға жатады (тек ауылшаруашылық тауарөндірушілердің 3-5 жыл аралығында өнім егіп, бірақ ешбір жыл жемісін алмаса).
Ауылшаруашылық өндірісіндегі дақылдарды сақтандыру шарт негізінде, яғни ауылшаруашылық тауарөндірушілер сақтандыру ұйымдарымен немесе нақты шаруашылық топтарымен жасалады. «Ауылшаруашылық тауарөндірушілерге жататын көп жылдық екпелер мен ауылшаруашылық мәдениетін ерікті сақтандыру ережелерінде» бекітілген сақтандыру шарттары бланктерде қорытындыланады.
1. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы.
2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 25 сәуірдегі 2003 жылғы ҚР Заңы (2006.11.12 берілген өзгертулер мен толықтырулар)
3. «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» ҚР-ның заңы 2004жыл 10 наурыз.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім), ЮРИСТ.2007 ж
5. Жолдасбаев С., «Міндетті әлеуметтік сақтандыру-халықтарды әлеуметтік қорғау». Заң газеті. 2005ж

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Сақтандыру ұйымдарының қағидалары
2. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру кезінде бөлінетін субсидиялар
3. Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

К і р і с п е

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық сақтандыру нарығы мүлдем
дамымаған. Кеңес одағы кезінде ауыл шаруашылық мәдениетін сақтандыру бұйрық
түрінде жүзеге асырылды. Бұл колхоздар мен совхоздарға күнделікті жұмысына
көмек болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 10 наурыз 2004 жылғы
Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру, ауыл шаруашылық мәдениетті
міндетті сақтандырудың ережелері мен тәртібін анықтау туралы Заңы жүзеге
асырылады. Бұл мәселені шешудің бір амалы бар, бірақ өкінішке орай ауыл
шаруашылық кәсіпорындар сақтандырудың бұл түрін қолданбайды. Бұл немен
байланысты? Тәуекел өте жоғары, сол себепті бұл жұмысқа зейін қойып қарау
керек. Шыны керек, сақтандыру компаниялары бұл қайырымдылық ұйымы емес, ол
коммерциялық ұйым болып табылады. Оның мақсаты – табыс алу. Әрине, кез
келген сақтандырушы сақтандыру оқиғасын болжайды. Компания барлық тәуекелге
бара бермейді. Олардың ішінде бұл салада барлығы бірдей өз алдына жұмыс
істеуге ұмтылмайды. Сол себепті, Шетел және Қазақстан Республикасының
сақтандыру компаниялары бұл жағдайда қайта сақтандыруға үлкен роль қояды.
Апат және дулей апаттар кезінде, берілген жерге ерекше метереологиялық
және басқа да табиғи құбылыстар, өрт, сонымен қатар аурулардан және зиянды
өсімдіктерден кез келген ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыруға жатады (тек
ауылшаруашылық тауарөндірушілердің 3-5 жыл аралығында өнім егіп, бірақ
ешбір жыл жемісін алмаса).
Ауылшаруашылық өндірісіндегі дақылдарды сақтандыру шарт негізінде, яғни
ауылшаруашылық тауарөндірушілер сақтандыру ұйымдарымен немесе нақты
шаруашылық топтарымен жасалады. Ауылшаруашылық тауарөндірушілерге жататын
көп жылдық екпелер мен ауылшаруашылық мәдениетін ерікті сақтандыру
ережелерінде бекітілген сақтандыру шарттары бланктерде қорытындыланады.
Ауылшаруашылық өндірісіндегі дақылдарды сақтандыру бойынша сақтандыру
төлемдері шарт жасалғаннан кейін шығарылады және тауарөндірушілер өзінің
жеке қаражатынан сақтандыру ұйымдарына төлейді.
Сақтандыру зардап шегушілілерге кездейсоқ қиратылған, жағымсыз,епсіз
жағдайлар шығынының орнын толтыруға және сақтандыру мен қамсыздандыруға
мүмкіндік береді.

Н е г і з г і б ө л і м
Сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі
бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты.
Ортақ сақтандыру – бірнеше сақтандыру ұйымдарымен бір мезгілде
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың
жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына
сәйкес бөлуге байланысты қызмет және соған байланысты қатынастар.
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті
лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасынның өзара сақтандыру туралы
заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес бір немесе бірнеше
сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен шарттарын жасасу жөніндегі
делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Ауыл
шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға
және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған
сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу
және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу
арқылы жүзеге асырылады.

Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi:
1. мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру
төлемiн алуға;
2. сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру
талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
3. шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
4. сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе
оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында
және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;
5. қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау
кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге құқылы.

Қазіргі кездегі барлық сақтандыру түрлерінің шарттары шет
мемлекеттердің тәжірибесі негізінде көп жылдық практика арқылы өңделді.
Олар сақтандырушы мүддесін қанағаттандыру мақсатында үнемі дамып отырды.
Сақтандыру рыногының дамуы және сақтандырушылардың арысындағы
бәсекелестік сақтандыру шартының ары қарай дамуына негіз болады.
Сақтандыру принципіне сәйкес, сақтанушы өмірін, денсаулығын, еңбекке
қабілеттілігін, өзінің материалдық мүмкіндіктерін сақтау немесе басқа
тұлғаларға келтірілген зиянға материалдық немесе өзге де жауапкершіліктен
босатуды қамтамасыз ететін, сақтануға жататын нақты объектіге мүліктік
мүддесі болуы керек.
Ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың негізгі қағидаларына
мыналар жатады:
• Залалдың орнын толтыру кепілі. Өнім ауыл шаруашылық ұйымдарының
банктен алатын несиелері үшін мүліктік кепіл болып табыалыды.
Кепіл туралы заңға сәйкес несие алуға қойылатын мүлік міндетті
түрде сақтандырылуы керек, себебі бұл несие алудың бір шарты болып
табылады. Ауыл шаруашылық мәдениетін сақтандыру ауыл шаруашылық
қызметінің жаңа бағыты болып табылады.
• Міндетті сақтандыру заңмен реттеледі, соған сәйкес сақтандырушы
тиісті объектілерді сақтандыруға, ал сақтанушы тиісті сақтандыру
төлемдерін төлеуге міндетті.
• Міндетті сақтандырудың мерзімсіздігі. Ол сақтанушы сақтандырылған
мүлікті пайдаланудың барлық уақыт аралығында әрекет етеді.
Мүліктің басқа сақтанушыға ауысқанда сақтандыру тоқтатылмайды. Ол
тек сақтандырылған мүлік жойылған кезде ғана күшін жояды.
• Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыруды қамтамасыз етуді
нормалау. Сақтандыру бағасын және сақтандыру өтем ақысын төлеуді
оңайлату мақсатымен сақтандыруды қамтамыз ету нормалары бір
объектіге сақтандыру бағасының процентімен құрылады.
• Заңда көзделген оъектілерді міндетті сақтандырудың тез таралуы.
Сақтанушы сақтандырушы органға шаруашылықта сақтандыруға жататын
объектінің пайда болғандығын хабарлауға міндетті емес. Аталған
мүлік автоматты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылым
Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Пәндер