Тәрбие әдістерінің классификацисы



Кіріспе

І. Негізгі бөлім.

1.1. Тәрбиенің әдіс.тәсілдері және құралдары туралы түсінік

1.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

1.3. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптасқан. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдіістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.
А.С. Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А. Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.
Т.А.Ильинаның»Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында әлеуметтік көзқарасты және мінез-құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал, Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды. Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда:
- жеке басқа ықпал ету құралы;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
1. С.Әбенбаев Тәрбие теолриясы мен әдістемесі. Алматы, 2004
2. Абай атын. ҰПУ Педагогика . Алматы,2003
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998.
4. Педагогика және психологиядан терминологиялық сөздік. Алматы, 2002.
5. К.Д. Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1991.
6. Р.М.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. Алматы,м 1991.
7. Я.А. Коменский. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1992.
9. А.Ж.Асанов. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі. Қызылорда, 1993
10. А.В.Петроыский. Педагогикалық және жас ерекшелік Алматы, 1987. психологиясы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИСЫ

ОРЫНДАҒАН:
Ермагамбетова М.
204 топ биология
ТЕКСЕРГЕН: Тажибаева
С.Г.

Алматы,2007

Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім.

1. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері және құралдары туралы түсінік

2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

3. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас
бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек
әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін
мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде
олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Бүгінде педагогика ғылымы теориясында
тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптасқан. Оған дәлел
педагогикалық еңбектерде тәрбие әдіістеріне берілген әртүрлі сипаттағы,
мазмұндағы түсініктемелер.
А.С. Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың
жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А.
Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп
сипаттайды.
Т.А.ИльинаныңПедагогика атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама
тәрбиешінің оқушылардың бойында әлеуметтік көзқарасты және мінез-құлық
әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік
күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал, Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл
педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету
деп қорытындылайды. Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әртүрлі
анықтамаларға талдау жасасақ, онда:
- жеке басқа ықпал ету құралы;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс
тәсілдері;
- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал
ету тәсілдерінің жиынтығы; тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде
қарастырылғанын байқаймыз .
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат-
міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды
мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал-
тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Тәрбие тәсілі тәрбие әдістеріне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін,
тәрбиелік мәнін анықтайды.
Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай
білуге де байланысты. Тәрбие әдістерінің құралдарына көрнекі және
техникалық құралдары, бейне суреттер, таспа табақтары, сызба
жұмыстары, әдебиеттерді жатқызуға болады.

1. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері және құралдары туралы түсінік

Қазіргі педагогикалық теорияда Тәрбие әдісі ұғымы әлі де жете
зертттелмеген мәселердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың
бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген
анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады.
Тәрбие әдісі ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы
анықтамаларға қарағанда, шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды
өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ
біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек бұл
сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің
тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен әртүрлі авторлардың анықтамалрына сүйеніп, мынадай қорытынды
жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық
педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен
балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді,
табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және
мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік
дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмыстарының мақсаттары және
мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-
құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және
олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы
қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал
жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы,
үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру,
тапсырма т.б.
Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуымен қамтамасыз ету-тәрбиенің
негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз
тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар
емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен.
Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет
барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы
қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып
табылады.

2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданыоып жүрген тәрбие әдістерінің
бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістердің алуан түрлілігі, оларды тиімді
пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету
мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән
ерекшелікетері, белгілері міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды,
жіктеуді қажет етеді.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін
жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе
бойынша әдістерді негізіенен 3 топқа жіктейміз.
Г.И. Щукинаның Педагогика оқулығындағы тәрбие әдістерін:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру;
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин
бойынша оған қосымаша:
4. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды
ұйымдастыру және өзін-өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев, Н.Г.Гончарев, Ф.Ф.Королев еңбектерінде
тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсы бірін алсақ
та, оның мәні мен іс-әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты
дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу
тәрбиенің мақсат пен міндеттері және мазмұнына байланысты анықталады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі
Тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы санасына ықпал ете отыра,
оның өмірлік ұстанымын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін
жасөспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп,
адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың жан-жақты
әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Себебі тұлғаны қалыптастыруда ең алдыменоның
ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие
әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас, өнеге жатады.
Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық
тақырыптардықамтиды. Солардың ішінде ең көп қолданылатыны – этикалық
әңгімелер. Бұның негізі – қоғамдық мораль мәселелері бойынша жүргізіледі.
Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан
оқиғаларға, түрлі іс-әрекеттерге, жағдайларға баға беруге, соның негізінде
өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын
қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, саяси және адамгершілік міндеттерге
жауапкершілігін арттыру.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы
фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапйым
тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет. Әдістің бұл түрі
көбінесе бастауыш сынып оқушылары және жеткіншек жастағы балалармен
жүргізіледі.
Әңгімелесу сынып ұжымынның өмірі меноқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды
талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап,
нақтылы қорытындылар жасау қажеттігінен туындайды. Сондықтан да бұл әдіс
жалпы орта білім беру жүйесінің негізгі сатысында, яғни 5-9 сынып
оқушыларымен жүргізіледі.
Әңгімелесуді қолдану барысында тәрбиешілер тарапынан көңіл бөлетін
жағдай мыналар:
- әңгіме тақырыбы қызықты, әрі проблемалық сипатта болуы;
- оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене араласуы;
- оған сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасауы;
- оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу;
- өзара түсінушіліктің болуы;
- олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру;
- белсенді оқушыларды және олардың дұрыс жауаптарын көтермелеп,
қолдап отыру;
- кемшіліктері болса әдеппен түзету. т.б.
Тәрбие әдістерінің бұл түрлерін қолдануға тәрбиешілерге аса
мұқияттылықпен, зор жауапкершілікпен дайындалуын қажет етеді.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда
лекция тәсілі де қолданылады. Бұны ұйымдастыру негізінен мұғалімдер мен ата-
аналарға, Білім қоғамы лекторларына , кейбір жағдайда оқушылардың
өздеріне де жүктеледі. Сол себептен, бұл әдіс жоғары сынып оқушыларымен
жүргізіледі. Лекция тақырыбы өмірдің, қоғамның , тіпті мектеп немесе
оқушылар өміріне қатысты көлемі кең тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне
қатысты кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады. Тақырыптың мазмұны
оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы қажет. Тәрбие әдістерінің келесі бір
түріне пікірталас тәсілін жатқызамыз. Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымы
жағынан өте күрделі болып келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен мұның
ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып
отырғанмәселег олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым
болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.
Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей
білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбне қарай білуге үйретеді.
Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп,
сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
Ереже ұсынғанша өнеге ұсын - демекші сендіру әдістерін қолданғанда
балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез-
құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнегенің
жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы зор. Бұлар өзін қоршаған
ортадағы үлкендерге, жолдастарына, ұлы адамдарға, батырларға, өнер-мәдениет
адамдарына ұқсауға еліктейді.
Сендірру тәсілі ретінде үлгінің тәрбиелік мәні балалардың мінез-
құлқындағы жақсылыққа еліктеушілік, бейімділік қасиеттерін дұрыс баулу,
үлгі бола алатын адамдармен олардың қарым-қатынасын көбірек орнату.
Тәрбие әдістерінің бұл түрлері кейбір жағдайда тәрбие жұмысын
ұйымдастыру формалары ретінде де қарастырылады. Біз бұдан олардың
арасындағы кейбір алшақтықтар туралы пікірдің жоқтығын байқаймыз. Әдістер –
белгілі бір тәрбие міндеттерін әдістемелік тұрғыдан шешуші көздесе, тәрбие
формаларын қолдану – оқушылардың ұжымдық немесе жеке – дара әрекеттерін
ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мысалы, сынып сағаты, сынып жиналысы, саяхат,
оқырмандар конференциясы, саяси хабарлама, дөңгелек стол, көңілділер мен
тапқырлар клубының отырысы, кештер т.б.
Қорыта айтқанда, тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы
мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие процесініңаса
маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификацисы
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау туралы ақпарат
Материалдарды колорирлеу
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау жайлы
Жалпы ашытқы ұғымына анықтама
Мультиспектралды бейнелерді өңдеуде кластеризация алгоритмін зерттеу және өңдеу, параллелизация технологиясын қолдану арқылы бағдарламаның тиімділігін арттыру
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Экстрагенттердің классификация
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Пәндер