Тінту жүргізу



КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1. Тінтудің маңызы
1.2. Тінтудің процессуалдық жағдайы
1.3. Тінтудің психологиялық жағдайы
1.4 ТІНТУДІҢ ТҮРЛЕРІ.
2.ТАРАУ. ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Тінту жүргізудің кезеңдері
2.2. Тінтудің тактикалық тәсілдері
2.3. Панажайларда тінту жүргізу тактикасының ерекшеліктері
3 ТАРАУ. ТІНТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
3.1. Бағдарлама сипатындағы мәлімет жинау
3.2. Жедел іздестіру тобының құрамын таңдау.
3.3. Тінтуді техникалық құрал.жабдықтармен қамтамасыз ету.
3.4. Топтық тінтуге дайындық.
3.5. Тергеуші мен жедел іздестіру қызметкерлерінің байланысының маңызы.
3.6. Тінту үшін уақыт таңдау
4 ТАРАУ. ТІНТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан елінің ілгері дамуы заңдылықтың түбегейлі бекітілуімен, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық деңгейде қамтамасыз етілуімен құқық қорғау органдарының тиімді қызмет етуін және соттың демократияға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыруымен тығыз байланысты болып келеді.
Оған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциясы" және сот прокуратура алдын ала тергеу, анықтама органдарының әділдігін реттейтін заң актілері мысал бола алады.
Әр құқық саласының заңдары Конституцияға сәйкес келіп және біріншіден адам және азамат құқықтарын бұзбайтын негізде қүрылуға тиісті.
Бұл қағиданы криминалистика құқық саласы да сақтауда. Әр тергеу әрекетін, жүргізбес бұрын тергеуші өзінің жасайтын ісінің заңға және Конституциясымен көзделген жоғарыда айтылған қағидаға сәйкес келетіндігіне көз жеткізуі ретті. Бұл тергеу әрекеттерінің ішінде, тінту де маңызды орын алады. Кейбір қылмыстық істер категориялары, нағыз осы тергеу әрекетін қажет етіп ашылуы жасалған тінтудің нәтижесіне байланысты болуы мәлім.
Тінту Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 230-234 баптарында көзделген жөне тергеушінің жүргізетін бірінші тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады. Мақсаты болып қылмысқа маңызы бар дәлелдемелерді, ұрланған қүнды заттарды, құжаттарды, бұрын іздеуде жүрген қылмыскерлерді және мәйітті табу болып табылады.
Нормативтік-құқықтык актілер:
1. ҚР-ның Конституциясы, 1995 ж.
2. Адам құқықтарының жалпы Декларациясы, 10.12.1948 ж.
3. ҚР-ның ҚіЖК-сі, 1997 ж.
Әдебиеттер:
1. Белкин А.Р., Гинзбург А.Я. Криминалистік тактика, А., 1998
2. Белкин Р.С. Криминалистика, М., 1999
3. Васильев А.Н. Следственная тактика, М., 1973
4. Герасимов И.Ф., Драпкин Л.Я. Криминалистика, М., 2000
5. Гусаков А.И., Филющенко А.А. Следственная тактика (в вопросах и ответах), Свердловск, 1991
6. Джакишев Е.Ғ. Криминалистік тактика, 1997
7. Дулов А.В. Тактические операции при расследовании преступлений, Минск, 1979
8. Еникеев М.И. Юридическая психология, М., 1999
9. Ратинов А. Р. Некоторые вопросы производства обыска
10. Ратинов А.Р. Обыск и выемка, М., 1980
11. Криминалистік практикум М., 199512. Лившиц Е.Н., Белкин Р.С. Тактика следственных действий, М., 1997
13. Михайлов А.И. Тінту, М., 1971
14. Образцов В.А. Криминалистика, М., 1999
15. Процессуалдық қүжатардың үлгілері, А., 1998
16. Попов А. В. Тактические особенности следственных действий, А., 1977
17. Попов В.И. Обыск и выемка, А., 1948
18. Попов В.И. Обыск, А., 1959
19. Тактика производства следственных действий, Казань, 1997
20. Яблоков Н.П. Криминалистика, М., 2000

КІРІСПЕ

Қазақстан елінің ілгері дамуы заңдылықтың түбегейлі бекітілуімен, адам
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық деңгейде қамтамасыз
етілуімен құқық қорғау органдарының тиімді қызмет етуін және соттың
демократияға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыруымен тығыз байланысты
болып келеді.
Оған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
"Қазақстан Республикасының Конституциясы" және сот прокуратура алдын ала
тергеу, анықтама органдарының әділдігін реттейтін заң актілері мысал бола
алады.
Әр құқық саласының заңдары Конституцияға сәйкес келіп және біріншіден
адам және азамат құқықтарын бұзбайтын негізде қүрылуға тиісті.
Бұл қағиданы криминалистика құқық саласы да сақтауда. Әр тергеу
әрекетін, жүргізбес бұрын тергеуші өзінің жасайтын ісінің заңға және
Конституциясымен көзделген жоғарыда айтылған қағидаға сәйкес келетіндігіне
көз жеткізуі ретті. Бұл тергеу әрекеттерінің ішінде, тінту де маңызды орын
алады. Кейбір қылмыстық істер категориялары, нағыз осы тергеу әрекетін
қажет етіп ашылуы жасалған тінтудің нәтижесіне байланысты болуы мәлім.
Тінту Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 230-
234 баптарында көзделген жөне тергеушінің жүргізетін бірінші тергеу
әрекеттерінің бірі болып табылады. Мақсаты болып қылмысқа маңызы бар
дәлелдемелерді, ұрланған қүнды заттарды, құжаттарды, бұрын іздеуде жүрген
қылмыскерлерді және мәйітті табу болып табылады.

1 ТАРАУ. ТІНТУДің ТҮСінІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1.1. Тінтудің маңызы

Тінтудің мақсаты — қылмыстың іздері мен құралдарын табу, ұрланған және
қылмыстық жолмен алынған қүндылықтарды табу, сондай-ақ, тергеуден
жасырынған қылмыскерлерді табу болып табылады.
Қылмыстарды тергеу кезінде тінту жүргізу қажеттілігі жиі туындайды.
Қылмыстық істердің көптеген категориясы тінтусіз ашылмауы да мүмкін.
Тергеу кезінде тінтуді қажет ететін қылмыстық істердің категорияларын
нақты анықтауға болады. Оны әрбір жеке қылмыстық іс бойынша тергеушінің,
анықтаушының өзі шешуі тиіс.
Тінтуді жүргізу өте күрделі, әрі қиын болып табылатын тек ерекше
жағдайларда ғана тінтудің жағымды нәтижелеріне жету аса қиындықсыз болуы
мүмкін. Қылмыстық элементтердің қулығына жасырын заттай дәлелдемелерді
барлық жерден таба алатын тергеу қызметкерлерінің ептілігі қарсы қойылуы
тиіс. Сондықтан да, көптеген авторлардың тінту өнері жайлы айтып, оның
қиындықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетуі бекер емес.Тінтудің
нәтижелілігі тінту жүргізетін түлғаның криминалистиканы білуіне, оның
практикалық дайындығына, бүкіл операцияның жоспарлануына, тергеушінің жеке
қасиеттері мен ептілігіне байланысты болып келеді.
Тінту негізінде ізденетін объектілер жасырылуы мүмкін, учаскінің бәрін
толық қарап, ол объектілердің орналасқан жерін сипаттайтын барлық
белгілерге, соның ішінде, кіші-гірім ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн.
Тінту кезінде айыпталушының жеке өмірін немесе қызметін сипаттайтын
құжаттары мен іс қағаздарына көңіл аудару керек. Себебі, осы құжаттармен
айыпталушының мінез-қүлқын, әдістерін, оның жақындарының сипаттануын,
олармен қарым-қатынасын, және тағы басқа жағдайларды анықтауға болады.
Сонымен қатар, тінту кезінде осы қылмыстық іске қатысы жоқ, бірақ басқа
қылмыстарды сипаттайтын заттар мен іздерді анықтауға болады. Мысалға,
мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу жөніндегі қылмыстық іс бойынша
жүргізілген тінту кезінде айыпталушының үйінен есірткі заты табылады.
Тінтудің, сонымен қатар, қылмыскерлерді іздестіруде де маңызы өте зор.
Мысал ретінде, бір қылмыскер жасырынып жүр дейік. Тінту кезінде тек
қылмысты сипаттайтын заттардығана іздестірмей, қылмыскерді іздестіруге
көмегш тигізетш заттарды, құжаттарды, блокноттарды, күнделіктерді, тағы
басқаларды қарастыру керек, сонымен бірге, пәтерде ораласқан заттар арқылы
қылмыскердің өзімен бірге не алып кеткендігі туралы да ақпарат жинауға
болады мысалы: киім-кешек.
Нәтижелі жүргізілген тінту тергеудің ондағы жағдайына эсер етеді.
Көп жағдайда тінту кезінде табылған заттай дәлелдемелер қылмыскерді
толығымен әшкерелеуге көмектеседі. Кей жағдайда тінту қылмысты сипаттайтын
дәлелдемелерді жинауда жалғыз құралы болуы мүмкін.

Тінтудің түсінігі

Алдын ала тергеу және анықтама органдарының тәжірибесі көрсеткендей,
қылмыскерлер көп жағдайда, өздерінің қылмысқа қатыстылығын сипаттайтын
іздерді жойып, жалған алиби жасап тергеуді теріс жолға түсіруге тырысады.
Олар өз киімдерін қаннан жөне кірден тазартып, әшкерелейтін құжаттар мен
заттарды жасырады. Сонымен бірге, қылмыстың іздерін жоюда, оларға басқа
адамдар, тіптіқылмысқа қатысы жоқ достары мен жақын туыстары көмектесуі
мүмкін.
Қылмыскерлердің жасырынатын жері ретінде, сонымен қатар, әр түрлі
қүрылыстар, күдік тудырмайтын жерлер болып табылуы мүмкін. Жасырынып,
тергеуден қашып жүрген қылмыскер, әдетте, әр түрлі жасырын хат жазу арқылы
және басқа да жолдармен байланыс орнатуға тырысады.
Жасырынып жүрген қылмыскерлерді табу үшін, іске маңызы бар заттар мен
мәліметтерді алу үшін тергеу және анықтама органдары тінту және зат алу
тергеу эрекетіне жүгінеді.
Тінтудің мақсаты, қылмыстық құралдар мен іздерін алу, ұрланған және
заңсыз алынған қүндылықтарды анықтау, қылмыскердің түлғасын сипаттайтын
және оның орналасқан жерін анықтайтын құжаттық мәліметтерді алу болып
табылатын тергеу әрекеті.
Іс бойынша маңызды заттарды іздестіру мен алу мақсатында тергеуші және
анықтаушы тінтуді тергеудің барлық сатысында жүзеге асыруға құқылы.
Мысалга, "ыстық іздер" бойынша ашылған іс бойынша белгілі бір үйді немесе
қылмыскерді тінту қажеттілігі туындауы мүмкін. Кей жағдайда тінту жүргізу
қажеттілігі оқиға болған жерде қарау негізінде туындауы мүмкін. Сонымен
қатар, кейбір жағдайларда, оқиға болған жерді тексеру мен тінтудің
әдістерінің араласуы мүмкін. Мысалы, тергеуші оқиға болған жерді тексеру
кезінде қаралған аумақта, және содан жақын маңайда іске маңызы бар заттар
жасырылуы мүмкін деп тапса, ол тінту жүргізуі мүмкін.

1.2. Тінтудің процессуалдық жағдайы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 18 бабында жеке өмірге қол
сүқпаушылық қағидасы бекітілген.
Қылмыстық істер жүргізу туралы заңның талабына сәйкес, тінту тек оған
қажеттілік туындаған кезде ғана жүргізілуге тиіс. Тінту жөне жеке өмірге
қол сүғатын тергеу эрекеттерінің барлығы прокурордың санкциясымен ғана
жүргізілуі керек. Тек ерекше күттірмейтін жағдайда ғана тінту прокурордың
санкциясысыз жүргізілуі мүмкін, бірақ оның заңдылығын тексреудің арнайы
тәртібі орнатылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 230 бабына
сәйкес, тергеуші тінтуді "заттар немесе құжаттар белгілі бір түлғада,
немесе бөлмеде болуы
мүмкін" деп тапқаннан кейін жүзеге асыруы тиіс.
Бір жағдайда, тінтудің негізі ретінде тергеуге маңызы бар деп танылған
белгілі бір түлғаларда деп көрсеткен куәнің жауабы және үйымдар мен
мекемелердің хабарлауы болса, басқа жағдайларда тінту қажеттілігі іс
бойынша айқындалып, туындауы мүмкін.
Кей тәжірибе қызметкерлері тінту тек айыпталушыларға қарсы ғана жүзеге
асырылады деп қателесуі мүмкін. Заңда бүндай талап қойылмаған. Тергеуден,
іске маңызды заттарды тек айыпталушылар ғана жасыра алмайды, ол заттар,
сонымен қатар туыстарының, достары мен таныстарының қарамағында болуы
мүмкін.
Егер де осы түлғалар іске маңызы бар заттарды өз еркімен өткізбесе,
тергеу әрекеті осы заттарды алу үшін тергеуші тінту және зат алу тергеу
әрекетін жүргізуге құқылы.
Тінтуді тағайындау. Тінтудің фактілік негізі ретінде, осы тергеу
әрекетін жүргізу қажеттілігін анықтайтын іс бойынша дәлелдемелер немес
жедел іздестіру мәліметтері табылады.
Тергеуші егер белгілі бір бөлмеде немес түлғада іске маңызы бар заттар
немесе құжаттар бар деп таныса, сол заттар мен құжаттарды алу мақсатында
тінту тергеу әрекетін жүргізеді.
Тінту жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін тергеуші бұл шешімін
процессуалды түрде бекітуі тиіс. Бүндай процессуалдық құжат — тінту жүргізу
туралы қаулы болып табылады. Тінту тергеупіінің мотивтендірілген
қаулысымен1 жүргізілуі тиіс. Басқаша айтсақ, қаулыда тінту жүргізуге негіз
болып табылатын жағдайлар мен прокурордың санкциясы көрсетілуі тиіс.
Прокурордың санкциясысыз тінту, мотивтендірілген қаулы шығара отырып,
күттірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ тергеуші 24 сағаттың
ішінде прокурорға жүргізілген тінту туралы хабарлауы тиіс. Хабарлама
алғаннан кейін прокурор тінтудің жағдайларын тексеріп, оның заңдылығы
немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады. Егер тінту заңсыз деп танылса,
тінту кезінде алынған іс бойынша дәделдемелік маңызын жоғалтады.
Тінту жүргізу туралы қаулы 3 бөлімнен түрып, төмендегі мәліметтерді
көрсетуі тиіс:
Бірінші бөлім: 1 қаулы шығарылған жер: 2 қаулы шығару уақыты күні,
айы, жылы; 3 қаулы шығарған түлғаның аты-жөні мен лауазымы кластық
шені; 4 тінту жүргізуге негіз болып табылатын қылмыстық істің номері мен
аталуы.
Екінші бөлім: 5 тінтуге негіз болып табылатын істің мән-жағдайларының
қысқаша көрсетілуі; 2 тінтудің кімге қатысты жүргізілетіні.
Сүрақтардың осы тобы қаулының сипаттау жөне негіздеу бөлімін қүрайды.
Қаулының үшінші бөлімі резолюция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 232 бабына
сәйкес қаулы шығаратын түлға өзінің тінту жүргізуді тағайындау жайлы
шешімін осы үшінші бөлімде көрсетуі тиіс.
Тінту жүргізудің қылмысының үлгісі ретінде төмендегі құжатты мысалға
келтіруге болады.
Егер де тінтілуші тінту жүргізетін түлғаларды пәтеріне кіргізбесе
немесе басқа да жолдармен, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды жою
мақсатымен тінту жүргізу уақытын созса тергеуші тінтуді күш қолдану арқылы
жүзеге асыруы мүмкін.
Бірақ та, қылмыстық іс жүргізу заңы берген құқықтармен тергеуші "ақырын",
заңсыз келтірілген зал алы мен материалдық зардаптары үшін жауапкершілігін
ескере
ҚР ҚІЖК 233-бап, 1-тармағы.отырып қолдануы тиіс. Тінтушінің меншігіне
материалдық зардап аса қажеттіліксіз келтірілмеуі керек.
Тінту міндетті түрде куәгерлердің қатысыумен жүзеге асырылуы тиіс.
Куәгерлер ретінде айыпталушыға ешқандай қатысы жоқ, бөтен адамдар қатарынан
шақырылады. Куәгерлер тергеушінің әрекеттерінің өзіндік куәлары болып
табылады. Олар тінтудің жүргізілуіне қатысуы тиіс. Оларға тінту кезінде
табылған барлық заттар көрсетіледі және олар өздерінің қолдарымен тергеу
әрекетінің барысын куәландырады. Куәгелерді таңдау сақтықпен жүзеге
асырылған жөн. Куэгер табуды тінтілушіге немесе оның туыстарына тапсыруға
болмайды, себебі олар қылмыстың басқа қатысушыларын куәгер ретінде шақырып
немесе басқа да жолдармен заттай дәлелдемелерді жоюы мүмкін. Кәугерлерді
тінту жүргізілер алдында тапқан дүрыс.
Тінту кезінде куәгерлермен қатар тінтілетін түлға немесе оның өкілі
қатысуы міндетті. Оларға куәгерлер сияқты табылған заттардың барлығы
көрсетіледі және сол заттар бойынша түсініктеме алынады. Тінтілушінің өкілі
ретінде оның туысқандары болуы мүмкін. Егер де тінтілушінің туысқандары
болмаса, онда өкіл ретінде үй басқармасының қызметкерлері танылады.
Тінтілушінің өкіліне қажеттілік тінтілушінің жоқ болуына байланысты
пайда болады қамауда отырса, тергеуден жасырынып жүрсе, басқа жерде өмір
сүрсе. Бұл жөнінде тіпті хаттамада ерекше белгіленуі тиіс.
Содан кейін, қылмыстық іс жүргізу заңына сэйкес: "Тінту негізінде
тергеуші тінтілушінің іске қатысы жоқ жеке өмірінің мән-жағдайларын
жарияламауы тиіс".
Сонымен қатар, осы жерде тергеушіге қарсылық отвод жариялау туралы
айта кеткен жөн. Себебі бұның тәжірибелік жөне теориялық маңызы өте зор.
Тергеушіге қарсылық білдіру тергеудің барлық сатыларында жүзеге асырылуы
тиіс. Тінту тергеу шараларының қатарына жатқызылғандықтан тінту жүргізушіге
тінту басталардан бұрын немесе тінту кезінде қарсылық білдірілуі мүмкін.
Бұл қарсылық білдірудің тергеу әрекетін бүзуға бағытталғаны айқын. Бүнда не
істеу керек? Тінтуді тоқтату керек пе әлде тінтуді одан әрі жалғастыру
керек пе? Жауабы, қарсылық білдіру арызы тергеу әрекетін тоқтатпайды.
Тінтуді жалғастыра отырып, тергеуші 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауы
тиіс және тергеушіні айырбастау туралы шешім прокурорға байланысты болу
керек.
Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің жалпы мазмүнынан тәжірибеде
қабылданған тінту кезінде тергеушіге қойылатын тағы басқа талаптарды да
қарастырып өтейік. Жеке айтатын болсақ, тінту кезінде тергеушіні
тінтілушіге қатысты сыпайылығын көрсетуі тиіс, сонымен қатар, тергеушіні
тінтудің мақсатына жету үшін өзінің талабына қаталдығын танытуға тиіс.
Тінтілушінің ізделінетін заттарды өз еркімен беруі тергеушінің тінтуді
ары қарай жалғастыру құқығынан айырмайды. Себебі, көп жағдайда тінтілуші
ізделінетін заттарды өз еркімен беруі арқылы қылмыстың басқа іздерін
жасыруы мүмкін.

1.3. Тінтудің психологиялық жағдайы

Тінту — қылмысты тергеу үшін дәлелдемелік маңызы бар заттар мен
құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті. Қылмыстық
Іс Жүргізу Кодексіне сәйкес тінту алғашқы тергеу әрекетінің қатарына
жатқызылады.
Тінту кезінде тергеуші немесе басқа түлғалар үйлерді, қүрылыстарды,
белгілі бір аумақты, киім-кешекті қажет болса адамның денесін тексереді.
Тергеушінің тінту жүргізу туралы қаулысында тінтудің не себептен және
қай жерде болатындығы көрсетіледі, қандай заттар мен құжаттардың алынуы
тиіс екендігі көрсетілуі керек. Қаулыда тергеудің жүзеге асырылуына эсер
ететін деректер көрсетілуі тиіс.
Осы тергеу эрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелігі жасырын
объектілерді іздестіру және тінту. Тінтудің күштеу сипатында болып келуі
тінтуге қатысушылардың қиындықтарға тап болуына, осы тергеу әрекетінің
ерекше психологизациялануына байланысты.
Тінтілушінің психикалық қызметінде қорғанушылық механизмі іске қосыла
бастайды. Тінтілуші көп сөйлеуі немесе
керісінше сөйлемей қоюы мүмкін, агрессивтілік қасиеттерін көрсетуі
мүмкін.
Тінтудің негізгі 4 сатысы бар: дайындық, шолу, деталді түбегейлі
және қорытынды. Осыған байланысты көрсетілген сатылардағы кездесетін кейбір
психологиялық жағдайларға қысқаша тоқталып өтейін.
Тінтуге нәтижелі дайындалу, алдымен, толық ақпарат жинаумен
сипатталады. Ақпарат іздейтін объектілерге ғана емес, сонымен қатар,
тінтілушіге де қатысы болуы керек.
Тінту кезінде тергеуші тінтілушіге эсер ету арқылы тексеруді
тактикалық әдіспен жүзеге асыруы тиіс. Тінту кезінде тінтілушінің өз
еркімен заттарды беруі, тергеушінің өз еркімен заттарды беру талабынан
емес, көп жағдайда, тергеушінің іздеу әрекетін дүрыс жүргізуіне байланысты
болып табылады.
Көп жағдайда тінту жауап алудан кейін жүзеге асырылады. Тінту
әрекеттерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, тергеуші жауап берушінің
белгілі бір сүрақтарға жауап беруінен "осал" жерлерін табуға тырысады.
Белгілі бір жағдайларда жасыруға тырысатын түлға өзіндік "қорғау
зонасын" қүрып, оған келетін жолдарды бекітуге үмтылады. Бірақ бұл жағдай
керісінше әіпкерелеуіпі фактор болып табылады.
Міндетті түрде тінтілушінің жасы, жынысы және қылмыстық тәжірибесі
ескерілуі тиіс. Осылайша, ер кісілер әр түрлі заттарды жасыру үшін өзінің
мамандығының ерекшеліктерін пайдалануға тырсады. Әйелдер көп жағдайда
"психологиялық қулықтар" жасап, тінтуші түлғалардың субъективті жетпейтін
учаскелерде шашында, киімінде, сабында, ашылмаған кір жуғыш үнтағының
қорабында, балалар ойыншығында және т.б. жасыруы мүмкін. Рецидивистер,
әдетте, ізделінетін заттарды өз үйінде емес, керісінше, достарының,
туыстарының үйіне жасырады.
Тінтуге кірісе отырып, тергеуші ізделінетін объектіге қатысты мүмкін
жағдайларды, сол заттардың жасырылуы мүмкін жерлерін ескеруі тиіс.
Тінтілетін жерге келудің өзі психологиялық түрғыдан дүрыс жүргізілуі тиіс.
Мысалға, тінтудің болатындығын білдіріп қоймас үшін автокөлікті алысырақ
жерге апарып қойған жөн.
Тінтілетін жерге адамдардың жиналуы біртіндеп және тыныш жүзеге
асырылуы тиіс. Есіктегі қарайтын тесіктен тек бір ғана түлға көрінуі тиіс,
әдетте бұл түлға тінтілушіге таныс болғаны жөн. Терезелер мен қосымша
есіктерге бақылау орнатылуы тиіс.
Тінтуге кірісе отырып, тергеуші қатысушыларға тергеу әрекеті кезінде
жүріс-түрыстарын түсіндіруі тиіс.
Содан кейін тергеуші Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексіне сәйкес тінтілушіге
тінтудің мақсатын айтуы тиіс және оған ізделінетін объектілерді өзі беруін
үсынады. Тінтілуші түлғаға тергеушінің жабық бөлмелер мен қоймаларды ашуға
құқығын түсіндіру керек.
Әңгімелесу кезінде тергеушінің тінтілушіге белгілі бір деректер үсынуы
арқылы криминалистиканың техникалық жетістіктері туралы айту арқылы
"психологиялық барлау" жүзеге асыру болып табылады.
Шолу сатысында тергеуші қай бөлме мен қоймалардың тінтілушіге
жататынын, қайсысы оның от басы мүшелеріне немесе басқа түлғаларға
қарайтынын анықтап алуы тиіс. Содан кейін тінтілетін бөлмелер мен
қоймалардың барлығы қаралып шығады. Тергеуші тінту жүйесін, тінтудің
тактикалық әдісін, анықтайды.
Іздестіру жобаларын шығару үшін ізделінетін объектілердің жасырылуының
типтік жағдайлары ескеріледі. Іздестіру жобаларының қүрастырылуына
тергеушінің тінтілетін қүрылыс жайлы, оның интерьері жайлы, ондағы жөндеу
жүмыстары жайлы, жиһаздарының орналасқан жері жайлы ақпарат жинауына
байланысты болып келеді.
Тінтудің осы сатысында ізделінетін объектінің нақты жағдайда жасырылу
мүмкіндігі анықталады.
Түбегейлі тінту сатысында тергеуші түбегейлі іздестіру жүмыстарының
кезегін анықтайды. Тінту орындары шартты түрде бірнеше учаскелерге
бөлінеді, оларды тексерудің қатал кезегі анықталады.
Ізделінетін объектілердің жасырылған орнын сипаттайтын белгілерге
мынылар жатады: еден ағаштарының арасында шаң мен кірдің іздерінің болмауы;
тінтілуші түлғаның ең көп түратын жері керегенің сыртық немесе ішіне қарай
бүгілген белгілерінің болуы және т.б.
Ашық жердегі жасырын қойманың белгісі ретінде төмендегілер танылады:
шөп үстіндегі топырақ іздері, кейбір учаскелердегі жер қабаттарының
ерекшеліктері, сүйреудің іздері және т.б.
Алғашында объктілерді зерттеу оның сыртқы бейнесін бүзбау арқылы
үқсас объектімен салыстыру арқылы, салмағын салыстыру және өліпеу арқылы,
жарыққа тексеру арқылы және т.б. жүзеге асырылуы тиіс. Содан кейін, егер де
оған негіздер болмаса объектінің жеке бөліктерін бөлу арқылы тексерілуі
мүмкін обойларды шешу, керегені бүзу, және т.б..
Тінтушілер бір-бірімен аз сөйлесуі тиіс, ақпарат алмасу алдын-ала
келісілген шартты белгілер арқылы жүзеге асырылғаны дүрыс.
Тінтуді жүзеге асырғанда оған жедел іздестіру қызметкерлерін тартқан
жөн. Арнайы ептілікті қажет ететін қызметті мамандар жүзеге асыруы тиіс.
Тіпті үзақ уақыт бойы тінту нәтиже бермесе де тергеуші өзінің
эмоциясын сыртқа шығармауы керек, осы туралы қандай да бір сөздер айтуға
құқығы жоқ. Тінтуді жүргізудің түбегейлігі мен кезектілігі, іздеу
құралдарын қолдану тінтілушіге психологиялық эсер етуі тиіс.
Тінту кезінде басты психикалық процесс — бақылау болып табылады.
Сонымен бірге бақылау өзіндік ерекше — қатысушылық бақылау деп аталатын —
тінтушінің әрекетінің логикасына қосылады; қүбылыстардың анализі "ішінен",
жасырушының мүмкін әрекеті түрғысынан жүреді.
Тергеуші өз ойын толығымен тінтуге бағыттауы үшін төмендегі шараларды
жүзеге асыруы тиіс:
1) тінтуге шаршап түрып немесе өзін ыңғайсыз сезініп қатыспауы керек;
2) тінтілушімен конфликтіге түспеуіне және аса көп араласуына егер
бұл тактикалық әдіс болып табылса болмайды; тінтушімен байланыс сыпайы
және тактикалық сипатта жасалуға тиіс;
3) барлық көңіл бөлетін фактілерді жоюы тиіс;
4) асықпауы тиіс және жаңа объектіні тексеруге бүдан алдыңғы объектіні
толық тексермей көшпекуі тиіс;
5) шаршаған кезде демалу үшін үзілістер жасау. Тінту кезінде тергеуші
бірқатар жалпы, біртекті кедергі
туғызушылармен күреседі. Осы жағдай және іздеу жүмыстарының
біртектілігі тергеушінің психикалық шалдығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтан тергеуші жиі қызмет түрін ауыстырып отыруы тиіс, зерттелетін
бір объектіні екінші бір объектілерге, кішігірім объектілерді қараудан
күрделі жиһаз объектілерге көшуі тиіс.
Тінту кезінде тергеуші жасырушы түлғаның ойын білуге тырысуы керек.
Осылайша, көп мөлшерде мүлік үрлау қылмысы бойынша тергеуші айыпталушыға
туысқандары және жақын достары туралы мәлімет беруін сүрайды. Ал айыпталушы
болса жақын туыстары емес, алыс туысқандары
жайлы ақпарат береді. Тергеуші болса тінтуді жақын туыстарының үйінде
жүргізіп ұрланған заттарды табады.
Қылмыскерлер, кей жағдайда, тергеушілердің тінтуді терең, күрделі
жүргізуіне байланысты ізделетін затты "көз алдына" қойып тастайды. Бірақ,
көп жағдайда, әшкереленіп қалу қаупі заттар мен құжаттарды жасыру бойынша
әрекеттердің түбегейлілігімен сипатталады.
Тінту мүмкіндіктерін көре отырып тінтілуші объектілерді кері сезім
тудыратын жерлерде жасыруы мүмкін. Мысалы: қоқыс төгетін жер, дәретхана,
кір киім-кешек, ластанған жерлер және т.е.с. Сонымен қатар, жасыру орны
ретінде этикалық жағымды сезім тудыратын жерлер сәбидің бесігі, діни
орындар т.с.с пайдалануы мүмкін. Бірталай жағдайда жасырушылар тінтушіге
кері итерушілік эффектісін тудыратын жерлерді қолданады. Мысалы, тоқ
көздері, түрлі электрошамдары, резетканың түбі, ит жататын жер, аралардың
үясы және т.с.с. Жасыру орны ретінде қойма қызметіне жарамсыз үй керегесі,
жиһаз, отын, қоқыстар жэне т.с.с заттар да қолданылады.
Жасыру әрекеті жасырушының мінез-қүлқы мен жүріс-түрысына байланысты
болып табылады. Мысалы, қызғаншақ, пайдакүнем адамдар заттарды өзіне жақын
орналастыруға тырысады.
Қорқақ адамдар болса, керісінше, заттарды алые жерде жасыруға
тырысады.
Тінту кезінде жасырушының сипатындағы ерекшеліктері ескерілуі тиіс
мысалы: ғалым — кітапқа жасырса, ағашпен айналысатын адам ағашқа жасырады
және т.с.с. Тінту жүргізілгенге дейін тергеуші тінтілушінің мінез-қүлқы,
мамандығы, әдеттері жайлы деректер жинауы тиіс. Тергеуші назарын
тінтілушінің құралдары мен материалдарына да көңіл аударуы тиіс.
Тергеуші тінтілушінің отбасы мүшелері жайлы, оның көршілерімен қарым-
қатынасы туралы ақпарат жинауы тиіс.
Тінту кезінде тінтілушінің әрекетіне бақылау жүргізу арқылы тергеуші
бірқатар пайдалы деректер ашуы мүмкін. Жасырылған объектіге жақындауды
сипаттайтын жағдайлар ретінде тінтілушінің терге түсуі, даусының жоғалуы,
демалысының жиіленуі, қызаруы немесе ағаруы, еріксіз қозғалуы болып
табылады.
Тінтудің тактикалық әдісі — тінтілушіні тактикалық өрекет етуге
итермелеу заттарды ашу, қоймаларды және т.б. қарау. Осы кезде тінтілуші
тергеушіні басқа учаскеге апарып, оның, назарын басқа заттарға аударуға
тырысады. Кей жағдайда тінтілушілер тергеушіге дәлдемелік маңызы бар аз
заттарды беріп, ең маңызды объектілерді жасыруға тырысады.
Тінту бөлмеге күшпен кірумен, азаматтардың жеке өміріне қатысты әр
түрлі құжаттармен танысумен байланысты болып табылады. Бұл жағдай
тергеушіге бірқатар этикалық талаптар қоюға негіз болып табылады. Тінтудің
этикалық жағының маңыздылығы соншалықты, тіпті әдет нормалары Қылмыстық Іс
Жүргізу Кодексінде көзделген.
Тергеуші тінту кезінде ешқандай жағдайларды тінтілушінің құқытары мен
бостандықтарын шектемеуі тиіс және ешқашан оның абыройын түсірмеуі тиіс.
Тінту түнде жүргізілмеуі тиіс тек ерекше заңда көртсетілген жағдайларда
рүқсат етіледі. Кәмелетке толмағандарды тінту кезінде педагог шақыртылуы
тиіс. Ауру адам дәрігердің қатысуымен тінтіледі. Тінту кезінде қылмыстық
іске қатысы жоқ материалдар мен құжаттардың мазмүны жарияланбауы тиіс.
Тергеуші тінтілушінің мүлкіне абайлықпен қарауы керек. Тінтудің
нәтижесі тек дәлелдемелік сипатта емес, сонымен қатар, басқа тергеу
әрекеттері кезінде қолданылған тактикалық құрал болып табылады.

1.4 ТІНТУДІҢ ТҮРЛЕРІ.
Бөлмені тінту
Тінтудің осы түрі негізінде детальді тексеруге барлық бөлмелер, үй
заттары, чердак, подвал жатқызылады.
Еденді тексеру кезінде шаңның, кірдің, дақтардың сипатына көңіл аудару
керек.
Бөлменің керегелері қоймаларды табу мақсатында тексеріледі. Бүл жерде
жаңа боялған, жаңадан обой жапсырылған учаскелерге басты назар аудару
керек. Қажет болса керегені балғамен соғу арқылы, дыбысқа көңіл бөле отырып
жасырын қоймаларды анықтауға болады.
Погреб, подвал шатырларды тексерген кезде жарықтың болуына көңіл
аудару керек. Жиһазды тексерген кезде, оның ішінде барлық заттар алынып,
керегеден итеріліп тексерілуі тиіс.
Ең қиын тексерілетін объект — ол кітапхана болып табылады. Себебі,
тінтушілер әрбір кітапты жеке қарастыруға мәжбүр болады.
Тінту кезінде музыка аспаптарын, телевизорларды, радиоқабылдағыштарды,
телефон аппараттарын, тоңазытқыштың мотор орналасқан бөлігін, шаңсорғышты
тексерген жөн.
Тінтуге сонымен қатар, тінтілушінің автокөлігі жатқызылады.
Қүжаттар мен күнделіктерін тапқан сәтте олармен бірден танысқан жөн.
Егер де тінту кезінде тергеуші кейін іс бойынша қолжазба сараптамасын
тағайындауы мүмкін деп тапса, онда тінту барысында еркін қолжазбалар мен
қүжаттар алынады.
Кейбір қылмыстарды тергеу кезінде сезіктінің жүмыс орнын, қызметтік
столын, бөлмесін тінту қажеттілігі туындайды.
Кейде қызмет орнын тінту басқа тергеу шараларымен беттесуі мүмкін.
Осылайша, дүкенді тінту кезінде таразыларға тексеру жүргізілуі мүмкін.
Мекемедегі тінтуге ревизияның қабаттасуы мүмкін.

Құрылыстарды тінту
Тінтуде бірінші қүрылыстың орналасуы анықталады және ондағы подвал,
чердак, қосымша қүрылыстарды қарастыру керек. Қүрылысты жалпы тексеру
кезінде, керегелердің пропорциясына, алаңына көңіл аудару керек, себебі ол
арқылы жолдарын, қоймаларды табуға болады.
Тастан немесе бетоннан жасалған қабырғалардағы қоймаларды табу үшін
кереге, қандай да бір ауыр затпен, мысалы, балғамен соғылып тексеріледі.
Қабырғаның ішіндегі ойыстың болуы ерекше дыбыс арқылы анықталады.
Қабырғаларды соғып тексеру абсолютті тыныштық жағдайында жүзеге
асырырылады.
Қабырғадағы жасырын қоймалардың табылуына жаңадан салынған штукатурка,
обойдың ауыстырылуы, кірпіштің қисайып түруы септігін тигізеді. Ағаштан
жасалған керегелерді тексеру кезінде ағаш тақтайлардың түсіне, сызықтарға
көңіл бөлінеді.
Міндетті түрде плинтус тексеріледі.
Еденді тексеру кезінде бүзылудың іздеріне көңіл аудару керек.
салынған тақтай, жаңадан соғылған шегелер. Шаң мен кірдің сипатына аса
көп назар аудару қажет. Күдік туған кезде еден тақтайлары ойылып,
тақтайлардың арасы тексерілуі мүмкін егер еден екі қабатты болса. Егер
еден кірпіштен немесе тас плиталардан жасалса, шығып түрған бөліктері
алынып тексеріліуі мүмкін.
Егер де еден цементтен құйылған болса, онда жаңартылған, ойыс болып
немесе шығыңқырап түрған бөліктері бұзылып, ашылуы керек.
Подвалдар мен шатыр жақсы жарық көзінің көмегімен тексерілуі тиіс.
Подвал мен шатырдың қабырғаларын тексеруге де жоғарыда көрсетілген ереже
қолданылады. Топырақ едендерін тексеру кезінде үзын темір шыбық
қолданылады.
Шатырға келетін болсақ, шиферлердің арасында қүжаттардың, ақша мен
басқа да қүндылықтардың жасырын қоймасы табылуы мүмкін.
Дәретхана немесе жуынатын бөлмелерді тексеруде назарды су қүйғышқа,
унитазға және басқа заттарға аударған жөн. Кей жағдайда, қылмыскерлер
заттай дәлелдемелерді от жағатын ошаққа шығаруы мүмкін. Сондықтан, бүл
жерде отынның күлін, ошақтың керегесін тексерген дүрыс болады.
Құрылыстарды тінту кезінде, сонымен қатар сыртқы керегелерді,
трубаларды тексеру керек.

Ауланы тінту
Ауланы тінтуге кірісерден бүрын оның аумағының көлемін анықтап, оны
бірнеше учаскелерге бөліп тінту жоспарын қүрғаннан кейін тергеуші
көмекшілеріне міндеттерді бөліп береді. Аулада орналасқан қүрылыстар
жоғарыда көрсетілген ереже бойынша тінтіледі.
Аулада шөп үйінділері болғанда, оны қопару арқылы іші тексеріледі,
сонымен бірге, шөп жиналған орынның жекелеген бөліктері түбегейлі
тексерілуі тиіс. Шөптің астындағы топырақ шыбықпен тексеріледі. Отын
ағаштары бар болса, олар орнына алынып, жекелеп тексерілуі тиіс.
Жоғарыдағы мысалдар подвалдар мен қүрылыстарға көп көңіл бөлу
керектігін көрсетеді. Мал түратын қүрылыстарда жем беретін және су қүятын
жерлері тексерілуі тиіс.
Кішігірім қүрылыстар: тауық қора, ит үялары және т.б. көңілден
шығарылмауы керек. Керек болса сол жан-жануарлардың өзі тексеруден
өткізілуі керек.
Қоқыс төгетін жер, қазылған жер, жаңадан көмілген жер учаскелері де
тексеріледі. Қүдықтарға да, оның түбіне қылмыскерлер әр түрлі заттарды
жасырады.
Қүрылыстары жоқ, ашық аумақтарды тінтудің тәртібі төмендегідей.

Ашық аумақты тексеру
Тінтуге жататын ашық аумақ учаскелерге бөлініп, әрбір учаскені тінту
кезекпен немесе Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне бөлініп
тексеріледі.
Бүл кейбір жерлерді қалдырып кетпеу үшін керек. Ашық аумақта
орналасқан қүрылыстар жоғарыда көрсетілген қүрылыстарға қатысты тәртіпке
сәйкес тексеріледі. Сонымен бірге, қылмыскерлер көп жағдайда, әшкереленетін
заттарды жасыру үшін, осындай, адам түрмайтын қүрылыстарды қолданатынын
естен шығармау керек. Орта Азияның ерекшелігі жасырын қойма ретінде
күмбездердің қолданылуы болып табылады.
Егер тінтуге өзен, көлдердің белгілі бір учаскесі жатқызылса, тінтуге
суға сүңгитін мамандар шақыртылады.
Егер аумақта ара үялары болса, оларды міндетті түрде тексеру керек.
Онда әр түрлі, дәлелдемелік маңызы бар заттар жасырылуы мүмкін.
Оқиға болған жерді тексеру кезіндегідей, тергеуші жердегі іздерге,
аяқпен басылған жолдарға көңіл бөлуі керек. Тінтудің осы түріне арнайы
техникалық қүралдармен қатар, қызметтік ит қолданылады.
Бірде бір ағаштьг, бірде бір тасты, жердің бірде бір метрін жүйелі
тінтігенде ғана тиімді нәтижеге жетуге болады.

Үй заттарын және кішігірім объектілерді тінту.
Үй ішін тінтуге кірісе отырып, қандай да бір заттың қалдырылып
кетпеуін қамтамасыз ету керек.
Шкафтарды, серванттар мен буфеттерді тінту кезінде оның ішіндегі
заттардың барлығы шығарылуы керек.
Әрбір зат түбегейлі тексеріледі. Одан кейін ғана, тінту қоймаларға
көшіріледі. Қосарлы қабырғаларды анықтау үшін өлшеу жүргізіледі, дыбыстық
ерекшеліктері соғылып анықталады. Күдік тудыратын жерлердің бәрі ашылып
қаралады.
Жиһаздарды тінтіп болғаннан кейін, олар қабырғалардан итеріліп, оның
асты, төменгі қабаты тексеруден өткізілуі тиіс.
Қатты жиһаздар аударылып, олардың асты тексеріледі.
Жиналатын жиһаздар "бүзылып", ашылып тексеріледі. Жүмсақтау келген,
жастық тәріздес беліктері инемен тексеріледі.
Егер де үйде пианино, грамофондар, қабарғаға ілетін сағаттар, люстра,
тігін машиналары және т.е.с. болса олар да ашылып тексеріледі.
Жоғарыда, ең қиын тінтілетін объект кітапхана екендігі айтылған.
Себебі, оның беттері жекелеп тексеріледі.

Жеке тінту.
Жеке тінту ретінде адамды, оның денесін, киімін, аяқ киімін,
қойнындағы заттарын тінту танылады.
Жеке тінту-тінтудің бір түрі болып табылады.

Қылмыскерді ұстау кезіндегі жеке тінту.
Барлық қылмыскерлер үсталған кезде тінтіледі. Үсталған жерде тінту жиі
алдын ала тінту сипатында болып келеді. Тінтушіден тінту жүргізетін
түлғаларға зақым тигізетін заттардың бәрі тартылып алынады.
Қылмыскерді әшкерелейтін заттар міндетті түрде бірден тартылып
алынады. Қылмыскерді үстаған кезде оның киім-кешегімен қатар үсталған
жердегі аумақты тексеру қажет. Қылмыскерді үстаған жерде тінту аса қиын
емес, егер тінтушілер бірнешеу болса, біреуі қылмыскерді тексереді, басқа
біреуі аумақты тексереді. Егер тінтілетін түлға жалғыз өзі болса, тінту
күрделі болады. Әдетте, тінтуді қауіпсіз жүзеге асыру үшін, тінтілушіні
ыңғайсыз жағдайға қойып тінтиді. Мысалы, қалтасын тінту үшін тінтілуші
аяқтарының арасын ашып, иіліп түруы тиіс.
Түбегейлі тінту, қылмыскер Ішкі Істер Басқармасына алып келгеннен
кейін жүзеге асырылады.

Жеке тінту жүргізудің негізгі әдістері:

а) тінтуші мен тінтілуші бір жынысты болуы тиіс. Сондықтан, тінтуге
барардан бүрын, тергеуші басқа жынысты түлғаны тінту мүмкіндігін ескеруі
қажет.
б) тінту жоғарыдан — төмен жүргізіледі. Басқаша айтсақ, алдымен, бас
киім, одан кейін үстіндегі киімі шалбары, аяқ киімі тексеріледі1.
в) денесін тінту қажеттілігі туындаған кезде тінтілуші, түлғаға киімін
шешу үсынылады.
Бас киімді тінтуі.
Практикада қылмыскерлердің киімінде ізделінетін объектілерді жасыруы
жиі кездеседі. Сондықтан, бас киімді тінту кезінде оның әрбір бөлігі
тексеріледі.
Киімді тінту.
Ең алдымен киімнің қалтасы тексеріледі. Одан кейін киімнің бәрі
тексеріледі. Киімнің екі қабатты бөліктеріне аса көп назар аудару керек.
Оның бүл бөліктері ашылып, тексеріледі. Киімнің барлық қалыңдалып келген
бөліктері тексерілуі тиіс. Қылмыскерлер ақшаларды, қүнды заттар мен
қүжаттарды ақшаларды, киімнің маталарының арасына жасыруы мүмкін.
Аяқ киімді тінту.
Аяқ киімнің ішкі бөлігі алынбай ма, сол тексеріледі. Себебі,
қылмыскерлер, өкшенің ішін қуыстап, онда әр түрлі заттарды жасыруы мүмкін.
Денені тінту.
Тінту кезінде адамның шашы, қүлақ тесіктері, аузы тексеріледі. Жарақат
әсерінен бір мүшесі бинтпен байланылса, ол шешілуі тиіс. Қажет болса гипс
те шешіліп, оның ішкі қүрылысы тексерілуі мүмкін. Бұл үшін тінтуге дәрігер
шақыртылады.
Қолға ұстайтын заттарды тінту.
Қолға ұстайтын заттарға төмендегілер жатады: бет орамалдар, портсигар,
сөмкелер, портмоне, көзілдірік салатын қап, бәкі, сағат, сіріңке, темекі,
қолшатыр және тіс. Осы заттардың бәрі жақсылап тексеріледі.
Әр түрлі құжаттар мен қағаздар арнайы тексеріледі. Чемоданның,
сөмкелердің ішіндегі заттар ғана тексеріліп қоймай, сонымен бірге, сол
чемодан мен сөмкенің өзі жасырын қоймаларды анықтау үшін тінтіледі.
Сонымен, жеке тінту шектелген сипатта көрінуіне қарамастан, тінтудің
бұл түрі өте күрделі болып табылады.

Тінту түрлерінің схемасы төменде көрсетілген.

2-ТАРАУ. ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Тінту жүргізудің кезеңдері

Тінту тактикасына тергеуге қажет нысандарды іздестіруге, өзінде
айыпталушы немесе сонымен байланысты тұлғалар заттарды немесе құндылықтарды
жасырып отырған құпия орындарды анықтауға арналған арнайы тәсілдерді
ойластырылған және тұрақты түрде қолдану тән болып келеді.
Тінтуді жүргізу төмендегідей үш кезеңнен құралады:
а) әзірлеу;
б) жүмыстық;
в) қорытынды.
Әзірлеу кезеңі.
Тікелей тінтудің алдында келесі тактикалық элементтерден құралатын
операцияға мұқият әзірлену жүргізілуі тиіс: а) алдағы тінтудің орны және
өздерін тінту көзделіп отырған тұлғалар туралы бағыттаушы мәліметтерді
жинастыру;
б) жедел топты іріктеу;
в) операцияны техникалық құралдармен қамтамасыз ету, тінту уақытын
таңдап алу.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, операцияның нәтижелері әзірлену жұмысының
дәрежесі мен сапасына, оның қаншалықты тактикалық тұрғыдан дұрыс
жүргізілгендігіне, және ең бастысы, әзірлеу жұмысының қаншалықты жасырын
түрде жүргізілгендігіне байланысты.
Әзірлену жұмысы алдағы операцияның сипаты туралы азды-көпті көзқарас
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алайда алдын-ала мәліметтер тергеушінің тінтілушінің үйіне немесе
жергілікті жердің бір бөлігіне келе салысымен-ақ тексеруге жатады. Тінтудің
ережелері қажет етіп отырғандай, тергеуші тінту нысандарын іздестіруге
кірісудің алдында жағдайдың мән-жайын түсініп және тінтуді жүргізудің
тәртібі туралы ақырғы шешім қабылдап және өз әрекеттерінің, өз
көмекшілерінің әрекеттер жүйесін белгілеуі тиіс.
Тінтудің жүйелілігі мен жоспарлық сипаты нысандарды іздестіру
тактикасының басты ережелері болып табылады. Барлық күдіктілерді мұқият
тексеру және тінтілушілердің әрекеттерін бақылау тергеушіге жасырылған
құпия орындарды анықтап отыруға мүмкіндік береді.
Тергеуші жүргізіліп жатқан тінтудің сәтті болатындығына сенімді болып,
барынша мұқият болуы тиіс. Бұған өздерін тергеушінің орындауы тиіс болатын
екі шара ықпалын тигізеді:
а) тергеушінің тінту туралы шешім қабылдаған сәтінен бастап тиісті
жерге келіп жеткенше орындайтын шаралары;
б) келіп жеткен сәттен бастап іздестіру жұмыстары басталғанша
орындалатын шаралар.

Тінтуге әзірлену

Бағыттаушы сипаттағы мәліметтерді жинақтау. Осыдан бұрын айтылып
кеткендей, тінту күтіп отырған нәтижелерді беру үшін операцияның жоспарын
алдын-ала белгілеп алуы тиіс, ал бұл үшін тінтуді көздеп отырған тергеуші
өзіне тінту жүргізілетін тұлға жайлы, іздестірілген заттар мен өзінде
тергеуші жасырылған заттарды іздестіретін панажай немесе жер туралы тым
болмағанда аздаған мәліметтерге ие болуы тиіс.
Өзіне тінту жасалатындығы туралы шешім қабылданған субъектінің жеке бас
туралы мәліметтер тергеліп отырған істің материалдарын қарастыру, қызмет
жайлы жеке ісінің материалдарын қарастыру арқылы, мекемелер мен ұйымдардан
анықтама алу, қылмыстық элементтің есебін жүргізу жөніндегі материалдарды
зерттеу арқылы жинақталады:
а) мамандық;
б) тіршілік салты;
в) әдеттегі күн тәртібі;
г) әдеттер;
д) байланыстары
Тінтіліп отырғанның мамандығын, оның әдеттері мен тіршілік салтын
білген мағызды, себебі олар заттарды жасыру әдістеріне әсерін тигізеді.
Тінтіліп отырғанның тіршілік салты мен күн тәртібіне байланысты тінтуді
жүргізуге арнап уақыт таңдалып алынады. Аса үлкен мағынаға өзін тінту
туралы шешім қабылданған тұлғаның байланыстары туралы мәселе ие болады. Бұл
мәселе бір ғана тұлғаны емес бірнеше тұлғаны тінту көзделіп отырған
жағдайда орталық мәселеге айналады. Топтық тінтуге даярлану кезінде өзіне
қатысты тінту көзделіп отырған әрбір тұлға жайлы, олардың өзара әрекеттері
туралы, қатынас жасау әдістері және т.б. туралы мәліметтер жинақталады.
Өзін тінту туралы шешім қабылданған тұлғалар туралы мәліметтерді жинастыру
оның туыстарының немесе таныстарының қайсысының үйінде заттар жасырылуы
мүмкін немесе қылмыскер тергеуді қызықтырып отырған заттарды немесе
құндылықтарды сақтауға тапсырғандығын анықтау үшін маңызды болып табылады.
Іздестірілген заттар туралы мәліметтер сол нысандардың түрін ескере
отырып қалыптастырылуы тиіс: қылмыстың қаруы, қару, заттар, тұлғаны
жасыратын құжаттар, мәйіт, оның бөліктері, адамның биологиялық құраушысы.
Қылмыс қаруларына, заттарына, құжаттарға қатысты өзіне төмендегілер
кіретін мәліметтер алынуы тиіс: заттың атауы және оның арналуы, тектік
(түр) белгілері: пішіні, көлемі, материал, түсі, иісі; жеке белгілері
(нөмірлері, өзіне тән пайдалану белгілері, ақаулар және т.б.). Өздерін
іздеу көзделіп отырған заттардың (қару, құндылықтар, ақша, ұрланған мүлік
және т.б.) (соның ішінде біртектес) ең болмағанда санын білу маңызды болып
табылады.
Нысанның сипаттамасына негізделумен сол заттың (немесе соған ұқсас
заттың) қайда, қандай жерде жасырылуы мүмкін, ол бөлшектеле ме (қару, көлік
құралы), оның пішімі, көлем, сыртқы түрі өзгертілуі мүмкін бе осының
болжамдары жасалады.
Затты және оның табиғатын білу заттың өзін жоюдың нәтижесінде (жағу,
балқыту, шоғырланған қышқылға салып жою және т.б.) пайда болатын іздерді
анықтау кезінде ескерілуі тиіс.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді алудың көздеріне қылмыстық іс
материалдары (куәлардың, зардап шеккендердің көрсетулері, сарапшылардың
тұжырымдары, қарау хаттамалары мен іске қатысты фотосуреттер), өздерін
іздеу көзделіп отырған заттардың іс-жүзінде бар екендігін растайтын өзге де
құжаттар: сол заттың паспорты, тауар жапсырмасы, шек, түбіртек, шот.
Тергеушіге соған ұқсас заттар көрсетілуі мүмкін. Ерекше нысандар туралы
мәліметтер алу үшін маманның кеңесі қолданылады. Мәліметтердің бір бөлігі
жедел түрде алынады.
Егер іздестіру нысаны ретінде іздестіріліп отырған тұлға немесе мәйіт
(оның бөліктері) болып табылса, онда мынадай мәліметтер анықталады: адамның
(мәйіттің) сыртқы кескінінің суреттемесі, оған анатомиялық белгілер
(жынысы, жасы, бойы, дене бітімі, бетінің (басының) белгілері, ерекше және
көзге түсетін заттар); іздестіріліп отырған тұлға өздерін әдетте өзімен
бірге алып жүретін тиісті нысандар жатады.
Бұл мәліметтер істің материалдарынан, медициналық құжаттардан,
фотосуреттер мен бейнежазбалардан, сондай-ақ жедел-іздестіру мәліметтер мен
криминалистикалық есепке алулардан алынуы мүмкін.
Өзінде тінту жүргізу көзделіп отырған орын (орындар) туралы мәліметтер.
Мәліметтердің бұл тобы сондай-ақ іздестіріліп отырған нысанның неге
жататындығына қарай сараланып жіктеледі.
Егер бұл ғимарат, қызметтік панажай, пәтер, гараж, ауладағы құрылыстар
және т.б. болса, онда құрылыстың дәл мекенжайы, оның атқаратын қызметі,
орналасуы, жоспар-жобасы анықталуы тиіс.
Егер ауылды жердегі немесе саяжайдағы гараж, ауладағы құрылыстар,
тұрғын үй тінтіліп отырса, онда маңайындағы бағыттамалар, нысанға апарар
жолдар, білдіртпей жақындау мүмкіндігі анықталады.
Тұрғындық және қызметтік панажайларға қатысты бөлмелердің,
терезелернің, есіктерінің санын, терезесінің қай жаққа қарап түрғанын,
қосалқы панажайлардың, төлелердің, шатыр астының, балкондардың бар-жоғын,
балкондар іргелес пәтердің (пәтерлердің) балконымен ортақ па, соны анықтап
алу қажет.
Бұл мәліметтер әрбір ауданның Техникалық түгендеу бюросында сақталатын
құрылысқа қатысты құжаттарда берілген. Мұндай панажайларды алдын-ала қарап
шығуға болады (мысалы, екі-үш қабат жоғары немесе төмен орналасқан пәтерді,
немесе басқа корпустағы осыған ұқсас пәтерді). Соған ұқсас үйлерде тұратын
көршілерден, тұлғалардан, немесе өздерін тінту жоспарланып отырған осындай
панажайларда жұмыс істеушілерден жауап алуға болады.
Жалпы сипаттағы жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қатар алдағы
тінтудің орнын ескерумен одан да нақты мәліметтер қажет: сол панажайда
тұрып жатқан (қызмет етіп жатқан) тұлғалардың саны, олардың күн тәртібі,
есіктердегі құлыптардың түрі, сигнал беру құрылғысының, домофондардың бар-
жоғы, үйде (аулада) күзетуші немесе қызметтік иттің бар-жоғы.
Пәтердегі жиһаздың (кәсіпорындағы жабдықтың) саны, түрі мен орналасуы
туралы, жарықтандырудың түрі, оның тінтуді жүргізу үшін жеткілікті болу-
болмауы туралы мәліметтерді білген жөн.
Егер тінту ашық жерде өткізілетін болса, онда тергеушіге келесіні
анықтау қажет болады: бұл жер қандай жер болып табылады, ол қызметтік жер
ме немесе жекеменшікке жата ма (мекенжай маңындағы жер телімі, ауыл
ауласы); осы аумақта құрылыстар бар ма, олардың арналуы, аймақ қоршалған
ба, оған апаратын жаяу жолдар мен көліктік жолдар қандай.
Жасыру орындары ретінде аса сан-алуан түрлі құрылғылар қолданылуы
мүмкін болғандықтан, сол аймақта қандай да бір жырашықтардың, шұңқырлардың
(соның ішінде топырақ себілген), қоқыс, көң үйінділері бар ма, жоқ па; сол
аймаққа қандай да бір материалдар (құрылыс материалдары, тыңайтқыштар және
т.б.) жинастырылған ба жоқ па, сол туралы мәліметтер жинақтаған дұрыс.
Тінту кезінде қазу жұмыстарын жүргізу қажет болып қалуы мүмкін
болатындықтан, сол жердің топырағының сипатын анықтап алған дұрыс.
Осы мәліметтердің барлығын жер жоспарларынан, көршілерден сұрастыру,
қарау хаттамасымен танысу (егер ол жүргізілген болса) арқылы алуға болады.
Барлық қажетті мәліметтерді жинақтап алып, тергеуші тінтуді
жоспарлайды. Бұл кезеңге өзі тиісті орынға келгеннен кейін нақтыланып және
толықтырылып отыратын нақты жоспарды құру, сондай-ақ тінтудің алдында
орындалатын бірқатар әзірлену жұмыстары кіреді.
Бұл әрекеттер тінтудің міндеттерін түсіну мен нақтылауға негізделген:
қандай нысандар оның тақырыбына айналады; олардың саны, топтық және жеке
белгілері; нысанның сипаттамаларын ескерумен олар қай жерде жасырылуы
мүмкін.
Тінтуді жүргізу уақыты белгіленеді. Әдетте бұған арнап тәңертеңгі
уақытты (сағат 7-8) таңдауға тырысады. Біріншіден, осы жұмыс алдындағы
уақытта, әдетте, тінтілуші немесе оның отбасының жасы кәмелетке толған
мүшелерінің бірі үйде болады. Екіншіден, тінтуді таңертең, жаңа күш қуатпен
бастаған дұрыс, себебі бұл тергеу әрекеті оның қатысушыларын физикалық
тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да шаршатады. Сол себептен тінтуді
бастау уақыты ғана емес, оның шамалап алынған ұзақтығы оны өткізу орнының
сипатын ескерумен жоспарланады. Тергеушінің күші мен қаражаттарын ескерумен
алдағы тінтудің қиындықтары.
Тінтуді жүргізудің уақыты терегу жағдайын ескерумен таңдалып алынады.
Осыған қатысты жалпы ережеде былай делінген: тінтуді оның қажеттігі мен
негізі бар екендігі анықтала салысымен жүргізу қажет. Сонымен қатар жедел
мәліметтерді ескерумен белгілі бір қолайлы сәтті (сол жерге қарудың,
есірткінің, өзге де заттардың жеткізілуін; іздестіріліп жатқан тұлғалардың
келуі және т.б.) күте тұру керек болатын жағдайлар да болады. Қалай
болғанда да тінту кенеттен жүргізілуі тиіс.
Тінту жүргізілетін жерді, іздестірілген нысандарды, жұмыстардың
шамаланған көлемін ескерумен оған қатысушылардың саны және оның
әрқайсысының рөлі белгіленеді, бұл туралы бұдан бұрын айтылып кеткен
болатын. Мұнда топты нақты құрастырудың мәселелерін қарастырған дұрыс.
Куәгерлер тінтудің орны мен уақытын ескерумен таңдалып алынады. Егер
оны түнде немесе алыс жерде жүргізу көзделіп отырса, онда куәгерлер бірге
еріп жүреді. Барлық жағдайда да бұл адамдардың түсінуді қиын ететін
кемшіліктері болмай, тінту жүргізілетін тілді білуі тиіс.
Жедел топты іріктеп алу. Тінтуге әзірлену барысында тергеушіге тінтуді
жүргізуге көмектесуі тиіс болатын жедел топтың құрамы жайлы мәселені шешіп
алу қажет. Тінтуді жалғыздан жүргізу ұсынылмайды, себебі тінтуші
қарсыласуға тап болып, сонымен қатар тінту барысында тінтілушілерді,
панажайды, ғимаратты бақылау отыру қажет, бұған жалғыз тергеуші жасай
алмайды. Сонымен қатар, өзіне тек тергеуші ғана емес, сондай-ақ оның
көмекшілері де қатар түрде тінту жүргізгені дұрыс болатын бір жердің үлкен
бөлігі түсуі мүмкін. Сондықтан, осы тергеу әрекетіне қатысып жатқан
адамдардың саны туралы ғана емес, сондай-ақ оларға міндеттерді жүктеп
бөлістіру жайында да ойластырған дұрыс. Тінтуге әзірлену кезінде сондай-ақ
тінтіліп отырған жердің сыртқы күзетілуін, былайша айтқанда, оны қоршауды
ойластырған да жөн. Сыртқы күзеттің қажеттігі келесімен туындалуда: үйдің
терезелерінен іздестірілген нысандар лақтырылып, тінтіліп жатқандардың
біреуі қашуға әрекет жасауы мүмкін. Сонымен қатар тінту жүргізіліп жатқан
панажайға немесе тінтіліп жатқан жерге кіріп жатқандардың барлығын тексеріп
отыру қажет.
Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
Тінтудің міндеттері
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Тінту ұғымы мен мақсаты
Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Тінту мен алуға арналған қылмыстық іс жүргізу
Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері
Хат-хабарға тыйым салу, хабарламаларды жол-жөнекей ұстау, сөйлескен сөздерді тыңдау және жазу
Пәндер