Нидерландия



1. Нидерландия . мемлекеттік құрылымы және геосаяси жағдайы
2. Халқы, аумағы, шекарасы, өнеркәсібі, шаруашылығы
3. Көлік жүйесі. Сыртқы байланыстар. Туризм.
4. Пайдаланған әдебиеттер
Орта Еуропа мемлекеттері Батыс Еуропанң жоғары дамыған елдерімен көршілес орналасқан және экономикасы солармен тығыз байланысқан. Бұл топтағы елдер арсында айрықша көзге түсетін елдің бірі – Нидерланд.
Мемлекеттік құрылымы мен геосаяси жағдайы. Солтүстік теңіз жағалауында Рейн, Маас және Шельда өзендерінің құяр сағасында орналасқан бұл шағын мемлекетті Нидерланд немесе Голландия деп атайды. Нидерланд оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Германиямен шектесіп жатыр. Ел аумағы батыстан шығысқа қарай 200 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке дейін 370 км-ге созылып жатыр. Шын мәніне келгенде, мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуына негіз болған батыс бөлігі ғана Голландия (голланд тілінде «тірегі жоқ қуыс жер») делінеді, бұл атаудың көбінесе әлеуметтік және мәдени маңызы бар. Ал Нидерланд (голланд тілінде «төмен жатқан жер» ) мемлекеттің далпы алғанда ресми атауы болып табылады. Өйткені халықаралық келісімдерде, ұйымдар тізімінде, мемлекеттік және дипломатиялық құжаттарда ел атауы Нидерланд Корольдігі деп жазылады.
Нидерланд Корольдігінің мемлекет ретінде қалыптасуының ұзақ тарихында елеулі оқи,алар болған. Ұзақ жылдар бойы басқа мемлекеттердің қол астында болған бұл аумақта 1566-1648 жж. аралығында жүрген тәуелсіздік үшін күрестің нәтижесінде дүние жүзіндегі алғашқы буржуазиялық республика пайда болды. Бұл елдің экономикалық және мәдени өрлеуіне алып келді. Ержүрек голланд теңізшілері Азия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америкада жаңа жерлерді ашып, бастады. Амстердам бүкіл Еуропаның басты тауар орталығына айналды. Дегенмен елдің тарихында «Алтын ғасыр» деп аталынған XVII ғасыр күшті бәсекелестердің пайда болуына байланысты Голландияның әлсіреуімен аяқталды. Иеліктерінің басым бөлігінен айырылған, экономикасы құлдыраған елді 1795 жылы Напалеон армиясы басып алды. 1814 жылы Вена конгресінің шешімімен Бельгия мен Нидерланд біріктіріліп, Нидерланд Корольдігі құрылды. 1830 жылы олар жеке корольдіктерге бөлінді.
1. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілжіжінова, Ж.Достай. алматы, «Мектеп» баспасы, Алматы, 2007
2. А.Бусыгин, Нидерланды. – М.:Мысль, 1987
3. Ю.Гладкий, О.Соколов, Э.Файбусович, Экономическая исоциальная география. –М.:1999

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Нидерландия – мемлекеттік құрылымы және геосаяси жағдайы

2. Халқы, аумағы, шекарасы, өнеркәсібі, шаруашылығы

3. Көлік жүйесі. Сыртқы байланыстар. Туризм.

4. Пайдаланған әдебиеттер

Нидерланд

• Жерінің ауданы – 41,2 мың км2

• Халқы – 16,2 млн адам

• Астанасы – Амстердам

• Мемлекетік құрылымы – конституциялық монархия

• Мемлекет басшысы – королева

• Үкімет басшысы – премьер-министр

• Заң шығарушы органы – парламент

• Мемлекеттік тілі – нидерланд тілі

Орта Еуропа мемлекеттері Батыс Еуропанң жоғары дамыған елдерімен
көршілес орналасқан және экономикасы солармен тығыз байланысқан. Бұл
топтағы елдер арсында айрықша көзге түсетін елдің бірі – Нидерланд.

Мемлекеттік құрылымы мен геосаяси жағдайы. Солтүстік теңіз жағалауында
Рейн, Маас және Шельда өзендерінің құяр сағасында орналасқан бұл шағын
мемлекетті Нидерланд немесе Голландия деп атайды. Нидерланд оңтүстігінде
Бельгиямен, шығысында Германиямен шектесіп жатыр. Ел аумағы батыстан
шығысқа қарай 200 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке дейін 370 км-ге созылып
жатыр. Шын мәніне келгенде, мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуына негіз
болған батыс бөлігі ғана Голландия (голланд тілінде тірегі жоқ қуыс жер)
делінеді, бұл атаудың көбінесе әлеуметтік және мәдени маңызы бар. Ал
Нидерланд (голланд тілінде төмен жатқан жер ) мемлекеттің далпы алғанда
ресми атауы болып табылады. Өйткені халықаралық келісімдерде, ұйымдар
тізімінде, мемлекеттік және дипломатиялық құжаттарда ел атауы Нидерланд
Корольдігі деп жазылады.

Нидерланд Корольдігінің мемлекет ретінде қалыптасуының ұзақ тарихында
елеулі оқи,алар болған. Ұзақ жылдар бойы басқа мемлекеттердің қол астында
болған бұл аумақта 1566-1648 жж. аралығында жүрген тәуелсіздік үшін
күрестің нәтижесінде дүние жүзіндегі алғашқы буржуазиялық республика пайда
болды. Бұл елдің экономикалық және мәдени өрлеуіне алып келді. Ержүрек
голланд теңізшілері Азия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америкада жаңа
жерлерді ашып, бастады. Амстердам бүкіл Еуропаның басты тауар орталығына
айналды. Дегенмен елдің тарихында Алтын ғасыр деп аталынған XVII ғасыр
күшті бәсекелестердің пайда болуына байланысты Голландияның әлсіреуімен
аяқталды. Иеліктерінің басым бөлігінен айырылған, экономикасы құлдыраған
елді 1795 жылы Напалеон армиясы басып алды. 1814 жылы Вена конгресінің
шешімімен Бельгия мен Нидерланд біріктіріліп, Нидерланд Корольдігі құрылды.
1830 жылы олар жеке корольдіктерге бөлінді.

Қазіргі кезде Нидерланд демократиялық парламент жүйесі бар
конституциялық монархиялы мемлекет болып табылады. Мемлекеттің жаңа
Конституциясы 1983 жылы 17 ақпанда қабылданған. Ел астанасы – Амстердам,
бірақ король сарайы, парламент жіне үкімет Гаагада орналасқан.

Кішігірім ел болуына қарамастан, Нидерланд – халықаралық деңгейде жіне
Еуропадағы саяси ахуалға өзіндік әсерін тигізетін мемлекет, НАТО- ның белді
мүшесі. Елдің сыртқы саясаты оның географиялық орнымен және халықаралық
сауда жүйесіндегі маңызымен анықталады. Әсіресе, Нидерландтың халықаралық
құқық ісін дамытуға қатысты орны айрықша : Гаагада Халықаралық арбитраждық
сот орналасқан. Ел жалпы алғанда , бейбітшілік саясатын жақтайды. Осы
мақсатқа сәйкес Нидерланд көптеген халықаралық ұйымдарға ( БҰҰ,
Еуропарламент, ЕО, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы) мүше ретінде қатысады. 1992 жылы Нидерландтағы
Маастрихт қаласында ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыру жөнінде Батыс
Еуропа елдері арасындағы тарихи келісімге қол қойылды. ЕО құрамында
Нидерладтың бұрыннан қолайлы транзиттік рөлі одан әрі нығая түсті.

Сонымен ұстанған сыртқы саясатының бағыты, Солтүстік теңіз
жағалауындағы географиялық орнының стратегиялық маңызы , одақтас елдермен
көршілес орналасуы, халықарлық экономикалық және саяси ұйымдарға мүшелігі
Нидерландтың геосаяси жағдайын қолайлы етеді.

Табиғаты. Ел атауына сәйкес, жер бедері ойпатты келеді. Нидерланд
жерінің 10%-ға жуығын көлдер мен өзендер, каналдар алып жатыр және
аумағының 40%-ы теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Нидерланд тарихында
бірнеше рет апатты су басулар болған. Сондықтан жағалау ойпаттарды теңіз
суының басуынан қорғау үшін жергілікті халық ежелден-ақ дамбалар мен
бөгеулер (плотина) салып келеді. Бөгеу голланд тілінде дам делінеді,
көптеген қалалар мен елді-мекендер атауында осы сөз кездеседі. Мысалы,
Амстердам атауы Амстел өзені бойындағы бөгеу , ал Роттердам атауы Ротт
өзені бойындағы бөгеу деген сөз. Қазіргі кезде құрғатылып, теңізден
жаулап алынған жерлердің жалпы ауданы 7 мың км2-ге жеткен. Мұндай
жерлерді голландықтар польдера деп атайды. Ел аумағы борпылдақ жыныстар
жапқан аймақта датыр. Бұл жыныстарда шөгінді пайдалы қазбалар ( тас тұзы,
мұнай, газ, бор, каолин сазы ) қалыптасқан. Солтістік теңіз қайраңында
мұнай мен газдың мол қоры бар. Географиялық орнының ерекшеліктері мен
Гольфстримнің жалғасы Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен Нидерланд
жерінде теңіздік климат өалыптасқан. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі мол
түседі, температура өте үлкен ауытқуларға ұшырамайды. Мұндай климат
жағдайында мал азықтық шөптер жақсы жетіледі.

Халқы. Ел аумағында халық өте тығыз орналасқан, бұл көрсеткіш
(1км2 387 адам ) бойынша ергежейлі мемлекеттерді есептемегенде , дүние
жүзінде Бангладеш, Корея республикасынан кейін үшінші орын алады. Халықтың
61%-ы қалаларда тұрады. Елде халық саны 10 мыңнан асатын 17 ірі қала бар.
Елдің ең ірі қалалары – Амстердам, Роттердам, Гаага.

Халықтың табиғи өсуі жыл сайын азайып келеді, оның мөлшері 2004 жылы
3,7%о-ге тең болды. Елдің қарт тұрғындары халықтың 14% - ын құрайды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуына байланысты ел бойынша
өмір сүру жасының орташа ұзақтығы ер адамдарда 76, әйелдерде 81 жасқа
жетеді. Бұл дүние жүзінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі.

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап, елге келушілер саны эмигранттар
санынан аса бастады. Нәтижесінде қазіргі кезде ел халқының 5%-дан астамын
шетелдіктер ( түріктер, марокколықтар, суринамдылықтар, бельгиялықтар,
немістер және т.б. ) құрайды. 1992 жылдан бастап Нидерландта қос елдің
азаматтығын алуға рұқсат берілген. Мемлекеттік тіл – герман тіл тобына
жататын нидерланд ( голланд ) тілі. Солтүстік провинцияларда фриз тілі, ел
аумағында ағылшын, неміс тілдері кеңінен тараған. Ел Конституциясы ар-ождан
бостандығына кепілдік береді, сондықтан халықтың діни құрамы өте күрделі.
Жалпы алғанда, христиан дінін ұстанатындар басым (католмктер 32%,
протестанттар 22% ), басқа діндердің өкілдері халықтың 6%-ын құрайды.
Халқының елеулі бөлігінің белгілі бір діни ұстанымы жоқ.

Еңбек нарығында өндірістік емес сферада жұмыс істейтіндер саны басым
(67%), өнеркәсіпте 28%, ал ауыл шаруашылығымен және балық аулаумен халықтың
5% –ы ғана айналысады.

Шаруашылығы. Нидерланд экономикасының даму деңгейі жоғары ел ретінде
батыстың күшті дамыған 10 елінің қатарына енеді. Халқы ЕО халқының 4,5%-ын
ғана құрағанымен, ЕО қндіретін жалпы өнімнің 5,2%-ын береді. Ел
экономикасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың дамуы
Испания конституциясы
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Испания мемлекеті туралы мағлұмат
Испания (Espana)
Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасы географиялық орны, табиғат жағдайлары
Кипр түріктерінің әдебтиеті
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Пәндер