Мінез туралы



І Кіріспе
Кіріспе жайлы жалпы ұғым
ІІ Негізгі бөлім
1. Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы
2. Мінездің мәнерлі белгілері
3. Мінездің маңызы
4. Мінез құрылымы
5. Мінездің көріну сатылары
6. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
ІІІ Қорытынды
Әр адам дүниенің сансыз тітіргендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез – құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым – қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатыныстардың жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдардың қарым – қатынасынан көрініп тұрады.
Күнбе күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез – құлық амалына (жеке адамның ерік сапарлары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық – еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым – қатынастар, мінез құдық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетіне, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.
Іс - әрекетінің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінезінің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартымшақ мінез қалыптасады.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез – құлқы болады, ол қауіп қатерден бой тасаламайды, керек жерде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамдарға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуінде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өзінің мәнінде болмайды. “Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз” деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады.
1. В. В. Богословскийдің, А. Г. Ковалевтің редакциясымен “Жалпы психология” Алматы, “Мектеп” 1980
2. Под редакцией академика АПН СССР А. В. Петровского “общая психология” Москва “Просвящение” 1986
3. Қ. Жарықбаев “Психология” Алматы “Білім” 1993
4. www.effecton.ru/282.html-15K -Типы характера, изучение характера
5. www.ownbusiness.ru/text/chid/tipy-harakter-21K - Типы характера
6. www.karpowww.narod.ru/articles/tipharakterf.html-14K - Владимир Карпов. О типах характера

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология факультеті
Биотехнология мамандығы

Мінез

Тексерген: Байшүкірова А. Қ

Орындаған: І курс магистранты Байқара Баршагүл

Алматы, 2009
Жоспар

І Кіріспе
Кіріспе жайлы жалпы ұғым
ІІ Негізгі бөлім
1. Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы
2. Мінездің мәнерлі белгілері
3. Мінездің маңызы
4. Мінез құрылымы
5. Мінездің көріну сатылары
6. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
ІІІ Қорытынды

Мінез туралы жалпы ұғым

Әр адам дүниенің сансыз тітіргендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап
қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша
қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамның
үйреншікті әдетіне, мінез – құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда
әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым –
қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатыныстардың
жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол
әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген
іске, адамдардың қарым – қатынасынан көрініп тұрады.
Күнбе күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не
сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбаламшыл
болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық
қасиеттер), не мінез – құлық амалына (жеке адамның ерік сапарлары) қатысы
аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық – еріктік
қасиеттері жатады.
Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым – қатынастар, мінез
құдық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетіне,
тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.
Іс - әрекетінің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінезінің
толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол
қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі
аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартымшақ мінез қалыптасады.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез – құлқы болады, ол
қауіп қатерден бой тасаламайды, керек жерде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамдарға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету
жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуінде көрінетін адам
ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өзінің мәнінде
болмайды. “Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз” деп Абай
тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның
байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне
байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек
осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік
сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны
сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір
адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары
қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы,
біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ түрлі жағдайда түрліше қылық
көрсетуі мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға
болмайды. Өйткені ол әншейінже батыл, жігерлі болғанымен, бірде осындай
қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақта қасиеттердің мәні зор.
Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана
тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет,
темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір
тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша
сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің
қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса,
мінез бітістеріне өзіндік бояу, рең береді. Жақсы мінездің ықпалымен
темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді
қалыптастаруға ерік – жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі
де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, салбыр келеді.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, қоғамдық ортамен (мектеп,
балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар және т.б.) тығыз
байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез
өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ашбір бала
туысынан “еңбек сүйгіш” не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның
мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай
тәрбие процсінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен
жасайтын қарым – қатынасы белменді қарым – қатынас. “...Сөз жүзінде емес,
мінез – құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады” (әл-Фараби). Сондықтан да
оның қоршаған ортасын ғана өзгертпей, өзі де шама – шарқынша сол ортасына
тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс - әрекеті де мінез
бітістерінің қалыптасуында шектеуші роль атқарып отырады.

Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы

Мінез туыстан пайда болмаса да, жүйке жүйесінің, адамның табиғи жағының
ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекелеген бітімінің қалыптасуында
байқалып отырады. Жүйке процесінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не
баяулығы, күштілігі не әлсіздігі – бұлардың бәрі адамның іс әрекетіне,
мінез – құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі
адамның наным – сенімі бірдей болғанымен, оның бірі – қызба, шапшаң және
албырт, ал екіншісі – байсалды, парасатты болу ықтимал.
Жүйке жүйксінің типінен басқа мінезге организмнің басқа де
ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер
етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінің бұзылуы адам мінезінің күрт
өзгеруіне соғатыны байқалған.
Әр адамның мінезінен тұрақты және өзгермелі қасиеттердің бірлігін
іздестіруіміз қажет. Мінездің негізі, оның бас желісі біртіндеп
қалыптасады, өмір барысында ол нығайады да сол адамның типтік ерекшелігіне
айналады, ол мінездің нақты көріністері белгілі жағдайларда қарым – қатынас
ықпалымен өзгеріске түсетін болады. Оңашада, адам өзімен - өзі болған шақта
азды – көпті-ақ жарқынданады немесе тұйықтана түседі, батылдық не
батылсыздық, табандылық не солқылдақтық байқатады.
Сөйтіп, мінезді тұтастай алып қарағанда, ол әлеуметтік ортадан алынған
әсерлердің өзіндік интеграциясы болып табылады. Табиғи –иғылыми тұрғыдан
алсақ, жүйке жүйесі типтері бітімі мен ми қыртысында орныққан белгілі,
уақытша жүйке байланыстарының қорытпасы іспеттес нәрсе.
Мінез - өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып,
жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым – қатынасы ретінде қалыптасады.
Сондықтан мінез туа рпайда болады деу дұрыс емес. Сыртқы орта мен
организмнің заңдарын білетін адам тұрмыс жағдайын, мінез – құлқын өзгерте
алады.

Мінездің мәнерлі белгілері

Мінез тек қылық пен қимыл – қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен
жіне ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді.
Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жақсы ұлғаюының ғана емес, ол сондай –ақ
беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер
үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен
таңданған пішінді, екніші біреуден жаратпаушылықты байқауға болады.
Күлімсіреудің өзі мінез тұрғысынан түрліше болуы мүмкін, біреу көзімен
күлімсіресе, екінші біреу бұны бүкіл бет пішінімен байқатады. Адам
мінезінің ұлы білгірі Л. Н. Толстой былай деп жазды: “Көзі ғана күліп
тұратын адамдар болады, бұлар қу және эгоист адамдар. Көзсіз ауызбен
күлетіндер де бар, бұлар - әлсіз, табансыз адамдар, күлкінің осы екі түрі
де ұнамсыз”.
“Көз – адам жанының айнасы” деген соз бар. Шынында да, көз мінез бен
темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Толстой көзді
айлалы, нұрлы, мөлдір, мұңды, суық, жансыз деп бөлген.
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар
денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам
көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына таңып жүреді. Жағымпаз
адам иіліп, сөйлескен адамына жаутаңдап қарап, мүләйімсіп тұрады, көз
түбінен қуланған күлкі болар – болмас байқалады.
Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай
қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды.
Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес,
өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы
келеді.
Мысалы, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы
мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің
бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде, оқыс
жағдайларда жиі кездеседі.

Мінездің маңызы

Мінез адамның өмірін сәулелендіре отырып, сонымен бірге өмір салтына
ықпал жасайды. Табанды, қажыр – қайратты кісі қандай кедергіні болса да
жеңіп, өзінің көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын
тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. Осындай
мінезді адам қоғамға ас пайдалы болады, өйткені ол алда тұрған қоғамдық
міндеттерді шешуге белсенділік қабіле көрсетеді.
Мінез адамның жеке өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет. Ұжым өмірі
мен ондағы тіршілік, әсіресе, жұмыстағы әр адамның көңіл күйі осы
адамдардың мінез бітімімен де сабақтасып жатады. Кейде мінезі ауыр бір адам
бүкіл өндіріс ұжымына қырсығын тигізетін кездері болады. Осы адамның
әлегінен ұжымда, тартыс, қайшылықтар туады өсек өріс алады, бұл қалған
адамдардың жұмысына, көңіл күіне жаман әсер етеді. Керісінше ақкөңіл,
жайдары адамдар айналасындағылармен сыпайы, жолдастық қарым қатынаста
болады, жұртпен оңай шүйіркелеседі, жұмыста да, тұрмыста да бір – біріне
ілтипатпен қарап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Ұлттық мінез - құлықтың психологиялық сипаттамасы
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау
Қылмыстық ниет ұғымы
Мінез – құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Қоғамға жат мінез-құлық - саналы түрдегі ниет пен мақсат көрінісі
Пәндер