Жастар саясаты туралы



Кіріспе
1.Мемлекеттік жастар саясатының зерттеуінің теориялық.әдістемелік негіздері.
1.1 Жастар саясаты аясындағы Әлемдік қауымдастықтың және БҰҰ.ның тәжірибесі мен бағыттары.
1.2Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасуымен жүзеге асуы.
2. Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу барысында жастар қозғалыстарының орны мен маңызы.
2.1.Әлемдік қауымдастықтағы жастар қозғалыстарының қалыптасуы мен дамуы.
2.2.Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының аясындағы жастар қозғалыстарымен ұйымдарының рольі.
Қорытынды
Жалпы әрқашанда әлемнің оның барлық саласының бірегей әлемнің дамуы әрқашанда жастармен байланысты.Жастар және жас қоғам әрбір елде оның кез-келген саласында өзіндік орны бар әлеуметтік-саяси топ. Қазіргі таңда жылдан-жылға аймащқтық деңгейден халықаралық деңгейге дейін барлық жерде жастардың үнемі назарда екені барлығымызға мәлім. «Жас азаматтарды кез-келген жерде, кез-келген уақытта замагнымыздың кедергісі емес, керісінше даму процесіне үлкен үлесі бар қымбат қазына деп түсінуіміз қажет» деп 2003 жылы тамыз айында халықаралық жастар күніне арналған конференцияда БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мәлімдеген болатын. (1)
Әрқашанда жастардың тағдыры мен мемлекеттің тағдыры бірге жүреді. Осы екеуінің қандай қарым-қатынаста болатынынан екеуінің де бүгіні мен болашағы айқындалады. Қуатты саясат, әрқашанда қолдау көрсету, үнемі жастарға жағдай жасау осы факторлардың арқасында ғана өсіп келе жатқан ұрпақтың сеніміне кіруге болады.
Жастармен жұмыс істеу кез-келген мемлекет үшін тіпті бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе. Мемлекеттік жастар саясаты әрқашанда ерекше орынға ие болады. Оның пайда болдуы мен дамуын зерттеу қазіргі таңда саяси ғылымдардың ішінде орны бөлек. Кез-келген мемлекетте жастармен жұмыс істеу үлкен мәртебе. Сондай-ақ осы мәртебені түсіну және игеру дүниенің кез-келген түкпір-түкпіріндегі мемлекеттердің әрқайсысында әртүрлі дамыған. Жалпы айтқанда әр мемлекеттің жастар мәселесін шешуде өзіндік жолы мен өзіндік таңдауларымен келуде және осы мәселеде мемлекеттің орнын өзіндік белгілеуде.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі.
Жалпы әрқашанда әлемнің оның барлық саласының бірегей әлемнің дамуы
әрқашанда жастармен байланысты.Жастар және жас қоғам әрбір елде оның кез-
келген саласында өзіндік орны бар әлеуметтік-саяси топ. Қазіргі таңда
жылдан-жылға аймащқтық деңгейден халықаралық деңгейге дейін барлық жерде
жастардың үнемі назарда екені барлығымызға мәлім. Жас азаматтарды кез-
келген жерде, кез-келген уақытта замагнымыздың кедергісі емес, керісінше
даму процесіне үлкен үлесі бар қымбат қазына деп түсінуіміз қажет деп 2003
жылы тамыз айында халықаралық жастар күніне арналған конференцияда БҰҰ-ның
бас хатшысы Кофи Аннан мәлімдеген болатын. (1)
Әрқашанда жастардың тағдыры мен мемлекеттің тағдыры бірге жүреді.
Осы екеуінің қандай қарым-қатынаста болатынынан екеуінің де бүгіні мен
болашағы айқындалады. Қуатты саясат, әрқашанда қолдау көрсету, үнемі
жастарға жағдай жасау осы факторлардың арқасында ғана өсіп келе жатқан
ұрпақтың сеніміне кіруге болады.
Жастармен жұмыс істеу кез-келген мемлекет үшін тіпті бүкіл әлем
үшін өте маңызды мәселе. Мемлекеттік жастар саясаты әрқашанда ерекше орынға
ие болады. Оның пайда болдуы мен дамуын зерттеу қазіргі таңда саяси
ғылымдардың ішінде орны бөлек. Кез-келген мемлекетте жастармен жұмыс істеу
үлкен мәртебе. Сондай-ақ осы мәртебені түсіну және игеру дүниенің кез-
келген түкпір-түкпіріндегі мемлекеттердің әрқайсысында әртүрлі дамыған.
Жалпы айтқанда әр мемлекеттің жастар мәселесін шешуде өзіндік жолы мен
өзіндік таңдауларымен келуде және осы мәселеде мемлекеттің орнын өзіндік
белгілеуде.
Дүниежүзілік қауымдастықтың жастар саясатында орны ерекше.
Өйткені ол осы мәселені шешуде дүниенің жүздеген мемлекеттерінің
тәжірибесін жинаған. Дүниежүзінің тәжірибені зерттеу ол өте маңызды.
Себебі, жастар саясаты ол тек бір ғана мемлекеттік саясаты мен тағдыры
емес, керісінше бүкіл дүниежүзінің тағдыры мен болашағы. Бірақ бұны түсіну
өкінішке орайөте жай жүруде.
Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай, дүниежүзілік тәжірибені
қолдану алдында арнайы түрде оны жүзеге асыру жолдарын түсіну керек. Жалпы
айтқанда жүздеген жолдардың ішінен ең жақсысын немесе ең икемдісін таңдау.
Мәселен, АҚШ пен Еуропада қолданылған жолдардың қанша жерден тиімді
болғанымен, Қазақстанда, тіпті бүкіл Орта Азия елдерінде тиімсіз болуы
мүмкін.
Қазақстан – жас тәуелсіз, зайырлы, жастар саясатын құруда немесе
жүзеге асыруда терең тәжірибесі жоқ, бірақ сонымен қоса дүниежүзілік
қауымдастықпен тығыз қарым-қатынастағы мемлекет. Қоғамды жасқа бөлу
саясатында біз ең алдымен жастарға, өсіп келе жатқан жеткіншектерге,
сонымен қоса жас отбасыларына үлкен назар аударуымыз керек деген еліміздің
президенті Н.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында (2).
Сондықтан да мемлекеттік жастар саясатын әлемдік және ұлттық
дәрежеде зерттеу, оның даму деңгейін ескере отырып бқл саяси ғылымда үлкен
маңызы бар мәселе екенін түсінеміз.
Тақырыптың зерттелген деңгейі.
Жалпы тақырыптың маңыздылығы оның нашар зерттелуімен де тікелей байланысты.
Мелекеттік жастар саясатының шетелдегі тәжірибесі өкінішке орай Қазақстанда
оқытылмайды. Дәл осындай жағдай барлық бұрынғы кеңес үкіметінің құрамында
болған қазіргі ТМД елдерінде де байқалуда. Тек Ресей Федерациясында ғана
кішкене зерттеулер жасалған. Бірақ олар өте мардымсыз. Ресей
Федерациясының бұл мәселеде кішкентай үлесі ол Жастар саясаты: әлемдік
тәжірибе атты еңбекте БҰҰ-ның жастар саясаты жөніндегі жасалған іс-
шаралары Еуропа елдерінің тәжірибесі ретінде өте қысқа түрде көрсетілген.
(3).
Философия ғылымдарының докторы профессор
И.М.Ильинскийдің Жастар мен қоғам ғасырлар тоғфысында атты еңбегі қатты
назарға түсуде. Онда ВЛКСМ-нің сексен жылдығына арналған Мәскеуде өткен
халықаралық ғылыми конференцияда оқылған баяндамалар мен бағдварламалар
жазылған. Жалпы әлемнің жаһандануы мен әлемнің дамуының қатарында жасалып
отырған Ресей, Украина, Белоруссиядағы жастар саясаты жазылған. Онда
сонымен қоса 1997 жылы ЮНЕСКО-ның қабылдаған Қазіргі жастардың болашақ
жастардың алдындағы міндеті туралы декларация жазылған болатын.(4). Жастар
саясатының халықаралық тәжірибесі ретінде мемлекеттік баяндамада яғни
Ресей Федерациясының жастар саясатының бүгіні мен ертеңі 2001-2002
жазылып шыққан болатын.(5).
Ресей авторларының ішінен В.Т.Лисовскийдің Жастардың әлеуметі
кітабын қарай отырып, мемлекетік жастар саясатының әлеуметтік жақтарын
түсінуге болады. Сонымен қоса А.И.Ковалева мен В.А.Луковтың Жастар
әлеуметі: теоретикалық мәселелер сонда арнайы Жастар саясаты атты
бөлімді табуға болады.(6).
Ресей мемлекеттік жастар саясаты туралы жазған тарихм
кітаптардың ішінен И.М.Ильинскийдің кітаптарын айтуға болады. Соның бірі
Жастар және жастар саясаты. Онда жастар мен жастар саясаты туралы
зерттеулердің нәтижелерінің көп жылдық жинағы жазылған. Ол кітапта жалпы
жастар саясатын философиялық тарихи, әлеуметтік және т.б. салалардан
қарастырылады. Бұл жалпы посткеңестік территорияда жастар мепн жастар
саясаты туралы шыққан ең маңызды еңбек деп атауға болады.(7).
Жастар мен жастар саясатының зерттелуі туралы жазылған
мағлұматтық басылымдардың ішігнен Жастар саясаты атты бюллетень мен
ғылыми конференцияның қорытындыларын айтуға болады. Бұл бюллетень
мемлекеттік органдар мен Ресей Федерациясының жастар саясатымен
айналысатын арнайы бөлімдер мен институттарға 1992 жылдан бастап
таратылады. 2000 жылы бюллетенінің екі жүзінші номері шықты. Шығу жылына
қараматан бюллетень ғылыми және практикалық қызметкерлердің қызығушылығын
тартуда. Өйткені онда жастар саясаты жөніндегі шешімдер мен жүзеге асыру
жолдарының бағыттары көрсетілген. Жалпы Ресейде мемлекеттік жастар саясаты
зерттеу барсында философиялық-тарихи әлеуметтік ғылымдар пайдаланған. Ал
саяси ғылымдар аясында бұл мәселе қарастырылмаған. Тек Д.Н.Нечаевтің 80
жылдардағы ФРГ-нің саяси жүйесіндегі жастар бірлестіктерінің орны мен
маңызы және Г.М.Мансурованың Студенттік жастардың саяси стереотиптері
атты кандидаттық жұмыстар ғана бар.(8). Сонымен қоса осы бағытта бірнеше
Өзбекстан мен Тәжікстанда жазылған еңбектерді атауға болады.(9).
Қазақстанда саясаттану аясында мемлекеттік жасмтар саясатын
зерттеген арнайы диссертациялар жоқтың қасы. Бұған арнайы жыл сайын шығатын
диссертациялардың сараптамалық талдау көрсетіп отыр.(10). Сонымен қоса
жоғарыда аталған проблеманы Д.А.Сатпаевтің Қазақстандағы саясы ғылым.
Ғылымның жағдайы атты кітабында да жазылған.(11).
Саяси ғылымдар саясында осы тақырыпты қозғаған Қазақстандағы
екі диссертация бар. Олар. Ш.Омаровтың Жастар арасындағы саяси процесс
және Д.А.Калетаевтің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асыру аясындағы мемлекет пен жастар бірлестіктерінің қарым-
қатынасы (12). Сонымен қоса Н.П.Калашникованың Қазақстандағы балалар
құқықтарын қорғау аясындағы мемлекеттік саясат атты диссертациясы
бар.(13). Әрине, олардың өздерінің қозғаған проблемалары туралы кішігірім
мақалалары жария көрген.(14).
Гуманитарлық ғылымдардың басқа салаларында да кішігірім
ғылыми еңбектер бар. Олар: Тарихи ғылымдар аясында қорғалдған
О.А.Құрамысовтың Қазақстанның жастар саясаты: тарихы, тәжірибесі, қазіргі
жағдайы еңбегі 1985 пен 1991 жылдар арасындағы жасалған істері туралы
жазылады. Сонымен қоса А.К.Самаевтің 80 жылдардың басы мен 90 жылдардағы
Қазақстандағы жастар саясатын құру мен жүргізу тәжірибесі атты
диссертациясы Мәскеуде жастар институтында қорғалған.
Сонымен қоса тарихи ғылымдар аясында осы проблеманы зерттеген
Н.З.Нигматуллиннің 1991-1995 жылдар арасындағы Қазақстандағы
демократияландыру саясатындағы жастардың маңызы атты диссертациялық
еңбегін атап кетуіміз қажет. Автор өзінің еңбегінде толығымен жастардың
тәуенлсіздік алғаннан бастап елдегі жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-
дәстүрлік, сонымен институциолизацияландыру саясатына өз қатарының қосқан
үлестері туралы жазады.(16).
Әлеуметтану ғылымдарының аясында тікелей осы мәселені зерттеген
диссертациялар жоқ. Жастардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы олардың
әлеуметтенуі, көзқарастары туралы бірнеше диссертациялар бар.(17). Сол
диссертациялармен қатар көзге түсетін Ш.Е.Жаманбалаеваның Қоғам және
жасөспірімдер: девянттық мінез-құлықтың әлеуметтік аспектлері атты
монографиясы көзге түседі.(18). Сонымен қоса Қазақстандық жастар ғасырлар
тоғысында атты коллективті еңбекті ескеруге болады.
Отандық саясаттанушылардың, өсіп келе жатқан жасөарілрімдердің
өмірлік ұстанымдарының жан-жақты аспектлерін, сонымен қоса жастарға деген
саясатты, мемлекеттің және де қоғамдық бірлестіктердің жастарға деген
көзқарасын зерттеуде.Бірақ, көптеген мақалалар жасалып жатқан ғылыми
зертеулерді бөліп-бөліп қана көрсетеді.(20). Өзге елдердің жастар
проблемасын шешу тәжірибесін зерттеу пайдаланбауда. Сонымен қоса жастар
саясатын шешудегң салыстырмалы анализдер де пайдаланбауда. Мәселен, әлемдік
қауымдастық пен Қазақстан Республикасы. Арнайы мағлұматтық материалдар мен
ТМД елдерінің жастармен жұмыс істеу жөніндегі саясатын анықтайтын, сондай-
ақ ТМД елдеріндегі жастар саясатының құру және жүзеге асыру жайындағы
ғылыми еңбектер ескерілмеуде.
Жалпы еңбектер мен зерттеулердің барлығына көз жүгірте келе
мемлекеттің жастар саясатының мәселесі ұлттық және халақаралық деңгейде
толығымен зерттелмегені сондай-ақ саяси салыстырмалы анализдің жоқтығы
көрініп тұр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: бүкіл әлемнің жастар саясатын
шешудегі тәжірибесін зерттеу; халықаралық тәжірибеге сай Қазақстан
Республикасында осы саясатты құру мен жүзеге асыру; осылардың барлығын
ескере отырып Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының
өнімділігін арттыру үшін арнайы кеңестер мен ұсыныстар жасау.
Задачи исследования келесілер:
- әлемдік қауымдастықтағы жас ұрпақтың орны мен маңызын анықтау;
- мемлекеттік жастар саясатын арнайы саясатың бағыттарының бір бөлігі
ретінде және оның әдістемелдік-концептуалдық негізін анықтау;
- халықаралық деңгейдегі мемлекеттік жастар саясатының негізгіә
бағыттарын айқындау;
- БҰҰ-ның посткеңестік аймақтағы жастар саясатына қосқан үлесіне талдау
жасау;
- Кеңес үкіметінің жастармен жұмыс істеу әдісі, оның ішінде ВЛКСМ-нің
ролі;
- мысал ретінде Қазақстан Республикасының аясында әлемдік қауымдастық
пен келісе жүргізілген мемлекеттік жастар саясатының деңгейін көрсету.
Зерттеу пәні әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттік жастар саясаты,
оның Қазақстан Республикасында халақаралық тәжірибемен алмаса отырып, пайда
болуы мен жүзеге асырылуы.
Әдістемелік және теоретикалық негізі: жұмыстың әдістемелік және
теоретикалық негізі болып институционалды, құрылымдық-функционалды, және
салыстырмалы-тарихи тәсілдер. Зертеу жүргізу барысында жастар саясаты
жөніндегі көптеген теоретиалық еңбектер мен шетел және отандық ғалымдардың
еңбектері пайдаланды. Зерттеу жасау барысында статистикалық, әлеуметтік
және контент талдау тәсілдері пайдаланды.
Источниковая база: көптеген құжаттар, соның ішінде халықаралық
құжаттар, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы
мен өзге елдердің заңдар жинағы, сонымен қоса мұрағат материалдары
пайдаланылды.
Пайдаланған еңбектердің маңызды тобын Қазақстан Республикасының
президентінің еңбектері құрайды, олар елдіміздегі, тіпті халақаралық
деңгейдегі мемлекеттік жастар саясатының өзекті сұрақтарына жауап
береді.(21).
Зерттеу жұмысында бірінші болып орыс тілінде шыққан халықаралық
құжат Жастар саясаты жөніндегі халықаралық құжаттар. Бес бөлімде
халықаралық жастар күніне арналған БҰҰ-ның құжаттары жарияланған; жастар
саясаты жөніндегі БҰҰ-ның құжаты; Адам құқықтары жөніндегі құжаттар
топтамасы; мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі Ресей Федерациясының
құжаттары; жастар саясаты туралы БҰҰ-ның сараптамалық кейбір
құжаттары.(22). Ресей үкіметінің тәжәрибесі туралы кейбір арнайы жинақтар,
Жастар саясаты атты мағлұматтық бюллетень, сондай-ақ БҰҰ-ның қызметі
туралы кейбір құжаттар пайдаланылды.
Қазақстандық құжаттардың іщінде мемлекеттік жастар саясатын
қозғайтын арнайы құжаттар аз, бірақ мерзімді басылымдарда шығарылған, ең
алмымен ол Егемен Қазақстан, ал Қазақ ССР-нің Мемлекеттік жастар саясаты
туралы заңы тек қана 1991 жылы 12 тамыз күні шыққан Ленинская смена атты
еңбекте ғана бар. Соңғы жылдары мемлекеттік жастар саясаты туралы арнайы
жинақтар шыға бастады. Ең бірінші болып шыққан жинақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жастар саясаты атты орыс және қазақ тілінде
шыққан болатын. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар
саясатының концепциясы Қазақстан жастары атты бағдарлама және Қазақстан
жастары – 2000: жағдайы мен дамуы атты мемлекеттік баяндама жазылған
болатын.(23). Жинақты Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінің қызметкерлері жасаған болатын.
ҚР-нің МАҚКМ сонымен қоса төрт томдық Мемлекеттік жастар
саясаты. Тәжірибе және даму жолдары атты жинақ шығарған болатын. 2003 жылы
осы жинақтың бірінші бөлімі шықты. Жинақтың ішінде мемлекеттік жастар
саясатының кейбір аспектілері жазылған. Жинақтың көп бөлігін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жастас саясатының концепциясы сонымен қоса
жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарлама алып тұр.(24).
2003 жылы жоғарыда айтылған жинақтың екінші бөлімі шықты.(25).

1.Мемлекеттік жастар саясатының зерттеуінің теориялық-әдістемелік
негіздері.

1.1 Жастар саясаты аясындағы Әлемдік қауымдастықтың және БҰҰ-ның тәжірибесі
мен бағыттары.

Халықаралық дәрежеде жастар саясатын жүргізуге мүдделі
ұйымдардың бірі ол БҰҰ. 1985 жылы БҰҰ халықаралық дәрежеде халықаралық
жастаржылы деп жариялаған болатын. Басты ұстанған ұраны алаш туы қатысу,
даму, бейбітшілік.
1995 жылы халықаралық жастар жылының 10 жылдығына БҰҰ бүкіл
әлем жастарының құқықтарымен бостандықтарын саяси-әлеуметтік, мәдени
тұрғыдан қорғайтын бағдарлама жасаған болатын. Бұл бағдарлама 2000 жылға
дейін жүзеге асуы керек болған. Осы бағдарламаға сай әр жыл сайын БҰҰ бүкіл
осы ұйымға мүше елдердердің жастар саясаты жөніндегі министрлерінің
қатысуымен дүниежүзілік деңгейде Дүниежүзілік жастар конференциясы деп
аталатын форум жүргізіп отыруда.
Неше түрлі жастар туралы бағдарламалардың барлығын ескере
отырып БҰҰ жастар саясатын дамыту бағытында көптеген іс-шаралар
жасауда.Сонау үлкен БҰҰ-ның жастар істерімен айналысатын ол Жастар ісі
жөніндегі топ болатын. Бұл топ көптеген жастарға арналған
бағдарламаларды, көптеген немесе жыл сайын жастар дүниежүзілік
конференциясын, көптеген мемлекеттердің үкімет қызметкерлерімен жұмыс және
сонымен қоса Дүниежүзілік жастар форумында БҰҰ жастар ісі жөніндегі топ
ретінде жастар мүддесін қорғайды.
Жастардың көптеген мәселелері соның ішінде білім беру,ғылым және
мәдениетүнемі БҰҰ-ның назарында болуда. Әсіресе ЮНЕСКО-ның талқылауында.
Бұл жалпы жастар мәселесі жөніндегі көпгенен сұрақ-жауаптарды жүргізу,
жастар туралы және жастарға көптеген мәліметтерді жеткізу, саяси жағынан
тәрбиелік және мәдени бағдарламарды ойлап табу және соларды жүзеге асыру.
ЮНЕСКО-ның өзіндік жұмыс істеу бағдарламасында жастар жөніндегі басты
мәселелер: Жастарды кез-келген мемлекетте кез-келген уақытта өз құқығын
қорғай алатындай жағдайда саяси білімділікке тәрбиелеу;Жастардың және жас
жанұялардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау; Ауылдық өлкелерге
денсаулықты қорғау және білім беру саласындағы мамандықтарындағы жастарды
тәрбиелеу; Көптеген үшінші дәрежелі мемілекеттерде жастарды саналыққа
тәрбиелеу жөнінде үкіметтеріне кеңес беру жөнінде. ЮНЕСКО басты мәселесі –
ол дүниежүзілік жастар қауымдастығын адамзат құқұғын қорғауға, бибітшілікті
сақтауға және даму маәселесінде ортақ мүдделерді қоюға шақыру. ЮНЕСКО дүние
жүзілік жастардың дініне, тіліне, тегіне қарамай араларындағы қатынастарын
жақындату үшін көптеген бағдарламарды немесе жүзеге асып отырған істерді
одан әрі дамыту, жергілікті аймақтық, мемілекеттік және дүние жүзілік
дәрежеде көптеген жастар мәселесі туралы бағдарламаларды жүзеге асыруда.
ТМД елдерінен ЮНЕСКО-ның құрамында үнемі жұмыс істейтін тек қана екі елдің
өкілеттілігі бар – олар Қазақстан мен Ресей. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен
Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану университетінде Білім және Ғылым
министірлігінің қолдауымен ЮНЕСКО- ның кадрлары жұмыс істейді.
Республикалық деңгейде жұмыс істейтін ЮНЕСКО жөніндегі ұлттық
комиссия атты комиссия жұмыс істейді. Бұл комиссияның деңгейі жөнінде
еліміздің үкіметінің 7 тамыз 2000ж. қаулысымен көрсетілген. Осы қаулыға сай
жоғарыда айтылған комиссия үкіметтік емес кеңестің – ағартушылық комиссия
болып саналады. Көпгеген жастар ұйымдары, мемлекеттік емес ұйымдар жалпы
ғылым, білім және мәдениет саласында жұмыс істейтін көптеген ұйымдармен
қарым-қатынаста жұмыс істейді, налично сонымен қоса ҚР-ның ЮНЕСКО-ның
халықаралық дәрежеде жүргізіп отырған бағдарламаларымен тығызбайланыста
болуына міндетті. [26]
1946 жылы желтоқсан айында II дүние жүзілік соғыстан кейінгі зардап
торын шеккен балалармен жастардың жағдайын көтеру бағытында БҰҰ – ның Бас
Ассамблеясы Дүние жүзілік жастар жағдайын қорғау жөніндегі БҰҰ – ның
фондын жүзеге асыру керек деген шешім қабылдады. 1953 жылы толығымен
Европаны қалпына келтіру жылдарында жастарғадереу көмек көрсету мәселесінің
актуальдылығы өз күшін жоя бастады. Сонымен 1953 жылы қазан айында жоғарыда
айтылған ұйым жай ғана БҰҰ – ның балалар фонды немесе ЮНИСЕФ деп атала
бастады. Бұл ұйым ең алдымен білім беру және денсаулық сақтау саласында
көптеген енді дамып келе жатқан мемлекеттерде жұмыс істей бастады. Көптеген
басқа да БҰҰ – ның құрамында жұмыс істейтін қорлар ішінде өз орны бөлек
болды. 1965 жылы бұл қор яғни ЮНИСЕФ жастар құқығын қорғау мен тәрбиелеу
жөнінде аянбай жұмыс істегені үшін Нобель сыйлығын алған болатын. ЮНИСЕФ –
тің бастамасымен БҰҰ – ның қолдауымен 1989 жылы балалар құқығы жөінде
конвенция қабылданған болатын. Осы конвенцияны халықаралық дәрежеге жете
отырып балалардың құқықтарын күнделікті өмірдегі деңгейден дүнижүзілік
деңгейге дейін қорғаушысы болды.
ЮНИСЕФ – тің басты басқарушы органы – ол атқарушы болып
табылады. Жалпы ол ЮНИСЕФ – тің дүниежүзілік аренада істеп жатқан
бағдарламаларын талқылаумен алынған бюджетті қабылдайды. Басты басшылық
ететін орган АҚШ – тың Нью – Иорк қаласында орналасқан. Ол өзінің көптеген
өкілеттіліктері арқылы жұмыс істейтін олардың саны 160-200 ге жуық
мемлекеттерде орналасқан. Сонымен қоса ұйым көптеген жерлерден көмек
көреді: Донор – мемлекеттер, ЮНИСЕФ жөніндегі ұлттық комитеттерден[27],
үкіметтік емес ұйымдардан, атақты адамдардан. БҰҰ – ның бұрын құрамына
кірген бүгінгі күннен бастап Қазақстан ЮНИСЕФ – пен бірге тығыз жұмыс
істеуде Республикамыздың бастауымен ЮНИСЕФ – тің компаниясы Қазақстан
Республикасының жастар саясатының бастауларына өте уытты тез арда болып
кеткен болатын. 1992 жылы қоры атында еліміздің басшысы Н. Назарбаев дүние
жүзілік жастар 86құқығын қорғайтын декларацияға қол қойған болатын.
Қазақстан мен ЮНИСЕФ – тің арасында қарым – қатынас одан әрі тығыз
дамуына 1986 жылы БҰҰ – ның балалар құқтары жөніндегі конвенциясын
Қазақстан Үкіметі 1994 жылы қолдауының нәтижесінде қол жеткізген болатын.
Бұл конвенция ең бірінші Қазақстан тәуелсіз республика ретінде қол қойған
халықаралық құжат болатын. Қор Қазақстанның жастары мен балалардың
құқықтарын қорғау жайында жүргізіліп отырған іс – шараларын қолдауды
ЮНИСЕФ – тің қолдауымен және Республикалық Бөбек қорының арқасында 1996
жылы Алматыда халықаралық дөңгелек үстел өткізген болатын. Қазақстан мен
Орталық Азияда балалар құқықтары жөніндегі конвенцияның орындалуы деп
аталатын дөңгелек үстелге көптеген Орталық Азия елдерінің жастар жөніндегі
департаменттерінің басшылары кездескен болатын. Дөңгелек үстелде Жастар
мен балалар құқықтары мен бостандықтарын дүние жүзілік конвенцияға сай
дәрежеде қорғау жөніндегі мемарандумға қол қойылған болатын. 1997 жылы
Қазақстан Республикасы бірінші рет атқарушы кеңестің құрылымына алынды. Сол
жылы Алматыда Аймақтық ЮНИСЕФ – тің кеңсесі ашылған болатын. 2001 жылғы 10
сәуірде қабылданған Қазақсан Республикасының БҰҰ – ның ЮНИСЕФ ұйымымен
арасындағы қарым – қатынасы жөніндегі заң жобасына көптеген толықтырулар
енгізген болатын.[28]
Жоғарыда көрсетілгендей еліміздегі жастардың мүддесі мен құқықтарын
қорғайтын мемлекеттік жүйе құру барысынеда әрқашанда шетелдік толығырақ
айтқанда дамыған АҚШ және басқада елдердің мемлекеттік жастар саясатын
жүгізумен нәтижесіне жету процестерінің тәжірибесін пайдалану нұр үстіне
нұр болар еді. Ал енді сол жердегі жастар мүддесін қорғайтын тек
мемлекеттік арнай бөлімдер ғана емес көптеген жағдайларды ескере отырып жас
ұрпақтың құқығын қорғаушы бірлестіктермен қозғалыстардың бүгінгі жағдайын,
өткен саяси тарихи жолдарын және болашақ бағдарламаларына назар салайық.
Жапония (шетел мемлекеттерін қарасвтырған жағдайда ең алдымен алыста
жатқан жолбарыс, дамыған мемлекетті қарастырмастан бұрын ең алдымен саяси
тәуелсіз тарихының ортақтылығы бар Азия құрлығының ең дамыған мемлекетінің
бірі ол Жапония мемлекеті. Жапония тәуелсіз дәстүрлі саяси аренасы
қалыптасқан, мемлекеттік жастар саясатын құрумен іске асыру барысын тарихи
тәжірибесі мол мемлекет.Жоғарыда айтылғандай еліміздіңс мемлекеттік ж астар
саясаты өте жас, ал Жапон мемлекетінің саяси жүйесіндегі жастар мүддесін
қорғау өте көне заманнан дамып келуде. Мәселен оған дәлел ретінде негіз
болатын ол екін ші дүнижүзілік соғыстан кейін Жапон мемлекеті өте қиын
жағдайға түскені белгілі. Солардың бірі қоғамның ең белсенді және ең әлсіз
тобы жастарда өте қиын жағдайда болғаны белгілі.Бірақ Жапония мемлекетінің
үкіметі оған қиындықтарға болашақ көз-қараспен қарап 1951 жылы яғни
соғыстан кейін арнайы елдегі барйлық жастардың көз-қарасымен мақсаттарын
біріктіру үшін аркнайы жапон жастар қозғалыстарының ұлттық бірлестігі атты
кеңестік бірлестік құру еді. Бұл бірлестіктің яғни жастар қозғалыстарының
бірлігіне 11 милионға жуық жас жеткіншектер мүшелігін біцріктьірді.
Сонымен қатар құрамында 21 ұзақ уақыт өмір сүріп келе жатқан жастар
қозғалысы мен 16 ға жуық жаңадан пайда болған жастар қозғалысы енген
болатын. Енді солардың ең ірілеріне назар аударсақ:
- Жапондық еркін жастардың ассоцияциясы;
- Жапонияның әлеуметтік – демократиялық жастары;
- Халықаралық жастар ассоцияциясы;
- Жапондық жастардың клубы, т.б.
Жапонның әлеуметтік-демократиялық жастары атты қозғалыстың
құрылғанына 12 жыл болды. 1994 жылы жапон елінің жастарының негізінде пайда
болды. Жалпы бұл қозғалыс ірі саяси партияның, яғни Жапон әлеуметтік-
демократиялық партияның жапон саяси жүйесінен кетуінен белсенді жұмыс
істей бастады. Жалпы елдегі саяси аренаны ескере отырып, Жапон мемлекетінде
45 ке жуық ірі жастар қозғалыстары өмір сүруде. Бұл қозғалыстардың әртүрлі
салаларда жастар мүдделерін түгелімен қорғаушы болып бөлінгені белгілі.
Жапон мемлекетінің мемлекеттік жастар саясатын жүргізу барысында
мемлекеттегі жастар қозғалыстарының халықаралық дәрежедегі орны бөлек.
Олардың орны бөлек болуына себеп елдегі жастар қозғалысының белсенділігі,
олардың мүшелерінің санының көптілігі, сонымен қоса елдегі мемлекеттік
жастар саясатын жүргізу тәжірибесінің молдылығы, яғни 40-50-ге жуық ұзақ
уақыт бар.
[Турция] келесі қарастырып отырған мемлекеттің саяси жүйесіндегі
мемлекеллік жастар саясатының орны мен жүргізілу бағыттары мүлдем бөлек.
Түркия мемлекетінің жастар саясатын және жастар мүддесін қорғаушы іс-
шаралардың барысын сол елдегі мемлекеттік мекемелер мен министрліктер
бақылап, жүргізіп отырады.
1983 жылы ортақ елдегі саяси аренада жастар мүддесін қорғап жүрген
мекемелер мен жастар қозғалыстарының шешімімен жыл сайын тойланатын Жастар
аптасы атты бүкіл мемлекеттің барлық 12-24 жас шамасы арасындағы барлық
азаматтардың тойлауымен өтеді. Өйткені мейрам Ататүрік және түрік елінің
жастарының мейрамы деп аталады. Жалпы Түркия елінде өмір сүріп келе жатқан
жастар қозғалыстарының тек қана мемлекеттің саяси аренасымен қатар шетел,
яғни халықаралық деңгейде өте белсенді. Енді солардың біразымен танысып
кетсек:
- ЮНЕСКО
- ЕСО
- CDE
- DSI
- Еуропалық кеңес, т.б.
Жалпы Түркия демократиялық даму жолын таңдаған мемлекеттердің бірі
болғандықтан мемлекеттегі жастар қозғалыстарының шетел жастар
қозғалыстарымен, сонымен қоса халықаралық ұйымдармен ісшаралар жасауының
үкімет тарапынан толығымен қолдауда.
[Үндістан]. Жалпы Үнді мемлекеті – көптеген діни, мәдени көзқарастардың
ошағында тұрған мемлекет. Бұл елдегі елдің жастар саясатының көптеген
бағыттарының ішінде жастар саясаты ерекше орынға ие болуда. Жалпы ерекше
айтып кететін жайт, Үндістан мемлекетінің жалпы азаматтарының ортақ санының
құрамындағы жастардың саныныңс көптігі. Сондықтан да елдегі жастар
саясатына деген көзқарасты көбірек бөлу керек дегенді түсінген Үнді
мемлекетінің үкіметі жылдан-жылға дейін қаражатпен көптеген іс-шаралдарды
қарастыруда. Жоғарыда айтылғандай әр мемлекет өзінің жалпы мемлекеттік
саясатында жастар саясатының маңыздылығын, соның ішінде бағытын таңдайды.
Үнді мемлекетінің таңдаған бағыты – ол жастардың оларды құқықтық жағынан
қорғайтын қозғалыстардың басты қозғайтын бағыты ол интеллектуалдық жастарды
тәрбиелеу. Әрине, қазыргі таңда Үнді мемлекетінің интеллектуалдық шараларға
қаражаттың бөлінуі жылдан-жылға көбеюде.
Жоғарыда айтылғандай, Үндістан қозғалыстары жастардың санының көптігі
белгілі, сондықтан да ол жастардың іс-шараларды толығымен лигитимділеуүшін
көптеген жастар қозғалыстары мен бірлестіктері өмір сүріп келеді. 1988 жылы
жалпы саяси театрда жастар саясатын толығымен реттеу мен бақылау үшін
арнайы Жастар саясаты туралы заң жобасы жасалып қабылданған болатын. Бұл
заң толығымен жастардың тұрмыстық деңгейден бастап саяси аренадағы деңгейге
дейін жастардың мүддесі мен құқықтарын мемлекеттік дәрежеде қорғайды.
Елдегі жастар қозғалыстарының ең ірілерінің бірі ол Джавахару Нерудің
жастары атты 15 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан саяси-әлеуметтік топ
немесе ұйым. Бұл қозғалыстың басты мақсаты жастарды патриоттық сезіммен
жастар құқықтарын арнайы ұйым болып есептеледі. Тікелей Үндістан жастарымен
жұмыс атқаратын жастар қозғалыстары мен жастар клубтарының саны 180000 ға
жуық екені назарға түсуде. Жалпы Үндістан елінің көптеген жастары шетел
елдерінің дүрдей жоғарғы оқу орындарында оқиды. Бұл да бір мемлекеттік
жастар саясатының интеграциялық қабылеттерін жоғарылату бағытындағы
саясатының барынша тиімді жүргізілуін қарастыруда деп атау керек. Жалпы
Үнді мемлекетіндегі екі ірі жастар қозғалыстарын атап көрсетуге болады:
олар:
- Үнді елінің жастар конгресі,
- Үнді елінің студенттерінің ұлттық кеңесі.

1.2Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының
қалыптасуымен жүзеге асуы.

Жастар саясаты – мемлекеттік мүдде. Өскелең буынын ойламаған
мемлекеттің болашағы жоқ. Демек, жастар сачясаты мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарының бірі ретінде жастардың өсіп-өркендеуін, азаматтық
қалыптасуын алғышарттайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық
жағдайларды құрып, нығайтуды көздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін
мемлекетке ең алдымен концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт.
Міне, осы міндетті іске асру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай
жүруіне септігін тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі,
жастар саясатының тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық. Мемлекеттің
көбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей, жастар мәселесінің
спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымдарымен ерекшеленетіні
белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының
қалыптасуы және іске асуы ерекшеліктерін осы салаға ретроспективті талдау
жасау арқылы көре аламыз. 1990 жылдарға дейін жастармен жұмыс істеудегі
көплеген функцияларды комсомолдың атқарғаны белгілі. Жастармен жұмыс істеу
барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің барлық саласында өте жоғары
тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз керек. Жасөспірімдерді патриотизмге,
еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен
қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмиыс істеді. Комсомолдыің тарихи
тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оеың кеңестік қоғамдағы орны мен маңызын
айқындап, жалпы алғанда жастардыңрухани дамуын қанағаттандырмады деп айтсақ
қателеспейміз. Студенттік құрылыс отрядтарының, оқушылардың өндірістік
бригадаларының, жоғары кластардың еңбек және демалыс лагерьлерін; Золотая
шайба, Кожаный мяч, Белая ладя спорттық клубтарын; Студент және
ғылыми-техникалық прогресс конкрустарынан кейін; қоғамдық мамандықтар
факультеттерін; жасжазушылардың, композиторлардың кинематограф мен
басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника, өндіріс және өзге де
салаларды еңбек ететін жастарға сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін
комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз бар. Жоғарыдағы
көрсетілгендердің барлығы бір мақсатта – жас патриоттар болуын
қалыптастыру, балалар мен жастарды шығармашылық еңбекке және отанды
қорғауға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін тәрбиелеуді
көздегені рас. Мысалы, тек осы жастардың араласуымен ел ішінде жаңа
қалалар, энергетикалық әскери-өндірістік кешендер құрылды. Сондықтан
бүгінгі жастардың патриотық тәрбиесіне комсомол тәжірибесінің берері мол
деп есептейміз. Жалпы комсомолдың жастар тәрбиесіндегі орны мен маңызы
туралы айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек.
Ол көбінесе мывнандай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің
негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды
демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленді.
Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды іс-
әрекетін өзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де
қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер
ұйымдарының көптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс
істеу механизмдерін қайта құру қажет. Бүгінгі елбасының қолдауымен
мемлекетік жастар саясаты концепциясы, үтір барлық облдыстарда жастар
саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару
органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен,
осындай бағытта бекітілген Қазақстан жастары – 2009 бағдарламасы жеті
бағытты қамтыған: жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау; жас азаматтардың
жан-жақты білімі мен тәрбиесі; әлеуметтік-экономикалық қолдау мен
қамтамасыз ету: жастардың денсаулығын қорғау, жастардың адамгершілік-мәдени
және рухани қалыптасуы; жас отбасыларды қолдау; жастар саясатының
инфраструктурасын дамыту. Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар
саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық
механизмдерін ойластыру. Біздің ойымызша, осы бағдарламаны қаржыландыру тек
республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс және де бұл салаға
халықаралық ұйымдардың араласуы орынсыз. Өйткені, жастар мемлекеттің
стратегиялық әріптесі, ұлттың рухани өзегі болмақ. Қазіргі таңда
мемлекеттік грант санын екі есеге дейін өсіру мен студенттік стипендияны ең
аз жалақының деңгейіне көтерілуі орынды шара болып отыр. Сонымен
біргежастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық
жеңілдіктер беру күн тәртібіндегі мәселе екені рас. Соңғы уақытта
қабылданған Жастар туралы заң жастар ұйымдарының пікірінше қордаланған
жастар мәселесін шешуге және олардың білім, медицина, еңбек нарығындағы
қызығушылықтарын қорғау,а ат салысады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
ойынша қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға
толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалрдың тірегі
мен қозғаушы күшіне айналуда. Әрине, республикамыздағы әр үшінші адам
жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын
емес. Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан
құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды.
Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын
жастар проблемасына аударуының бірден-бір айғағы –Қазақстан Республикасы
Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы
болды. Өкінішке орай үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органның
қоғамымыздың көптеген әлеуметтік, бірінші кезекте өспірімдер мен жастардың
мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты проблемалар шешуде балалар, жастар
және басқа да үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар
жүргізудің орнына, жеңілтек, сауықтық мағынадағы іс-шараларға көбірек ден
қоятыны жасырын емес. Бүгінгі таңда жастардың патриоттық сезімін, өз еліне
деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің
маңызы зор. Сондықан, билік өкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі
бойынша атқаратын жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы өзара
әрекеттестіктің біріне- әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі
Қазақстан үшін жастар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті
құруда жастардың өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие
екендігі айтпаса да белгілі. Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28-ші маусымда
Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы №722 –XII заңы жұмыс
істегені белгілі. Заңда жас жанұяларға үй алуға немесе салуға ұзақ мерзімді
пайызсыз несие алу, мемлекетік болып табылатын барлық транспорт түрлеріне
жүретін 50 пайыздық жеңілдіктер беру, жылына екі рет еңбек демалысын беру,
дүниегне сәби әеклген жағдайда жас жанұяларға ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз
беру, өндірістерде салық төлеу кезінде ученическое, студенческое,
молодежное мәртебесемен жеңілдіктер жасау қарастырған.
Оның үстіне, жұмыссыз жүрген жасаазаматтарға: барлық мемлекеттік
өндірістерге, өнеркәсіптерге, ұйымдарға жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға
квота тағайындау; мемлекеттік оқу орнын бітірушілерге, жас әскери
қызметшілерге, үш жылдан астам еңбек стажы барларға жұмысқа орналасуға
ұсыныс беру; жұмыс іздестіру кезіндеқиыншылықтар көоген, сондай-ақ жұмыссыз
ата-аналары немесе оларды ауыстыратын кісілері барлар, бас бостандығынан
айырылғандар отыратын жерлерден келген азаматтар, зағип жандар, еріксіз
келген мигранттарға еңбекке орналасуда әлеуметтік қорғалуды талап ететін
кепілдіктер берілген. Тіпті, жас азаматтарға Қазақ ССР-нің және өзге де
одақтас республикалардың оқу орындарында коммерциялық негізде оқуға ақы
төлеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімде несие беру қарастырылған болатын.
Алайда, 1991 жылдан кейінгі уақытта бұл заңның көптеген баптары бүгінгі
Конституция мен заңдық актілерге енбей, олардың осы бағыттағы әрекеттері
тоқтатылды. Келесі кезекте тоқтатылған Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар
саясаты туралы заңның көптеген әлеуметтік баптарына сәйкес келетін
өзгертулер мен қосымшалар болды.
Сөз жоқ, қазіргі кезеңде жастар саясатының жаңа нормативтік-құқықтық
базасын құруда жоспарланған іс-шараларға сәйкес жұмыс атқарылуда. Бұл
бағыттағы маңызды қадам ретінде республика азаматтарының, оның ішінде
жастардың міндеттері мен құқықтарының негізі, қоғамдық қатынастардың барлық
салаларындағы кепілдіктер бекітілген, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
30 тамыздағы жаңа Конституцияның қабылдануын атап өтуге болады. 1999 жылғы
28 тамызда Қазақстан Республикасы президентінің №73 жарлығымен, қазіргі
күнде республикалық жастар саясатының негізгі құжаты болыып табылатын
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының концепциясы
қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік жастар саясатының жаңа
приоритеті мен стратегиясын анықтап берді. Қазақстанның мемлекеттік жастар
саясатының басты мақсаты – жас буының өсіп-өркендеуі мен азаматтық
қалыптасуы үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды
жасау және бекіту болды. Естеріңізде болса, Қазақстандағы жастар үшін
әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның
қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң
бұл іс-шара тек 1990 жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де
бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен,
егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет
құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта
мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет
есебінен қажетті анықтамалық ұйымдастыру және әдістемелік құралдар,
әлеыметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отыр. Бұл
қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, сенім телефоны, жастар еңбек
биржасы, үйіненкетіп қалған балалар үшін баспана, медицинапсихологиялық
кеңес беру пункттер жүйесін құра білді. Дегенмен, ақпараттандыру және
құжаттамалық орталықтар, бас бостандығынан айрылған кәмелеткем толмаған
балаларға арналған әлеуметтік реаблитация және реадаптация орталықтар,
мүгедек балаларға арналған орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала
алмады. Қазіргі күнде әлеуметтік қызметтің одан ары дамуы өз жәрежесіне
сәйкес, құқықтық қамтамасыз етуді және жұмыс істеу тәртібін нақтылауды
талап етеді. Әрине, көп нәрсе бюджеттік қарожыландыру мәселесіне
келіптіреледі. Осы орайда, Қазақстандағы жастардың әлеуметтік қызметін, тек
іщкі проблемалдар аясында шектемей, жалпы ұлттық деңгейге көтерудің пайдасы
мол болмақ. Жастардың болашақта патриот азамат болып қалыптасуына маңызды
орын алатын аспектілердің келесі бір тетігі жастар ұйымдарына көрсетілетін
мемлекеттік қорлдау механизмдері. Дәл қазіргі уақытта республикамыздың
Әділет министрлігінде 157 жастар ұйымы тіркелгкен. Олардың бағыт-бағдарлары
әртүрлі, соның ішінде экологиялық, ақпараттық, құқық қорғау, салауатты өмір
салтын насихаттайтын, мәдени ағартушылық болып кете береді. Айталық, XXI
ғасыр көшбасшысы, АнтиСПИД, Қазақстан болашағы үшін, Жастар салауатты
өмір салты үшін, Жастар таңдауы, Ұлттық пікірталас орталығы, Жастар
парламенті, Қазақстан жас лидерлер ассоцияциясы, Қазақстан жастар
одағы, т.б.осындай ұйымдар республика көлемінде жұмыс атқрауда. Міне,
осынау көп санды ұйымдардың ұлтымыз үшін күмәнді идеологияны ұстанатын
кейбір халқаралық демеушілердің жетегінде кетуіне жол бермеу керек. Оның
үстіне жастардың діні сана-сезімі де үлкен өзгерістерді бастан кешіруде.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде діни бірлестіктердің саны үшмыңға жетіп, ал
діни конфессиялардың 40 тан астам түрі тіркелген. Қазақстанда соңғы жылдары
діни институттардың саны мен сапасы артып қара көз қазақтың 500 мыңға
жжуығы басқа діннің өкіліне айналған. Бір алаңдататыны олардың арасында
жастарымыздың саны көбейгендігі. Десе де жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси
процестерге ықпалы төмен деңгейде қалып отыр. Мәселен, Қазақстан жастарының
Конгресі жалпы Қазақстандық жастардың проблемаларын мемлекеттік деңгейге
көтеруге дәрменсіз болып отыр. Ал, мемлекет болса Жастар Конгресімен тығыз
байланста болып, жастарды барынша кең көлемде саяси процестерде, әлеуметтік
маңызы бар жобаларды іске асыруда белсенді атсалысуына жеткілікті жағдай
туғызбауда. әрине Кеңес уақытынан кейін көптеген елдер мемлекеттік жастар
саясатын іске асыруда мемлекетпен жастардың өзара қатнастарының нашар
ұйымдастырылу салдарынан сергелдеңге түсіп, біршама күйзеліске ұшыраған
жайы бар сонымен бірге, бір жағынан соңғы жылдары жастар саясатының
мемлекеттік деңгейде іске асыру жұмыстарында жүйелі әдістерді ендіріп,
заман талаптарына сай өзгертулер жүргізілуде. Екінші жағынан жастар
саясатына деген көзқарастар мен осы процестерді басқару органдарының жиі
қайта құрылуы тағыбар. Осы орайда, Ресейдің зерттеушісі В.А.Луков мемлекет
тарапынан қарастырылатын шаралар жүйесі мен ұйымдастыру құрылымдарын
орнықсыз өзгерте беру мемлекеттік жастар саясаты міндеттерін белгіленген
уақытта орындалуын тежейді, ал бұл өз кезегінде бағдарламалық прйнцптердің
маңыздылығын төмендетеді деп анық атап көрсеткен. Дәл осы сияқты Қазақстан
да мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламалық әзірлемелер,
ұйымдастыру шаралары жоғарғы билік өкілдерінің назарынан тыс қалатын кездер
аз емес сол себептен іске асырылған шаралар қоғамда, әсіресе жастар
ортасында қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сол үшін, ведомствоаралық
және басқа да ұйымдар арасындағы кедергілерді алып шығуға бағытталған
жастар ісі бойынша қызмет атқаратын арнйы мемлекеттік құрылымның болғаны
дұрыс сияқты. Оның үстіне, жастар ұйымының көп түрлілігі оларды қадағалап,
қоян-қолтық жұмыс істейтін мемлекет үшін бірқатар қиындықтар туғызары анық.
Егер қазіргі таңдағы жастар мәселесімен айналысатын барлық мемлекеттік
басқару құрылымдарын жинақтап айтар болсақ, оған ақпарат, мәдениет және
спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі,
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да органдарды қоссақ,
онда мемлекеттік ұйымдардың көп бөлігі жастар мәселесімен айналысатыны
айқындалады. Бірақ, осы уақытқа дейін олардың жұмысының нақты нәтижесі
туралы сөз қозғау артық сияқты. Біздің пікірімізше жоғарыдағы айтылған
мекемелердің іс-әрекеттерінің үйлеспеуіне бюджеттен бөліген қаржының
таратылуының дұрыс еместігі басты себеп болса керек. Қорытындысында мұндай
жағдай жастар мәселесінің, оларға бірінші кезекте отансүйгіштік қасиеттерді
қондыру мәселелерінің ойдағыдай, түбірімен шешілуіне кедергі жасауда.
Сондықтан жастар ұйымдары туралы мәселелер қазіргі таңда тиімді шешімін
табудың орнына, министрліктер, әкімшіліктермен басқада билік коридорларында
қалып қоюда. Екінші жағынан, бұл жастардың өзінің жалпы тұтастығын ұғына
алмауына байлансты. Әрине, қазіргі жағдайда барлық жастарды жинау мүмкін
еместігі түсінікті, бірақ өздерінің мақсаттары мен тапсырмаларын ұғынған
және соған ұйымдасқан түрде жетуге тырысатын белсенділер бөлігін жинау
қажет жұмыс. Бұл жердегі ой комсомолдың қайта құрлуы туралы емес. Комсомол
басқа уақытпен басқа жүйенің элементі болғаны аян. Сол себептен алғашқы
ұйымдардың қазіргі өмір талаптарына бейім болып құрылуы, оларды жаңартып
жасаудың маңызы зор. Демек, жастар саясатыының тиімділігі қоғамда
қалыптасқан дәстүрлер мен демократия принцптеріне деген сенімді айғақтап,
оның ережелері мен прицптері төменнен шыққан бастамаға, яғни, жастар
ортасынан шыққан бастамаларға сүйеніп қана қоймай, оған мемлекеттік қолдау
көрсету қажет. ол болмаған жағдайда аталмыш саясат тек қарапайым жария
күйінде ғана қалмақ. Осының бәрінен мемлекеттік жастар саясатының билік пен
жастар арасындағы қарым-қатнсқа негізделген қиын әрі көп деңгейлі процесс
екендігін көреміз. Ал өз кезегінде осы реттегі мәселелері Қазақстан үшін
кезек күттірмей шешуді талап етеді.
Сонымен қатар құрамында 21 ұзақ уақыт өмір сүріп келе жатқан жастар
қозғалысы мен 16 ға жуық жаңадан пайда болған жастар қозғалысы енген
болатын. Енді солардың ең ірілеріне назар аударсақ:
- Жапондық еркін жастардың ассоцияциясы;
- Жапонияның әлеуметтік – демократиялық жастары;
- Халықаралық жастар ассоцияциясы;
- Жапондық жастардың клубы, т.б.
Жапонның әлеуметтік-демократиялық жастары атты қозғалыстың
құрылғанына 12 жыл болды. 1994 жылы жапон елінің жастарының негізінде пайда
болды. Жалпы бұл қозғалыс ірі саяси партияның, яғни Жапон әлеуметтік-
демократиялық партияның жапон саяси жүйесінен кетуінен белсенді жұмыс
істей бастады. Жалпы елдегі саяси аренаны ескере отырып, Жапон мемлекетінде
45 ке жуық ірі жастар қозғалыстары өмір сүруде. Бұл қозғалыстардың әртүрлі
салаларда жастар мүдделерін түгелімен қорғаушы болып бөлінгені белгілі.
Жапон мемлекетінің мемлекеттік жастар саясатын жүргізу барысында
мемлекеттегі жастар қозғалыстарының халықаралық дәрежедегі орны бөлек.
Олардың орны бөлек болуына себеп елдегі жастар қозғалысының белсенділігі,
олардың мүшелерінің санының көптілігі, сонымен қоса елдегі мемлекеттік
жастар саясатын жүргізу тәжірибесінің молдылығы, яғни 40-50-ге жуық ұзақ
уақыт бар.
Келесі қарастырып отырған мемлекеттің саяси жүйесіндегі
мемлекеллік жастар саясатының орны мен жүргізілу бағыттары мүлдем бөлек.
Түркия мемлекетінің жастар саясатын және жастар мүддесін қорғаушы іс-
шаралардың барысын сол елдегі мемлекеттік мекемелер мен министрліктер
бақылап, жүргізіп отырады.
1983 жылы ортақ елдегі саяси аренада жастар мүддесін қорғап жүрген
мекемелер мен жастар қозғалыстарының шешімімен жыл сайын тойланатын Жастар
аптасы атты бүкіл мемлекеттің барлық 12-24 жас шамасы арасындағы барлық
азаматтардың тойлауымен өтеді. Өйткені мейрам Ататүрік және түрік елінің
жастарының мейрамы деп аталады. Жалпы Түркия елінде өмір сүріп келе жатқан
жастар қозғалыстарының тек қана мемлекеттің саяси аренасымен қатар шетел,
яғни халықаралық деңгейде өте белсенді. Енді солардың біразымен танысып
кетсек:
- ЮНЕСКО
- ЕСО
- CDE
- DSI
- Еуропалық кеңес, т.б.
Жалпы Түркия демократиялық даму жолын таңдаған мемлекеттердің бірі
болғандықтан мемлекеттегі жастар қозғалыстарының шетел жастар
қозғалыстарымен, сонымен қоса халықаралық ұйымдармен ісшаралар жасауының
үкімет тарапынан толығымен қолдауда. [28]
Жалпы Үнді мемлекеті – көптеген діни, мәдени көзқарастардың ошағында
тұрған мемлекет. Бұл елдегі елдің жастар саясатының көптеген бағыттарының
ішінде жастар саясаты ерекше орынға ие болуда. Жалпы ерекше айтып кететін
жайт, Үндістан мемлекетінің жалпы азаматтарының ортақ санының құрамындағы
жастардың саныныңс көптігі. Сондықтан да елдегі жастар саясатына деген
көзқарасты көбірек бөлу керек дегенді түсінген Үнді мемлекетінің үкіметі
жылдан-жылға дейін қаражатпен көптеген іс-шаралдарды қарастыруда. Жоғарыда
айтылғандай әр мемлекет өзінің жалпы мемлекеттік саясатында жастар
саясатының маңыздылығын, соның ішінде бағытын таңдайды. Үнді мемлекетінің
таңдаған бағыты – ол жастардың оларды құқықтық жағынан қорғайтын
қозғалыстардың басты қозғайтын бағыты ол интеллектуалдық жастарды
тәрбиелеу. Әрине, қазыргі таңда Үнді мемлекетінің интеллектуалдық шараларға
қаражаттың бөлінуі жылдан-жылға көбеюде.
Жоғарыда айтылғандай, Үндістан қозғалыстары жастардың санының көптігі
белгілі, сондықтан да ол жастардың іс-шараларды толығымен лигитимділеуүшін
көптеген жастар қозғалыстары мен бірлестіктері өмір сүріп келеді. 1988 жылы
жалпы саяси театрда жастар саясатын толығымен реттеу мен бақылау үшін
арнайы Жастар саясаты туралы заң жобасы жасалып қабылданған болатын. Бұл
заң толығымен жастардың тұрмыстық деңгейден бастап саяси аренадағы деңгейге
дейін жастардың мүддесі мен құқықтарын мемлекеттік дәрежеде қорғайды.
Елдегі жастар қозғалыстарының ең ірілерінің бірі ол Джавахару Нерудің
жастары атты 15 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан саяси-әлеуметтік топ
немесе ұйым. Бұл қозғалыстың басты мақсаты жастарды патриоттық сезіммен
жастар құқықтарын арнайы ұйым болып есептеледі. Тікелей Үндістан жастарымен
жұмыс атқаратын жастар қозғалыстары мен жастар клубтарының саны 180000 ға
жуық екені назарға түсуде. Жалпы Үндістан елінің көптеген жастары шетел
елдерінің дүрдей жоғарғы оқу орындарында оқиды. Бұл да бір мемлекеттік
жастар саясатының интеграциялық қабылеттерін жоғарылату бағытындағы
саясатының барынша тиімді жүргізілуін қарастыруда деп атау керек. Жалпы
Үнді мемлекетіндегі екі ірі жастар қозғалыстарын атап көрсетуге болады:
олар:
- Үнді елінің жастар конгресі,
- Үнді елінің студенттерінің ұлттық кеңесі.
Әрқашанда жастармен кез-келген мемлекеттің болашағы байланысты екені
барлығымызға мәлім мемлекет түгілі бүкіл әлемнің дамуы байланысты екенін
қазіргі жағдайлар көрсетіп отыр.Жастар мен қоғам әрқашанда алмасып отыратн
қарым қатынаста болады.Бүгінгі жастар өмір сүре отырып ертенгі күні өте
қуатты күшке айналатыны сонымен қоса келесі өсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КРАУДСОРСИНГ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Жастармен әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Пәндер